раздел. құтыру. Дамытушылытыру инфекциясына кмн болан жадайда з бетімен эпидемияа арсы ісшара йымдастыра білу. Трбиелік
Скачать 28.15 Kb.
|
ҚҰТЫРУ Мақсаты: Білімділік: Құтыру инфекциясының эпидемиологиялық ерекшелігін білу,инфекцияға профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру. Дамытушылық:Құтыру инфекциясына күмән болған жағдайда өз бетімен эпидемияға қарсы іс-шара ұйымдастыра білу. Тәрбиелік:Болашақ медицина маманы ретінде инфекциялық аурудың профилактикасында өз рөлін түсіну,елінің инфекциялық қауіпсіздігін сақтауда жауапкершілікті сезіну. Анықтамасы.Құтыру (Rabies Hydrophobia) – Neuroryctes rabid жедел вирусты зоонозды нейроинфекция. Клиникасы гидрофобиямен, аэрофобиямен сипатталады, ауыр ағымды энцефаломиелиттің әсерінен өліммен аяқталады. Тақырыптың маңыздылығы.Құтыру сирек кездесетін ауру болғанымен адам үшін абсолютті летальды инфекция. Дүние жүзінде құтырудан жыл сайын 50 000 адам өлімге ұшырайды және 1 млн жануарлар өледі. Тарихи мәліметтері.Бұл ауру ежелгі заманнан белгілі. Клиникасын К.Цельс анықтаған. Л.Пастер 1885 ж. құтырған жануарлар тістеген адамдарға вакцина еңгізген. 1892 ж. В.Бабеш, 1903 ж. А.Негри құтырудан өлген жануарлардың ми клеткаларының цитоплазмасында оксифильды қосындыларды анықтаған – олар Бабеш-Негри денешіктері деп аталады – ретроспективті диагноз қоюға өте маңызды. 1903 ж. П.Ремленже аурудың вирустық этиологиясын дәлеледеген. Этиологиясы.Қоздырғышы – Neuroryctes rabid – рабдовирус тұқымдастығына жататын вирус, оқ тәрізді пішінімен сипатталған. Нейротропты вирус. Вирустың 2 түрі бар – далалық және фиксацияланған. Фиксацияланған вирус сілекеймен берілмейді, тіндік торшаларда, тауық эмбрионында көбейеді, вакцина алу ушін қолданады. Құтыру вирусының вируленттілігі әр турлі – қасқыр мен иттің вирус вируленттілігі жоғары: жылқы, сиыр, қой, адам вирусының вируленттілігі – төмен. Эпидемиологиясы. Аурудың көзі және резервуары–жабайы және үй жануарлары – түлкі, қасқыр,енот тәрізді иттер, борсық, қоян, аю, жабайы ешкі, жарқанат, кеміргіштер, жылқы, ірі қара мал, ұсақ қара мал, түйе. Берілу жолдары Контактілі - жануарлар адамды тістеп және сілекейлеген кезде вирусты жұқтырады. Аэрогенді Алиментарлы Трансплацентарлы Патогенезі. 1. Жұқтыру сатысы. 2. Қоздырғыш организмге енгеннен соң жүйке жолдарымен, периневральді кеңестік бойынша ОЖЖ-не жетіп сұр затына жиналады. Вирустың таралу жылдамдылығы 3 мм/сағ. 3. Көбею сатысы – вирус мидың, жұлынның нейрондарында көбееді. ОЖЖ зақымдап –энцефалит дамиды. 4. Нейрогендік диссеминация - периневральды жолдарымен перифериялық жүйке жүйесіне тарап септиневрит шақырады. Периневральды жолдан басқа, лимфогенді және гематогенді жолдарымен бүкіл организмге тарайды. 5. Сілекей безіне жетіп жүйкелік ганглийлерінде жабысып –фиксацияланады, сілекей арқылы бөлінеді. 6. ОЖЖде дегенеративті өзгерістер дамып параличтердің әсерінен ауру өліммен аяқталады. Патанатомиясы. 1.Жедел іріңді емес шашыранды энцефаломиелит. 2.ОЖЖ-де рабиялық түйіндер – ұсақ тамырлар төңірегінде мезенхимальды-глиозды инфильтраттар пайда болады. 3.Жүйке жасушаларында, әсіресе гипокампта (cілекей бөлетін және тістейтін орталықтардың қасында) арнайы цитоплазматикалық қосындылар – Бабеш-Негри денешіктері анықталады. 4.Ішкі ағзаларда гиперемия, қанға толық толуы, нүктелік қан құйылуы анықталады. Клиникасы. Құтырудың кезеңдері: Жасырын кезең -10 күннен 1 жылға дейін (1-3 ай) Продромальды кезең –депрессия кезеңі -1-3 күн Қозу кезеңі -2-3 күн Паралитикалық (терминальды) кезең -12-20 сағат Құтырудың ерекше белгілері: Гидрофобия Аэрофобия, фотофобия,акустикофобия Психомоторлы қозу Сиалорея Параличтер – салданулар (өлудің алдында) Клиникасы Инкубациялық кезеңі 10 күннен, 3-4 ай болады, кейбір жағдайда жылға созылады.Науқаста созылмалы аурулары болса, немесе спирттік ішімдікті көп қолданатын болса инкубациялық кезең қысқа болады. Аурудың 3 кезеңі бар. П родромальды (депрессия) кезең 1–3 күн.Дене температурасы 37,2–37,3°С, жағдайы ауыр,ұйқысы бұзылған,мазасыз.