Главная страница
Навигация по странице:

  • 7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер)

  • 11 сабақ. 1) Тақырып

  • 4) Тақырыптың негізгі сұрақтары

  • 5) Білім беру және оқыту әдістері

  • Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер)

  • 12 сабақ. 1) Тақырып

  • Методичка. Метод.СД.ТМІ.3к.каз.. Фармацевтика академиясы терапия бакалавриат кафедрасы


    Скачать 193.79 Kb.
    НазваниеФармацевтика академиясы терапия бакалавриат кафедрасы
    АнкорМетодичка
    Дата22.09.2022
    Размер193.79 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМетод.СД.ТМІ.3к.каз..docx
    ТипДокументы
    #690273
    страница5 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    5) Білім беру және оқыту әдістері: тәжірибелік дағдыларды жасау.
    6) Әдебиет:

    Қазақ тілінде: Негізгі:

    1. Ахметов К.Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері;оқу құралы.-Эверо,2014

    2. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы:оқулық. -Эверо 2014

    3. Санов С. Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі оқулық. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.

    4. Айтбембет, Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқулық . - Алматы , 2009. - 568 бет.

    5. Ахметов Қ. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе, 2007.

    6. Қаражанова Л. Қ. Ішкі аурулар семиотикасының негіздері: оқулық.- Семей, 2007.
    Қосымша:

    1. Айтбембет Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқу құралы. - 3-бас. - Алматы, 2007.

    2. Ахметов Ә. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе : М. Оспанов атындағы БҚММА, 2007
    7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер).

    Сұрақтар:

    1. Стенокардия және миокард инфарктысында ауырсынудың айырмашылығы қандай?

    2. МИ кезінде ауырсынуды басу үшін қандай препарат қолданылады?
    Тесттер:

    1. Стандартты тіркемелер потенциалдар айырмасын тіркейтін жазықтық:

    1. фронтальды

    2. сагитальды

    3. горизонтальды

    4. айтылған үш жазықтықта жазықтықта

    5. сагитальды және горизонтальды жазықтықта

    2. Кеуде \Вильсон ұсынған\ тіркемелер потенциалдар айырмасын тіркейтін жазықтық:

    1. сагитальды

    2. фронтальды

    3. горизонтальды

    4. айтылған үш жазықтықтада

    5. сагитальды және горизонтальды жазықтықта

    3. Жүрек деполяризациясына сәйкес ЭКГ белгісі:

    1. P тісшесі

    2. P тісшесінің өрлеу бөлігі

    3. P тісшесінің құлдырау бөлігі

    4. QRS комплексі

    5. T тісшесі

    4. P тісшесінің қалыпты ұзақтылығы:

    1. 0,1 секундтан аспайды

    2. 0,01 – 0,03 сек

    3. 0,03 – 0,05 сек

    4. 0,1 секундтан артық

    5. әрдайым 0,1 секундтан кем

    5. Синустық ырғақтың басты белгісі:

    1. екінші тіркемеде әдайым QRS комплексі алдында оң мәнді P тісшесі болуы

    2. барлық стандартты тіркемелерде оң мәнді P тісшесі болуы

    3. V 1 тіркемесінде екі фазалы P тісшесі болуы

    4. P тісшесінің екі өркештілігі

    5. P тісшесінің терiс болуы

    6. PQ аралығы ұзақтығы:

    1. А – V өткізгіштігі ұзақтығы

    2. жүрекшелердің қозу ұзақтығы

    3. тәж қан айналымына сәйкес

    4. электірлік систола ұзақтығы

    5. карыншалардың қозу ұзақтығы

    7. Қалыпты PQ ұзақтылығы:

    1. 0,16 – 0, 2 сек

    2. 0,1 – 0, 18 сек

    3. 0,1 сек

    4. 0, 12 – 0,22сек

    5. 0, 2 – 0,25 сек

    8. Қалыпты Q тісшесінің тереңдігі:

