Главная страница

Гисто. Гисто сессия 25.12.2020 (копия) (копия). Бекіту Фиксациялау Тіндерден алынан гистологиялы кесінділерді бояуды ерекшелігінерылымдара трлітс беру


Скачать 3.84 Mb.
НазваниеБекіту Фиксациялау Тіндерден алынан гистологиялы кесінділерді бояуды ерекшелігінерылымдара трлітс беру
АнкорГисто
Дата21.09.2022
Размер3.84 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаГисто сессия 25.12.2020 (копия) (копия).docx
ТипДокументы
#688238
страница1 из 5
  1   2   3   4   5

ЦИТОЛОГИЯ
1.Гистологиялық препарат дайындаудың қай кезеңінде құрылымның бүтіндігінің сақталуы қамтамасыз етіледі :Бекіту / Фиксациялау

2.Тіндерден алынған гистологиялық кесінділерді бояудың ерекшелігіне:құрылымдарға түрлі-түс беру

3.Негіздік бояулар мыналардың қайсысымен байланысады:гистологиялық құрылымдардағы қышқылдық бояулармен байланысады

4.Қышқылдық бояулар мыналардың қайсысымен байланысады:гистологиялық құрылымдардағы негіздік бояулармен байланысады

5. Импрегнация әдісі гистологиялық құрылымдардың қандай қасиетіне негізделген:ауыр металдардың тұздарына(күміс,осмий) шөгеді немесе тотығады

6.Гистологиялық кесінділерді бальзамдау немесе басқа синтетикалық ортада сақтаудың маңызы:дайындалған препаратты ұзақ уақыт сақтауға болады

7.Жасушалардағы май қосындыларын анықтау үшін қолданылатын бояу түрі :формалин мен судан III

8.0,2 мкм-ден кіші құрылымды зерттеп анықтау үшін қолданылатын микроскопиялық әдіс:электронды микроскопты

9.Бір жасушадан екінші жасушаға заттардың өтуін қамтамасыз ететін жасуша аралық байланыс:қуыстық байланыста

10.Жасуша плазмолеммасындағы гликокаликс қабаты болып саналатыны:плазмолеммамен байланысқан гликопротеинді,және гликолипидті комплекс

11.Құрамында гидролитикалық ферменттері бар мембраналық органелла:лизосома

12.Жасуша электроннограммасын зерттегенде, шеткі аймақтарында орналасқан 5-10 жалпақ қапшықтары мен көптеген көпіршіктерден тұратын мембраналы құрылымдары анықталды.:Гольджи комплексі

Бұл мына құрылымдардың қайсысына сәйкес келеді?:ГОЛЬДЖИ КОМПЛЕКСІ

13.Сыртқа (экспортқа) шығарылатын нәруыздарды синтездейтін органелла:Түйіршікті Эндоплазмалық тор

14.Рибосомалардың қызметі:белокты синтездейді

15.Жасушадағы нәруыз молекуласын синтездейтін органелла:Рибосома

16.Бейтарап май тамшысы қандай жасуша қосындыларына жатады?Трофикалық

17.Эритроциттердің цитоплазмасындағы гемоглобин мына қосындылардың қайсысына жатады?Эндогенді пигментті

18.Жасуша цитоплазмасындағы трофикалық қосындыларға жататыны:гликоген

19.Рибосомалық РНҚ синтезін іске асыратын ядроның құрылымы:ядрошық

20.Жасуша орталығының жасуша полюсіне ажырауы байқалатын митоз кезеңі:Профаза

21.Синцитийге жататыны:спермотогенді эпителийі

22.Жасуша құрылымының қайсысында билипидті, интегральді, жартылай интегральді, мембраналы нәруыздар болады:Плазмолеммасында

23.Екі жасуша плазмолеммасы арасы бір-біріне өте жақын орналасып, байланысқан жасушааралық байланыс:тығыз байланыс

24.Жасуша аралық қарапайым байланыс болып:Плазмолемманың арасы 20нм

25.Жасушадағы десмосомалық байланыстың ерекшелігіне:Плазмолемма арасында электрондық тығыздығы өте жоғары аймағы бар

26.Мембраналық органеллаға жататыны:Эндоплазмалық тор,лизосома,Гольджи комплекі,митохондрия, пероксисома

27.Рибосомалық РНҚ синтезіне қатысатын ядроның құрылымы қайсы:Ядрошығы

28.Жасуша ядросының ядрошығы жойылатын митоз сатысы:Профазада

29.Сырты екі мембранамен тысталған ішкі мембранасынан көптеген өсінділер шығып, органелланың матриксіне бағытталғаны қайсы:Митохондрия

30.Тіршілігі ферменттердің тотығу-тотықсыздану белсенділігімен және жасушадағы иондардың тасымалдану процестерімен тығыз байланысты органелла қайсы:Митохондрия

31. Мөлшері 0.2-0.4 мкм, сырты бір ғана мембранамен тысталған, құрамында гидролаза ферменті бар органелла:Лизосома

32.Біріншілік лизосомалардың ферменттерін синтездейтін органелла:Түйіршікті Эндоплазмалық тор

33.Лизосоманың маркерлік ферменті болып:Қышқылдық фосфатаза

34.Митохондрияның маркерлік ферменті болып:Сукцинатдегидрогеназа

35.Жасушадағы мына органеллалардың қайсында секреторлы түйіршіктер түзіледі:Гольджи комплексінде

36.Мембранасыз органелла болып саналатыны:Жасушаорталығы,кірікшелер, микротүтікше,рибосома,жасуша орталығы, полисома, микрофиламент, жіпше, тонофибрилла,миофибрилла,нейрофибриллалар

37.Жасуша қаңқасын түзетін органеллаларға жататыны қайсы:Микротүтікше

38.Ұйқы безінің жасушаларының құрамындағы зимогенді түйіршіктері мына қосындыларының қайсысына жатады:Секреторлы

39.Жасушаның тіршілік цикліндегі ДНҚ редупликациясы мен жасуша орталығының екі еселенуі мыналардың қайсысына тән:Синтетикалық

40.РНҚ, тубулин белоктарының АҮФ-тың және жаңа жасуша орталығының пісіп жетілуі өтетін жасуша циклін табыңыз:митоздың алдында,премитотикалық

41.Ағзадағы сомалық жасушалар жасуша циклінің кезеңдерінде мыналардың қай сатысында болады:G0

42.Апоптоз дегеніміз:Жасушаның бағдарламаға сәйкес тіршілігін жоюы

43.Митоздың қай сатысында хромосомалардан екі жұлдызша түзіледі:Анафазада

44. Митозда ядро қабығы майда фрагменттерге, кейде мембраналы көпіршіктерге айналатын мына сатылардың қайсысы:Профазада

45.Жасушадағы ядроның сыртқы мембранасы мына органеллалардың қайсысының мембранасымен жалғасады:Эндоплазамалық тормен

46.Жасуша ядросында гетерохроматиннің эухроматиннен басым болуы ненің көрсеткіші болып табылады:Жасуша транскрипциясының белсенділігі әлсіз

47.Жасушадағы ядроның эухроматинінің гетерохроматиннен басым болуы ненің көрсеткіші:Жасуша транскрипциясының белсенділігі жоғары

48.Осмимен импрегнацияланған жұлын түйінінің препаратында цитоплазмасында қара жіпше және дән тәрізді құрылымы анықталатын ірі жасушалардың денесі көрінеді. Жұлын түйініндегі жасушалардың қай органелласына сипаттама берілген.Гольджи кешені

49.Бауыр препаратын зерттеу нәтижесінде инъекция арқылы енгізілген қара тушь бөлшектері бауыр жасушаларының цитоплазмасынан табылған. Сипатталған жасушаның қызметі қандай.Май қосындылары.Трофикалық

50.Судан III бояуымен боялған шажырқай препаратында көптеген дөңгелек пішінді ірі жасушалар анықталады. Әр жасушаның ортасында қызғылт сары түсті тамшылар көрінеді.Осы бояуды қабылдап қызғылт сары түске боялатын жасуша құрылымын анықтаңыз.Май қосындылары

51.Науқастың қанында бауыр жасушаларының белсенділігінің төмендеуіне байланысты альбумин және фибриноген нәруыздарының мөлшерінің азайғандығы анықталды. Бұл жасушадағы қай органелланың қызметінің төмендеуіне байланысты. Түйіршікті ЭПТ

52.Ультрақұрылымдық зерттеу нәтижесінде жасуша цитоплазмасында түйіршікті эндоплазмалық тордың көптеген қапшықтарының бар екені анықталды. Осыған байланысты зерттелген жасушаның қызметі қандай екенін анықтаңызҚызметі активті.Белок өндіру. Белок синтезі

53.Бауыр жасушаларының электроннограмасынан цитоплазмасында тармақталатын және бір-бірімен қосылып орналасатын ұсақ вакуольдер, түтіктер және өзекшелер түрінде көрінетін органелла анықталады. Сипаттама қай органелланың құрылысына тән деп ойлайсыз.Түйіршіксіз Эндоплазмалық тор

54.Нейтрофилдерді цитохимиялық зерттегенде қышқылды фосфатазаның жоғары белсенділігі анықталады. Нейтрофилдің бұл қасиетіне қай органелла жауап береді.Лизосома

55.Тіл кесіндісінің гистологиялық препаратында пішіні цилиндрлі, көптеген ядролары бар бұлшықет талшығы көрінеді. Сипатталған құрылымды атаңыз.Симпласт

56.Кеңірдектің шырышты қабығының электронды микросуретінде эпителиоциттердің апикалді полюсінде плазмолеммамен қапталған жіңішке цилиндр тәрізді өсінділер көрінеді. Өсіндінің ішінде орналасатын микротүтікшелер, өсіндінің негізінде орналасатын базальді денешіктің микротүтікшелерімен байланысқан. Берілген сипаттама жасушаның қай құрылымына сәйкес келеді? Центриоль

57.Электронды микросуретте тері эпидермисі жасушаларының плазмалеммалары арасында тығыздығы жоғары аймақ анықталады. Бұл аймаққа цитоплазмаға қараған жағынан құрамында жіңішке жіпшелері бар электронды тығыз зат жанасып орналасады. Берілген жасуша аралық байланыс қандай қызмет атқарады.Десмосомалық аралық байланыс, механикалық байланыс

58.Цитоқаңқасы жақсы дамыған жасуша қозғалысқа, орын ауыстыруға, көшуге бейім келеді. Жасушадағы берілген қызметті қай органелла атқара алады. Микротүтікше,микрофиламент,микрофибрилла

59.Жасуша цитоплазмасының электронды микросуретінде жақсы анықталатын түйіршікті эндоплазмалық тордың қапшықтары мен Гольджи кешені жақсы жетілген. Мұндай жасушалар қандай қызметтерді атқаруға қабілетті келеді. Көп мөлшерде НӘРУЫЗ ТҮЗУГЕ (жасуша аралық заттың түзілуі)

60.Кардиомиоциттің электроннограмасында цитоплазмасында өзара байланысқан қапшықтар мен түтікшелерден тұратын мембраналы органелла көрінеді. Сипатталған органелла қандай қызмет атқарады. Эндоплазмалық тор. Нәруыз синтезіне қатысады.

61.Жасушаның электронды микросуретінде екі мембранадан тұратын органелла көрінеді. Сыртқы мембранасының контуры тегіс. Ішкі мембранасы қатпарлар (кристалар) түрінде көрінеді. Берілген органелланың қызметі қандай.Митохондрия. АТФ синтез, энергия түзу.

62.Жасушаның микросуретінде гематоксилин бояуымен қою күлгін түске боялған ядро және ядрошық анықталады.

Ядрошықтың базофильді түске боялуы қандай заттардың болуына байланысты.р-РНҚ болуына байланысты (нуклеин қышқылдарының көп болуына байланысты)

63.Сүйектің қызыл кемігінің гистологиялық препаратында хромосомалары экваторда жұлдыз тәрізді орналасқан жасушалар анықталады. Жасушаның тіршілік циклінің қай фазасында жасушаның құрылысы берілген сипаттамаға сәйкес келеді.Митоздың анафаза



64.Плазмолемманың А әріпімен белгіленген құрылымы:Билипидті қабат

65.Плазмолемманың Б әріпімен белгіленген құрылымы:Жартылай интегральды белок

66.Плазмолемманың В әріпімен белгіленген құрылымы:Мембраналық белок

67.Плазмолемманың Г әріпімен белгіленген құрылымы:Олигосахаридтердің молекулалары

68.Плазмолемманың Д әріпімен белгіленген құрылымы:Интегральды белок

.
69.Жасушаның тіршілік циклының қай кезеңі А әріпімен белгіленген:Интерфаза

70.Митоздың Б әріпімен белгіленген сатысы Профаза

71.Митоздың В әріпімен белгіленген сатысы Метафаза

72.Митоздың Г әріпімен белгіленген сатысы Анафаза

73.Митоздың Д әріпімен белгіленген сатысы Телофаза



74. Митохондрияның А әріпімен белгіленген құрылымы:Кристалары

75.Митохондрияның Б әріпімен белгіленген құрылымы: Митохондрияның матриксі

76.Митохондрияның В әріпімен белгіленген құрылымы: Митохондрияның сыртқы мембранасы

77.Митохондрияның Г әріпімен белгіленген құрылымы: Митохондрий түйіршіктері

78.Митохондрияның Д әріпімен белгіленген құрылымы: Митохондрияның ішкі мембранасы

79.Митохондрияның Е әріпімен белгіленген құрылымы: Мембранааралық кеңістігі



80.Жасушаның А әріпімен белгіленген құрылымы:Түйіршікті Эндоплазмалық тор

  1. 81.Жасушаның Б әріпімен белгіленген құрылымы:Гольджи аппараты

  2. 82.Жасушаның В әріпімен белгіленген құрылымы: Жасуша орталығы

  3. 83.Жасушаның Г әріпімен белгіленген құрылымы: Ядрошық

84.Жасушаның Д әріпімен белгіленген құрылымы: Митохондрия

85.Жасушаның Е әріпімен белгіленген құрылымы: Лизосома

  1. 86.Жасушаның Ж әріпімен белгіленген құрылымы: Түйіршіксіз Эндоплазмалық тор



ЭМБРИОЛОГИЯ
87.Пішіні шар тәрізді, диаметрі 130 мкм, сырты жылтыр және сәулелі тәж тәрізді қабықтармен қоршалған, гаплоидты хромосомалар жиынтығы бар жыныстық жасуша:Жұмыртқа жасушасы

88.Цитоплазмасында сары уыз қосындысының орналасуына байланысты адамның жұмыртқа жасушасының түрі Изолецитальдік

89.Пішіні жіп тәрізді, ядросында 23 хромосомалары бар жыныстық жасуша Сперматозоид

90.Сперматозоидтың ядросының орналасқан жері :басында

91.Адамның жұмыртқа жасушасының ұрықтануы іске асатын мүше жатыр түтігінің ампулярлы бөлігінде

92.Адам зиготасының бөлшектену типі толық,тең емес,асинхронды

93.Адам бластоцистасындағы трофобласттың құрамында Бір қабаты,ашық түсті жасушалар

94.Адам ұрығының бластоцистасындағы эмбриобласттың құрамында трофобласттың ішіндегі күңгірт түсті бластомерлер жиынтығы

95.Имплантация процесі қай тәулікте жүреді 7 тәулікте

96.Ұрықтың мүшелері мен тіндері мына сатылардың қайсысында түзіледі? Ұрық жапырақшаларының түрленуінде

97.Нефротомнан дамитын жүйе несеп шығару жүйесі

98.Нерв түтігінен дамитын жүйе нерв жүйесі

99.Миотомнан пайда болатын қаңқа бұлшық еті

100.Склеротомнан түзілетіні қайсы қаңқа сүйектері

101.Дерматомнан дамитыны тері дермасындағы дәнекер тіні

102.Дәнекер тінінің шығу тегі мезенхима

103.Қанның шығу тегі мезенхима

104.Амнион көпіршігінің қабырғасының құрамында болатындар ұрықтан тыс эктодерма мен ұрықтан тыс мезодерма

105.Сары уыз қабының қабырғасында мыналардың қайсысы бар ұрықтан тыс энтодерма мен ұрықтан тыс мезодерма