Тістеген орында алғашында қышыну сосын сыздап ауырсыну белгісі білінеді. Науқастың көңіл күйі өзгереді:қайғылы, тұйық.Дене темпреатурасы көтеріліп,басы ауырады,тамаққа тәбеті төмендейді.Ауыз қуысы құрғап,лоқсу,тершеңдік пайда болады.Сыртқы тітіркендіргішке сезімталдық жоғары, үрей,қорқыныш пайда болады, ұйқысы бұзылады. Қозу кезеңі.Ұзақтығы 4 – 7 күн. Сезім мүшелерінің сезімталдығы артады: жарыққа, әртүрлі дыбысқа, шу бұлшық еттердің тырысуын туғызады.Судан қорқу, ауадан қорқу.Науқастар өте мазасыз, адамға күш көрсетеді, галлюцинация пайда болады,сандырақтау, қорқыныш сезімі болады. Ауызына су жақындатқанда көмей мен жұтқыншақ спазмы туындайды,науқаста тұншығу қорқынышы пайда болады.Аэрофобия есікті ашқанда, желпігенде пайда болады.Науқас басын бұрып,терең және жиі тыныс ала бастайды,тыныс алу қиындайды.Сілекей көп бөлінеді,науқас оны жұта алмағандықтан түкіреді. Паралич кезеңі.Аурудың соңғы кезеңі.Қозу басылады, қан қысымы төмендейді,тахикардия пайда болады. Гипертермия болуы мүмкін 42-43°С. Көз бұлшық еттері мен аяқ бұлшық еттерінің параличі пайда болады.Паралич тістеген жерде немесе қуық параличі пайда болады,сосын жоғары қарай таралады.Тыныс алу бұлшық еттерінің параличі өлімге әкеледі.Бұл кезеңнің ұзақтығы 12-20 сағат. Аурудың жалпы ұзақтығы 3-7 күн. Диагностикасы. Клиникалық белгілер негізінде диагноз қойылады. Негізгі симптомы судан қорқу,суды көргенде науқаста жұтқыншақ спазмы болады. Аэрофобия ауа қозғалысы науқаста тырысу белгілерінің пайда болуына себеп болады.Науқас аузынан сілекей ағып тұрады.Осы белгілердің диагноз қоюда маңызы зор.Жануардың тістеген орны немесе сілекейінің жұғуын ескеру керек.Лабораториялық тәсіл анықталмаған.Диагноз эпидемиологиялық, клиникалық анамнезіне сүйеніп, сонымен бірге бас миын гистологиялық тексеру (Бабеш Негри денесі) нәтижесіне сүйеніп қойылады. Емі. Арнайы емі жоқ,науқасты құтқару мүмкін емес.Ем науқас жағдайын жеңілдетуге бағытталған, науқас реанимация не интенсивті емдеу палатасына жатқызылады.Этиотропты еміне вакцинация курсын жүргізу жатады.Вакцинация нәтижесінде антиденелер тез пайда болады.Жануар тістеген жағдайда травматология пунктерінде алдын алу егу жұмыстары жүргізіледі. 14 күннен кешіктірмей егу жұмыстарын жүргізу жақсы нәтиже береді. Вакцинация кезінде спирттік ішімдік қолдануға болмайды.Құтырудың клиникалық белгілері пайда болған жағдайда ем нәтижесіз.Симптоматикалық ем жүргізіледі.Науқасты тыныштандыратын, тырысуға қарсы препараттар беріледі.Тыныс бұзылыстары кезінде трахеотомия және жасанды дем беру аппаратын қолданады. Құтырудың алдын алу жануарлар(үй жануарлары, қаңғырған жануарлар) арасында құтыруға қарсы вакцинация жүргізу керек. Жануарлар тістеген кезде жараны сабынды сумен жуу керек, 40-70 градус спиртпен немесе йодпен өңдеу керек.Жараны тазалап болғаннан кейін арнайы антирабиялық вакцинация жүргізіледі.Вакцинаны бірінші рет Луи Пастер 6 маусым 1885 жылы қолданды. Вакцина 6 рет салынады: дәрігерге көрінген күні (0 күн), 3, 7, 14, 30 және 90 күндері.Егер тістеген жануар 10 тәуліктен кейін сау болатын болса,иньекцияны тоқтады.Вакцинация кезінде және 6 ай өткенше спирттік ішімдік ішуге болмайды. Құтыру ауруымен ауырған адамдар міндетті түрде ауруханаға жатқызылады,себебі ем жүргізу үшін және медициналық бақылау жүргізу үшін.Науқастарды тыныштық сақталатын жерге жатқызу керек,өйткені шу,жарық,судың сарылына тырысу болуы мүмкін.Науқастар судан қорқатын болғандықтан оларға мұз,ерінін ылғалдау арқылы сусын беріледі.Жеке мейірбикелік бақылауда болады,себебі науқастар төсектен тұрып қашып кетуі мүмкін. Сұрақтар 1.Құтыру ауруының анықтамасы 2.Құтыру ауруының этиологиясы 3. Құтыру ауруының эпидемиологиясы 4. Құтыру ауруының клиникалық кезеңдері 5. Құтыру ауруының емі 6. Құтыру ауруының профилактикасы Оқулықтар 1.Жұқпалы аурулар Сейітова А.А.,Саменова Р.А. 2.интернет материалдары 3.Жұқпалы аурулар Алматы 2009 ж. 4.Инфекционные болезни Н.Д.Ющук, Г.Н.Кареткина |