Главная страница
Навигация по странице:

  • 3) Оқыту мақсаты

  • 4) Тақырыптың негізгі сұрақтары

  • 5) Оқыту және сабақ беру әдістері

  • 7) Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер).

  • Методичка. Метод.СД.ТМІ.3к.каз.. Фармацевтика академиясы терапия бакалавриат кафедрасы


    Скачать 193.79 Kb.
    НазваниеФармацевтика академиясы терапия бакалавриат кафедрасы
    АнкорМетодичка
    Дата22.09.2022
    Размер193.79 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМетод.СД.ТМІ.3к.каз..docx
    ТипДокументы
    #690273
    страница7 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    2) Мақсаты: Студенттерге семіздік, ревматоидты артрит, остеоартроз кезінде тексеру әдістерін үйрету. Студенттерге семіздік, ревматоидты артрит, остеоартроз кезінде симптомдар мен синдромдарды анықтауды үйрету. Науқасты аспаптық зерттеу әдістерімен, емдеу қағидаларымен таныстыру, семіздік, ревматоидты артрит, остеоартроз кезінде науқастарға мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру.
    3) Оқыту мақсаты:

    Студент білуі тиісті:

    1. Май алмасуының бұзылуы.

    2. Буындардың құрылымының ерекшеліктері.

    3. Буындардың қызметінің бұзылыстарының негізгі себептері.

    Студент істеуге білу тиісті:

    1. Студенттерге семіздік, ревматоидты артрит, остеоартроз кезінде зерттеу әдістерін үйрету (науқасты сұрастыру, ауру анамнезі, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация).

    2. Студенттерге семіздік, ревматоидты артрит, остеоартроз кезінде симптомдар мен синдромдарды анықтауды үйрету.

    3. Студенттерді науқастарды лабораторлы-аспаптық зерттеу әдістерімен таныстыру.

    4. Студенттерге семіздік, ревматоидты артрит, остеоартроз кезінде емдеу қағидаларымен таныстыру.

    5. Cеміздік, ревматоидты артрит, остеоартроз кезінде мейірбикелік үдерісті ұйымдастыруды үйрету.


    4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    - Cеміздікпен ауыратын науқастарды сұрастыру.

    - Семіздікпен ауыратын науқастардың пальпация, перкуссия, аускультация мәліметтері.

    - Семіздікпен ауыратын науқастарға ЭКГ, УДЗ жүргізу.

    - Семіздікпен ауыратын науқастарды емдеу қағидалары.

    - Семіздікпен ауыратын науқастарға мейірбикелік үдерістерді ұйымдастыру.

    - Ревматоидты артритпен ауыратын науқастарды сұрастыру.

    - Ревматоидты артритпен ауыратын науқастардың ауру анамнезі.

    - Ревматоидты артрит кезінде жалпы қарау, пальпация, перкуссия, аускультация мәліметтері.

    - Ревматоидты артритпен ауыратын науқастарды рентгенологиялық, ЭКГ, УДЗ зерттеу.

    - Ревматоидты артритпен ауыратын науқастарды емдеу қағидалары.

    - Ревматоидты артритпен ауыратын науқастардыға мейірбикелік үдерістерді ұйымдастыру.

    - Остеоартроз кезінде науқастарды сұрастыру.

    - Остеоартроз кезінде науқастардың ауру анамнезі.

    - Остеоартроз кезінде науқастарды жалпы қарау, пальпация, перкуссия, аускультация мәліметтері .

    - Остеоартроз кезінде науқастарда жүрекке ЭКГ; УДЗ, рентгенологиялық зерттеу.

    - Остеоартроз кезінде науқастарды емдеу қағидалары.

    - Остеоартроз кезінде науқастарда мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру.
    5) Оқыту және сабақ беру әдістері: кіші топтарда жұмыс.
    6) Әдебиет:

    Қазақ тілінде: Негізгі:

    1. Ахметов К.Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері;оқу құралы.-Эверо,2014

    2. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы:оқулық. -Эверо 2014

    3. Санов С. Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі оқулық. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.

    4. Айтбембет, Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқулық . - Алматы , 2009. - 568 бет.

    5. Ахметов Қ. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе, 2007.

    6. Қаражанова Л. Қ. Ішкі аурулар семиотикасының негіздері: оқулық.- Семей, 2007.
    Қосымша:

    1. Айтбембет Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқу құралы. - 3-бас. - Алматы, 2007.

    2. Ахметов Ә. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе : М. Оспанов атындағы БҚММА, 2007
    7) Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер).

    Сұрақтар:
    1. Эндокринді семіздікке әкелетін аурулурды атаңыз?

    2. Ревматоидты артритте қандай рентгенологиялық өзгерістер болады?

