Игиликова. Бизнесжоспар Ст баытындаы ірі ара мал сіруді йымдастыру Жобаны сынушы Игиликова Меруерт Сауытбековна Тараз аласы 2022 ж
Скачать 164.46 Kb.
|
2.2. Өндірістер бағдарламасы1- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген Кесте 1. Өндірістің натуралды түрде жоспарланған бағдарламасы Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулер (тұтынушылардың басымдық берулерін айқындау мақсатында) нәтижелерінің негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар мен өнімді жеткізуге келісімшарттар жасасу жолымен жүзеге асырылатын болады. Кесте 2. Жоспарланған сату бағдарламасы
Бағаларды қалыптастыру кезінде тұтынушылардың орташа табыс деңгейі арқылы анықталды, олардың сатып алу қабілеттілігі ескерілді. Бағаларды қалыптастыру нарықтық бағаларға және өнімнің толық өзіндік құнына негізделді. Кесте 3. Өнімнің жоспарланған бағасы
Сүтке баға сатып алу бағасынан (ыдыстағы сүттің нарықтық бағасы - 300 тг./литр) сатып алу бағасына байланысты есептелді. Сиыр төлінің бағасы нарықтық баға ескеріле отырып жасалды («Казагромаркетинг» АҚ сайтынан). Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорынның сату бағасымен қатарлас жүретін болады. 3. Маркетингтік жоспар3.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасыӘлемдік ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 40% мал шаруашылығының үлесіне тиеді, әлем бойынша бұл салада миллиард адам жұмыс істейді. Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының барынша серпінді салалапрының бірі болып табылады. Соңғы он жыл ішінде сала тез дамыды және халықтың ұлғаюынан, әл-ауқатының артуы мен урбанизация есебінен мал шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс белсенді түрде өсетін болады. Сүт саласы республиканың агроөнеркәсіп кешенінің жетекші саласы болды және болып қала береді, Қазақстанда өндірілетін тамақ өнімдерінің шамамен 20% астамы оның үлесіне тиеді. Бұдан басқа, бүгінде 43 әлеуметтік маңызды өнім түрінен тұратын Қазақстанның азық–түлік қоржынының 11% астамын сүт өнімдері құрайды. Республикада жан басына шаққанда сүт өнімдерін тұтынуы жыл сайын ұлғаюда, бізде және жалпы әлемде оған деген сұраныс артуда. |