Главная страница

Игиликова. Бизнесжоспар Ст баытындаы ірі ара мал сіруді йымдастыру Жобаны сынушы Игиликова Меруерт Сауытбековна Тараз аласы 2022 ж


Скачать 164.46 Kb.
НазваниеБизнесжоспар Ст баытындаы ірі ара мал сіруді йымдастыру Жобаны сынушы Игиликова Меруерт Сауытбековна Тараз аласы 2022 ж
Дата29.09.2022
Размер164.46 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаИгиликова.docx
ТипДокументы
#705238
страница4 из 7
1   2   3   4   5   6   7

3.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер


Жамбыл облысында сүтті қайта өңдеу кәсіпорындары бар болғанымен, зерттелген өңір бойынша ауылдық елді мекендерде сүтті тереңдетіп қайта өңдеу объектілері жоқ.

3.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер


Республикада мал шаруашылығы экономиканың аграрлық секторының негізгі салаларының бірі болып табылады. Құнарлы жайылымдық жерлер мен қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар саланы дамытуға жақсы негіз жасауда. Мал шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мал мен құс санының, мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің тұрақты өсуін, мал мен құс өнімділігінің артуын, табынды толықтыруды қамтамасыз етеді.

Мал шаруашылығы саласындағы оң істерге мал шаруашылығында жүргізілетін асыл тұқымды селекциялық жұмыс белгілі түрде әсер етеді. Мал шаруашылығындағы асыл тұқымды база асыл тұқымды шаруашылықтар санының тұрақты өсуімен сипатталады, жыл сайын олардың саны 40-50 бірлікке ұлғайды. Алайда, жалпы мал басындағы асыл тұқымды малдың таза салмағы әлі де төмен күйінде қалуда.

Сиыр еті мен сүт өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру мақсатында мал шаруашылығында субсидиялар бөлуді шаруашылық етуші субъектілердің республикада өсірілетін малдардың тұқымы мен өнімділігін жақсарту процесін жеделдету үшін ірі қара малдың ең үздік генотиптерін пайдалана отырып республика көлемінде бірыңғай толықтыру жүйесін қарастыратын кең ауқымды селекцияға қатысу міндеттілігімен байланыстырды.


3.4 Маркетинг стратегиясы


Сүт өнімдерінің баға саясатын нарық қалыптастуырады. Нарықтың шешуші ойыншысы шикізаттың негізгі сатып алушылары - қайта өңдеу саласының кәсіпорындары болады.

Қайта өңдеу кәсіпорындарына шикізат ретінде сүтті сату бағасы - жыл бойы маусымдық ауысып отырады. Кәсіпорында өндірістің аяқталған циклі ұйымдастырылған, яғни терең өңделген сүтті соңғы тұтынушыға шығара отырып сүт өндірісін ұйымастырған жағдайда сүт өнімінің өзіндік құнын барынша төмендету мүмкін болады, бұл ретте бағаны нарық реттейді.

Сүт-тауар фермасын ұйымдастыруға байланысты қарастырылып отырған жағдайда өндірістік цикл анықталды: шикі сүт өндірісі. Бұл жағдайда өткізу арналарның құрылымы қарапайым және қысқа арна ретінде сипатталады. Қазақстан Республикасында сүт өнімдерін өткізу арналарын талдау және бағаларды әр түрлі арналар бойынша салыстыру өнімнің көп бөлігін шаруашылықтар қайта өңдеу кәсіпорындарына, көтерме сатып алу ұйымдарына, өз дүкендері желілері арқылы сататынын көрсетті.

Тұтыну жиілігі. Тұтынудың жоғары жиілігі өнімнің үнемі болуын және оңай алынуын тиісінше өткізу арнасының күрделілігін талап етеді. Сүт өніміне қатысты тауардың бұл түрі жиі тұтынылатын тауар тобына жататындығы фактісін атап көрсету қажет.

Өткізуге ынталандыру кезеңдері:

- Өткізу арналарының нысаналы буындарында әлеуетті сатып алушылар тізімін қалыптастыру;

- Имидждік материалдарды дайындау;

- Бонустар мен жеңілдіктер жүйесін әзірлеу;

- Нысаналы соңғы тұтынушыға шығудың бастапқы кезіндегі демпингтік саясат.

4. Техникалық жоспарлау

4.1 Техникалық процесс


Малды сүт-тауарлы фермаларда ұстау жағдайлары шаруашылық және басқа нақты жағдайларға байланысты болады. Қазіргі уақытта ірі қара мал фермаларында мал басын ұстаудың үш тәсілі қолданылады: байланатын, байланбайтын, құрамдастырылған.

Малды байлау тәсілімен ұстау сүт және ет-сүт фермаларында қолданылады. Ол бойынша мал қыста байлаулы орындарда, ал жазда – жайылым алаңдарында немесе лагерлерде ұсталады. Осылайша ұстау тәсілі кезінде әр малға байлау жабдығы, астауы, автоматты азықтандыру орны және қиын жинайтын құралдары бар белгілі орын бөлінеді. Бұл ретте сиырларды ұстау көп еңбек шығынан және ақша қаражатын талап етеді. Алайда, байлап ұстаған кезде сиырларды нормалы түрде жеке және топтап азықтандыру, жемазық пен астына төсейтін мпатериалды үнемдеу, әр малды жеке күту мүмкін болады.

Байламай ұстау тәсілі мал орын-жайда байланбай топталыпұсталады. Бұлайша ұстау кезінде мал жемазық пен суды еркін пайдаланады. Ұстаудың бұл тәсілі малды жайлау процесінжеңілдетуге, қажетті техникалар санын азайтуға, азайту есебінен амортизациялық аударымдар мен көліктік операциялар мен өнімнің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді. Алайда, бұлайша ұстау үшін жемшөп, өндірістік орын-жай мен астына төтейтін материал мол болуы қажет.

Құрамдастырылған ұстау тәсілі кезінде мал орын-жайда байлаулы, ал көктемгі, жазғы және күзгі жылы мерзімде - адаңдарда бос жайылады. Бұлайша ұстау тәсілі байлаулы және байлаусыз ұстау тәсілдері элементтерінен тұрады. Малды топтап нормалы түрде азықтандыру қажет, осылайша ұстау тәсілі кезінде жайылып азықтандырылатын алаңдардағы астауларда мал тамақтанған кезде оларды бекітетін жабдықтар орнатылуы тиіс.

Малды ұстаудың осы қарастырылған тәсілдерінің арасынан байлап ұстау тәсілі қолданылады, өйткені шаруашылық сүт фермасын ұстауды жоспарлап отыр. Малды осылайша ұстау тәсілі шаруашылықтың жемазық пен астына төсеу материалдарын үнемдеуге, сиырларға дербес күтім жасауға мүмкіндік береді.

1   2   3   4   5   6   7


написать администратору сайта