Главная страница

проб каз стом. Девитальді экстирпациялау дісі


Скачать 0.63 Mb.
НазваниеДевитальді экстирпациялау дісі
Дата12.09.2020
Размер0.63 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлапроб каз стом.docx
ТипДокументы
#137680
страница1 из 67
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67

!

Жүрегінің митральды клапанының жетіспеушілігінің теңгерілмейтін түрімен сырқат28 жастағы әйелге46 тісінде « ұлпаның созылмалы жай қабынуы» деген диагноз қойылды. Тісжегі қуысы тістің шайнау бетінде орналасқан. Аппликациялық жансыздандырудың көмегімен егеп тазаланды, ұлпа мүйізшесіне «Deviteс» пастасы бір аптаға қойылып, уақытша пломбымен жабылды. Ұлпа қабынуын емдеудің төмендеберілген әдістерінің қайсысы жүргізіле басталды?

/

девитальді экстирпациялау әдісі
/

витальді экстирпациялау әдісі

/

девитальді ампутациялау әдісі

/

консервативтіr әдіс

/

девитальді аралас әдіс

!

Тісі ауырып дәрігер-стоматологқа емделуге келген 37 жастағы ер адамға 45 тісінде «ұлпаның жедел іріңді қабынуы» деген диагноз қойылды. Тісжегі қуысы тістің шайнау бетінде орналасқан. Емделушінің дені сау, анестетиктерге аллергиясы жоқ. Ұлпа қабынуын емдеудің төменде берілген әдістерінің қайсысын жргізген тиімді болады?

/

витальді экстирпациялау

/

консервативтік әдіс

/

девитальді ампутациялау

/

девитальді экстирпациялау

/

девитальді аралас әдіс

!

24 жастағы қызбалаға27 тісінде «ұлпаның жедел жартылай қабынуы»деген қойылды. Тісжегі қуысы тістің шайну бетінде орналасқан. Емделушінің дені сау, тістің электрқозғыштығы35 мка, анестетиктерге аллергиясы жоқ. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізгентиімді?

/

консервативтік әдіс

/

ұлпаны жартылай сақтау әдісі

/

девитальді ампутациялау

/

девитальді экстирпациялау

/

девитальді аралас әдіс

!

56 жастағы ер адамға 17 тісінде «ұлпаның созылмалы жай қабынуы» деген диагноз қойылды. Тісжегі қуысы тістің алдыңғы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан. Емделушінің жүрегіне жақында шунттау отасы жасалған. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген және қандай дәрілік зат қолданған тиімді?

/

девитальді ампутациялау әдісі, «Deviteс» қойыртпағы

/

консервативтік әдіс, антибиотик құрамды емдік төсем

/

девитальді экстирпациялау әдісі, мышьяк ангидриді құрамды қойыртпақ

/

девитальді экстирпациялау әдісі, «Deviteс» қойыртпағы

/

консервативтік әдіс, цинкоксидоэвгенольді емдік төсем

!

Тісі өз бетімен ауық-ауық ауырып мазалаған жасы 22-гі жігітке36 тісінде «ұлпаның жедел жартылай қабынуы» деген диагноз қойылды. Тісжегі қуысы тістің шайнау бетінде орналасқан. Емделушінің дені сау, бойында созылмалы аурулары жоқ. Төменде берілген емдеу әдістерінің тиімдісі қайсы және оны таңдауға мүмкіндік беретің қосымша тексеру әдісі:

/

консервативтік әдіс, электроодонтометрия әдісі

/

девитальды экстирпациялау әдісі, рентгендік зерттеу

/

витальді экстирпациялау,термотест

/

витальді ампутациялау әдісі, термотест

/

витальді аралас әдіс, электроодонтометрия

!

