Тарату-жүйесі-байланыс-жолдарының-71834. Бл курсты жмыста, зімні нсам бойынша
Скачать 0.52 Mb.
|
Кабель құрыш тросқа бекітіліп, каналға жұқа трос, канат немесе капронды жіп арқылы енгізіледі. Трубопровод каналына енгізуді «заготовка» деп атайды. Заготовка түрлі әдістермен орындалады. Соңғы жылдарда бұл бағытта түрлі конструкциялы пневматикалық және электрлік каналөткізгіштері қолданады. Пневматикалық каналөткізгіштері жалпы құрыш оське жиналған екі резиналық конустан 1 және 2 – ден тұрады. Капронды жіпті 3 өткізу үшін ол канализация каналына тығыз орнатылады, одан кейін 0,4 – 0,6 МПа – ге дейін қысылған ауа қозғалмалы компрессордан арнайы штуцер арқылы каналға беріледі. Ауа қысымынан резиналық конустар 1 мен 2 канал арқылы өтіп, артынан капронды жіп 3 – ті тартады. Электрлік каналөткізгіштері электродвигательден және қозғалмалы механизмнен тұрады. Айнымалы ток желісінен қоректенетін электродвигательдің айналмалы қозғалысы қозғалмалы механизмнің екі жүріс остеріне беріледі. Осьтерге зубчатый дөңгелектер бекітілген, олар арқылы аспап каналдан өтеді. Сонымен қоса электрлік каналөткізгіштер белгілі, олар электроприводы бар резиналық жүрісті арнайы арбаға ұқсайды. Арбада екі кішігабаритті двигатель болады. Олар кернеуі 4 – 6В құрғақ батареялардан немесе аккамулятордан қоректенеді. Каналдан өту кезінде арба өз артынан мықты жұқа перлоннан жасалған жіпті тартады. Арба дөңгелектерінде қатты профилирлейтін шиналары болады. Ось бойынша дөңгелектер арасындағы қашықтық 70 мм. – ге тең, осыған байланысты арба кірленген каналда өте алады. Механикалық каналқткізгіштер тросты немесе жіпті 10 – 15мин. 100 – 150 метрге соза алады. Каналдың жұмысқа жарайтынын тексеру үшін кабельді созу алдында каналға диаметрі 5 – 8 мм каналдың ішкі диаметрінен кіші сынау цилиндірінің өткізеді, ал оның артынан каналды тазалау үшін құрыш щетка (ерш) жіберіледі. Кабель төсеу орнында кабельдің қорғау қабатын тексереді. Көбінесе кабельдер заводтан ішкі ауа қысымымен келеді, сол жағдайда кабель қабатында тесік жасап шығып жатқан ауа дыбысынан бүтіндігін тексереді. Кабельдің троспен қосылуын қамтамасыз ету үшін оның соңына құрыш чулок кигізіледі. Созу кезінде чулоктың диаметрі кішірейіп кабельді тығыз ұстайды. Кабельдерді массасы 7,5 – 8 кг/м созу кезінде троспен кабельдік клемма арқылы байланыстырады. Кабельді өткізгіш чулок арқылы шығарады. Канат пен чулок арасында айналдыру компенсаторын орнатады, ол кабельдің айналмауын қамтамасыз етеді. Кабель қабатын қорғау үшін канал шетіне трубопровод тесігіне сақтандырғыш втулканы немесе арнайы бағыттаушы шаблон орнатады. Қорғасын қабатты кабельдің және канал қабаттары арасында үйкелісті азайту үшін кабельді техникалық вазелинмен жағады. КМ – 1 машинасы ГАЗ – 63А автомобиль базасында құрылған, онда тарту күші 2000 кг – ға дейін кабельді тарту үшін лебедка, кран және құдықтардан суды тарту үшін насос орнатылған. КМ – 2 машинасы КМ – 1 машинасының модернизацуияланған түрі, онда кран, қосымша құдықтарды дегаздау үшін вентилятор, пневматикалық кабельөткізгіш және электроинструменттердің қозғалуын қамтамсыз ету үшін электрогенератор орнатылған. 5.2 Байланыс кабельдерін монтаж жасау Кабельді монтаждағанда жұмыстың түрі кабельдің түріне, оны төсеу тәсіліне және кабельдік желінің тағайындалуына тәуелді болады. Монтаждық жұмыстың негізгі түріне байланыстыратын және тармақталған муфталарда кабельдің жеке бөліктерін (құрылыстық ұзындықтағы) жалғау, шеткі кабельдік құрылғыларында (шеткі муфталар, бокстер және т.