лекция 5 ХТСЛВ. Биологиялы белсенді заттарды химиясы мен технологиясына кіріспе. Жаа дрілік заттарды деуді негізгі сатылары
Скачать 2.42 Mb.
|
«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» КеАҚ Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасы «Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы» пәні БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯСЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫНА КІРІСПЕ. ЖАҢА ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ӨҢДЕУДІҢ НЕГІЗГІ САТЫЛАРЫ АЛМАТЫ 2022 №5 дәріс тақырыбы: х.ғ.к., доцент Қалдыбаева А.Қ. ЖОСПАР:БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАР БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАР – БҰЛ АДАМ АҒЗАСЫНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРГЕ ӘСЕРІН ТИГІЗЕТІН ЗАТТАР БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЛИПИДТІ ПРЕПАРАТТАР Майлардың сіңірілуінің бұзылуы ДӘРУМЕНДЕР ДӘРУМЕНДЕРДІҢ АШЫЛУ ТАРИХЫНАН... ДӘРУМЕНДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ АҒЗАДАҒЫ ДӘРУМЕНДЕР КОНЦЕНТРАЦИЯСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ А ДӘРУМЕНІ ҚЫЗҒЫЛТ ПИГМЕНТ – КАРОТИН А дәрумені жетіспеушілігін білдіретін белгілер: D ДӘРУМЕНІ (КАЛЬЦИФЕРОЛ) ЖАҢА СИНТЕТИКАЛЫҚ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ АЛУ СТРАТЕГИЯСЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРАғзаның құрамына енетін және алмасу үрдісіне қатысатын заттар Ағзаға тағам, дәрілік препараттар арқылы түсетін заттар БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАР – БҰЛ АДАМ АҒЗАСЫНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРГЕ ӘСЕРІН ТИГІЗЕТІН ЗАТТАРдәрумендер көмірсулар майлар ақуыздар алкалоидтар гликозидтер дубильді заттар БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІБиологиялық белсенді заттар (ББЗ) – физика-химиялық қасиеттеріне байланысты тірі жасушалар мен ағзада өтетін биохимиялық, физиологиялық, генетикалық және т.б. өзгерістерді туғызатын қосылыстар.Ағзаға түскен ББЗ бірнеше топқа бөлінеді:Биоинертті – ағзада қорытылмайды (целлюлоза, гемицеллюлоза, лигнин, кремнийорганикалық полимерлер, поликарбонаттар және т.б.); Биоүйлесімді – ағзада баяу сіңіріледі немесе ферменттеледі (спирт, полиэтиленоксид, целлюлозаның суда еритін эфирлері және т.б.); Биоүйлесімсіз – ағза тінінің зақымдануын тудырады (полиантрацендер, бірқатар полиамидтер және т.б.) БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРҒА ЖАТАДЫ:Липидті препараттар – медициналық май, полиен, ПҚпМҚ (полиқанықпаған май қышқылдары) концентраты; Дәрумендер – А және D дәрумендерінің концентраттары; камполон. Гормоналды заттар – инсулин, адреналин; Полисахаридтер – хитозан, D-глюкозамин, альгинаттар, агар; Ферментті препараттар – теңіз сүтқоректерінің АІТ; Нуклеин қышқылдарының препараттары – РНҚ, ДНҚ; Минералды заттар – тұздар. Липидтер (гр. lípos — май) — барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік үрдісінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар ЛИПИДТЕР Май тәрізді заттарға: холестерин, майда еритін А, D витаминдері және кейбір гормондар жатады. Липидтерге майлар және май тәрізді заттар — липоидтер жатады. Ішектерде тағамдық майдың сіңірілуі үшін оның эмульсиялануы қажет. Өт жолдарының бітелуі, өт қабығының қабынуы (холецистит) және бауырдың кейбір аурулары кездерінде тағамдық май эмульсияланбауынан сіңірілмейді. Сонымен қатар, майлардың сіңірілуінің бұзылуы ішек эпителийлерінің қызметі төмендегенде болуы мүмкін. Бұндай жағдайлар А және В гиповитаминоздар кезінде байқалады. Тамақтың құрамында Са2+, Мg2+ көп болғанда, олармен май қышқылдарының ерімейтін тұздары құрылады да, майдың сінірілуі төмендейді. ДӘРУМЕНДЕРДәрумендер – ағзада синтезделетін немесе ағзаға тағаммен түсетін биологиялық белсенді заттар, аз мөлшерде ағзаның қалыпты зат алмасуына септігін тигізеді ДӘРУМЕНДЕРДІҢ АШЫЛУ ТАРИХЫНАН...1881 жылы орыс дәрігері Н.И.Лунин өз эксперименттері негізінде тамақ құрамындағы қандай да бір ерекше заттардың болмауынан адамның ауруға ұшырауын анықтады 1911 жылы поляк ғалымы К.Функ тазартылмаған күрішпен қоректенген көгершіндерді сал (паралич) ауруынан емдеген затты күріш кебегінен алды. Ол бұл затты витамин (лат.vita-тіршілік) деп атады. ДӘРУМЕНДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ12 2 6 В В2 Суда еритіндер С В6 В3 Н Майда еритіндер D Е К А Q F АҒЗАДАҒЫ ДӘРУМЕНДЕР КОНЦЕНТРАЦИЯСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫГИПОВИТАМИНОЗағзадағы дәрумендердің жетіспеушілігіГИПЕРВИТАМИНОЗағзадағы дәрумендер мөлшерінің артуы(А және Д дәрумендерінің ғана артуы ағзаны ауруға шалдықтырады)АВИТАМИНОЗ қандай да бір витаминнің күрт жетіспеушілігінен болатын ауру. (Мысалы:бери-бери, пеллагра, құрқұлақ(цинга) және т.б.)А ДӘРУМЕНІЭпителий ұлпаларының дамуын, қалыпты өсуін реттейді; Ферменттер жұмысын күшейтеді; Өсу витамині деп аталады; Жануартекті өнімдерде-бауыр, сарымай, балық майында кездеседі; Өсімдіктекті өнімдерде-құрамында каротины бар сәбіз, қызанақ, асқабақ, тәтті қызыл бұрыш, өрікте кездеседі; Тәуліктік мөлшері 1-1,5мг. ҚЫЗҒЫЛТ ПИГМЕНТ - КАРОТИНКаротиноидтар ( лат. carota -сәбіз және грек. eidos - түр), қызғылт және сарғыш табиғи пигменттер тобы. Жарық сәулесін сіңіру арқылы фотосинтез процесіне қатысады; Эндоплазмалық тордың жарғақшасында сіңіріліп, секреттік, тасымалдаушы нәруыздардың қалыптасуына әсер етеді; Митоз үрдісінде жасушаның бөлінуін реттейді. Адам ағзасына тағаммен түскен каратиноидтардан А дәрумені түзіледі. А дәрумені жетіспеушілігін білдіретін белгілер:Күндізгі жарық көзге әдеттен тыс жағымсыз әсер етеді; Түнде көру нашарлайды, яғни ақшам сокырлық байқалады; Шынтақ, тізе, бөксе қызарады; Тамақтың сілемейлі қабықшасы жиі қабынады; Баста қайызғақ пайда болады D ДӘРУМЕНІ (КАЛЬЦИФЕРОЛ)Сүйектердің қалыпты дұрыс дамуын қамтамасыз етеді; Бұлшықет тонусын күшейтеді; Ферменттер жұмысына әсер етеді; Ағзадағы кальций алмасуын жүзеге асырады; Күннің ультракүлгін сәулелері арқылы ағзада түзіледі; Тәуліктік қажеттілігі 1 мг; Балық майында, бауырда, жұмыртқа сарыуызында т.б. кездеседі. D дәруменінің жетіспеушілігіМешел (рахит) ауруын тудырады: Фосфор–кальцийлік алмасу бұзылады; Бойдың өсуі баяулайды; Сүйектің беріктігі төмендейді; Аяқ сүйектері қисаяды; Бас, қарын үлкен болады. ЖАҢА СИНТЕТИКАЛЫҚ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ АЛУ СТРАТЕГИЯСЫ- Танымал синтетикалық (табиғи) дәрілік заттар құрылысының химиялық модификациясының принципі- Белгілі дәрілік қосылыстың фармакофорлық тобын жаңа заттың молекуласына енгізу принципіАзотты иприт – лимфогранулематоз, лимфома және лимфосаркома, лейкоз жағдайларында химиятерапиялық емдеу кезінде қолданылған Сарколизин - сік ауруларына жылдам әсер етеді ҚОРЫТЫНДЫҚорыта келгенде, бұл дәрісте биологиялық белсенді заттарға сипаттама жасай отырып, олардың жіктелуіне, химиясы мен технологиясына, қайнар көзіне тоқталған. Биологиялық белсенді заттардың көзі болып табылатын липидтер, дәрумендер туралы, олардың адам ағзасына әсері қарастырылған. Жаңа синтетикалық дәрілік заттарды алудың стратегиясы да келтірілген. 1. Солдатенков А.Т., Колядина И.М., Шендрик И.В. Основы органической химии лекарственных веществ. М.: Химия, 2001., 192 с. 2. В.Л. Мещеряков Фармацевтическая химия. – Саратов. – 2016 г., 57 с. Пассет Б.В. Основные процессы химического синтеза биологически активных веществ. М.: ГЕОТАР-МЕД, 2002 г., 376 с. 3. Беликов В.Г. Фармацевтическая химия, 2007 г., 620 с. 4. Майофис Л.С. Технология химико-фармацевтических препаратов. Л: Медгиз, 1968., 270 с. 5. Вартанян Р.С. Синтез основных лекарственных средств. М.: МИА, 2004 г.,425с. 6. Патсаев Ә.Қ., Жайлауов С.Ж. «Органикалық химия негіздері». Шымкент, 2005, 1-кітап. – 359 б. 2005, 11-кітап. -441б., 2005, 111-кітап. 232б. Пайдаланылған әдебиеттер: |