Главная страница
Навигация по странице:

  • Инвестициялық салымдардың құрылымы Сомасы, мың теңге

  • Өз қаражаты есебінен инвестициялау 67 000 Грант

  • 2.Өндірістік жоспар 2.1. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы

  • Игиликова. Бизнесжоспар Ст баытындаы ірі ара мал сіруді йымдастыру Жобаны сынушы Игиликова Меруерт Сауытбековна Тараз аласы 2022 ж


    Скачать 164.46 Kb.
    НазваниеБизнесжоспар Ст баытындаы ірі ара мал сіруді йымдастыру Жобаны сынушы Игиликова Меруерт Сауытбековна Тараз аласы 2022 ж
    Дата29.09.2022
    Размер164.46 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаИгиликова.docx
    ТипДокументы
    #705238
    страница2 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    1.3. Жоба құны, қаржыландыру көздері


    Жобаның жалпы құны 1 225 200 тенге.
    Инвестициялық жоспар

    Инвестициялық салымдардың құрылымы

    Сомасы, мың теңге

    Өзіндік қаражат

    67 000

    Грант

    1 225 200

    Өз қаражаты есебінен инвестициялау

    67 000

    Грант

    1 225 200

    Аналық бас сиырларды сатып алу

    1 225 200

    Жем-шөп алу

    67 000



    Жоба бойынша төмендегілерді сатып алу көзделген:

    1. Қыстау уақытында және сиырды сауу уақытында ірі және концентрациялық жем, сонымен қатар жем-шөп қоспалары (арпа, жоңышқа, тұз және т.б.) және басқа да шығындар 2022 жылға 67 мың теңге сомасы керекті деп есептелді.



    2.Өндірістік жоспар

    2.1. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
    Барлығымызға мәлім қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан. Соның ішінде ең маңыздысы, еті, сүті үшін өсірілетін бұл – ірі қара болып табылады.

    Мүйізді ірі қара — сүт қоректілер класына жататын аша тұяқты, күйіс қайыратын жануарлар. Мұның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолдағы ірі қара жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Европа, Азия, Африкаға кең тараған. Турды қолға үйрету мұнан 8 мың жыл бұрын алдымен Үндістанда, одан кейін Азия мен Жерорта теңізі, Орталық Европада басталған. Iрі қараны буйволмен шағылыстырғанда ұрпақ бермейді. Iрі қараны қодаспен, зубрмен, бизонмен шағылыстырудан алынған еркек мал ұрпақ бермейді де, ұрғашысы ұрпақ береді, зубр мен бизонды шағылыстырудан алынған ұрпақтан да төл алуға болады. Iрі қараның дене бітімі олардың беретін өніміне (сүт, ет) байланысты. Сүтті малдың тұрқы ұзын, сүйегі, терісі жұқа, түгі жылтыр, құрсағы үлкен, басы мен мойны ұзын, желіні үлкен болады. Етті ірі қараның тұрқы төртбақ, кеудесі кең, омыраулы, аяғы қысқа, мойыны мен басы қысқалау, желіні кішкене, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі босаң, әрі шелді келеді. Iрі қараның бәрінің де түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек шабы мен желін айналасының түгі сирек әрі жұқа болады. Iрі қараның қарны төрт бөлімді. Сиыры 20 — 35 жыл, бұқасы 15—20 жыл тіршілік етеді. Сиырдан 9—12 жыл жақсы өнім алынады, бұдан кейін тісі тозып, еті, сүті кемиді. Iрі қараны етке 1,5—2 жасында бордақылап не жайып семіртіп өткізген жөн. Асыл тұқымды сиырдан төлді 5—10 жыл алу керек. Iірі қара 5 жасқа дейін, кейбір кеш жетілетін тұқымдар ғана 6—7 жылға дейін өседі. Ұрғашы ірі қараның жыныс қабілеті 7—10 айлығында, еркегі 8—10 айлығында жетіледі. Алайда шағылысқа қашарды 18—22, бұқаны 14—18 айлығында қосады.

    Қазақстанда кең тараған сүтті сиырдың түрі – далалық қызыл сиыр. Олар төзімділігі мен түрлі ауа-райына, табиғи климаттық жағдайларға шыдамдылығы арқасында кеңінен танымал. Дұрыс тамақтандырған жағдайда далалық қызыл сиырдың бұзауы тез өседі, орта есеппен тәулігіне 600-900 грамм қосып, 6 айда 160-180 кг салмақта болады. Далалық қызыл сиырды Қазақстанның оңтүстігінде далалық қуаң аймақтарда өсірген дұрыс.

    Сүт өнімі. Сиыр сүтінің құнарлығы жоғары, одан түрлі сүт тағамдарын жасауға болады. Орташа есеппен сиыр сүтінің құрамында 12,5-13% құрғақ зат, оның ішінде З,8% май, 3,3% ақуыз, 4,8% сүт қанты және 1%-дай минералды заттар болады. Сүт құрамында 20-дан астам витаминдер, 30-ға таяу ферменттер, 20-ға таяу макроэлементтер және 10 шақты микроэлементтер бар. Ал, сүт майының құрамына 150-ден астам май қышқылы, ал сүттің ақуызында 20 шақты аминқышқылы бар. Сүт майы адам ағзасында 95%-ға дейін сіңсе, ақуыз — 98%-ға, сүт қанты да — 98%-ға дейін сіңеді. Жоғарыдағы мәліметтер бойынша сүттің құнарлылығы өте жоғары, әрі диетикалық қасиеті бар. Сүт түзуіне өсімдік ақуызының маңызы зор. Сүтті сиыр әрбір 40 кг мал азығынан 2-2,4 кг аңуыз бөлсе, ал етті малдар бордақылаған мезгіл-де тек ңана 400 г. ақуыз бөледі.

    Қатық, айран - көбінесе қойдың, ешкі мен сиырдың қаймағы алынбаған сүтінен ұйытқан аса қою айран. Оны әзірлеу әдісі былай: піскен сүт салқындатылады да, ұйытқы құйып (бір шелек сүтке бір кесе) араластырады, бетін қымтап жабады. Ұйыған айранды ашып, біраз салкындатады. Жақсы ұйыған қатыққа шанышқан қасық тік тұрады. Бұл - қарын аштырмайтын өте жұғымды, әрі сіңімді тағам.

    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта