проб каз стом. Девитальді экстирпациялау дісі
Скачать 0.63 Mb.
|
/ түбірұшы периодонтында және оны қоршаған сүйек тінінде өзгерістер анықталмайды / түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы бірқалыпты кеңейген / түбір ұшы аймағында сүйек тінінде шекарасы тегіс емес бұзылу ошағы анықталады / түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы анық, домалақ пішінді бұзылыс ошағы анықталады / мойын бөлігінде периодонт саңылауының бірқалыпты кеңеюі орын алады. ! Периодонттың жедел қабынуы, жалқықты сатысына өзіндік клиникалық белгілер тән.Төменде берілген клиникалық белгілердің қайсысы периодонттың жедел қабынуының жалқықты сатысына тән емес?: / өздігінен пайда болған тұрақты қатты сыздап немесе солқылдатқан ауыру сезімі / жақ сүйек аймағындағы жұмсақ тіндердің коллатеральды домбығуына байланысты беттің асимметриялануы / тісі «өсіп кеткен» сияқты белгі / тіс ыстық және суық тітіркендіргіштер әсерінен ауырады / тісті тік және көлденең қағып тексергенде қатты ауырады ! Периодонттың созылмалы қабынуының өршуіне тән клиникалық белгілер периодонттың жедел қабынуы кезіндегі клиникалық белгілерге көбіне ұқсас келеді. Дегенмен оларды ажыратуға мүмкіндік беретіін белгілер де бар. Төменде берілген периодонттың созылмалы қабынуының өршуіне тән клиникалық белгілердің ішінде біреуі нериодонттың жедел қабынуы , жалқықты сатысына тән емес: / здігінен пайда болатын толассыз сыздаған ауыру сезімі / түбірұшы периодонты аймағындағы сүйек тіндерінің рентген суретінде бұзылу белгілердің орын алуы *қағып тексергенде ауыру сезімінің күшеюі / тіс қуысының тісжегі қуысымен байланысы анықталады. / түбір ұшы проекциясы аймағындағы қызылиектің қызара домбығуы. ! Жасы 33-тегі ер адам төменгі солжақ екінші күрек тісінің қатты толассыз ауыратынына шағымданып келді. Дәрігер-стоматолог негізгі және қосалқы тексеру әдістерінің нәтижелерін негізге ала отырып, периодонттың жедел қабынуы, жалқықты сатысы деген диагноз қойды.Төменде берілген аурулардың қайсысымен сараптамалы диагностика жүргізу қажет емес?: / ұлпаның жедел жартылай қабынуы / ұлпаның жедел іріңді қабынуы / периодонттың созылмалы қабынуының өршуі / периостың жедел іріңді қабынуы / ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі ! Стоматолог периодонттың қабынуын бір қабылдауда емдеуге шешім қабылдады. Төменде берілген қөрсетілімдердің қайсысы емдеуді бір қабылдауда жүргізудің абсолюттік көрсетілімі болып саналады? / бір түбірлі тістер / түбір өзегін өтуге мүмкіндік бар / жыланкөздің болуы / ауыспалы қатпарға тілік жасау көрсетілімі бар жағдай. / жақсы өтетін түбір өзектері бар тістер ! Дәрігер-стоматолоқа 32 жастағы жігіт тісінің ыстықтан және суықтан ауыратынына, ауыру сезімінің тез басылатынына шағымданып келді. Қарап тексергенде 46 тісінде тісжегі қуысы анықталды, куыстың табаны арқылы анықталған электрқозғыштығы 12 мка тең болды. Бұл көрсеткіш төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?: / ұлпаның созылмалы жай қабынуы / терен тісжегі / периодонттың созылмалы қабынуы / ұлпаның жедел жартылай қабынуы / периодонттың жедел қабынуы ! Дәрігер-стоматологқа 21 тісінің екі күннен бері толассыз қатты солқылдап ауыруына шағымдана келген 34 жастағы жігіт тісі ауырғалы беріұзарып «өсіп кеткен» сияқты, қарсы тісі немесе тілі сәл тиіп кетсе қатты ауыратынын айтады. Сипатталған клиникалық белгілердің құрамындағы тістің «өсіп – кеткен» симптомы төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?: / ұлпаның жедел іріңді қабынуы / ұлпаның жедел жартылай қабынуы / периодонттың жедел қабынуы, жалқықты сатысы / ұлпаның жедел толық қабынуы / периодонттың жедел қабынуы, уытттану сатысы ! 42 жасар әйел төменгі сол жақ тісінің бұзылып, қуыс пайда болғанына, ас қалдықтары жиналып, ұнамсыз иіс туындататынына және кейде тісінде ауырсыну және ыңғайсыздық сезінетініне шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің дистальді бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы бар, тісжегі қуысын сүңгілеп тексергенде ауырмайды.