Главная страница

Үйде оқыту КМЖ. Берілген сабатар психикалы дамуы тежелген балалара арналан тзете дамыта оытатын 5


Скачать 56.72 Kb.
НазваниеБерілген сабатар психикалы дамуы тежелген балалара арналан тзете дамыта оытатын 5
Дата26.04.2023
Размер56.72 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҮйде оқыту КМЖ.docx
ТипДокументы
#1091414
страница3 из 4
1   2   3   4

Түзетушілік: Жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: сәлемдемеге салынатын заттардың тізімін жасай білу, жіберілетін заттардың салмағы, құнын білу, Бандерольді орау түрлерін, хабарламаны толтыру, жіберу.

Сөздік: бандероль, сәлемдеме, бланк, хабарлама, ескерту хат.

Көрнекілігі: бандероль муляжі.

Түрі: экскурсия.

Оқушылармен аудан орталығындағы орналасқан почтаға экскурсияға апару.

Сұхбаттасу. Еңбекті бақылау. Бланк, бандероль, сәлемдеме, ақша аудару, төлем төлеуді бақылап түсіндіру.
Почта ішінде тағы қандай қызметтер көрсетілетінін айту, электр энергиясын қолданғандар төлем төлейді. Газет-журналдар сатылады. Газет-журналға жазылады. Жалақы, зейнетақы алады. Несие туралы мағлұмат алуға болатыны туралы айтылады.

Үйге тапсырма. Мәлімдеме әзірлеу. Хат жазу.

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Хат жазу. Хат жолдау.

Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Оқушыларға байланыс құралдарының бірі хат жазу, жолдау туралы түсініктерін кеңейту.

Түзетушілік: Сауаттылыққа үйрету, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: хат жаза білу, ретімен орналастыру, мазмұнын құра білу, конвертті толтыру, хатты жолдау (жіберу), мекен-жай индексін білу.

Сөздік: конверт, авиа, жедел, тапсырыс, мекен-жай индексі.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға бір параққа хат жазу ұсынылады. Алдын ала кімге, неге, қалай жазылатынын анықтап алады. Түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Хаттың мәтінін құрастыру, хал жағдайын сұрау. Басқа да хат иесінен отбасындағы мүшелердіңхалін сұрау. Өзі туралы жазу, жаңалықтарды мәлімдеу. Білгісі келетін мәліметтерді сұрауға болады. (Мысалы, достарың бар ма? Бос уақытыңда немен айналысасың?) хатты конвертке салып, адресін жазу, адресті білу. Почтаға апарып жіберу.

Үйге тапсырма. «Анама хат» хат жазып келу.

Күні: 02.09.2021ж

Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үй түрлерінің өзгешелігін айыру

Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Тұрғын үйді күту, жинастыру, техникалық құралдарды пайдалана білуге, қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу.

Түзетушілік: Оқушының зейіні мен есте сақтау қабілетін арттыру, еңбекке баулу.

Сөздік: жинастыру, кафель, линолеум, айна, краска (бояу майлы, акрильді)

Оқушы біліміне қойылатын талаптар. Тұрғын үйді, бөлмесін жинастыру, күнделікті және мерзімдік тұрғын үйді жинастыру ретін білу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа тақырыппен таныстыру. Оқушыларға сұрақ қою арқылы, балалардың үй ішінде атқаратын қызметтерін анықтаймын. Үйді жинастыру көмектесу, еңбек етуге үйрену сөздерін қатыстырып әңгіме құру. Бір бірінің айтқан әңгімесін тыңдап отырып, қайталату. Ауланы жинау сыпыру, қоқыс төгу, шығару, су төгу, су тасу, ағаш уату, шаң сүрту, еден жуу, ыдыс жуу, шаңсорғышты пайдалану сөздерін қатыстырып мәтін құрастыру ұсынылады. Оқып береді.

Үйге тапсырма: «Менің үй ішіндегі міндеттерім» әңгіме құрастырып келу.

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Тұрғын бөлмеледі атау, олардың қолданысын түсіну.
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Балаларды еңбек етуге өзіне-өзі қызмет ете білуге қызығушылығын ояту. Өз міндеттерін біліп қана қоймай, оны орындау керектігін ескерте отырып үйрету.

Түзетушілік: Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Сөздік: жылыту құралдары, терезелерді жөндеу, желдеткіш, сылау құралы (замазка).
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: терезе, желдеткішті тазалау, терезелерді жуу, сүрту, жуу құралдарын пайдалана білу. Терезелерді қысқы мерзімге дайындауды.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Үйдің терезелері не үшін керек? Әйнегінің таза болуы кімге байланысты, неге тазалау керек? Оны қалай күту керек?

Практикалық жұмыс. Жатын бөлмесін жинастыру. Гүлдердің жапырағын сүрту. Қауіпсіздік ережелерін қайталау. Тазалық не үшін керек? Еңбек ету кезінде келісіп, тату, топпен жұмыс істеуге үйретіледі. Оқушының еңбекке көзқарасы бақыланады.

Үйге тапсырма. «Менің бөлмемнің тазалығы – менің денсаулығымның кепілі» әңгіме

Күні:30.09.2021ж

Сабақтың тақырыбы: Киімдерді шкафтың сөрелеріне жинау.

Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Оқушыларға үй ішіндегі мектептегі жиһаздарды күту, тазалау, күтім жасау туралы үйрету. Тазалыққа, әдемілікке үйрету, эстетикалық тәрбие беру.

Түзетушілік: Жұмыс барысында қол моторикасын дамыту.

Сөздік: теріден жасалған, ағаш үгінділері, желімденген.

Көрнекілігі: суреттер.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: Киімдерді шкафка бүктеуді үйрену, тазалау.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Практикалық жұмыс. Өзінің бөлмесін тазалау ережелерімен таныстыру. Санитарлық талаптарды түсіндіру. Құрғақ және дымқыл тазалау жұмыстарын жүргізу, жуу құралдарын пайдалана білуге, қауіпсіздік ережелерді сақтай отырып жұмыстанады. Парта, шкаф, тақта, терезе, үстел, орындыққа дымқыл жинастыру жұмыстарын жүргізеді. Бірігіп еңбектенуге, таза жұмыс істеуге үйретіледі.

Қорытынды. Өз жұмыстарына баға береді. Мадақтау.

Үйге тапсырма: санитарлық ережелерді жазып келу.

Күні:20.01.2022ж

Сабақтың тақырыбы: Аяқ киім түрлерін мезгіл бойынша ажырату.

Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Оқушы аяқ киімін мезгіл бойынша кигені жөн. Тазалыққа, әдемілікке үйрету, эстетикалық тәрбие беру.

Түзетушілік: Жұмыс барысында қол моторикасын дамыту.

Сөздік: теріден жасалған, ағаш үгінділері, желімденген.

Көрнекілігі: суреттер.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: Аяқ киімді таза ұстау керек. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Практикалық жұмыс. Өзінің бөлмесін тазалау ережелерімен таныстыру. Санитарлық талаптарды түсіндіру. Жыл мезгіліне қарай аяқ киімді киген жөн себебі қыс айында теріден тігілген етәһік кимесең аяғың тоңып қалады. Аурудың барлыға аяқтан келеді. Сол себепті аяқты жылы ұстаған жөн. Бірігіп еңбектенуге, таза жұмыс істеуге үйретіледі.

Қорытынды. Өз жұмыстарына баға береді. Мадақтау.

Үйге тапсырма: санитарлық ережелерді жазып келу.

Күні:03.02.2022ж

Сабақтың тақырыбы: Былғары аяқ киімді щеткамен крем жағып тазалау.

Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Оқушы аяқ киімін мезгіл бойынша кигені жөн. Тазалыққа, әдемілікке үйрету, эстетикалық тәрбие беру.

Түзетушілік: Жұмыс барысында қол моторикасын дамыту.

Сөздік: теріден жасалған,былғары.

Көрнекілігі: суреттер.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: Аяқ киімді таза ұстау керек. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Практикалық жұмыс. Өзінің бөлмесін тазалау ережелерімен таныстыру. Санитарлық талаптарды түсіндіру. Аяқ киімді майлап жүру керек.Жыл мезгіліне қарай аяқ киімді киген жөн себебі қыс айында теріден тігілген етәһік кимесең аяғың тоңып қалады. Аурудың барлыға аяқтан келеді. Сол себепті аяқты жылы ұстаған жөн. Бірігіп еңбектенуге, таза жұмыс істеуге үйретіледі.

