Методичка. Метод.СД.ТМІ.3к.каз.. Фармацевтика академиясы терапия бакалавриат кафедрасы
Скачать 193.79 Kb.
|
5) Білім беру және оқыту әдістері: муляждарда машықтану, науқаспен жұмыс. 6) Әдебиет: Қазақ тілінде: Негізгі: 1. Ахметов К.Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері;оқу құралы.-Эверо,2014 2. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы:оқулық. -Эверо 2014 3. Санов С. Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі оқулық. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012. 4. Айтбембет, Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқулық . - Алматы , 2009. - 568 бет. 5. Ахметов Қ. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе, 2007. 6. Қаражанова Л. Қ. Ішкі аурулар семиотикасының негіздері: оқулық.- Семей, 2007. Қосымша: 1. Айтбембет Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқу құралы. - 3-бас. - Алматы, 2007. 2. Ахметов Ә. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе : М. Оспанов атындағы БҚММА, 2007 7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер). Сұрақтар: 1. Жүрек ұшы соққысы қай нүктеде анықталады? 2. Перкуссияның қандай түрлерін білесіз? 3. Систолалық және диастолалық шулардың айырмашылығы қандай? Тесттер: 1.ЖИА кезінде ауырсынудың типтік локализациясы тән: жүрек аймағында төс артында жүрек ұшы аймағында кеуде торшасының сол жағында кеуде торшасының оң жағында 2. Миокард инфарктындағы ауырсынудың стенокардиядан айырмашылығы: ұзақтығы және интенсивтілігі локализациясы сипатымен пайда болу механизміне иррадиациясына 3. Жүрек қантамыр жүйесі аурулары кезінде цианоздың сипаты: перифериялық перифериялық емес аралас жергілікті жалпы 4. Жүрек ұшы соққысының көзге көрінерліктей солға және төмен жылжуы тән, біреуінен басқа: а) сол жақты гидроторакс b) сол қарыншалық гипертрофия c) оң жақты гидроторакс d) оң жақты пневмоторакс e) оң қарынша гипертрофиясы 5) Салыстырмалы тұйықталу шекарасы жүректің қай бөлімінен құралған: оң жүрекшемен оң қарыншамен сол жүрекшемен сол қарыншамен оң жүрекшемен және қарыншамен 6) Жүрек шекарасы зақымдалған жаққа қарай ығысады, тек біреуінен басқа: экссудативті плевритте пневмосклерозда пульмонэктомияда өкпе ісігінде обтурациялық ателектазда 7. Сау адамдағы пульстің жиілігі: 60-90 1 мин 60-80 1 мин 60-100 1 мин 60-84 1 мин 50-60 1 мин 8. Пульс жиілігінің температурадан айырмашылығы байқалады: іш сүзегінде туберкулезде скарлатинада грипте өкпе абсцесінде 9. Систолалық тон: I тон II тон III тон IV тон V тон 10. Қолқа қақпақшасы проекциясы кеуденің алдыңғы қабырғасында қай жерінде анықталады: төстің ортасында 3 қабырға деңгейінде екінші қабырғааралықта төстен солға үшінші қабырғаның төске бекіген жерінде 3 қабырғаның сол жақта және оң жақта 5 қабырғаның төске бекіген жерінде оң жақта 2 қабырғааралықта Есептер: 1. Науқас басын жоғары қойып және аяқтарын төмен салбыратып төсекте отыр. Бұл қалып қалай аталады және қандай ауруларда кездеседі? 2. Аускультация жүргізгенде науқаста 3 және 4 тонның күшеюі, оның кейде бірігуі және бір тон сияқты диастола ортасында естіледі. Бұл тон қалай аталады № 4 сабақ. 1) Тақырып: Қанайналым мүшелері аурулары кезіндегі. Себептері, симптомдары, олардың механизмі. Диагностика тәсілдері. 2) Мақсаты: Қанайналым мүшелері аурулары кезіндегі синдромдарын оқыту: коронарлық жетіспеушілік, артериалдық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі. Даму себептерін, симптомдарын, олардың механизмін, диагностика тәсілдерін ійрету. 