Диагнозын нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді? / сипап тексеру / қағып тексеру / электроодонтометриялық әдіс / рентгенографиялық әдіс / реодентографиялық әдіс ! Жасы 44-тегі әйел адам төменгі оңжақ кіші азу тісінің тұсындағы қызылиегінде іріңді құрылым ауық-ауық пайда болыптесілетініне, кейде өз бетімен жоғалып кететініне, құрылым шығар алдында тісі сыздап мазалайтынына шағымданады. Қарап тексергенде: 45 тісінің алдыңғы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан, тіс қуысымен байланысқан тісжегі қуысы бар. Тісжегі қуысын терең сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Тістің түбірұшы проекциясы аймағындағы қызылиекте жыланкөз бар, аузынын аздаған грануляциялық тін шыға орналасқан. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән? / ұлпаның созылмалы шіри қабынуы / периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы / периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы / периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы / периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуының өршу ! Орта жастағы ер адам төменгі сол жақ азу тісінде көптен бері қуыс пайда болғанына және тісіндегі ауырлық сезіміне шағымданады. Тісі ертеректе өз бетімен жиі ауырып мазалаған. Қарап тексергенде: 37 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан үлкен тісжегі қуысы бар, сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Сауыт қуысын ашып, өзек сағаларын сүңгілеген кезде де ауыру сезімі анықталмайды. Қағып тексергенде де тіс ауырмайды. Төменде беріген зерттеу әдістерінің қайсысын диагнозды нақтылау үшін жүргізген тиімді? / ауру анамнездерін жинау / реодентографиялық әдіс / электроодонтометриялық әдіс / рентгенографиялықәдіс / температуралық тітіркендіргіштермен тексеру ! 45 жасар ер адам төменгі оңжақ азу тісінде қуыс пайда болғанына шағымданады. Тісі ертеде ыстықтан және суықтан ауырып мазалаған, кейде өз бетімен де ауырған. Қарап тексергенде: 47 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар, терең сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Қағып тексергенде аздаған сезімталдық байқалады. Тістің ауызішілік нысаналы рентгенсуретінде: алдыңғы түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде домалақ пішінді, диаметрі 5мм-дей қара көлеңкіліошақ анықталды. Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сипатталған клиникалық белгілер сәйкес келеді? / ұлпаның созылмалы шіри қабынуы / периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы / периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы / периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы / радикулярлық киста(түбір кистасы) ! Дәрігер-стоматологқа бұзылған тісіне пломбы қойдыруға келген орта жастағы ер адамның 33 тісінің рентгенсуреті түсіріліп, периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуына тән өзгерістер анықталды. Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуына төменде берілген рентгендік өзгерістер спаттамасының қайсысы тән? / түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы анық емес сорылу ошағы бар / түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы өзгермеген / периодонт саңылауы жиектік бөлігінде кеңейген / түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы кеңейген / түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы анық домалақ пішінді сорылу ошағы бар ! Стоматологқа тісжегі әсерінен бұзылған тісін емдетуге келген орта жастағы әйелдің 31тісінде рентгенографиялық зерттеу нәтижесінде «периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы» анықталды. Бұл диагнозға төменде берілген рентгендік өзгерістер сипаттамасының қайсысы сәйкес келеді? / түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы анық емес біраз көлемді сорылу ошағы бар / түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы өзгермеген / периодонт саңылауы жиектік бөлігінде кеңейген / түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы біркелкі кеңейген / түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы анық сопақ пішінді сорылу ошағы бар ! Стоматологқа тісінің көптен бері бұзылып, қуыс пайда болғанынашағымданып келген 28 жастағы жігітке стоматолог негізгі және қосалқы тексеру әдістерінің нәтижесіне сүйеніп, 23 тісінде «периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы» деген диагноз қойды. Төменде берілген тістер рентгенсуреттеріндегі өзгерістер сипаттамасының қайсысы қойылған диагнозға сәйкес келеді? / түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы анық емес сорылу ошағы орын алады / түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы өзгермеген / жиектік бөлігінде периодонт саңылауы кеңейген / түбір ұшы аймағындағы периодонт деформациялануға ұшыраған / түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы анық сорылу ошағы орын алған ! 18 жастағы қыз жоғарғы сол жақ жағындағы тісінің өздігінен тұрақты түрде сыздап ауыратындығына және тісіне қарсы тісі тиіп кеткенде ауыру сезімі күшейетіндігіне шағымданады. Қарап тексергенде: 25тісінің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған, ұлпа маңындағы дентинде орналасқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Сүңгілеп тексергенде тіс ауырмайды, қағып тексергендеауырады. Сипатталған клиникалық белгілерге төменде берілген түбірұшы периодонтындағы рентгенологиялық өзгерістердің қайсысы сәйкес келеді? / түбір ұшындағы сүйек тінінде жиектері тегіс емес сорылу ошағы бар / түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы өзгеріссіз / жиектік бөлігінде периодонт саңылауы кеңейген / түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы кеңейген / түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде жиектері тегіс сорылу ошағы байқалады ! 16 жасар қыз жоғары сол жақ тісінде өздігінен пайда болатын толассыз қатты ауыру сезіміне шағымданады, тісіне тілі мен қарсы тісі кездейсоқ тиіп кеткенде ауыру сезімі күшейе түседі. Қарап тексергенде: 25 тісінің шайнау бетінде ұлпаға жақын дентин деңгейінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталады, тісі қағып тексергенде қатты ауырады. Клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес келеді? / ұлпаның жедел толық қабынуы / ұлпаның жедел іріңді қабынуы / периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы / периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы / ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі ! Төменде берілген аурулардың қайсысымен периодонттың жедел қабынуының жалқықты сатысының салыстырмалы диагностикасын жүргізген тиімді? / ұлпаның жедел жартылай қабынуы / ұлпаның жедел іріңді қабынуы / ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі / периодонттың созылмалы қабынуы / ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі ! Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысына тәнсубьективтік клиникалық белгі: / өздігінен пайда болатын тұрақты сыздаған ауыру сезімі / өздігінен пайда болатын толассыз солқылдаған ауыру сезімі / ауыру сезімі жан-жаққа таралады / ауыру сезімі суықтан күшейеді / ауыру сезімі ыстық әсерінен күшейеді. ! Стоматологқа тісі қатты ауырып мазалап келген 23 жастағы қызға22 тісінде «периодонттың жедел қабынуы, жалқықты сатысы»диагноз қойылды. Бұл қабынуға төменде берілген субьективтік клиникалық белгілердің қайсысы тән? / өздігіненпайда болатын, ауырусыз аралығы ұзақ қозбалықақсағанауыру сезімі / өздігінен пайда болатын тұрақты солқылдаған ауыру сезімі / өздігіненпайда болатын қозбалы, ауырусыз аралығы қысқа ауыру сезімі / суықтан ауыру сезімі басылады / ыстықтан ауыру сезімі күшейеді ! Периодонттың созылмалы қабынуының өршуінің клиникалық белгілеріне төменде берілген клиникалықбелгілердің біреуінен басқасының барлығытән: / өздігінен пайда болатын тұрақты қатты сыздаған ауыру сезімі / түбірұшы периодонты аймағында рентгенологиялық өзгерістер орын алады / ұлпаның электрқозғыштығы-80 мкА / түбір ұшы проекциясындағы қызылиекте қызара домбығу байқалады / тісті қағып тексергенде қатты ауырады және аздап қозғалмалылық тән ! Тісі қатты ауырып мазалап келген жас жігітке дәрігер-стоматолог 23тісінде «периодонттың жедел қабынуы, жалқықты сатысы» диагнозын қойды.