Үйде оқыту КМЖ. Берілген сабатар психикалы дамуы тежелген балалара арналан тзете дамыта оытатын 5
Скачать 56.72 Kb.
|
Үге тапсырма: «Дүкенші» тақырыбына әңгіме құрастырып келу. Күні: Сабақтың тақырыбы: Қаржылық кәсіпорындар Сабақтың мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Оқушының дүкендерде сатылатын тауарлардың атын, сатып алу ережелерін білуі, құнын есептей алуға үйрету, чекті талап етуге үйрету, әңгімелесу, сұрау ережелерін білуге, әдептілікке дағдыландыру. Түзете-дамытушылық: дүкеннен тауар сатып алу кезіндегі ережелерді білу, есте сақтау қабілетін арттыру. Сабақ түрі: экскурсия. (Дүкенге) Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: дүкендерді аралап, алдын ала балалармен экскурсияға келетінімізді ескерту. Бір-екі дүкенмен келісіп алу. Дүкеншіге өз жұмысы, міндеті туралы әңгімелеп беру керектігін ескертіп қою. Экскурсия. Балаларға жолда жүру ережелері, қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіріледі. Кассалық чек- касса, тамақ сақтау тоңазытқыштары, камералары туралы түсінік беру. Ақша, тиын, теңге, купюрлардың сыртқы келбетіндегі суреттерді естеріне сақтау керектігін айту, көрсету. Дүкенші әңгімесін тыңдау. Балалар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қояды. Жауап алады. Сауда жасап көреді. Алған тауарлардың құнын, сатып алу ережелерін білуін қадағалау. Чектегі белгілерді түсіндіремін. Қорытынды: Дүкендегі қызметкерлерге алғыс айтылады. Балалар түсінгендерін әңгімелеп береді. Үйге тапсырма: «Дүкенде» сурет салу. Күні: Сабақтың тақырыбы: Тауар түрлерін бағдарлау Сабақтың мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Арзандатылған тауар, жарнама туралы түсініктерін қалыптастыру. Этикетка, өлшемі, көлемі туралы білімін қалыптастыру, тереңдету. Эстетикалық талғаммен жарнаманы безендіруге үйрету. Түзете-дамытушылық: Чектағы сандарды танып оқи білуге үйрету, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Көрнекілігі: Кассалық чектар, этикетка, қосымшалар, кітапшалар. Сөздік: этикетка, жарнама, арзандатылған тауар, купюр. Оқушы біліміне қойылатын талаптар: Білу керек: ақша санау, артық ақшаны кері санап алу, киім мөлшерін, заттарды атымен атау, дүкенде өзін дұрыс ұстау. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Топтық жұмыс. Дүкенде көргендерін топ болып қағазға суретін салу. Оқушыларға этикетка түрлерін көрсету-оның неге тауарларға тіркелетінін түсіндіремін. Чектағы сандар, жазулар туралы әңгімелеп беремін. Дүкендегі тауарлардың сапасын анықтау туралы, өлшемі мен көлемін анықтау туралы түсіндіремін. Арзандатылған тауарлар- олар неге арзандатылғанын түсіндіремін. Жарнама не үшін керек? Тауарларды жарнамалап көрсету. Теледидар, радио, типографиялық жарнамалар болатынын, кітапшалар, парақтар арқылы жарнамалар болатынын түсіндіремін. Оқушылардың өздерінің жарнама туралы түсініктерін тыңдаймын. Қорытынды: Жарнама деген не? Не үшін керек? Тауардағы этикетка –жапсырмалар не үшін қажет? Онда не белгіленеді? Үйге тапсырма: Кез келген тауарға жарнама жасап келу. Күні: Сабақтың тақырыбы: Тамақтану. Ас бөлмесін жинастыру, жиһаздарды орналастыру. Қауіпсіздік ережелері. Мақсаты:Білімділік-тәрбиелілік: ас үйі мен асханадағы пайдаланатын құралдарды, ыдыстарды атау, ас үйін жинауда еңбек дағдыларын қалыптастыру. Түзете-дамытушылық: Өз беттерімен асхана құралдарын пайдалана білуге және қолдана білуге үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Сөздік: сымщетка, ыдыс жуу орамалы. Ыдыс кептіргіш, ыдыс аяқтардың атаулары- кесе, қасық, шанышқы, тақтай, оқтау, кескіш, пышақ қайрағыш т.с.с. Көрнекілігі: асханадағы құралдар, ыдыс-аяқтар. Сабақ барысы: Үй тапсырмасын тексеру, жарнамаларды іліп түсіндіреді. Әр бала өз тауарын жарнамалайды. Жаңа сабақ: Балаларға алдын ала жасалған жарнамаларды ілемін, түсіндіремін. Жаңа сабаққа қатысты тауарлар жарнамаланады. Ыдыс-аяқ, қысқа толқынды пеш, газ плита, тоңазытқыш т.б. Енді осы тауарлар орналасқан орынға саяхат жасап келейік. Асханаға барады. Жарнамадағы заттар туралы айтамын, көрсетемін. Аспазшылармен кездеседі. Ас қоймасымен танысады. Ыдыс жуу орнын көреді. Асханадағы еңбек дағдыларымен, ережелерімен таныстырылады. Аспазшылардың еңбегін бақылайды. Қауіпсіздік ережелерімен танысады. Практикалық жұмыс: Үстел үстін бедендіру- сүлгі, ыдыс-аяқтарды орналастыру жұмыстары. Рефлексия. Ас үйдегі еңбек қауіпсіздігі неге керек? Асхана жұмысшыларының еңбегі туралы әңгімелеп беру. Үйге тапсырма: асханадағы қауіпсіздік ережелерді жазып келу. Сабақтың тақырыбы: Тамақтану. Тамақ дайындау кезіндегі қауіпсіздік ережелер. Гигиеналық талаптар. Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Тамақ дайындау кезінде гигиеналық талаптарды, қауіпсіздік ережелерді орындауға үйрету. Эстетикалық талғамын дамыту. Түзете-дамытушылық: Қауіпсіздік ережелерін жаттау кезіндегі есте сақтау қабілетін арттыру. Сөздік: ас қорыту, тиімді тамақтану, ас мәзірі. Көрнекілігі: қауіпсіздік техникасы көрсетілген таблица, тамақ дайындау құралдары. Практикалық жұмыстар: Асханадағы ыдыс жуушының еңбегін бақылау. Барысы: Үй тапсырмасын тексеру, ережелерді оқыту. Жаңа сабақ. Ой . әр сөздің соңғы әрпінен басталатын сөзді тез тауып айту. Мысалы: алма-асқабақ, қарбыз, зығыр,....барлық сөздер асханаға, тамаққа байланысты болу керек. Асханадағы қауіпсіздік ережелері жазылған, гигиеналық ережелер, талаптар жазылған қабырғаға ілінген плакаттармен таныстырылады. Аспазшылардың еңбегін бақылайды. Медбикенің гигиеналық талаптар туралы айтқан әңгіме-кеңесін тыңдау және оны орындау керектігі айтылады. Медбикенің кеңестерін тыңдайды. Ас мәзірі туралы айтылады. Ас мәзірін құрастырып көреміз. Әр бала өзінің бір күндік ас мәзірін айтып береді. Ойын: «Сәйкестендір». Қасық қысқатолқынды пеш Пышақ конфет Газплита кофе Шай шанышқы Секер тақтай Кастрюль балық Ет таба Рефлексия: Тиімді тамақтану деген не? Ол не үшін қажет? Сауалнама «Тиімді тамақтану –денсаулық кепілі». Үйге тапсырма: ас мәзірін құрып келу. Сабақтың тақырыбы: Компот кисель дайындау. Сабақтың мақсаты: Білімділік: компот дайындауға үйрету, тамақтану тақырыбы бойынша өткен материалды тиянақтау. Тәрбиелілік: Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Түзете-дамытушылық: Оқушының сөздік қорын молайту.Жұмыс барысында тапсырмаларды орындауда белсенді болуға дағдыландыру. Сабақ түрі. Практикалық сабақ. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Компот жасаудың технологиялық картасын көрсету, таныстыру Алмадан компот жасау, дайындау әдісімен таныстырылады. Қауіпсіздік ережесін қайталау. Пышақ, газплитамен жұмыс істеу ережелері. Практикалық жұмыс: гигиеналық ережелерді орындау (қолды сабынмен жақсылап жуу, бірнеше рет шаю.) құралдарды әзірлеу. Жемісті жуу. Алманы турау, дәнінен тазалау. Ыдысқа су құю, қайнатуға қою. Қантты өлшеп салу Алманың бөлшектерін салу, қайнату. Жай отқа қайнату. Оттан компотты алу. Басқа ыдысқа суытып құю. Өздері мұғалімнің көмегімен