Главная страница
Навигация по странице:

  • 17) Босанушыда босанудың 2-кезеңінде жатырдың жыртылу қаупі белгілері пайда болды. Қандай шұғыл көмек көрсету керек

  • аиг 1000. Босану клиникасы. Интерндерге жауаптарымен тесттер 1 Босану клиникасы


    Скачать 342.42 Kb.
    НазваниеБосану клиникасы. Интерндерге жауаптарымен тесттер 1 Босану клиникасы
    Дата25.05.2022
    Размер342.42 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлааиг 1000.docx
    ТипДокументы
    #549100
    страница1 из 21
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

    Босану клиникасы. Интерндерге жауаптарымен тесттер - 1

     

     

     

     

    «Босану клиникасы»

    1)  Үйде болған эклампсия ұстамасынан кейін 23 жастағы алғаш босанушы босану үйіне әкелінді. Жүктіліктің 37-38 аптасы, жағдайы ауыр, есі есеңгіреген. АҚҚ 150/100 мм сын. бағ.,  пульсі 98 соққы/минутына. Аяғында айқын ісінулер. Жүктіні жүргізудің ең ықтимал жүргізу әдісін анықтаңыз:

    A)              емдеу фонында жүктілікті қарай жалғастыру

    B)              2-3 күн комплексті қарқынды терапия жүргізу

    C)              +комплексті интенсивті терапия жүргізу үшін қарқынды емдеу палатасына жатқызу

    D)              босануды қоздыру, кейін акушерлік қысқыш салу

    E)              босану жолдарын босануды индукцияға дайындау

     

    2)  Босану бөліміне патология бөлімінің палатасынан 26 жастағы қайта босанушы басталған босану әрекетімен ауыстырылды. Патология палатасында қойылған диагнозы: Жүктілік 39 апта. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі. Ауыстыру кезінде АҚҚ 140/95 мм сын. бағ., зәрде ақуыз 1,32 г/л, балтыры ісінген. Дәрігердің әдісі?

    A)              +амниотомия

    B)              босануды тыңғылықты ауырсыздандыру

    C)              гипотензивті терапия

    D)              оксигенотерапия

    E)              динамикада бақылау

     

    3)  Нәрестенің  болжама салмағы 4500,0 гр. босанушыда  күшену 1-2 минуттан кейін  50-60 секундтан,  интенсивті. Вастен белгісі оң, төменгі сегмент толғақтан тыс пальпация кезінде ауру сезімді,  контракционды сақина кіндік деңгейінде. Кіші дәретке бармағалы 3 сағат. Жатуышы бөлігі бас, кіші жамбас кіре берісіне фиксацияланған. Нәрестенің жүрек соғу 160  соққы/минутына. Қынаптық зерттеу: ашылуы толық. Басы кіші жамбас кіре берісіне фиксацияланған. Басында айқын босану ісігі. Мүйіске саусақ жетпейді. Ықтимал диагноз:

    A)              Босанудың IIкезеңі. Ірі ұрық. Аса қатты босану әрекеті.

    B)              Босанудың IIкезеңі. Ірі ұрық. Дискоординирленген босану әрекеті.

    C)              +Босанудың IIкезеңі. Ірі ұрық. Клиникалық тар жамбас. Жатырдың жыртылу қаупі.

    D)              Босанудың IIкезеңі. Клиникалық тар жамбас. Ірі ұрық. Басталған жатыр жыртылуы.

    E)              Босанудың IIкезеңі. Клиникалық тар жамбас. Ірі ұрық. Болған жатырдың жыртылуы.

     

    4)  Босанушыда қынаптық зерттеуде анықталды: жатыр мойнының ашылуы 7 см, қағанақ қабы жоқ. Басы кіші жамбас кіре берісіне бекіген. Жебе тәрізді жігі оң жақ қиғаш өлшемде, үлкен еңбек қассағаға сол жақта, кіші еңбек сегізкөзге оң жақта үлкен еңбектен жоғары.  Ықтимал  диагноз:

    A)              Босанудың I кезеңі. Алдыңғы түр, шүйдемен жату.

    B)              Босанудың I кезеңі. Артқы түр, шүйдемен жату.

