Главная страница

Дарынды о_ушымен ж_мыс жоспары М__алімі_ 2021-2022 о_у жылы. Дарынды оушымен жмыс жоспары Малімі 20212022 оу жылы


Скачать 0.68 Mb.
НазваниеДарынды оушымен жмыс жоспары Малімі 20212022 оу жылы
Дата29.06.2022
Размер0.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаДарынды о_ушымен ж_мыс жоспары М__алімі_ 2021-2022 о_у жылы.docx
ТипДокументы
#620557


№5 бастауыш мектеп КММ



ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН

Дарынды оқушымен жұмыс жоспары

Мұғалімі:

2021-2022 оқу жылы

Құрылымы:
Мұғалім туралы мәлімет __________________________________________1
І бөлім. Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында

істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері__________________2-4
ІІ бөлім. Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесінің моделі_________4

ІІІ бөлім. Дарынды оқушылардың банкі_____________________________5
ІV бөлім. Бағыттары бойынша жұмыс жоспары_______________________6-7
V бөлім. Жоспар бойынша тапсырмалар түрлері______________________8-9
VІ бөлім. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары_________________10
VІІ бөлім. Дарындылық туралы ой-пікірлер_________________________11-18
VIII бөлім. Жетістіктер________________________________________19-20



 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім туралы мәлімет



Тегі, аты, әкесінің аты

Акимова Шынар Аманжоловна

Туған күні, жылы

29.01.1989ж

Қызметі

мұғалімі

Білімі

Жоғары

Қандай оқу орының бітірген, жылы

А.Жұбанов 2021ж

Мамандығы

Информатика мұғалімі

Санаты, жылы




Педагогикалық өтілі

8

Осы мектептегі өтілі

8

Осы мектепте нешінші жылдан бастап жұмыс істейді

2013ж




 «Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат,қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек»                                                                        Н.Ә.Назарбаев

Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері (негіздеме).
ХХІ ғасыр –білімділер ғасыры.Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру- мемлекетіміздің стратегиясы.  Дарындылықты дамыту білім саласына қатысты заңнамаларда жақсы көрініс тапқан. Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс-тәсілдері жоқ. Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған.Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы  41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызғаөзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

          Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны  жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

          Міндеттері ретінде:

        Оқу –тәрбие үрдісіне диаагностикалық талдау жасау

        Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру

        Оқу –тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру

Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойдық.

 Алынған мәліметтер бойынша туындаған проблемалар:

        Мұғалімдердің жоғары білім алуына және ғылыми ізденіспен шұғылдануына жағдай жасау;

         Білім, біліктілігін арттыру;

        еңбектерін әділ  бағалай отырып, құрметтеу;

        мұғалімнің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, көмек көрсету;

 Біздің оқушыға қойған талабымыз:

        қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;

        ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;

        алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

        өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру;

        басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);

        қоршаған ортада өз орныңды , жеке рөліңді анықтай білу;

           Ел президенті Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі.  Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.

           “Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.

           Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби  біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

           Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

           Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі  мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

           Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады.  Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.  

Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің  инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және  пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.

Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға  бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.

Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:

        оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.

        Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

        Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);

        Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

        Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;

        Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

        Ата- аналармен ынтымақтастық құру;

Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.

Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

        өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;

        оқушы дарындылығының моделін білу;

        қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;

        дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;

        дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:

        дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

        дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

        оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

        дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

        дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

        дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми  зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

          Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Оқушылардың шығармашылық  қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1.     Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2.     Сабақты түрлендіріп өткізу;

3.     Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4.     Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5.     Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық  қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

          Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп  оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесінің моделі.
Жұмыстың бағыттары:

  • Диагностика – оқушыны тұлға ретінде байқау.

  • Қабілеті жоғары және дарынды оқушылармен информатика сабағында жұмыс істеу;

  • Сабақтан және сыныптан тыс жұмыстары.

