Дайындаған: ЛПХ-110тобының студенті Изтлеева Дарига Еуразия Аграрлық колледжі Машина жасауда қолданылатын материалдар Жоспар: - Металлдардың жалпы сипаттамасы
- Металл материалдар
- Металл емес материалдар
- Металдардың физикалық қасиеті
- Металдар — электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.
- Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (күміс, алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі – қола.
Металл материалдар - Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтерге төзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Лі, На, К, Рб, Цс), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0,01%-дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркәсіпте металдарды негізінен пирометаллургия, гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, т.б.) жасауда, т.б. кеңінен қолданылады
Металл емес материалдар - Металл емес материалдарға пластикалық массалар, композитті материалдар, резеңке материалдары, желім, лак-бояулары, ағаш, шыны, керамика жатады. Металл емес материалдар металдың алмастырғышы болып келеді және өзінше материал болып қолданылады. Металл емес материалдар қолданылуы экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді. Металл емес материалдардың негізі полимерлер болады, оның ішінде синтетикалық полимерлер.
- Полимерлер табиғатта табиғи каучук, целлюлоза, слюда, асбест, табиғи графит түрінде кездеседі.
Машина жасауда қолданылатын материалдар (Болат) - Болат — темірдің көміртек (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы. Темірдің көміртегі және басқа элементтермен қосылып жасалған деформацияланатын қорытпасы.
Болат – қара металлургия өндірісінің негізі - машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал.
Шойын - Шойын деп құрамында көміртегінің шамасы 2,14%-дан артық темір мен көміртегінің қорытпасын айтады. Оның болаттан негізгі айырмашылығы құрамындағы көміртегі санының көптігі ғана емес, құйылғыштығы жақсы, құны болаттан арзан, ал пластикалық қасиеті едәуір төмен.
Металдардың физикалық қасиеті - Электр жəне жылуөткізгіштігі
- Электр өрісінің əсерінен электрондар бағытты қозғалысқа ие болады, сөйтіп, электр тогы пайда болады. Электрөткізгіштігі ең жоғары металдар күміс пен мыс, одан кейін алтын, алюминий, темір болып келеді. Ең аз электрөткізгіштік сынапқа тəн.
Металдық жылтыры
Бұл металдардың өзіне тəн қасиеттерінің бірі-оны адамдар өте жоғары бағалап, кейбір көркем өнер туындыларын жасауға пайдаланады. Металдың бəрі де мөлдір емес, өзіндік жылтыры бар. Олар көбінесе сұр түсті болып келеді.
Қорытынды Барлык металл өнімдерінің 90%-ға жуығы қара металдар үлесіне тиеді. Еліміз қара металл кара металлургия орындарына өте бай. Сондықтан өнеркәсіптің бір саласы —қара металлургия қалыптасқан. Шойындар – темір негізіндегі құймалар тобының жалпы атауы, олардың құрамында 2% жоғары көміртегі, сонымен бірге кремний, марганец және зиянды қоспалар – күкірт және фосфор болады Шойын туралы алғашқы деректер б.д 6-ғасырына келеді. Қытайда жоғары фосфорлы темір рудаларының құрамында 7% фосфор бар шойын алып, әр түрлі бұйымдар құйған. Батыс Еуропада 14-ғасырда шойын өндіру домна пештері пайда болған кезде басталды. Алынған шойынды болат өндірісіне немесе қару-жарақ жасауға жұмсаған |