Ұлпақабынуын консервативтік әдіспен емдеу барысында төменде берілген қателіктердің біреуінен басқасы жиі жіберілетін қателіктер қатарына жатады:

/

асептика ережесін сақтау
/

дәрілік препараттарды дұрыс таңдамау

/

тісжегі қуысын егеп -тазалау ережесін сақтамау

/

диагностикалық қателік

/

емдеу шараларының реттілігінің бұзылуы

!

Ұлпаның жедел қабынуы кезінде бөлінген биологиялық белсенді заттардың әсерінен дамитын патологиялық үрдіс:

/

Ұлпаның қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарылауы

/

Алкалоз белгілері

/

Ацидоз белгілері

/

Ұлпаның склероздануы

/

Альтерациялану үрдістері

!

Ұлпа қабынуын емдеу кезінде асқынуға алып келетін қателіктерге төмендегі аталғандардың біреуінен басқасының барлығы жатады:

/

ұлпаны жарақаттап алу
/

асептика және антисептика ережелерін сақтамау

/

өзектен аққан қанды толық тоқтатпау

/

түбір өзектерін өңдеу үшін антисептиктерді дұрыс таңдамау

/

біріншілік эндодонттық жолды дұрыс ашпау

!

Ұлпа қабынуынвитальды экстирпациялау әдісімен емдеу кезінде жиі орын алатын асқынуларға төменде аталғандардың біреуінен басқасының барлығы жатады:

/

түбір өзегінің физиологиялық тарылымға дейін пломбылануы
/

өзек қабырғасының тесілуі

/

периодонтты жарақаттап алу

/

түбір өзегінде эндодонттық аспаптың сынуы

/

түбірұшы тесігі сыртында гематома пайда болуы

!

Ұлпа қабынуын девитальды әдіспен емдеу кезіндегі жиі асқынуларға төменде берілгендердің біреуінен басқасының бәрі жатады:

/

қойыртпақты қойғаннан кейін ауыру сезімінің басылуы

/

қызылиек бүртігінің қабынуы,

/

девитализдеуші қойыртпақты қойғаннан кейін ауыру сезімінің күшеюі

/

ампутациялаудан кейін түбір өзегі сағасында ауыру сезімінің болуы

/

ұлпаны экстирпациялағаннан кейін өзектен қан ағуы

!

Ұлпа қабынуын девитальды әдіспен емдеу кезінде қолданылатын ұлпаны ұзақ әсеретеотырып өліеттендіретін қойыртпақ (паста):

/

параформды қойыртпақ

/

эвгенол-тимолды қойыртпақ

/

цинкэвгенольды қойыртпқ

/

тимолды қойыртпақ

/

резорцин-формалинді қойыртпақ

!

Ұлпа қабынуын девитальды әдіспен емдеу кезінде қолданылатын ұлпаны қысқа уақыт әсер етеотырып өліеттендіруші қойыртпақ:

/

мышьякты қойыртпақ

/

триоксиметиленді қойыртпақ

/

иодоформды қойыртпақ

/

тимолды қойыртпақ

/

йодоформтимолды қойыртпақ

!

Девитальдыжәне витальды ампутациялау әдістерін жүргізгеннен кейін түбір ұлпасын жабу үшін төменде аталған емдік қойыртпақтардың біреуінен басқасының бәрі қолданылады :

/

ауыру сезімін басушы

/

метаплазиялаушы

/

мырыштотығы-эвгенол құрамды

/

кальцийсутотығы құрамды

/

мумификациялаушы

!

Ұлпаны мумификациялаушы қойыртпақтарға төменде берілгендердің біреуінен басқасының барлығы жатады:

/

гринозол

/

крезодент

/

форедент

/

форфенан

/

резорцин-формалинді (ex tempore дайындалған)

Девитальді ампутациялау әдісін жүргізу кезінде түбір ұлпасының тұқылын жабу үшін қолданылатын метаплазиялаушы қойыртпақтарға төменде берілгендердің біреуінен басқасының бәрі жатады:

/

йодоформды

/

тимолды

/

йодоформтимолды

/

триоксиметиленді

/

эвгенолтимолды

!

