Главная страница
Навигация по странице:

  • 434. Бала жолдасы туылғаннан кейін қан кету басталды. Жатыр кезеңмен босаңсиды.Сіздің ықтимал тактикаңыз

  • аиг 1000. Босану клиникасы. Интерндерге жауаптарымен тесттер 1 Босану клиникасы


    Скачать 342.42 Kb.
    НазваниеБосану клиникасы. Интерндерге жауаптарымен тесттер 1 Босану клиникасы
    Дата25.05.2022
    Размер342.42 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлааиг 1000.docx
    ТипДокументы
    #549100
    страница8 из 21
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

    404.          Босанудан кейінгі мастит диагностикасында төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы ең ықтимал?

     A) сүт бездерінің УДЗ

     B) +сүт бездерін қарау және пальпациялау

    C) маммография

    D) клиникалық қан анализдері

    E) сүт бездерінің МРТ-сы

     

    405.           32 жастағы босанушы О. кесар тілігі операциясынан кейін 7-8 тәулікте перитонит дамыды. Көрсетілген себептердің қайсысы ең ықтимал болып табылады?

     А)  +эндометрит фонында жатырдағы тігістің жарамсыздығы

     Б) операция кезінде іш қуысының инфицирленуі

     В) парез кезінде ішек барьерлік қызметінің бұзылуы

     Г) кесар тілігі операция техникасының бұзылуы

     Д) операция кезінде асептика мен антисептика принциптерінің бұзылуы

     

    406.     22 жастағы босанушы  А. салмағы 4200 г. бала босанды, аралықтың жыртылу қаупі болғандықтан орталық эпизиотомия жасалды, ол жыртылудың II дәрежесімен асқынды. Бұл жағдайда қандай тіндер зақымданған жоқ?

    А) тері беткейі

    B) артқы жабыспа

    C) аралықтың бұлшықеттері

    D) қынап шырышы

    E) +тік ішек шырышы

     

    407.    32 жастағы босанушы О., ерте босанудан кейінгі кезең атониялық қан кетумен асқынды. Қан ағуды тоқтатуға қарсы шаралар басталды. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысы лапаротомияға ықтимал көрсеткіш?

    A) жатырдың сыртқы массажының тиімсіздігі

    B) жатыр қуысын қолмен тексерудің тиімсіздігі

    C) жатырдың бимануальды компрессиясының тиімсіздігі 

    D) +Мизопростол 1000 мкг per rectum  енгізудің тиімсіздігі

    E) утеротониялық терапияның тиімсіздігі

     

    408.    Босанған әйел К. 25 жаста, ерте босанудан кейінгі кезең атониялық қан кетумен асқынды. Қан жоғалту көлемі 2000,0 мл.   АҚҚ 60/20 мм сын. бағ., пульсі 140 минутына, жіп тәрізді. Гемоглобин 50 г/л. Геморрагиялық шоктың ықтимал дәрежесін анықтаңыз:

    А) геморрагиялық шоктың І дәрежесі

    В)  геморрагиялық шоктың ІІ  дәрежесі

    С) +геморрагиялық шоктың ІІІ   дәрежесі

    D) геморрагиялық шоктың  ІV  дәрежесі

    Е)  субкомпенсацияланған шок 

     

    409.          Босанған әйел О. 26 жаста, операциядан кейінгі кезеңде перитонит дамыды. Аурудың ең ықтимал себебі –іш перденің кесар тілігі операциясы кезінде инфицирленуі. Науқасты жүргізудің ең ықтимал тактикасы?

    А) 48-72 сағат ішінде консервативті терапия

    B)+18-24  сағат ішінде консервативті терапия

    C) дереу оперативті ем – лапаротомия

    D) іш қуысының лапароскопиялық санациясы

    E) динамикалық бақылау

     

    410.          Келесі клиникалық сипаттама бойынша ерте босанудан кейінгі кезеңнің патологиясын анықтаңыз: жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. АҚҚ 100/70 мм  сын. бағ., пульсі 98 минутына. Тері қалыпты түсті, босану жолдарынан көп емес қанды бөлінділер, 500,0 мл-ге жетті және жалғасуда. Бала жодасы бүтін.  Босану жолдарын қарағанда – жыртылу жоқ. Сыртқы массаждан кейін жатыр жиырылады және біраз уақыттан кейін босаңсиды. Ықтимал  диагноз?

    A) коагулопатиялық қан ағу

    B) жатыр жыртылуы

    C) қағанақ суымен эмболия

    D) +атониялық қан кету

    E) ТІШҚҰ -синдромы

     

    411.          Жыныс ерінінің жыртылуымен асқынған босанудан кейін 4 тәулікте жыныс ерінде, аралық аймағында ауру сезімі, ашу шағымдары пайда болды. Қарағанда гиперемия, тіндер ісінуі, жара беткейінде іріңді бөлінділер. Жара жеңіл қанағыш. Ең ықтимал  диагноз?

    A)   босанудан кейінгі метроэндометрит

    B)   жыртылуыды тіккеннен кейін тігіс іріңдеуі

    C)   +босанғаннан кейінгі жара

    D)  іріңді  кольпит

    E)   бартолин бездерінің абсцессі

     

    412.          Босанған әйел жедел кесар тілігінен кейін 2-ші тәулікте іщтің төменгі жағында, содан кейін түгел іште қатты ауру сезіміне, жүрек айну, құсу, желдің кідіруіне және үлкен дәреттің болмауына шағымданды. Терісі бозғылт сұрланумен, бет әлпеті үшкірленен, қарағаны қайғылы, ерні мен тілі құрғақ. Дене температурасы 38,5°С, пульсі 120 минутына. Іші үрленген, пальпация кезінде ауру сезімді, алдыңғы іш қабырғасы бұлшықеттерінің кернелуі бар. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Ішек перистальтикасы күрт әлсіреген. Қандағы лейкоцит деңгейі 17,5х109/л, ЭТЖ 39 мм/сағ. Ең ықтимал диагноз?

    A)   операциядан кейінгі метроэндометрит

    B)   +операциядан кейінгі перитонит

    C)   операциядан кейінгі параметрит

    D)  ішек парезі

    E)   септикалық  шок

     

    413.          Босанған әйел  24 жаста, босанғаннан кейінгі 4-ші күн. Босанғаннан кейінгі 3-ші тәуліктің соңында дене  температурасы 37,3°С-қа дейін көтерілді, өзін нашар сезінді, бас ауыру, аралық пен қынап аймағында ашу пайда болды. Жатыр түбі кіндіктен 3 көлденең саусақ төмен. Жатыр тығыз, ауру сезімсіз. Аралықтағы жара беткейі тігісі іріңді жабындымен қапталған, айналасындағы тін гиперемияланған, ісінген, пальпация кезінде ауырады. Ең ықтимал  диагноз?

    A)   босанудан кейінгі метроэндометрит

    B)   +аралық тігісінің іріңдеуі

    C)   іріңді кольпит

    D)  босанудан кейінгі эндометрит

    E)   бартолин безінің абсцессі

     

    414.          Әйел 32 жаста. 2 апта бұрын тірі жетілген қыз бала босанды. Баланы бірден кеудесіне салды. Қазіргі кезде дене температурасының 38°С-қа дейін  көтерілуіне, қалтырауға шағымданады. Жалпы жағдайы интоксикация себебінен орташа дәрежелі. Сүт бездері үстіндегі терісі ыстық, тығыз, пальпация кезінде ауырады. Емшек ұштарынан сүт бөлінеді. Ең ықтимал  диагноз?

    A) серозды мастит

    B) инфильтративті мастит

    C) іріңді мастит

    D) +лактостаз

    E) флегмонозды мастит

     

    415.           Перзентхананың қабылдаубөлімінеіштіңтөменгіжағындатолғақтәріздіауыруға, денетемпературасының 37,2°С-гедейінкөтерілуінешағымданыпәйелкелді. Анамнезінде: 10 күнбұрынтіріжетілгенұлбаланымерзіміндебосанған. Ертебосанғаннанкейінгікезеңерекшеліксізөтті.  3-шітәуліктеасқынусызшығарылды. Қынаптықзерттеудеқынапшырышыаздағанқанбөлінділерменсуланыптұр. Цервикалды каналдың сыртқыернеусаусақтыішкіернугедейінөткізеді. Жатырұлғайған, пальпациякезіндеауырады. Ең ықтимал  диагноз?

    A)   босанудан кейінгі пельвиоперитонит

    B)   босанудан кейінгі эндометрит

    C)   лохиометра

    D)  +гематометра

    E)   босанудан кейінгі параметрит

     

    416.          Жатыр субинволюциясы анықталуы мүмкін:

    A)   жыныс жолдарынан бөлінділер сипатымен

    B)   әйел шағымдарымен

    C)   +жатыр түбінің биіктігімен

    D)  ультрадыбысты зерттеу нәтижелерімен

    E)   динамикалық қан анализімен

     

    417.          Босанған әйел босанудан кейін 9-шы тәулікте дене температурасының 38°С-қа көтерілуіне, іщтің төменгі жағында тартып ауыруға, жыныс жолдарынан жағымсыз иіспен қан аралас бөлінділерге шағымданады. Қынаптық зерттеуде қынап шырышы қан аралас бөліндімен суланған. Цервикалды каналдың сыртқы ернеу саусақты  ішкі ернеуге дейін өткізеді. Жатыр ұлғайған, домбыққан, пальпация кезінде ауырады. Ең ықтимал  диагноз?

    A)   +босанудан кейінгі метроэндометрит

    B)   босанудан кейінгіпараметрит

    C)   босанудан кейінгі  жайылған перитонит

    D)  босанудан кейінгі пельвиоперитонит

    E)   босанудан кейінгі сепсис

     

    418.          Босану әрекетінің әлсіздігіне және қағанақ суының босануға дейін кетуіне байланысты жасалған кесар тілігі операциясынан кейін 5-ші тәулік аяғында  31 жастағы алғаш босанушыда қалтырау, дене температурасы 39°С, тахикардия, құсу пайда болды, тілі құрғақ. Іші үрленген, жұмсақ, төменгі бөліктерде ауырады. Ішек перистальтикасы естілмейді, төменгі бөліктерде перкуторлы дыбыс тұйық, Щеткин-Блюмберг симптомы әлсіз оң. Жатыр тығыз, түбі кіндік деңгейінде. Қанды, аз мөлшерде бөлінділер. Лейкоцитоз 19,0х109/л. Формула солға жылжыған. Ең ықтимал диагноз?

    A)   босанудан кейінгі метроэндометрит

    B)   +босанудан кейінгі перитонит

    C)   босанудан кейінгі пельвиоперитонит

    D)  босанудан кейінгі параметрит

    E)   босанудан кейінгі сепсис

     

    419.    Салмағы 3200,0 гр., бойы 52 см. мерзімі жетілген қыз баламен босану болды. 30 минут ішінде плацентаның бөліну белгілері мен босану жолдарынан қанды бөлінділер жоқ. Ықтимал диагноз?

    A)   бала жолдасы кезеңінің қалыпты ағымы

    B)   жатыр қусында плацентаның бөгелуі

    C)   плацентаның тығыз бекуі

    D)  плацентаның қысылуы

    E)   +плацентаның бітісіп өсуі

     

    420.    Нәрестенің жамбаспен жатуымен қайта босанушыда босанудың I  кезеңінің белсенді фазасында толғақтары 7-8 минуттан кейін 20-25 секундтан, әлсіз болды. Нәрестенің болжам салмағы  3200,0±200,0 гр. Нәрестенің жүрек соғуы анық, ырғақты 136 соққы 1 минутта. Дәрігердің ықтимал тактикасы?

    A)   венаға окситоцин енгізу 

    B)   +кесар тілігі

    C)   динамикалық бақылау

    D)  босанушы әйелдің қалпын өзгерту

    E)   региональды  анестезия

     

    421.          Босанған әйел 34 жаста, босанудан кейінгі 6-шы тәулік. Соңғы  3 тәулік кезінде  кешке субфебрильды температура, қалтырау байқалады. УДЗ-де  плацентарлы тін қалдықтарыны күмән туды, сондықтан әйелге жатыр қуысының инструментальды ревизиясы жасалды. Оперативті араласудан 30 минуттан кейін қалтырау пайда болды, дене  температурасы 39°С-қа көтерілді.  АҚҚ 80/50 мм сын. бағ., пульсі 110 минутына. Ең ықтимал диагноз?

    А) босанудан кейінгі сепсис

    В) босанудан кейінгі метроэндометрит

    С) +бактериалды-токсикалық шок

    D) жатыр  перфорациясы

    Е) босанудан кейінгі перитонит

     

    422.          Босану әрекетінің әлсіздігіне және босануды ынталандыру тиімсіздігіне байланысты осы босану кесар тілігі операциясымен аяқталды (босану узақтығы 15 сағат, сусыз кезең 16 сағат). 5-ші тәулікте қалтырау, 38,5°С-ге дейін лихорадка пайда болды. Босанушы жалпы әлсіздікке, қалтырауға, іштің төменгі жағында ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: дене температурасы 39°С, пульсі 110 минутына, АҚҚ 110/80 мм сын. бағ. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші үрленген, жұмсақ, пальпация кезінде ауырады. Щеткин-Блюмбер симптомы оң. Жатыр тығыз, түбі кіндік деңгейінде, пальпация кезінде ауырады. Босану жолдарынан аздаған шіріген иісті іріңді бөлінділер.  Ең ықтимал диагноз?

    A) бактериальды – токсикалық шок

    B) босанудан кейінгі метроэндометрит

    C) босанудан кейінгі параметрит

    D)+ босанудан кейінгі перитонит

    E) босанудан кейінгі пельвиоперитонит

     

    423.          Эндометрит фонында, адекватты емге қарамастан, екі аптадан кейін дене температурасы 38-390С, қалтырау жалғасуда, пульсі жиі, температураға сәйкес емес. Шағымдары: бас ауыру, іштің төменгі жағында ауыру, жатыр нашар жиырылады, зерттегенде жатыр қабырғасымен ауру сезімді. Қандай ықтимал ауру туралы ойлауға болады:

    А) босанудан кейінгі эндометрит

    В) босанудан кейінгі параметрит

    С) босанудан кейінгі пельвиоперитонит

    D) +босанудан кейінгі метротромбофлебит

    Е) босанудан кейінгі сальпингоофорит

     

    424.    Мерзімінен асқан бала туылғаннан кейін босанған әйелде ерте босанудан кейінгі кезеңде атониялық қан кету басталды. Қолданған шаралардан кейін қан кету тоқтады, жатыр тығыз, жалпы қан жоғалту 1000,0 мл. Босанған әйелдің жағдайы орташа аурылықты, тері қабаттары бозғылт,  пульсі 112 минутына, толымдылығы әлсіз .  АҚҚ 80/50 мм сын. бағ.  Ли – Уайт сынамасы 8 минут. Ықтимал  диагноз?

    A) Ерте босанғаннан кейінгі кезең. Атониялық қан кету. Геморрагиялық шоктың III дәрежесі.

    B) Ерте босанғаннан кейінгі кезең. Атониялық қан кету. Геморрагиялық шоктың II дәрежесі.

    C) Ерте босанғаннан кейінгі кезең. Атониялық қан кету. Геморрагиялық шоктың I дәрежесі.

    D) +Ерте босанғаннан кейінгі кезең. Атониялық қан кету. Геморрагиялық шоктың II дәрежесі.ТІШҚҰ -синдром

    E) Ерте босанғаннан кейінгі кезең. Атониялық қан кету.

     

    425.          Босанудан кейінгі үшінші тәулік. Дене температурасы 38,2°С, босанған әйел сүт бездерінде ауыру сезіміне шағымданады. Пульсі 86 минутына, сүт бездері айтарлықтай және бірдей қатайған, пальпация кезінде сезімтал. Басқан кезде емшектен сүт тамшылары бөлінуде. Дәрігердің ең ықтимал әрекетін атаңыз:

    A) сұйықтықты шектеу

    B) емшекті  иммобилизациялау

    C) +емшекті босату

    D) іш айдағыш заттар тағайындау

    E) сүт бездеріне компресс

     

    426.    Ерте босанудан кейінгі кезең. Қан кету 250,0 мл және жалғасуда. Жатыр кіндік деңгейінде, жұмсақ. Сыртқы массажынан кейін жатыр жиырылды, бірақ қайтадан босаңсыды. Қан жоғалту 400,0 мл, әйел бозарған, бас айналу пайда болды, АҚҚ 90/50 мм сын. бағ, пульсі 100 минутына. Босанған әйелді жүргізудің ықтимал тактикасы?

    A) қан құюға кірісу

    B) +венаға окситоциненгізу

    C) хирургиялық гемостаз

    D)жатыр қуысын қолмен тексеру

    E) бимануальды компрессия

     

    427.    28 жастағы босанған әйел Д., салмағы 4300,0 бала босанған, жатыр мойнын айнамен қарағанда қынап күмбезіне жететін жатыр мойнының жыртылуы қанап тұр. Босанған әйелді жүргізудің қандай әдісі ықтимал:

    А)  жыртылған жатыр мойнына тігіс салу

    B)динамикалық бақылау

    C) +жатыр қуысын қолмен тексеру

    D) қосалқыларсыз жатыр экстирпациясы 

    E) жатыр қуысын УДЗ

     

    428.          Босанудан кейінгі мүмкін болатын эмоционалды стресстің  бұл:

    А)+ босанудан кейінгі депрессия

    В) шизофрения көрінісі

    С) миастения көрінісі

    D) бас сақинасының өршуі

    Е) нейроциркуляторлы дистония

     

    429.           Интоксикация симптомдары, емшек ұшында жарылулар, ісіну, жоғары- сыртқы квадрантта тері гиперемиясы анықталады, пальпация кезінде ауырулы инфильтрат борпылдақ аймақсыз. Бұл патологияда сіздің ықтимал диагнозыңыз?

    A)   серозды  мастит

    B)   +инфильтративті мастит

    C)   іріңді мастит

    D)  лактостаз

    E)   флегмонозды мастит

     

    430.          Көкіріңді инфекция кезінде ең ықтимал алдын алу шаралары:

    А) +қолды жуу

    В) босанған әйелдерді жату уақытын азайту

    С) босанған әйелді изоляциялау

    D) антибиотикопрофилактика

    Е) фагопрофилактика

     

    431.          Босанушы  24 жаста, босанғаннан кейінгі 4 ші күн. Босанған кейінгі 3-ші тәуліктің соңында дене  температурасы 37,3°С-қа дейін көтерілді, өзін нашар сезінді, бас ауыру, аралық пен қынап аймағынлда ашу пайда болды. Жатыр түбі кіндіктен 3 көлденең саусақ төмен. Жатыр тығыз, ауру сезімсіз. Аралықтағы жара беткейіндегі тігісі іріңді жабындымен қапталған, айналасындағы тін гиперемияланған, ісінген, пальпация кезінде ауырады. Ең ықтимал  тактика?

    A)   антибактериальды терапия

    B)   тігістерді шешу, жараны ашу

    C)   динамикада бақылау

    D)  +жараны тазалау

    E)   абсцессті ашу, дренирлеу

     

    432.    Бала жолдасы кезеңінде 30 минут ішінде плацента бөлінген жоқ. Жыныс жолдарынан қан кету 250,0 мл және жалғасуда. Сіздің ықтимал тактикаңыз?

    А) окситоцин енгізу

    В) кіндікті тарту

    С) физиологиялық ерітінді енгізу

    D) +бала жолдасын қолмен бөлу және шығару  

    Е) хирургиялық гемостаз

     

     

    433.    32 жастағы көп босанушыда бала жолдасы туылғаннан кейін жатыр нашар жиырылады, жатыр қуысын қолмен зерттеу жүргізілді, бірақ жатыр нашар жиырылуда, қан жоғалту 900,0 мл ге жетті және жалғасуда. Сіздің ықтимал тактикаңыз?

    А) жатыр қуысын қолмен тексеруді қайталау

    B) +мизопростолды 1000 мг per rectum енгізу

    C) окситоцин енгізу

    D) бимануальды компрессия

    E) хирургиялық гемостаз

     


    434.    Бала жолдасы туылғаннан кейін қан кету басталды. Жатыр кезеңмен босаңсиды.Сіздің ықтимал тактикаңыз?

    А) окситоцин енгізу

    B) жатырдың сыртқы массажы

    C) аортаны қолмен басу

    D) жатыр қуысын қолмен зерттеу 

    E) +бала жолдасының бүтіндігін тексеру

     

    435.    Ауыр дәрежелі анемиясы бар 20 жастағы алғаш босанушыда бала жолдасы  кезеңінің 10 минуттан кейін қан жоғалту 300,0 мл және жалғасуда. Сіздің ықтимал тактикаңыз?

    A) окситоцин енгізу

    B) +плацентаны қолмен бөлу және шығару 

    C) мизопростол 1000 мг енгізу 

    D) жатырдың сыртқы массажы

    E) физиологиялық ерітінді енгізу

     

    436.    Бала жолдасының ақауын көргенде сіздің ықтимал тактикаңыз:

    A) окситоцин енгізу

    B) жатыр тонусын бақылау

    C) жатырдың сыртқы массажы

    D) +жатыр қуысын қолмен зерттеу  

    E) физиологиялық ерітінді енгізу

     

    437.    ДВС синдромының бірінші фазасына тән емес

    A) қан ұю уақытының қысқаруы

    B) +антитромбин III-тің төмендеуі  

    C) тромбоциттер агрегациячының жоғарлауы

    D) қан жағындысында эритроцит  «сынықтарының» болуы

    E) тромбоэластограммада гиперкоагуляция

     

    438.    30 жастағы босанушыда бала жолдасы туылғаннан кейін 20 минуттан кейін жыныс жолдарынан қан кету басталды. Бала жолдасы бүтін. Босану жолдары бүтін. Жатыр жиырылмайды. Жалпы қан жоғалту  300,0 мл. Ықтимал  диагноз?

    A)  жатыр айналуы

    B) жатыр жыртылуы

    C) трофобластикалық ауру

    D) ДВС-синдром 

    E) +атониялық қан кету

     

     

    439.          32 жастағы босанушыда босанудан кейін 3-ші тәулікте іштің төменгі жағында ауру сезіміне, қалтырауға, бас ауруға, дене температурасының 39°С -қа көтерілуіне шағымданды. Босануда плацентаның жартылай бекуіне байланысты қолмен бөлу және шығару жасалды.  Анамнезінде бір босану және 2 медициналық аборт, созылмалы пиелонефрит. Сүт бездері – аздап ұлғайған. Ең ықтимал диагноз?

    А) ЖРВИ 

    B) +эндометрит  

    C) мастит

    D) бүйрек ауруы

    E) лохиометра

     

    440.          Септикалық шоктың ең ықтимал белгісі:

    А)жоғары дене температурасы

    B) қайталанатын қалтырау

    C) босанудан кейінгі  психоз

    D) айқын интоксикация

    E)  +АҚҚ төмендеуі

     

    441.    Босанудан кейінгі жатыр айналуында дәрігердің ықтимал тактикасы:

    A) жергілікті анестезиямен жатырды салу

    B)  жатырдың қынап үстілік  ампутациясы

    C)  +наркоз беріп жатырды орнына салу 

    D)  спазмолитикалық  препараттар енгізу

    E)   жатыр экстирпациясын жасау

     

     

    442.          Босанушы К., 25 жаста, босанудан кейінгі IV тәулікте уыз бөлінуі сүтпен алмасты. Емшек сүтінің өндірілуінің ең ықтимал себебі:

    А) сүт жолдарында миоэпителиальды клеткалардың жиырылуы

    В)+пролактин секрециясының жоғарлауы

    С) пролактин секрециясының төмендеуі

    D) құрамында эстрогеннің жоғарлауы

    Е) құрамында эстрогеннің төмендеуі

     

    443.          Босанудан кейінгі кезеңде лохиометрияның  эндометриттен ең ықтимал ажырату диагностикасы:

    А)  жатыр субинволюциясы

    B)  қанды бөліністер

    C)  дене температурасы жоғарлауының болуы

    D)  іріңді бөлінділер

    E)  +қалтырау мен  гипертермияның болмауы

     

    444.          Босанудан кейінгі кезеңде контрацепцияның қолайлы әдісі:

    A)              +физиологиялық (лактациялық аменорея әдісі)

    B)              оральдыконтрацептивтер

    C)              хирургиялық

    D)              жатыр ішілік спираль

    E)              барьерлі әдіс

     

    445.          Босанушыда ерте босанудан кейінгі кезеңде қынапта көлемі 10,0x6,0x6,0 см. гематома анықталды. Қандай ықтимал ем жүргізу керек?

    A)              тыныштық және динамикада бақылау

    B)              аралыққа суық қою

    C)              қан тоқтататын заттар

    D)              гематомапункциясын жасау

    E)              +гематоманы босатып, қантамырларды тігу

     

    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21


    написать администратору сайта