химия экология. дайбергенызы Г. Социалов Д. скемен аласы, 2022 жыл Мазмны
Скачать 95.68 Kb.
|
2.2 10-11 сынып химия оқу бағдарламасындағы химиялық-экологиялық білім мазмұны Жаңартылған білім беру жүйесіне сәйкес 10 сынып химия оқулығы Оспанова М., Белоусова Т., Аухадиева К. 2018 жылғы басылымына химиялық-экологиялық талдау жасалынды. 4 - кестеде 10 сынып химия оқулығының әр бір тарауында қарастырылған экологиялық мәселелер көрсетілген. 4-кесте 10-сыныпқа арналған химия курсының тақырыптары мен тақырыпқа байланысты қарастырылған экологиялық мәселелер
Қорыта келгенде, химияны экологияландырып оқытудың мақсаты зат және олардың айналымы, заттар қасиеттерінің олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, оқушыларға химиялық үдерістердің мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк беру. ІІІ.ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ 3.1 Оқыту үрдісінде химия сабақтарын экологияландырып өткізудің тиімді әдістері. Химия сабағында экологиялық ұғым қалыптастыруға әсер ететін есептер. Химия сабағында экологиялық білімді қалыптастыру үшін әртүрлі әдістерді, жұмыстар түрлерін қолдануға болады. Сабақ процесінде экологиялық мазмұнды есептер шығару, сарамандық жұмыстар , зертханалық жұмыстар жүргізуге арқылы да қалыптастыруға болады. Экологиялық ұғымды қалыптастыруда 8,9,10,11 сыныпқа арналған химия курсының тақырыптарын таңдауға болады. Экологиялық мазмұнды есептерді мына түрде жіктеуге болады: 1. экологиялық мазмұнды есептер 2. Химиялық – экологиялық ұғымды қалыптастыратын есептер. Есептер мазмұны әр қилы. Мысалы, экологиялық мазмұнды есептер шығаруда ең алдымен оқушылар есептерді сараптайды. Есеп шығару арқылы оқушылардың біліктілігі қалыптасады. Мысалы, 1) Озон қабатының бұзылуына аэрозольдар мен тоңазытқыштар құрамына кіретін фреон әсер етеді. 14 л фторсутегінен және 25 л төртхлорлы көміртегінен қанша фреон түзіледі. Фреондарды көп қолдану қандай экологиялық мәселеге әкеп соқтырады. 2) Тұз өндіргенде теңіз суын тазартқаннан кейін буландырып суытады. Теңіз суындағы тұздың массалық үлесі 3% болса, 100 кг тұз алу үшін қанша кг теңіз суы қажет болады ? 3) Тұрмыста денеге тиген хлорофос, карбафос, т.б. фосфорорганикалық заттарды зарарсыздандыру үшін мүсәтір спиртінің 10 % - тік ерітіндісі қолданылады. Массасы 2 кг осындай ерітінді дайындау үшін қанша көлем аммиакты суда еріту керек. Қазіргі кезде бүкіл әлемде ең өзекті ғаламдық көлемде жылыну - экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. Жер бетінде климаттың жылынуына парниктік әсер себепші болуда. Парниктік әсерге көмірқышқыл газы көп «үлес» қосады. Көмірқышқыл газы көп бөлінуінің көзі – отын түрлерінің жануы болып табылады. Осыған байланысты есеп. 8 сынып курсында «Оттектің химиялық қасиеттері. Жану» тақырыбын өткенде. Массасы 260 г ацетилен толық жанғанда түзілетін көміртек диоксидінің массасы қанша болады. Табиғатта жүретін табиғи үрдістердің бірі – жану. Жану үрдісі ауадағы оттек газының мөлшерін азайтады да, көмірқышқыл газдың массалық үлесінің көбеюіне әсер етеді. Ал көмір, бензин, т.б. отындар толық жанбаса атмосфераға күйе, иіс газы СО тағы басқа газдар таралады. 4) 5 куб.м метанды толық жағу үшін қанша көлем (қ.ж.) оттек газы қажет ? CH4 + 2O2 ---- CO2 + 2H2O 5 м3 x м Есепті сараптау. Есепті шығару барысында оқушылардың көңілін озон қабатының жер бетіндегі тіршілік үшін рөлін анықтайды, яғни озон қабаты жер бетіне ғарыштан ультракүлгін сәулесінің өтуін тежейді. Оқушыларда «озон қабатының тесілуі және себептері» экологиялық ұғым қалыптасады. Озон қабатының тесілуіне әсер ететін көздер туралы ұғым және мәліметтер химия лық есептер шығаруда қалыптасады. Екінші есепті шығару үшін сараптау жүргізу барысында оқушыларға теңіз суы тұз өндірудің көзі болып табылатынын және оның технологиясын таныстыруға болады.. Үшінші түрдегі есепте ерітінділерді дайындау және хлорофос, карбафос,т.б. улы заттар, олармен жұмыс жасау ережесі туралы мәліметтерді қарастыруға болады. Оқушыларға экологиялық мазмұнды есептерді сәл күрделілірек түрде де ұсынуға болады. Мысалы, 1. Химия зауытының айналасында радиусы 2 км жерде күкіртсутектің иісі болмашы ғана сезіледі. Тікұшақпен алынған ауа анализі,газ 2 км биіктікке таралғанын көрсетті. Осы аймақтағы ауадағы күкіртсутектің концентрациясы 1/20 КМШ , бұл 0,01 мл/л. Егер күкіртсутекті толық жинап алатын болсақ, одан қанша күкірт қышқылын алуға болады.? 2. Күкіртті газбен ластанған 100 л ауаны натрий гидроксиді арқылы өткізіп, оған иодты, түссіз түске боялғанша қосты. Алынған қоспаға барий хлоридін артық мөлшерде құйды. Түскен тұнбаны сүзіп және кептірілді. Оның массасы 7 мг. Ауаның тазалығы санитарлық нормаға сәйкес келеді ме , егер күкіртті газдың КМШ = 0,01 мг/л ? Қорытындылай келе, оқушылардың орындаған есептерін сараптау нәтижесінде экологиялық білім, тәрбие, қоршаған ортаны қорғау бойынша оқушылардың ұғымы, ой- өрісі қалыптастыру жолында біздің ұсынған экологиялық мазмұнды есептерді жүйелі түрде шығару әдістемемесі тиімді екенін дәлелдейді. Қорытынды Химиялық экологиялық білімдердің базалық мазмұнына байланысты теориялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау ; Жоғары сыныптарда химия пәні бағдарламасы бойынша экологиялық білім мазмұнына байланысты тақырыптарды іріктеу; Химия курсына экологиялық білім негіздерін кіріктіре оқытудағы әдіс тәсілдерді құрастыру; Ұсынылған әдістеменің тиімділігін эксперимент жүзінде анықтау; |