3) Оқыту мақсаты: Студент білуі тиісті: Қанайналым мүшелері анатомо – физиологиялық ерекшеліктері. Артериялық қысымды өлшеу техникасы. Үлкен және кіші қанайналымының сызбасы. Студент істеуге білу тиісті: Қанайналым мүшелері аурулары кезіндегі синдромдарды оқыту: коронарлық жетіспеушілігін. Қанайналым мүшелері аурулары кезіндегі синдромдарды оқыту: артериалдық гипертензияны. Қанайналым мүшелері аурулары кезіндегі синдромдарды оқыту: жүрек жетіспеушілігін. Қанайналым мүшелері аурулары кезіндегі синдромдарды анықтауды үйрету: коронарлық жетіспеушілігін. Қанайналым мүшелері аурулары кезіндегі синдромдарды анықтауды үйрету: артериалдық гипертензияны. Қанайналым мүшелері аурулары кезіндегі синдромдарды анықтауды үйрету: жүрек жетіспеушілігін. 4) Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Артериалдық гипертония себептері 2. АГ дамуының себептері 3. Артериалдық гипертонияның патогенезі 4. АГ клиникалық белгілері 5. Гипертониялық криз туралы түсінік 6. АГ диагностикалық әдістері 7.АГ асқынулары 8. Коронарлық жетіспеушілік туралы түсінік 9. Коронарлық жетіспеушіліктің қауіп факторлары 10.Стенокардияның клиникалық белгілері 11.Стенокардияның диагностикалық әдістері 12. Миокрд инфарктының клиникалық белгілері 13. МИ диагностикалық әдістері 14. Жіті МИ ЭКГ белгілері 15. Жүрек жетіспеушілігі туралы түсінік 16. Жүрек жетіспеушілігінің этиологиясы, патогенезі 17. Жүрек жетіспеушілігінің клиникалық белгілері 18. Жүрек жетіспеушілігінің зерттеу әдістері 5) Білім беру және оқыту әдістері: тәжірибелік дағдыларды жасау. 6) Әдебиет: Қазақ тілінде: Негізгі: 1. Ахметов К.Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері;оқу құралы.-Эверо,2014 2. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы:оқулық. -Эверо 2014 3. Санов С. Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі оқулық. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012. 4. Айтбембет, Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқулық . - Алматы , 2009. - 568 бет. 5. Ахметов Қ. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе, 2007. 6. Қаражанова Л. Қ. Ішкі аурулар семиотикасының негіздері: оқулық.- Семей, 2007. Қосымша: 1. Айтбембет Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқу құралы. - 3-бас. - Алматы, 2007. 2. Ахметов Ә. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе : М. Оспанов атындағы БҚММА, 2007 7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер). Сұрақтар: 1. Коронарлық жетіспеушіліктің қандай себептері бар? 2. Артериалдық гипертония дегеніміз не? 3. Жүрек жетіспеушілігінің жиі кездесетін түрі қандай? Тесттер: 1. Атеросклероз дамуының негізгі факторлары, біреуінен басқа: тиреотоксикоз артериалдық гипертензия қантты диабет артық салмақ және жоғара калориялық тамақтану шылым шегу 2. Миокард инфарктысының жіті кезеңі созылады: бірнеше күнге (2-10) бірнеше сағатқа бірнеше айға уақыт маңызды емес бір айдан артық 3. МИ кезінде қандай көрсеткіштер резорбтивті – некротикалық синдромды құрайды (дұрыс емес жауапты таңдаңыз); гиперкалиемия ЭТЖ жылдамдауы лейкоцитоз ферменттер деңгейінің жоғарылауы дене температурасының жоғарылауы 4. Артериалдық гипертония кезінде нысана мүшелерді атаңыз: веноздық жүйе бүйрек, жүрек, ми, көз түбі ми, бүйрек жүрек, бүйрек, өкпе жүрек, ми, аяқ тамырлары 5. Жоғары артериалдық гипертензия әкелуі мүмкін: жұмсақ ми қабықшасы қабынуына бас миының ауқымды зақымдалуы дамуына ми қанайналымының бұзылуына бас қаңқа ішілік гипертензияға барлығы дұрыс 6. Артериалдық гипертензиясы бар науқастарға қандай тағам өнімдерін шектеу керек: суды ас тұзын қантты дәмдеуіштерді нанды 7. Жүрек астмасының тұншығу ұстамасы кезінде науқастың мәжбүрлі қалпы қалай аталады (дұрыс емес жауапты табыңыз): Тренделенбург қалпы Фовлер қалпы ортопноэ қайыршы позасы сол қырына жату 8. Қанайналым жетіспеушілігі бар науқастың оң жақ қабырғаастының ауырлау сезімі байланысты: гепатаргияға созылмалы холециститпен өт жолдары дискинизиясымен бауырдағы іркіліспен және ұлғаюымен бауырдың қабыну үдерісімен 9. Жүрек жетіспеушілігі кезінде пульсті пальпациялағанда анықталады: жедел пульс альтернирлеуші пульс әрқалай пульс пульс дефициті толық пульс 10. Оң қарыншалық жетіспеушілік кезінде барлық симптомдар байқалады, біреуіне басқа: мойын венларының ісінуі аяқтарының ісінуі оң қарыншадағы диастолалық қысымның жоғарылауы өкпе капиллярларындағы қысымның айқын жоғарылауы бауырдың ұлғаюы Есептер: 1. Еркек 45 жаста, интенсивті терапия палатасына ангинозды ұстамадан 4 сағаттан кейін келіп түсті. Төс артының қатты басып ауырсынуына, оның сол қалға, иыққа, жауырынға, жаққа берілуіне, өлу қаупі сезіміне шағымданады. Нитроглицериннен жеңілдік болмады. Объективті: жағдайы ауыр. Тері жамылғысы бозарған, суық тер басқан, еріндері цианозды. АҚ 80/60 мм с.б.б. РS-110 рет мин. Аритмиялы. Тыңдағанда жүрек тондары тұйықталған, шоқырық ырғағы. Өкпеде везикулярлық тыныс. ТАЖ 16 рет 1 мин. Сіздің алдын ала диагнозыңыз, негізгі синдромдарды анықтап, тексеру жоспарын құрастырыңыз. 2. Науқас М, 50 жаста. Кардиологқа төс артында ауырсынудың 500 метрден аса арақашықтықта жүргенде, бір этажға көтерілгенде, суық ауаға шыққанда пайда болатынына, сонымен қатар ауырсынудың сол иыққа, мойынға берілуіне шағымданады. Ауырсыну жүруді тоқтатқанда және нитроглицерин ішкеннен кейін 3-5 минуттан соң қояды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Қабақтарында ксантелазмалар бар, АҚ 150/100 мм.с.б.б. РS-88 рет 1 мин. Ырғақ дұрыс. Жүректің салыстырмалы тұйық шекарасы төстің оң қырында. Сол жағы V қабырғааралықта сол жақ бұғана ортаңғы сызығы бойында. Жоғарғысы II қабырғааралықта. Жүрек ұшында I тон әлсіреген, қолқада II тонның металдық акценті. Өкпеде везикулярлық тыныс. Сіздің алдын ала негізделген диагнозыңыз және тексеру жоспарыңыз. № 5 сабақ. 1) Тақырып: Асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері. 2) Мақсаты: Асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдерін, сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация әдістерін жүргізуді үйрету. 3) Оқыту мақсаты: Студент білуі тиісті: Асқорыту мүшелерінің анатомиялық ерекшеліктері. Асқорыту мүшелерінің қалыпты физиологиясы. Пальпация әдісін меңгеру. Студент істеуге білу тиісті: Студенттерге асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдерін, сұрастыруды жүргізуді, шағымын, аурудың даму және өмір тарихын жинауды үйрету. Студенттерге асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдерін, объективті қарауды үйрету. Студенттерге асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдерін, іштің беткей және терең пальпациясын жүргізуді үйрету. Студенттерге асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдерін, перкуссия жасауды, Курлов бойынша бауырдың көлемңн анықтауды үйрету. Студенттерге асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдерін, ішек аускультациясын жүргізуді үйрету. 4) Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Науқасты сұрастыру. Шағымдары. Аурудың даму тарихы. Өмір тарихы. 2. Науқасты жалпы қарау 3. Ішті қарау 4. Іш пальпациясы, пальпацияның жалпы ережелері мен мақсаты 5. Іштің беткей пальпациясы 6. Образцова – Стражеско әдісі бойынша іштің терең сырғымалы пальпациясы 7. Пальпация әдістемесі 8. Іш перкуссиясы 9. Іш аускультациясы 5) Білім беру және оқыту әдістері: тәжірибелік дағдыларды жасау. 6) Әдебиет: Қазақ тілінде: Негізгі: 1. Ахметов К.Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері;оқу құралы.-Эверо,2014 2. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы:оқулық. -Эверо 2014 3. Санов С. Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі оқулық. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012. 4. Айтбембет, Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқулық . - Алматы , 2009. - 568 бет. 5. Ахметов Қ. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе, 2007. 6. Қаражанова Л. Қ. Ішкі аурулар семиотикасының негіздері: оқулық.- Семей, 2007. Қосымша: 1. Айтбембет Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқу құралы. - 3-бас. - Алматы, 2007. 2. Ахметов Ә. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе : М. Оспанов атындағы БҚММА, 2007 7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер). Сұрақтар: 1. Дисфагия белгісі науқаста қандай патологияның барын білдіреді? 2. Іш пальпациясының қандай түрлерін білесіздер? 3. Курлов бойынша сау адамда бауырдың размері қандай? Тесттер: 1. Асқорыту мүшелері ауруларының жиі кездесетін түрі: а) созылмалы эзофагит b) ойық жара ауруы c) созылмалы гастрит d) созылмалы холецистит e) созылмалы энтероколит 2. Өткерген анамнезі бойынша қандай дисфагия жиі қойылады: а) өңештің тыртықты стенозы b) өңеш ісігі c) өңеш дивертикулы d) созылмалы атрофиялық эзофагит e) анамнездік мәліметтердің құндылығы 3. Асқорыту мүшелері ауруларының ішіндегі күрделісі: а) созылмылы ахилиялық гастрит b) өңеш ісігі c) ойық жара ауруы d) созылмалы гастрит e) созылмалы энтероколит 4. Өңеш ісігі кезінде дисфагия сипаты: а) суық сұйық тамақ ішкенде пайда болады b) адамның белгілі бір қалпында қояды c) біртіндеп үдейді d) эзофагит өршуімен байланысты пайда болады e) барлық сипаттар бірдей 5. Жиі асқазан ісігі дамуына әкелетін ауруды атаңыз: а) созылмалы гистамин тұрақты ахилиялық гастрит b) асқазан полиптері c) асқазанның баяу тыртықтанушы ойық жарасы d) асқазанның пенетрациялаушы ойық жарасы e) біртіндеп үдейді 6. Асқазанның секреторлық функциясы жоғарылағанда жиі байқалады: а) тәбет төмендеуі b) тәбет жоғарылауы c) тәбеттің өзгеруі d) тәбеттің сақталуы e) барлығы дұрыс 7. Теміржетіспеушілік анемияда, гиповитаминоздар кезінде жиі байқалады: а) тәбет төмендеуі b) тәбет жоғарылауы c) тәбеттің өзгеруі d) тәбеттің сақталуы e) барлығы дұрыс 8. Булемия себебін атаңыз: а) гипогликемиялық жағдай b) витаминдік жетіспеушілік c) тиреотоксикоз d) жиі іш өтулер e) барлығы 9. Асқазан ауырсынуының негізгі механизмі: а) пилорикалық каналдың жабылуы b) асқазан мускулатурасының жиырылуы c) асқазанішілік қысымның жоғарылауы d) задержка эвакуации желудочного содержимого e) совокупность всех перечисленных изменений 10. Асқазандық құсу бұл – ... нәтижесі. а) асқазан мускулатурасының құрыса жиырылуы b) пилорикалық каналдың асқазан мускулатурасының жиырылу кезінде жабылуы c) асқазанның кардиалды бөлімінің бұлшықеті жиырылуы кезінде жабылуы d) көкет мускулатурасының құрысулы жиырылуы e) барлығы |