Методичка. Метод.СД.ТМІ.3к.каз.. Фармацевтика академиясы терапия бакалавриат кафедрасы
Скачать 193.79 Kb.
|
4) Тақырыптың негізгі сұрақтары: - Бронхит және бронх демікпесі кезінде науқастарды сұрастыру. - Бронхит және бронх демікпесі кезінде науқастардың аурудың анамнезі. - Бронхит және бронх демікпесі кезінде науқастардың пальпация, перкуссия, аускультация мәліметтері. - Бронхит және бронх демікпесі кезінде науқастарды емдеу принциптері. - Бронхит және бронх демікпесі кезінде науқастардағы мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру. - Бронхит және бронх демікпесі кезінде науқастарды рентгенологиялық және бронхоскопиялық зерттеу әдістері. 5) Білім беру және оқыту әдістері: тәжірибелік дағдыларды өтеу. 6) Әдебиет: Қазақ тілінде: Негізгі: 1. Ахметов К.Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері;оқу құралы.-Эверо,2014 2. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы:оқулық. -Эверо 2014 3. Санов С. Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі оқулық. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012. 4. Айтбембет, Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқулық . - Алматы , 2009. - 568 бет. 5. Ахметов Қ. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе, 2007. 6. Қаражанова Л. Қ. Ішкі аурулар семиотикасының негіздері: оқулық.- Семей, 2007. Қосымша: 1. Айтбембет Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқу құралы. - 3-бас. - Алматы, 2007. 2. Ахметов Ә. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе : М. Оспанов атындағы БҚММА, 2007 7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер). Сұрақтар: Обструктивті бронхит дегеніміз не? Бронх демікпесінің ұстамасы кезінде науқастың қалпы қандай? Бронх демікпесі ұстамасы кезінде дәрігердің тактикасы қандай? Тесттер: 1 Бронхтардың кілегей қабы қабынғанда естілетін тыныс: қатылдау потологиялық бронхиальды әлсіреген везикулярлы амфора реңді бронхиальды тыныс везикулярлы 2 Плевраның қалыңдау синдромына тән тыныс: әлсіреген везикулярлы патологиялық бронхиальды амфорлық везикулярлы күшейген везикулярлы 3 Визикулярлы тынысты әлсірететін ең басты себеп : альвеолдардың эластикалық қасиетті әлсіреуі кілегей қабат қабынғаннан ұсақ бронхтар өзегі туралы бронхтар түйілуі бронх өзегінде сұйық сөл бөлуі бронхтарда жабысқақ сөл бөлуі 4 Амфоралық тыныстың естілуі: өкпе абсцессінде 2 – і сатысында тыныс демікпесінде крупозды пневмонияның 2 – і сатысында плевритте пневмоторакста 5 Құрғақ сырылдар пайда болуы: бронх өзегі кеңейгеннен бронх кілегей қабының ісінгенінен бронх өзегінде жабысқақ сөл пайда болғаннан бронх өзегі тарылғаннан бронхтар бұлшық еті түйілгеннен 6 Құрғақ сырылдар түрі: дискантты консенделінбейтін ұсақ көпіршікті ірі көпіршікті консонирлі 7 Ылғалды сырылдар пайда болуы: бронхтар өзегінде сұйық не қоймалжың сөл пайда болғаннан бронх өзегінде жабысқақ сөл пайда болғаннан бронх кілегей қабының ісінгенінен бронхтар бұлшық еті түйілгеннен альвеолдарда сұйық жиналғаннан 8 Бронхпен байланысы бар өкпедегі қуыс үстіндегі бронхофония: күшейеді әлсірейді өзгермейді анықталмайды симметриялы аймақтарда әлсірейдi 9 Өкпе эмфиземасында бронхофония: симметриялы аймақтарда әлсірейдi әлсірейді күшейеді өзгермейді анықталмайды 10 Тыныс жетіспеушілігінің негізгі белгісі: ентігу жөтелу қан қақыру қақырық шаршау Есептер: 1. Науқас 32 жаста. Шырышты