Бірінші дегейлі йымдар кімге арналан экстрагенитальді патологиясы бар йелдерге
Скачать 57.82 Kb.
|
1 2 оперативтіемдеу- ремиссия кезеңіндебартолинбезініңкистасынсылыпалу антибактериальді ем емдіқажететпейді 45. Жатыр мойнын айнамен қарағанда цервикальді өзектің сыртқы аңқасының гиперемиясы, ісінгені, қызарғаны және шырышты қабатының томпаюы анықталды. Осы көрініс қандай патологияға тән:
46. Науқас 22 жаста, қышу, ашу сезіміне, сүт түсті бөліністер бөлінуіне шағымданады. Қараған кезде гиперемия анықталды, бөліністер ірімшік тәрізді. Сіздің диагнозыңыз:
47. Қынап бөліндісінің тазалық дәрежесін сынақтаңыз - қынаптық таяқшалар жоқ, барлық көру алаңында лейкоциттер, клеткаішілік және клетка сыртында орналасқан грамм оң және грамм теріс бактериялар көп: A. І дәрежелі B. ІІ дәрежелі C. ІІІ дәрежелі D. ІУ дәрежелі E. У дәрежелі 48. Функциональды диагностика тесттерінің қайсысы ағзаның эстрогенді қаныққандығын көрсетеді A. "қарашық"симптомы , КПИ B. Шихан симптомы C. Гирсутизм D. Базальды температура E. Гиперполименорея 49. Қабылдау бөліміне жүктіліктің 35 аптасында ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуымен жүкті әйел келді. Толғақтары әрбір 4-5 минут сайын, 25-30 секундтан. Қынаптық зерттеу кезінде жатыр мойны жазылған, шеттері орташа қалыңдықта, жатыр аңқасының ашылуы 2 см. Ең ықтимал диагноз қайсысы? A. Жүктіліктің 35 аптасы. Мерзімінен алдын босану. B. Жүктіліктің 35 аптасы. Мерзімінен алдын босану қаупі. C. Жүктіліктің 35 аптасы. Босанудың І кезеңі. D. Жүктіліктің 35 аптасы. Жалған толғақтар. E. Жүктіліктің 35 аптасындағы мерзімді босану. 50. Қайта босануы, толғақ басталғанына 5 сағат болды. Толғақ әр 2-3 мин.сайын, 40-50 секунд бойы, күші орташа. PV: жатыр мойны жазылған, 7 см ашық, қағанақ қабы бүтін. Басы кіші жамбастың кіреберіс жазықтығына қондырылған. Жебе тәрізді жік оң қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақ, алда. Босанудың темпі қандай? A. Шектен тыс B. Қанағаттанарлық C. Жақсы D. Жеткіліксіз E. Босану әрекетінің әлсіздігі бар 51. Алғаш босанушы, жамбас өлшемдері қалыпты және жетілген жүктілік. Босану әрекеті басталғанына 4 сағат болды, қағанақ қабы бүтін. Нәрестенің жүрек соғысы 140 рет/мин, сол жақта, кіндіктен төмен. Жатыр мойны жазылған, 1,5 см ашық. Алғашқы бөлік нәресте басы, кіші жамбастың кіреберісіне қондырылған. Жебе тәрізді жік оң қиғаш өлшемде, кіші еңбек солжақ, алда. Босану темпі қандай? A. Жақсы B. Қанағаттанарлық C. Жеткіліксіз D. Шектен тыс E. Босану әрекетінде әлсіздік бар 52. Босану әрекетінің ретті толғағы басталғаннан соң 11-сағаттан кейін қағанақ суы кетті және күшену басталды. Нәресте жүрек соғысы анық, ырғақты 128рет/мин. РV: жатыр мойны толық ашылған, қағанақ қуығы жоқ, алғашқы бөлік нәресте басы. Жебе тәрізді жік сол қиғаш өлшемде, артта. Үлкен еңбек сол жақ алда. Кіші еңбек үлкен еңбектен төмен орналасқан. Сегізкөз ойығының жоғарғы жартысы және шат қосылымының жоғарғы ішкі бетін бас жауып жатыр. Шонданай өсі анықталады. Бұл босану механизмінде нәресте басы қай өлшемде өтеді және туылады? A. Кіші қиғаш B. Үлкен қиғаш C. Орта қиғаш D. Тік E. Вертикальді 53. Босанушыны қынаптық тексеру кезінде анықталды: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қабы жоқ. Бас сегізкөз ойығын және қасаға қосылысын толығымен алып жатыр. Шоңданай төмпектері және құйымшақ ұшы пальпацияланады. Оқ тәрізді тігіс оң қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақтан, алдынан. Ұрықтың түрін және позициясын анықта: A. артқы түр, 2 позиция B. алдыңғы түр, 2 позиция C. артқы түр, 1 позиция D. алдыңғы түр, 1 позиция E. дұрыс жауап жоқ 54. Мерзімі жеткен жүктілігі бар қайта босанушы перзентханаға келіп түсті. 