Главная страница

проб каз стом. Девитальді экстирпациялау дісі


Скачать 0.63 Mb.
НазваниеДевитальді экстирпациялау дісі
Дата12.09.2020
Размер0.63 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлапроб каз стом.docx
ТипДокументы
#137680
страница16 из 67
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67

/

норсульфазол, ретинолацетат

/

метронидазол, супрастин

/

тавегил, канестен

/

токоферол ацетат, флюконазол

/

трипсин, ибупрофен

!

Cтоматологтың қабылдауына келген жасы 26 –дағы әйел қызылиегінің қатты сыздап және кернеп ауыратынына, тісін тазалағанда және тағам қабылдағанда қанайтынына шағымданады. Созылмалы гастроэнтероколитпен ауырады. Қарап тексергенде: қызылиегі көкшілдеу тартқан, кейбір аймақтары қатты қызарып домбыққан, пародонтальдық қалталар анықталмайды. Ортапантомограммада альвела өсіндісісүйек тінінде өзгеріс байқалмайды. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

/

қызылиектің жаралы қабынуы

/

қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

/

қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

/

қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

/

қызылиектің жедел катаральды қабынуы

!

Стоматологқа қөрінуге келген жасы 27–дегі әйел қызылиегінің жиі-жиі тістерін тазалаған кезде қанайтынына шағымданады. Созылмалы гастроэнтероколитпен ауырады. Қарап тексергенде: жоғарғы алдыңғы тістер аймағындағы қызылиек жиегі және бүртіктері іркілген көкшіл – қызыл түсті. Жұмсақ тіс шөгінділері байқалады. Сүңгімен тексергенде тіс-қызылиек бекімі бұзылмаған. Рентген суретте альвеола өсіндісінің сүйек тінінде өзгеріс байқалмайды. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

/

қызылиектің жаралана қабынуы

/

қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

/

қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

/

қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

/

қызылиектің жедел катаральды қабынуы

!

Дәрігер-стоматологтың қабылдауына келгенжасы 56-ғы әйел тістерінің арасының ашылғанына , тістерінің қозғалмалылығына, қызылиектерін сипап байқағанда ірің бөлінетініне, қызылиегінің қанағыштығына, қызылиектеріндегі ыңғайсыздық сезімдерге шағымданады. Қарап тексергенде: өте көп мөлшердегі тіс шөгінділері бар, екі жақ қызылиектері көкшіл – қызыл түсті, сүңгілеп тексергенде тез қанайды, біраз тістері II-IIIдәрежелі қозғалмалы, төңіректеріндегі пародонт қалталарының тереңдігі 5-6 мм, кейбір тістердің түбірлері 3/1-2/1 бөлігіне дейін ашылған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

/

пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, ауыр дәрежесінің өршуі

/

пародонттың созылмалы жайыла қабынуының жеңіл дәрежесінің өршуі

/

қызылиектің өсе қабынуының домбыққан түрінің өршуі

/

қызылиектің созылмалы өсе қабынуы, фиброзды түрі

/

пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, орта дәрежесі

!

Жасы 9-дағы ер баланың қызылиектері қабынған, түспеген сүт тістері және шыққан тұрақты тістері қозғалмалы, төңірегінде пародонтальдық қалталар бар. Патоморфологиялық көрінісі: ретикулярлық жасушалар, эозинофильдердің шоғырлануы, лимфомакрофогальды инфильтраттар орын алады. Сипатталған клиникалық және патоморфологиялық көріністер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

/

қызылиек фиброматозы

/

пародонттың лизистік ауруы

/

эозинофильді гранулема ( Таратынов ауруы)

/

пародонттың қабынуы, жеңіл дәрежесі

/

пародонтоз, жеңіл дәрежесі

!

Ауру көбінесе балаларда кездеседі, даму шыңы кезінде қалтырау, дене қызуының көтерілуі, тері түсінің бозғылттануы, асқа тәбеттің болмауы, арықтау, ал ауыз ішінде сүйек тінінің үдемелі ыдырауымен дамитын пародонттың жайыла қабынуы орын алады. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

/

пародонттың шектеле қабынуы, жеңіл дәрежесі

/

қызыл иектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

/

Леттерер-Зиве синдромы

/

қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

/

пародонттың шектеле қабынуы, орта дәрежесі

!

Ауру балаларда кездеседі және ретикулогистиоцитоздар қатарына жатады. Қантсыз диабет белгілерімен, экзофтальм белгілерімен, дамудың тежелуімен, сүйектерде ісікке ұқсас құрылымдардың пайда болуымен сипатталады. Ауыз ішінде пародонттың үдемелі және жайыла қабыну белгілері көрініс береді. Альвеола өсінідісінің сүйек тінінде әртүрлі дәрежеде бұзылыстар орын алады. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

/

пародонттың созылмалы қабынуы, орта дәрежесі

/

пародонттың созылмалы қабынуы, жеңіл дәрежесі

/

қызылиектің созылмалы катаралmды қабынуы

/

Хенд-Шюллер-Крисчен синдромыі

/

қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түрі

!

Төменде берілген тіндердің қайсысы «пародонт» кешенінің құрамына кірмейді?

/

қызылиек

/

периодонт

/

альвеола өсіндісі

/

түбір цементі

/

таңдай кілегейлі қабығы

!

Жасы 17-дегі қыз бала тұмаумен ауырып, сауыға бастаған кезде стоматологқа қызылиегінің қатты сыздап және солқылдап ауыратынына, тістерін тазалағанда және тағам қабылдағанда қанайтынына, басының ауыратынына, әлсіздікке шағымдана келді. Қарап тексергенде: қызылиек жиектері мен бүртіктері алқызыл түсті, қатты домбыққан, сүңгі тиіп кетсе қанайды және ауырады. Тіс-қызылиек бекімі бұзылмаған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

/

пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесінің өршуі

/

пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, орта дәрежесінің өршуі

/

қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

/

қызылиектің жедел катаральды қабынуы

/

қызылиектің созылмалы өсе қабынуы

!

Аутосомды-рецессивті типті тұқым қуалайтын ауру, табан және алақан жабынды эпителийінің гиперкератоздануымен және толассыз түлеуімен сипатталатын ауру. Альвеола өсіндісінде үдемелі және белсенді ыдырау үрдісі орын алады және тістер толық түскеннен кейін тежеледі. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

/

пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі

/

пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, орта дәрежесі

/

жеңіл дәрежелі пародонтоз, жеңіл дәрежесі

/

қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

/

Папийон-Лефевр синдромы

!

Стоматологқа көрінуге келген жасы 19-дағы жігіт қызылиегінің қатты ауырып, тағам шайнатпайтынына шағымданады. Қызылиегі ауырардың алдында дене қызуы 370С дейін көтеріліп барып басылған. Ауырғалы 3 күн болған. Қарап тексергенде: өңі бозарған, дене қызуы қалыпты, жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап байқаса ауырады, қозғалмалы. 48, 47, 46, 42, 41, 36, 37, 38 тістер аймағындағы қызылиек жиектері мен бүртіктері кір сұр түсті, өлі-етті қақпен жабылған. Ауыз іші сауықтырылмаған. Тістер бетінде көп мөлшерде жұмсақ қақтар бар.

Сипатталған клиникалық белгілерге төменде берілгенболжамды диагноздардың қайсысы cайкес?

/

қызылиектің жедел катаральды қабынуы

/

қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

/

пародонттың шектелген қабынуы

/

қызылиектің жедел жаралы қабынуы

/

қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түрі

!

Жасы 19-дағы бойжеткен қызылиегінің ауыратынына, тістерін тазалағанда қатты қанайтынына, ауызынан ұнамсыз иіс шығатынына шағымданады. Созылмалы асқазан қабынуымен ауырады. Қарап тексергенде: қызылиек жиектері және бүртіктері көкшіл-қызыл түсті, біраз домбықан. консистенциясы борпылдақ, 11,12, 15, 16, 21, 22, 25, 26, тістер аймағында қызылиек бүртіктері қою - қызыл түстеніп доғалданған, сүңгілеп тексергенде қатты қанайды. Көп мөлшерде қызылиек асты тіс шөгінділері анықталады, тіс-қызылиек бекімі бұзылмаған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамлы диагноздардың қайсысына сәйкес?

/

қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

/

қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

/

қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түрі

/

қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

/

қызылиектің жаралана қабынуы

!

28жастағы әйел қызылиегінің пішінінің өзгеріп, ыңғайсыздық туындатқанына, тісін тазалағанда және ас қабылдағанда қанайтынына шағымданады. Жүктілігіне 20 апта болған. Ішкі ағзалар аурулары жоқ. Қарап тексергенде:жоғарғы алдыңғы тістер тұсындағы қызылиек жиегі қалыңдап, бүртіктерінің көлемдері ұлғайған, тістер сауытының 3/1 бөлігіне дейін жауып тұр, түстері қызыл-қошқылданған, беттері жылтыр, жеңіл қанайды. Көп мөлшерді тіс шөгінділер бар.

Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

/

қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

/

қызылиектің жедел катаральды қабынуы

/

қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

/

қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

/

қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түрі

!

Стоматологқа қызылиегінің қанағыштығына шағымдана келген 32 жасар әйелдің ауыз ішін қарап тексергенде: қызылиек бүртіктерінің пішіндері қызара-домбығуы нәтижесінде бұзылған. Рентген суретте терең пародонтальдық және сүйек қалталары бар, сақталған сүйек тінінде жайылған кеуектену үрдісі анықталады. Төменде берілген аурулардың қайсысы кезінде сипатталған клиникалық белгілер рын алады?

/

қызылиектің катаральды қабынуы

/

пародонтоз, орта дәрежесі

/

пародонттың қабынуы, ауыр дәрежесі

/

қызылиектің жаралы қабынуы

/

пародонттың қабынуы, жеңіл дәрежес

!

Парадонт сырқатыбар науқастың шағымы: 44 45 46 тістерінің тұсындағы қызылиегінің қатты солқылдап, кернеп аруы. Сонымен қатар басы ауырады. Қарап тексергенде: тексерілген тістердің сауыттары бұзылмаған, бірақ төңіректерінде тереңдігі 6-7мм пародонтальдық қалталар бар,осы аймақтағы қызылиек қатты қызарып домбыққан, 45 және 46 тістер аралығындағы қызылиекте ені 1,5см жарты шарға ұқсас қызыл-қошқыл түсті құрылым анықталады, сипап тексергенде қатты ауырады, орта бөлігі жұмсақтау «былқылдаған» симптом (симптом флюктуации) айқындалады. Сипатталған клиникалық көрініс төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

/

периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

/

пародонтальдық абсцесс

/

пародонттың шектелген жедел қабынуы

/

қызылиектің жаралы қабынуы

/

пародонттың қабынуы, ауыр дәрежесі.

!

Жасы 56 дағы ер адам стоматологқа пародонтының жағдайы туралы кеңес алуға келген. Қарап тексергенде: екі жақ қызылиектері бозғыл-қызғылттау түсті,көптеген тістер түбірлері бірдей деңгейде ашылған, аздаған тіс шөгінділері анықталады. Жоғарғы жақ сүйір тістерден бастап екінші үлкен азу тістерге дейін мойын бөліктерінде сынаға ұқсас ақаулар бар. Анықталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

/

қызылиектің катаральды қабынуы;

/

қызылиектің өсе қабынуы;

/

қызылиектің жаралы қабынуы;

/

пародонттың қабынуы;

/

пародонтоз.

!

Базальды және тікенекті қабат жасушаларыныңшамадан тыс пролиферациялануыны нәтижесінде эпителий қабаты қалыңдаған. Ұзарған эпителий бүртіктеріастындағы дәнекертінге ене өскен. Бұл патогистологиялық үрдіс төменде берілгенпатогистологиялық өзгерістердің қайсысына тән?

/

cпонгиоздану

/

паракератоз

/

гиперкератоз

/

акантоздану КЕРЕК

/

баллонды дистрофиялану

!

Дәнекер тіннің құрылымдық бірліктері:

/

талшықтар, жасушалық элементтер

/

жасушалық элементтер, негізгі зат, лимфа тамырлары

/

негізгі зат, қантамырлары

/

жасушалық элементтер, негізгі зат, қантамырлар, нерв талшықтары

/

коллаген талшықтары, жасушалық құрылымдар, негізгі зат, қантамырлар, нервтік құрылымдар

!

.Төменде берілгендердің қайсысы ауыз іші кілегей қабығының қозғалмайтын аймағының құрылымдарына жатады?

/

көпқабатты жазық эпителий, базальды жарғақ

/

көпқабатты эпителий,тікенекті қабат

/

жабынды эпителий,мүйізгектенген қабат

/

эпителий қабаты, базальды жарғақ, нағыз кілегей қабық қабаты

/

жабынды эпителий, кілегей қабықасты қабаты

!

Дәрігер-стоматологқа көрінуге келген жоғарғы жағында алмалы протезі бар 56 жастағы ер адамға ауыспалы қатпарда «декубитальды жара» диагнозы қойылды. Дәрігер-стоматологтың негізгі тактикасы:

/

жараны сипап тексеру

/

жараны күйдіру

/

антисептиктермен өңдеу

/

кератопластиктермен өңдеу

/

онкологтың консультациясына жолдама беру

!