Қорытынды. Өз жұмыстарына баға береді. Мадақтау.

Үйге тапсырма: санитарлық ережелерді жазып келу.

Күні:10.02.2022ж

Сабақтың тақырыбы: Тазаланған аяқ киімді мезгілдерге қарай қорапта сақтау.

Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Оқушы аяқ киімін мезгіл бойынша кигені жөн. Тазалыққа, әдемілікке үйрету, эстетикалық тәрбие беру.

Түзетушілік: Жұмыс барысында қол моторикасын дамыту.

Сөздік: теріден жасалған,былғары.

Көрнекілігі: суреттер.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: Аяқ киімді таза ұстау керек. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Практикалық жұмыс. Өзінің бөлмесін тазалау ережелерімен таныстыру. Санитарлық талаптарды түсіндіру. Аяқ киімді майлап жүру керек.Жыл мезгіліне қарай аяқ киімді киген жөн себебі қыс айында теріден тігілген етік кимесең аяғың тоңып қалады. Аяқ киімді қыс айы біткен соң жуып тазалап қорапқк салып қойсаң келесі жылы киесің. Сыймай қалса бауырларың киеді. Аурудың барлыға аяқтан келеді. Сол себепті аяқты жылы ұстаған жөн. Бірігіп еңбектенуге, таза жұмыс істеуге үйретіледі.

Қорытынды. Өз жұмыстарына баға береді. Мадақтау.

Үйге тапсырма: санитарлық ережелерді жазып келу.

Күні:07.10.2021ж

Сабақтың тақырыбы: Қоқыс шығару.

Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Оқушыларға үй ішіндегі шкафтарды тазалау, күтім жасау туралы үйрету. Тазалыққа, әдемілікке үйрету, эстетикалық тәрбие беру.

Түзетушілік: Жұмыс барысында қол моторикасын дамыту.

Сөздік: теріден жасалған, ағаш үгінділері, желімденген.

Көрнекілігі: суреттер.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: Қоқысты түнге қалдырып қоюға болмайды себегі түрлі жәндіктер басып кетеді.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Практикалық жұмыс. Өзінің бөлмесін тазалау ережелерімен таныстыру. Санитарлық талаптарды түсіндіру. Құрғақ және дымқыл тазалау жұмыстарын жүргізу, жуу құралдарын пайдалана білуге, қауіпсіздік ережелерді сақтай отырып жұмыстанады. Парта, шкаф, тақта, терезе, үстел, орындыққа дымқыл жинастыру жұмыстарын жүргізеді. Бірігіп еңбектенуге, таза жұмыс істеуге үйретіледі.

Қорытынды. Өз жұмыстарына баға береді. Мадақтау.

Үйге тапсырма: санитарлық ережелерді жазып келу.

Күні:07.10.2021ж

Сабақтың тақырыбы: Қоқыс шығару.

Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Оқушыларға үй ішіндегі шкафтарды тазалау, күтім жасау туралы үйрету. Тазалыққа, әдемілікке үйрету, эстетикалық тәрбие беру.

Түзетушілік: Жұмыс барысында қол моторикасын дамыту.

Сөздік: теріден жасалған, ағаш үгінділері, желімденген.

Көрнекілігі: суреттер.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: Қоқысты түнге қалдырып қоюға болмайды себегі түрлі жәндіктер басып кетеді.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Практикалық жұмыс. Өзінің бөлмесін тазалау ережелерімен таныстыру. Санитарлық талаптарды түсіндіру. Құрғақ және дымқыл тазалау жұмыстарын жүргізу, жуу құралдарын пайдалана білуге, қауіпсіздік ережелерді сақтай отырып жұмыстанады. Парта, шкаф, тақта, терезе, үстел, орындыққа дымқыл жинастыру жұмыстарын жүргізеді. Бірігіп еңбектенуге, таза жұмыс істеуге үйретіледі.

Қорытынды. Өз жұмыстарына баға береді. Мадақтау.

Үйге тапсырма: санитарлық ережелерді жазып келу.


Күні:14.10.2021ж

Сабақтың тақырыбы: Азық-түлікті тоңазытқышта сақтау.

Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Оқушыларға үй ішіндегі шкафтарды тазалау, күтім жасау туралы үйрету. Тазалыққа, әдемілікке үйрету, эстетикалық тәрбие беру.

Түзетушілік: Жұмыс барысында қол моторикасын дамыту.

Сөздік: теріден жасалған, ағаш үгінділері, желімденген.

Көрнекілігі: суреттер.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: Азық-түлікті тоңазытқышта сақтау керек.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Практикалық жұмыс. жинастыру жұмыстарын жүргізеді. Азық-түлікті тоңазытқышта сақтау керек себебі заттар айнып кетуі мүмкін. Сақтау ережесі де бар. Заттарды салатын кезде барлығының беттерін жабылатын ыдысқа салған жөн. Себебі иістері бір-біріне ұрып, салған заттар айнып тоңазытқыштың да иісін бұзуы мүмкін. Ыстық күйінде заттар салуға болмайды ол тоңазытқышты істен шығаруы мүмкін.

Бірігіп еңбектенуге, таза жұмыс істеуге үйретіледі.

Қорытынды. Өз жұмыстарына баға береді. Мадақтау.

Үйге тапсырма: санитарлық ережелерді жазып келу.


Күні:21.10.2021ж

Сабақтың тақырыбы: Жеміс- жидектерді жақсылап жуу.

Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Оқушыға жеміс-жидектерді жуып жеуді. Тазалыққа, әдемілікке үйрету, эстетикалық тәрбие беру.

Түзетушілік: Жұмыс барысында тазалықты сақтау дамыту.

Сөздік: жеке гигиена.

Көрнекілігі: суреттер.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: Жемістерді жуып жеу керек.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Практикалық жұмыс. жинастыру жұмыстарын жүргізеді. Жемістер маусым басталғанда біраз уақыт болады. Жемістерді жуып жемейтін болсаң түрлі ауруларға алып келуі мүмкін. Себебі жемістер мен көкөністерге құрт ,шіркей және басқа жәндіктер түспеуі үшін дәрілер себіледі.Бірігіп еңбектенуге, таза жұмыс істеуге үйретіледі.

Қорытынды. Өз жұмыстарына баға береді. Мадақтау.

Үйге тапсырма: санитарлық ережелерді жазып келу.

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары (ит, мысық)
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Үйде үй жануарларын күтуге, санитарлық, гигиеналық талаптарды үйрету барысында денсаулығын күтуге, аллергия тудыру қаупі болатыны туралы түсінік беру.

Түзетушілік: Қол моторикасын дамыту.
Сөздік: аллергия, санитарлық-гигиеналық талаптар.

Көрнекілігі: үй жануарлары туралы суреттер.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар. Үй жануарларын үй жағдйында күту, санитарлық гигиеналық талаптарды орындау.

Сабақ барысы: ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа материалмен таныстыру. Үй жануарлары туралы әңгімелеп, оларды үй жағдайында ұстау, күту туралы әңгімелеп беру. Оқушылардың өз білетіндерін сұрау. Үй жануарларын таза ұстамаса аллергиялық аурулар тудыруы мүмкін екенін, одан сақтану, аурудың түрлері пайда болу жолдары айтылады.

Практикалық жұмыс: қол моторикасын дамыту. Ермексазбен ит , мысық фигураларын жасау.

Қорытынды: Үй жануарлары қандай аурулар тигізуі мүмкін. Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

Үйге тапсырма: Үй жануарлары туралы сурет салу немесе әңгіме жазу.

Күні:17.03.2022ж

Сабақтың тақырыбы: Гүлдерді бөлмелерге орналастыру.

Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Үй өсімдіктері туралы мәлімет беру. Өсімдіктерді суару, күту, атауларын білу. Сұлулық, әдемілікке тәрбиелеу, еңбекке баулу.