30 минут бойы ретті босану қызметінің басталуы анықталды. Сулар кетпеген. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 140 соққы. Босану қызметінің қалыптығын белгілеу үшін қынаптық тексеруді партограмманың ережелері бойынша жүргізу қажет. Босану кезінде қынаптық тексерудің жиілігін анықтаңыз? A. 6 сағат сайын B. Әр 5 сағатта C. 3 сағат сайын D. 2 сағат сайын E. 4 сағат сайын 55. Мерзімі жеткен жүктілігі бар қайта босанушы, босану әрекеті басталғанынан 2 сағаттан кейін келіп түсті. Толғақтар 5-6 минут сайын, 20-25 секундтан. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 130 рет минутына. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны жайылған, ашылуы 2 см., қағанақ қабы бүтін. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісіне орныққан. Мүйіс анықталмайды. Босанудың қандай фазасына бұл акушерлік жағдай жатады? A. белсенді фазасына B. латентті фазасына C. баяу фазасына D. әлсіз фазасына E. босану фазасына 56. Босанушы босанудың екінші кезеңінде. Күшенулер 1–2 мин. 50-55 сек. Күшенулер арасында ұрықтың жүрек соғысы минутына 150 рет. Ұрықтың басы бұтаралықты жарып шығуда. «Ана қауіпсізді» бағдарламаға сәйкес босану тактикасын анықтаңыз? A. Перинеотомия жасау B. Бұтаралықты қорғамау C. Бұтаралықты қорғау D. Эпизиотомия жасау E. Пудендалды анестезия жүргізу 57. Алғаш босанушы, 22 жаста, 4 сағат бойы босануда. Мерзімі жеткен жүктілік, жамбас өлшемдері 25-28-31-21см. Ұрық басымен кіші жамбастың кіреберісіне қондырылған. Ұрық жүрек соғысы минутына 120 рет, анық, ырғақты. Толғақтар 5-6 минут сайын, 40 секундтан, күші орташа. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны жайылған, ашылуы 3см. Қағанақ суы кетпеген. Сагиталды жігі сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ алдында. Диагнозын анықтаңыз? A. Мерзімі жеткен жүктілік. Басымен жатуы, II позиция, алдыңғы түрі. Босанудың I кезеңі, белсенді фаза. B. Мерзімі жеткен жүктілік. Басымен жатуы, I позиция, алдыңғы түрі. Босанудың I кезеңі, латентті фаза. C. Мерзімі жеткен жүктілік. Басымен жатуы, II позиция, алдыңғы түрі. Ұрықтың құрсақішілік гипоксиясы. D. Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңінің әлсіздігі. Басымен жатуы, II позиция, алдыңғы түрі. E. Мерзімі жеткен жүктілік. Басымен жатуы. 1 позиция, артқы түрі. Босанудың I кезеңі, белсенді фаза. 58. Алғашқы босанушы 23 жаста, 12 сағат ретті толғақтар. Акушерлік зерттеуде: ұрықтың орналасуы ұзына бойы, басымен келіп тұр. Ұрықтың жүрек соғысы нашарлаусыз. Ұрықтың болжам салмағы 3100,0 грамм. Қынап арқылы қарағанда: жатыр мойнының ашылуы 5 см, қағанақ қабы бүтін. Цервикограмма шара қолдану сызығына келді. Осы сатыда сіздің іс-әрекетіңіз? A. 5 ӘБ окситоцинмен босануды күшейту B. Амниотомия жасау C. Бақылауды жалғастыру D. Босануды кесар тілігімен аяқтау E. Көк тамырға аскобин қышқылымен глюкозаны егу 59. 28 жастағы алғаш босанушы, босанудың екінші кезеңі 40 минут бойына жалғасуда, күшенуі әлсіз, басы үлкен сегментімен кіші жамбасқа кіре берісте, қынаптық зерттеу кезінде қондырылуы дұрыс, тар жамбас жоқ. Ұрық жағдайы жақсы. Не істеу керек: A. окситоцин енгізу B. акушерлік қысқыштар салу C. вакуум экстракция қолдану D. кесар тілігін жасау E. перинеотомия жасау 60. Келесі босану биомеханизмі баспен жатудың қай түріне жатады: кіші жамбасқа кіре берісте басы иілген, кіші жамбас қуысында бастың ішкі бұрылысы жүріп, шүйдесімен артқа қарайды, бастың қосымша иілуі, бастың жазылуы: A. төбемен B. маңдаймен C. бетпен D. шүйдемен жатудың алдыңғы түрі E. шүйдемен жатудың артқы түрі 61. 