106.Аталған қызметтердің қайсысы кіндік жібіне тән тасымалдау

  1. 107.Трофикалық, тыныс алу, зәр шығару және қорғаныс қызметтерін атқарып, цитотрофобласт пен біріншілік симпласт бүрлерінен тұратын ұрықтан тыс мүше қайсы: біріншілік хорион

  2. 108.Трофобластан пайда болатын ұрықтан тыс мүше:біріншілік хорион

  3. 109.Адам ұрығының амнион қабығына мына қызметтердің қайсысы тән: қорғаныс

110.Адам ұрығындағы эпибластан ұрықтан тыс мүшелердің қайсысы дамиды:амнион

  1. 111.Адам ұрығының екінші апталық даму кезеңінің басында эпибласт жасушаларының арасында қуыстар пайда болады. Осы кезде ұрықтан тыс мүшелердің қайсысы пайда болады:амнион

  2. 112.Ұрықты механикалық зақымданудан сақтайтын ұрықтан тыс мүше қайсы:амнион

  3. 113.Іші суға толы резервуар түріндегі ұрықтан тыс мүше қайсы:амнион

114.Амнион көпіршігінің қабырғасының құрамында болатындар: ұрықтан тыс эктодерма мен ұрықтан тыс мезодерма

  1. 115.Адам ұрығындағы сарыуыз қабының қызметі:қан түзу

  2. 116.Аталған қызметтердің қайсысы адам ұрығындағы сарыуыз қабына тән:қан түзу

  3. 117.Ұрықтың алғашқы қан тамырлары мен қан жасушалары және біріншілік жыныстық жасушалары қабырғасында түзілетін ұрықтан тыс мүше қайсы:сары уыз қабы

  4. 118.Ұрықтық дамудың гаструляция сатысының барысында гипобласттан не пайда болады:біріншілік сары уыз қабы

  5. 119.Плацентаның нәресте бөлігінде мыналардың қайсысы болады:хорион пластинкасы мен хорион бүрлері

  6. 120.Плацентаның ана бөлігінің құрамында болатыны:жатырдың кілегейлі қабығының негізгі түсетін бөлігі

  7. 121.Плацента құрамындағы котиледондар мыналардың қайсысынан түзіледі:бағаналы бүрлерімен (якорлы) оның тармақтарынан түзіледі

  8. 122.Адамның жұмыртқа жасушасында мыналардың қайсысы болмайды:жасуша орталығы

  1. 123.Сперматозоидтың мына құрылымдарының қайсысында микротүтікшелері бар:біліктік жіпшесінде

  1. 124.Сперматозоидтың митохондриялары қай бөлігінде орналасқан: құйрығының аралық бөлігінде

  2. 125.Сперматозоидтың көлденең кесіндісінің электронды микросуретінде біліктік жіпшесін қоршаған митохондриялар көрінеді. Бұл сперматозоидтың қай бөлігінен алынған кесінді:құйрығының аралық бөлігінен

  1. 126.Эмбриогенез сатыларының дұрыс тізбегін табыңыз:ұрықтану-бөлшектену-гаструляция-гитогенез бен органогенез

  1. 127.Сперматозоидтың реотаксис қабілеті – бұл:сперматозоидтың секретке қарсы жылжуы

  2. 128.Сперматозоидтың хемотаксис қабілеті – бұл:гормондардың концентрациясының градиентіне байланысты

129.Капацитация деп:сперматозоидтың белсенділігінің артуы

  1. 130.Акросомалық реакция деп:акросомадан ферменттердің бөлінуі-гиалуронидаза мен трипсин

  2. 131.Кортикальді реакция – бұл:кортикальді түйіршіктердің перивительді кеңістікке өтіп,ұрықтану қабығының пайда болуы

  1. 132.Адам ұрығының гаструляция процесінде мыналар пайда болады:үш ұрық жапырақшасы пайда болады

  2. 133.11,5 тәуліктегі адам ұрығының ұрық жапырақшаларының материалы қайда орналасады:амнион көпіршігінің түбінде

  3. 134.14-ші тәуліктегі адам ұрығының 11,5 тәуліктегі ұрықтан айырмашылығы мыналардың қайсысының пайда болуымен ерекшеленеді:хорданың,амнион аяқшасы

  4. 135.17-ші тәуліктегі адам ұрығының дамуы 14 тәуліктегі ұрықтан айырмашылығы мыналардың қайсысының пайда болуымен ерекшеленеді:аллантоистың

  5. 136.Ұрықтың энтодермасы мыналардың қайсысының жасушаларының көшіп, орын ауыстыруынан түзіледі:біріншілік жолақтың алдыңғы бөлігінің

  6. 137.Ұрықтың мезодермасы мыналардың қайсысының жасушаларының көшіп, орын ауыстыруынан түзіледі:біріншілік жолақтың соңғы бөлігінің

  7. 138.Ұрықтың бас бөлігіндегі тығыз орналасқан жасушалар қабатынан тұратын прехордальды пластинканың құрамында болатыны:ұрықтық эктодерма мен энтодерма

139.Эмбриогенездің алтыншы тәулігінде ұрықтың жатырдың шырышты қабығына жабысуы, яғни имплантацияға дайындығы жүреді. Берілген үрдістің қамтамасыз етілуіне ұрықтың қай құрылымының қатысы бар. Трофобласт

140.Гистологиялық препаратта ашық және күңгірт бластомерлерден түзілген көпіршікті ұрық көрінеді. Ашық түсті бластомерлер шетінде орналасып, күңгірт түсті бластомерлерді қоршайды. Ал күңгірт бластомерлер ортасында орналасады. Эмбриогенез кезеңін анықтаңыз? Бөлшектену. Ұрықтану кезеңі

141.Жаңа туылған сәбиде жүрек миокардының даму ақауы анықталды. Бұл патологиялық үрдіс қай ұрық жапырақшаларының даму ақауына байланысты. Мезодерманың висцеральды жапырақшасы

142.Амниоцентез жолымен алынған амнион сұйықтығының құрамында ядросында теннис ракеткасына ұқсас қосалқысы бар жасушалар анықталды.

Бұл қандай құбылыстың айғағы болып табылады. Қыз жынысты ұрықтың дамуы

143.Адамның 12 тәуліктік ұрығында өзара байланысқан екі көпіршік көрінеді. Бір көпіршігінің түбінде қалыңдаған құрылым анықталады. Мыналардың ішінен гаструляция үрдісіне қатысатын құрылымды табыңыз. Эпибласт гипобласт

144.Гистологиялық препаратта ішек түтігімен байланысқан көпіршік тәрізді ұрықтан тыс мүше көрінеді. Көпіршіктің ішкі беті энтодерма жасушаларымен астарланған.

Берілген сипаттама ұрықтан тыс мүшелердің қайсысына тән. Сарыуыз қапшығы

145.Ұрықтың гистологиялық препаратында екі артерия және бір венадан тұратын ұрықтан тыс мүшенің кесіндісі берілген.

Осы қан тамырлары ұрықтан тыс мүшенің қайсысында тармақталады. Кіндік

146.Гистологиялық препаратта эмбриогенез сатысында біріншілік ішектің алдыңғы бөлігінің қалыптасуында даму ақауы анықталды. Мұның нәтижесінде болатын даму ақауын қай мүшеден күтуге болады. Энтодерма асқазан ішек

147.Ұрық кесіндісінде хорион бүрлерінің қиғаш және көлденең кесінділері көрінеді. Оның айналасында қан жасушалары орналасқан. Қай ұрықтан тыс мүшенің препараты зерттеуге берілгендігін анықтаңыз. Хорион

148.Ұрықтан тыс мүшенің ішкі жапырақшасының электроннограмасында апикалді бетінде микробүрлері бар бір қабатты жасушалар анықталды. Жасуша цитоплазмасында орналасқан вакуолдердің құрамындағы сұйықтық ұрықтан тыс мүшенің құрамына бөлінеді. Сипаттамаға сәйкес морфологиялық құрылысы бар жасушалар ұрықтан тыс мүшелердің қайсысында орналасады. Амнион

149.Адам ұрығындағы А әріпімен белгіленген құрылымы эктодерма

150.Адам ұрығындағы Б әріпімен белгіленген құрылымы соммиттері

151.Адам ұрығындағы В әріпімен белгіленген құрылымы нерв түтігі

152.Адам ұрығындағы Г әріпімен белгіленген құрылымы мезодерманың париетальды жапырақшасы

153.Адам ұрығындағы Д әріпімен белгіленген құрылымы мезодерманың висцеральды жапырақшасы

154.Адам ұрығындағы Е әріпімен белгіленген құрылымы энтодерма

155.Адам ұрығындағы Ж әріпімен белгіленген құрылымы хорда



156.Адам плаценттасындағы А әріпімен белгіленген құрылымы септалары

157.Б әріпімен белгіленген ұрықтан тыс мүше кіндігі

158.Адам плаценттасындағы В әріпімен белгіленген құрылымы лакуналары

159.Адам плаценттасындағы Г әріпімен белгіленген құрылымы хориальды пластинкасы

160.Адам плаценттасындағы Д әріпімен белгіленген құрылымы хорион бүрлері

161.Адам плаценттасындағы Е әріпімен белгіленген құрылымы жатырдың кілегейлі қабығының базальді пластинкасы

162.Адам плаценттасындағы Ж әріпімен белгіленген құрылымы жатырдың ет қабығы


163.13-тәуліктегі адам ұрығының А әріпімен белгіленген құрылымы:ұрықтан тыс қуыс

164.13-тәуліктегі адам ұрығының Б әріпімен белгіленген құрылымы сары уыз көпіршігі

165.13-тәуліктегі адам ұрығының В әріпімен белгіленген құрылымы:амнион көпіршігі

166.13-тәуліктегі адам ұрығының Г әріпімен белгіленген құрылымы: амнион аяқшасы

167.13-тәуліктегі адам ұрығының Д әріпімен белгіленген құрылымы цитотрофобласт

168.13-тәуліктегі адам ұрығының Е әріпімен белгіленген құрылымы: симпластотрофобласт



169.Адам ұрығының кеуде қатпарының пайда болу кезеңіндегі А әріпімен

белгіленген құрылымы амнион

170.Адам ұрығының кеуде қатпарының пайда болу кезеңіндегі Б әріпімен

белгіленген құрылымы ішек түтігі

171.Адам ұрығының кеуде қатпарының пайда болу кезеңіндегі В әріпімен

белгіленген құрылымы сары уыз қабы

172.Адам ұрығының кеуде қатпарының пайда болу кезеңіндегі Г әріпімен

белгіленген құрылымы аллантоис

173.Адам ұрығының кеуде қатпарының пайда болу кезеңіндегі Д әріпімен

белгіленген құрылымы хорион бүрлері

174.Адам ұрығының кеуде қатпарының пайда болу кезеңіндегі Е әріпімен

белгіленген құрылымы ұрық денесі



175.Ұрықтан тыс мүшелер мен жатыр қабықтарының ұрықпен өзара қатынасы. А әріпімен белгіленген құрылымды атаңыз:decidua basalis

176.Ұрықтан тыс мүшелер мен жатыр қабықтарының ұрықпен өзара қатынасы . Б әріпімен белгіленген құрылымды атаңыз:deciduas capsularis

177.Ұрықтан тыс мүшелер мен жатыр қабықтарының ұрықпен өзара қатынасы . В әріпімен белгіленген құрылымды атаңыз:decidua parietalis

178.Ұрықтан тыс мүшелер мен жатыр қабықтарының ұрықпен өзара қатынасы. Г әріпімен белгіленген құрылымды атаңыз:амнион

179.Ұрықтан тыс мүшелер мен жатыр қабықтарының ұрықпен өзара қатынасы. Д әріпімен белгіленген құрылымды атаңыз:жатыр қуысы

180.Ұрықтан тыс мүшелер мен жатыр қабықтарының ұрықпен өзара қатынасы. Е әріпімен белгіленген құрылымды атаңыз: ұрық

181.Ұрықтан тыс мүшелер мен жатыр қабықтарының ұрықпен өзара қатынасы Ж әріпімен белгіленген құрылымды атаңыз:жатырдың ет қабығы
  1   2   3   4   5


написать администратору сайта