Жақын арада миокард инфарктымен ауырған жасы 65-тегі ер адамның 26 тісінде ұлпаның қабынуына емдеу шаралары жүргізіле басталды. Аппликациялық жансыздандырудың көмегімен тісжегі қуысынан жұмсарған дентин алынып, ұлпаның алдыңғы-ұрт мүйізшесі ашылып, мышьякты қойыртпақ және уақытша пломбы қойылды. Емделушіге төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізіген тиімді?

/

девитальды ампутациялауКЕРЕК

/

девитальды экстирпациялау

/

витальды экстирпациялау

/

консервативтік әдіс

/

витальді ампутациялау

!

Гемофилиямен ауыратын 21 жастағы жігіттің 36 тісіне дәрігер-стоматолог ұлпаның созылмалы жай қабынуы бойынша ем жүргізе бастады. Тісжегі қуысынанжұмсарған дентинді алғаннан кейін ашылған ұлпа мүйізшесіне ұлпаны өліеттендіруші қойыртпақ және уақытша пломбы қойды. Қандай өліеттендіруші қойыртпақты және төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын таңдағантиімді?

/

девитальды ампутациялау, параформды қойыртпақ

/

консервативтік әдіс, емдік төсем

/

витальді ампутациялау, анестетикКЕРЕК

/

витальды экстирпациялау, анестетик

/

витальды ампутациялау, мышьякты қойыртпақ

!

Дәрігер-стоматологқа тісі ауырып емделуге келген 70 жастағы ер адамға 36 тісінде «ұлпаның созылмалы шіри қабынуы» диагнозы қойылып, емдеу шаралары жүргізіле басталды. Тісі сырқат адам жүрек-қантамыр жетіспеушілігінің теңгерілімсізтүрімен ауырады. Дәрігер-стоматолог төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын таңдауы керек?

/

девитальдыампутациялау

/

витальды ампутациялау

/

витальді экстирпациялау

/

девитальдыаралас әдіс

/

консервативтік әдіс

!

Жасы 24-тегі дені сау жігіт дәрігер-стоматологқа 26 тісі ауырып келді және «ұлпаның жедел жартылай қабынуы» деген диагноз қойылып,уақытша жансыздандырылғаннан кейін тістің шайнау бетіндегі тісжегі қуысы егеліп-тазаланды, антисептиктер ерітінділерімен өңделіп, кептірілгеннен кейін тісжегі қуысы табанына кальций сутотығы құрамды емдік төсем және уақытша пломбы қойылды.Төменде берілген ұлпа қабынуын емдеу әдістерінің қайсысы таңдалды және емдеудің қай кезеңі жүргізілді?

/

консервативтік әдіс,I-кезең

/

витальді экстирпациялу, I-кезеңКЕРЕК

/

витальді ампутациялау, II-кезең

/

девитальді экстирпациялау әдісі, I-кезең

/

девитальді аралас әдіс, I-кезең

!

35 жастағы әйелдің 34 тісінде ұлпа қабынуы бойынша емдеу шаралары жалғастырылды. Ұлпа алдын-ала өлеттендірілген, тісжегі қуысы егеліп-тазаланды, сауыт және түбір ұлпалары толық алынды, түбір өзектеріне ұсақ аспаптармен, антисептиктермен өңдеу жүргізілді және пломбыланып, тұрақты пломбы қойылды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысы жүргізілді және қай кезеңі орындалды?

/

девитальді экстирпациялау, II-кезең

/

витальді экстирпациялу, II-кезең

/

витальді ампутациялау, I-кезең

/

консервативтік әдіс, II-кезең

/

девитальді ампутациялау, II-кезең

!