әзірлеген компоттан ауыз тию. Суытып ішу. Әдемі ыдысқа құйып, үстел басына барлығы бірге отырып компотты ішеді. Рефлексия. Әр кезең бойынша ретімен айтқызу. Сөйлем құрап байланыстырып әңгімелеу. Үйге тапсырма: өздеріне ұнайтын жемістердің суретін салу. Тақырыбы: Бутерброд түрлерін дайындау Мақсаты:Білімділік-тәрбиелілік: өз бетімен бутерброд дайындауға үйрету. Сурет бойынша әңгімелеп беруге үйрету. Түзете-дамытушылық: Бутерброд жасауға қызығушылығын арттыра отырып, жасалу ретін есте сақтауға баулу. Көрнекілігі: бутерброд дайындау тәсілі. Суреттер, рецептер. Сабақтың түрі: практикалық сабақ. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа тақырып бойынша әңгімеленеді. Бутерброд жасау жолын, ретін сақтай отырып бутерброд дайындау. Керекті тағамдар: нан, сыр, колбаса, қияр, қызанақ, жұмыртқа, сары май. Қауіпсіздік ережелері: пышақпен жұмыс істеуді үйрету, турау кезіндегі ережелерді айтып отыру. Бутерброд дайындалады. Өздеріне жасату. Өздерінің қалауы бойынша әзірлеу. Әр оқушы өздерінің қандай бутерброд жасағанын, қалай жасағанын әңгімелейді. Рефлексия. Бутербродты қандай тағамдардан жасадық. Үйге тапсырма: бутерброд мәзірін дайындап келу. Сабақтың тақырыбы: «Мамандық» Еңбекке орналасу. Мамандықтар шеруі. Мақсаты:Білімділік-тәрбиелілік: Жұмысшы мамандықтарды білу, атау, немен айналысатынын білуге үйрету. Мамандықтар шеруі кезінде өздерінің көрсетілген мамандықтар туралы не білетінін айтқыза отырып, басқа адамдардың еңбегіне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу. Түзете-дамытушылық: Әңгімелеу кезінде басқаларды тыңдауға, әңгіме құрастыра отырып, сөйлемдерді байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздік: агроном, дәнекерлеуші, архитектор, жоспарлаушы құрылысшы, дүкенші, есепші, мұғалім, инженер, дәрігер. Көрнекілігі: слайд «Мамандықтар шеруі». Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын сұрау. Жаңа тақырыппен таныстыру үшін балаларға сұрақтар қойылады. Тас, құм, цемент, қалақ – бұлармен кімдер жұмыс істейді? /құрылысшы Кітап, журнал, бор, тақта - бұлармен кімдер жұмыс істейді? /мұғалім/ Халат, бахила, шприц – бұларды қандай мамандар қолданады? /дәрігер/ Қағаз, компьютер, калькулятор – бұл кімдердің құралы? /есепші/ т.с.с. Осы барлық жұмыс істейтін адамдарды қалай атайды? /маман иесі/ Маман иесі болу үшін не керек? /мамандық/ Слайд көрсету. Жаңа сөздерді дәптерге жазып алады. Оқушыларға болашақта қандай маман иегері болғылары келетінін сұрау. Не үшін ...... болғың келеді? Ол мамандық туралы не білесің? Мамандық алу үшін қайда оқуға болады? /колледж, училище, жоғары оқу орындарында/. Дәнекерлеуші, көркемдеуші, архитектор мамандығы туралы туралы түсінік беріледі. Рефлексия. Мамандық не үшін керек? Қандай маман иелерін білесің? Өз ата-анаңның қандай маман иегері екенін айтып бер. Үйге тапсырма: Дәрігердің құралдарын суретке салу. Сабақтың тақырыбы: Мамандық. «Құрылысшы». Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: құрылысшы мамандығының түрлерін білуге, атап айтуға үйрету. Мамандық иелерінің немен айналысатынын айту. Түзетушілік: Қол моторикасын дамыту. Сөздік: Тас қалаушы, іргетас, каска, сылақшы, майлау, өңдеу. Көрнекілігі: Құрылысшы мамандығы туралы видеофильм. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үйден жасаған суреттерінен көрме ұйымдастыру. Жаңа сабақ: видеофильм қарау. Сұрақ: Бұл фильмде қандай мамандық туралы көрсетілген? Құрылысшы туралы нені білесің? Құрылыс материалдарын ата. /тас, шифер, құм, әктас, цемент, кірпіш, қамыс, тақтай т.