Главная страница

Гисто. Гисто сессия 25.12.2020 (копия) (копия). Бекіту Фиксациялау Тіндерден алынан гистологиялы кесінділерді бояуды ерекшелігінерылымдара трлітс беру


Скачать 3.84 Mb.
НазваниеБекіту Фиксациялау Тіндерден алынан гистологиялы кесінділерді бояуды ерекшелігінерылымдара трлітс беру
АнкорГисто
Дата21.09.2022
Размер3.84 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаГисто сессия 25.12.2020 (копия) (копия).docx
ТипДокументы
#688238
страница2 из 5
1   2   3   4   5

ЭПИТЕЛИЙ ТІНІ
182.Құрамында қан тамырлары мен жасуша аралық заты жоқ тін:эпителий тіні

  1. 183.Жабынды эпителийдің орналасқан орны: шектеуші

184.Жасушалары полярлы дифференцияланатын мына тіндердің қайсысы? Эпителий тіні

185.Жабынды эпителийдің базальді мембранасы мына тіндердің қайсысының тіршілігінен пайда болады эпителий тіні мен дәнекер тінінің

186.Эпителий тіндері жасушаларының өзара байланысы әр түрлі контактылармен

187.Бір қабатты жалпақ эпителиймен (мезотелий) мыналардың қайсысы тысталады сірлі қабық

188.Жасушаларының пішіні әртүрлі, бірақ олардың барлығы да базальді мембранаға бекінген. Бұл эпителий қайсы бір қабатты көп қатарлы кірпікшелері

189.Көп қатарлы кірпікшелі эпителийдің құрамындағы бокал тәрізді эпителиоциттердің қызметі шырыш бөледі

190.Базальді, тікенекті және үстіңгі жасушалар қабатынан тұратын эпителий көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителий

  1. 191.Базальді, тікенекті, дәнді, жылтыр және мүйізделген жасушалар қабаттарынан тұратын эпителий көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителий

  2. 192.Бағаналы жасушалары кездесетін көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийдің қабаты базальды қабатында

193.Көпбұрышты жасушалардан тұратын көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийдің қабаты тікенекті қабатында

194.Мүшенің созылуына байланысты құрылысы үнемі өзгеріп отыратын эпителий ауыспалы эпителий

195.Ауыспалы эпителийдің үстіңгі қабатының құрамындағы жасушалары ірі,эпителийдің қызметіне байланысты пішіні өзгеріп отырады

196.Эндокрин бездерінің ерекшеліктері өзектер болмайды

197.Голокринді түрде секрет бөлетін без май безі

198.Апокринді түрде секрет бөлетін без сүт безі, тер безі

199.Апокрин типті секрет бөлетін бездердің жасушаларының ерекшелігі апикальды полюсі бұзылады

200.Мерокринді типті секрет бөлетін бездердің жасушаларына тән құрылысы түгел сақталады
201.Жасушалары полярлы дифференцияланатын мына тіндердің қайсысы: эпителий тіндері

202.Жабынды эпителийдің қызметі қайсы: қорғаныс, зат алмасу, сору, сіңіру, сыртқа шығару

203.Аш ішектің тағамды сору қызметін атқаратыны белгілі. Осы эпителийдің түрін анықтаңыз бір қабатты цилиндр тәрізді жиекті эпителий

204.Көп қатарлы кірпікшелі эпителийдің құрамындағы безді жасушасы қайсы:бокал тәрізді жасуша

205.Көп қатарлы кірпікшелі эпителий мына мүшелердің қайсысында болады:кеңірдекте

206.Кілегейлі қабығы көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен тысталған мүше:жатыр түтікшелері

207.Тін культивациясына көп қабатты эпителийдің жасушалары алынған: бірінші флаконда базальді; екіншіге – жылтыр, үшіншіге – тікенекті қабаттың, ал төртіншіге мүйізді қабаттың жасушалары енгізілген. Қай флакондағы жасушаларда көбею процесі байқалады:біріншілік флаконда

208.Бездің секрет шығаратын өзегі тармақталған болса, бұл қай без:күрделі без

209.Бездің секрет шығаратын өзегі тармақталмаған болса, бұл қай без:қарапайым без

210.Безден алынған препаратты Шифф – йод қышқылымен өңдеген кезде жасушасында көкшіл-қызғылт түске боялған секрет көрінеді. Бұл без секретінің химиялық құрамында мына компоненттердің қайсысы бар екенін анықтаңыз:көмірсулар

211.Науқаста терісінің қызаруы және сол аймағының түлеуі анықталады. Зақымдалған аймағының шекарасы анық шектелген, әрі бұрыс пішінді.

Терінің берілген аймағында эпителидің қай түрі өзгеріске ұшыраған. Жабын эпителийінің түрі-көп қабатты эпителий

212.Науқасқа диагностикалық мақсатта асқазанның шырышты қабығының биопсиясы жүргізілді. Биоптатты иммуноморфологиялық зерттегенде жасушалардың цитоплазмасында кератинді филаменттердің бар екендігі анықталды. Қай тіннің жасушаларына зерттеу жүргізілді? Көп қабатты жазық мүйізденген эпителий тіні

213.Химиялық өндіріс жұмысшылары улы түтінмен дем алатыны белгілі. Сол түтіннің әсерінен бронхтарындағы біршама кірпікшелі жасушалардың тіршілігінің жойғандығы анықталды. Камбиальды немесе базальды жасушалар

Бұл эпителидің регенерациясын қай жасушалар жүзеге асырады?

214.Науқас офтальмологқа шаңды дауыл алаңында ұзақ уақыт тұруынан кейін пайда болған көздің ауырсынуына шағымданып келді. Дәрігер қасаң қабықтың алдыңғы эпителиінің беткей зақымдануын анықтады. Қай жасушалар беткей эпителидің регенерациясын қамтамасыз етеді? Камбиальды жасушалар

215.Науқаста мұрын қуысының шырышты қабығының ұзақ қабынуынан кейін эпителий өзгерістерге ұшыраған. Мұндай жағдайда көбірек өзгеріске ұшырайтын мұрын қуысының эпителийін анықтаңыз.көп қатарлы кірпікшелі эпителий

216.Науқас травматологиялық пунктке сұқ саусақтың ашық сынығымен келіп қаралды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Зақымдалған тіндердің қайсысының регенерациясы басқасына қарағанда жылдам іске асады? эпителий

217.Препаратта жасушалары үш қабат түзіп орналасқан эпителий тіні берілген. Базалді қабаты базалді мембранаға бекінген, жасушалары дөңгелек пішінді. Аралық қабаты көпбұрышты жасушалардан түзілген. Үстіңгі қабаты бір-, екі- немесе үш ядросы бар ірі жасушалардан тұрады.

Препаратта эпителий тінінің қай түрі берілген? Көп қабатты ауыспалы эпителий

218.Тәжірибеде бірқабатты эпителийдің базалді мембранасының өткізгіштігі бұзылған. Берілген өзгерістің жасушалардың тіршілігіне әсері қандай. Қоректік заттар келмейді, регенерация бұзылады, жасуша өледі

219.Тәжірибеде тері эпителиінің бүтіндігі бұзылған. Тері эпителиінің қай қабаттарының жасушалары регенерацияны қамтамасыз етеді? Базальды және мүйізденген қабыршақтар қабаты

220.Радиация әсерінен тері эпителиінің базалды қабатының жасушалары зақымдалған. Эпителидің қандай қызметі бұзылуы мүмкін? регенерация

221.Электроннограмада плазмолеммасы бүтін секреторлы жасуша көрінеді. Апикальді полюсінде секреторлы түйіршіктер орналасқан.

Электроннограмада секреторлы жасушалардың қай түрі берілген. Мерокринді секреция жасушалары

222.Электроннограммада пішіні цилиндр тәрізді секреторлы жасуша берілген. Апикалді бөлігінде секреторлы түйіршіктер орналасқан. Бірнеше жасушалардың апикалді полюсі өзгеріске ұшырап, бұзылған.Электроннограмада секреторлы жасушалардың қай түрі берілген. Апокринді секреция жасушалары

223.Препаратта жасушаларының полярлық қасиеті бар, базалді мембранада орналасып, пласт түзетін тін берілген. Жасушаларының арасында жасушааралық заты және қан тамырлары жоқ. Берілген сипаттама қай тінге сәйкес келеді. Эпителий тіні

224.Зерттеуге гематоксилин-эозинмен боялған көп қабатты эпителий берілген. Қабаттарының бірі пішіні сопақша тәрізді, цитоплазмасында базофилді түйіршіктері бар жасушалардан түрады. Гистологиялық препаратта зерттелген эпителий қабатын анықтаңыз. түйіршікті қабат


225.Көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителийдің А әріпімен белгіленген құрылымы базальды мембранасы

226.Көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителийдің Б әріпімен белгіленген құрылымы базальды қабаты

227.Көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителийдің В әріпімен белгіленген құрылымы тікенекті қабаты

228.Көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителийдің Г әріпімен белгіленген құрылымы жалпақ жасушалар қабаты


229.Көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийдің А әріпімен белгіленген құрылымы базальді мембранасы

230.Көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийдің Б әріпімен белгіленген құрылымы базальды қабаты

231.Көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийдің В әріпімен белгіленген құрылымы тікенекті қабаты

232.Көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийдің Г әріпімен белгіленген құрылымы дәнді қабаты

233.Көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийдің Д әріпімен белгіленген құрылымы жылтыр қабаты

234.Көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийдің Е әріпімен белгіленген құрылымы Мүйізделген қабаты




235.А әріпімен белгіленген эпителийдің түрін анықтаңыз бір қабатты жалпақ

236.Б әріпімен белгіленген эпителийдің түрін анықтаңыз бір қабатты куб тәрізді

237.В әріпімен белгіленген эпителийдің түрін анықтаңыз бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі

238.Г әріпімен белгіленген эпителийдің түрін анықтаңыз:бір қабатты бағаналы


239. А әріпімен белгіленген бездің түрі тармақталған қарапайым түтікшелі без

240. Б әріпімен белгіленген бездің түрі тармақталмаған қарапайым альвеолярлы без

241. В әріпімен белгіленген бездің түрі түтікшелі тармақталған күрделі альвеолярлы без

ҚАН. ҚАН ТҮЗУ

242.Қан жасушаларын көк-бриллиантты крезилмен бояғанда тор тәрізді денешіктері көрінетін жасуша ретикулоциттер

243.Даму барысында ядросы мен органеллаларын жоғалтқан қан жасушалары эритроцит

244.Құрамында гемоглобині бар қан жасушалары эритроциттерде

245.Қан жасушасының қайсысы тыныс алу қызметін атқарады? эритроциттер

246.Эритроциттердің тіршілігі шамамен қанша уақытты құрайды 120 тәулік

247.Эритроциттердің екі бүйірі қысыңқысы қайсы дискоциттер

248.Қан жасушаларының қайсысында ядросы жоқ, әрі цитоплазмасында органеллаларының қалдықтары болады ретикулоциттерде

249.Қандағы лейкоциттердің пішіні дөңгелек

250.Цитоплазмасында көптеген лизосомалары болатын қан жасушаларын табыңыз нейтрофил

251.Мына қан жасушаларының қайсысының құрамында кристалл тәрізді ірі түйіршіктері болады эозинофилдерде

252.Антипаразиттік белсенділік көрсететін жасушалар эозинофилдерде

253.Цитоплазмасында ірі базофильді түйіршіктері бар қан жасушасы базофилдер

254.Ядросы бұршақ немесе шар тәрізді, цитоплазмасы әлсіз базофильді боялып, ядросын сақина түрінде қоршайтын қан жасушасы қайсы орташа лимфоциттер

255.Қан плазмоцитін түзетін мына жасуша B-лимфоцит

256.Тіндерге көшіп, макрофагтарға айналатын қан жасушасы қайсы моноцит

257.Цитоплазмасында грануломер мен гиаломер бөліктері бар қан жасушасы қайсы тромбоциттер

258.Мегакариоциттерден дамыған, пішінсіз, әрі ядросыз, топтасып орналасқан фрагменттерді табыңыз қан пластинкалары,тромбоцит

259.Мына жасушалардың қайсысы қан гранулоциттеріне жатады? Базофильді, эозинофильді, нейтрофильді

260.Қан агранулоциттеріне жататындар моноциттер, лимфоциттер

261.Цитоплазмасында ірі ацидофильді түйіршіктері бар қанның гранулоциттері эозинофилдер

262.Гистамин синтездеп, қан тамырларының өткізгіштігін реттеуге қатысатын жасуша базофилдер

263.Қан жасушаларының барлығы дамуына жасушалардың қайсысынан бастау алады бағаналы жасушадан

264.Тимуста түзілетіндері қайсы T-лимфоциттері

265.Қай кезеңде бауыр қан түзу қызметін атқарады ұрықтық

266.Эритропоэз кезеңінде эритроциттердің цитоплазмасында мыналардың қайсысы жүреді гемоглобиннің жинақталуы және оксифильді боялады

267.Сүйектің қызыл кемігінде түзілетіндер:тромбоциттер,эритроциттер,гранулоциттер, В лимфоциттер,моноциттер,Т-лимфоциттерінің ізашарлары

268.Сары уыз қапшығының қабырғасында және басқа да ұрықтан тыс мүшелерде дамитын жасушалар біріншілік эритроциттер, екіншілік эритроциттер, алғашқы гранулоциттер

269.Қанның бағаналы жасушалары түзілетін мүше қайсы сары уыз қабы

270.Жасушаларының цитоплазмасында тор түріндегі құрылымдар көрінетін эритропоэздің жасушалары ретикулоциттердің

271.Гранулоцитопоэзде мыналардың қайсысы жүреді арнайы түйіршіктер жиналады: нейтрофильдер, эозинофильдер, базофильдер

272.Сүйектің қызыл кемігінен бөлініп, венозды синустарға өтетін жасушалары мегакариоциттер

273.Адам қанындағы қан плазмасының мөлшері: 55-60%

274.Ересек адам эритроциттерінің құрамындағы фетальді гемоглобиннің мөлшері қанша:2%

275.Адам қанындағы эритроциттердің резус– факторы қанша пайыз болады:86%

276.Эритроциттердің диаметрі шамамен (мкм): 7,5

277.Нейтрофильді лейкоциттер қанда қанша уақыт шамасында болады: 8-12 сағат

278.Сегменттелген ядросы мен цитоплазмасында өте майда түйіршіктері болатын, қышқылдық та, негіздік те бояулармен боялып, қорғаныс қызметін атқаратын қан жасушасы:нейтрофильдер

279.Қабыну ошағы бар жерге нейтрофильдер жиналатыны белгілі. Ал қызметі қандай: микроорганизмдерді фагоцитоз әдісімен жояды, лизоцим синтездейді

280.Ядросы екі сегменттерден тұратын, цитоплазмасындағы арнайы түйіршіктері өте ашық қызыл түске боялатын қан жасушасы:эозинофильдер

281.Цитоплазмасында ірі ацидофильді түйіршіктері бар қан гранулоциттері:эозинофильдер

282.Гистаминаза ферменті қан жасушаларының қайсысында болады:эозинофильдерде

283.Қан моноциттерінің түрленуінен мыналардың қайсысы пайда болады: микроглия

284.Қан моноциттерінен мыналардың қайсысы дамиды: бауыр жұлдызша тәрізді макрофагтары Купфер жасушалары

285.Сау адамның лейкоцитарлық формуласындағы лимфоциттердің пайызы қанша:18-40%

286.Сау адамның лейкоцитарлық формуласындағы моноциттердің пайызы қанша:2-9%

287.Сау адамның лейкоцитарлық формуласындағы сегментті ядролы нейтрофилдердің пайызы қанша:45-70%

288.Эритропоэз кезеңінде эритроциттердің цитоплазмасында мыналардың қайсысы жүреді:гемоглобиннің жинақталуы

289.Гуморальді иммунитетінің эффекторлы жасушаларына жататыны: плазмоциттер

290.Жасушалық иммунитеттің эффекторлы жасушалары болып табылатыны:Т-лимфоциттер-киллерлер

291.Сүйектің қызыл кемігінде түзілетіндер: тромбоциттер,эритроциттер,гранулоциттер, В лимфоциттер,моноциттер,Т-лимфоциттерінің ізашарлары

292.Эмбриональді кезеңде интраваскулярлы қан түзу мына мүшелердің қайсысында жүреді:сары уыз қапшығында

293.Эмбриональді кезеңде көк бауырдағы қан түзу мерзімі:3 айда

294.Постэмбриональдік қан түзу кезеңінде айтарлықтай морфологиялық өзгерістерге ұшырап, тез дифференцияланатын қан жасушасы қайсы:пісіп жетілу сатысындағы жасушалар

295.Постэмбриональдік кезеңде тромбоцитопоэздің санының тұрақтылығы мыналардың қайсысының қатысуымен жүреді: микроқоршау мен тромбопоэтиндердің

296.Постэмбриональдік кезеңде эритропоэздің санының тұрақтылығы мыналардың қайсысының қатысуымен жүреді:микроқоршау мен эритроцитопоэтиндердің

297.Метамиелоциттер мыналардың қайсысына жатады:пісіп жетілу сатысындағы жасушаларға

298.Тимуста пісіп жетілетін қан жасушалары қайсы:Т-лимфоциттер

299.Романовский-Гимза әдісімен боялған қан жағындысының препаратын зерттей отырып, студент жиі кездесетін ядросы сегменттелген, цитоплазмасы әлсіз оксифильді боялған, құрамында ұсақ күлгін түсті түйіршіктері бар жасушаларды байқады.

Төменде берілген қан жасушасының қайсысына осы құрылыс ерекшелік тән Нейтрофильді гранулоциттер

300.Қан жағындысын зерттеу кезінде сопақша келген, екі бүйірі шығыңқы ядросыз, кішігірім топ құрып орналасатын, формалық элементтер анықталады. Шеткі аймағы ашық түсті, ортаңғы аймағы түйіршікті және кою түсті боялған. Осы сипаттамаға құрылыс ерекшелігі сай келетін жасушаны атаңыз тромбоциттер

301.Қан жағындысында ядросы эксцентрлі орналасқан пішіні бұршақ тәрізді, құрамында ұсақ түйіршікті хроматині және бір немесе бірнеше ядрошығы бар ірі жасуша берілген. Жасуша цитоплазмасы әлсіз базофильді боялған.

Берілген сипаттамаға төмендегі қан жасушаларының қайсысының құрылысы сәйкес келеді? моноциттер

302.Жүргізілген тәжірибенің нәтижесінде қан тамырының өткізгіштігінің жоғарылағандығы анықталды. Соның нәтижесінде тамырлардың айналасындағы тіннің ісінуі байқалып, қанның ұюы баяулаған. Осы өзгерістерге ұшыраған қан жасушасын табыңыз.тромбоцит

303.Қанның дақтарына сот медициналық сараптама жасағанда, оның әйел адамға тиесілі екендігі анықталды. Сараптама нәтижесі қандай белгілердің негізінде қорытындыланды? Қанның химиялық құрамын талдау,гемограмма

304.Сүйектің қызыл кемігінің пункциясын гистологиялық тексеру нәтижесінде науқаста мегакариоциттер санының айтарлықтай төмендегені анықталды. Осының нәтижесінде науқастың шеткі қанында формалық элементтердің қайсысының саны азайып кетуі мүмкін? тромбоциттер

305.Препаратта екі сегменттен тұратын ядросы, цитоплазмасында өте қою қызыл түске боялған ірі арнайы түйіршіктері бар қан жасушасы көрінеді.

Төменде келтірілген қай формалық элементтің құрылысы осы сипаттамаға КӨБІРЕК сәйкес келеді? Эозинофильді гранулоциттер

306.Лаборант сау адамның лейкограммасын санағанда цитоплазмасында ірі базофилді түйіршіктері бар қан жасушасын байқады. Төменде келтірілген лейкоциттердің қай түрінің құрылысы осы сипаттамаға КӨБІРЕК сәйкес келеді? Базофильды гранулоциттер

307.Қан жағындысында жасушаның көп бөлігін алып жатқан шар немесе аздап бұршақ тәрізді ядросы бар, цитоплазмасы әлсіз базофильді боялып, ядросын сақина түрінде қоршайтын қан жасушасы анықталды. Төменде келтірілген лейкоциттердің қай түрінің құрылысы осы сипаттамаға КӨБІРЕК сәйкес келеді қандай? Орташа лимфоциттер

308.Қан лейкоциттері тіндерге көшіп макрофагтарға айналатыны белгілі.

Төменде көрсетілген лейкоциттердің қай түріне осы қызмет КӨБІРЕК тән?
1   2   3   4   5


написать администратору сайта