Методичка. Метод.СД.ТМІ.3к.каз.. Фармацевтика академиясы терапия бакалавриат кафедрасы
Скачать 193.79 Kb.
|
1) Тақырып: Гломерулонефриттер. Пиелонефриттер. Несептас ауруы. Мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру. 2) Мақсаты: Гломерулонефриттер, пиелонефриттер, несептас ауруы кезінде зерттеу әдістерін оқыту. Студенттерге гломерулонефриттер, пиелонефриттер, несептас ауруы кезінде симптомдары және синдромдарын анықтауды үйрету. Гломерулонефриттер, пиелонефриттер, несептас ауруы кезінде науқастарды аспапты тексеру әдістерімен, емдеу принциптерімен таныстыру, мейірбикелік үдерісті ұйымдастыруды үйрету. 3) Оқыту мақсаты: Студент білуі тиісті: Нефрондардың физиологиялық ерекшеліктері. Бүйрек аурулары бар науқастарды сұрастырудың ерекшеліктері. Тастардың түзілуінің негізгі себептері. Студент істеуге білу тиісті: Студенттерге гломерулонефриттер, пиелонефриттер, несептас ауруы кезінде зерттеу әдістерін үйрету (сұрастыру, ауру анамнезі, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация). Студенттерге гломерулонефриттер, пиелонефриттер, несептас ауруы кезінде симптомдары және синдромдарын анықтауды үйрету. Студенттерді лабораторлық –аспапты тексеру әдістерімен таныстыру. Студенттерді гломерулонефриттер, пиелонефриттер, несептас ауруы кезінде емдеу принциптерімен таныстыру. Студенттерге гломерулонефриттер, пиелонефриттер, несептас ауруы кезінде мейірбикелік үдерісті ұйымдастыруды үйрету. 4) Тақырыптың негізгі сұрақтары: - Гломерулонефриттер, пиелонефриттер, несептас ауруы кезінде сұрастыру. - Гломерулонефриттер, пиелонефриттер, несептас ауруы кезінде науқастардың ауру анамнезі. - Гломерулонефриттер, пиелонефриттер, несептас ауруы кезінде науқастағы пальпация, перкуссия, аускультация мәліметтері. - Гломерулонефриттер, пиелонефриттер, несептас ауруы кезінде науқастардағы ЭКГ, УДЗ, рентгенологиялық зерттеу әдістері - Гломерулонефриттер, пиелонефриттер, несептас ауруы кезінде емдеу принциптерімен таныстыру. - Гломерулонефриттер, пиелонефриттер, несептас ауруы кезінде мейірбикелік үдерісті ұйымдастыруды үйрету. 5) Білім беру және оқыту әдістері: Pbl. 6) Әдебиет: Қазақ тілінде: Негізгі: 1. Ахметов К.Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері;оқу құралы.-Эверо,2014 2. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы:оқулық. -Эверо 2014 3. Санов С. Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі оқулық. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012. 4. Айтбембет, Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқулық . - Алматы , 2009. - 568 бет. 5. Ахметов Қ. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе, 2007. 6. Қаражанова Л. Қ. Ішкі аурулар семиотикасының негіздері: оқулық.- Семей, 2007. Қосымша: 1. Айтбембет Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқу құралы. - 3-бас. - Алматы, 2007. 2. Ахметов Ә. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе : М. Оспанов атындағы БҚММА, 2007 7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер). Сұрақтар: Гломерулонефриттер кезінде триада симптомын атаңыз. Зимницкий сынамасы нені көрсетеді? Бүйрек тастарының қандай түрлерін білесіздір? Тесттер: 1. ... бүйрек пальпацияланбайды. Гломерулонефритте Бүйрек үлкейгенде 1 дәрежелі нефроптозда Бүйректе көлемді киста пайда болғанда 2 дәрежелі нефроптозда 2. ... бүйректердің іріңді ауруына жатады. Пионефроз Гломерулонефрит Цистит Паранефрит Амилоидоз 3. Зәр тұнбасында лейкоциттер болуы: лейкоцитурия пиурия гиперлейкоцитурия лейкоцитоз лейкопения 4. Шынайы лейкоцитурияның негізгі себебі: бүйректің