с.с/ Үй салу үшін құрылысшы мамандығының қай түрлері қатысады. /жоспарлаушы, тас қалаушы, сылақшы, өңдеуші,т.с.с. Қол моторикасын дамыту. Тақырыпқа байланысты сурет салу. Жеке жеке салынған суреттерден шеру жасатып, әңгімелетуге үйретемін. Рефлексия: Қандай мамандықтар туралы сөз болды? Қандай құралдарды пайдаланды? Үйге тапсырма: Құрылысшы болсаң қандай ғимарат немесе үй салатыныңды қағазға сурет етіп салып келу. Күні: Сабақтың тақырыбы: Сауда кәсіпорындар Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Сатушы жұмысы туралы толық мәлімет бере отырып, еңбекті бағалауға кәсіптік бағдар беру. Достық қарым-қатынасқа баулу. Түзете-дамытушылық: Сатушы мамандығының қызығы мен қиындығын салыстыруға үйрету. Есте сақтау қабілетін арттыру. Сөздік: гир, теңге, грамм, шот, чек, сөре, электронды шот, тұтынушы, кәсіпкер. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сабақ. Өткен сабақтарда дүкендерге жасалған экскурсияда көргендерін естеріне түсіру. Дүкенде қызмет ететін адам нені білу керек? «Дүкен» рольдік ойынын ойнату. Оқушылар ойын кезінде бір-бірімен достық қарым-қатынасты қалыптастыра отырып ойнайды. Рольдерге бөлу кезінде өз қалаулары бойынша бөлініп, дүкенде көргендерін орындайды. Есептеу кезінде қателеспеу, артық ақшаны санап алу кезінде қателеспеуге, калькуляторды пайдалануға үйретіледі. Дүкендердің түрлерін айту. Тамақ дүкені /түрлі тағамдар, жеміс-жидектер, көкөністер, шырын, сусындар/. Тұрмыстық заттар дүкені /шаруашылыққа қажетті құралдар/ Құрылыс материалдар дүкені – құрылысқа қажетті құралдар сатылады. Жиһаздар дүкені – түрлі жиһаздар сатылады. Техникалық құралдар дүкені – телевизор, шаңсорғыш,.... Мата дүкені-түрлі маталар, іс тігу құралдары:түрлі жіптер, ілгек, безендіру ленталары, ине-жіп... Ойыншықтар дүкені Ыдыс-аяқ дүкені т.б. Үйге тапсырма: «Дүкеншінің еңбегі» әңгіме жазып келу. Сабақтың тақырыбы: Мамандық. «Аспазшы» Сабақтың мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Аспазшы мамандығы туралы толық мәлімет беру. Мектеп асханасындағы аспазшының еңбегін бақылау, олардың еңбегі туралы білуге, жұмысының қиын жақтарымен танысу. Еңбекті бағалау білуге үйрету Түзете-дамытушылық: Аспазшы жұмысының еңбегіне деген қызығушылық қалыптастыра отырып, оқушылар зейінін дамыту. Сөздік: мұздатқыш, ас сақтау блогы, газплита, ыдыс-аяқ сақтау блогы Көрнекілігі: асхана, асханадағы құралдар, қабырғадағы түрлі пайдалы кеңестер. Сабақтың түрі: экскурсия. (алдын ала аспазшылармен келісіп қою). Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Асханаға экскурсия. Асханадағы аспазшылармен амандасу, әңгімелерін тыңдау. Жұмысының қызық және қиындықтары әңгімесін тыңдай отырып, өз ойларын айту. Ас блогына ақ халатпен кіретінін ескерту, шаруашылық меңгерушісінің ас блогының орнымен таныстыру, әңгімесін тыңдау. Аспазшылардың еңбегін бақылау. Күніне қанша адамға ас дайындалады. Әрқайсысының атқаратын қызметі туралы айтылады. Асханадағы қабырғада ілулі тұрған кеңестермен таныстырылады. Ол не үшін ілінгенін түсіндіріледі. Диетологтың әңгімесін тыңдау. Қорытынды: Асханада тазалық не үшін керек? Не себепті ақ халатпен кіреді? Диетолог маманы асханада нені қарайды? Үйге тапсырма: «Аспазшы» тақырыбына шығарма жазу. Күні: Сабақтың тақырыбы: «Менің сүйікті ісім- менің бақытты болашағым» Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Оқушылардың мамандық атауларын атау, олардың немен шұғылданатынын әңгімелеуге үйрету. Еңбекті бағалай білуге үйрету. Түзетушілік: Сөздік қорын дамыту. Сөздік: білім, мамандық, жұмыс беруші, келісім-шарт, жалақы, еңбек демалысы. Көрнекілігі: фотоматериалдар. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Тыңдау. Жаңа сабақ. Мамандықтың түрлерін олардың белгілерін , мекемелерін түсіндіру. Менеджер, инженер, дәрігер, мұғалім, есепші, құрылысшы сөздерін қатыстырып әңгіме құрастыру ұсынылады. Мысалы: Дәрігердің жұмысы әрі қызық, әрі қиын. Олар адам өмірінің арашасы, емдеп қана қоймай, салауатты өмір сүруге үйретеді. Балалар дәрігері балаларды, хирург ота жасап емдесе, тіс дәрігері тісті емдейді.... Басқа да мамандықтар туралы айтылады. Әр бала өз білетіндерін айтып, басқалардың айтқанын тыңдайды. Слайд арқылы суреттер көрсетіледі. Жұмысқа алу үшін келісім шарт жасалады. Жұмыс көлеміне қарай жалақы төленеді. Жұмыс беруші білімінің, мамандығының қажетті жұмысқа сәйкестігін қарап, жұмысқа қабылдайды. Фотоматериалдармен жұмыс. Сурет қиындылары беріледі. Бүтін суретті құрастырып береді. Сурет бойынша әңгімелейді. Қорытынды: Мамандықтың қандай түрлері туралы айтылды? Өзіңе ұнайтын мамандықтар? Үйге тапсырма: «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбына әңгіме айтуға әзірлену Сабақтың тақырыбы: Мекеме. Ұжым. Ұжым атаулары. Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Өз ауылындағы, жақын жерлердегі шаруашылық, өнеркәсіп орындарын мекемелерді білу. Олардың қандай қызмет атқаратынын білу, түсіндіру. Түзете-дамытушылық: Ұжым туралы түсінігін қалыптастыру. Оқушылардың сөздік қорын байыту. Зейіні мен есте сақтау қабілетін арттыру. Көрнекілігі: Суреттер, слайд. Сөздік: мамандық, кәсіп, ұжым, мекеме. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа материал: Мекеме деген не? Ұжым деген не? Ұжым мүшелеріне кімдер кіреді? Мамандық деген не? Ауылда қандай мекемелер бар? Олар қай жерлерде орналасқан? Сұраққа жауап алу арқылы балалардың өз ауылы туралы білімдері тексеріледі. Қосымша толықтырылады. Келесі сабақта баратын мекеме атауларын атап, оларды алдын ала айтып қоямын. Мамандық иелері мен мекеменің атауымен таныстырамын. Ұжым, мамандық, мекеме. Аптека-аптекарь, цех- тігінші, етікші, мектеп-мұғалім, кітапхана- кітапханашы, аурухана-дәрігер, пошта-хат тасушы, дүкен-сатушы, зауыт-инженер, Қорытынды. Қайталау сұрақтары. Үйге тапсырма:Осы мамандық иелеріне қоятын сұрақтар ойластырып келу. Сабақтың тақырыбы: Мекеме. Ұжым. Мекемелерге экскурсия. Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Мекемелерге бару кезінде көшеде жүру ережелерін сақтауға , ұжым мүшелерінің еңбегін бақылауға құрметтеуге үйрету. Түзетушілік: Оқушының сөздік қорын дамыту. Оқушы біліміне қойылатын талаптар: өз ауылындағы мекеме, өнеркәсіп, шаруашылық орындарын білу. Орналасқан орындарын таба білу. Экскурсия. Киім, аяқ киім тігетін цехтарға, аптекаға, почтаға экскурсияға шығу. Қауіпсіздік ережелері қайталанады. Көшеде жүру, жолда жүру ережелері айтылады. Мекеме жұмысын бақылау. Жұмысшылардың еңбегін бақылау, сұқбаттасу. Мекеме ішіндегі ережелерді, қауіпсіздік ережелерді қайталату. Үйге тапсырма: «Етік тігу цехы» тақырыбында әңгіме құрастыру. Күні:18.03.2022ж Сабақтың тақырыбы: Байланыс құралдары. Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Оқушыларға байланыс құралдарына жататын құралдар туралы түсінік беру. Мамандардың еңбегін бағалау, сыйластық қарым-қатынас орнатуға баулу. |