|
Силлабус, Омыртқалылар зоологиясы, 2022. Биология Оытушылар Жасыбаев М. Б., б.. к., ауым профессоры
-АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СИЛЛАБУС
«Омыртқалылар зоологиясы»
(5 ECTS)
(2 курс, 4 семестр, 2021/2022 оқу жылы)
(6В01513 - Биология) Институт - Жаратылыстану және география
Кафедра - Биология
Оқытушылар - Жақсыбаев М.Б., б.ғ.к., қауым. профессоры, Сексенова Д.У., биология магистры, аға оқытушы
Байланыс: 87476246640 zh.murat_1966@mail.ru, 87785289224 s.dana_1971@mail.ru Бақылау формасы: тест, жазбаша, ауызша
2. Критериалды бағалау:
«Омыртқалылар зоологиясы» пәні бойынша білім алушылардың ағымдағы оқу нәтижелерін критериалды бағалау
| Білім алушы:
| A
| - оқу материалдарын шығармашылық деңгейде, қосымша материалдарды қолдана отырып,
дәлелді түрде меңгерген;
- оқу материалдарының проблемалық аспектілерін айқындай алады;
- алған білімді креативті түрде өмірлік жағдаяттарды шешуде қолдана алады.
| A -
| - білім беру бағдарламасы негізінде оқу материалдарын толық меңгерген;
- оқу материалдарын қосымша материалдармен толықтыра/дәлелдей алады;
- алған білімді оқу тапсырмаларын шығармашылықпен/өзбетінше орындайды;
- оқу тапсырмаларын орындауда елеусіз қате жіберуі мүмкін.
| B+
| - алған білімді шығармашылықпен практикада/түрлі жағдаяттарда қолдануға дағдыланған;
- тапсырманы орындауда сыни көзқарасы қалыптасқан;
- оқу іс-әрекеттерін жетілдіруді жоспарлай алады.
| B
| - тапсырманы орындауда алған білімді типтік/проблемалық жағдаяттарда қолдана алады;
- вариациялық тапсырмаларды орындауға дағдыланған;
- шығармашылық тапсырманы топпен орындауда белсенділік танытады, өз қатесін дер кезінде
көре біледі.
| B-
| - білім беру бағдарламасы негізінде оқу материалдарын меңгерген;
- оқу материалдарының біртұтастығын, ондағы себеп салдарлы байланыстарды ажырата алады.
| C+
| - тапсырманы типтік жағдайда орындауға дағдыланған,
- вариациялық тапсырмаларды орындауы төмен;
- тапсырманы өзбетінше орындауда оқу іс-әрекеттерінде қателік жібереді, шығармашылық
тапсырмаларды топпен орындайды.
| C
| - теориялық білімді жаңа жағдаятта және/немесе практикалық тапсырманы орындауда қолдана
алмайды.
| C-
| - оқу материалдарын меңгеруге қызығушылығы бар, оқу нәтижесі тиісті деңгейге жеткіліксіз;
- оқу тапсырмаларын топпен орындайды, талқылау, пікірталасқа қатысы төмен.
| D+
| - оқу материалдарының мазмұнын репродуктивті деңгейде меңгерген;
- алған білімді практикалық іс-әрекетте қолдана алмайды;
- тапсырманы өзбетінше орындауы мен оқу жетістіктері жеткіліксіз.
| D
| - оқу материалдары құрылымының біртұтастығын (себеп-салдарлы байланыстарын)
түсінбейді;
- тапсырмаға берілген жауабы дұрыс емес;
- тапсырманы өзбетінше орындауға дағдыланбаған.
| F
| - ғылыми терминнің мән-мағынасын білмейді;
- иммитациялық тапсырмаларды орындай алмайды;
- алған білімін күнделікті жағдаяттарда қолдана алмайды.
|
«Омыртқалылар зоологиясы» пәні бойынша емтихан жұмысын бағалау шкаласы
| Балл: 1 сұрақ-30, 2 сұрақ – 30, 3 сұрақ - 40
| Білім алушы:
| A
| - сұрақтарға стилистикалық сауатты, әрі логикалық тұрғыда дұрыс жауап берілген;
- теориялық білім нақты мысалдармен келтірілген;
- ғылыми терминология дәлме-дәл қолданылған;
- тапсырманы орындауда шығармашылық тәсіл қолданылған және тәжірибелік тапсырма толық
орындалған.
| A-
| - ғылыми терминологияны қолдануда жеке қателіктер немесе дәлсіздіктер жіберілген, дегенмен
ол оқу материалын білмеу және түсінбеудің салдары болып саналмайды;
| B+
| - тапсырманы орындауда шығармашылық тәсіл қолданылған, дегенмен, тәжірибелік тапсырма толық орындалмаған;
| B
| - баяндауда жауаптың логикалық және ақпараттық мазмұнын бұрмаламайтын бірнеше
қателіктер жіберілген;
- жауаптың негізгі мазмұнын баяндауда бір-екі кемшіліктер жіберілген.
| B-
| - ғылыми терминологияны қолдануда қателік немесе екіден астам кемшіліктер жіберілген;
- тәжірибелік тапсырма толық көлемде орындалмаған.
| C+
| - білім алушы сұрақты жалпы түсінген және жеткілікті білімі бар, дегенмен, материалдың
мазмұны толық немесе жүйелі түрде ашылмаған, түсініктерді анықтауда, терминді қолдануда
қателіктер жіберілген;
- тәжірибелік тапсырма толық көлем орындалмаған.
| C
| - білім алушы теориялық білімді жаңа жағдаятта және/немесе тәжірибелік тапсырманы
орындауда қолдана алмаған.
| C-
| - теориялық материалды игеруде негізгі білік пен дағдылардың жеткіліксіз қалыптасқандығы
байқалады.
| D+
| - оқу материалының негізгі мазмұны ашылмаған;
- оқу материалын білмеуі немесе оның маңызды бөлігін түсінбегендігі анықталған.
| D
| - ұғымдарға анықтама беруде және терминдерді пайдалануда қателіктер жіберілген.
| F
| - білім алушы оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыларды толық меңгермеген.
|
Үй тапсырмаларын немесе БӨЖ орындау уакыты келесі жағдайларда (мыс: ауру, төтенше жағдай, жол апаты, күтпеген жағдайлар және т.б. ) ұзартылуы мүмкін. Білім алушының сабақ кезінде тапсырмаларды орындауы және талқылауға қатысуы пәнге қойылатын жалпы баға кезінде ескеріледі. Сабақ кезіндегі құрылымдық сұрақтар, диалог және пән тапсырмалары бойынша кері байланыстар ескеріледі, ынталандырады және оқытушы қорытынды бағаны шығарған кезде әрбір студенттің сабаққа қатысуын ескереді.
Жиынтық бағалау:
1. Әрбір аудиториялық сабаққа төменде көрсетілген график бойынша алдын-ала дайындалуыңыз керек;
Тапсырманы дайындау тақырыпты талқылайтын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс;
2. Үй тапсырмалары пән графигінде (жоспарында) көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді;
3. Үй тапсырмаларының көпшілігі жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады;
4. Семестр бойы Сіз оқытылатын материалды пайдаланасыз.
БӨЖ орындау кезінде келесі ереже сақталуы тиіс:
БӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс, одан кейін БӨЖ қабылданбайды.
3. Курстың академиялық презентациясы
Оқу курсының түрі: МК/ВК/ТК
Пәннің мақсаты студенттерге омыртқалы жануарлар туралы белгілі бір дәрежеде білім беру. Ғылыми көзқарасты қалыптастыруда, халық шаруашылығында омыртқалы жануарлардың практикалық мәнін көрсетуде, студенттерді жануарлар дүниесін, әсіресе сирек және жойылып бара жатқан жануарлар түріне аяушылықпен қарауға тәрбиелеуде, табиғатты қорғауға жоғары жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.
«Омыртқалылар зоологиясы» пәнінің негізгі міндеттері: курсты оқу арқылы студенттерді кәсіптік дайындыққа қажетті білімімен қаруландырады, өздігінен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
- алуан түрлі жануарлардың топтарын табиғи жағдайда зоологиялық тұрғыдан дұрыс сипаттап жинақтайды;
- төменгі және жоғарғы сатыдағы жануарлардың морфологиялық ерекшеліктерін және негізгі таксономиялық категориялардың айырмашылығын жіктейді;
- кез-келген ортада биологиядан қалыптасқан білімдерін бағалайды;
- зоологияның тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, оның биологиялық ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылықтарын, зоологияның даму тарихы мен қазіргі заманғы жағдайын, жануарлардың ерекшеліктерін түсінеді;
- білім алушылар биология аясында алатын білімдерінің маңыздылығына, қажеттілігіне қарай оқып - үйреніп, оны кәсіби деңгейде қолдануға шешім қабылдайды. 4. Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
Мысалы:
(Сабаққа міндетті түрде/міндетті емес қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және болмауы 0 балмен бағаланады.
Тапсырмаларды (БӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсырмаларды орындау мерзімі бұзылған жағдайда айыппұл ретінде балдары шегеріліп бағаланады.
Академиялық адалдық және біртұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиатқа, жалған жасауға, шпаргалкаларды пайдалануға, білімді бақылаудың барлық кезеңдерінде көшірмеуге, оқытушыны алдауға және оған құрметпен қарамауға жол бермеу.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес, көмек ала алады: zh.murat_1966@mail.ru, s.dana_1971@mail.ru
.
5. Ақпараттық ресурстар: (Интернет-ресурстарды қоса алғанда)*
Батырова К.И., Жаксыбаев М.Б., Майматаева А.Д., Сексенова Д.У. Омыртқалылар зоологиясы Электрондық оқулық, Атлас. Алматы, 2015 ж. 273 Mcb
ru.wikipedia.org/wiki/Зоология
school-textbooks.webshops.ru/g32820 – 14 Кб
book.marketgid.su/book/4180729 – 4 Кб
binton.narod.ru/Temporary/Texno/b5.html – 3 Кб Оқу әдебиеттері:
1. Олжабекова Қ.Б., Есжанов Б.Е. Омыртқалылар зоологиясы. 2 бөлім. - Алматы: Қазақ университеті, 2007, б.368
2. Жақсыбаев М.Б., Батырова К.И., Сексенова Д.У. Зоология – 2. Омыртқалылар зоологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы, 2019, б.132
3. Демеуов Ж.Д., Жақсыбаев М.Б., Батырова К.И., Демеуова Л.Н., Сексенова Д.У., Майматаева А.Д. Омыртқалылар зоологиясының зертханалық жұмыстары. Оқу құралы. 1 бөлім. Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010, б. 136
4. Демеуов Ж.Д., Жақсыбаев М.Б., Батырова К.И., Демеуова Л.Н., Сексенова Д.У., Майматаева А.Д. Омыртқалылар зоологиясының зертханалық жұмыстары. Оқу құралы. 2 бөлім. Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010, б.140 6. Оқу курсының тақырыбын жүзеге асыру күнтізбесі:
Апта/күні
| Тақырып атауы (дәріс, практикалық сабақ, СӨЖ)
| Сағат саны
| Ең жоғары балл
| 1
| 2
| 3
| 4
| 1
| Дәріс 1. Кіріспе. Хордалылар типіне сипаттама
| 1
| 2
| Зертханалық сабақ 1. Ланцетниктің сыртқы және ішкі құрылысы
| 2
| 5
| БӨЖ 1. Хордалы жануарлардың филогениясы. Хордалы жануарлардың эволюциясы
БӨЖ кеңес беру және қабылдау. Хордалы жануарлардың филогениясы және эволюциясы тақырыбына баяндама, кесте жасап толтыру
|
| 3
| 2
| Дәріс 2. Личинкахордалылар немесе қабықшалылар тип тармағына сипаттама
| 1
| 2
| Зертханалық сабақ 2. Дөңгелекауыздылардың сыртқы және ішкі құрылысы (өзен миногасы мысалында)
| 2
| 5
| БӨЖ 2. Төменгі сатыдағы хордалы жануарлардың филогениясы. Төменгі сатыдағы хордалы жануарлардың эволюциясы
БӨЖ кеңес беру және қабылдау. Кесте түрінде өткізу
|
| 3
| 3
| Дәріс 3. Басқаңқасыздар тип тармағына жалпы сипаттама
| 1
| 2
| Зертханалық сабақ 3. Шеміршекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы (тікенді акула мысалында)
| 2
| 5
| БӨЖ 3. Басхордалылар класы. Басқаңқасыздардың эволюциясы. Басқаңқасыздардың филогениясы
БӨЖ кеңес беру және қабылдау. Презентация түрінде қорғау
|
| 3
|
4
| Дәріс 4. Омыртқалылар немесе Басқаңқалылар тип тармағына жалпы шолу
| 1
| 2
| Зертханалық сабақ 4. Шеміршекті балықтардың қаңқасы
| 2
| 6
| БӨЖ 4. Омыртқалылар немесе Басқаңқалылар тип тармағының шығу тегі, эволюциясы және практикалық маңызы
БӨЖ кеңес беру және қабылдау. Презентация түрінде қорғау
Бақылау жұмысы
|
| 12
| 5
| Дәріс 5. Балықтар класс тобына жалпы сипаттама. Жақауызды омыртқалылардың морфологиясы, құрылыс ерекшеліктері. Шеміршекті балықтар класы. Систематикасы. Сыртқы және ішкі құрылысы. Тіршілік ерекшеліктері. Экологиясы
| 1
| 2
| Зертханалық сабақ 5. Сүйекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы (алабұға мысалында)
| 2
| 5
| БӨЖ 5. Жақсыздар және жақауызды омыртқалы жануардардың экологиялық топтары, практикалық маңызы
БӨЖ кеңес беру және қабылдау. Конспект, баяндама, презентация түрінде толық сипаттама жасау
|
| 3
| 6
| Дәріс 6. Сүйекті балықтар класы. Систематикасы. Сыртқы және ішкі құрылысы. Тіршілік ерекшеліктері. Экологиясы
| 1
| 2
| Зертханалық сабақ 6. Сүйекті балықтардың қаңқасы
| 2
| 5
| БӨЖ 6. Қазақстанның балықтары және олардың таралуы, Қызыл кітапқа енгізілген балықтар түрлері, практикалық маңызы
БӨЖ кеңес беру және қабылдау. Кесте түрінде өткізу
|
| 3
| 7
| Дәріс 7. Құрлықта тіршілік ететін омыртқалылар. Төртаяқтылар класс тобы. Қосмекенділер класына сипаттама, құрылысының морфологиялық ерекшеліктері, жіктелуі, шығу тегі мен эволюциясы
| 1
| 2
| Зертханалық сабақ 7. Қосмекенділердің сыртқы және ішкі құрылысы (көлбақаның мысалында)
| 2
| 5
| БӨЖ 7. Қосмекенділердің түрлері, экологиялық топтары, Қазақстандағы түрлері
БӨЖ кеңес беру және қабылдау. Конспект, баяндама, презентация түрінде толық сипаттама жасау