20 жастағы алғаш босанушы, гистерограммада жиырылу төменгі сегменттен басталады. Диагнозы қандай: A. қалыпты босану қызметі B. дискоординирленген босану қызметі C. босанудың 1 кезеңінде босану қызметінің әлсіздігі D. шамадан тыс босану қызметі E. босанудың 1 кезеңіндегі екіншілік әлсіздік 62. 30 жастағы алғаш босанушы әйелде, жүктілігінің 38-39 аптасында, 6 сағаттан аса уақыт бойына мазалаған ішінің төменгі бөлігінің жиілігі, ұзақтығы және күштілігі бойынша ретсіз ауырсынуымен келіп түсті. РV кезінде: жатыр мойны «пісіп жетілмеген». Сіздің диагнозыңыз: A. прелиминарлы кезең B. патологиялық прелиминарлы кезең C. босанудың І кезеңінің әлсіздігі D. босанудың І кезеңі E. мерзімінен бұрын босану қаупі 63. 39-40 апталық жүктілігімен қайта босанушы әйел іштің төменгі бөлігінің және бел аймағындағы ретсіз тартып ауыру сезіміне шағымданып перзентханаға келіп түсті. Жағдайы қанағаттанарлық. Нәресте орналасуы тік,баспен орналасқан. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ретті,минутына 150 соққыға дейін. PV:қынап босанған әйелдікі, жатыр мойны ортада орналасқан,2,5смге дейін қысқарған,жұмсақ консистенциялы,цервикалды өзек 1 к\с ішкі ернеуден өтеді, «өтпелі» валик анықталмайды,қағанақ суы бүтін,баспен орналасқан,кіші жамбас кіреберісіне бекіген. Қандай жүргізу тактикасы нысаналы болып табылады: A. іс әрекет қажет емес B. амниотомия жасап,босануды қоздырумен жалғастыру C. окситоцинмен босануды қоздыруды бастау D. простагландиндермен босану жолдарын дайындау E. ламинариимен босану жолдарын дайындау 64. Қайта босанушыда босанудың II кезеңінде нәресте басының кіші жамбас жазықтықтары арқылы 1сағат 30 мин бойында жылжуы байқалмайды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Нәрестенің жүрек соғысы зардап шекпейді. Күшенуі әр 1-2 мин сайын,60 секундтан,жақсы күшпен. Қынаптық тексеруде:жатыр ернеуі толық ашылған, қағанақ қабы жоқ,нәресте басы кіші жамбас кіреберісінде орналасқан,жебе тәрізді жігі алға қасағаға қараған. Аталған диагноздардың қайсысы ең дұрыс болуы мүмкін? A. босанудың II кезеңі.Жатыр жыртылу қауіпі. B. босанудың II кезеңі. Клиникалық тар жамбас. C. босанудың II кезеңі. Артқы шүйделік асинклитизм. D. босанудың II кезеңі. Алдыңғы шүйделік асинклитизм. E. босанудың II кезеңі.Босану әрекетінің әлсіздігі. 65. Босану бөліміне әйел мынадай диагнозбен түсті: Жүктіліктің 38 аптасы + 0 күн. Босанудың І кезеңі. Плацентаның орталық орналасуы. Қан кету. Геморрагиялық шоктың І дәрежесі. Көпбосанған. Жәй жалпақ жамбас. Ұрықтың антенаталді асфиксиясы. Сіздің ең ықтимал тактикаңыз қандай? A. Босануды консервативті жүргізу. 2 көк тамырды катетеризациялап, инфузионды терапияны бастау. B. Босануды ұрықбұзушы операциямен аяқтау. Қанның орнын басатын сұйықтарды құю. C. Босануды консервативті жүргізуді бастау. Қан кету күшейген жағдайда босануды кесар тілігі операциясымен аяқтау. D. Босануды кесар тілігі операциясымен шұғыл түрде аяқтау. Инфузионды терапия. E. Окситоцинмен босануды күшейтуді бастау. Босануды табиғи жолмен жүргізу. 2 көк тамырды катетеризациялап, инфузионды терапияны бастау. 66. Әйел, мерзімді жүктілігімен 7 сағат бойына босануда, толғақтары әрбір 3-4 минут сайын 30-35 секундтан. Анамнезінде: үшінші жүктілігі, алдыңғы екі жүктілігі медициналық түсікпен аяқталған, соңғысы эндометритпен асқынған. Жыныс жолдарынан аздап қан кету басталғанына шағымдана бастады. Қынаптық зерттеу кезінде анықталды: жатыр мойны жазылған, ашылуы 7-8 см, ұрық қапшығы бүтін, сол жақ шетінде борпылдақ тін анықталады. Сіздің тактикаңыз қандай? A. амниотомия жасап, босануды табиғи жолмен жалғастыру B. амниотомия жасап, босануды кесар тілігі операциясымен аяқтау C. босануды консервативті жүргізу D. амниотомия жасап, акушерлік қысқыштар салу E. окситоцинмен босануды күшейту 67. Мерзіміне жеткен қыз баламен мерзімді босану жүрді, салмағы 3200,0, ұзындығы 52 см. 30 минутқа дейін плацентаның бөліну белгілері болмады, жыныс жолдарынан қанды бөлінулер жоқ. Ең ықтимал диагноз қайсысы? A. босанғаннан кейінгі кезеңнің қалыпты ағымы B. бала жолдасының жатырда қалып қоюы C. плацентаның тығыз бекітілуі D. плацентаның қысылып қалуы E. плацентаның шынайы бітісуі ??? 68. Әйелдер кеңесі орнына жүкті әйел жыныс жолдарынан қан кетуіне шағымданып түскенде (жүктіліктің ІІ жартысында), акушер-гинекологтың тактикасы келесідей болу керек: A. Жалпы қарауды жүргізбеу B. Байқап сыртқы акушерлік тексеру жүргізбеу C.Жүкті әйелді тез арада перзентханаға жіберу??? D. Күндізгі стационарда қаралуды ұйымдастыру E. Қынаптық зерттеу жүргізу 69. Босанудың ІІІ кезеңіндегі плацента бөлінуінің белгілері болмай тұрып қан кеткендегі дәрігердің тактикасы: A. Гентер әдісін қолдану B. Креде-Лазаревич әдісін қолдану C. Плацентаны қолмен бөліп, бала жолдасын шығару D. Абуладзе әдісін қолдану E. Спазмолитикалық затттарды енгізу 70. Босанған әйел С, 28 жаста, салмағы 4300,0 баланы босанғаннан кейін күмбезге жеткен жатыр мойнының қанап тұрған жыртылуы анықталған. Қандай акушерлік тактика барынша тиімді болып табылады? A. жатыр мойнының жыртығын кетгут жібімен тігу B. операция бөлмесі дайын тұрған кезде анестезия жүргізіп, жатыр қуысын қолмен зерттеу керек C. жатыр қуысын қолмен зерттеп, жатырға жұдырықта массаж жасау D. жатыр денесі жыртылмағанын дәлелдегеннен кейін, жатыр мойнының жыртығын тігу E. лапаротомия, қосалқысыз жатыр экстирпациясын жасау 71. 30 жастағы босанған әйелде бала жолдасы шыққаннан кейін 20 минуттан соң босану жолдарынан қан кету басталдыт. Бала жолдасы бүтін. Жатыр тығыз. Жалпы қан кету 200,0 мл. Дәрігер тактикасы:
72. Қайталап босанушы әйел күні жетілген жүктілікпен ішінің ауырсынуына, бас айналуына және жыныс жолдарынан 100 мл қан кетуге шағымданып келіп түсті, босану қызметі жоқ. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, бетінде, аяғында ісік бар. АҚҚ 95/60 мм. с.б., тамыр соғуы 96 рет/мин., әлсіз. Жатыр күні жетілген жүктілікке сәйкес ұлғайған, керілген, пальпация кезінде кіндік тұсында локальды ауырсыну анықталады. Ұрықтың жүрек соғуы естілмейді. Диагноз және дәрігердің тактикасы: A. Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы, амниотомия жасап, босануды окситоцинмен қоздыру B. Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы, геморрагиялық шок, шұғыл түрде кесар тілігі операциясымен босандыру C. Босану ізашары. Бақылауды жалғастыру. D. Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы. Амниотомия жасау, гемотрансфузия E. Жатыр жыртылуы. Шұғыл түрде лапаротомия 73. Қайталап босанушы 32 жаста. Жүктілігі – 8, босануы - 3. Толғақ басталысымен жыныс жолдарынан ал қызыл түсті, орташа мөлшерде қанды бөліністер пайда болды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 120/80 мм с.б., ұрықтың орналасуы ұзына бойы, басымен келіп тұр. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты 130 рет минутына. Қынап арқылы қарағанда: жатыр мойнының ашылуы 4 см, қағанақ қабы бүтін, ернеуінің түсында бұдырлы жұмсақ қағанақ кабы және плацентананың тіні анықталады. Сіздің диагнозыңыз: A. Плацентаның толық босану жолында орналасуы B. Плацентаның жиектеп орналасуы C. Плацентаның орталық орналасуы D. Плацентаның қаптал орналасуы E. Төменгі плацентация 74. 20 жастағы әйелде стресті жағдайдан кейін жүдегені, бас ауыруы, ұйқысыздық, жұмысқа қабілеті төмендегені, 6 ай көлемінде етеккірінің болмағаны байқалады Диагноз: A. Штейна – Левенталь синдромы B. гипоменструальды синдром C. аменореяның гипоталамусты түрі D. адреногенитальды синдром E. Шершевский – Тернер синдромы 75. Науқас М., 20 жаста, клиникаға жүктіліктің 16 аптасында, ентігумен, ұрықтың созылмалы гипоксиясымен келіп түсті. Тексеру барысында Айерс синдромы (бірінші ретті өкпелік гипертензия), декомпенсация сатысындағы созылмалы өкпе текті жүрек, қан-айналым жеткіліксіздігінің ІІ сатысы анықталған. Қарағанда: пульсі минутына 68 рет, АҚ 100/60 мм. сын. бағ. Келесі күні науқастың жағдайы нашарлап, тыныштықта ентігу, жалпы әлсіздік, еріндерінің көгеруі пайда болды. Сіздің науқасты әрі қарай жүргізудегі тактикаңыз қандай болады? A. науқасты қалыпты жүктілер сияқты әрі қарай бақылау B. стационар жағдайында жүктілікті жасанды жолмен тоқтату C. науқасты барокамерада арнайы емдеу, жасанды жолмен туғызу D. стационар жағдайында арнайы терапия жүргізу арқылы науқасты бақылау E. науқасты амбулаторлы емдеп, уақыты келгенде жасанды жолмен туғызу 76. Науқас К., 24 жаста. Шақыру себебі: іштің ауырсынуы. Ннауқас іштің төменгі жағындағы ауырсынуға, жыныс жолдарынан қанды бөліністерге шағымданады. Анамнезінен: науқас өзін бір тәулік бойына аурумын деп есептейді. Оны ешнәрсемен байланыстыра алмайды. Но-шпаны қабылдады. Гинекологиялық анамнезі: етеккірі 2 аптаға кідірген. Объективті: жағдайы орташа дәрежеде. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. АҚ 120 және 80 мм.сб. Тамыр соғысы минутына 100 рет. Іші жұмсақ, аздап үрілген. Жыныс жолдарынан қанды бөлініс. Нәжісі және диурез қалыпты. Қандай диагноз? A. эндометриоз B. ішек инвагинациясы C. жатырдан тыс жүктілік D. аналық без апоплексиясы E. аналық без кистасының бұралуы 77. Науқас К., 20 жаста. Шақыру себебі: жүкті әйелдің жағдайы нашар. Қараған кезде дене қызуының жоғарылауына, жөтелге, кеуде қуысындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінен: жүктілік – 2. УДЗ мәліметтері бойынша 27-28 апта. Суықтанғаннан кейін ауырып қалды. Қараған мәліметтерден: дене қызуы 380С, тахипноэ минутына 22 рет. Сол жақта тынысы әлсіреген, төменгі бөліктерде ылғалды көпіршекті сырылдар. Жүрек тондары анық, ритмі дұрыс, АҚ 120/80 мм.сын.бағ. Іші жүктілік уақытына сәйкес ұлғайған, кернеулі емес, ауырсынусыз, ұрық баспен келіп тұр. Жатырдағы ұрықтың жүрек соғысы анық. Жыныс мүшелерінен бөліністер байқалмайды. Жедел медициналық көмек көрсету дәрігерінің тактикасы қандай? A. 2 деңгейлі босану стационарына жатқызу B. 3 деңгейлі босану стационарына жатқызу C. Емханаға аумақтық дәрігерге активті беру D. Аурухананың соматикалық бөліміне жатқызу E. Аумақтық аурухананың босану бөліміне жатқызу 78. 32 жастағы әйел жыныс ағзаларынан қан кетуіне шағымданды. Анамнезінде – дәрігерге қаралудан 2 апта бұрын екінші рет мезгілінде босану болған. Бұл жағдайдағы жатырдан қан кетудің жиі кездесетін себебі неде? A. Литопедион B. Децидуалді тін C. Плацентарлы полип D.Түтікшелік жүктілік E. Эндометрийдің кері дамуы 79. Науқас У., 18 жаста. Негізгі симптомдары: тік ішекке таралған іштің төменгі жағының жедел ауыруы, жыныс жолдарынан аз мөлшердегі қанды бөлінділер. Ауырсыну менструалды циклың 14 күні, жыныстық қатынастан кейін пайда болды. АҚ 100/70 мм рт ст. Пульс 80 минутына. Дене қызуы 36,9С. Пальпация жүргізгенде іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында ауру сезімі бар. Іш перденің тітіркену симптомы теріс. Айнамен зерттегенде– цервикалды каналдан аз мөлшерлі қанды бөлініс байқалады. Қынаптық зерттеу – сыртқы ернеу жабық. Жатыр қалыпты, anteversio, аnteflexio, қозғалмалы, ауырсынбайды, консистенциясы тығыз. Сол жақ қосалқысы пальпацияланбайды. Оң жақ қосалқы маңайында аурусынатын, шеті дұрыс анықталмайтын түзілім пальпацияланады. Артқы күмбез сезімтал. Сіздің диагнозыңыз? A. ДЖҚ B. Жедел аппендицит C. Жатырдан тыс жүктілік D. Аналық без апоплексиясы E. Он екі елді ішек жарасының перфорациясы 80. 24 жастағы науқас гинекологиялық бөлімге 3 жыл бойғы біріншілік бедеулік себебімен қаралуға жатқызылды. Етеккірі ретті, аз, аурусынады. Базалды температурасы екі фазалы. Қынаптық зерттеуде: жатыр антефлексияда, ұлғаймаған, қозғалмалы. Қосалқылары екі жақтан да анықталмайды, пальпацияға сезімтал. Гистеросальпингографияда – жатыр түтіктерінің өткізгіштігі сақталған, посткоиталды тест оң. Бедеуліктің себебін анықтау үшін тағы қандай зерттеулер жүргізу керек? A. Трансвагиналды эхография, МРТ B. Лапароскопия, трансвагиналды эхография C. Туберкулиндік сынамалар, гистероскопия D. Лапароскопия, туберкулиндік сынамалар E. Бір мезгілде жасалған лапароскопия және гистероскопия 81. 30 жастағы науқас әйелдер кеңесіне 7 жыл бойы жүкті бола алмауына шағымданып келді. Етеккірі 2-3 ай сайын болып тұрады. Қараған кезде: әйелдер фенотипі, дене бітімі дұрыс, тамақтануы жоғары (дене салмағының индексі – 34). Қынаптық зерттеуде: сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған. Жатыр денесі қалыптыдан кіші, қосалқылар аймағында екі жақтан да 3х4х4см мөлшерде түзіліс пальпацияланады, тығыз, қозғалмалы, ауырусынбайды. Базальді температурасы – монофазалы, кариопикнотикалық индекс 60-70%. Күйеуінің спермограммасы өзгеріссіз. Болжамды диагнозыңыз? A. Психогенді бедеулік B. Генитальді инфантилизм C. Эндокринді бедеулік (СПКЯ) D. Екі жақты аналық безінің кистасы E. Түтіктік бедеулік (жыныс мүшелерінің туберкулезі ) 82. Науқас әйелге овуляцияны кломифенмен ынталандырған. Емдеуден 6 күн өткен соң науқас ішінің төменгі жағында жедел ауырсынуы, жүрек айну пайда болып, бір рет құсты. Объективті: тері жабындысы боз. АҚ 80\60 мм с. б., пульсі минутына 94 рет. Іші қатты, Щеткин Блюмберг симптомы сол мықын аймағында оң. Айнамен зерттеу: патологиялық өзгеріс байқалмайды. Қынаптық зерттеу: іштің қаттылығынан ішкі жыныс мүшелерін пальпациялау мүмкін емес. Қандай ем қолданасыз? A. Консервативті емдеу B. Хирургиялық, аналық безін тігу C. Хирургиялық, аналық безін алып тастау D. Хирургиялық, аналық безін сау тіннің бойымен резекциялау E. Лапароскопия, аналық безінің қанап тұрған тамырларын электрокоагуляциялау 83. Науқас 15 жаста. Гинекологиялық стационардан ЮЖҚ диагнозымен шығарылды. Қан тоқтату мақсатында гормоналды гемостаз новинетпен кесте бойынша жүргізілді. Стационарда 7 күн емделіп, қан кету тоқтағаннан кейін шығарылды. Сіздің алдағы жүргізу тактикаңыз? A. ҚАК режимі бойынша новинетпен 6 ай емдеу B. Новинетті тоқтатып, гестагенді тағайындау C. ҚАК режимі бойынша новинетті 21 күн, кейін – симптоматикалық емдеу D. ҚАК режимі бойынша новинетті 3 ай, кейін 6 айға дейін гестагенді тағайындау E. ҚАК режимі бойынша 21 күн новинетпен, кейін - кесте бойынша 3 ай гестагенмен емдеу 84. Әйелдер кеңесіне 28 жастағы науқас ішінің төменгі жағы мен белінің сыздап ауырсынуына шағымданып келді. Жүктілік мерзімі 13-14 апта. Анамнезінде бір босану және үш жасанды түсік. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының ұзындығы 2,5 см, орталықта орналасқан. Жатыр мойнының өзегі бір саусақ өткізеді, жатыр жүктілік мерзімен сәйкес ұлғайған, жыныс жолдарынан аздаған мөлшерде шырышты бөлінділер. Жүктілікті үзу қаупінің болжама себебі: A. ИЦЖ B. Әйелдің жасы C. Гиперэстрогения D. Rh-сәйкессіздік E. Құрсақішілік жұқпалар 85. 30 жастағы науқас стационарға ішінің төмегі жағының ауыруына және жыныс жолдарынан жағылған қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Анамнезінде жатыр қуысын қайталамалы қырумен 2 өзіндік түсік. Қынаптық зертеуде: жатыр мойны сақталған, сыртқы өзегі саусақ ұшын өткізеді, жатыр 5-6 апталық жүктілікке дейін ұлғайған, қосалқылары анықталмайды, күмбездері терең. Соңғы етеккірі 1,5 ай бұрын болған. Сіздің болжама диагнозыңыз: A. Жүктіліктің 5-6 аптасы. Жолдағы түсік B. Жүктіліктің 5-6 аптасы. Толық емес түсік C. Жүктіліктің 5-6 аптасы. Өзіндік түсік қаупі D. Жүктіліктің 5-6 аптасы. Басталған өзіндік түсік E. Жүктіліктің 5-6 аптасы. Жатырдан тыс жүктілік 86. Науқастың негізгі симптомдары: іштің төменгі жағының жедел ауырсынуы, құсу, зәр шығарудың жиіленуі, дене қызуы 380С дейін көтерілуі, пульс минутына 98 рет. Іші орташа кепкен, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Жатырдың оң жағы мен алдында қозғалтқанда жанға батып ауыратын, қозғалысы шектелген көлемі 6х6см, тығыз эластикалық түзіліс пальпацияланады. Бөлінділер ірің тәрізді. Қандай диагноз ықтимал? A. Ішектің тарылуы B. Бүйрек шаншуы C. Аналық без апоплексиясы D. Аналық без ісігінің бұралуы E. Тубоовариалды түзілісі болған жатыр қосалқысының жедел қабынуы 87. Науқаста келесі симптомдар байқалады: тік ішекке таралатын іштің төменгі жағындағы қатты ауырсыну, жүрек айну, жалпы әлсіздік, дене қызуы 400 С көтерілуі, қалтырау, жыныс жолдарында шырышты-іріңді бөліділер. Менструалды циклінің 10 күні ауырды. Жатырішілік спираль (ЖІС) 4 жыл бұрын қойылған. ҚҚ 120/80 мм. с.б. Пульс минутына 90 рет. Тілі құрғақтау. Іші кепкен, төменгі жағын пальпациялағанда жанға батып ауырады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Айнамен зерттеу: бөлінділер – шырышты-іріңді. ЖІС мұрты көрінеді. Қынаптық зерттеу: жатыр мойны цилиндрлі, сыртқы ернеуі жабық. Жатыр және қосалқылары қатты ауырсынудан пальпациялау мүмкін емес. Күмбездері тайыздалған. Болжамды диагноз? A. Несеп-тас ауруы, ЖІС B. Жедел аппендицит, ЖІС C. ЖІС фонында пайда болған жедел эндометрит D. ЖІС фонында пайда болған эндометрит, жедел екі жақты сальпингит E. ЖІС фонында пайда болған жедел іріңді эндометрит, пельвиоперитонит 88. 18 жасар науқас АҚ көтеріліп, жүрегі қағып, төс маңайындаға ауыру сезімі, аяқ-қолы салқындап, жансыздану, өлімнен қорқыныш пайда болу шағымдарымен келді. Осы симптомдар етеккіралды синдромының қай формасына тән: A. Ісіну B. Кризді C. Цефалгиялық D. Нейропсихикалық E. Вегетативті миокардиодистрофия 89. 16 жастағы қыз бала етеккірінің жоқтығына шағымданып дәрігерге келді. 