б.) монтаждау, ал ауа қысымы әсер ететін кабельдерде – газөткізбейтін муфталарды монтаждау болып табылады. Монтаждық жұмыстардың жоғары сапасы және мұқият орындалуы, монтаж бойынша ережелер мен нұсқаулықтарды сақтау, сонымен қатар кабельді монтаждаған кезде тазалықты сақтау эксплуатацияда кабельдік желінің сенімділігін және тоқтаусыз жұмыс істеуіне себеп болады. Полиэтиленді оқшаулағышы бар кабельдердің мыс сымдары 12... 15 мм ұзындықта есу арқылы дәнекерлеусіз немесе дәнекерлеу арқылы жалғанады, не болмаса сығылушы типтің жеке немесе көпсымды жалғағыштары арқылы ұзартылады. Есу арқылы ұзартылған сымдар тесік полиэтиленді гильзалармен жеке сымдарымен, екі-екіден немесе төрт-төрттен оқшауланады. Сымдары жеке-жеке оқшауланған жұптар мен төрттіктер гильзада жіптермен таңылады, не болмаса топтық полиэтиленді сақиналар арқылы бекітіледі. Ұзартылған сымдардың барлық шоғыры екі қабат полиэтиленді (поливинилхлоридті) лентамен тығыз оралады. Жалғанған жерге экранды ленталар қайта орнатылады, олардың ұштары «бекітіледі» немесе жамылтқы тігіспен бітеледі. Мыстан жасалған экранды сымның ұштары есу арқылы жалғанады. Жерге тікелей орнатылған кабельдің ұшын өңдеу және жалғауды шұңқырларда жүргізеді, ал канализацияға орнатылған кабельдерді – кабельдік құдықтарда жүргізеді. Бұл кезде кабельдің ұштарын жалғау бойынша жұмыстардың алдында жалғанатын кабельдерге сынау және электрлік өлшеу жүргізілуі қажет. Одан кейін кабельдердің ұшын кабельге муфта орнатқаннан кейін оған эксплуатация барысында кабельдік құдықта консоль орнатуға болатындай жұмсартылады. Құдықты немесе шұңқырды топырақтан және қоқыстан тазалайды, ал шұңқырдың үстіне қандай ауа райы болмасын шатыр орнатады. Жалғанатын кабельдердің ұштарын бағандарға орнатады және берік байлап қояды. Полиэтиленді қабықшасы бар кабельдердің муфталарын немесе муфталардың бөлшектерін өзара дәнекерлеу үшін, түйіспелерге қорғаныс қабаты арқылы әйнек лентаны дәнекерлейтін лампаның немесе газды шілтердің (горелка) жалынымен қыздыратын полиэтиленді лентаны еріту әдісін көп қолданады. Қыздыру белгіленген уақыт бойы циклдермен жүргізіледі. ҚОРЫТЫНДЫ Бұл курстық жұмыста маған КСКЭМ кабелі түсті. КСКЭМ кабелінің жалпы параметрлерін және ерекшеліктерін қарастырдым. КСКЭМ коаксиалды телефонды кабель. Кабель өзекшесі мыстан тұрады. КСКЭМ кабелінің қолдану аймағы ауылдық және аймақішілік біріншілік желілерде, ҚТЖ қосылу желілерінде. Курстық жұмыстағы менің басты мақсатым Бұл курстық жұмыста бізге Кеген цетрлік орталығымен Байсерке орталығы арасындағы кабельді байланыс жолды төсеп станцияларды өзара байланыспен қамтамасыз ету болды. Екі станция арасындағы жалпы байланыс жолы 38км құрайды. Кабельдерді төсеу, монтаждау да оңай шаруа емес. Оларды орындау үшін ең біріншіден кабельдің маркировкасына немесе қолдану аясына назар аудару керек. Кабельдер электромагнитті әсерлерге немесе тотығуға ұшырауы да мүмкін. Осы факторлардың барлығын ескере келе мен КСКЭМ кабелін төседім. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 1.Ионов А., Попов Б.В. Линии связи. – М.: Радио и связь, 2000. 167 б. 2.Справочник строителя кабельных сооружений связи. – М.: Связь, 2000. – 672 б. 3.Анастишев П.И., Коляда А.В., Проэктор Е.Г. Защита линий электропередачи от коррозии и загрязнения атмосферы. – М.: Энергоатомиздат, 2001. – 167 б. 4.Венс Э.Ф. Влияние электромагнитных полей на экранированные кабели. – М.: Радио и связь, 2002. – 182 б. 5.Гершман Б.Н., Стукалин Ю.А. Электроизмерения междугородних кабелей связи. – М.: Радио и связь, 2004. – 169 б. 6.Гроднев И.И. Электромагнитное экранирование в широком диапазоне частот. – М.: Связь, 2002. – 111 б. 7. Защита кабельных и воздушных линий электропередачи от коррозии. Проэктор Е.Г. и др – М.: Энергия, 2004. - 159 б. |