|
| 3
| 8
| Дәріс 8. Төртаяқтылар класс тобы. Қосмекенділердің қаңқасы
| 1
| 2
| Зертханалық сабақ 8. Қосмекенділердің қаңқасы
| 2
| 6
| БӨЖ 8. Қосмекеніділер негізгі отрядтары, Қызыл кітапқа енгізілген қосмекенділер түрлері, тіршілік ету аймақтары
Бақылау жұмысы
|
| 12
| 1 аралық бақылау, барлығы
|
| 100
| 9
| Дәріс 9. Бауырымен жорғалаушылар класына жалпы сипаттама
| 1
| 2
| Зертханалық сабақ 9. Кесірткенің сыртқы және ішкі құрылысы
| 2
| 5
| БӨЖ 9. Бауырымен жарғалаушылардың түрлері, экологиялық топтары, Қазақстандағы түрлері
БӨЖ кеңес беру және қабылдау. Бауырымен жарғалаушылардың түрлерін, экологиялық топтарын салыстырып жазу
|
| 3
| 10
| Дәріс 10. Бауырымен жарғалаушылардың қаңқалық ерекшеліктері
| 1
| 2
| Зертханалық сабақ 10. Бауырымен жарғалаушылардың қаңқасы
| 2
| 5
| БӨЖ 10. Бауырымен жарғалаушылардың негізгі отрядтары. Қызыл кітапқа енгізілген бауырымен жарғалаушылардың түрлері
БӨЖ кеңес беру және қабылдау. Конспект, баяндама, презентация түрінде толық сипаттама жасау
|
| 3
| 11
| Дәріс 11. Құстар класына жалпы сипаттама
| 1
| 2
| Зертханалық сабақ 11. Құстардың сыртқы және ішкі құрылысы
| 2
| 5
| БӨЖ 11. Құстардың түрлері, экологиялық топтары, практикалық маңыздылығы
БӨЖ кеңес беру және қабылдау. Конспект, баяндама, презентация түрінде толық сипаттама жасау
|
| 3
| 12
| Дәріс 12. Құс қаңқасының құрылысы. Ұшуға байланысты құстардың қаңқа құрылысындағы ерекшеліктер
| 1
| 2
| Зертханалық сабақ 12. Құстардың қаңқасы
(Басқаңқасы, омыртқа жотасы, иық, жамбас белдеулері, қанат және аяқ қаңқалары)
| 2
| 5
| БӨЖ 12. Халықшаруашылығындағы ерекшеліктер, құстардың қоныс аударуы
Бақылау жұмысы
|
| 3
| 13
| Дәріс 13. Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама
| 1
| 2
| Зертханалық сабақ 13. Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылысы
| 2
| 6
| БӨЖ 13. Сүтқоректілер класына систематикалық шолу, отрядтары.
БӨЖ кеңес беру және қабылдау. Конспект, баяндама, презентация түрінде толық сипаттама жасау
|
| 12
| 14
| Дәріс 14. Сүтқоректілердің қаңқалық ерекшеліктері.
| 1
| 2
| Зертханалық сабақ 14. Сүтқоректілердің қаңқасы
| 2
| 6
| БӨЖ 14. Сүтқоректілердің морфологиялық ерекшеліктері, суда және кеңістікте тіршілік ететін түрлері
БӨЖ кеңес беру және қабылдау. Кесте түрінде толтыру
|
| 12
| 15
| Дәріс 15. Сүтқоректі жануарлардың шығу тегі мен эволюциясы, практикалық маңызы, қорғау шаралары
| 1
| 2
| Зертханалық сабақ 15. Сүтқоректілердің түрлерін анықтау
| 2
| 6
| БӨЖ 15. Қазақстанда тіршілік ететін сүтқоректілердің түрлері, таралу аймақтары
БӨЖ кеңес беру және қабылдау. Конспект, баяндама, презентация түрінде толық сипаттама жасау
Бақылау жұмысы
|
| 12
| 2 аралық бақылау, барлығы
|
| 100
|
Оқытушылар: ____________ Жақсыбаев М.Б.
____________ Сексенова Д.У. |
|
|