15 жасынан ай сайын ішінің төменгі жағы ауырып, бір апта бұрын ішінде ісік пайда болғанын байқады. Бойы 160 см., салмағы 50 кг, екіншілік жыныстық белгілері дұрыс дамыған. Ішін пальпациялағанда үстіңгі деңгейі қасаға сүйегінен 4 см жоғары ісік байқалады. Сыртқы жыныстық мүшелері әйелдер типті, қынап кіреберісінде көкшіл түсті томпайған түзіліс байқалады. Кіші жамбас және оның аймағынан шыққан көлемі 16-17 апталық жүктілікке сай түзіліс пальпацияланады. Қосалқылар байқалмайды. Қандай диагноз ықтимал: A. Жатыр миомасы B. Жатырлық жүктілік C. Біріншілік аменорея. Қынап атрезиясы D. Жыныс мүшелерінің ақаулары. Біріншілік аменорея E. Қыздық пердесінің атрезиясы. Гематометра. Біріншілік жалған аменорея. 90. Пациент кесар тілігі операциясынан кейін ішінің ауырсынуына, дене температурасының 39 градусқа дейін көтерілуіне шағымданды, желі шықпайды, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Дәрігер тактикасы: А.жедел лапаротомия, инфекция ошағын алу, құрсақ қуысын санациялау мен дренаждау В.2-3 тәулік бойы консервативті ем С.консервативті ем 18-24 сағат бойы, нәтижесіз болса – лапаротомия, инфекция ошағын алу, құрсақ қуысын дренаждау D.құрсақ қуысын лапароскопиялық санациялау Е.лапаротомия, консервативті ем барысында 91. Жатыр мойнының скрининг-диагностикасы: А. тазалық дәрежесіне жұғынды В. онкоцитологияға жұғынды С. пап-тест D. жатыр мойнын айнымен қарау Е. бимануальді тексеру 92. Гистологиялық дәлелдеме жасау үшін биопсияға материалды қай жерден алады? А. патологиялық ошақ аймағынан В. патологиялық ошақтан 2-3см ары С. патологиялықошаққатигізбей D. өзгергентінменсаутінарасынан Е. дұрысжауапжоқ 93. Эндометрий қатерлі ісігінің негізгі симптомы: А. іштің көлемінің ұлғаюы В. жатырдан қан кету С. қалыпты етеккір циклі D. интоксикация Е. арықтау 94. Жатыр мойнының қатерлі ісігінің радикальды отасы: А. Жатыр мойны ампутациясы В. Қосалқыларынсыз жатыр экстирпациясы С. Вертгейм бойынша жатырдың қосалқыларымен кеңейтілген экстирпациясы D. Мықындықлимфаденэктомия Е. Жатыр мойны конизациясы 95. Аналық без ісігі кезінде гинекологиялық қарауда не анықтауға болады? А. Кіші жамбас қуысында ісіктік конгломерат В. Жатыр мойнының экзофитті ісігі С. Қынаптың бүдірлігі D. Жатырдың 12 апталық жүктілікке тән ұлғаюы Е. Шаптық лимфа түйіндерінің ұлғаюы 96. Эндометрийдің қатерлі ісігінің қай сатысында метастаз жатырдың денесіне, мойнына жайылып, бірақ аймақтық лимфа түйіндерінде анықталмайды? А. I б В. I в С. III а D. II Е. III б 97. Сүт безі ісігінде орындалатын радикалды операция қалай аталады: A. тері астылық мастэктомия B. ісікті сылып алу C. Мадден бойынша мастэктомия D. сүт безінің секторалды резекциясы E. сүт безінің ампутациясы 98. 25 жастағы науқас етеккір алдында сүт бездерінің ауырсынуына, сол жақ сүт безінің тығыздалуына шағымданады, сүт безінің пальпациясында сол жақ сүт безінде жоғарғы – сыртқы квадрантында 2см-ге дейін эластикалық консистенциялы, тегіс беткейлі, шекарасы айқын, шамалы ауырсынатын, Кенинг симптомы оң анықталды. Лимфотүйіндер ұлғаймаған. Диагностикалау үшін қандай әдіс қолданылады: А. Сүт безінің УДЗ В. Цитологиялық зерттеу С. Гистологиялық зерттеу D. Маммография Е. Онкомаркерге қан тапсыру 99. 51 жастағы науқаста жатыр денесінің I сатыдағы қатерлі ісігі анықталды. Ісік жатыр түбінде диаметрі 2см дейін, инвазия тереңдігі 3мм. Ісік жоғарыдифферецирленген, рецепторы оң. Емнің жүргізілуі: А. Ота + сәулелену В. Ота + сәулелену + гормонотерапия С. Ота + гормонотерапия D. Ота + химиотерапия Е. Бақылау 100. 32 жастағы науқасқа тез өспелі миомаға байланысты жатырдың қынапүстілік ампутациясы, қосалқысыз, жасалды. Гистологиясы – пролиферлеуші лейомиома. Емнің жүргізілуі А. Релапаротомия В. Полихимиотерапия С. Емдік сәулелену D. Бақылау Е. Монохимиотерапия 1 2 |