    C)              +Босанудың I кезеңі. Алдыңғы баспен жату.

    D)              Босанудың Iкезеңі. Маңдаймен жату

    E)              Босанудың I кезеңі. Бетпен жату.

     

    5)   Босанушыда ұрықтың болжам салмағы 3000,0 гр. ,  қынаптық зерттеуде анықталды: жатыр мойнының ашылуы  7 см, қағанақ суы жоқ. Мұрын, ауыз, ииек анықталады. Бет сызығы сол қиғаш өлшемде, иек симфизден оң жақта. Босануды жүргізудің ықтимал акушерлік әдісі:

    A)              кесар тілігін жасау

    B)              акушерлік қысқыш салу

    C)              сыртқы-ішкі бұрылыс жасау

    D)              +босануды табиғи жолдар арқылы жүргізу

    E)              ұрықты бұзу операциясын жүргізу

     

    6)  Жүкті 28 жаста. Жүктілік мерзімі 38 апта. Анамнезінде 1,5 жыл бұрын кесар тілігі. Түскен кезде шағымдары: ішіңің төменгі жағында үнемі ауру сезімі, ұрықтың қозғалуымен күшейеді. Жатыр нормотонуста. Баспен жатыр. Нәрестенің жүрек соғуы анық,  136 соққы/минутына. Пальпация кезінде операциядан кейінгі тыртық аймағында ауру сезімі күшейеді. Қынаптық зерттеу: жатыр жұмсақ, ұзындығы 1,5 см, цервикальды өзек 1 көлденең саусақ ішкі ернеуден өткізеді, аймағында «өтпелі білік» анықталады. Баспен жатыр. Мыс жеткіліксіз. Бөлінділер шырышты. Ықтимал  диагноз:

    A)              Жүктілік 38 апта. Жатыр тыртығы.  Жалған толғақтар.

    B)              Жүктілік 38 апта. Жатыр тыртығы.   Қалыпты орналасқан плацентаның ажырауы

    C)              Жүктілік 38 апта. Жатыр тыртығы.  Босанудың I кезеңі

    D)              +Жүктілік 38 апта. Жатырдың тыртығы бойымен жыртылу қаупі

    E)              Жүктілік 38 апта. Басталған жатырдың жыртылуы тыртық бойымен

     

    7)  Босанушы 22 жаста. Нәрестенің болжам салмағы 3000,0. Босанудың 2-кезеңінде. Таза  жамбаспен жату. Нәрестенің жамбасыжамбас түбінде. Кезекті күшеністен кейін ішінде ауру сезімі, қанды бөлінділер пайда болды. КТГ зерттеуінде ұрықтың жүрек соғуы  180 соққы/минутына, ерте децелерация 88 соққы минутына дейін. Ықтимал жүргізу әдісі?

    A)              Кесар тілігін жасау

    B)              Цовьянов әдісін қолдану

    C)              акушерлік қысқыш салу

    D)              +шап бүгілісі арқылы ұрық экстракциясын жасау

    E)              классикалық әдіс қолдану

     

    8)  Қайта жүкті, алғаш босанушы 26 жастағы әйелде төменгі сегментте жатыр жыртылуы болды. Нәрестенің жүрек соғысы анықталмайды, инфекция белгілері жоқ. Науқасқа ықтимал көрсетіледі:

    A)              +лапаротомия,  жатырды төменгі сегментте тігу

    B)              лапаротомия, қосалқыларсыз жатырдың қынап үстілік ампутациясы

    C)              лапаротомия, қосалқыларсыз жатыр экстирпациясы

    D)              лапаротомия, түтіктермен жатырдың қынап үстілік ампутациясы

    E)              лапаротомия, түтіктермен жатыр экстирпациясы

     

    9)  Босанушы 26 жаста, босануы екінші, бірінші жүктілігі мерзімінде босанумен аяқталды, босанудан кейінгі кезеңі эндометритпен асқынды . 10 минутта 2-3 толғақ, 30-35 секунттан. Жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінділермен түсті. Нәресте басы кіші жамбас кіре берісінен жоғары. Нәрестенің жүрек соғуы 140 соққы/минутына, анық. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының ашылуы 4 см. Қағанақ қабы бүтін. Бөлінділер қанды, аздаған. Ықтимал әдіс?

