Бюджет ымы жне бюджетті трлері. Бюджет жйесіні рылымы. Мемлекеттік бюджеттік атынастарды реттеу
Скачать 38.98 Kb.
|
Т-7. Мемлекеттік бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу. Бюджет ұғымы және бюджеттің түрлері. Бюджет жүйесінің құрылымы. Мемлекеттік бюджеттік қатынастарды реттеу. Бюджет ұғымы және бюджеттің түрлері. «Бюджет» термині нормандық әмиян, сөмке, тері қалта деген сөзін білдіреді. Осыдан «budget» ағылшындар мемлекеттің кірісі мен шығысына байланысты құжаттардан тұратын тері қалтаны (содан соң портфель) атады. Осы жерде «бюджетті ашу» деген қалыптасқан сөз осы құжаттарды парламенттің бекітуіне беру дегенді білдіреді. Кешірек бұл сөзбен мемлекеттің қаржылық ісіне арналған, қазынашылық канцлерінің сөйлейтін сөзін атады. XVIII ғасырдың аяғында бұл қалыптасқан сөзбен мемлекеттің кірісі мен шығысына байланысты құжаттарды атады. Қаржылық құқықта бюджеттің мағынасы келесі категорияларға бөлінеді: а) материалдық мағынада– бұл мемлекеттік ақша қоры. б)экономикалық категория ретінде: – орталық және жергілікті деңгейде мемлекеттің жалпы мағынадағы мақсаттары мен қызметтерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік ақша қорын құру және бөлумен байланысты пайда болатын экономикалық қатнастардың жиынтығы. в) қаржылық-құқықтық карегория ретінде: – бұл орталық және жергілікті деңгейде мемлекеттің жалпы мағынадағы мақсаттары мен қызметтерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік ақша қорын құру және бөлумен қаржылық жоспары. г) құқықтық категория ретінде: - бұл орталық және жергілікті деңгейде мемлекеттің жалпы мағынадағы мақсаттары мен қызметтерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік ақша қорын құру және бөлу қаржылық жоспарды бекітетін қаржылық-құқықтық акт. Бюджет - мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де төсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры. ҚР Заңнамасы бюджеттердің 3 түрін бөліп көрсетеді: Бекітілген бюджет – ҚР Парламентімен немесе жергілікті өкілетті органдар бекітетін сәйкес қаржы жылына арналған бюджет. Төтенше мемлекеттік бюджет– Төтенше мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттер негiзiнде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгiзiледi Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Парламентi дереу хабардар етiледi. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттiң бюджеттерi туралы мәслихаттар шешiмдерiнiң қолданылуы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттiк бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген мерзiм iшiнде қолданыста болады. Дәлденген бюджет ҚР Парламентімен немесе жергілікті өкілетті органдар бекітетін сәйкес қаржы жылына арналған орындалуы кезінде енгізілген өзгерістерді ескере отырып жасалған бюджет. Бюджет құқық – бұл бюджеттік қатынастарын реттейтін қаржы құқығының саласы. Бюджет құқығы құқықтық реттелудің 2 әдісін қолданады: императивтік диспозитивтік Бюджет құқығының пәніболып мемлекеттің бюджет қызметінің процессінде пайда болатын қоғамдық қатнастар табылады, яғни ұйымдастырушылық және материалдық бюджеттік қатнастар. Бюджетті құру процессінде мыналар қолданылады: ақша құралдарын мәжбүрлі– қайтарымсыз алу; ақшаны мәжбүрлі– қайтарымды алу; ақша құралдарын ерікті – қайтарымды алу; ақша құралдарын ерікті – қайтарымсыз тарту; эмиссия. Мемлекеттік түсімдер – мемлекеттік кәсіпорындар және ұйымдармен құрылатын, мемлекеттің қаржылық негіз құру мақсатында өз меншігіне түсетін ақша қаражаттарын құру, бөлу процессінде айналымда болатын қоғамдық өнімнің жиынтығының бөлігі. Бюджеттiң түсiмдерi – кiрiстер, бюджет кредиттерiн өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер, сондай-ақ мемлекеттiк қарыздар, салық және басқа да мiндеттi төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде берiлетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, Бюджеттік Кодекске және басқа да заң актiлерiне сәйкес бюджетке eceптелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады. Бюджеттiң түсiмдерiн топтастыру. 1) Әлеуметтік –экономикалық белгілері бойынша: - мемлекеттік секторлардан түсетін түсімдер, - мемлекеттік емес секторлардан түсетін түсімдер. Аумақтық белгілері бойынша: - республикалық бюджеттерге енгізілетін орталық түсімдер - жергілікті – жергілікті бюджетке. 3) бюджеттік қызметтердің әдістері бойынша: - ақша құралдарын мәжбүрлі-қайтарымсыз алу, - ақша құралдарын ерікті – қайтарымсыз тарту, - ақша құралдарын мәжбүрлі - қайтарымды алу (мәжбүрлі мемлектеттік займдар), - ақша құралдарын ерікті-қайтарымды тарту, - эмиссия. 4) заңи нысаны бойынша: - мемлекеттің бір жақты – биліктік бұйрық, - мемлекеттің төлеушімен келісімі. «ҚР Бюджеттік кодексі» бойынша бюджетке түсімдерді келесідей шоғырландырады: Түсімдердің бірінші түріЗаңда «бюджет кірістері» деп аталады. Өз кезегінде бюджет кірістері 3 топқа бөлінеді. салықтардан, алымдардан және басқа да міндетті төлемдер түсімі. салықтық емес түсімдер капиталмен операциялардан түсетін кірістер Түсімдердің екінші түрібюджетке ресми трансферттен түсетін түсімдерді құрайды. Ресми трансферттер – бюджетке қайтарымсыз және ақысыз түсімдері. Бюджеттік алымдар –бұл жоғарғы тұрған бюджеттен төменгі бюджетке тапсырылатын ресми трансферттер. Түсімдердің үшінші түрі Осы бюджеттен алынған несиенінің негізгі қарызын өтеуден түсетін түсімдер. Мемлекттік бюджет – бұл республикалық және жергілікті бюджеттердің шоғырлануы. Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер: 1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, корпоративтiк табыс салығы; 2) қосылған құн салығы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер; 4) шикi мұнайға, газ конденсатына акциздер; 5) ойын бизнесi салығы; 6) мұнай секторы ұйымдарынан түсiмдердi қоспағанда, үстеме пайда салығы; 7) тарихи шығындарды өтеу жөнiндегi төлемақы; 8) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, бонустар; 9) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiруден алынатын салық 10) мұнай секторы ұйымдарынан түсiмдердi қоспағанда, экспортқа рента салығы; 11) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесi; 12) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметiн жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi; 13) жергiлiктi маңызы бар ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымнан басқа, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым; 14) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат берiлгенi үшiн алым; 15) бұқаралық ақпарат құралының мемлекеттiк тiркелгенi (есепке қойылғаны) үшiн алым; 16) дәрiлiк заттардың мемлекеттiк тiркелгенi, сондай-ақ олардың қайта тiркелгенi үшiн алым; 17) шығармаларға және сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтардың, шығармаларды және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттардың мемлекеттiк тiркелгенi, сондай-ақ олардың қайта тiркелгенi үшiн алым; 18) радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиiлiктегi құрылғылардың мемлекеттiк тiркелгенi үшiн алым; 19) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының, сондай-ақ ұялы байланыстың берiлгенi үшiн төлемақы; 20) радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы; 21) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы; 22) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы; 23) кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы; 24) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы; 25) әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарларға кеден баждары; 26) кеден бақылауын және кеден рәсiмдерiн жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер; 27) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау шаралары ретiнде алынатын баждар; 28) консулдық алым; 29) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшiн мемлекеттiк баж; 30) жеке басын куәландыратын құжаттар берiлгенi үшiн мемлекеттiк баж; 31) жүргiзушi куәлiктерiнiң берiлгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж; 32) механикалық көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер берiлгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж; 33) мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiнiң берiлгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж; 34) нотариаттық iс-әрекеттер жасалғаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж; 35) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж; 36) мемлекеттiк мекемелердi сотқа берген талап қою арыздарынан алынатын мемлекеттiк баж; 37) механикалық көлiк құралдарының және тiркемелердiң техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктiң берiлгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады. Бюджет жүйесінің құрылымы. Бюджеттік құрылымының құқықтық негіздері – мемлекеттің бюджеттік жүйенің ұйымдастырушылық құрылымын және оның бөлшектерін бекітетін бюджет құқығының жалпы бөлімінің инситуты келесілерден тұрады: Бюджеттік құрылым бюджет жүйесінен және оның құрамдас бөліктерінен тұрады; Бюджет жүйесі - Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды. Бюджет жүйесі екі түрде болуы мүмкін: 1) бюджеттік орталықтандырылу қағидасына негізделетін жүйе - төмен тұрған бюджеттер жоғарғы бюджеттердің құрамына кіреді. 2) бюджеттік автономия қағидасына негізделгенетін жүйе - әкімшілік - аумақтық бірлік бюджеті. Бюджеттiң түсiмдерi – кiрiстер, бюджет кредиттерiн өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер, сондай-ақ мемлекеттiк қарыздар, салық және басқа да мiндеттi төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде берiлетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, Бюджеттік Кодекске және басқа да заң актiлерiне сәйкес бюджетке eceптелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады. Ресми трансферттер түсiмдерi - бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншісiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетiн трансферттер түсiмдерi. Қарыздарды өтеу – Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттiк сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ iшкi қарыздар бойынша халықаралық шарттарға сәйкес негiзгi борышты өтеуге бағытталған бюджет қаражаты болып табылады. Бюджеттiк несиелер - бюджеттен қайтарымды, жедел және ақылы негiзде бөлiнетiн ақша болып табылады. Бюджет шығындары – шығындар, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, қарыздарды өтеу бюджеттiң шығыстары болып табылады. Шығындар - қайтарымсыз негiзде бөлiнетiн бюджет қаражаты болып табылады. Бюджеттің дефициті (профициті) – «кірістер» және «ресми алынатын трансферттер» тармақтарының айырмашылықтарын құрайды. Қазақстан Республикасның бюджет жүйесі келесі принциптерге негізделеді: 1) бiрыңғайлық принципi - бюджет жүйесiн ұйымдастырудың және оның жұмыс iстеуiнiң бiрыңғай принциптерiн қолдану, Қазақстан Республикасында бiрыңғай бюджет сыныптамасын және бюджет процесiнiң бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалану; 2) дәйектiлiк принципi - мемлекеттiк органдардың бюджеттiк қатынастар саласында бұрын қабылданған шешiмдердi сақтауы; 3) толымдылық принципi - бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстардың көрсетiлуi, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берiлуi сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу; 4) нәтижелiлiк принципi - мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзуге бағдарланған бюджеттердi әзiрлеу және атқару; 5) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшiн бюджет процесiнiң мiндеттi ашықтығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi, стратегиялық жоспарлар мен олардың iске асырылуы туралы есептердi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты мiндеттi түрде жариялау 6) бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты бөлiнуiн белгiлеу және олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi және жергiлiктi бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмеуi, төменгi бюджеттерге оларды тиiстi өтеусiз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмеуi; 7) реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамудың және бюджеттiк параметрлердiң, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекiтiлген (түзетiлген) параметрлерiне, бағыттарына сәйкес келуi; 8) сабақтастық принципi - өткен кезеңде бекiтiлген әлеуметтiк-экономикалық даму және бюджеттiк параметрлер, базалық шығыстар болжамдарына, бюджеттiк мониторинг қорытындыларына, нәтижелердi бағалауға негiзделген республикалық және жергiлiктi бюджеттердi жоспарлау; 9) негiздiлiк принципi - бюджет жобасына қандай да болсын түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу қажеттiгiн және олардың көлемдерiнiң негiздiлiгiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер және басқа да құжаттар негiзiнде бюджеттi жоспарлау; 10) уақтылылық принципi - республикалық және жергiлiктi бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсiмдердi есептеу және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiндегi Үкiмет шотына аудару, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiптi сақтай отырып, мерзiмiнде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару; 11) кассаның бiрыңғайлық принципi - бюджетке барлық түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бiрыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру; 12) тиiмдiлiк принципi - бюджет қаражатының бекiтiлген көлемiн пайдаланып, ең үздiк тiкелей нәтижеге қол жеткiзу қажеттiлiгiн негiзге ала отырып, бюджеттердi әзiрлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемiн пайдаланып, тiкелей нәтижеге қол жеткiзу; 13) жауапкершiлiк принципi - тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзуге және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен мемлекеттiк мекемелер басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтiн шешiмдер қабылдағаны үшiн жауапкершiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған қажеттi әкiмшiлiк және басқару шешiмдерiнiң қабылдануы 14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты принципi - бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге бағыттауы және пайдалануы. Бюджеттік реттеу жалпы бюджеттік құрылымды және оның жеке жеке құрамдас бөліктерін тәртіпте ұстау, ретке келтіру механизімі. Бюджеттік реттеудің мақсаты - бюджеттік жүйенің құрамдас бөліктерінің және оның элементтерінің тиісті өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету. Бюджеттік жүйенің біртұтастығы мыналармен қамтамасыз етіледі: Біртұтас құқықтық базасымен, Біртұтас бюджеттік таптастырылуды қолдану; Мемлекеттік қаржылық статистиканың біртұтастығы; бюджеттік процесстің принциптері; ақша жүйесінің біртұтастығы. Бюджеттік реттеу әдістері болып келесілер табылады: а) бюджеттік жүйеге кіретін бюджеттердің жеке түрлері арасындағы шығындарды бөлу; б) бюджеттік жүйенің әр тізбегіне тұрақты кірістерді бекіту; в) төмен тұрған бюджеттерге жоғарғы бюджеттерден баланыста ұстау мақсатында кірістер