Жедел лейкозбен сырқат 32 жасар науқас дәрігер- стоматологқа 25 тісінде тітіркендіргіштер әсерінен пайда болатын және ұзаққа созылатын сыздаған ауыру сезіміне шағымданып келді және 25 тісінде «ұлпаның созылмалы жай қабынуы» деген диагноз қойылды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын таңдаған және қандай физикалық әдістерді қосарлап қолданған тиімді?

/

девитальді экстирпациялау, түбір ұлпасын диатермокоагуляциялап алу

/

витальді ампутациялауәдісі, диатермокоагуляциялау

/

консервативтік әдіс, электрофорездеу

/

девитальді ампутациялауәдіс, фонофорездеуі

/

витальді экстирпациялау әдісі

!

Дәрігер-стоматологқа 50 жастағысозылмалы лейкозбен ауыратын ер адам 16 тісінің ауыратынына шағымданып келді және «ұлпаның созылмалы шіри қабынуы» деген диагноз қойылды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген және қандай дәрілік препарат қолданған тиімді?

/

девитальді ампутациялау, мышьяксыз девитек қойыртпағы

/

витальды экстирпациялау әдісі, убистезин

/

консервативтік әдіс, дайкал

/

витальді аралас әдіс, лидокаин

/

витальді ампутациялау, убистезин

!

70 жастағы ер адам дәрігер- стоматологқа 46 тісінің ыстықтан және суықтан ұзақ ауыратынына шағымданып келді, гипертонияның теңгерілімсіз сатысымен ауырады. Қарап тексеру нәтижесінде 46 тісінде «ұлпаның созылмайы жай қабынуы» деген диагноз қойылды.Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

/

девитальді ампутациялау

/

витальді экстирпациялау

/

витальды аралас әдіс

/

витальді ампутациялау

/

консервативтік әдіс

!

Науқас 65 жаста, жүректің ишемиялық ауруымен (ИБС) және стенокардиямен ауырады, 14 тісінде «ұлпаның созылмалы шіри қабынуы» деген диагноз қойылды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

/

девитальді ампутациялау

/

аралас

/

девитальді экстирпациялау

/

консервативтік

/

витальді экстирпациялау

!

Жасы 38-дегі әйелдің 23 тісінде ұлпа қабынуын емдеу кезіндетүбір ұлпасын экстирпациялағаннан кейін өзектен қан ағуы байқалды. Төменде берілген факторлардың біреуінен басқасы қан ағуға себепші болып саналады?

/

түбір ұшы сағасын толық кеңейтпеу

/

ұлпаны толық экстирпацияламау

/

анықталмаған қан ауруы

/

ұлпада жыртылған жарақат бетінің қалыптасуы

/

түбір ұлпасының түбірұшы сыртында үзілуі

!

35 жастағы ер адам агранулоцитозбен ауырады,дәрігер-стоматологқа 25 тісінің ауыратынына шағымданып келді және « ұлпаның жеделіріңді қабынуы» деген диагноз қойылды.Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

/

витальды экстирпациялау әдісі (түбір ұлпасын диатермокоагуляциялаудан кейін)

/

аралас әдіс

/

витальды ампутациялау

/

девитальды ампутациялау

/

девитальды экстирпациялау

!

Дәрігер-стоматологқа тісінің өз бетімен ауық-ауық ауырып мазалайтынына шағымданып келген 20 жастағы жігітке 16 тісінде « ұлпаның жедел жартылай қабынуы» деген диагноз қойылды. Осы қабылдауда емдеу шаралары жүргізілді: уақытша жансыздандырудан кейін асептика және антисептика ережелері сақтала отырып тісжегі қуысы егеліп-тазаланды, ұлпа мүйізшесі ашылды, антисептикалық өңдеу жүргізілді, ұлпа мүйізшесі тұсына антибиотик құрамды қойыртпақ және уақытша пломбы қойылды. Стоматолог төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын таңдады және жүргізе бастады ?

/

консервативтік әдіс

/

витальды экстирпациялау

/

витальді ампутациялау

/

аралас хирургиялық әдіс

/

девитальді ампутациялау әдісі

!

Дәрігер-стоматологқа 16 тісінің өз бетімен ауық-ауық ауыратынына, ауыру сезімінің ыстық және суықтан күшейетініне шағымданып келген 20 жастағы жігітке 16 тісте « ұлпаның жедел жартылай қабынуы» деген диагноз қойылып, консервативтік емдеу басталды және бірінші қабылдауда уақытша пломбы қойылды. Екі тәуліктен кейін тісте қайтадан өздігінен қозатын, қысқа уақытқа созылатын ауыру сезімі пайда болды. Дәрігер- стоматологтың төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын таңдағаны тиімді?

/

ұлпаны витальді ампутациялау ( жартылай сақтау әдісі)

/

консервативтік емді жалғастыру

/

ұлпаны витальді экстирпациялау

/

ұлпаны девитальді ампутациялау

/

ұлпаны девитальді экстирпациялау

!

28 жастағы әйелге 37 тісінде «ұлпаның созылмалы жай қабынуы» деген диагнозбен витальді ампутациялау немесе ұлпаны жартылай сақтау әдісі жүргізілді. 3 айдан кейін тісте температуралық тітіркендіргіштерден ұзаққа созылатын ауыру сезімі пайда болды. Қарап тексергенде тістегі тұрақты пломбының жағдайы қанағаттанарлық, рентген суретінде түбірұштары аймағындағы периодонт саңылауларында өзгеріс анықталмайды. Дәрігер-стоматолог төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізгені тиімді?

/

девитальді экстирпациялау

/

түбір ұлпасын сақтау

/

витальдьді экстирпациялау

/

витальді аралас әдісті

/

тісті жұлу

!

37 жастағы жігіттің 23 тісінде « ұлпаның толық жедел қабынуы» деген диагнозбен емдеу жүргізілді. Уақытша жансыздандырудан кейін сауыт және түбір ұлпасы алынды, түбір өзегіне ұсақ аспаптармен және дәрілермен өңдеу жүргізілді, түбір өзегі толтырылды, тұрақты пломбы қойылды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысы және қанша қабылдауда жүргізілді?

/

витальді экстирпациялау әдісі, бір қабылдуда

/

девитальды экстирпациялау әдісі, екі қабылдауда

/

девитальді ампутациялау әдісі, екі қабылдауда

/

аралас әдіс, бір қабылдауда

/

витальді ампутациялау әдісі, екі қабылдауда

!

Дәрігер-cтоматологқа тісі ауырып келген 18 жастағы жедел лейкозбен сырқат жігітке 26 тісінде «ұлпаның созылмалы өсе қабынуы» деген диагноз қойылды және емдеу жүргізіле басталды: апликациялық анестезиядан кейін тісжегі қуысы егеліп-тазаланды, өскен ұлпа тіні алынды,ұлпа тұқылына параформды қойыртпақ және уақытша пломбы қойылды. Дәрігер-стоматолог төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізе бастады және қай кезеңін орындады?

/

девитальді экстирпациялау, I-кезең

/

витальді экстирпациялау, I-кезең

/

консервативтік әдіс, I-кезең

/

девитальді ампутациялау, II-кезең

/

витальді аралас әдіс, II-кезең

!

Дәрігер-стоматологқа 58 жастағы ер адам бұзылмаған 16 тісінің ыстықтан және суықтан ұзақ ауыратынына шағымданып келді. Тіске электроодонтометриялық және рентгенографиялық зерттеу жүргізудің нәтижесінде « ұлпаның созылмалы конкременттік қабынуы» диагнозы қойылып, емдеу шаралары жүргізілді. Стоматолог тістің алдыңғы-ұрт өзегін өте алмады, сондықтан импрегнизациялау әдісін жүргізді. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысы жүргізілді?
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67


написать администратору сайта