    A)              босануды консервативті жүргізуді жалғастыру

    B)              +қағанақ қабын жару

    C)              кесар тілігі операциясына кірісу

    D)              босану әрекетін күшейту

    E)              спазмолитиктер енгізу

     

    10)         Босанушы босануда 10 сағат. Қағанақ суы кеткен жоқ. Толғақтары интенсивті, 10 минутта 3 толғақ 45-50секундтан. Кенеттен босанушы бозарып, құсу, ішінде кернеген ауру сезімі пайда болды, жатыр асимметриялық қалыпта, тығыз. Нәрестенің жүрек соғуы минутына 180-190 рет. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қуығы бүтін,кернелген, жатқан басы кіші жамбас қуысының тар бөлігінде. Ықтимал әдіс?

    A)              тез кесар тілігіне кірісу

    B)              +қағанақ қабын жару

    C)              қағанаққабын жару

    D)              ұрықтың жедел гипксиясын емдеу

    E)              босану әрекетін ынталандыруды жүргізу

     

    11)         Сыртқы акушелік зерттеуде жүкті әйелдің жатыр түбінде жұмсақ консистенциялы ірі бөлігі пальпацияланады, кіші жамбас кіре берісінде — тығыз консистенциялы ірі бөлігі, шар тәрізді формалы, сол жақ және алдында — беті тегіс шығыңқыларсыз, оң жақ және артында — кедір бұдырлы беткей. Ықтимал  диагноз?

    A)              көлденең  орналасу жамбаспен жату, 1-ші  позиция, алдыңғы түр

    B)              көлденеңорналасу, баспен жату, 1-ші позиция, артқы түр

    C)              +көлденең орналасу ,  баспен жату, 1-ші  позиция,  алдыңғы түр

    D)              көлденең орналасу , баспен жату, 2-ші позиция, алдыңғы түр

    E)              көлденең орналасу, баспен жату, 2-ші позиция, артқы түр

     

    12)         Салмағы 2800,0 гр. бала туылғаннан кейін жатырда көлденең орналасқан екінші ұрық анықталды. Басы сол жақта, жамбас бөлігі оңға қараған. Нәрестенің жүрек соғуы анық, ырғақты  140 соққы/минутына. Сіздің ықтимал әдісіңіз:

    A)              кесартілігі

    B)              сыртқы бұрылыс

    C)              +ұрықтың аяққа сырқтқы-ішкі бұрылыс

    D)              ұрықты бұзушы операция

    E)              динамикада бақылау

     

    13)         23 жастағы босанушыда ашық түсті қағанақ суы кетті. Босануы екінші. Іш айналымы 90 см. Жатыр түбінің биіктігі 33 см. Толғақтары 3 рет 10 минутта, 35-40 секундтан, орташа интенсивті. Нәрестенің жүрек соғуы анық, ырғақты 130 соққы/минутына. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының ашылуы 5 см, қағанақ қабы жоқ. Жатушы бөлігі табандары. Ықтимал әдіс?

    A)              Цовьянов 1 бойынша әдіс қолдану

    B)              қолмен классикалық әдіс қолдану

    C)              + Цовьянов 2 бойынша әдіс қолдану

    D)              аяқтарынан ұрық экстракциясын жасау

    E)                кесер тілігі операциясын жасау

     

    14)         Босанушыда босанудың IIкезеңінде  АҚҚ 180/110 мм сын. бағ.жоғарылады. Ұрық басы кіші жамбастың шыға беріс жазықтығында. Сіздің ықтимал әдісіңіз:

    A)              кесар тіліг операциясын жасау

    B)              наркоз беріп, акушерлік қысқыш салу

    C)              пудендальды  анестезия жасап, акушерлік қысқыш жасау

    D)              +басқармалы нормотонияны қолдану

    E)              босанудың II кезеңін қысқарту үшін перинеотомия жасау

     

    15)         Қайта босанушы, жүктіліктің 30 аптасында босану үйіне іштің төменгі жағында толғақ тәрізді ауру сезімі шағымдарымен түсті. Ретті босану әрекеті жоқ. Суы кеткен жоқ. Нәрестенің  жүрек соғуы 136 соққы/минутына. Соматикалық дені сау. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны 1 см ге дейін қысқарған, жұмсақ, цервикальды канал 1 көлденең саусақты еркін ішкі ернеуден өткізеді. Қағанақ қуығы бүтін. Жатқан бөлігі бас. Бөлінділер шырышты. Қойылған диагноз: 30 аптада басталған мерзімінен ерте босану. Баспен жату. Ықтимал акушерлік тактика:

    A)              босану әрекетін күшейту

    B)              босану әрекетінің динамикасын бақылау

    C)              +токолиз жүргізу

    D)              дистресс-синдромның профилактикасын жасау

    E)              әйелдер кеңнсінің қатаң бақылауына беру

     

    16)         Қайта босанушы, жүктіліктің 30 аптасында босану үйіне іштің төменгі жағында толғақ тәрізді ауру сезімі шағымдарымен түсті. Ретті босану әрекеті жоқ. Суы кеткен жоқ. Нәрестенің  жүрек соғуы 136 соққы/минутына. Соматикалық дені сау. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны 1 см ге дейін қысқарған, жұмсақ, цервикальды канал 1 көлденең саусақты еркін ішкі ернеуден өткізеді. Қағанақ қуығы бүтін. Жатқан бөлігі бас. Бөлінділер шырышты. Ықтимал болжам диагноз:

    A)              +30 аптада басталған мерзімінен ерте босану.

    B)              30 аптада мерзімінен ерте босану қаупі.

    C)              Жүктілік  30 апта. Босану ізашарлары

    D)              Жүктілік 30 апта. Бсанудың Iкезеңі

    E)              Жүктілік 30 апта. ИЦЖ

     


    17)         Босанушыда босанудың 2-кезеңінде жатырдың жыртылу қаупі белгілері пайда болды. Қандай шұғыл көмек көрсету керек?

    1.              Акушерлік қысқыш салу

    2.              ұрықты бұзушы операция жасау

    3.              ұрықтың вакуум-экстракциясын жасау

    4.              +кесар тілігін жасау

    5.              босану әрекетін наркозбен тоқтату

     

    18)         Қайта босанушы жүктіліктің 32 аптасанда босану үйіне түсті. Жүктілігі үшінші,  анамнезінде екі жасанды түсік, екінші аборттан кейін эндометрит болған. Жайлы жағдайда жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінділер пайда болды. Қан жоғалту 300,0 мл. Жүктінің айырбастау картасынан анықталғаны, 30 аптада УДЗ де плацентаның толық жатуы анықталды. АҚҚ 105/60 мм сын.бағ, пульсі 90 соққы/минутына. Жатыр нормотонуста, пальпация кезінде жеңіл қозғыш. Нәрестенің орналасуы ұзына бойы. Нәрестенің жүрек соғуы тыңдалмайды. Ықтимал  акушерлік тактика:

    A.              +жедел кесар тілігі

    B.              гемотрансфузия және кесар тілігі

    C.              амниотомияжәне сыртқы-ішкі бұрылыс

    D.              амниотомия және ұрықты бұзушы  операция

    E.              амниотомия және жатырдың қынап үстілік ампутациясы

     

    19)         Босанушы 40 жаста. Жүктілігі - 7, босану - 4, аборттар -2. Дүйде кенеттен ішінің төменгі жағында ауру сезімі және 250,0 мл дей қан кету пайда болды. Бірден жалпы әлсіздік, ентігу, құсу пайда болды. Түскен кезде: жағдайы орташа ауырлықта, АҚҚ  90/60 мм сын.бағ., пульсі 96 соққы/минутына. Жатыр  гипертонуста, оң жақ түтік бұрышында ауру сезімді. Нәрестенің жүрек соғуы тыңдалмайды. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, цервикальды өзектен алқызыл қан бөлінуде 50мл.     Ықтимал  акушерлік тактика:

    A)              инфузионды терапияны бастау

    B)              оксигенотерапия

    C)              ауырсыздандыру

    D)              +кесар тілігі операциясы

    E)              гемотрансфузияны бастау

     