бекіту. Бұл кірістерді «реттеуші кірістер» деп те атайды г) кредитаралық дотация (субвенция); д) бюджет аралық несиелеу; е) бюджеттік алымдар; ж) секвестрлеуді қоса, бюджет шығынын азайту. Бюджеттік қызмет – мемлекеттің орталық және жергілікті бюджеттерді құру, бөлу және қолдануды ұйымдастыру бойынша оның атынан әрекет ететін құзіретті органдардың қызметі. Бюджеттік қызметті жүзеге асыру процессінде қаржылық қызметтің барлық әдістері қолданылады Бюджетті құру процессі Бюджетті бөлу процессі Бюджеттік қаражаттарды қолдануды ұйымдастыру процессі Бюджеттің кірістерін құқықтық реттеу бюджеттің кіріс бөлімін құрумен байланысты қоғамдық қатнастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады. Бюджеттің шығынын құқықтық реттеу – бюджеттің шығын бөлімін құрумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатнастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Бюджеттің шығыны деп бекітілген бюджеттің шегінде қайтарымсыз негізінде бөлінетін қаражаттарды айтады. Бюджеттің шығыны бюджетті бөлуді жүзеге асырылатын бюджеттік қызметтің әдістерінен тәуелді болады. Бұндай әдістерге келесілер жатады: бюджеттік қаржыландыру – бюджеттен қайтарымсыз ақша қаражатын беру. Бюджеттік қаржыландыру қағидалары болып: ақшаны беруде қайтарымсыздық, ақша беруде ақысыздық, жоспарлылық, бюджеттік кіріс мөлшерімен жоспарланатын шығыстың сәйкестігі ақша қаражаттарын мақсаты бойынша қолдану, ақша құралы бюджетінің қолданылуын қадағалау табылады. бюджеттік несиелеу - бюджеттен қайтарымды ақша қаражатын беру Бюджеттік несиелеу қағидасы қайтарымдылық, мерзімділік, мақсаттылық және жоспарлылық қағидаларына негізделеді. Бюджеттік несиелер келесілерге беріледі: А) басқа бюджетке (бюджет аралық ссуда); Ә) заңдық және жеке тұлғаларға; Б) бюджеттің қарыздық міндеттемелерін төлеу. Бюджеттік шығындар республикалық бюджеттердің шығындары және жергілікті бюджеттердің шығындарына бөлінген. Республикалық бюджеттердің қаражаттары ҚР Президенттің, Парламенттің және Үкіметтің және т.б. қызметін қаржылыландыруға шығындалады жергілікті бюджеттердің қаражаттары жергілікті деңгейде арнайы білім бағдарламаларына, алғашқы жалпы білімге және мектеп алды білім беруге қаржыландыруға шығындалады. Республикалық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк функциялар; 2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк; 3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi; 4) бiлiм беру; 5) денсаулық сақтау; 6) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру; 7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк; 8) агроөнеркәсiптiк кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары; 9) өнеркәсiп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi; 10) көлiк және коммуникациялар; 11) экономикалық қызметтi реттеу және т.б. 12) Қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламаларды орындау үшін қайтарымды негізде бюджеттен бөлінетін бюджеттік құралдар; 13) мемлекеттік қарызының негізгі соммаын өтеу. Мемлекеттік бюджеттік қатынастарды реттеу. Мемлекеттiк басқарудың бюджеттiк қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын құрайтын органдар: -Қазақстан Республикасының Президентi; -Қазақстан Республикасының Парламентi; -Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi; -Қазақстан Республикасының Үкiметi; -экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган; -бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган; -бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган; -iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган; -мәслихат; -жергiлiктi атқарушы орган. Қазақстан Республикасының Президентi бюджеттiк қатынастарды реттеу саласында: 1) республикалық бюджеттi әзiрлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртiбiн айқындайды; 2) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды; 3) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттiк бюджет енгiзу туралы шешiм қабылдайды және оны әзiрлеу тәртiбiн айқындайды; 4) мемлекеттегi жағдай мен республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған ҚР бюджет саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды; 5) ҚР Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес құрады және ол туралы ереженi бекiтедi; 6) ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемi мен бағыттары жөнiнде шешiмдер қабылдайды; 7) ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептердi бекiтедi; 8) Бюджеттік Кодексте көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекiтедi; 9) ҚР Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. ҚР Парламентiнiң, Есеп комитетiнiң, ҚР Ұкiметiнiң, Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның, Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның, Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның, Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның, мәслихат және жергiлiктi атқарушы органның құзыретi Бюджеттік кодексінің 56-64 бабтарында бекітілген. |