Түзетушілік: Қол моторикасын дамыту.
Сөздік: шашыратқы

Көрнекілігі: слайд- үй өсімдіктері.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: Үй өсімдіктерін күту, суару, атауларын білу, қопсыту, топырағын жаңартуды білу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын сұрау

Слайдтан үйде өсірілетін өсімдіктер, гүлдер көрсетіледі. Олардың шығу тегі туралы айтылады. Оқушыларға тапсырма беріледі. Өздері білетін гүлдердің суретін салу.
Практикалық жұмыс: бөлмедегі гүлдердің атын атап, қағазғат жазып қою. Гүлдерді жатын бөлмеге орналастыруға болмайды. Себебі гүлдер күндіз өздеріне көмір қышқыл газды сіңіріп оттегін береді, ал түнде көмір қышқыл газды шыгарады.Ол адамның тыныс алу мүшесіне зиян.Гүлдерді қонақ бөлмеге, ас бөлмесіне қойған жөн. Комьпютер алдында отырғанда кактус гүлін қойған дұрыс. Себебі комьпютерден таралатын энергияны өзіне тартып отырады. Гүлдің жапырақтарына шашыратқымен су себу жұмыстарын істейді. Өсімдіктердің ішінде улы түрі болатыны, жапырағы улы болатын өсімдіктер кездесетінін. Оны ажырата білу керектігі туралы айтылады.

Қорытынды. Улы жапырағы бар өсімдіктерді ата.

Үйге тапсырма: Үй өсімдігі туралы мәлімет қарап келу.

Күні:03.03.2022ж

Сабақтың тақырыбы: Үй өсімдіктерді өсіру.

Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Үй өсімдіктері туралы мәлімет беру. Өсімдіктерді суару, күту, атауларын білу. Сұлулық, әдемілікке тәрбиелеу, еңбекке баулу.

Түзетушілік: Қол моторикасын дамыту.
Сөздік: шашыратқы

Көрнекілігі: слайд- үй өсімдіктері.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: Үй өсімдіктерін күту, суару, атауларын білу, қопсыту, топырағын жаңартуды білу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын сұрау

Слайдтан үйде өсірілетін өсімдіктер, гүлдер көрсетіледі. Олардың шығу тегі туралы айтылады. Оқушыларға тапсырма беріледі. Өздері білетін үй өсімдіктерін дәптерге суретін салу.
Практикалық жұмыс: бөлмедегі гүлдердің атын атап, қағазғат жазып қою. Гүлдерді суару, топырағын қопсыту, қураған жапырақтарынан тазарту. Үйдегі өсімдіктерді күтудегі ережелер түсіндіріледі. Гүлдің жапырақтарына шашыратқымен су себу жұмыстарын істейді. Өсімдіктердің ішінде улы түрі болатыны, жапырағы улы болатын өсімдіктер кездесетінін. Оны ажырата білу керектігі туралы айтылады.

Қорытынды. Улы жапырағы бар өсімдіктерді ата.

Үйге тапсырма: Үй өсімдігі туралы мәлімет қарап келу.

Күні:10.03.2022ж

Сабақтың тақырыбы: Гүл өсіретін ыдыстарды жуу.

Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Гүл өсіретін ыдыстарды жуып тұрған дұрыс. Сұлулық, әдемілікке тәрбиелеу, еңбекке баулу.

Түзетушілік: Қол моторикасын дамыту.
Сөздік: слитра

Көрнекілігі: слайд- үй өсімдіктері.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: Үй өсімдіктерін күту, суару, атауларын білу, қопсыту, топырағын жаңартуды білу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын сұрау

Слайдтан үйде өсірілетін өсімдіктер, гүлдер көрсетіледі.Гулге берілетін дәрілермен таныстырады. Оқушыларға тапсырма беріледі. Өздері білетін үй өсімдіктерін дәптерге суретін салу.
Практикалық жұмыс: бөлмедегі гүлдердің атын атап, қағазғат жазып қою. Гүлдерді суару, топырағын қопсыту, қураған жапырақтарынан тазарту. Үйдегі өсімдіктерді күтудегі ережелер түсіндіріледі. Гүлдің жапырақтарына шашыратқымен су себу жұмыстарын істейді. Гүл жайқалып өсу үшін дәрілер беріледі. Дәрі беретін кезде резеңке қолғап киген дұрыс. Себебі зиянды жақтары бар адамға. Өсімдіктердің ішінде улы түрі болатыны, жапырағы улы болатын өсімдіктер кездесетінін. Оны ажырата білу керектігі туралы айтылады.
1   2   3   4


написать администратору сайта