    3. Буындардың созылмалы дистрофиялық үдерістерін білесіңдер?
    Тесттер:

    1. Біріншілік ревмокардит басталады:

    а) мұрын-жұтқыншақ инфекцияларынан (баспа) 1-3 аптадан кейін

    б) жоғарғы тыныс жолдары инфекциясынан кейін бірден

    в) жоғарғы тыныс жолдары инфекциясы кезінде

    г) мұрын-жұтқыншақ инфекцияларымен байланыссыз

    д) мұрын-жұтқыншақ инфекцияларынан (баспа) 3-5 аптадан кейін

    2. Кардит, полиартрит, теріасты түйіндері, сақина тәрізді эритема тән:

    а) ревмокардитке (ревматикалық эндомиокардитке)

    б) миокардитке

    в) перикардитке

    г) инфекциялық эндокардитке

    д) кардитке

    3. Митралды қақпақша жетіспеушілігін жиі тудырады:

    а) ревматизм

    б) дәнекер тінінің диффузными аурулары

    в) бактериалдық эндокардит

    г) ателесклероз

    д) қақпақшалардың жиектерінің жарақаттан жұлынуы

    4. Артроз кезінде қандай мүшелер зақымдалады:

    а) бас

    б) буындар

    в) бауыр

    г) бүйректер

    д) жүрек

    1. Жайылмалы артроз:

    а) көптеген буындарды зақымдайды

    б) тізе буындарын зақымдайды

    в) мойын омыртқаларын зақымдайды

    г) тәж артерияларды

    д) перифериялық артерияларды

    1. Тізе буынының артрозы:

    а) коксартроз

    б) гонартроз

    в) жайылмалы артроз

    г) деформациялаушы артроз

    д) полиартрит

    1. Түйінді артроз кездеседі:

    а) шынтақтарда

    б) саусақтарда

    в) қабырғаларда

    г) тізе буындарында

    д) табандарда

    8. Семіздік кезінде тағайындалатын емдәм:

    а). № 7

    б). № 8

    в). №9

    г). №10.

    д). № 1

    9. Ұйқы безінің эндокриндік ауруларына жатады:

    а) гипотиреоз, гипертиреоз

    б) қантты диабет

    в) Иценго-Кушинг

    г) созылмалы панкреатит

    д) семіздік

    10. Семіздік кезінде көмірсулардың, майлардың және ақуыздардың қарым-қатынасы:

    а) 60/24/16

    б) 60/30/10

    в) 40/50/10

    г) 30/60/10

    д)10/10/10
    Есептер:

    1. 62 жастағы әйел науқасты алақанның дисталды фалангааралық буындарының ауырсынуы және ісінуі, баспалдақтан түскен кезде тізе буындарының ауырсынуы және сықырлауы, сол аяғындағы ауырсыну сезімінің тыныштық жағдайда да басылмауына шағымданады. Таңертеңгілік құрысу 15 минутқа созылады. Өзін 12 жылдан бері науқас санайды. Сауыншы болып жұмыс істеген. Объективті: дене салмағы жоғары. Жүрісі сау аяғына қарай қисайған. II және IV саусақтардың дисталды фалангааралық буындары аймағында қабыну белгісімен Геберден түйіндері (ісіну, гиперемия) байқалады. Жамбас-сан буындарында қозғалыс толық сақталған. Сол жақ тізе буынында тізешік қозғалысы оң мәнді. Болезненность при Мобилизация кезінде тізе табақшасы ауырсынады. Аяқтарды жеңіл түрде 1 мин-қа бүкенде ауырсынады. Сіздің диагноз. Сіздің тактикаңыз.
    2.Науқас Ф. 78 жаста ревматологиялық бөлімшеге мойын, иық және жамбас белдеулеріндегі құрысу және ауырсынуға, бұлшықет әлсіздігіне,субфебрилді температурға. 2-3 айдан бері ауырады. Объективті: мойын, иық және жамбас белдеулерін пальпациялағанда ауырсыну, ондағы қозғалыстың бірден шектелуі байқалады. Тексерілді: ЖҚА – СОЭ 70 мм/сағ және креатинфосфокиназа деңгейінің жеті ретті жоғарылауы. Науқастың айтуы бойынша 1 немесе 2 таблетка преднизолон қабылдағаннан кейін жағдайы жақсарады. Сүйек-буын жүйесінде рентгенологиялық патологиялар анықталмаған. Науқаста мүмкін болатын диагноз:

    а) ревматоидты артрит

    б) қатерлі ісік

    в) фибриомиалгия синдромы

    г) ревматикалық полимиалгия

    д) ісіктік полимиозит
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта