Главная страница

проб каз стом. Девитальді экстирпациялау дісі


Скачать 0.63 Mb.
НазваниеДевитальді экстирпациялау дісі
Дата12.09.2020
Размер0.63 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлапроб каз стом.docx
ТипДокументы
#137680
страница10 из 67
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67

/

ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

/

ұлпаның созылмалы жай қабынуы

!

Дәрігер-стоматологқа тісін емдетуге келген 45 жасар әйел төменгі сол жақ тісінде көптен бері қуыс пайда болғанынажәне тіс тұсындағы қызылиегін қаттырақ сипап байқағанда пайда болатын ыңғайсыз сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 37 тісінің дистальді- шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар, терең сүңгілегенде ауырмайды. Тістің рентгенсуретінде дистальды түбір ұшы аймағында жиектері анық емес сүйек тінінің сорылу ошағы бар, көлемі 3х5мм. Сипатталған кешенді клиникалық белгілерге төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

/

периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы

/

периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

/

периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

/

ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

/

радикулярлық (түбірлік) киста

!

Тісі ауырып стоматологқа көрінуге келген 37 жастағы ер адам жоғарғы сол жақ жағындағы азу тісінің тұрақты түрде қатты сыздап және кернеп ауыруына, тағам шайнағанда және тісіне қарсы тісі тиіп кеткенде ауыру сезімінің қатты күшейетіндігіне,басының ауыратындығына шағымданады. Тісі ауырғалы үшінші күн. Қарап тексергенде: 27 тісінің дистальді –шайнау бетінде терең тісжегі қуысы көрінеді. 27 тісінің түбір ұшы проекциясы аймағында қызылиегі қызара домбыққан, ауыспалы қатпартегістелген, сипап тексергенде ауырады. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

/

температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

/

электроодонтометриялық әдіс

/

рентгенографиялық әдіс

/

реодентографиялық әдіс

/

реопародонтографиялық әдіс

!

Стоматологқа емделуге келген 51 жасар ер адам төменгі оңжақ азу тісіндегі қуыс пайда болғанына, аздаған ыңғайсыздық сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 47 тісінің дистальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, сауыт қуысы жабық, сүңгілеп және қағып тексергенде ауырмайды.Тіс қатарында 45.46 тістері жоқ. Тістің рентген суреті жасалынды. Рентгенсуретте артқы түбірұшы аймағындағы периодонт саңылауы аздап кеңейген, түбір өзегі кең және түзу, алдыңғы түбірұшы аймағында домалақ пішінді ені 5мм қара көлеңкелі ошақ анықталды, түбір қатты иілген, өзектері тарылған және бітелуге жақын. Тіс қатарына дұрыс протез қою үшін төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

/

консервативті-хирургиялық әдіс, гемисекциялау әдісі

/

консервативтік әдіс

/

түбір ұшын резекциялау әдісі

/

түбірді ампутациялау әдісі

/

кешенді хирургиялық әдіс

!

Стоматологтың қабылдауына келген 19жасар қызға 23 тісінде «периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы» диагнозы қойылды және емдеу шараларын жүргізер алдында стоматолог төменде берілген міндеттердің біреуінен басқасының орындалуын мақсат етіп қойды:

/

ауыру сезімін басу

/

периодонт тіндеріндегі инфекция ошағының көзін жою

/

түбірұшы аймағындағы тіндерге инфекцияның түсуін тежеу

/

түбірұшы аймағындағы тіндердің регенеративтік белсенділігін ынталандыру

/

тістің анатомиялық пішіні мен қызметін қалпына келтіру

!

Дәрігер-стоматологқа 44 тісіне пломбы қойдыруға келген44 жастағы әйелге тісінде «периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы» деген диагноз қойылды және стоматолог төменде берілген міндеттердің біреуінен басқасын орындау негізгі мақсаты деп емдеу шараларын жүргізуге кірісті:

/

ауыру сезімін жою

/

периодонт тіндеріндегі инфекциялы ошақ көзін жою

/

периапикальды тіндерге инфекцияның өтуін тоқтату

/

периапикальді тіндердегі регенеративтік үрдісті белсендендіру

/

тістің анатомиялық пішіні мен қызметін қалпына келтіру

!

Периодонттың жедел қабынуын периодонттың созылмалы қабынуының өршуінен ажыратуға мүмкіндік беретін қосалқы тексеру әдісі:

/

рентгенографиялық әдіс

/

электроодонтометриялық әдіс

/

температуралық тітіркендіргіштермен тексеру әдісі

/

сипап тексеру-пальпация

/

қағып тексеру-перкуссия

!

19 жастағы жігіт төменгі оңжақ алдыңғы тістерінің бірінің тұрақты сыздап ауыратынына, тағам тістеп жұлған кезде ауыру сезімінің күшейетініне шағымданады. Тісі ауырғалы екінші күн. Қарап тексергенде: 43 тісінің алдыңғы жанасу бетінде терең тісжегі қуысы бар, тісжегі қуысының табанын жеңіл сүңгілеп тексергенде ауыру сезімі анықталмайды, ал тісті қағып тексергенде ауырады. Тістің түбір ұшы проекциясындағы кілегей қабық өзгермеген. Төменде берілген алғашқы диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

/

ұлпаның жедел жартылай қабынуы

/

ұлпаның жедел іріңді қабынуы

/

периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

/

периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы

/

ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі

!

Тісінің толассыз сыздап ауыратынына шағымдана келген бойжеткенге дәрігер-стоматолог 16 тісінде «периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы» деген диагноз қойды. Емдеу шараларын жүргізген кезде төменде берілген мақсаттардың біреуінен басқасын ұстанатынына стоматолог сенімді:

/

түбір өзегі –предентин жүйесіндегі микрофлораға әсер ету

/

түбірұшы периодонтына ифекцияның қайта түсуін тежеу

/

ауыру сезімін басу

/

түбірұшы аймағындағы периодонт тіндерінің регенеративтік белсенділігін жоғарылату

/

тістің анатомиялық пішіні мен қызметін қалпына келтіру

!

36 жастағы әйел төменгі оң жақ тісіндегі тісжегі қуысына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 46 тістің дистальді-шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Терең сүңгілегенде ауырмайды.Тістіңрентген суретіндеартқы түбір ұшы аймағында периодонт саңылауы біркелкі кеңейген. Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

/

периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы

/

периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

/

периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

/

ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

/

ұлпаның созылмалы жай қабынуы

!

Дәрігер-стоматологтың қабылдауына келген 43 жастағы әйел төменгі сол жақ азу тісінде көптен бері тісжегі қуысы пайда болғанына және ыңғайсыздық сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 37 тістің артқы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан терең тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен байланыспаған, сүңгілеп және қағып тексергенде ауырмайды. Диагнозды нақтылау үщін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

/

электроодонтометриялық әдіс

/

реодентографиялық әдіс

/

полярографиялық әдіс

/

эхоостеометриялық әдіс

/

биомикроскопиялық әдіс

!

Тісі көптен бері бұзыла бастаған 43 жастағы әйел төменгі солжақ азу тісіндегі қуысқа ас қалдығы жиналып, ұнамсыз иіс туындататынына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 37 тісінің дистальды-шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Терең сүңгілеп және қағып тексергенде ауыру сезімі байқалмайды. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

/

температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

/

рентгенографиялық әдіс

/

реопародонтографиялық әдіс

/

реодентографиялық әдіс

/

эхоостеометриялық әдіс

!

30 жастағы әйел адам төменгі оң жақ азу тісінің толассыз сыздап және кернеп ауыруына, тағам шайнатпай мазалайтынына, тағам тістеген кезде ауыру сезімінің күшеюіне шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің медиальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, тіс тұсындағы ауыспалы қатпары қызара домбыққан, сипап тексергенде ауырады. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

/

термотест

/

рентгенографиялық әдіс

/

реодентографиялық әдіс

/

биомикроскопиялық әдіс

/

полярографиялық әдіс

жастағы жігіт төменгі оңжақ кіші азу тісінің толассыз солқылдап ауыруына шағымданады. Қарап тексергенде: 45 тістің түсі өзгерген, артқы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан терең тісжегі қуысы анықталды. Қағып тексергенде қатты ауырады, тіс тұсындағы ауыспалы қатпар біраз қызарып тегістелген, сипап тексергенде ауырады.

Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысынжүргізген диагнозды нақтылауға тиімді?

/

сипап тексеру

/

сүңгілеп тексеру

/

температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

/

рентгенографиялық әдіс

/

электроодонтометриялық әдіс

!

18 жастағы жігіт төменгі сол жағындағы тұрақты солқылдатқан ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде:37 тістің түсі өзгерген, шайнау бетінде пломбылық материалдардың қалдықтары бар терең тісжегі қуысы анықталды. Қағып тексергенде ауырады. Ауызішілік рентген суретте артқы түбірұшы аймағында дөңгелек нішінді, ені4-5 мм қара көлеңкелі ошақ анықталды.

Осы сипатталған клиникалық белгілерге төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысысәйкес келеді?

/

периодонттың созылмалы гранульденіп қабынуының өршуі.

/

периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуының өршуі

/

периодонттың созылмалы фиброзды қабынуының өршуі.

/

ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

/

ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

!

39 жастағы ер адам төменгі сол жағындағы тұрақты солқылдағанауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 37 тістің түсі өзгерген, дистальды бетінде шайнау бетін ала пломбылық материалдардың қалдықтары бар терең тісжегі қуысы анықталды. Қағып тексергенде ауырады, түбір ұшы проекциясы аймағындағы қызылиекте ақшылдау түсті жыланкөзден қалған тыртық бар. Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген диагнозды нақтылауға тиімді?

/

сипап тексеру

/

сүңгілеп тексеру

/

температуралық тітіркендіргіштермен тексеру* рентгенографиялық әдіс

/

электроодонтометриялық әдіс

!

39 жастағы ер адам төменгі сол жағындағы ыңғайсыз сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 37 тістің түсі өзгерген, дистальді шайнау бетінде пломбылық материалдың қалдықтары бар терең тісжегі қуысы анықталды. Қағып тексергенде ауырмайды, түбір ұшы проекциясы аймағындағы қызылиекте жыланкөзден қалған тыртық бар. Ауыз ішілік рентген суретте алдыңғы өзек ұшы аймағында шекарасы анық және тегіс емес ені 6 мм сүйек тінінің сорылу ошағы байқалады.

Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес келеді?

/

периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы.

/

периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

/

периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

/

ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

/

ұлпаның созылмалы жай қабынуы

!

Периодонттың созылмалы қабынуын нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған тиімді?

/

электроодонтометриялық

/

рентгенографиялық

/

сүңгілеу

/

сипап тексеру

/

температуралық тітіркендіргішке жауабын анықтау

!

Төменде берілген ауыру сезімдерінің мінездемесінің қайсысы ұлпаның созылмалы шіри қабынуының клиникалық көрінісіне сәйкес келеді?

/

ітіркендіргіштерден дамитын ұзақ мерзімді ауыру сезімі

/

ыстық тамақ қабылдағанда туындайтын ауыру сезімі

/

тісін тістеген кезде туындайтын ауыру сезімі

/

үшкіл нерв бұтағы бойынша таралатын ауыру сезімі

/

түнгі уақытта күшейетін ауыру сезімі

!

Төменде берілген рентгенологиялық көріністің қайсысы периодонттың жедел қабынуының жалқықты сатысына келеді:

/

периодонт және сүйек тінінде өзгерістер жоқ

/

түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы бірқалыпты кеңейген

/

түбір ұшы аймағында сүйек тінінде шекарасы тегіс емес деструкциялану ошағы

/

түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы анық және домалақ пішінді деструкциялану ошағы

/

тіістің мойын бөлігінде периодонт саңылауы бірқалыпты кеңейген.

!

Периодонттың жедел қабынуының жалқықты сатысының клиникалық белгісіне төмендегі берілген клиникалық белгілердің біреуінен басқасының барлығы тәні:

/

өздігінен пайда болатын солқылдатқан ауыру сезімі

/

температуралық тітіркендіргіштерден ауыру сезімінің күшеюі

/

тісі «өсіп кеткен»-сияқты сезім

/

қағып тексергенде ауырады

/

жұмсақ тіндердің коллатеральді ісінуіне байланысты беттің асимметриялануы

!

Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысымен периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысын салыстырғандұрыс?:

/

периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы

/

ұлпаның жедел іріңдіқабынуы

/

ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі

/

периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

/

ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

!

Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысының субьективтік клиникалық белгісіне төменде берілген ауыру сезімдерінің біреуінен басқасының барлығы тән:

/

өздігінен пайда болатын тұрақты сыздаған ауыру сезімі

/

өздігінен пайда болатын ұстамалы солқылдатқан ауыру сезімі

/

ауыру сезімі нерв тармақтарын бойлай таралады

/

суықтан ауыру сезімі азаяды.

/

ыстықтан ауыру сезімі күшейеді.

!

Төменде берілген клиникалық белгілердің қайсысы периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысының клиникалық белгісіне тән :

/

өздігінен пайда болатын ұстамалы, ауырмайтын аралығы ұзақ ауыру сезімі

/

өздігіненпайдаболатын, тұрақтысолқылдатқанауырусезімі

/

өздігінен пайда болған ұстамалы,ауырмайтын аралығы қысқа ауыру сезімі

/

суықтан ауыру сезімі саябырлайды

/

ыстықтанауырусезімікүшейеді

!

Периодонттың созылмалы қабынуының өршуінің клиникалық белгілері төменде берілген клиникалық белгілердің біреуінен басқасының барлығын қамтиды:

/

өздігіненпайдаболатын, температуралықтітіркендіргіштерденкүшейетін ауыру сезімі

/

түбірұшы аймағындағы периодонтта рентгенологиялық өзгерістер анықталады

/

ұлпаның электрқозғыштығы 100мка-ден жоғары

/

тістің түбір ұшы проекциясында қызылиекте қызару және домбығу белгілері

/

тісті қағып тексергенде ауырады

!

Төменде берілген клиникалық симптомдардың қайсысы периодонттың жедел қабынуының жалкыкты сатысына сәйкес келмейді?

/

өздігінен пайда болатын тұрақты қатты кернеген, сыздаған ауыру сезімі

/

тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндердің коллатеральды домбығуы

/

тістің «өсіп кеткені» сияқты белгі

/

ЭОД - 40-50 мка

/

тісті қағып тексергенде қатты ауырады

!

Төменде берілген клиникалық белгілердің қайсысы периодонттың созылмалы қабынуының өршуіне сәйкес келмейді?

/

өздігінен пайда болатын, толассыз қатты солқылдаған немесе сыздаған ауыру сезімі

/

түбірұшы периодонты төңірегіндегі сүйек тіндерінде сорылу үрдісінің орын алуы.

/

тістің ЭҚ-ғы 60 мка

/

түбірұшы проекциясы аймағында қызылиекте қызара-домбығудың орын алуы.

/

тісті қағып тексергенде ауыру сезімі күшейеді

!

Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуының өршуі мен ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуінің сараптамалы диагностикасын жүргізу ушін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

/

электроодонтометриялық әдіс

/

эхоостеометриялық әдіс

/

рентгенографиялық әдіс

/

полярографиялық әдіс

/

стоматоскопиялық әдіс

!

51 жастағы ер адамның 47 тісінде «периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы» деген диагноз қоылып, эндодонттық емдеу шаралары жүргізілді. Тістің алдыңғы екі өзегін толық өтуге мүмкіндік болмады. Периодонттағы қабыну ошағының кері дамуын қамтамасыз үшін төменде берілген физиотерапиялық емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

/

лазерэлектрофорездеу ;

/

депофорездеу ;

/

ультрадыбыспен емдеу

/

электрофорездеу ;

/

ультракүлгін сәулемен өңдеу

!

Жасы 25- тегі жігіттің 17 тісінде периодонттың созылмалы қабынуының өршуі деген диагноз қойылды.Эндодонттық емдеу шаралары жүргізілгеннен кейін қосымша УЖЖ айнымалы токпен (СВЧ) емдеу курсы тағайындалды. Төменде берілген емдеу сеанстарының қаншасын жүргізген тиімді?:

/

1 сеанс ;

/
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67


написать администратору сайта