Төменде берілген қөрсетілімдердің біреуінен басқасын негізге ала отырып, тісті бір қабылдауда аяқтауға болады: / біртүбірлі тіс / түбір өзегін кеңейту мүмкіндігі бар / ауыспалы қатпарға тілік жасау көрсетілімінің бар / түбір өзегі жақсы өтеді / көптүбірлі тіс ! Тістің рентген суретінде түбір ұшы аймағында периодонт саңылауының біркелкікеңеюі анықталды. Бұл көрініс төменде берілген аурулардың қайсысына тән? / түбір кистасы / периодонттың созылмалы фиброздықабынуы / периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы / периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы / кистогранулема ! Қатты солқылдап толассыз ауырып мазалаған, ыстық және суық әсерінен ауыру сезімі күшеймейтін21 тістің рентгенсуретінде түбірұшы аймағында альвеоланың қатты сүйек пластинасының бүтіндігі бұзылмаған, бірақ кемік сүйек тінінің рентгенайқындылығы төмендеген. Мұндай кешенді клиникалық белгілер (сиптомокомплекс) төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән? / түбір кистасы / периодонттың созылмалы фиброздықабынуы / периодонттың жеделқабынуы, жалқықтану сатысы / кистогранулема / периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы ! 39 жастағы ер адам стоматологқа бұзылған 45 тісіне пломбы қойдыруға келген. Тісі ауырып мазаламайды, шайнау бетінде терең тісжегі қуысы анықтады. Тістіңауызішілік нысаналырентгенсуреті жасалынды. Рентгенсуретте түбірұшы аймағында сүйек тінінің сорылуы нәтижесінде пайда болған ені 1,2 см-дей, шекарасы тегіс қара көлеңкелі ошақ анықталды. Сипатталған рентгендік көрініс төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән? / түбір гранулемасы / кистогранулема / периодонттың созылмалы фиброздықабынуы / периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы / түбір кистасы ( радикулярлық киста) ! Стоматологқа 11 тісінің сауытының 3/2бөлігінің бұзылуына байланысты жұлдыруға келген 45жастағы ер адамға тісінің ауызішілік нысаналырентгенсуреті жасалынды. Рентгенсуретте түбірұшы төңірегінде шекарасы анық және тегіс емес аумағы 3см х 4см от жалыны пішіндес қара көлеңкеліошақ анықталды. Сипатталған рентгендік көрініс төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән? / кистогранулема / периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы / периодонттың созылмалы фиброздықабынуы / түбір гранулемасы / түбір кистасы ! Стоматологтың қабылдауына келген 32 жастағы жігіт жоғарғы солжақ азу тісінде өздігінен пайда болатын сыздаған және тағам шайнағанда күшейетін ауыру сезіміне шағымданады. Ауру анамнезінде - тісі ұлпа қабынуымен емделу кезеңінде. Бір апта бұрын мышьяк қойыртпағы қойылған, екінші қабылдауға уақытында келе алмаған. Қарап тексергенде: 26 тіс уақытша пломбымен жабылған, қағып тексергенде ауырады, суық су ауыру сезімін туындатпайды.Тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндерде өзгеріс жоқ. Сипатталған клиникалық белгілерге төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сәйкес келеді? / периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы / периодонттың дәріден жедел қабынуы, уыттану сатысы / периодонттың созылмалы қабынуының өршуі / ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі / ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі ! 19 жасар қыз төменгі оң жақ тісіндегі тісжегі қуысына, онда ас қалдықтарының жиналуына шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің дистальді- шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Зондпен терең сүңгілегенде ауырмайды. Тістің рентгенсуретінде дистальды түбір ұшы аймағында периодонт саңылауы біркелкі кеңейген. Cипатталған клиникалық белгілер т97өменде берілгенболжамды диагноздардың қайсысы сәйкес келеді? / периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы / периодонттың созылмалы гранулемалы қабынуы / периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы |