Главная страница

Кариесология тест. кариесология ориг. Науас алаш емханаа келгенде тмендегі жаттар толтырылады


Скачать 84.19 Kb.
НазваниеНауас алаш емханаа келгенде тмендегі жаттар толтырылады
АнкорКариесология тест
Дата10.06.2022
Размер84.19 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлакариесология ориг.docx
ТипДокументы
#584530
страница1 из 7
  1   2   3   4   5   6   7


Науқас алғаш емханаға келгенде төмендегі құжаттар толтырылады:

{

= 043/е нысанды

039/ е нысанды

033/е нысанды

066/е нысанды

052/е нысанды

}
1%хлорамин ерітіндісінен 1 литр дайындау үшін:

{

= 10 гр хлорамин + 990 мл су керек

20 гр хлорамин +980 мл су керек

50 гр хлорамин +950 мл су керек

100 гр хлорамин + 900 мл су керек

1 гр хлорамин + 1 литр су керек

}
Ауыз қуысы және жақ-бет аймағының дерттерін үйрететін пән:

{

физиология

анатомия

= стоматология

патология

имунология

}
Ұлпаның негізгі қызметі- бұл:

{

пластикалық- дәнекер тіндер және орын басушы дентин тіндерін қайта түзу қасиетіне ие

= қоректік - себебі ұлпа арқылы тіс қатты тіндерінде зат алмасу үрдісі жүреді

қорғаныс - тітіркендіргіш агенттерге қарсы тұрады

қарсы тұру - ол инфекциямен күреседі

барлық жауабы дұрыс

}
Ұлпада мына қабаттар анықталған:

{

2 қабат

= 3 қабат

5 қабат

4 қабат

дұрыс жауабы жоқ

}
Адам денесіндегі ең тығыз тін:

{

сүйек

дентин

цемент

= кіреуке

периодонт

}
Тұрақты орталық күрек тістердің шығу және түбірлерінің қалыптасу мерзімі:

{

= 6-8 жаста шығады, 9- 10 жаста қалыптасады

8-9 жаста шығады, 10 жаста қалыптасады

9-10 жаста шығады, 12 жаста қалыптасады

6-8 жаста шығады, 15 жаста қалыптасады

дұрыс жауабы жоқ

}
Тістің негізгі бөлігін түзеді:

{

кіреуке

= дентин

цемент және кіреуке

цемент

сүйек ұлпасы

}
Тіс сауытын қаптап тұрады:

{

= кіреуке

дентин

цемент және кіреуке

цемент

сүйек ұлпасы

}
Ауыз қуысы сұйықтығының құрамына кіреді:

{

энтрокиназа

химотрипсин

трипсин

каталаза

= альфа-амилаза

}
Тісті қоршап тұратын ұлпалардың комплексі аталады:

{

= пародонт

перидонт

ұлпа

цемент

дентин

}
Тіс альвеоласында орналасып және цементпен қапталған тістің бөлігі төмендегіше аталады:

{

төбе

бас

мойын

тіс сауыты

= түбір

}
Ауыз қуысы кілегей қабықшасының қорғаныш қызметін қамтамасыз етеді:

{

эритроциттер

= лейкоциттер

тромбоциттер

гормондар

тіл бүртіктері

}
Асты майдалауға арналған тістер:

{

күрек тістер

ит тістер

= кіші азу тістер

үлкен азу тістер

барлық тістер

}
Асты ұнтақтауға арналған тістер:

{

күрек тістер

ит тістер

кіші азу тістер

= үлкен азу тістер

барлық тістер

}
Тұрақты тістер қатарында қалыпты жағдайда:

{

8 тіс болады

9 тіс болады

10 тіс болады

12 тіс болады

= 14-16 тіс болады

}
Қалыпты жағдайда, 2 ші тұрақты үлкен азу тістер:

{

5-6 жаста жарып шығады

6-8 жаста жарып шығады

8-9 жаста жарып шығады

= 12-13 жаста жарып шығады

12-26 жаста жарып шығады

}
Қалыпты жағдайда, бүйір тұрақты күрек тістер жарып шығады:

{

5 - 6 жаста

6 - 8 жаста

= 7-9 жаста

11-13 жаста

12-26 жаста

}
Қалыпты жағдайда, 2 ші тұрақты кіші азу тістер жарып шығады:

{

5-6 жаста

6-8 жаста

8-9 жаста

= 11-12 жаста

12-13 жаста

}
Сүт тістер жарып шығады:

{

= 6 айдан бастап

8 айдан бастап

10 айдан бастап

12 айдан бастап

14 айдан бастап

}
Екі жақтың да тұрақты бүйір күрек тістердің жалпы саны:

{

2

= 4

6

8

10

}
Бір жақтың тұрақты үлкен азу тістердің жалпы саны:

{

2-4

4-8

= 4-6

8-10

8-12

}
Жоғарғы жақтың бірінші премолярында:

{

бір түбір болады

= екі түбір болады

үш түбір болады

жиірек-үш түбір, сирек-екі түбір болады

жиірек-бір түбір, сирек-екі түбір болады

}
Жоғарғы жақтың екінші премолярында:

{

= бір түбір екі арна болады

екі түбір екі арна болады

үш түбір үш арна болады

үш арна екі түбір болады

бір түбір бір арна болады

}
Төменгі жақтың бірінші премолярында:

{

= бір түбір болады

екі түбір болады

үш түбір болады

жиірек-үш түбір, сирек-екі түбір болады

жиірек-екі түбір, сирек-бір түбір болады

}
Төменгі жақтын екінші премолярында болады:

{

= бір түбір

екі түбір

үш түбір

екі түбір, сирек үш түбір

үш түбір, сирек екі түбір

}
Төменгі жақтың бірінші молярында:

{

бір түбір екі арна болады

= екі түбір үш арна болады

үш түбір үш арна болады

жиірек-үш түбір, сирек-екі түбір болады

жиірек-екі түбір, сирек-бір түбір болады

}
Жоғарғы жақтың бірінші молярында:

{

бір түбір екі арна болады

екі түбір екі арна болады

= үш түбір үш арна болады

жиірек-екі түбір, сирек-үш түбір болады

жиірек-екі түбір, сирек-бір түбір болады

}
Маңдай, самай және жоғарғы жақ сүйектерін тұтастырып тұратын сүйек:

{

мұрын сүйегі

төменгі жақ сүйегі

= бет сүйегі

көз шарасы

барлық жауыбы дұрыс

}
Тілде кездесетін бүртіктердің түрлері:

{

саңырауқұлақ тәрізді

жіпше тәрізді

науа тәрізді

жапырақ тәрізді

= барлық жауабы дұрыс

}
Кіркеукенің толық минерализациялау процессі аяқталатын уақыт:

{

тіс шыққаннан кейін 1 жылдан соң

= тіс шыққаннан кейін 2 жылдан соң

тіс шыққаннан кейін 3 жылдан соң

ана құрсағында дамып жатқан кезде

жақтың ішінде даму кезінде

}
36 тіс түбірінің толық қалыптасуының аяқталатын мерзімі:

{

8 жас

9жас

= 10 жас

7 жас

6 жас

}
Уақытша екінші үлкен азу тіс түбірінің резорбциясы басталатын уақыт:

{

4,5 жаста

5,5 жаста

6,5 жаста

= 7,5 жаста

8,5 жаста

}
Кіреукенің химиялық кұрамы:

{

бейорганикалык қосылыстар 10 %

органикалық қосылыстар 60 %, бейорганикалық қосылыстар 40%

= органикалық қосылыстар 3-4 %, бейорганикалық қосылыстар 96-97 %

органикалық қосылыстар 26 %, бейорганикалық қосылыстар 74%

органикалық қосылыстар10-20%, бейорганикалық қосылыстар 80-90%

}
Кіреукені өндіретін жасушалар:

{

одонтобласттар

цементобласттар

фибробласттар

остеобласттар

= энамелобласттар

}
Дентин өндіретін жасушалар:

{

энамелобласттар

мезенхима жасушалары

фибробластар

= одонтобластар

цементобластар

}
Ауыз қуысына ашылатын ірі сілекей бездеріне жатады:

{

құлақ маңы, құлақ арты, тілдік

= тіл асты, құлақ маңы, жақ асты

жақ асты, ұрттық, таңдай

ұрттық, таңдай, тілдік

дұрыс жауабы жоқ

}
Уақытша тістесудегі тістер саны:

{

25

28

32

16

= 20

}
Уақытша бірінші азу тіс түбірінің толық қалыптасуы:

{

2 жаста аяқталады

3 жаста аяқталады

= 4 жаста аяқталады

6 жаста аяқталады

8 жаста аяқталады

}
Төменгі орталық күрек тістердің жаңа формуласы:

{

14,21

21,31

= 31,41

41,1 1

21,41

}
Тіс қуысы ішінде қалыпты жағдайда:

{

дентин болады

өлеттенген дентин болады

= тіс ұлпасы болады

дентиклдар болады

одонтобластар болады

}
31-41 тістердің шығу мерзімі:

{

3-4 жаста

8-10 жаста

= 6-7 жаста

5-6 жаста

14-17 жаста

}
Гаймор қуысының орналасқан жері:

{

төменгі жақ денесі

самай сүйегінде

= жоғарғы жақ денесінде

альвеолды өсіндіде

төменгі жақ бұтағында

}
Тістерді препараттауға арналған құрал саймандарға төмендегілер жатады:

{

= бор машина, ұштық, борлар

экскаватор, арна инесі, зонд

зонд, шпатель, пинцет

тегістегіш, файл, түбір инесі

барлығы дұрыс

}
Тіс жегі қуысын препараттауға арналған борлар:

{

жалын сияқты бор

= істік сияқты бор

фиссуралы бор

карборунд бор

барлығы дұрыс

}
Фиссуралы бордың қызметі:

{

бүтін тістерді трепанациялайды

жасырын қуыстарды ашады

арналарды кеңейтеді

= қуысты кеңейтіреді

барлық жауабы дұрыс

}
Пломбаны қуысқа ендіретін аспап:

{

зонд

= тегістегіш

нығыздағыш

матрица

пинцет

}


Эмаль трепанациясына қолданатын бор:

{

шар тәрізді

фиссурлы

= теріс конусты

цилиндр тәрізді

финир

}


Қуыс тереңдігін анықтауда:

{

айна қолданады

= зонд қолданады

шпатель қолданады

финир қолданады

пинцет қолданады

}
Тістің қатты ұлпаларының жұмсауын:

{

айнамен анықтайды

= бүйір зондпен анықтайды

шпательмен анықтайды

финирмен анықтайды

пицетпен анықтайды

}
Тіс қуысын анықтайтын құрал:

{

= тік зонд

айна

пинцет

шпатель

тегістегіш

}


Протравканың қызметі:

{

= дентин арналарын ашады

суық – ыстық өткізбейді

қуысты құрғатады

жансыздандырады

нервті өлеттендіреді

}
Пломбалық материалдарды қуысқа қоюдан алдын оны:

{

хлораминмен жуамыз

мақтамен құрғатамыз

= дәрі-дәрмектермен өңдейміз

жылтыратамыз

дұрыс жауап жоқ

}
Сулы дентин бұл:

{

тұрақты пломба

= аралық пломба

емдік пломба

уақытша пломба

барлық жауабы дұрыс

}
Аралық пломбаны қолданудан мақсат:

{

тісті ыстық -суықтан сақтау үшін

пломба жақсы жабысу үшін

= тұрақты пломбаны бөліп тұру үшін

дентин өндіру үшін

дұрыс жауабы жоқ

}


Тіс қуысын өңдеу үшін қолданатын ерітінді:

{

кальций хлор ерітіндісі

90 градусты спирт

= 3 % сутегі асқын тотығы

3 % хлорамин

барлық жауабы дұрыс

}


Уақытша пломбалық материалдар төмендегі қасиеттерге ие болуы тиіс:

{

= ұлпаға зиянсыз, жұмсақ, қуысты бір неше ай герметикалық жауып тұруы қажет

рентгенконтрас болып, сілекей әсеріне төзімді болуы шарт

механикалық және химиялық тұрғыдан төзімді, түсін өзгертпеуі қажет

тез қатуы, табиғи тістердің түсіне тура келуі қажет

барлық жауабы дұрыс

}
Уақытша жабуға арналған пломбаларға төмендегілер жатады:

{

унифас – цемент, жасанды дентин

белакор, силицин

= дентин сықпасы, темпопо

эвгедент, уницем

дұрыс жауабы жоқ

}
Цемент ұнтағының құрамындағы төмендегі зат оның жабысқақтығын қамтамасыз етеді:

{

= алюминий тотығы

ортофосфор қышқылы

кремний тотығы

мырыш тотығы

көмір сулары

}

Мырыш фосфатты цементтерді қару уақыты:

{

30 – 40 секунд

50 – 60 секунд

= 60 – 90 секунд

100 – 120 секунд

1 – 2 минут

}
Силикат цемент пломбаларын қолданғанда ұлпа төмендегі заттың әсерінен өлеттенеді:

{

= фосфор қышқылынан

фтор қосындыларынан

мышяк қышқылынан

эвгенолдан

натрий оксидінен

}
Композициялық пломбалық материалдардың астына оқшаулау үшін төмендегі пломбаны қойып болмайды:

{

фосфат цементті

= цинк оксиэвгенол цементті

бактерицитті цементті

стеклоиномерлі цементті

висцин цементті

}
Емдік таңбалар төмендегі қасиетке ие болуы қажет:

{

қуыс қабырғасына жақсы жабысуы керек

= бактерияға қарсы тұруы, жасуша өндіруі

жұмсақ және механикалық төзімді

тез қатып, отырмауы керек

барлық жауабы дұрыс

}

Медицина ғылымында адам денесіндегі дерттерді айыра білу саласын атаймыз:

{

= диагностика

биопсия

рентгенограмма

гистологиялық зерттеу

анализ жасау

}
Тіндердің қабаты бойынша жасалатын рентгенография:

{

биопсия

= томография

рентгенография

радиовизиография

пункциялық биопсия

}
Кесіп алынған тірі тінді тексеру тәсілі:

{

рентгенография

томография

пункция

термометрия

= биопсия

}
Торакорлармен бірнеше миллиметр қалындықтағы тіндерді алып тексереді:

{

томографияда

рентгенографияда

бактериологиялық тексеруде

= пункциялық биопсияда

стоматоскопия

}

Жіңішке иненің көмегімен аз ғана мөлшерде материал алып тексереді:

{

арнайы тексеруде

томографияда

=спирациялық биопсияда

радиовизиографияда

рентгенограммада

}
Cтоматологиялық емдеу тәжірибесіндегі негізгі клиникалық тексеру әдістерін атаңыз:

{

функциялық сынамалар, томография, рентгенография

пальпация, перкуссия, люминиценттік сынама

= сұрау, қарау, сипап көру, қағып тексеру

Шиллер – Писарев сынамасы, Кулаженко сынамасы

рентген және термодиагностикалық тексеру

}
Бет әлпетіне қарап байқағанда төмендегілерге көңіл аударады:

{

тістердің тістесуіне

тістесу және лимфа түйіндер жағдайына

лимфа түйіндер жағдайына

= тері жамылғысының жағдайына

ауыз ашылу дәрежесіне

}
Стоматологиялық науқасты тексерудің төмендегідей әдістері бар:

{

1 әдісі бар

3 әдісі бар

= 2 әдісі бар

4 әдісі бар

5 әдісі бар

}
Науқастан сұрай бастағанда бірінші болып сұраймыз:

{

ауру тарихын

= шағымын

өмір тарихын

аллергиялық тарихын

мамандығын

}
Дәрігер науқастан жауап алу кезінде төмендегі ережелерді сақтау керек:

{

ауыз қуысының гигиенасын

дәрігерлік борышын

тіс тазалау ережелерін

тазалық ережелерін

= этика – деонтология ережелерін

}
Науқасты сырттай қарап тексеруде мынадан басқасына көңіл бөлеміз:

{

сыртқы көрінісіне

бетте ісіктік бар жоқтығына

= тістердің бар жоқтығына

ассиметрия бар жоқтығына

тыртықтың бар жоқтығына

}
Зонд арқылы шұқып көреміз:

{

тістің шайнау беттерін

= барлық қарайған дақтарды

азу тістердің ұрт беткейін

алдыңғы тістердің кіреберіс беткейін

барлық жауабы дұрыс

}
Қарап тексеру жүргізіледі:

{

айна және экскаватормен

пинцет және зондпен

экскаватор және зондпен

жай көзбен және көзілдірікпен

= айна және зондпен

}
Сұрау кезінде дәрігер мынадан басқасын анықтау керек:

{

науқастын ауру тарихын

науқастың шағымын

дәрілерге аллергиясын

= ауыз ашылу дәрежесін

мамандығы бойынша тарихын

}
Қағып қарау арқылы анықтаймыз:

{

= периодонт жағдайын

тістердің тістесуін

табиғи ойықтарды

тістің қара дақтарын

тістің қозғалмалылығын

}


Сипап қараудың мынадай түрлері бар :

{

беткей

терең

іштей

сырттай

= барлық жауабы дұрыс

}
Туберкулез ауруын анықтау үшін қойылатын сынама:

{

Вассерман сынамасы

Писарев сынамасы

= Манту сынамасы

Шиллер сынамасы

Кулаженко сынамасы

}
Мерез ауруын анықтау үшін қойылатын сынама:

{

= Вассерман сынамасы

Писарев сынамасы

Кулаженко сынамасы

Шиллер сынамасы

Манту сынамасы

}
Тіндерді сипау арқылы анықтаймыз:

{

былқылдақтығын

ауратынын

қозғалмалылығын

консистенциясын

= барлық жауабы дұрыс

}
Тістердің қозғалмалылығының бірінші дәрежесі:

{

= шамалы бір жаққа қозғалады

екі жағына да қозғалады

горизонталды не вертикалды жазықтықта қозғалады

тістер бірінші дәрежесінде қозғалмайды

дұрыс жауабы жоқ

}
Тістердің қозғалмалылығының екінші дәрежесі:

{

шамалы бір жаққа қозғалады

= екі жағына да қозғалады

вертикалды жазықтықта қозғалады

тістер екінші дәрежесінде қозғалмайды

горизонталды жазықтықта қозғалады

}
Тістердің қозғалмалылығының үшінші дәрежесі:

{

тістер үшінші дәрежесінде қозғалмайды

екі жағынада қозғалады

= горизонталды не вертикалды жазықтықта қозғалады

сагиталды қозғалады

шамалы бір жаққа қозғалады

}
Тексерудің қосымша әдістеріне жатпайды:

{

= қарап тексеру

рентгенография

термометрия

томография

биопсия

}
Термометрияда анықтаймыз:

{

тіс жегі қуысын

қатты тіндерінің жағдайын

= ұлпа жағдайын

қара дақтарды

тістемді анықтаймыз

}
Ұлпаның жағдайын төмендегі тексеру әдісімен анықтайды:

{

ортопантомографияда

термометрияда

аспирациялық биопсияда

рентгенографияда

= электроодонтонақтамада

}
Сау тіс ұлпасы мына ток күшіне жауап береді:

{

= 2 – 6 мкА

8 – 10 мкА

15 – 20 мкА

30 – 90 мкА

100 мкА

}


Рентгенография арқылы анықтамаймыз:

{

сүйек тіндердің жағдайын

жасырын тіс жегі қуысын

ретенцияға ұшыраған тістерді

периодонт жағдайын

= барлығы дұрыс

}
Жоғарғы және төменгі жақтың үлкейтірілген суретін бір пленкада көруге болады:

{

биопсияда

= ортопантомографияда

сиалографияда

стоматоскопияда

гастроскопияда

}
Бөгде заттардың сілекей безінде орналасуын не жарақаттарды анықтауда қолданылады:

{

радиовизография

ортопантомография

сиалография

стоматоскопия

= рентгеноскопия

}
Бейнетаспа арқылы ауыз қуысының жағдайын мониторда көрсетеді:

{

= радиовизографияда

ортопантомографияда

сиалографияда

люминиценттік тексеруде

рентгеноскопияда

}
Тіндерді үлкейтіп көрсететін тексеру әдісі:

{

радиовизография

ортопантомография

сиалография

= стоматоскопия

рентгеноскопия

}
Сілекей бездеріндегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін қолданылатын контрасты рентгенография тәсілі:

{

радиовизография

ортопантомография

= сиалография

стомаскопия

рентгеноскопия

}
Морфологиялық тексерулер қолданылады :

{

= жарақаттың жасушалық құрамын, эксудат, лимфа түйіндері не белгілі бір аймақтың тіндерін тексеруде

конгломераттар мен жасуша элементтерін түзілісін тексеруде

бұл әдіспен нақтаманы анықтауда және патологиялық үрдістің мінезін анықтауда

микроорганизмнің түрлерін, олардың антибиотиктерге сезушеңдігін анықтауда

мерез ауруын анықтауда

}
Гистологиялық тексерулер қолданылады:

{

жарақаттың жасушалық құрамын, эксудат, лимфа түйіндері не белгілі бір аймақтың тіндерін тексеруде

конгломераттар мен жасуша элементтерін түзілісін тексеруде

= бұл әдіспен нақтаманы анықтауда және патологиялық үрдістің мінезін анықтауда

микроорганизмнің түрлерін, олардың антибиотиктерге сезушеңдігін анықтауда

барлық жауабы дұрыс

}
Цитологиялық тексеру әдістерін қолданады:

{

жарақаттың жасушалық құрамын, эксудат, лимфа түйіндері не белгілі бір аймақтың тіндерін тексеруде

= конгломераттар мен жасуша элементтерін түзілісін тексеруде

бұл әдіспен нақтаманы анықтауда және патологиялық үрдістің мінезін анықтауда

микроорганизмнің түрлерін, олардың антибиотиктерге сезушеңдігін анықтауда

дұрыс жауабы жоқ

}
Бактериологиялық тексерулерді қолданады:

{

жарақаттың жасушалық құрамын, эксудат, лимфа түйіндері не белгілі бір аймақтың тіндерін тексеруде

конгломераттар мен жасуша элементтерін түзілісін тексеруде

бұл әдіспен патологиялық үрдістің мінезін анықтауда

= микроорганизмнің түрлерін, олардың антибиотиктерге сезушеңдігін анықтауда

актиномикозды анықтауда

}
Ауыз қуысы ауруларының алдын алуда ең маңызды шара болып саналады:

{

патологиялық ошақты жою

= ауыз қуысының гигиенасын сақтау

себепші тісті жұлу

шырышты қабық ауруларын алдын алу

пародонт ауруларын емдеу

}
Үлкендерге арналған мәсуектің жұмысшы басының ұзындығы:

{

15 – 20мм

20 – 25мм

25 – 42мм

= 23 – 30мм

35 – 40мм

}
Үлкендерге арналған мәсуектің ені:

{

= 7,5 – 11мм

3,5 – 5мм

5 – 8мм

11 – 13мм

дұрыс жауабы жоқ

}
Мәсуектерде талшықтардың орналасу қатарына қарай:

{

төрт қатарлы болады

үш қатарлы болады

көп шоғырлы болады

аз шоғырлы болады

= барлық жауабы дұрыс

}
Қосымша тазалау шараларын жасайтын тіс мәсуектері қолданылмайды:

{

пародонтозда

пародонтитте

тістем аномалияларында

ортопедиялық констукция болғанда

= ауыз қуысына күтім жасауда

}
Сына тәрізді ақау болғанда қолданылатын тіс мәсуегі:

{

= өте жұмсақ тіс мәсуегі

V – тәрізді алаңы бар тіс мәсуегі

өте қатты тіс мәсуегі

тазалау алаңы екіге бөлінген тіс мәсуегі

оңға не солға бұрылыс жасайтын тіс мәсуегі

}
Протездерді тазалауда қолданылатын тіс мәсуегі:

{

V – тәрізді алаңы бар тіс мәсуегі

оңға не солға бұрылыс жасайтын тіс мәсуегі

тазалау алаңы екіге бөлінген тіс мәсуегі

= өте қатты тіс мәсуегі

өте жұмсақ тіс мәсуегі

}
Электр мәсуегі секундына төмендегідей тербеліс жасайды:

{

= 45 – 48 тербеліс

15 – 20 тербеліс

30 – 40 тербеліс

25 – 35 тербеліс

50 – 55 тербеліс

}
Тіс сықпаларына қойылатын талаптарға жатпайды:

{

сықпалар құрамында фтор болуы қажет

= тіс аралығындағы тамақ қалдығынан тазалау керек

сықпалардаң жақсы тазалайтын қасиеті болуы қажет

сықпалар жақсы көбіктену қажет

сықпалар ауыз қуысының иісін жаңалату қажет

}


Қабынуға қарсы тіс сықпаларына төмендегілер жатады:

{

= «Пародонтал», «Лесной бальзам»

«Семейная», «Vitadent fresh»

«Апельсиновая», «Omnodent new»

«Дентикс», «Свежее дыхание»

«Юбилейная», «Pomorit Active»

}
Тұз қоспалары бар тіс сықпаларына жатады:

{

«Апельсиновая», «Omnodent new»

«Семейная», «Vitadent fresh»

«Дентикс», «Свежее дыхание»

«Пародонтал», «Лесной бальзам»

= «Юбилейная», «Pomorit Active»

}
Жоғары тазалағыш қасиеті бар тіс сықпаларына жатады:

{

«Пародонтал», «Лесной бальзам»

«Апельсиновая», «Omnodent new»

«Дентикс», «Свежее дыхание»

= «Чародейка», «Бело розовая»

«Юбилейная», «Pomorit Active»

}
Жоғары тазалағыш қасиеті бар тіс сықпалары қоладанылады:

{

пародонт ауруларын емдеуде

= АҚШҚ ауруларын емдеуде

тіс жегінің алдын алуда

тіс кірлерін тазалауда

дұрыс жауабы жоқ

}
Тұз қоспалары бар тіс сықпалары қолданылмайды:

{

тіс кірлерін ерітуде

қабынуға қарсы әсер етуде

= пародонт ауруларын емдеуде

қызыл иектің қанағыштығын азайтуда

ауыз қуысының иісін жоғалтуда

}
Құрамында натрий фтор, қорғасынды фтор, фторлы цирконий бар тіс сықпаларын:

{

= тіс жегіге қарсы қолданады

тісті ағартуда қолданады

кешенді әсер етуде қолданады

пародонт ауруларын емдеуде қолданады

АҚШҚ ауруларында қолданады

}
Құрамында көптеген қырғыш заттар болып, қолдану уақытын дәрігер – стоматолог анықтайтын сықпалар:

{

кешенді әсер ететін тіс сықпалары

тұз қоспалары бар тіс сықпалары

тіс жегіге қарсы тіс сықпалары

= тісті ағартатын тіс сықпалары

жоғары қасиеті бар тіс сықпалары

}
Кешенді әсер ететін тіс сықпаларына төмендегілер жатады:

{

= «Полиминерол», «Blendax»

«Чародейка», «Бело розовая»

«Дентикс», «Свежее дыхание»

«Апельсиновая», «Omnodent new»

«Пародонтал», «Лесной бальзам»

}
Тістерді түйістірместен, мәсуекті 45 градус астында орналастырып жуатын әдіс:

{

Рейт әдісі

Фонес әдісі

Басс әдісі

= стандартты әдіс

Леонард әдісі

}
Мәсуекті тіс беткейіне перпендикуляр орналастырып тіс мойнынан төмен қарай кимылдар жасалатын әдіс:

{

Стандартты әдісі

= Леонард әдісі

Рейт әдісі

Фонес әдісі

Басс әдісі

}
Ауыз қуысын тазалайтын қосымша жабдықтар:

{

тіс жіптері

тіс таспалары

флоссеттер

тіс шұқығыштар

= барлық жауабы дұрыс

}
Чартер әдісінде мәсуекті:

{

тістері түйістірместен, мәсуекті 45 градус астында орналастырады

мәсуекті тіс беткейіне перпендикуляр орналастырады

= қызыл иек шетіне мәсуекті 45 градус астында орналастырады

мәсуекті тіс өсіне 45 градус бұрыш астында орналастырады

дұрыс жауабы жоқ

}
Мәсуекті шайнау бетіне перпендикуляр орналастырып онымен басып – айналдыру қимылдарын жасайтын әдіс:

{

Басс әдісі

= Смит – Белла әдісі

Стилман әдісі

стандартты әдісі

Леонард әдісі

}
Тіс аралық мәсуектер (ёршиктер) қолданылады:

{

тіс арасындағы тастарды тазалауда

тіс арасындағы тұрып қалған тамақтарды тазалауда

қызыл иекті уқалауда

= тіс арасындағы жұмсақ кірлерді тазалауда

дұрыс жауабы жоқ

}
Флоссета бұл:

{

тіс жібімен бірге тіс шұқығышта орналасады

резиналы немесе пласмассалы құрылғы

= тіс жіптерін тартып қоятын құрылғы

тіс тазалайтын мәсуек

дұрыс жауабы жоқ

}
Бұл әдіспен үлкен азу тістердің мойындарын жақсы тазалауға болады:

{

= Басс әдісі

Чартер әдісі

стандартты әдіс

Смит – Белла әдісі

Фонес әдісі

}
Рейт әдісінде мәсуекті:

{

қызыл иек шетіне мәсуекті 45 градус астында орналастырады

мәсуекті тіс өсіне 45 градус бұрыш астында орналастырады

мәсуекті тіс беткейіне перпендикуляр орналастырады

= мәсуекті тіс өсіне паралель, соңында 90 градус бұрыш астында орналасады

тістері түйістірместен, мәсуекті 45 градус астында орналастырады

}


Стильман әдісінде:

{

тістері түйістірместен, мәсуекті 45 градус астында орналастырып тазалайды

мәсуекті тіс беткейіне перпендикуляр орналастырып тазалайды

қызыл иек шетіне мәсуекті 45 градус астында орналастырып тазалайды

= мәсуекті тіс өсіне 45 градус бұрыш астында орналастырып тазалайды

мәсуекті тіс өсіне паралель соңында 90 градус бұрыш астында орналастырып тазалайды

}
Тістер тістесуі кезінде мәсуекті тіс беткейлеріне перпендикуляр орналастырып, айнала тазаланатын әдіс:

{

Стильман әдісі

Басс әдісі

Рейт әдісі

= Фонес әдісі

стандартты әдіс

}
Ауыз қуысының дәрігерлік гигиенасы бұл:

{

тістерді мәсуек және сықпамен тазалау

тістерді флосстармен тазалау

= тістерді ультрастоммен тазалау

тістерді тіс шұқығыштармен тазалау

тістерді элексирлермен тазалау

}
Ауыз қуысының дәрігерлік гигиена құралдарына жатады:

{

мәсуек, сықпа

= стоматологиялық ілгектер

тіс шұқығыштар, флосстар

зонд, тегістегіш

айна, пинцет

}
Дәрігерлік гигиенада төмендегі іс -шаралар жүргізіледі:

{

гигиеналық индексін анықтау

тістердің жұмсақ кірлерін алады

тіс тастарын алады

кюретаж жасайды

= барлық жауабы дұрыс

}
Дәрігіерлік гигиена құралдарына жатады:

{

экскаватор

тегістегіш

ілгектер

ультрастом аппараты

= барлық жауабы дұрыс

}
Жұқа жүре пайда болған органикалық қабық:

{

= пелликула

тіс кірлері

қатты тіс қақтары

тіс шөгінділері

дұрыс жауабы жоқ

}
Тіс қақтарының пайда болу себебі:

{

= ауыз қуысын дұрыс күте алмағанда

асқазан ішек жолдары ауруларында

эндокрин жүйесі ауруларында

нерв жүйесі ауруларында

барлық жауабы дұрыс

}
Тіс қақтарының құрамы:

{

адсорбцияға ұшраған микроорганизмдер

эпителиалды жасушалар

лейкоциттер

макрофактар

= барлық жауабы дұрыс

}
Химиялық жолмен тіс қақтарын алуда қолданылатын препараттар:

{

= «Полидент» сықпасы

«Пародонтал» сықпасы

«Дентикс» сықпасы

«Pomorit Active» сықпасы

«Лесная» сықпасы

}
«Депурал нео»ның құрамына кіретін заттар:

{

карбоксиметилцеллюлоза

мефелин

калций гидрогексофосфат

глицерин

= барлық жауабы дұрыс

}
Күрек тістер жейілуі кездеседі:

{

терең тістесуде

= тура тістесуде

прогениялық тістесуде

прогнатиялық тістесуде

дұрыс жауабы жоқ

}
Гетчинсон және Фурнье тістері төмендегі ауруларда кездеседі:

{

тума туберкулезде

тума актиномикозда

тума гонореяда

тума АҚТБда

= тума мерезде

}
Бірінші үлкен азу тістердің мойны жуан болып, төмпешіктері жетілмеген, конус тәрізді тіске айтылады:

{

Гетчинсон тістері

тетрациклин тістері

= Пфлюгер тістері

Фурнье тістері

конус тәрізді тістер

}
Бұрағыш тәрізді, бірақ кесу беткейі тегіс болған тістер:

{

= Фурнье тістері

Гетчинсон тістері

конус тәрізді тістер

тетрациклин тістері

Пфлюгер тістері

}
Бір уақытта шыққан, сарғыш тістерге айтылады:

{

сары тістер

Гетчинсон тістері

Фурнье тістері

= тетрациклин тістері

дұрыс жауабы жоқ

}
Тіс жегі емес ауруларының түрлері:

{

жедел, жайылған, созылмалы

= туа біткен, жүре пайда болған

ошақты, гипертрофиялы

флюороз, гипоплазия

сына тәрізді ақау, кіреуке гипоплазиясы

}
Туа біткен тіс жегі емес ауруларға төмендегілер жатады:

{

гиперестезия, қатты тіндердің өлеттенуі

гипоплазия, сына тәрізді ақау

= флюороз, гипоплазия, жетілмеген амелогенез

жетілмеген дентиногенез, патологиялық жейілу

Стейнтон – Капдепон дисплазиясы, тістердің жарақаттануы

}
Жүре пайда болған тіс жегі емес ауруларға төмендегілер жатады:

{

= гиперестезия, сына тәрізді ақау, патологиялық жейілу

патологиялық жейілу, жетілмеген амелогенез

тістің қатты тіндерінің өлеттенуі, жетілмеген дентиногенез

мәрмәр ауруы, Фрунье тістері

Гетчинсон тістері, Пфлюгер тістері

}
Жетілмеген дентиногенезде кездесетін тістердің түрлері:

{

Пфлюгер тістері, Володкина тістері, некрозды тістер

Гетчинсон тістері, Федоров тістері, эрозиялы тістер

Фрунье тістері, Писарев тістері, тетрациклин тістері

Писарев тістері, Федоров тістері, тетрациклин тістері

= Гетчинсон тістері, Пфлюгер тістері, Фрунье тістері

}
Бұрағыш тәрізді және бөшке тәрізді, кесу беткейі жарты ай тәрізді болған орталық күрек тістеріне:

{

тетрациклин тістері дейміз

Пфлюгер тістері дейміз

Фрунье тістері дейміз

= Гетчинсон тістері дейміз

Писарев тістері дейміз

}
Гипоплазиямен ауырған науқастың шағымы:

{

тіс термиялық тітіркендіргіштерден ауырады

тістердің қамасу сезімі болады

= эстетикалық ақауға

механикалық тітіркендіргіштерден тіс ауырады

тістескенде тіс ауырады

}
«Тетрациклин тістері» тетрациклин препараттарын мына жаста қабылдағаннан келіп шығады:

{

= 12 жасқа дейін

үлкен жаста

жас өспірм кезінде

әр түрлі жаста

60 жаста

}
Флюорозда зақымданады:

{

бауыр мен сүт тістер

тұрақты тістер мен сүйек скелеті

тұрақты тістер мен тырнақтар

бүйрек, тұрақты және сүт тістер

= дұрыс жауабы жоқ

}
Флюороз су құрамындағы фтордың мөлшері мынадай болғанда келіп шығады:

{

0,7 мг/л

0,8 мг/л

1 мг/л

= 2 мг/л

0,5 мг/л

}
Флорозда тістердің мына бөлігінде зақымдану анықталады:

{

кіші және үлкен азу тістердің шайнау беткейінде

= күрек және ит тістердің кіре беріс беткейінде

кіші және үлкен азу тістердің кіре беріс беткейінде

үлкен азу тістердің шайнау және таңдай беткейінде

кіші азу тістредің кіре беріс беткейінде

}
Сына тәрізді ақаудың беткейлері:

{

ақшыл түсті, бұдыр болады

жұмсақ, қара болады

= тегіс, қатты болады

жұмсақ, жылтыр болады

бұдыр, жылтыр болады

}
Қышқылды некрозда (өлеттену) науқас төмендегілерге шағымданады:

{

тістерде ақ дақтардың пайда болғанына

барлық тістреде сыздап ауыру пайда болғанына

= тістерде қамасу сезіміне

суықтан ұзақ уақыт ауыратынына

барлық жауабы дұрыс

}
Сына тәрізді ақау мен тіс жегі ауруларына тән жалпы белгі:

{

= тереңдігі

формасы

тығыздығы

түсі

жұмсақ – қаттылығы

}
Тістердің қышқылды некрозын алдын алу шаралары:

{

тістерді өз уақытында емдеу, кальцилі сықпалармен жуу

тістерді фторлакпен жабу, пломбалау

= ауыз қуысын ас сода ерітіндісімен шаю, респираторда жұмыс істеу

кальций және фтор препараттарын қабылдау

дұрыс жауабы жоқ

}
Туа біткен тіс жегі емес ауруларға төмендегілер жатады:

{

тіс жегі, гипоплазия

= флюороз, гипоплазия

пульпит, некроз

периодонтит, сына тәрізді ақау

барлық жауабы дұрыс

}
Егер азу тістер болмаса күрек және ит тістердің жейілу себебі:

{

= ауырлық түсу нәтижесінде

тістері болмағандықтан

антогонистері болмағандықтан

прогнатиялық тістем болғандықтан

прогениялық тістем болғандықтан

}
Тістердің патологиялық жейілуінің 1 – дәрежесі:

{

төмпешіктер мен кесуші беткейлерінің дентиннің ашылып жейілуі

= кесуші беткеймен төмпешіктердің кіреукесінің жейілуі

дентин мен кіреукенің тіс қуысына дейін жейілуі

тіс сауытының түгелімен жейілуі

дұрыс жауабы жоқ

}
Тістердің патологиялық жейілуінің 2 – дәрежесі:

{

тіс сауытының түгелімен жейілуі

дентин мен кіреукенің тіс қуысына дейін жейілуі

кесуші беткеймен төмпешіктердің кіреукесінің жейілуі

= төмпешіктер мен кесуші беткейлерінің дентиннің ашылып жейілуі

дұрыс жауабы жоқ

}
Тістердің патологиялық жейілуінің 3 – дәрежесі:

{

= дентин мен кіреукенің тіс қуысына дейін жейілуі

тіс сауытының түгелімен жейілуі

кесуші беткеймен төмпешіктердің кіреукесінің жейілуі

төмпешіктер мен кесуші беткейлерінің дентиннің ашылып жейілуі

дұрыс жауабы жоқ

}
Тістер жазықтықта жейілуіне қарай болады:

{

диагоналды, горизонталды, аралас

вертикалды, диагоналды, аралас

= горизонталды, вертикалды, аралас

шектелген, жайылған, аралас

сагиталды, аралас

}
Тістің қатты тіндерінің өлеттенуі:

{

флюороз

= некроз

сына тәрізді ақау

гипоплазия

аплазия

}
Патологиялық жейілу орналасуына қарай:

{

диагоналды, вертиклды

горизонталды, вертикалды

вертикалды, диагоналды

= шектелген, жайылған

шектелмеген, жайылған

}
Тістің қатты тіндерінің ойықтары бұл:

{

= эрозия

некроз

флюороз

сына тәрізді ақау

қышқылды өлеттену

}
Тіс тіндерінің түрлі тітіркендіргіштерге сезімталдығы:

{

эрозия

гипостазия

= гиперестезия

некроз

флюороз

}
Тіс жегі емес аурулар:

{

= 2 топқа бөлінеді

3 топқа бөлінеді

4 топқа бөлінеді

5 топқа бөлінеді

бөлінбейді

}
Кіреукенің тамшыға ұқсап артықша пайда болуы:

{

патологиялық үрдіс

жетілмеген амелогенез

гипоплазия

= гиперплазия

аплазия

}
Тістердің жетілуі мен минерализациясының бұзылуынан келіп шығады:

{

= жетілмеген амелогенез

гиперплазия

Фрунье тістері

жетілмеген остеогенез

Пфлюгер тістері

}
Тістердің және тіс тіндерінің шала жейілуінен келіп шығады:

{

жетілмеген амелогенез

Фрунье тістері

гиперплазия

жетілмеген остеогенез

= гипоплазия

}
Жетілмеген остеогенездің түрлері:

{

Фрунье тістері, Пфлюгер тістері

= Фролик ауруы, Лобштейн ауруы

гиперплазия, гипоплазия

жедел, жайылған эрозия

флюороз, гипоплазия

}
Жетілмеген амелогенез белгілері:

{

сүт тістердің түзілісі жүйелі өзгереді

тұрақты тістердің түзілісі жүйелі өзгереді

тістерде тіндер жартылай не толық болмайды

тіс сауыты сарғыш тартып, тез жейіледі

= барлық жауабы дұрыс

}
Жетілмеген остеогенездің пайда болуы:

{

= тіс тіндерінде коллагендердің жетіспеушілігінен пайда болады

тістердің және тіс тіндерінің шала жетілуінен пайда болады

тістердің жетілуі мен минерализциясының бұзылуынан пайда болады

дентин жетілмеген кезде тістердің қозғалмалы болып қалуынан пайда болады

барлық жауабы дұрыс

}
Симметриялы орналасқан тістреде түрлі мөлшердегі дақтар пайда болады:

{

Гетчинсон тестерінде

жетілмеген остеогенезде

гипоплазияда

жетілмеген амелогенезде

= жүйелі гипоплазияда

}
Пародонт ауруының белгісі болып, орта жастағы және жасы үлкен науқастарда күзетіледі:

{

= сына тәрізді ақау

Фрунье тістері

гипоплазия

жетілмеген амелогенез

гиперплазия

}
Тістің қатты тіндерінің ойықтары пайда болу уақыты:

{

1 – 2 жыл

3 – 4 жыл

6 – 7 жыл

8 – 9 жыл

= 10 – 15 жыл

}
Гиперестезияның дәрежелері:

{

1 дәрежесі бар

2 дәрежесі бар

= 3 дәрежесі бар

4 дәрежесі бар

5 дәрежесі бар

}
Герметизация бұл-

{

тіске фторлак жағу

тіс жегі қуысының тереңдігін анықтау

тіс тіндеріне минералдарды ендіру

= табиғий тіс ойықтарын пломбамен бітеу

пломбалық материалдар сілекейден өтіп, дифузияға ұшырауы

}
Тіс жегі қуысын препараттауға арналған борлар:

{

жалын сияқты бор

істік сияқты бор

= фиссуралы бор

карборунд бор

барлығы дұрыс

}
Тіс жегінің жоғарғы таралу қарқындылығына әкеліп соқтыратын факторлар:

{

босанған кездегі қиындықтар

анасының жедел және созылмалы аурулары

= су құрамындағы фтор мөлшері

ерте жасанды тамақтандыру

жаман әдеттер

}
Тіс жегінің келіп шығуында әсер етуші факторлардың ең қауіптісі:

{

= ағзада минерал алмасынуының бұзылуы

ағзада ақуыз алмасынуының бұзылуы

көмірсутектер алмасынуының бұзылуы

тамақты жарытып жемегенде

ауыз қуысындағы микроорганизмдер

}
Тіс жегінің дамуына әсер ететін факторлар:

{

тіс кірлері

организмнің жалпы аурулары

тамақ құрамындағы көмірсулар

фтордың ауыз суында жетіспеушілігі

= барлық жауабы дұрыс

}
Блэк бойынша тіс жегі қуыстары мына сыныпқа бөлінеді:

{

1

2

3

4

= 5

}
Блэк бойынша бірінші сыныпқа төмендегі қуыстар жатады:

{

= тіс мойнындағы қуыстар

кіші және үлкен азу тістердің табиғи фиссураларында орналасқан қуыстар

күрек тістердің түйіскен беткейлеріндегі қуыстар

күрек тістердің бұрышындағы қуыстар

түйіскен беткейдегі қуыстар

}
Блэк бойынша екінші сыныпқа төмендегі қуыстар жатады:

{

тіс мойындағы қуыстар

= кіші және үлкен азу тістердің түйіскен беткейлерінде орналасқан қуыстар

күрек тістердің түйіскен беткейлеріндегі қуыстар

күрек тістердің бұрышындағы қуыстар

дұрыс жауабы жоқ

}
Блэк бойынша үшінші сыныпқа төмендегі қуыстар жатады:

{

күрек тістердің түйіскен беткейлеріндегі қуыстар

тіс мойынындағы қуыстар

= алдыңғы тістердің түйіскен беткейлеріндегі қуыстар

үлкен азу тістердің фиссураларындағы қуыстар

дұрыс жауабы жоқ

}
Блэк бойынша төртінші сыныпқа төмендегі қуыстар жатады:

{

= алдынғы тістердің түйіскен беткейі мен бұрыштарындағы қуыстар

кіші азу тістердегі қуыстар

үлкен азу тістердегі қуыстар

тіс мойнындағы қуыстар

ақыл тістегі қуыстар

}
Орта тіс жегіде тіс ұлпасы мына ток күшіне сезімталдығын білдіреді:

{

8 мкА

10 -12 мкА

= 2 - 6 мкА

10 - 20 мкА

білдірмейді

}
Орта тіс жегіде ауру тітіркендіргіштердің әсерін тоқтатқанда:

{

үдейді

20 мин ауырып тұрады

= тоқтайды

10 мин ауырады

ұстамалы түрге өтеді

}
Орта тіс жегіде аралық пломбасыз мына тұрақты пломбаны қолдануға болмайды:

{

стеклоиономерлерлі

компомерлерді

= амальгаманы

композиттерді

фосфат цементтерді

}
Орта тіс жегіде ақау шекарасы өтеді:

{

кіреукеден

дентиннің терең қабаттарынан

= дентиннің беткей қабаттарынан

кіреуке - дентин шекарасынан

дұрыс жауабы жоқ

}
Орта тіс жегіде ауруды төмендегі тітіркендіргіштер қоздырады:

{

механикалық

= химиялық және термиялық

ыстық – суық

тамақ шайнауда

барлық жауабы дұрыс

}
Тіс жегі қуысының қабырғаларын шұқылап көргенде төмендегі нақтамада ауыруы мүмкін:

{

гипоплазияда

бастапкы тіс жегіде

тіс жегінІң дақ кезеңінде

= орта тіс жегіде

флюорозда

}
Орта тіс жегін емдеуде қуысқа алдын:

{

емдік кейіннен тұрақты пломба қойылады

= аралық кейін тұрақты пломба койылады

тұрақты пломба қойылады

емдік, аралық, тұрақты пломба қойылады

дұрыс жауабы жоқ

}
Орта тіс жегін емдеу кезінде препараттау ережелерін:

{

= сақтаймыз

сақтамаймыз

препаратамаймыз

өлеттенген тіндерді толык алмаймыз

барлық жауабы дұрыс

}
Орта тіс жегіде тісті қағып қарағанда:

{

вертикалды перкуссияда ауырады

= ауырмайды

горизонталды перкуссияда ауырады

өте қатты ауырады

шамалы сезмтал болады

}
Орта тіс жегіде қуыс төмендегі ерітінділермен өңделеді:

{

ферменттермен

2 пайызды хлораминмен

ЭДТА препаратымен

йодпен

= 3 пайызды сутегі асқын тотығымен

}
Тіс жегінің келіп шығу себебі:

{

кіреукенін сәуле нұрларымен закымдануынан

кіреукенің химиялык препараттармен закымдануынан

кіреукенін механикалық жолмен закымдануынан

= кіреукенің деминерализациясынан

кіреукенің реминерализациясынан

}
Тіс жегінің дақ кезеңін анықтау үшін төмендегі ерітінділермен оны бояймыз:

{

йодпен

Шиллер - Писарев сынамасымен

= метилен көгінің 2% сулы ерітіндісімен

Люголь ерітіндісімен

фуксинмен

}
Бастапқы тіс жегіде қысқа уақытқа созылған ауру, төмендегі тітідкендіргіштерден келіп шығады:

{

механикалық

= химиялық

термиялық

термиялық және механикалық

өз - өзінен

}
Табиғи ойықтардағы бастапкы тіс жегінің емі:

{

= қуысты препараттап, пломбалау

реминерализациялаушы ем шара қолдану

өзгерген тіндерді егеулеп алып тастау

өзгерген тіндерді егеулеп, реминерализациялаушы ем қолдану

барлық жауабы дұрыс

}
Кіреуке - дентин шекарасы төмендегі тіс жегіде бұзылмайды:

{

беткей

орта

терең

= дақ кезеңінде

гипоплазияда

}
Бастапқы тіс жегінде ошақтың зақымдану көрінісі:

{

= кіреукеде ақ түсті дақ болады

кіреуке қабатында қара сұр түсті ақау болады.

кіреукеде қоңыр түсті дақ болады.

кіреуке - дентин қабатында қабырғалары мен түбі жұмсақ болады.

кіреукеде сына тәрізді түбі тегіс, қатты - ақау болады.

}
Тіс жегінің дақ кезеңінде қолданатын негізгі ем шаралар әдісі:

{

препараттау мен пломбалау

кіреукенің өзгерген жерін егеп тастау

= реминерализациялаушы ем шаралар қолдану

препараттамастан пломбалау

егеп тастап реминерализация жасау

}
Тіс жегін емдеу кезінде фтор препараттары –

{

суда фтордың мөлшері көп болғанда тағайындалады

= суда фтордын мөлшері кем болғанда тағайындалады

1л суда 1 мг болғанда тағайындалады

фторды судағы мөлшеріне карамай тағайындалады

дұрыс жауабы жоқ

}
Төмендегі азық – түліктерде кальций элементі көп болады:

{

сүт, балық, түсті капуста

теңіз балығы, көкеніс, шәй

алма, құлпынай, қара нан

= лобия, бауыр, балық

жұмыртқа, лимон, науат

}
Төмендегі азық түлікте фосфор көп болады:

{

лобия

бауыр

балық

ми

= барлык жауабы дұрыс

}
Терең тіс жегіде науқастың шағымы:

{

тіс өз - өзінен ауырады

тістескенде қатты ауырады

тісі өсіп кеткендей сезінеді

= қысқа уақытқа механикалык тітіркендіргіштен ауырады

шағымданбайды

}
Терең тіс жегін тексеріп көргенде төмендегілер анықталады:

{

= тісте терең қуыс бар, шұқылап көргенде түбі қатты ауырады

тісте терең куыс бар, шұқылап көргенде ауырмайды

тісте терең куыс бар, шұқылап көргенде бір нүктеде ауырады

тісті қағып көргенде қатты ауырады

қағып және шұқылап көргенде ауырмайды

}
Терең тіс жегіде тіс төмендегі ток күшіне жауап береді:

{

= 12 -16 мкА

15 - 25 мка

50 - 60 мкА

100 мкА

жауап бермейді

}
Терең тіс жегін төмендегі аурулардан нақтамалаймыз:

{

созылмалы периодонтиттен

= созылмалы фиброзды пульпиттен

сына тәрізді ақаудан

жайылған пульпиттен

барлық жауабы дұрыс

}
Терең тіс жегіні төмендегі аурулардан нақтамалаймыз:

{

орта тіс жегіден

жедел ошақты пульпиттен

созылмалы фиброзды пульпиттен

= барлық жауабы дұрыс

дұрыс жауабы жоқ

}
Терең тіс жегіде қуыс төмендегідей пломбаланады:

{

арнаға арналған, аралық, тұрақты пломба

= емдік, аралық, тұрақты пломба

аралық, тұрақты пломба

сулы дентии, аралық, тұрақты пломба

дұрыс жауабы жоқ

}
Терең тіс жегіде көрсетілетін жедел жәрдем:

{

ауруды тоқтататын дәрілер беру

тамақ қалдығын алып тастап, анальгетиктермен тампон қою

= тамақ калдықтарын алып тастап, ауыз қуысын шаю

препараттап, пломба қою

барлық жауабы дұрыс

}
Терең тіс жегіні емдеу кезінде келіп шығатын асқынулар мен қателіктер:

{

білместен тіс қуысьш ашып алу

екіншілік тіс жегінің дамуы

ұлпаның кабынып, өлеттенуі

тіс аралық емізікшелердің қабынуы

= барлық жауабы дұрыс

}
Терең тіс жегіні емдеу кезінде келіп шығатын асқынулар мен қателіктер:

{

пломбаның шамалы уақыттан кейін түсіп қалуы

= тіс сауытының сынып түсуі

реминерализазиялаушы ем шарадан кейін тіс жегінің өршуі

тістің түсінің өзгеріп кетуі

барлық жауабы дұрыс

}
Терең тіс жегіде науқас төмендегілерге шағымданады:

{

тәттіден

ыстық - суықтан

қышқыл-тұзды тағамнан

суық пен механикалық тітіркендіргіштерден

= барлык жауабы дұрыс

}
Науқастың тісі түнімен ауырып стоматологиялық емханаға келді. Тіркеу бөлімінде тіркеуші науқастың аты, жөнін,

туылған күнін, жылын, жынысын, мекен жайын, жұмыс орнын және кәсібін жазып толтырылып, дәрігер бөлмесіне жіберді.


  1   2   3   4   5   6   7


написать администратору сайта