    1. R тісшесінің 25% - нен аспайды

    2. R тісшесінің 1/3 - нен аспайды

    3. маңызы жоқ

    4. 3 мм – ден аспайды

    5. 10 мм

    9. Қалыпты R тісшесінің ең жоғарғы амплитудасы:

    1. 5-20 мм

    2. 25 мм

    3. 30 мм

    4. 5-15 мм

    5. 15 мм

    10. Қалыпты QRS комплекісінің ұзақтығы:

    1. 0,06 – 0,10 сек

    2. 0,1 – 0,15 сек

    3. 0,06 секундқа дейін

    4. 0,15 сек

    5. 0,05 секундқа дейін



    Есептер:

    1. Науқас жас адам, бала кезінде буын ауруларымен ауырған. Объективті: сыртқы көрінісі өзгеріссіз. Өкпеде везикулярлық тыныс. Пульс ырғақты, 78 рет 1 минутта. Перкуторлы: жүрек шекаралары жоғары және солға ығысқан. Аускультативті: жатқан кезде жүрек ұшында және сол жақ қолтық астында систоликалық шу естіледі. Жүрек ұшында бірінші тон әлсіреген, екінші тон жүрек негізінде күшейген.

    1. Адын ала диагноз қойыңыз.

    2 Негізгі этиологиялық факторларды атаңыз.

    3. ЭКГ, ФКГ және ЭхоКГ зерттеуде қандай өзгерістер болуы мүмкін?
    2.Науқас 32 жаста, қойшы. Жүрек аймағында біртүрлі сезімге шағымданады. Анамнезінде ешқандай аурулармен ауырмаған. Объективті: бозарған, мойын тамырларының пульсациясы, басының аздап шайқалуы байқалады. Квинке симптомы оң мәнді. Өкпеде ешқандай патология жоқ. Пульс толуы жақсы, биік, жылдам, ырғақты АҚ – систолалық жоғары, диастолалық төмендеген,

    Пульстік ұлғайған. Жүрек шекаралары солға кеңейген. Аускультацияда үрлемелі диастолалық шу, протодиастолалық шуға ұқсайтын, эпицентрі екінші қабырғааралықта сол жақта бесінші аускультациялық нүктеде тыңдалады.

    1. Алдын ала диагноз қойыңыз. Науқастың профессиясы ауруға қатысы бар ма?

    2 1 және 2 тондардан қандай өзгерістер байқалуы мүмкін?

    3. Науқастан қандай тамырлық феноменін табуға болады?

    4. ФКГ зерттеуде қандай шулар анықталады?

    11 сабақ.
    1) Тақырып: Артериалды гипертензия. Жүрек жетіспеушілігі. Жүрек ырғағының бұзылуы. Мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру.
    2) Мақсаты: Артериалдық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі кезінде зерттеу әдістерін оқыту. Студенттерге артериалдық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі кезінде симптомдары және синдромдарын анықтауды оқыту. Артериалдық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі кезінде аспаптық тексеру әдістерін, емдеу принциптерімен таныстыру, артериалдық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі кезінде мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру.
    3) Оқыту мақсаты:

    Студент білуі тиісті:

    1. Жүрек қантамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері.

    2. ЖҚЖ аурулары науқастарын сұрастыру және қарау әдістері.

    Студент істеуге білу тиісті:

    1. Студенттерге артериалдық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі кезінде зерттеу әдістеріне үйрету (сұрастыру, ауру анамнезі, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация).

    2. Студенттерге артериалдық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі кезінде симптомдары және синдромдарын анықтауды оқыту.

    3. Студенттерге артериалдық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі кезінде науқасты лабораторлық –аспаптық тексеру әдістерін үйрету.

    4. Студенттерге артериалдық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі кезінде емдеу принциптерімен таныстыру.

    5. Артериалдық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі кезінде мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру.