    20)         Алғаш босанушы 26 жаста, босану үйіне қағанақ суының кетуімен түсті. Босанудың І-ші кезеңінде босану әрекетінің әлсіздігі дамып, соған байланысты окситоцинмен босануды ынталандыру жүргізілді. Босанудың ІІ-ші кезеңінде КТГ зерттеуінің мәліметі бойынша брадикардия 100 - 90 соққы/минутына дейін.   Қарағанда:  жатыр мойнының ашылуы толық, нәрестенің басы кіші жамбастың кең бөлігінде, жебе тәрізді жігі оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбегі сол жақта, алда. Ықтимал акушерская тактика?

    A)              акушерлік қысқыш салу

    B)              +нәресте қаупті жағдайының мүмкін себебін табу

    C)              окситоцинді көк тамыр ішіне енгізуді жалғастыру

    D)              вакуум-экстракциюя жасау

    E)              краниотомия жасау

     

    21)         Босанушы 26 жаста. Жүкті әйелде ревматикалық митральды қосарланған жүрек ақауы, сол митральды тесік стенозының басым болуымен, қан айналым бұзылуы 2А дәрежесімен. Босанудың II кезеңі, ұрық басы кіші жамбастың шыға беріс жазықтығында, жебе тәрізді жігі оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақта, алда. Ықтимал акушерлік тактика:

    A)              кесар тілігін жасау

    B)              ауырсыздандыруды тағайындау

    C)              + босанудың ІІ-ші кезеңін алып тастау

    D)              консервативті жүргізу

    E)              перинеотомия жасау

     

    22)         Амниотомияны жасауға ықтимал көрсеткіш болып табылады:

    A)              қалыпты орналасқан плацентаның ажырауы

    B)              +босану индукциясы

    C)              ұрық гипоксиясының ауыр дәрежесі

    D)              «жетілген» босану жолдарының болмауы

    E)              ірі ұрық

     

    23)         Қалыпты орналасқан плацентаның ажырауы. Нәресте  басы кіші жамбастың кең бөлігінде. Ішкі қан кету симптоматикасы анықталады. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ретті 160 соққы минутына. Дәрігердің ықтимал таутикасы?

    A)   Окситоцинмен ынталандыру

    B)   амниотомия

    C)   +кесар тілігі

    D)  акушерлік қысқыш

    E)   ұрық вакуум-экстракциясы

     

    24)         Босану бірінші мерзімінде. Босанушы төмен тамақтанулы, бойы 150 см.   Іш айналымы 108 см, жатыр түбі биіктігі 39 см. Кіші жамбас кіре берісіне нәресте басы жатыр. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты 130 соққы/минутына. Қынаптық зерттеуде: қынап   тар, жатыр мойны жайылған, жатыр мойнының ашылуы 2 см, қағанақ қабы бүтін. Сіздің ықтимал тактикаңыз?

    A)   + босануды партограмма бойынша жүргізу

    B)   окситоцинмен ынталандыру

    C)   акушерлік қысқыш

    D)  краниотомия

    E)   бақылау

     

    25)         Дәрігер ауданнан қайта босанушыны жеткізді, 44 жаста , жағдайы ауыр. Бір сағат бұрын ұрықтың классикалық бұрылысын жасаға тырысқанда босанушы есін жоғалтты. Тері және шырышты қабаттары күрт бозарған. АҚҚ 80/40 мм сыб.бағ. , пульсі  140 соққы/минутына. Ішперде қабаты арқылы нәресте бөліктері анықталады. Жатыр бөлек пальпацияланады. Аздаған қанды бөлінділер. Сіздің ықтимал диагнозыңыз?

    A)   Басталған жатыр жыртылуы.

    B)   +Болған жатыр жыртылуы.

    C)   Плацента ажырауы.

    D)  ДВС-синдром

    E)   геморрагиялық шок.