қақырық бөлінуімен жөтелге, дене қызуының 37,8С дейін жоғарылауына шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған. Емделмеген. Қарағанда өзгеріссіз. Тыныс алу қозғалысы симметриялы. ТАЖ 20 рет мин. Дауыс дірілі өзгермеген. Ашық өкпелік дыбыс. Сол жақта жауырынасты аймағында қатқыл тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Бронхофония өзгермеген. Қан анализінде: лейкоцитоз 9.2х 10 9 , СОЭ-19 мм/сағ. Қақырық анализі: ашық түсті, сипаты-шырышты, иісі жоқ, консистенциясы - тұтқыр, Куршман спиралі - жоқ, эозинофилдер 1-2 к.а, лейкоциттер 20 к.а, эритроциттер -0-2 к.а. эпител. клеткалар-аздаған, бациллы Коха- жоқ. Кеуде торшасы мүшелерінің R-графиясы: өкпе суреті өзгермеген. Синустар бос. Сұрақтар: 1. Науқастағы негізгі клиникалық синдромдарды атаңыз? 2. Мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру. (5 этап) 2.Науқас 42 жаста. Қарқынды тұтқыр, шырышты іріңді қақырықтың бөлінуімен жөтелге, ентігуге шағымданады. Жағдайының нашарлауы суықпен байланысты күшейеді. Ұзақ уақыт ауырады. Жиі салқындап ауырады. Қарағанда өзгеріссіз. Тыныс қозғалысы симметриялы. Дауыс дірілі өзгермеген. Ашық өкпелік перкуторлық дыбыс. Қатқыл тыныс, екі жақта да құрғақ ысқырықты және ызыңдаған сырылдар естіледі. Бронхофония өзгермеген. Қан анализі: лейкоциты 12,8х 10 9 , СОЭ- 25 мм/ч. Қақырық анализі: түсі.-жасыл.., сипаты-іріңді, иіссіз, консистенциясы - тұтқыр, Куршман спиралі- жоқ, эозинофил 1-2 к.а, лейкоцит 27 к.а, эритроцит -4-6 к.а. эпител.клетка- көп, бацилла Кох- жоқ. Коккты флора. Кеуде торшасының R-графиясы: Өкпе түбірлері кеңейген, өкпе суреті күшейген. Синустары бос. Сұрақтар: 1.Науқастағы негізгі клиникалық синдромдарды атаңыз? 2. Мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру. (5 этап) № 9 сабақ. 1) Тақырып: Пневмониялар, плевриттер. Мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру. 2) Мақсаты: Пневмония және плеврит кезінде зерттеу әдістерін оқыту. Студенттерді пневмония және плеврит кезінде симптомдар және синдромдарды анықтауға үйрету. Пневмония және плеврит кезінде науқастарды аспаптық зерттеу әдістерімен, емдеу принциптерімен таныстыру, мейірбикелік үдерісті ұйымдастыруды үйрету. 3) Оқыту мақсаты: Студент білуі тиісті: Өкпенің анатомо – физиологиялық ерекшеліктері. Сурфактанттың ағзадағы рөлі. Газалмасу қызметі қалай жүреді. Студент істеуге білу тиісті: Студенттерге пневмония және плеврит кезінде зерттеу әдістерін үйрету (науқасты сұрастыру, ауру анамнезі, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация). Студенттерге пневмония және плеврит кезінде симптомдары және синдромдарын анықтауды үйрету. Студенттерді пневмония және плеврит кезінде лабораторлық –аспаптық тексерумен таныстыру. Студенттерді пневмония және плеврит кезінде емдеу принциптерімен таныстыру. Студенттерге пневмония және плеврит кезінде мейірбикелік үдерісті ұйымдастыруды үйрету. 4) Тақырыптың негізгі сұрақтары: - Пневмония және плеврит кезінде науқастарды сұрастыру. - Пневмония және плеврит кезінде ауру анамнезі. - Пневмония және плеврит кезінде науқастарға пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу. - Пневмония және плеврит кезінде емдеу принциптері. - Пневмония және плеврит кезінде мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру. - Пневмония және плеврит кезінде науқастарды рентгенологиялық, ЭКГ, УДЗ зерттеу әдістері. 5) Білім беру және оқыту әдістері: муляждарда машықтану, науқастармен жұмыс жасау. 6) Әдебиет: Қазақ тілінде: Негізгі: 1. Ахметов К.Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері;оқу құралы.-Эверо,2014 2. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы:оқулық. -Эверо 2014 3. Санов С. Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі оқулық. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012. 4. Айтбембет, Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқулық . - Алматы , 2009. - 568 бет. 5. Ахметов Қ. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе, 2007. 6. Қаражанова Л. Қ. Ішкі аурулар семиотикасының негіздері: оқулық.- Семей, 2007. Қосымша: 1. Айтбембет Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқу құралы. - 3-бас. - Алматы, 2007. 2. Ахметов Ә. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе : М. Оспанов атындағы БҚММА, 2007 7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер). Сұрақтар: Тесттер: 1. Тыныс жүйесі ауыратын науқастардың негізгі шағымына жатпайтыны: төс астының ауруы, ауа жетпеу сезімі ауа жетпеу сезімімен қатар жөтелу қызу көтерілу, аралас түрде ентігу жөтел, қызу, кейде қан қақыру терең дем алғанда күшеетін кеуденің ауруы, іріңді қақырық 2. Экспираторлы ентігу дегеніміз: кенеттен іштен дем шығарудың қиындауы физикалық жүктемеде іштен дем шығарудың қиындауы қашықтықтан естілетін \дитанциялық\ сырылдар физикалық жүктемеде ішке дем алудың қиындауы кенеттен іштен дем алудың қиындауы 3. Инспираторлы ентігу дегеніміз: кенеттен іштен дем алудың қиындауы физикалық жүктемеде іштен дем шығарудың қиындауы қашықтықтан естілетін \дитанциялық\ сырылдар кенеттен іштен дем шығарудың қиындауы физикалық жүктемеде ішке дем алудың қиындауы 4. Жөтел ... болмайды. плевра беттері тітіркенгеннен бронх тітіргенгеннен альвеола тітіргенгеннен кеңірдек тітіргенгеннен жұтқыншақ тітіргенгеннен 5. Ұстама тәрізді жөтелге тән патология: аллергиялық трахеобронхит тыныс жетіспеушілгі брохоэктазиялық ауру іріңді созылмалы бронхит өкпе абсцессі 6. Ұзақ және тұрақты жөтелге тән патология: созылмалы бронхит брохоэктазиялық ауру жіті бронхит тыныс демікпесі плеврит 7. Сақтана жөтелу және дем алуға тән патология: крупозды пневмония, құрғақ плеврит жіті және созылмалы және өкпе түбі маңы пневония интерстициальды және өкпе түбі маңы пневмония өкпенің орталық рагі өкпе абсцессі және бронхоэктаздар 8. Түнгі жөтел көбіне: өкпе туберкулезінде ошақты пневмонияда өкпе абсцессінде жедел бронхитте крупозды пневмонияда 9. Дыбыссыз жөтелу мысалы: әлсіреген және жүдеген аурулар крупозды пневмония өкпе рагі, плеврит өкпе абсцессі, не бронхоэктаздар кавернозды туберкулез 10. Тыныс алуға байланысты кеуденің шаншып ауруы: крупозды пневмония, құрғақ плевритте өкпе эмфиземасында, пневмосклерозда интерстициальды пневмонияда жедел бронхитте өкпенің орталық рагінде Есептер: 1. Науқас 39 жаста, 30 жыл бойы тұншығу ұстамасымен, дем шығаруы қиындауымен зардап шегеді. Тұншығу ұстамасы бензин иісімен, суық ауада, алыстан естілетін сырылмен, аздаған шыны тәрізді қақырық бөлумен қатар жүреді. Соңғы ұстама ұзағырақ болды, жедел жәрдем дәрігері шақырылған. Бухгалтер, жылы, құрғақ үйде тұрады. Анамнезінде жиі есекжем. Қарағанда науқастың жағдайы орташа ауырлықта, температурасы қалыпты, қалпы мәжбүрлі: қолдарын тіреп отырады, цианоз, мойын веналары ісінген. Экспираторлы ентігу 24 рет 1 мин. Кеуде клеткасы кеңейген, қабырңааралықтар жазылған. Дауыс дірілі әлсіреген. Перкуссияда қорапты дыбыс, аускультацияда тыныс әлсіреген, шашыранды құрғақ ысқырықты сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, екінші қабырғааралықта II тонакценті. Пульсі 84 рет мин, АҚ 140/80 мм.с.б.б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.Бауыр, көкбауыры ұлғаймаған. Соққылау симптомы теріс мәнді. Қан анализінде : лейкоцитоз 8,2*109, эозинофилия 10%, СОЭ-18мм/с. Қақырық анализі: көлемі 5,0мл, түсі сұр, шырышты, консистенциясы тұтқыр, Куршман спиралі 2-3-5к.а, эпителиалды клеткалар көп, цилиндрлік эпителий көп мөлшерде, жазық эпителий аздап, Кох таяқшасы жоқ. Спирография: Сыртқы тыныстың обструктивті типі. Кеуде клеткасының рентгенографиясы: өкпе түбірлері тығыздалған; қкпе алаңы мөлдірлігі жоғары, диафрагма төмен. Сұрақтар: 1. Науқастағы негізгі клиникалық синдромды атаңыз. 2. Мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру (5 этап). № 10 сабақ. 1) Тақырып: Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы. ЖИА. Мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру. 2) Мақсаты: Жүректің созылмалы ревматикалық ауру, миокард инфаркты, стенокардия кезінде зерттеу әдістерін оқыту. Студенттерге жүректің созылмалы ревматикалық ауру, миокард инфаркты, стенокардия кезінде симптомдар және синдромдарын анықтауды үйрету. Жүректің созылмалы ревматикалық ауру, миокард инфаркты, стенокардия кезінде науқастарды аспаптық тексеру әдістерімен, емдеу принциптерімен таныстыру, жүректің созылмалы ревматикалық ауру, миокард инфаркты, стенокардия кезінде мейірбикелік үдерісті ұйымдастыруды үйрету. 3) Оқыту мақсаты: Студент білуі тиіс:ті Жүректің физиологиялық ерекшеліктері. Ревматизмнің этиологиясы. Қабыну үдерісінің негізгі маркерлері. Студент істеуге білу тиісті: Студенттерге жүректің созылмалы ревматикалық ауру, миокард инфаркты, стенокардия кезінде зерттеу әдістеріне үйрету (сұрастыру, ауру анамнезі, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация). Студенттерге жүректің созылмалы ревматикалық ауру, миокард инфаркты, стенокардия кезінде симптомдар және синдромдарын анықтауды үйрету. Студенттерге жүректің созылмалы ревматикалық ауру, миокард инфаркты, стенокардия кезінде лабораторлық –аспаптық зерттеу әдістерімен таныстыру. Студенттерге жүректің созылмалы ревматикалық ауру, миокард инфаркты, стенокардия кезінде емдеу принциптерін таныстыру. Студенттерге жүректің созылмалы ревматикалық ауру, миокард инфаркты, стенокардия кезінде мейірбикелік үдерісті ұйымдастыруды үйрету. 4) Тақырыптың негізгі сұрақтары: - Жүректің созылмалы ревматикалық ауру, миокард инфаркты, стенокардия кезінде сұрастыру. - Жүректің созылмалы ревматикалық ауру, миокард инфаркты, стенокардия кезінде ауру анамнезі. - Жүректің созылмалы ревматикалық ауру, миокард инфаркты, стенокардия кезінде пальпация, перкуссия, аускультация мәліметтері. - Жүректің созылмалы ревматикалық ауру, миокард инфаркты, стенокардия кезінде науқастарды ЭКГ, УДЗ зерттеу әдістері. - Жүректің созылмалы ревматикалық ауру, миокард инфаркты, стенокардия кезінде емдеу принциптерін таныстыру. - Жүректің созылмалы ревматикалық ауру, миокард инфаркты, стенокардия кезінде мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру. |