Жұмыстың әдістері:

  • Анкета, сұрақтар қою;

  • Әңгімелесу;

  • Тестілеу;

  • Практикалық жұмыстар;

  • Жобалау әдісі;

  • Алдын-алу әдісі;

  • Мәселе шешу әдісі;

Жұмыс түрлері:

  • сабақ жүзінде қиындығы жоғары тапсырмаларды пайдалану;

  • факультатив;

  • үйірме жұмысы;

  • уақытша топтарды жасау;

  • өз-өзіннің білімін көтеру;

  • пән апталықтарын өткізу;

  • ғылыми-практикалық конференциялар;

  • олимпиадалар;

  • интеллектуалдық марафон.

Бағдарламаның мазмұны

  1. Оқушыларға диагностика өткізу – жалпы дарындылығын бағалау, жұмыс бағыттарына бөлу

  2. Бағыттары бойынша жұмыс жоспарын жасау

  3. Информатика сабағында дарынды оқушылармен жұмыс – қиындығы жоғары тапсырмалардың кең спектрі жасалған, балалармен жұмыс істеген таңдау жасауға мүмкіндік береді.

  4. Оқушылардың шығармашылық жұмысы – ізденіс, зерттеу нәтижесінде жасалған жұмыстары.

  5. Жұмыстың негізгі принципі – «байыту» принципі

Программаның ресуртық қамтамасыз ету:

  • Оқу кабинеті;

  • Кітапхана фонды – информатика мәселелері бойынша әдебиеттердің бар болуы.

Тиімділігінің белгілері:

  1. Пәнге деген қызығушылығының жоғары деңгейі.

  2. Пән бойынша үлгірмейтін оқушылардың жоқ болуы.



Дарынды оқушылардың банкі.
2016-2017 оқу жылы

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР ТІЗІМІ
9-сынып



Оқушының аты-жөні:


Олимпиада

Мектепшілік

Аудандық

ұпай

орны

ұпай

орны

1

Байзакова Айым


+

25

1




3


«Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз».
Сенека.




2017-2018 оқу жылы

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР ТІЗІМІ
10-сынып



Оқушының аты-жөні:


Олимпиада

Мектепшілік

Аудандық

ұпай

орны

ұпай

орны

1

Байзакова Айым


+

25

1




3





«Бекітемін»

Мектеп директоры:Т.М.Сейтов

_____________

Бағыттары бойынша жұмыс жоспары.

2018-2019 оқу жылы

ЖОСПАРЫ





Іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

1

7-10 сынып оқушыларынан өз қалаулары бойынша қабілетті оқушыларды іріктеп алу

қыркүйек

Пән мұғалімі

2

Пән бойынша қосымша сабақтар жүргізу

аптасына 1 сағат

Пән мұғалімі

3

7-8 сынып бойынша әртүрлі тақырыптарға ребус, сөзжұмбақ, т.б. құрастыру

Кесте бойынша

Пән мұғалімі

оқушы

4

9 сыныпта деңгейлік тапсырмалар

Кесте бойынша

Пән мұғалімі

5

10 сыныпта өзіндік жұмыстар

Кесте бойынша

оқушы

6

Менің шығармашылық жұмысым

(жинақ папка)

Жыл бойы


Пән мұғалімі

7

Мектепшілік, аудандық, облыстық пән олимпиадасына дайындық жұмыстарын жүргізу

Кесте бойынша

оқушы

8

Өз қалаулары бойынша тақырып таңдап іздену, зерттеу жұмыстарын жүргізу

Жыл бойы

Пән мұғалімі


Пән мұғалімі:

«Бекітемін»

Мектеп директоры:

_____________


Бағыттары бойынша жұмыс жоспары.

2018-2019 оқу жылы

ЖОСПАРЫ

Ай

Апта

Бағыт

Олимпиада

ОҒҚ

Сайыстар

Қыркүйек

1-2

Дарынды оқушыларды байқап, жұмыстың бағытын анықтау

3-4

Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын анықтау

Оқушылардың ғылымға деген қабілетін анықтау




Қазан

1-2

Олимпиадаға қойылатын талаптармен таныстыру

Ғылыми жобаға қойылатын талаптармен таныстыру




3-4

Тапсырмаларды жазбаша түрде орындау

Ғылыми жоба туралы жалпы мәлімет




Қараша

1-2

Кітапханаға барып, интернеттен қосымша мәліметтер жинау

Ғылыми жоба түрлері




3-4

Мектепшілік олимпиадаларға қатысу

Жоба мәтіннің құрылымы




Желтоқсан

1-2

Қалалық олимпиадаларға қатысу

Ғылыми жұмыстарының тақырыптарын таңдау




3-4

Тапсырмаларды жазбаша түрде орындау

Тақырыбына сай ғылыми жұмыстың жоспарын құру




Қаңтар

1-2

Кітапханаға барып қосымша информатикадан мәліметтер жинау

Практикалық жұмыс




3-4

Тесттер

Деректерді жинау, тәжірибе жоспарын құрастыру




Ақпан

1-2

Лабораториялық жұмыс

Тәжірибе жасау, зерттеу ұйымдастыру




3-4

Тапсырмаларды жазбаша түрде орындау

Зерттеу жасау




Наурыз

1-2

Тесттер

Зерттеу жасау




3-4

Қосымша әдебиеттермен жұмыс

Зерттеу нәтижелерін анықтау




Сәуір

1-2

Тесттер

Рефераттар жазу




3-4

Тесттер

Рефераттарды қорғау




Мамыр

1-2


Тесттер

Ғылыми жұмысын жазу



3-4

Дарынды балалармен жұмыс жүйесі:


Негізгі мақсаттары:



Дәстүрлі білім сайыстарын, пән олимпиадалаын ұйымдастыру

Дарынды балаларға әлеуметтік қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету.

Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін педагогикалық маман арнайы дайындық жұмыстары өткізу тиіс

Дарынды балаларды іріктеудің, тәрбиелеу, оқыту мен қолдау бойынша тәжірибелік қызметті дамыту үшін басқару жүйесін құру

Негізгі міндеттері:

Талантты балалардың әлеуметтік – мәдениеттік қалыптасуына көмектесу

Мемлекетіміздің зерделі потенциалын қалыптастыруға үлес қосу

Дарынды балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі стратегиясын белгілеу




Дарынды оқушылармен жұмыс

Мақсаты:

Инфориматика пәнінен оқушының қабілетін анықтау. Сол бағытқа байланысты тереңдетілген түрде тапсырмалар беру арқылы даму деңгейін, ой – өрісін одан әрі дамыту. Білім алудығы негізгі талаптарды жүзеге асыру. Тәлім- тәрбие білу.

Міндеті:

Информатика пәні бойынша оқушылармен үнемі қосымша жұмыс жасау. Күрделі тапсырмалар, зерттеулер беру. Логикалық тапсырмаларды жиі ұсыну. Әр сабақта олардың ой-орістерінің өсуіне жағдай жасау. Оқуға деген белсенділіктерін дамыту, арттыру.

Адамгершілікке, жақсы қасиетерді бойларына сіңіріп өсулеріне ықпал жасау.

Дарынды оқушылар тізімі.



ФИО

Сынып

1







2







3







4







5







6








 

 

 

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары

2018-2019 оқу жылы




Оқушының аты-жөні

Сынып

Тақырып

Нәтиже

1













2













3













4













5













6














Оқушының ерекше қабілетін ашу жолдары

П сихологиялық диагностика жүргізу

Информатика пәні бойынша оқу үлгерімін тест бойынша анықтаймын



Оқушының жеке өзінің ынтасы, қызығушылығы, сұранысына байланысты таңдаймын



Ата – анасының өтініші бойынша оқушыны аламын



Информатика пәні бойынша дарынды оқушылармен жұмыстың жоспары



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе.

1




2




1




3




1




4




1




5




1




6




1




7




1




8




1




9




1




10




1




11




1




12




1




13




1




14




1




15




1




16




1




17




1




18




1




19




1




20




1




21




1




22




1




23




1




24




1




25




1




26




1




27




1




28




1




29




1




30




1




31




1




32




1




33




1




34

Жинақтап, қайталау сабағы.

1





Жетістіктер

Оқушылардың ғылыми қоғамы

Жылы

Деңгей

Атаулар

Нәтиже

















































Олимпиада жетістіктері

Жылы

Деңгей

Сынып

Нәтиже

2015

аудандық

8 сынып

2 орын

2016

облыстық

9сынып

2 орын

2017

аудандық

9 сынып

2 орын


2018

облыстық

10 сынып

3 орын

2019












написать администратору сайта