     

    26)         Жүктілік  36-37 апта. Ұрық басы кіші жамбас кіре берісінен жоғары. Жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінділер (8 сағат ішінде жалпы қан жоғалту көлемі  100,0 мл).  Босанудың І-ші кезеңі, 10 минутта 2 толғақ , 35 секундтан орта дәрежеде, паузада жатыр босаңсиды, аурусыз. Нәрестенің  жүрек соғуы 136 соққы/минутына, анық, ырғақты. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны жұмсарған, жатыр мойнының ашылуы 2 см , оң жақ күмбез  бозғылт. Сіздің ықтимал  диагнозыңыз?

    A)   Плацента ажырауы

    B)   +Плацента жатуы

    C)   жатырдың жыртылу қаупі

    D)  басталған жатыр жыртылуы

    E)   болған жатыр жыртылуы

     

    27)         Жүктіліктің 31 аптасында мерзімінен ерте босану. УДЗ мәліметінде 30 аптасында – плацентаның төмен орналасуы (плацента ішкі ернеуден 2 см жоғары). Нәрестенің ұзына бойы орналауы. Нәрестенің жүрек соғысы 92-94 соққы минутына.  Жатыр мойны ашылуы 5,0 см.  Қатты қан кету.  Нәрестенің  қауіпті жағдайы. Ең ықтимал  диагноз?

    A)   плацентаның толық жатуы

    B)   +плацентаның толық емес жатуы

    C)   төмен орналасқан плацентаның ажырауы

    D)  қалыпты орналасқан плацентаның ажырауы

    E)   жатыр жыртылуы

     

     

     

     

     

    28)         Жүкті  21 жаста, босану әрекетінің басталуымен түсті. Сыртқы және ішкі акушерлік зерттеудің негізінде диагноз қойылды: «Жүктілік  38-39 апта. Босанудың I кезеңі. Бетпен жатудың артқы түрі». Ықтимал тактика?

    A)   +кесар тілігі

    B)   босануды консерватив жүргізу

    C)   амниотомия

    D)  босануды ынталандыру

    E)   акушерлік қысқыш

     

    29)         Төмен орналасқан плацентамен негізделген босануда қан кету кезінде дәрігердің  ықтимал тактикасы? Жатыр ернеуінің ашылуы 6,0 см, қағанақ қабы бүтін. Нәрестенің жүрек соғуы ырғақты 160 соққы/минутына. Жыныс жолдарынан қан жоғалту 150,0 мл.

    A)   кесар тілігі

    B)   краниотомия

    C)   окситоцинмен ынталандыру

    D)  +амниотомия

    E)   акушерлік қысқыш

     

    30)         Босану бірінші , мерзімінде, егіз. Бірінші ұрық қазір ғана туылды, екінші ұрық көлденең орналасқан, қағанақ қабы бүтін. Ұрық жүрек соғуы 140 соққы/минутына.Ықтимал тактика?

    A)   +2-ші нәрестенің амниотомиясы

    B)   ұрықты аяғына аудару

    C)   окситоцинмен ынталандыру

    D)  амниотомия

    E)   спондилотомия

     

    31)         Жүктілік бірінші. Босану  16 сағаттан аса жалғасуда. Босанушының дене температурасы 38,5°С, жыныс жолдарынан бөлінділер іріңді, меконимен боялған. Қынаптан сыртқа қарай пульстанбайтын кіндік ілмегі шығып тұр. Ішкі зерттеу кезінде: ұрық басы кіші жамбас кіре берісінде кіші сегментпен артқы асинклитикалық қондырылған. Вастен симптомы оң. Ықтимал тактика?

    A)   +кесар тілігі

    B)   акушерлік қысқыш

    C)   кіндікті кіргізу

    D)  краниотомия

    E)   окситоцинмен ынталандыру

     

    32)         Преэклампсияның жеңіл дәрежесі бар босанушыда босану әрекеті басталғаннан кейін ішінде күрт ауру сезімі пайда болды. Пульсі 120 соққы/минутына. АҚҚ 90/60 мм сын.бағ. Жатыр қатайған, толғақтар арлығында босаңсымайды, пальпация кезінде жатырдың алдыңғы қабырғасында түбіне жақын ауру сезімді  байқалады. Қынаптан аздаған қанды бөлінділер. Нәрестенің  жүрек соғысы тыңдалмайды. Ықтимал  диагноз?

    A)   +плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы

    B)   плацентаның толық жатуы

    C)   плацентаның жартылай жатуы

    D)  жатырдың жыртылу қаупі

    E)   басталған жатыр жыртылуы

     

    33)         Алғаш босанушы 38 жаста. Жатыр мойны ашылуы 4,0 см. Суы бүтін.  Нәрестенің жүрек соғысы 160 соққы минутына дейін.  Орналасуы көлденең. Ықтимал  тактика?

    A)   амниотомия

    B)   +кесар тілігі

    C)   окситоцинмен ынталандыру

    D)  региональды анестезия

    E)   акушерлік қысқыш

     

    34)         Мерзімінен ерте босану. Аяқтарында, бетінде, алдыңғы ішперде қабырғасында,зәрде ақуыз 4 г/л, АҚҚ 190/100 мм сын. бағ. Кенеттен бас ауру пайда болды, көзі көрмей қалды, жатыр мойны ашылуы 8 см. Қағанақ қабы бүтін. Ұрық жүрек соғуы тыңдалмайды. Ықтимал тактика?

    A)   амниотомия

    B)   акушерлік қысқыш

    C)   +магнезиальды және гипотензивті терапия

    D)  окситоцинмен ынталандыру

    E)   ұрық вакуум-экстракциясы

     

    35)         Жатыр ернеуінің толық емес ашылуында су кетті. Нәрестенің колденең орналасуы. Нәрестенің жүрек соғуы анық, ырғақты 160 соққы минутына.  Ықтимал  тактика?

    A)   амниотомия

    B)   +кесар тілігі

    C)   окситоцинмен внтвлвндыру

    D)  ұрықты аяқа бұру

    E)   акушерлік қысқыш

     

    36)         Көп босанушы (7 босану). Жүктілігі жетілген.   Іш айналымы 102 см, жатыр түбі биіктігі 34 см. Іштің тік бұлшықеттерінің диастазы бар (ажырау). Суы кеткеннен 5 сағат өтті. Босанудың ІІ-ші кезеңі 2 сағат жалғасуда. Келесі сағатта күшену күрт төмендеді.  Нәрестенің жүрек соғуы 100 соққы/минутына. Ішкі зерттеуде: ұрық басы жамбастан шыға берісте. Жебе тәрізді жік тік өлшемде. Ықтимал  тактика?

    A)   окситоцинмен ынталандыру

    B)   +нәрестенің вакуум-экстракциясы

    C)   динамикада бақылау

    D)  босанушының қалпін өзгерту

    E)   физиологиялық ерітінді енгізу

     

    37)         Көп босанушы (7 босану). Жүктілігі жетілген.   Іш айналымы 102 см, жатыр түбі биіктігі 34 см. Іштің тік бұлшықеттерінің диастазы бар (ажырау). Суы кеткеннен 5 сағат өтті. Босанудың ІІ-ші кезеңі 2 сағат жалғасуда. Келесі сағатта күшену күрт төмендеді.  Нәрестенің жүрек соғуы 100 соққы/минутына. Ішкі зерттеуде: ұрық басы жамбастан шыға берісте. Жебе тәрізді жік тік өлшемде. Босану актінің ықтималасқынуы ?

    A)   Басталған жатыр жыртылуы

    B)   дискоординирленген босану әрекеті

    C)   +босану күшінің әлсіздігі

    D)  клиникалық тар жамбас;

    E)   ұрықтың бұрылып орналасуы

     

    38)          Жүктілігі үшінші. Анамнезінде 5 жасанды түсік  Клиникаға түскенге 6 күн бұрын мардымсыз қан кету. Босану әрекеті  басталғаннан көп мөлшерде қан кетеді. Бас кіші жамбас кіре берісінде қозғалмалы.  Ықтимал патология?

    A)   тар жамбас 1 дәреже

    B)   қалыпты орналасқан плацентаның ажырауы

    C)   плацентаның толық жатуы

    D)  +плацентаның толық емес жатуы

    E)   жатыр жыртылуы

     

    39)         Мерзімінен ерте босану. Аяқтарында, бетінде, алдыңғы ішперде қабырғасында ісінулер. Зәрдің жалпы анализінде белок 4 г/л. АҚҚ 190/100 мм сын. бағ. Кенеттен бас ауыру пайда болды, көзі көрмей қалды, жатыр мойны ашылуы 8 см. Қағанақ қабы бүтін. Нәрестенің жүрек соғуы тыңдылмайды. Ықтимал диагноз?

    A)   Преэклампсия жеңіл дәрежесі

    B)   +преэклампсия ауыр дәрежесі

    C)   геморрагиялық шок

    D)  эклампсия

    E)   амавроз

     

    40)          Жүктілікгі жетілген. Бас кіші жамбас кіре берісіне жоғары. Жатыр ернеуі ашылуы 4 см, Сол жақ кеңістіктің үштен бір бөлігін плацентарлы тін алып жатыр.   Қағанақ қабы жоқ. Жыныс жолдарынан қан кетуде.Ықтимал диагноз?

    A.   плацентаның толық жатуы

    B.   +плацентаның толық емес жатуы

    C.   төмен орналасқан плацентаның ажырауы

    D.   қалыпты орналасқан плацентаның ажырауы

    E.    жатыр жыртылуы

     

    41)         Қайта босанушы әйелде қағанақ суы кетті. Жүктілігі жетілген. Жатыр ернеуінің ашылуы толық. Нәрестенің орналасуы көлденең. Нәрестенің жүрек соғуы 136 соққы/минутына. Ықтимал  тактика?

    A)   +кесар тілігі

    B)   окситоцинмен ынталандыру

    C)   акушерлік қысқыш

    D)  ұрықты аяққа бұру

    E)   спондилотомия

     

    42)         Жүктілік 38-39 апта. Әйел әлсіздікке, аздаған ентігуге, ішінің төменгі жағында толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Объективті: АҚҚ 110/70 мм сын.бағ.,  еріннің аздаған цианозы, беттің "қызаруы" байқалады. Кеуде клеткасын пальпациялағанда  "мысық пырылы" симптомы анықталады, жүрек шекаралары жоғары 1 см, оңға 3 см ұлғайған. Аускультативті "бөдене" ырғағы естіледі.   Жүрек қан тамыр жүйесінің қандай ықтимал патолгиясы туралы ойлауға болады?

    A)   аортальды қықпақша жетіспеушілігі

    B)   аортального қақпақша стенозы

    C)   +митрального қақпақша стенозы

    D)  митральды қақпақша жетіспеушілігі

    E)   үшжармалы қақпақша стенозы

     

    43)         Босану мерзімінде үшінші. Анамнезінде 5 жасанды түсік  Клиникаға түскенге 6 күн бұрын мардымсыз қан кету. Босану әрекеті басталғаннан көп мөлшерде қан кетуде. Бас кіші жамбас кіре берісінен жоғары қозғалмалы.   Ықтимал тактика?

    A)   +кесар тілігі

    B)   окситоцинмен ынталандыру

    C)   амниотомия

    D)  динамикада бақылау

    E)   акушерлік қысқыш

     

    44)         Қалыпты орналасқан плацентаның ажырауы. Босанушының жағдайы орташа дәрежеде. Ішкі қан кету симптомы өршуде. Жатыр ернеуі толық ашылған. Нәрестенің жүрек соғуы тыңдалмайды. Қағанақ қабы жоқ. Басы кіші жамбастың кең бөлігінде. Ықтимал  тактика?

    A)   краниотомия

    B)   акушерлік қысқыш

    C)   +кесар тілігі

    D)  ұрықтың вакуум-экстракциясы

    E)   декапитация

     

    45)         Эклампсия ұстамасы. Жатыр мойнының толық ашылуы. Нәрестенің жүрек соғуы 146 соққы/минутына.  Нәрестенің жамбасы кіші жамбас кіре берісінен жоғары. Ықтимал  тактика?

    A)   амниотомия

    B)   ұрықты аяқтары арқылы шығару

    C)   +магнезиальды терапия, кесар тілігі

    D)  Цовьянов әдісі

    E)   окситоцинмен ынталандыру

     

      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


    написать администратору сайта