    4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    - Артериалдық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі, жүрек ырғағының бұзылуы кезінде сұрастыру.

    - Артериалдық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі, жүрек ырғағының бұзылуы кезінде ауру анамнезі.

    - Артериалдық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі, жүрек ырғағының бұзылуы кезінде науқасқа пальпация, перкуссия, аускультация әдістерін жүргізу.

    - Артериалдық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі, жүрек ырғағының бұзылуы кезінде науқастарға ЭКГ, УДЗ зерттеу әдістерін жүргізу.

    - Артериалдық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі, жүрек ырғағының бұзылуы кезінде науқастарды емдеу принциптері.

    - Артериалдық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі, жүрек ырғағының бұзылуы кезінде мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру.

    5) Білім беру және оқыту әдістері: кіші топтарда жұмыс.
    6) Әдебиет:

    Қазақ тілінде: Негізгі:

    1. Ахметов К.Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері;оқу құралы.-Эверо,2014

    2. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы:оқулық. -Эверо 2014

    3. Санов С. Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі оқулық. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.

    4. Айтбембет, Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқулық . - Алматы , 2009. - 568 бет.

    5. Ахметов Қ. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе, 2007.

    6. Қаражанова Л. Қ. Ішкі аурулар семиотикасының негіздері: оқулық.- Семей, 2007.
    Қосымша:

    1. Айтбембет Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқу құралы. - 3-бас. - Алматы, 2007.

    2. Ахметов Ә. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе : М. Оспанов атындағы БҚММА, 2007
    Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер).

    Сұрақтар:

    1. Бастың бірден ауыруы, әлсіздік, жүрек айну, құсу, көз алдында шіркейлер көрінуі қай кезде байқалады?

    2. Артериялық гипертензияны анықтайтын зерттеу әдісі?

    3. Жіті солқарыншалық жеткіліксіздік қандай ауруларда дамиды?

    4. Бүйректік артериалық гипертония белгілері қандай?

    Тесттер:

    1. Қалыпты PQ ұзақтылығы:

    1. 0,16 – 0, 2 сек

    2. 0,1 – 0, 18 сек

    3. 0,1 сек

    4. 0, 12 – 0,22сек

    5. 0, 2 – 0,25 сек

    2. Қалыпты Q тісшесінің тереңдігі:

    1. R тісшесінің 25% - нен аспайды

    2. R тісшесінің 1/3 - нен аспайды

    3. маңызы жоқ

    4. 3 мм – ден аспайды

    5. 10 мм

    3. Қалыпты R тісшесінің ең жоғарғы амплитудасы:

    1. 5-20 мм

    2. 25 мм

    3. 30 мм

    4. 5-15 мм

    5. 15 мм

    4. Қалыпты QRS комплекісінің ұзақтығы:

    1. 0,06 – 0,10 сек

    2. 0,1 – 0,15 сек

    3. 0,06 секундқа дейін

    4. 0,15 сек

    5. 0,05 секундқа дейін

    5. Миокард реполяризациясына сәйкес келетін ЭКГ – лық белгі:

    1. Т

    2. S

    3. R

    4. Q

    5. Р

    6. Тыныс жүйесі ауыратын науқастардың негізгі шағымына жатпайтыны:

    1. төс астының ауруы, ауа жетпеу сезімі

    2. ауа жетпеу сезімімен қатар жөтелу

    3. қызу көтерілу, аралас түрде ентігу

    4. жөтел, қызу, кейде қан қақыру

    5. терең дем алғанда күшеетін кеуденің ауруы, іріңді қақырық

    7. Экспираторлы ентігу дегеніміз:

    1. кенеттен іштен дем шығарудың қиындауы

    2. физикалық жүктемеде іштен дем шығарудың қиындауы

    3. қашықтықтан естілетін \дитанциялық\ сырылдар

    4. физикалық жүктемеде ішке дем алудың қиындауы

    5. кенеттен іштен дем алудың қиындауы

    8. Инспираторлы ентігу дегеніміз:

    1. кенеттен іштен дем алудың қиындауы

    2. физикалық жүктемеде іштен дем шығарудың қиындауы

    3. қашықтықтан естілетін \дитанциялық\ сырылдар

    4. кенеттен іштен дем шығарудың қиындауы

    5. физикалық жүктемеде ішке дем алудың қиындауы

    9. Жөтел ... болмайды.

    1. плевра беттері тітіркенгеннен

    2. бронх тітіргенгеннен

    3. альвеола тітіргенгеннен

    4. кеңірдек тітіргенгеннен

    5. жұтқыншақ тітіргенгеннен

    10. Ұстама тәрізді жөтелге тән патология:

    1. аллергиялық трахеобронхит

    2. тыныс жетіспеушілгі

    3. брохоэктазиялық ауру

    4. іріңді созылмалы бронхит

    5. өкпе абсцессі



    Есептер:
    1. Науқас И. 58 жаста, 3 жыл бұрын миокард инфарктын басынан өткерген, 5 жылдан бері артериалдық гипертензиямен ауырады.

    Об-ті: жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозарған, жүрек шекарасы - бұғанаортаңғы сызығымен солға қарай сыртқа 1 см. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСЖ 110 рет минутына. ЭКГ-де синусты тахикардия, ЖСЖ 115 рет мин., ЭОА сол жаққа ығысқан. Сол қарынша гипертрофиясы.
    Сұрақтар:

    Диагноз қойыңыз?

    Қандай қосымша тексеру әдістерін жүргізуге болады?

    Емдеу принциптері .
    2. Науқас М. 60 жаста. Ентігуге тыныштық жағдайда, балтырының ісінуіне, оң жақ қабырғаастының ауырлық сезіміне, тез шаршағыштыққа шағымданады.

    Анамнезінде: науқас көп жылдар бойы артериалдық гипертензиямен ауырады, 50 жасында трансмуралды миокард инфарктын басынан өткізген.

    Объективті: Гиперстеник. Акроцианоз. Мойын веналары ісінген. АҚ 140/100 мм с.б. III қабырғааралықта төстен солға пульсация анықталады. Салыстырмалы шекарасы: оң жаңы төстің оң қырында, сол жаңы бұғанаортаңғы сызықтан 2 см сыртқары. Аускультативті I тон әлсіреген, жүрек ұшында шоқырақ ырғағы, өкпе артериясы үстінде II тон акценті,ТАЖ - 26 рет/мин. Өкпенің төменгі дөлімдерінде іркілген ылғалды сырылдар. Іші жұмсақ. Бауыр қабырға доғасынан 3-4 см шығыңқы. Белінде және аяқтарында ісінулер. Диурез 800 мл/тәул.

    Сұрақтар:

    Сіздің алдын -ала диагнозыныз?

    Тексеру жоспары.

    Емдеу принциптері.

    12 сабақ.
    1) Тақырып: Асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруы. Холециститтер. Панкреатиттер. Бауыр циррозы. Мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру.
    2) Мақсаты: Асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруы, холециститтер, панкреатиттер, бауыр циррозы кезінде зерттеу әдістерін оқыту. Студенттерге асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруы, холециститтер, панкреатиттер, бауыр циррозы кезінде симптомдарын және синдромдарын анықтауды оқыту. Асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруы, холециститтер, панкреатиттер, бауыр циррозы кезінде науқастарды аспаптық тексеру әдістерімен таныстыру, мейірбикелік үдерісті ұйымдастыруды үйрету.
    3) Оқыту мақсаты:

    Студент білуі тиісті:

    1. 12-елі ішектің анатомиялық ерекшелігі.

    2. Өт қабының құрылысының ерекшеліктері.

    3. Ұйқы безінің негізгі қызметі.

