сек. Бйрек жне несеп жолдарыны аурулары
Скачать 26.35 Kb.
|
БҮЙРЕК ЖӘНЕ НЕСЕП ЖОЛДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ. БҮЙРЕК – бұршақ формалы жұп мүше, салмағы 120-200г, қабықшамен жабылған, екі қабаттан тұрады : қыртыс (сыртқы) және милы (ішкі). Қыртыс қабатында бүйрек артериясынан құралған шумақтар орналасады (гломерулалар), олар Шумлянский-Боумен капсуласымен қапталған. Мұнда біріншілік зәр түзеледі (қан суды, тұз, мочевина, несеп қышқылы, аммиакты береді), одан соң иілген және тік түтікшелерде қайталама сіңірілу (реабсорбция) жүреді - глюкоза толығымен, ал тұз және су жартылай сіңіріледі, яғни екіншілік(соңғы) зәр түзеледі. Бұл түтікшелер бүйрек астаушасына (түбекке, лоханкаға) ашылып, зәр несеп ағар жол арқылы қуыққа түсіп, одан кейін сыртқа бөлінеді. Қалыпты жағдайда тәулігіне 1,5 л зәр шығады. Нефрон – бүйректің құрылымдық бірлігі. Бүйрек қызметі: Ағзадан қалдық заттарды (шлак) шығару; Су – тұз алмасу процесінің регуляциясы ; Артериалдық қысымның регуляциясы . Диурез – зәрдің түзілуі мен бөліну процесі. Анурия – зәр бөлінуінің тоқтауы. Олигурия – тәуліктік зәр мөлшерінің азаюы. Полиурия – тәуліктік зәр мөлшерінің көбеюі. Гематурия – зәрде эритроциттердің көбеюі. Пиурия – зәрде ірің болуы (лейкоциттердің көбеюі). Протеинурия – зәрде белоктың пайда болуы. Глюкозурия – зәрде қанттың пайда болуы. Функционалдық Зимницкий сынағы – зәрдің әр порциясында салыстырмалы тығыздығы мен мөлшерің анықтау. Күндізгі диурез – сағ 8 ден бастап 20-ға дейін, түнгі диурез – 20 дан таңғы 8- ге дейін.Қалыпты жағдайдағы зәрдің салыстырмалы тығыздығы = 1010-1026 тең. Гипостенурия – зәрдің салыстырмалы тығздығының төмен болуы. Гиперстенурия – зәрдің салыстырмалы тығздығының жоғары болуы. Нечипоренко сынамасы – таңғы зәрдің ортаңғы порциясының 1мл–дегі формалы элементтер мен цилиндрлердің санын анықтауға лабораторияға жібереді. Қалыпты жағдайда : Эритроцит – 1000, Лейкоцит-4000, Цилиндр-200. Амбюрже сынамасы - таңертең түнгі зәрдің порциясын дәретханаға төгеді, уақытты белгілеп 3 сағаттан кейін зәрді жинайды және 1 мин-ғы формалы элемент пен цилиндрлер санын анықтайды. Қалыпты жағдайда: лейкоцит– 3000, эритроцит– 1000, Цилиндр– 15. Реберг cынамасы – таңертең науқас дәретке шыққан соң, уақытты белгілейді, 1 сағаттан кейін науқастың тамырынан қан алып, қан мен зәрді лабораторияға зерттеуге жібереді. Қан мен эәрдегі креатининді анықтайды. Тәуліктік зәрді қантқа тексеру– зәрді бір тәулік бойы жинап, мұқият араластырып, жалпы көлемінен 200 мл құйып алып, зәрдегі қант мөлшерін анықтайды. Бүйрек пен несеп ағар жолы ауруларының негізгі шағымдары мен белгілері: белінің ауыруы. зәр бөлінуінің бұзылуы. еріксіз зәр бөлінуі. көздің төмендегі және бетте ісіктер болуы. бас ауыруы, бас айналуы, жүрек ауырсынуы қызуының көтерілуі. тәбет төмендеуі, құсу, лоқсу бүйрекке пальпацияны науқасты жатқызып немесе тұрғызып жүргізу, қалыпты жағдайда бүйректің табылмауы. перкуссияда қуық зәрмен толғанда қасаға үстінде тұйық дыбыстың анықталуы. Пастернацкий белгісі оң болуы. Қан қысымының көтерлуі. ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТ – бұл инфекциялық-аллергиялық ауруы, бүйрек шумағының диффуздық қабынуы. Көбінесе 20-40 жастағы ерлер ауырады. Жедел және созылмалы болып бөлінеді. Қоздырғышы– А тобының ß–гемолитикалық стрептококк. Этиологиясы: 90% стрептококк инфекциясы ( ангина, тонзиллит, ОРВИ, тұмау, отит, синусит, пневмония, терінің іріңді аурулары, скарлатина, тіс кариесі). Патогенез : 1-2 апта ішінде стрептококқа антидене, одан кейін шумақтарды зақымдайтын комплекс антиген+антидене пайда болады. Жедел диффузды гломерулонефриттің клиникасы: Инфекциядан 9-12 күннен кейін жедел түрінде басталады. Шағымдары : бел тұсының ауыруы, көз қабағының ісінуі, зәрдің түсі «еттің жуынды суы» түстес болуы (өйткені зәрде эритроциттер көбейеді- оны макрогематурия деп атайды), бас ауыруы, жалпы әлсіздік. Науқас тез шаршайды, көз көру нашарлайды, ұйқысы бұзылады, тәбеті жоғалады, лоқсу, құсу болу мүмкін. Жалпы қарағанда – беті мен көз қабағы ісінген, терісі бозғылт. АҚҚжоғарылайды – 160-180/90-100мм сын.бағ., ентігу болуы мүмкін, өкпенің төмен бөлігінде ылғалды сырыл естіледі, жүректің шекарасы сол жаққа үлкейген, жүрек тондары бәсеңдеген, бауыр үлкейеді. Зәрде - протеинурия, гематурия, цилиндрурия. Қанның жалпы анализинде – анемия. Асқынулары : 1. жедел бүйрек жетіспеушілігі (ЖБЖ) жүрек астмасы бүйрек эклампсиясы Созылмалы диффузды гломерулонефриттің клиникасы аурудың түріне (вариантка) байланысты болады. Әрбір түрі 2 кезеңге бөлінеді – компенсация және декомпенсация. Этиология: дұрыс емделмеген жедел гломерулонефрит, алкоголь, дәрі-дәрмектер (алтынның препараттары, вакциналар, сывороткалар), салқын тию, Қоздырғыштар : бактериялар (стрептококк), вирус, паразиттер (инфекциялар безгек) Латентті гломерулонефрит – барлық гломерулонефриттердің 45% құрайды, шағым жоқ, тек қана зәрде өзгерістер бар – гематурия және протеинурия, АҚҚ көтеріледі, ағымы жай үдемелі. Гематуриялық гломерулонефрит - 5% құрайды, тұрақты гематуриямен сипатталады, кейде макрогематурия байкалады. Ағымы қолайлы. Гипертониялық гломерулонефрит – 20% құрайды. Шағымы: басы ауырады, көзі бұлдырайды, құлағы шулайды, жүрегі шаншиды, АҚҚ жоғары, ентігеді, көбіне өмірге қауіпті жүрек астмасының ұстамалары жиі болады. Зәрде - айқын емес протеинурия мен гематурия . нефротикалық гломерулонефрит – 25% құрайды, ісікпен, протеинуриямен, диурездің төмендеуімен, зәрдің салыстырмалы тығыздығының жоғарылығымен сипатталып өтеді, холестерин көбейеді, қанда альбумин есебінен белок төмендейді. аралас түрі – 7% құрайды, көбінесе нефротикалық синдром басым болады, тез арада созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дамиды. Бірінші кезеңінде науқасбас ауруына, ісікке, әлсіздікке шағымданады, яғни ағымы белгілерсіз болады. Жалпы қарағанда : АҚҚ жоғарылаған, сол қарыншаның гипертрофиясы, ЭКГ-да миокардтағы диффуздықөзгеріс; көз түбінің өзгерістері,зәрде – белок, эритроцит және түйіршікті цилиндрлер, қанда -гипопротеинемия, гиперхолестеринемия байқалады. Екінші кезеңіңде созылмалы бүйрек жетіспеушілігі (ХПН) дамиды - нефросклероз, яғни бүйректің концентрациялық қызметі бұзылады, салыстырмалы тығыздығы төмендейді, бірінші полиурия ағзадан азоттық шлак бөлінуін жақсартады, содан кейін уремия үдемелі дамиды. Уремия – ауыр улану (интоксикация) – ағзаның өзі-өзінен улануы («моча в крови», «қанда зәрдің болуы»). Шағымы - тәбеттің жоғалуы, лоқсу, құсу, оң жақ қабырға астында және эпигастрий аймағында ауырлық сезінуі, іш өтуі, тілі ақтаңлақтануы, аузынан зәр иісінің шығуы, тынысы сирек және шулы, көз көруінің соқырлыққа дейін төмендеуі, науқас адамдарды тануы нашарлайды, тері қышуы байқалады. Науқас қатты арықтайды( кахексия), қан кетуге бейім болады, ұйқысы бұзылады. Уремиялық кома – ағза улануынданауқас есін жоғалтады, Куссмауль тынысы, одан кейін Чейн-Стокс тынысы болады, өткір тежелу қозумен ауысады, галлюцинация және сандырақтау дамиды, аузынан зәр иісі шығады, құрғақ теріде –мочевина кристалдары көрінеді, АҚҚ жоғарылайды, қанда - анемия, лейкоцитоз және азот қалдығы өседі, бұлшық еттер тырсады,өлім болуы мүмкін. Асқынулары: созылмалы бүйрек жетіспеушілігі созылмалы жүрек жетіспеушілігі қатерлі артериалды гипертензия пневмониялар Лабораториялық тексеру: 1. зәрдің жалпы анализі – протеинурия, гематурия 2. Зимницкий сынағы – гипоизостенурия (зәрдің сиымдылығы төмен 1001-1005), никтурия (түнгі диурез көп, күндізгі аз) 3. Нечипоренко сынағы: эритроцит жоғары Инструменталды тексеру: бүйректі УЗИ-ге түсіру – бүйрек үлкейеді, урография – бүйректі рентгенге түсіру. Көз түбін қарау – артериялар тарылады, веналар кеңейеді. Гломерулонефриттердің емі: төсек режимі. № 7 диета антибиотиктер ; иммундық қабынуды төмендететін дәрілер (глюкокортикостероидтар- преднизолон және/ немесе цитостатиктер); қабынуға қарсы дәрілер– ацетилсалицил қышқылы, индометацин, бруфен; бүйрек микроциркуляциясын жақсартатын препараттар – антикоагулянттар (тікелей - гепарин және тікелей емес- финилин) және антиагреганттар – курантил; гипотензивті препараттар - энам, клофеллин, плесидрекс, адельфан, капотен, допегит, нифедипин, коринфар, верапамил; антигистаминді препараттар; зәр айдағыштар (диуретиктер) – лазикс, урегит, гипотиазид, фуросемид, верошпирон, бритамар,; егер зәрде гематурия болса – қан тоқтататын дәрілер – аминокапрон қышқылы, дицинон; қан тамыр қабырғаларын қатайту үшін – рутин, аскорутин, вит С; уремия кезінде - анаболикалық гормондар (неробол, ретаболил), көк тамырға 5% немесе 40% глюкоза, қан жіберу (250-400мл), әлсіз сілтілі ерітіндімен асқазанды және ішекті жуу (асқазан-ішек жолдары арқылы азот қалдықтарын жою); «Жасанды бүйрек» - гемодиализ – бүйрек жетіспеушілігінде, созылмалы гломерулонефритте, пиелонефритте, бүйрек поликистозындақолданылады; өліктен (труп)немесе донордан науқасқа бүйрегін ауыстыру. Алдын алушаралары : № 7 диетаны сақтау, суықтан сақтану, түнгі жұмыстан босату, ыстық цехтерде және ауасытар бөлмелердежұмыс істеуге тыйым салынады, ауыр физикалық күш түспеу керек; созылмалы инфекция ошақтарының санациясы және оларды дер кезінде емдеу. ағзаны шынықтыру; құрғақ ыстық климаттағы санитарлы-курортлық ем (Орта Азия, Қырым, Одесса). ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТ Бір дұрыс жауапты дөңгелекпен қоршаңыз. 1. Гломерулонефрит дегеніміз ... а) бүйрек домалақшаларының қабынуы в) бүйрек астаушыларының қабынуы с) несеп ағар түтіктің қабынуы д) Генле ілмегінің қабынуы е) қуықтың қабынуы 2. Гломерулонефриттің ең жиі кездесетін этиологиялық факторы : а) стрептококк в) стафилококк с) ішек таяқшасы д) протей таяқшалары е) саңырауқұлақтар 3. Гломерулонефриттегі инфекция ошағы : а) уретрит в) цистит с) кольпит д) тонзиллит е) геморрой 4. Алғашқы зәр қай жерле түзіледі ? а) түтікшелерде в) домалақшаларда с) Генли ілмегінде д) зәр шығару жолдарында е) қуықта 5. Гломерулонефриттің клиникалық белгілері : а) белі айнала ауырады,құсады в) белі ауырады,таңертең беті ісінеді,зәрде гематурия с) белі ауырады,таңертең беті ісінеді,зәрде пиурия д) аталғанның барлығы е) аталғанның ешқайсысы емес 6. Гломерулонефриттің жалпы зәр анализіндегі белгі : а) билирубинурия в) лейкоцитурия с) гематурия д) глюкозурия е) пиурия 7. Қай ауруда түсі жас ет жуындысы тәріздес болады ? а) пиелонефрит в) гломерулонефрит с) уретрит д) цистит е) бүйрек кемшілігі 8. Гломерулонефритте қолданылмайтын препараттар : а) пенициллин в) трентал с) гепарин д) гентамицин е) капотен 9. Гломерулонефриттің профилактикасы : а) флюорография өту в) тіс кариесін дер кезінде емдеу с) темекі шекпеу д) алкоголь ішпеу е) манту сынағы 10. Бүйрек ауруларындағы ісіктің ерекшелігі : а) таңертең пайда болады в) жұмыс күнінің соңында с) баяу дамиды,баяу тарайды д) сипағанда тығыз болады е) ешқайсысы емес |