проб каз стом. Девитальді экстирпациялау дісі
Скачать 0.63 Mb.
|
көп түрлі жалқықты қызарма ! Ауыз ішіне жаралы бөрткендер шыққанына шағымданып келген әйелдің ауыз ішіндегі жарақат ошағынан алған жағынды- таңбада Тцанк жасушалары анықталған. Бұл жасушалар төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы кезінде НЕҒҰРЛЫМ орын алады? / қызыл жалпақ теміреткі / туберкулез жегісі / созылмалы қайталамалы герпес / екіншілік розеолалы мерез / тұрпайы күлбіреуікше ! Қызыл жалпақ теміреткінің сирек кездесетін түрінде жарақат ошағы жоғарғы ерін кілегей қабығында және оған жақын қызылиекте орналасады. Ерін кілегей қабығында (орталық бөлігінде) іркіле қызарған симметриялы ошақтар байқалады, жабынды эпителий күнгірттеніп, ақшыл-сұр қақ түрінде байқалады, бірақ қырған кезде алынбайды. Сипатталған көрініс аурудың қай түрінде НЕҒҰРЛЫМ байқалады?. / әдетті түрі / гиперкератозды / буллезді / атипиялық. / эрозиялы –жаралы ! Қызыл жалпақ теміреткінің жалқықтана- қызарған түрін төмендеберілген болжамды диагноздардың қайсысынан ажыратқан НЕҒҰРЛЫМ тиімді? / жазық лейкоплакия / күлбіреуікше / жедел жалған жарғақты кандидоз / ауыздың аллергиялық катаральды қабынуы / ауыздың жедел герпестік қабынуы ! Жасы 55 -тегі әйел адам дәрігер- стоматологқа таңдайында томпиған құрылым пайда болып, ыңғайсыздық туғызғанына шағымданып келді. Өзі гипертония ауруымен ауырады. Қарап тексергенде : қатты таңдайында орта сызыққа жақын жарты шарға ұқсас ені 1.2 см қанды сұйықтыққа толы күлбіреуік бөрткен анықталды. Мақта анжымен сипап байқағанда оңай жарылып, біраз мөлшерде қою қан бөлінді және орнында эрозиялы ошақ пайда болды. Төмендегі болжамды диагноздардың қайсысына сипатталған клиникалық көрініс НЕҒҰРЛЫМ сәйкес? / ауыздың дәріден қабынуы, күлбіреуікті түрі / ыстықтан болған күйік, екінші дәрежесі / күлбіреуікті -қантамыр синдромы. / буллезді пемфигоид / тұрпайы күлбіреуікше ! 42 жастағы ер адам,мамандығы- геолог, дәрігер-стоматологқа төменгі ерін жиегінің түлейтініне және кызып-күйіп құрғайтынына шағымданады. Жақында ұзаққа созылған іс сапардан келген. Қарап тексергенде: төменгі ернінің жиегі қою-қызыл түстенген және аздап домбыққан, құрғақ ұсақ қабыршақтармен жабылған. Сипатталған клиникалық көрініс төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ тән? / еріннің экземалықабынуы / еріннің ауа райы әсерінен қабынуы / еріннің жапырақтана қабынуы, / еріннің гландулярлы қабынуы / еріннің жанаспалы аллергиялық қабынуы ! Жасы 20-дағы қызбала төменгі ернінің сыздап және ысып-күйіп ауыратынына, еріндерін бір-біріне жақындатқанда ауыру сезімінің күшейе түсетініне шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі ерін жиегі қызарып домбыққан, бетінде екі езуге созыла жақындаған сары-қоңырлау түсті қалың қабықша салбырай орналасқан. Ерін терісі өзгеріске ұшырай қоймаған. Қабықшаның кішкене бөлігін жақпамаймен жұмсартып алған кезде, астында ашық-қызыл түсті эпителий қабатының бүтіндігі бұзылмаған ошақ анықталды. Сипатталған клиникалық көрініс төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес? / еріннің атопиялық қабынуы / еріннің экземалы қабынуы / еріннің грандулярлы қабынуы / еріннің аллергиялық қабынуы / еріннің жапырақтанып қабынуы, жалқықты түрі ! Жасы 22-дегі жігіт ауыз ішін сауықтыру үшін келген және төменгі ернінің жиі құрғайтынына шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі ерін жиегі құрғақ, ұсақ қабыршақтармен жабылған. Кілегей қабығында Клейн белдеуіне жақын аймақта ұсақ сілекей бездерінің кеңейген ауыздары байқалады және біраз күтіп байқаса сілекей тамшылары бөлініп, жапырақтар бетінде ерігентаңғы шық тамшыларын еске түсіреді( симптом утренной росы). Сипатталған клиника төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес? / еріннің экземалы қабынуы / еріннің атопиялық қабынуы / еріннің жапырақтанып қабынуы / еріннің гландулярлы қабынуы / еріннің жанаспалы аллергиялық қабынуы ! Еріннің абразивті обыралды қабынуына (Манганотти хейлиті)төменде берілген бөрткендердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тән? / эрозия / тілік / түйіншек / қабыршақ / жара ! Жасы 48-дегі ер адам дәрігер-стоматологқа төменгі ернінде белгісіз құрылымның пайда болғанына шағымданып келді. Қарап тексергенде: төменгі ерін жиегінің оң жақ бөлігінде диаметрі 1см жарты шарға ұқсас бозғыл-қызғылт түсті, беті сүйел бетіне ұқсас ұсақ өсіктермен жабылған жаңа құрылым анықталды. Консистенциясы сәл тығыздау, төңірегіндегі тіндерден біраз көтеріңкі орналасқан,сипап тексергенде ауырмайды. Аймақтық лимфа түйіндері өзгеріссіз. Сипатталған клиникалық көрініс төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес? / папилома / терімүйіз / кератоаканома / сүйелге ұқсас обыралды ісік / еріннің обыралды шектеулі гиперкератозы ! 69 жастағы ер адам төменгі ерніндегі ұзақ уақыттан бері жазылмаған, беті тырысып, ауық-ауық қанап мазалайтын жараға шағымдана келді. Ертеректе осындай жара төменгі ернінің оңжақ бөлігінде пайда болып, ұзақ уақыттан кейін жазылған. Қарап тексергенде:төменгі ернінің жиегі жұқарған және аздап құрғаған, сол жақ бөлігінде ашық қызыл түсті, сопақ пішінді, аумағы 1,2х 0,9 см эрозиялы ошақ анықталды. Сипап тексергенде аздап ауырады, эрозияның негізі жұмсақ, бетін мақта анжымен сүрткен кезде қанайды. Сипатталған клиникалық көрініс төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес? / еріннің актиндік қабынуы / лейкоплакия, эрозиялы-жаралы түрі / ошақты қызыл жегін, эрозиялы-жаралы түрі / еріннің абразивті преканцерозды қабынуы-Манганотти хейлиті / қызыл жалпақ теміреткі, эрозиялы-жаралы түрі ! 39 жастағы ер адам қызылиегінің қанауына, тағам шайнағанда ауыратынына, дене температурасының 380С дейін жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде:жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде аздап ауырады. Ауыз ішінде қызылиек бүртіктері біраз тістер аймағында ұлғайған және жартылай өліеттенуге ұшыраған. Сүңгілеп байқаса қанайды, және қан біразға дейін тоқтамайды. Өлеттенген тіндер ретромолярлық аймақта және бадамша бездерде де байқалады. Ауыз кілегей қабығы бозғылттанған, қатты таңдайда нүктелі қан құйылу ошақтары анықталады. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді? / ПЦР диагностика / қанның жалпы құрамын талдау / иммунды ферментті анализ / цитологиялық әдіс / бактериологиялық әдіс ! 52-дегі әйел ауыз ішіндегі ауыру сезіміне, терілеріне сулы бөрткендер шығып жарылатынына, жалпылай әлсізденуіне,асқа тәбетінің төмендегеніне шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы екі жақ ауыспалы қатпарында үлкен көлемді эрозиялы ошақтар анықталады, жиектерінде эпителий үзіктері сақталған. Жауырын мен бел терілерінде де бозғылт түсті жалқыққа жартылай толған әлі жарылмаған күлбіреуік бөрткендер анықталды. Күлбіреуіқтерден біраз қашықтықта орналасқан теріні үйкеп байқаса, жаңа күлбіреуік пайда болады. Сипатталған клиникалық қөрініс төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес? / буллезді пемфигоид / Лайелл ауруы / тұрпайы күлбіреуікше / қызыл жегі, эрозиялы-жаралы тұрі / қызыл жалпақ теміреткі, буллезді түрі ! Дәрігер-стоматологқа көрінуге келген 46 жастағы әйел ауыз ішінің құрғауына, кейде ысып-күйіп мазалайтынына, тілінің көлемінің ұлғайып, үсті қалың қақпен жабылғанына, тілінің де қызып мазалайтынына, тек ас қабылдаған кезде ғана бұл сезімдердің аздап саябырлайтынына шағымданады. Он жылдан бері қант диабетімен ауырады, диспансерлік бақылауда тұрады. Кейде қандағы глюкоза деңгейі жоғарылап кететін кездер де болады. Қарап тексергенде: екі езуінде беттері сұр түсті қабыршақтармен жабылған жұқа тіліктер бар, ауыз кілегей қабығы құрғақ, ұрттардың кілегей қабығы ашық-қызыл түстенген, тілдің үстінің 2/3бөлігі сұр-қоңыр түсті оңайлықпен алынбайтын тоғаға ұқсас қақпен жабылған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың айына сәйкес? / лейкоплакия, веррукозды түрі / қызыл жалпақ теміреткі / созылмалы гиперпластикалық ауыз кандидозы / қызыл жегі / лейкоплакия, жазық түрі ! Жасы 52-дегі әйел екі ұрттының ас қабылдағанда ашып ауыратынына, ащы, қышқыл тағамдар қабылдау қиындағанына шағымданады. Ауыру сезімі 2-3 айдан бері мазалайды. Қарап тексергенде: екі ұртының артқы бөліктерінде 36,37,46,47,тістер деңгейінде әртүрлі көлемді эрозиялы ошақтар анықталады, беттері ақшыл-сарылау түсті фибринді қақпен жабылған, оңайлықпен алынбайды, беті ашылған кезде эрозиялы ошақ қатты қанайды. Эрозиялар аралықтарында және төңіректерінде диаметрі 2-3мм түйіншектер (папулалар) топтаса өрнек құрай орналасқан. Сипатталған клиникалық көрініс төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес? / лейкоплакия, эрозиялы-жаралы түрі / дискоидты қызыл жегі / буллезді пемфигоид / қызыл жалпақ теміреткі, эрозиялы-жаралы түрі / ауыздың аллергиялық қабынуы ! Дәрігер-стоматологқа көрінуге келгенжасы 65-тегі ер адам аузының жиі құрғауына шағымданады. Аасқазанының 3/2 бөлігі резекцияланған. Дәрі-дәрмекті сирек қабылдайды. Қарап тексергенде: ауыз іші күтімі нашар, кілегей қабығы бозғылттанған. Тілдің көлемі біраз ұлғайған, үстіндегі бүртіктері тегістеліп, жылтырланган, жабынды эпителий қабаты қатты жұқарған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагпоздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес? / глоссалгия / тілдің түлей қабынуы / тілдің атрофиялана қабынуы / Гунтер-Меллер глосситі / тілдің аллергиялық қабынуы ! Жасы 63-тегі ер адам тілінің құрғауына, ысып-күйіп мазалайтынына шағымданады. Жарты жыл бұрын асқазанның 2/ 3 бөлігі қатерлі ісікәсерінен резекцияланған. Дәрі-дәрмекті сирек қабылдайды. Қарап тексергенде: ауыз іші күтімі нашар, кілегей қабығы бозғылттанған. Тілдің көлемі біраз ұлғайған, үстіндегі бүртіктері тегістеліп, жылтырланған және ашық-қызыл түстенген, жабынды эпителий қабаты жұқарған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ тән? / Бери-Бери ауруы / Лайелл ауруы / Стивенс-Джонсон синдромы / Левер пемфигоиды / Адиссон-Бирмер ауруы ! Дәрігер-стоматологқа көрінуге келгенжасы 29-дағы ер адам ауыз ішіне бөрткендер шығып, қатты ауыратындықтан аузын ашып сөйлеу, ас қабылдау қиындағанына шағымданады. Дене қызуы біраз көтеріліп, сүйегі сырқырай бастаған. Бөрткендер шығардан бірнеше күн бұрын тамағы ауырып, антибиотик қабылдаған. Қарап тексергенде: екі ұртының, тілдің астыңғы бетінің, ауыз түбінің кілегей қабығы қатты қызарған, әртүрлі көлемді эрозиялы ошақтар бар, беттері күшпен алынатын ақ-сары түсті қақпен жабылған. Еріндер жиегі қызара домбыққан, сарысулы–қанды қабықшалармен жабылған.Сипатталған белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес? / белдеме теміреткі / тұрпайы күлбіреуікше / көп түрлі жалқықты қызарма, токсико-аллергиялық түрі / ауыздың жедел герпестік қабынуы / дискоидты қызыл жегі, эрозиялы жаралы түрі ! Жасы 48-гі әйел ауыз ішіне ауыратын бөрткендер шығып, сөйлеу және ас қабылдау қиындығына шағымданады. Қарап тексергенде: екі ұрттың кілегей қабығында, ауыз табанында үлкен көлемді эрозиялы ошақтар анықталады. Беттері жалаңаш, төңіректерінде эпителий үзіктері сақталған, бірақ тіндердің қалыпты түсі сақталған. Никольский симптомы оң. Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы неғұрлым сәйкес келеді? / қызыл жалпақ теміреткі,буллезді түрі / тұрпайы күлбіреуікше / ошақты қызыл жегі, эрозиялы жаралы түрі / терінің герпеске ұқсас қабынуы (дюринг дерматиті) / буллезді пемфигоид ! Жасы 40-ғы әйел аузының ішіне бөрткендер шығып, ашып ауыратындығына, сөйлеудің және ас қабылдаудың қиындағанына, көп сілекей бөлінетініне шағымданады. Аузына бөрткендер шыққалы екі жетідей болған.Қарап тексергенде: екі ұртында және ауыз табанында шикі ет түстес жалаң эрозиялы ошақтар анықталады, төңірегінде эпителий үзіктері сақталған. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген сынамалардың қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді? / Никольский сынамасы / Бабинский сынамасы / Куперман сынамасы / Поспелов сынамасы / Ясиновский сыпамасы Тесты для ИГА по ортопедической стоматологии ! Көпір тәрізді протездің аралық бөлігіне қойылатын талаптар: / шайнау бетінің ені тіректі сауыттың шайнау бетінің енінен қысқа / сауыт ені аралық бөлікке тең / сауыт аралық бөлікке тең / техниктің біліктілігіне байланысты / ені маңызды емес ! Тістемнің патологиялық түрлерін көрсетіңіз: A) ортогнатикалық, B) ортогнатикалық, прогнатикалық; C) бипрогнатия, прогнатия D) терең, ашық, қиылысқан E) прогения, прогнатия / D, E / A, B / A / B,D / E, C ! Жоғарғы күрек тістермен төменгі тістер бір-бірімен түйіспеген тістем түрі қалай аталады? / ашық тістем / прогнатикалық тістем / прогениялық тістем / ортогнатикалық тістем / терең тістем ! Төменгі тістер жоғарғы тістерді жауып тұрған тістем түрі қалай аталады? / прогениялық / прогнатикалық / ортогнатикалық / ашық тістем / тік тістем ! Тіс қатары окклюзиясының қандай түрлері бар? / орталық, алдыңғы, артқы, бүйір жақты / орталық, сол жақ және оң жақ трансверзальді / орталық, үйреншікті, жарақаттық / орталық, трансверзальді, сагитальді / орталық, айқас, сагитальді ! Окклюзияға анықтама беріңіз: / тіс қатарларының белгілі бір уақытта өзара түйісуі / тыныштық күйдегі тістердің түйісуі / тістердің, тұрақты түрде түйісуі / тістердің орналасуы және жылжуы / тістердің сагитальді окклюзияда түйісуі ! Артикуляцияға анықтама беріңіз: / төменгі жақ сүйектің шайнау бұлшықет көмегімен жан-жақты жасайтын қозғалысы мен күй-жағдайы / төменгі жақ сүйектің кез-келген жағдайда орналасуы / шайнау барысындағы төменгі жақтың кез-келген жағдайда орналасуы / буын бетінің орналасуы / шайнау, сөйлеу және ән айту барысындағы төменгі жақтың кез-келген жағдайда орналасуы ! Ортогнатикалық тістем кезінде жоғарғы бірінші үлкен азу тістің алдыңғы ұрт төмпешігі қайда орналасқан? / төменгі бірінші үлкен азу тістің ұрт төмпешіктерінің арасында / төменгі бірінші және екінші үлкен азу тістердің арасында / төменгі бірінші үлкен азу тіспен екінші кіші азу тістің арасындағы ойықта / төменгі бірінші үлкен азу тістің таңдай төмпешіктерінің арасында / төменгі екінші үлкен азу тістің таңдай төмпешіктерінің арасында ! Орталық окклюзия күйінде тістер қалай түйіседі? / бір уақытта, біртегіс, өзара тығыз / Алдымен алдыңғы тістер, содан соң бүйір тістер / алдымен шайнау тістер, содан соң алдыңғы тістер / жоғарғы тістер төменгі тістерді жауып тұрады / біртегіс ! Шайнағанда және сөйлегенде буын бастары қалай қозғалады? / алға, артқа, ішке, сыртқа, айнала / алға, төмен, ішке қарай / алға, төмен, айнала / алға-артқа, төмен-жоғары, ішке / алға, төмен, артқа ! Ортопедиялық стоматологияда пальпация қандай жағдайда қолданылады? / альвеола өсіндісінің бедерін, шырышты қабықтың батымдылығын, шықшыт буын басының жағдайын анықтау үшін / периодонттың күйін, тістердің қозғалғыштығын анықтау үшін |