Ауыздың дәріден буллезді қабынуын нақтылайтын анамнездік мәлімет:

/

продромальдық белгілерінің болмауы

/

буллезді бөрткендердің дәрілік заттар қабылдағаннан кейін орын алуы

/

гиперемиялану және домбығу үрдістерінің болмауы

/

теріүстілік сынаманың теріс болуы

/

бөрткендердің суықтигеннен кейін пайда болуы

!

50 жастағы ер адам аузының сол жақезу аймағының кілегей қабығының кедір-бұдырлығына және тырысатын сияқты сезімдерге шағымданады.Қарап тексергенде: солжақ ұртының кіілегей қабығында езуіне жақын аймақта аумағы 1,5 х 2,5см белгілі бір пішінсіз ақ-сұр түсті ошақ анықталды,консисистенциясыжұмсақ,сипап байқағандаауырмайды.Бетін қырып байқағанда алынбайды, аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймаған.Сипатталған клиникалық белгілертөменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкескеледі?.

/

қызыл жалпақ теміреткі, әдетті түрі

/

лейкоплакия, жазық түрі.

/

қызыл жегі, әдетті түрі

/

созылмалы гиперпластикалық ауыз кандидозы.

/

лейкоплакия, веррукозды түрі

!

Төменде берілген аурулардың қайсысына жарақат ошақтарының немесе морфологиялық элементтерінің ауыздың алдыңғы бөлігінде орналасуы тән?:

/

ауыз кандидозы

/

лейкоплакия

/

қызыл жалпақ теміреткі

/

ауызздың жедел герпестік қабынуы

/

ауыздың өліеттеніп-жаралана қабынуы

!

Төменде берілгенауру түрлерінің қайсысы лейкоплакияның түрлеріне жатпайды?:

/

жұмсақ

/

жазық

/

веррукозды

/

атрофиялаушы

/

эрозиялы-жаралы

!

Жасы 50-дегі ер адам төменгі ернінің кілегей қабығының екі езуге жақын аймағының тырысып, құрғап мазалайтынына, кедір-бұдырлық сезетініне шағымданады. 20жыл шамасында шылым шегеді және өте жиі шегеді. Қарап тексергенде: екі езуге жақын орналасқан кілегейлі қабық күңгірттеніп, ақшыл-сұр түстенген. Жарақат ошақтарының пішіндері үшбұрышқа ұқсас, айқын шекарасыз, беттері жазық және тегіс, консистенциясы жұмсақтау. Қырып байқағанда беті алынбайды. Аймақтық лимфа түйіндері өзгеріске ұшырамаған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

/

ауыздың созылмалы гиперпластикалық кандидозы КЕРЕК

/

лейкоплакия,жазық түрі

/

қызыл жалпақ теміреткі, әдетті түрі

/

қызыл жегі, әдетті түрі

/

Боуэн ауруы

!

Төменде берілген аурулардың қайсысына ұрт кілегей қабығыныңезуге жақын бөлігінде жиі орын алатын кілегей қабықтың шектелген күңгірттенуі және ақшыл- түстенуі тән?:

/

екіншілік мерез

/

қызыл жалпақ теміреткі

/

жазық лейкоплакия

/

еріннің шектелген обыралды гиперкератозы

/

созылмалы гиперпластикалық кандидоз

!

56-дағы ер адам тілінің ауыратынына, қозғау қиындағанына шағымданады. Бойында созылмалы аурулары жоқ. Қарап тексергенде: ауыз іші сауықтырылмаған, 35.36 тістерінің сауыттары бұзылып, өткір қырлар пайда болған. Тілдің сол жақ бүйір бетінде осы тістерге жақын аймағында аумағы 0.5 х 0.7см дұрыс пішінсіз ойық жара анықталды,табаны тегіс емес, өліетті қақпен жабылған. Сипап байқағанда ауырады, жиегі аздап тығызданған. Төңірегіндегі тіндер іркіле-қызарған.Аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес ?

/

лейкоплакии, эрозиялы-жаралы түрі

/

милиарлы-жаралы туберкулез

/

созылмалы зақым жарасы КЕРЕК

/

трофикалық жара

/

обыр жарасы

!

23 жастағы бойжеткен ұртының кілегей қабығының кедір-бұдырлығына шағымданады,.толқығанда ұртын тістейтін әдеті бар екен. Қарап тексергенде: оңжақ ұртының кілегей қабығы тістердің түйісу деңгейі бойымен білікке ұқсап ақшыл түстенген, және қөтеріңкілеу орналасқан. Ошақ бетін қалақшамен қырғанда эпителий қабаты жұлық-жұлық болып жартылай алынады және қызыл түсті жұқа эрозиялы ошақтар беті ашылады.. Осы сипатталған қлиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67


написать администратору сайта