проб каз стом. Девитальді экстирпациялау дісі
Скачать 0.63 Mb.
|
/ витальді экстирпациялау әдісі. / консервативтік әдіс ! 14 жасар жеткіншек төменгі оңжақ азу тісінде өз бетімен пайда болатын, қысқа уақытқа созылатын және -1-2 сағаттан кейін қайталанып отыратын ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі температуралық тітіркендіргіштер әсерінен күшейе түседі. Стоматологқа келер алдында тістің ауыруы қайта басталыпты. Жеткіншектің деніі сау, ешқандай аллергиялық реакциясы байқалмаған. Қарап тексергенде: 46 тісінің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды. Қуыстың табанын сүңгілеп тексергенде ең төмен аймағында ауыру сезімі байқалды, тістің ЭҚ-ғы 28 мка. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді? / девитальді экстирпациялау әдісі / девитальді аралас әдіс / девитальді ампутациялау әдісі / витальді экстирпациялау әдісі / консервативті әдіссе ! Қыз бала жасы 18-де, жоғарғы солжақ азу тісіндегі ауыру сезіміне шағымданады, сыздаған ауыру сезімі көбінесе тағам шайнағанда және ыстық, суық тітіркендіргіштерден пайда болып, біраз уақыттан кейін барып басылады. Дені сау, аллергиясы жоқ. Қарап тексергенде: 27 тісінің таңдай бетіндегі табиғи ойықта пайда болған тісжегі қуысы анықталды, сүңгілеп тексергенде сауыт қуысымен байланысы бар және ашылған ұлпа қаттаы ауырады, тістің ЭҚ-ғы 35мка. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді? / девитальді экстирпациялау әдісі / девитальді аралас әдіс / девитальді ампутация әдісі / витальді экстирпациялау әдісі / консервативтік әдіс ! 30 жасар жігіт жоғарғы сол жақ азу тісіндегі қысқа уақытқа созылатын, ұстамалыі ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі мазалай бастағалы екі күн болған, бірақ ұзақ уақытқа созылмайды екен. Қарап тексергенде: 26 тісінің алдыңғы бетінде тіс экваторынан жоғары шайнау бетіне ауыса орналасқан іші жұмсара пигменттелген дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды. Тісжегі қуысын сүңгілеп тексерген кезде табанында ауыру сезімі байқалады, қағып тексергенде тіс ауырмайды.. Емдеу әдісін таңдау үшін төменде берілген қосалқы тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді? / рентгенографиялық әдіс / трансиллюминациялық әдісі / электроодонтометриялық әдіс / тісті тікелей бояу әдісі / реодентографиялық әдіс ! 38 жасар ер адам жоғарғы сол жақ сүйір тісіндегі өз бетімен туындайтын, қысқа уақытқа созылатын қозбалы ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімдері ыстық және суық тітіркендіргіштер әсерінен күшейе түседі немесе қайта қозады. Тісі бір сөткеден артық уақыт ауырған. Қарап тексергенде: 23 тісінің бүйір бетінде таңдай бетіне жайыла орналасқан, іші ақшылдау түсті жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы бар. Тісжегі қуысын сүңгілеп тексергенде табанында ауыру сезімі анықталды. Қарап тексеру кезінде де тісі қатты ауырып тұрды және суықпен әсер еткен кезде ауыру сезімі күшейе түсті. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздың қайсысына сәйкес келеді? / ұлпаның жедел жартылай қабынуы / ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі КЕРЕК / ұлпаның жедел толық қабынуы / ұлпаның жедел іріңдей қабынуы / ұлпаның созылмалы шіри қабынуы / 163 ! Ер адам жоғарғы сол жақ кіші азу тісіндегі өз бетімен пайда болып, қысқа уақытқа созылып барып басылатын қозбалы ауыру сезіміне шағымданады. Тісі ауырғалы екі күндей болған. Суықтан ауыру сезімі қайта қозады немесе тістің ауыруы күшейе түседі. Қарап тексергенде: 25 тісінің алдыңғы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан іші жұмсарған және ыдыраған дентинге толы тісжегі қуысы анықталды. Қуысты сүңгілеп тексергенде табаны ауырады. Сипатталған клиникалық белгілерді төменде берілген аурулардың қайсысының клиникалық белгілерінен ажырата білу керекі? / ұлпаның жедел толық қабынуы / ұлпаның созылмалы шіри қабынуыКЕРЕК / қарқынды дамыған терең тісжегі / орта тісжегі / ұлпаның жедел іріңді қабынуы ! Жас жігіт жоғарғы оң жақ сүйір тісіндегі өз бетімен пайда болатын, аз уақытқа созылатын, сирек қозатын ауыру сезіміне шағымданады. Тісі ауыра бастағалы екінші күн өткен. Суық пен ыстық әсерінен ауыру сезімі күшейе түседі. Жігіт жедел ағымды лейкозбен ауырады. Қарап тексергенде: 13 тісінің алдыңғы жақ бетінде терең тісжегі қуысы анықталды,сауыт қуысы ашылмаған. Қуысты сүңгілеп тексергенде табанында ауыру сезімі бар, тістің ЭҚ-ғы 25 мка. Қағып тексергенде ауырмайды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын таңдаған тиімді? / девитальді экстирпациялау әдісі / девитальді аралас әдіс / девитальді ампутациия әдісі / витальді экстирпация әдісі / девитальді ампутациялау әдісі ! 31-дегі жігіт жоғарғы сол жақ тістеріндегі өз бетімен дамыған ұзаққа созылатын және жиі қайталанып тұратын қозбалы, сол жақ шықшытына берілетін ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі мазалағалы үш күндей болған. Жігіт ауырған тісін анық көрсете алмайды. Қарап тексергенде: 24 тісінің шайнау бетінде ақшыл түсті жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде қуыс табанының барлық аймағында ауыру байқалады, қағып тексергенде тіс ауырмайды. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді? / реодентографиялық әдіс / эхоостеометриялық әдіс / аурудың анамнезін жинау / температуралық тітіркендіргіштермен тексеру / рентгенографиялық әдіс ! 13 жастағы жеткіншек жоғарғы сол жағындағы тістерінің бірінде өз бетімен пайда болған, солқылдатқан толассыз ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі сол жақ құлаққа және самайға беріледі және суықтан аздап бәсеңдейді. Қарап тексергенде: 25 тісінің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды, сүңгілеп тексергенде табаны аздап ауырады, қағып тексергенде де ауыру сезімі орын алды. Диагнозды толық нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданғантиімді? / ыстық тітіркендіргішпен тексеру / эхоостеометриялық әдіс / реодентографиялық әдіс / трансиллюминациялық әдіс / полярографиялық әдіс ! Ұлпаның жедел іріңді қабынуын периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысынан ажырату үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді? / рентгенографиялық әдіс / өмір анамнезін жинау / термометриялық әдіс / ауру тарихын жинау / қағып тексеру ! Орта жастағы ер адам төменгі сол жақ азу тісіндегі өз бетімен пайда болып, ұзаққа созылып барып басылатын және жиі қозатын, оң жақ құлағына және желкесіне берілетін ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суықтан бәсеңдейді, жылыдан және ыстықтан күшейеді. Науқас жүрек-тамыр жетіспеушілігінің теңгерілмейтін түрімен (декомпенсированная форма) ауырады. Қарап тексергенде: 47 тісінің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы бар. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының табаны қатты ауырады, қағып тексергенде тіс аздап ауырады. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді? / девитальді экстирпациялау әдісі / девитальді ампутациялау әдісі / девитальді ампутациялау әдісі / витальді экстирпациялау әдісі / консервативтік әдіс ! 49 жастағы ер адам төменгі оң жағындағы азу тісінің тағам шайнаған кезде сыздап ауыратындығына және ауыру сезімінің ұзаққа созылып барып басылатынына шағымданады. Тісі ертеректе өз бетімен жиі ауырған. Қарап тексергенде: 46 тісінің сауытының түсі өзгеріп, күңгірт-сұр түстенген, шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, іші жұмсарған дентинге және ас қалдықтарына толы. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысы мен сауыт қуысының арасындағы байланыс анықталды, қағып тексергенде тіс ауырмайды. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді? / сипап тексеру / реодентографиялық тексеру / рентгенография / температуралық тітіркендіргіштермен тексеру / ауру анамнезін жинау ! Жасы 47- дегі ер адам төменгі оң жағындағы азу тісінің ыстық тағам ішкенде және қатты тағам шайнағанда ұзақ сыздап ауырып мазалайтындығына шағымданады. Тісі ертеректе де өз бетімен ауырып, жиі мазалаған. Қарап тексергенде: 46 тісінің сауытының түсі өзгеріп күңгірт тартқан, артқы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан терең тісжегі қуысы бар. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланысқаны анықталды және тереңірек сүңгілеп тексергенде ауырады, сүңгінің ұшында кір-сұр түсті қақ байқалады. Сипатталған клиникалық белгілерге төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сәйкес? / ұлпаның созылмалы жай қабынуы / периодонттың созылмалы қабынуыКЕРЕК / периодонттың созылмалы қабынуының өршуі / ұлпаның созылмалы шіри қабынуы / ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі ! Ұлпаның созылмалы шіри қабынуын периодонттың созылмалы қабынуынан ажырату үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізгентиімді? / реодентографиялық әдіс / өмір анамнезін жинау / электроодонтографиялық әдіс / ауру тарихын жинау / қағып тексеру ! 51 жастағы ер адам төменгі оң жағындағы азу тісінде ыстық тағам қабылдағанда, қатты тағам шайнағанда ұзаққа созылатын сыздаған ауыру сезімі пайда болатынына шағымданады. Ауыру сезімдері ертеректе де өз бетімен мазалаған. Науқас бауыр циррозымен ауырады. Қарап тексергенде: 47 тісінің сауытының түсі өзгерген және күңгірт тартқан, артқы бетінде шайнау бетіне ауыса терең тісжегі қуысы орналасқан, іші жұмсарған дентинге және ас қалдықтарына толы. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланысқаны анықталды, тереңірек сүңгілеп байқағанда ауыру сезімі пайда болды, тістің ЭҚ- ғы 75 мка. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді? / девитальді экстирпациялау әдісі / девитальді аралас әдіс (смешанный метод) / девитальді ампутациялау әдісі / витальді экстирпациялау әдісі / консервативтік әдіс ! Жас жігіт жігіт төменгі оң жақ күрек тісінің өз бетімен қатты және ұзақ ауырып мазалайтынына, ауыру сезімі қысқа уақытқа басылып, жиі-жиі қайта қозатынына шағымданады. Ауыру сезімі иек аймағына таралады. Қарап тексергенде: 41 тісінің медиальді бетінде терең тісжегі қуысы көрінеді, сауыт қуысымен байланыспаған. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының табаны түгел ауырады, қағып тексергенде тіс ауырмайды. Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын диагнозды нақтылау үшін жүргізген тиімді? / аурудың анамнезін жинау / пальпация-сипап тексеру / перкуссия-қағып тексеру / рентгенография / температуралық тітіркендіргіштермен тексеру ! 52 жастағы ер адам жоғарғы оң жақ үлкен азу тісінің ыстықтан және суықтан ұзақ ауыратынына және ыстық-cуық температура ауысса ауыру сезімінің күшейе түсетініне шағымданады. Ауыру сезімінің пайда болғанына біраз уақыт болған. Қарап тексергенде: жоғарғы оңжақ кіші және үлкен азу тістері бұзылмаған, шайнау төмпешіктері біраз қажалған. Суық су шоғырымен әсер еткенде ауыру сезімі пайда болып, біраз уақыттан кейін басылады, тіс қағып тексергенде ауырмайды. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді? / рентгенографиялық әдіс / реодентографиялық әдіс / полярографиялық әдіс / эхоостеометриялық әдісі / люминесценттік әдіс ! 53 жасар ер адам жоғарғы сол жағындағы үлкен азу тісінің өз бетімен толассыз солқылдап ауыратындығына, суық әсерінен бәсеңсіп, ыстық әсерінен күшейетініне шағымданады. Тісі ауырғалы төрт күндей болған. Науқасқа үш жеті бұрын асқазанды резекциялау отасы жүргізілген. Қарап тексергенде: 27 тістің алдыңғы бетінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді. Тісжегі қуысын сүңгілеп тексергенде табаны аздап ауырады, қағып тексергенде де ауыру сезімі пайда болады. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді? / девитальді экстирпациялау әдісі / девитальді аралас әдіс / девитальді ампутациялау әдісі / витальді экстирпациялау әдісі / консервативтік әдіс ! 54 жастағы әйел төменгі солжақ азу тістерінің толассыз қатты ауыратынына шағымданады. Тісі ауырғалы біраз уақыт болған. Температуралық тітіркендіргіштерден ауыру сезімі күшейе түседі. Қарап тексергенде: төменгі солжақ азу тістері бұзылмаған, шайнау төмпешіктері аздап қажалған. Кіші және үлкен азу тістер төңірегіндегі қызылиек қызыл-көкшіл түстенген, сүңгілеп тексергенде қанайды, 36 тістің төңірегінде терең пародонтальдық қалта бар, тіс аздап қозғалмалы, көлденең қағып тексергенде ауыру сезімі бар. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді? / аурудың анамнезін жинау / электроодонтометриялық әдіс / реодентографиялық әдіс / рентгенографиялық әдіс / эхоостеометриялық әдіс ! 55 жастағы әйел жоғарғы оң жақ азу тістерінің толассыз қатты ауыратыныпа шағымданады, ыстық және суық тағам қабылдағанда ауыру сезімі күшейе түседі. Тісінің ауыра бастағанына біраз уақыт болған. Қарап тексергенде: жоғарғы оңжақ кіші және үлкен азу тістері бұзылмаған, төңірегіндегі пародонт тіндері екінші дәрежелі қабынбалы-бұзылыстық өзгерістерге ұшыраған. 17 тістің төңірегінде терең пародонтальдық қалта бар, тіс аздап қозғалады, көлденең қағып тексергенде аздаған ауыру сезімі бар. Тістің электрқозғыштығы 50 мка. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес? / ұлпаның жедел жартылай қабынуы / ұлпаның жедел толық қабынуы / қарқынды дамыған терең тісжегі / ұлпаның ретроградтық қабынуы / ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі ! 56 жастағы әйел адам төменгі сол жақ үлкен азу тісінің толассыз қатты ауыратындығына шағымданады, ауыру сезімі ыстықтан және суықтан күшейе түседі. Тісі ауырғалы біраз уақыт болған, ауырусыздандырушы дәрілер ішіп ауыруды басып отырады. Қарап тексергенде: төменгі солжақ азу тістері бұзылмаған,16 тісінің төңірегінде терең пародонтальдық қалта бар, тісі аздап қозғалады, суық су шоғырымен әсер еткенде ұзаққа созылатын ауыру сезімі пайда болады, тістің ЭҚ-ғы 50 мка. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізгентиімді? / девитальді экстирпациялау әдісі / девитальді аралас әдіс / девитальді ампутациялау әдісі / витальді экстирпациялау әдісі / консервативтік әдіс ! 57 жастағы ер адам төменгі сол жағындағы азу тісінің ыстық және суық тағам қабылдағанда ұзақ уақыт ауыратындығына шағымданады. Тісі көптен бері ауырып жүрген, кейінгі кезде ауыру сезімі ыстық пен салқын температура ауысқанда қатты мазалай бастаған. Қарап тексергенде: солжақ төменгі азу тістері бұзылмаған, шайнау төмпешіктері біраз қажалған. Төменгі солжақ азу тістерінің ауызсырттық рентген суретінде 36 тістің сауыт қуысының ортасында домалақ пішінді ақ көлеңкелі ошақ анықталды, тістің ЭҚ-45мка. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән / ұлпаның созылмалы шіри қабынуы / ұлпаның созылмалы жай қабынуы / ұлпаның созылмалы конкрементозды қабынуы КЕРЕК / қарқынды дамыған терең тісжегі / ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі ! 58 жастағы әйел адам төменгі сол жақ азу тісінің екі күннен бері толассыз ауырып мазалағанына, ауыру сезімінің ыстықтан және суықтан күшейетініне шағымданады. Тісі бұрын тағам шайнағанда, ыстық және суық қабылдағанда сыздап ұзақ ауырып барып, ауыру сезімі басылып тұрған. Қарап тексергенде: 37 тісінің алдыңғы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан терең тісжегі қуысы анықталды, сүңгілен тексергенде сауыт қуысының ашық екендігі анықталды және ауыру сезімі пайда болды. Суық су шоғырының әсеріне ауыру сезімі күшейе түседі. Сипатталған белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сәйкес? / ұлпаның жедел толық қабынуы / ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі / ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі / ұлпаның жедел іріңді қабынуы / периодонттың созылмалы қабынуының өршуі ! Туберкулезге қарсы диспансерде емделіп жүрген 59 жастағы ер адам төменгі оңжақ азу тісі бұзылып, қуыс пайда болғанына, ыстықтан және суықтан ұзақ сыздап ауыратындығына шағымданады. Кейде қатты тағам шайнаған кезде қуысқа ас түйірі түсіп ауыртатындығына және ауыру сезімінің ұзаққа созылатындығын айтады. Тісі бұрында ыстық пен суықтан ауырған, бірақ ауыру сезімі тітіркеніс тоқтағаннан кейін тез басылып тұрған. Ер адам өкпе туберкулезінің ашық түрімен ауырады және емдеу шараларын қабылдауда. Қарап тексергенде: 47 тісінің медиальді-шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды, сүңгілеп тексергенде табанында ауыру сезімі, бар, тісін қағып тексергенде ауырмайды және ЭҚ- ғы 42 мка. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді? |