тостақанша – түбекше жүйесінің қабынуы жатыр қосалқыларының қабыну аурулары қуық асты безінің қабынуы жатырдың қабыну аурулары бүйректің шумақшаларынын қабынуы 5. ... шынайы лейкоцитурия кездеспейді. Кольпитте Пиелонефритте Циститте Пиелитте Гломерулонефритте 6. Эритроцитурия және лейкоцитурия тән патология: гломерулонефрит цистит пиелонефрит уретрит кольпит 7. Зәрдегі лейкоциттер саны көптігінен санау мүмкін болмауы: пиурия лейкоцитурия гиперлейкоцитурия лейкоцитоз лейкопения 8. Зәрдің физикалық қасиетіне жатпайды: көлем түсі меншікті салмағы исі реакция 9. Рениннің түзілу орнын атаңыз: бүйректің юкстагломерулярлы аппараты ұйқы безінің Лангерганс аралшықтары бүйректің түтікшелер аппараты бауырдың купферев клеткалары Боумен-Шумлянский капсуласында 10. Бүйрек патологиясымен байланысты емес зәрдің жедел тоқтауы: дизурия изурия странгурия поллакиурия ишурия Есептер: 1. Жалпы зәр анализінде келесі мәліметтер алынған: түсі ет жуындысы тәрізді, белок 2.4 г/л, салыстырмалы тығыздығы 1024, лейкоциттер 10-20 к.а; эритроциттер 3-5, сілтілік 8-10 к.а; цилиндрлер гиалинді және дәнді 5 к.а. 1. Дәрігер қандай ауру туралы ойлау керек? 2. Мұндай науқастарда қандай сыртқы өзгерістер және АҚ өзгерістері болуы мүмкін? 3. Осы анализ нәтижелерімен диагноз қоюға болады ма? Науқасты ары қарай тексеру жоспарын құрастырыңыз. 2. Науқас 62 жаста, қатты бас ауыруына, көруінің төмендеуіне, жүрек айнуңа және құсуңа, іші ауыруына, шулы тыныстың пайда болуына, түнгі ұйқысыздыққа және күндізгі ұйқышылдыққа, терісінің қышуына, ауыздан жаңымсыз иістің шыңуына шаңымданады. Бұрындары да артериалқысымының жоңарылауы болңан. Объективті: терісі жер түстес, құрңақ, тургоры төмендеген, қасу іздері және ұсақ петехиялар бар. Куссмауль тынысы. Есі анық – сұрақтарңа адекватты жауап береді. Өкпеде қатаң тыныс. Пульсы жәнеЖЖЖ 92 рет 1 минутта. Ырңаңы сақталңан, барлық тыңдау нүктелерінде систолалық шу естіледі 1 тон сақталңан. АҚ 210/110 мм с.б.б. Бауыры 5 см ұлғайған. 1. Қандай ауру туралы ойлау керек? 2. Тексеру жоспарын құрастырыңдар. Сабақ № 14. 1) Тақырып: Қантты диабет. Гипотиреоз, гипертиреоз. Анемиялар, лейкоздар. Мейірбикелік үдерістерді ұйымдастыру. 2) Мақсаты: Студенттерге қантты диабет, гипотиреоз, гипертиреоз, анемиялар, лейкоздар кезіндегі тексеру әдістерін оқыту. Студенттерге қантты диабет, гипотиреоз, гипертиреоз, анемиялар, лейкоздар кезіндегі симптомдар мен синдромдарды анықтауды үйрету. Науқасты аспаптық зерттеу әдістерімен, емдеу қағидаларымен таныстыру, қантты диабет, гипотиреоз, гипертиреоз, анемиялар, лейкоздар кезінде науқастарға мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру. 3) Оқыту мақсаты: Студент білуі тиісті: Қалқанша бездің құрылысының анатомиялық ерекшеліктері. Сүйек миының физиологиялық ерекшелігі. Инсулин бөлінуінің механизмі. Студент істеуге білу тиісті: Студенттерге қантты диабет, гипотиреоз, гипертиреоз, анемиялар, лейкоздар кезінде зерттеу әдістерін үйрету (науқасты сұрастыру, ауру анамнезі, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация). Студенттерге қантты диабет, гипотиреоз, гипертиреоз, анемиялар, лейкоздар кезінде симптомдар мен синдромдарды анықтауды үйрету. Студенттерді науқастарды лабораторлы-аспаптық зерттеу әдістерімен таныстыру. Студенттерге қантты диабет, гипотиреоз, гипертиреоз, анемиялар, лейкоздар кезінде емдеу қағидаларымен таныстыру. Қантты диабет, гипотиреоз, гипертиреоз, анемиялар, лейкоздар кезінде мейірбикелік үдерісті ұйымдастыруды үйрету. 4) Тақырыптың негізгі сұрақтары: - Қантты диабетпен ауыратын науқастарды сұрастыру. - Қантты диабетпен ауыратын науқастардың ауру анамнезі. - Қантты диабетпен ауыратын науқастардың пальпациясы, перкуссиясы, аускультациясы. - Қантты диабетпен ауыратын науқастарға ЭКГ, УДЗ жүргізу. - Қантты диабетпен ауыратын науқастарды емдеу қағидалары. - Қантты диабетпен ауыратын науқастарға мейірбикелік үдерістерді ұйымдастыру. - Гипотиреозбен, гипертиреозбен ауыратын науқастарды сұрастыру. - Гипотиреозбен, гипертиреозбен ауыратын науқастардың ауру анамнезі. - Гипотиреоз, гипертиреоз кезінде жалпы қарау, пальпация, перкуссия, аускультация мәліметтері. - Гипотиреозбен, гипертиреозбен ауыратын науқастарды рентгенологиялық, ЭКГ, УДЗ зерттеу. - Гипотиреозбен, гипертиреозбен ауыратын науқастарды емдеу қағидалары. - Гипотиреозбен, гипертиреозбен ауыратын науқастардыға мейірбикелік үдерістерді ұйымдастыру. - Анемиялар, лейкоздар кезінде науқастарды сұрастыру. - Анемиялар, лейкоздар кезінде науқастардың ауру анамнезі. - Анемиялар, лейкоздар кезінде науқастарды жалпы қарау, пальпация, перкуссия, аускультация мәліметтері . - Анемиялар, лейкоздар кезінде науқастарда жүрекке ЭКГ; УДЗ, рентгенологиялық зерттеу. - Анемиялар, лейкоздар кезінде науқастарды емдеу қағидалары. - Анемиялар, лейкоздар кезінде науқастарда мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру. Оқыту және сабақ беру әдістері: кіші топтарда жұмыс 6) Әдебиет: Қазақ тілінде: Негізгі: 1. Ахметов К.Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері;оқу құралы.-Эверо,2014 2. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы:оқулық. -Эверо 2014 3. Санов С. Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі оқулық. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012. 4. Айтбембет, Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқулық . - Алматы , 2009. - 568 бет. 5. Ахметов Қ. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе, 2007. 6. Қаражанова Л. Қ. Ішкі аурулар семиотикасының негіздері: оқулық.- Семей, 2007. Қосымша: 1. Айтбембет Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқу құралы. - 3-бас. - Алматы, 2007. 2. Ахметов Ә. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе : М. Оспанов атындағы БҚММА, 2007 Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер). Сұрақтар: Қантты диабеттің қандай түрлері бар? Қалқанша бездің қызметі қандай? Гемоглобиннің 2 деңгейі неге сәйкес? Тесттер: Қантты диабет диагнозы нақтылаланады: а) ашқарында плазмадағы глюкоза деңгейі >6,7ммоль/л б) ашқарында плазмадағы глюкоза деңгейі > 6,7ммоль/л в) ашқарында плазмадағы глюкоза деңгейі >7,0ммоль/л г) ашқарында плазмадағы глюкоза деңгейі >6,1ммоль/л Инсулин липидті және ақуыздық алмасуды реттей отыра тежейді: а) бұлшықет пен бауырдағы ақуыз синтезін б) бұлшықет пен бауырдағы ақуыз катаболизмін в) адипоцитегі липолизді г) айналымдағы триглицеридтердің гидролизін Глюкозо-толеранттылық тесті ...жоқ кезінде жүргізіледі: а) диабеттің клиникалық симптомдары және ашқарында гликемия деңгейі 6,1ммоль/л-ден жоғары б) диабеттің клиникалық симптомдары және ашқарында гликемия деңгейі 6,1ммоль/л-ден жоғары, бірақ 6,7ммоль/л-ден төмен в) диабеттің клиникалық симптомдары және ашқарында гликемия деңгейі 6,1ммоль/л-ден жоғары, бірақ 6,1ммоль/л-ден төмен 4. Теміржетіспеушілік анемия кезінде науқастарға тән шағымдары: а) бұлшықет әлсіздігі, тырнақ пішінінің өзгеруі, шаштың қарқынды түсуі, тәбеттің өзгеруі+ б) әлсіздік, сарғаю, дене қызуының жоғарылауы, зәрдің түсінің өзгеруі в) әлсіздік, бас айналу, жүрек қағуы, ентігу, көз айналасындағы күңгірт дақтардың әсіресе жылдам қозғалыс жасаған кезде пайда болуы г) әлсіздік, тіл ұшының күю сезімі, кезеңді субфебрилді температура, склераның субиктериялығы д) кенеттен температураның жоғарылауы, қалтырау, түсі өзгерген зәрдің бөлінуі, сарғаюдың жоғарылауы 5. Анемия түрлерінде науқастарда болатын жалпы симптомдар: а) әлсіздік, бас айналу, жүрек қағуы, ентігу, көз айналасындағы күңгірт дақтардың әсіресе жылдам қозғалыс жасаған кезде пайда болуы+ б) бұлшықет әлсіздігі, тырнақ пішінінің өзгеруі, шаштың қарқынды түрде түсуі, тәбеттің өзгеруі в) әлсіздік, сарғаю, температураның жоғарылауы, зәрдің өзгеруі г) әлсіздік, тіл ұшының күю сезімі, кезеңді субфебрильді температура, склераның субиктериялығы д) кенеттен температураның жоғарылауы, қалтырау, түсі өзгерген зәрдің бөлінуі, сарғаюдың жоғарылауы 6. Лейкозды анықтау үшін зерттеу әдісін қөрсетіңіз: а) стерилді пункция, трепанобиопсия б) эритроциттердің осмотикалық тұрақтылығын анықтау, қандағы билирубин в) шымшу, жгут симптомдарын жүргізу, коагулограммалар г) сарысу дағы темірді анықтау, санын санау д) дұрыс жауап көрсетілмеген 7. Тері жамылғыларының сарғаюлық реңмен бозаруы: а) гемолитикалық анемиялар б) эритремиялар в) эритроцитоздарда г) жіті лейкоздарда д) гемофилиялар 8. Қандағы эритроциттер санының жоғарылауы қалай аталады: а) эритроцитоз б) анизоцитоз в) пойкилоцитоз г) макроцитоз д) микорцитоз 9) Диффузды уытты жемсауды жиі қандай аурулармен салыстырмалы диагноз жүргізуге болатын ауруды атаңыздар: а) нейроциркуляторлық дистония б) ревмокардит және ревматикалық жүрек ақауы в) кардиосклероз, тахикардической түрімен г) жыбыр аритмиясы д) жүрек ақаулары 10. Диффузды уытты жемсаудың сіздерге белгілі асқынуларын атаңыз: а) эндокриндік офтальмопатия б) тиреотоксикалық миопатия в) тиреотоксикалық криз г) тиреотоксикалық жүрек д) созылмалы нефрит Есептер: 1. Ер адам 62 жаста, қалыпты тәбеті сақталғанымен «себепсіз» салмақ тастауға және кезеңді түрде дене қызуының 38-38,5-қа жоғарылауына, физикалық күш түскенде тез шаршауға шағымданып келді. Бұрын ештеңемен ауырмаған. Объективті мәліметтерден көзге түсетіні сыртқы көрінісі нашарлау, тахикардия, жыбыр аритмиясының пароксизмі тіркелген. Біріншілік параклиникалық тексеру: а) ЭКГ қайталау б) ЭхоКГ в) Қалқанша безінің УДЗ-і г) Қанды стерильділікке егу д) Кеуде қуысының рентгенографиясы 2. Егде жастағы әйел, қантты диабеттің 2 типімен ауырады ( инсулинқажеттілік этап) реанимациялық бөлімшеге кетоацидоздық кома диагнозымен жатқызылған. Объективті: есі анық емес, жарыққа қарашық реакциясы сақталған, гиперрефлексия. Терісі құрғақ, тургоры төмендеген. ТАЖ – 26 минутына. Ацетон иісі. Гликемия- 22 ммоль/л, рН – 7,1, калий 3,3 ммоль/л. Көрсетілген емдеу варианттарының ішіндегі қайсы тиімді: а) 5% глюкоза ерітіндісі – 300мл /сағ к/т, актропид НМ 4 Б/с б/е немесе к/т, калий хлор 2 г/сағ; в) оттегімен демалдыру. б) 5% глюкоза ерітіндісі – 200мл /сағ к/т, актропид 4 Б/с теріастына әрбір 2 сағат сайын, калий хлор 3 г/сағ, дексаметазон 100мг к/т , маннитол 15% -200мл к/т тамшылатып; оттегімен демалдыру. в) 0,9% NaCl ерітіндісі – 1000мл алғашқы сағатта, актропид 6-10 Б/сағ к/т тамшылатып, КCl – 2г/сағ, 10% оттегімен демалдыру г) 40 % глюкоза ерітіндісі, есі кіргенше, глюкогон 1 мг/ б/е, калий хлор 2 г/сағ, 10 % глюкоза ерітіндісі – 300мл /сағ к/т тамшылатып. д) 0,9% NaCl ерітіндісі – 300мл алғашқы сағаттарда, актропид НМ 6 Б/сағ + NHCO3 140 мл + КCl ерітіндісі– 1,5г к/т, № 15 сабақ. 1) Тақырып: Семіздік, ревматоидты артрит, остеоартроз. Мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру. |