    Студент істеуге білу тиісті:

    1. Студенттерге асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруы, холециститтер, панкреатиттер, бауыр циррозы кезінде зерттеу әдістерін үйрету (сұрастыру, ауру анамнезі, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация).

    2. Студенттерге асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруы, холециститтер, панкреатиттер, бауыр циррозы кезінде симптомдарын және синдромдарын анықтауды оқыту.

    3. Студенттерге асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруы, холециститтер, панкреатиттер, бауыр циррозы кезінде лабораторлық –аспаптық зерттеумен таныстыру.

    4. Студенттерді асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруы, холециститтер, панкреатиттер, бауыр циррозы кезінде емдеу принциптерімен таныстыру.

    5. Студенттерге асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруы, холециститтер, панкреатиттер, бауыр циррозы кезінде мейірбикелік үдерісті ұйымдастыруды үйрету.


    4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    - Асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруы, холециститтер, панкреатиттер, бауыр циррозы кезінде науқастарды сұрастыру.

    - Асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруы, холециститтер, панкреатиттер, бауыр циррозы кезінде науқастардың ауру анамнезі.

    - Асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруы, холециститтер, панкреатиттер, бауыр циррозы кезінде науқастардағы пальпация, перкуссия, аускультация әдістерін жүргізу.

    - Асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруы, холециститтер, панкреатиттер, бауыр циррозы кезінде науқастарды емдеу принциптері.

    - Асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруы, холециститтер, панкреатиттер, бауыр циррозы кезінде науқастарда мейірбикелік үдерісті ұйымдастыруды үйрету.

    - Асқазан және 12-елі ішек ойық жара ауруы, холециститтер, панкреатиттер, бауыр циррозы кезінде науқастарды рентгенологиялық, ЭФГДС, УДЗ зерттеу әдістерінжүргізу.
    5) Білім беру және оқыту әдістері: кіші топтарда жұмыс.
    6) Әдебиет:

    Қазақ тілінде: Негізгі:

    1. Ахметов К.Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері;оқу құралы.-Эверо,2014

    2. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы:оқулық. -Эверо 2014

    3. Санов С. Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі оқулық. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.

    4. Айтбембет, Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқулық . - Алматы , 2009. - 568 бет.

    5. Ахметов Қ. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе, 2007.

    6. Қаражанова Л. Қ. Ішкі аурулар семиотикасының негіздері: оқулық.- Семей, 2007.
    Қосымша:

    1. Айтбембет Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқу құралы. - 3-бас. - Алматы, 2007.

    2. Ахметов Ә. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе : М. Оспанов атындағы БҚММА, 2007
    7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер).

    Сұрақтар:

    1. Асқазан ойық жарасында ауырсыну синдромының ерекшелігі қандай?

    2. Дуоденалды зондтаудың қандай фазаларын білесіз?

    3. Захарин – Геда аймағы қайда орналасқан?

    4. Бауыр циррозы даму себебі қандай?


    Тесттер:

    1. Асқазан жара ауруында эпигастрий аймағы ауру сипаты:

    1. локальды, ас ішкенен соң 2 сағаттан кейін пайда болады, құсқан соң басылады

    2. өткір, ұстама тәрізді, қатты

    3. тұйық, жаймалы, сыздап ауру зіл тарту сезімімен қатар білінеді

    4. ас ішкеннен соң өсе түседі

    5. ауру ерекшелігі келтірілмеген

    2. Жара ауруындағы ауру сезімі басылу механизмі:

    1. антацидтерден соң қышқылдық азаяды

    2. антацидтерден соң қышқылдық нейтрализацияланады

    3. құсқан соң асқазан босайды, асқазан ішілік төмендейді

    4. ауру басылуы гастродуоденальды аймақтың моторлы – эвакуаторлы функциясы қалпына келгеннен

    5. сұйық ішкенен соң, сөл сұйылғаннан қышқылдық төмендейді

    3. Асқазанның кардиальды бөлігі жарасына не рагіне тән науқас адам құсатын мерзім шамасы:

    1. астан соң 5-10 минут өте

    2. асты жұтысыменен

    3. астан соң 2-3 сағат өте

    4. астан соң 4-6 сағат өте

    5. астан соң 10-12 сағат өте

    4. Асқазан жарасы, гастриттерге тән науқас адам құсатын мерзім шамасы:

    1. астан соң 2-3 сағат өте

    2. астан соң 5-10 минут өте

    3. асты жұтысыменен

    4. астан соң 4-6 сағат өте

    5. астан соң 10-12 сағат өте

    5. Жара ауруындағы асқазан атониясына тән науқас адам құсатын мерзім шамасы:

    1. астан соң 4-6 сағат өте

    2. астан соң 5-10 минут өте

    3. астан соң 2-3 сағат өте

    4. асты жұтысыменен

    5. астан соң 10-12 сағат өте

    6. Пилоростенозға тән науқас адам құсатын мерзім шамасы:

    1. астан соң 10-12 сағат өте

    2. астан соң 5-10 минут өте

    3. астан соң 2-3 сағат өте

    4. астан соң 4-6 сағат өте

    5. асты жұтысыменен

    7. Қылтамаққа тән науқас адам құсу мерзімі шамасы:

    1. асты жұтысыменен

    2. астан соң 5-10 минут өте

    3. астан соң 2-3 сағат өте

    4. астан соң 4-6 сағат өте

    5. астан соң 10-12 сағат өте

    8. Асқазан сөлінде сілтілік пайда болу себебі:

    1. өт қосылғаннан

    2. ахилиядан

    3. гиперсекрециядан

    4. гипосекрециядан

    5. қалтқы тарылғаннан

    9. Асқазан сөлінде өт пайда болу себебі:

    1. ахилиядан

    2. гипосекрециядан

    3. қалтқы тарылғаннан

    4. гиперсекрециядан

    5. өт қосылғаннан

    10. Асқазаннан қан кеткендегі құсық сипаты:

    1. кофе түнбасы түстес.

    2. көпіршіксіз алқызыл қан

    3. қоңыр – жасыл түстес

    4. көпіршікті алқызыл қан

    5. кара түстес


    Есептер:

    1. Науқас 19 жаста, эпигастралды аймағынығ айқын ауырсынуына шағымданады. Ертерек қыжыл, ашқарындық сезімі тәрізді ауырсыну байқаған. Ауырсыну тұрақсыз, тәулік бойына әсіресе күндізгі уақытта,кейіннен әлсіреп кейде толық басылуы мүмкін. Тойып тамақ ішкеннен кейін асқазан аймағында 1—1.5 сағаттан кейін ауырсыну пайда болады. Ауырсыну әсіресе түнде мазалап ұйқысын бұзады. Үлкен дәреті 1-2 күнде. Қан тобы 0(1). Ph+. Объективті: ішкі мүшелер жағынан патологиялар табылмады.

    1. Диагноз қойыңыз.

    2. Қан тобының бұл ауруға қандай қатысы бар?

    3 Соңғы уақыттарда бұл аурудың этиологиясында қандай өзгерістер пайда болды?
    2. Науқаста бауыр ауруына күдік ретінде анализінде: жалпы белок 66 г/л. Альбуминдер 36%, у-глобулиндер 28%; билирубин 28 мкмоль/л. тікелей 18 мкмоль/л. Тікелей емес 10 мкмоль/л: тимол сынамасы 12 сд.: АЛТ 80 ед.. ACT - 66 ед., СФ - 186 МЕ/л.

    1. Анализ нәтижелерінің көрсеткіштерінің барлығы қалыптыдан ауытқуы бар ма?

    2. Қандай ауру туралы болады?

    3. Этиологиялық диагнозды анықтау үшін тағы қандай анализдер қажет?

    13 сабақ.
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта