Главная страница

проб каз стом. Девитальді экстирпациялау дісі


Скачать 0.63 Mb.
НазваниеДевитальді экстирпациялау дісі
Дата12.09.2020
Размер0.63 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлапроб каз стом.docx
ТипДокументы
#137680
страница15 из 67
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67
шылымі шегушілер қағы

!

Төменде берілген аспаптардың қайсысы тіс шөгінділерін алу үшін қолданылмайды?

/

сүңгі

/

ілмек

/

скейлер

/

экскаватор (аршығыш)

/

кюретаждық қасықтар

!

Төменде берілген қөрсеткіштердің қайсысы пародонтальдық қалталарға жабық кюретаждау жүргізу көрсеткіші болып табылады?

/

қалта тереңдігі3, 5 мм-ге дейін

/

сүйек қалталарының болуы

/

қалтаның қызылиек қабырғасының жұқаруы

/

қалтада іріңді жалқықтың болуы

/

қалта тереңдігі 5 мм-ден терең

!

Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы пародонт тіндеріндегі құрылымдық өзгерісті бағалауға неғұрлым мүмкіндік береді:

/

цитологиялық

/

морфологиялық

/

бактериологиялық

/

иммунологиялық

/

микробиологиялық

!

17 жасар қызбала тамақ шайнағанда, тісін тазалағанда қызылиегінің қанайтынына шағымданады. Қарап тексергенде: 34 35 тістер арасындағы қызылиек бүртігі ұлғайып, тістер сауыттарын шайнау беттеріне дейін жапқан, түсі көкшілдеу-қызыл түстенген. Сипап тексергенде ауырмайды, консистенциясы жұмсақ, құрылым қозғалмалы..

Аурудың диагнозын нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізгентиімді?

/

сұрап тексеру

/

люминесценттік зерттеу

/

тістерді қағып тексеру

/

гистологиялық зерттеу КЕРЕК

/

полярографиялық әдіс

!

32 жастағы әйел адам қызылиегінің тістерін тазалағанда үнемі қанайтынына, тістерінің қозғалмалы бола бастағанына шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі жақ қызылиегі қызара домбыққан, азу тістер мен алдыңғы тістердің түбірлері жалаңаштанған. Азу тістер төңірегіндегі пародонтальдық қалталардың тереңдігі4, 5-5 мм, 31 32 41 42 тістер I- II дәрежелі қозғалмалы.

Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

/

пародонттың созылмалы қабынуы, жеңіл дәрежесі

/

пародонтоз, орта дәрежесі

/

пародонттың созылмалы қабынуы, орта дәрежесі

/

пародонттың созылмалы қабынуы, ауыр дәрежесі

/

пародонтоз, жеңіл дәрежесі

!

Жасы 49-дағы ер адам аузынан жағымсыз иістің шығатынына, тістерінің қозғалмалы болғанына, тамақ шайнауы қиындағанына шағымданады.Қарап тексергенде: қызылиекасты және қызылиекүсті тіс тастары көп мөлшерде анықталады, екі жақ қызылиегі қатты қызара-көкшілденген, жеңіл қанайды. Барлық азу тістері мен алдыңғы күрек тістердің түбірлері2/1-ден артық ұзындықтарына жалаңаштанған. Кейбір тістеріәртүрлі бағытта қисайған, II-IIIдәрежелі қозғалмалылыққа ие.Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

/

пародонттың созылмалы қабынуы, жеңіл дәрежесі КЕРЕК

/

пародонтоз, орта дәрежесі

/

пародонттың созылмалы қабынуы, орта дәрежесі

/

пародонттың созылмалы қабынуы, ауыр дәрежесі

/

пародонтоз, жеңіл дәрежесі

!

18 жастағы жігіт төменгі оңжақ кіші және үлкен азу тістері аймағында қызылиегінің өсіп кеткеніне шағымданады. Қызылиегінің өсе бастағанын осыдан екі ай бұрын байқаған. Қарап тексергенде: аталған тістер көп мөлшерде жұмсақ және қатты шөгінділермен жабылған, қызылиек бүртіктері ұлғайған, тіс сауыттарының 3/2бөліктерін жауып тұр, түстері бозғылдау-қызғылт түсті. Сипап тексергенде ауырмайды, консистенциялары тығыздау, сүңгілеп тексергенде қанағыштық анықталмайды. Тіс-қызылиек бекімінің бүтіндігі бұзылмаған. Төменде берілген емдеу жоспарларының қайсысын жүзеге асырған тиімді?

/

ауыз ішін сауықтыру, қиықтап кесу отасы

/

ауыз ішін сауықтыру, гингивотомиялау отасын жасау

/

ауыз ішін сауықтыру, гингивоэктомиялау отасын жасау

/

ауыз ішін сауықтыру, ашық кюретаждау отасын жасау

/

ауыз ішін сауықтыру, жабық кюретаждау отасын жасау

!

21 жастағы жүкті әйел қызылиегінің қанайтынына, қызылиегінің өсіп кетуіне шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі және жоғарғы жақ алдыңғы тістері тұсындағы қызылиектер жиектері қалыңдап, бүртіктері өсіп,қою-қызыл түстенген, тістер сауыттарының3/1 бөліктерін жауып жатыр. Сүңгілеп тексергенде қатты қанайды, тіс-қызылиек бекімі бұзылмаған.

Төменде берілген емдік препараттардың қайсысын жергілікті емдеу жүргізуге қолданған тиімді?

/

гепарин жақпамайы

/

эритромицин жақпамайы

/

каротолин

/

солкосерил жақпамайы

/

линкомицин жақпамайы

!

Дәрігер-стоматологқа қызылиегінің жиі қанайтынына шағымдана келген 38 жастағы әйелдің ауыз ішін қарап тексергенде анықталғаны: жоғарғы жақ қызылиегі көкшіл-қызыл түстенген, бүртіктерінің пішіндері өзгер»п, ұштары доғалданған, қонсистенциялары бос-борпылдақтау, сүңгілеп тексергенде жеңіл қанайды, тереңдігі 2,5-3 мм-дей пародонтальдық қалталар бар. Диагнозды толық нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

/

реопародонтографиялық әдіс

/

рентгенографиялық әдіс

/

қанның жалпы құрамын талдау

/

эхоостеометриялық әдіс

/

полярографиялық әдіс

!

Дәрігер-cтоматологқатістерін тазалаған кезде қызылиегінің қанайтынына және түсінің өзгергеніне шағымданып келген 19 жасар қызбалаға « қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы» деген диагноз қойылды.Төменде берілген альвеола өсінділері рентгенсуреттерінің сипаттамаларының қайсысы қызылиек қабынуы кезіндегі рентген көрініске НЕҒҰРЛЫМ сәйкес? :

/

тістераралық қалқан сүйектер ұшындағы қатты сүйек қабаты бұзылысқа ұшыраған

/

тістераралық қалқан сүйектердің 2/1 бөлігі сорылған

/

тістераралық қалқан сүйектердің 2/1-нен аз бөлігінде кеуектену және бұзылыстар орын алған

/

тістераралық қалқан сүйектер өзгеріске ұшырамаған

/

тістераралық қалқан сүйектердің 3/1 бөлігінде кеуектену және құрылымдық бұзылыстар анықталады

!

Дифенин туынды дәрілерді қабылдау төменде берілген аурулардың қайсысының туындауынаНЕҒҰРЛЫМ ықпал етеді?

/

қызылиектің өсе қабынуы

/

қызылиектің жедел катаральды қабынуы

/

қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

/

қызылиектің жаралы қабынуы

/

пародонттың жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі

!

Пародонттың қалыпты қызылиек сайындағы биологиялық құрылым:

/

серозды жалқық

/

іріңді жалқық

/

геморрагиялық жалқық

/

кілегейлі сұйықтық

/

қызылиек сұйықтығы

!

Төменде берілген клиникалық белгілердің біреуінен басқасы пародонтоздың ауыр сатысының клиникалық белгілеріне жатады:

/

тіс шөгінділерінің аз құрылуы

/

тереңдігі 6 мм пародонтальдық қалталар

/

тістердің түбірлерінің 3/2ұзындығына жалаңаштануы

/

сынаға ұқсас ақаулар

/

қызылиектің қышуы және бозғылттануы

!

Альвеола өсіндісінің сүйек тінінде өзгерістердің болмауымен, тіс-қызылиек бекімінің сақталуымен, тек қызылиектің түсінің өзгеруімен және қанағыштығымен сипатталатын патологиялық үрдіс төменде берілген аурулардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ тән?

/

пародонттың идиопатиялық ауруы

/

пародонтоз

/

қызылиектің қабынуы

/

пародонттың қабынуы

/

қызылиек фиброматозы

!

Пародонттың құрамына кіретін жұмсақ тіндердің қабына бұзылысқа, ал қатты тіндердің әртүрлі дәрежеде сорылақұрылымдық бұзылысқа ұшырауымен сипатталатын патологиялық үрдіс төменде берілген аурулардың қайсысына тән?

/

пародонтидиопатиялық аурулары

/

пародонтоз

/

қызылиек қабынуы

/

пародонттың қабынуы

/

пародонтома

!

Формалиндік сынаманы жүргізуге арналған сұйықтықтың құрамы:

/

0,25% трипан қөгінің ерітіндісі

/

формалин, глицерин, дистильденген су

/

иод, иодты калий, дистильденген су

/

2% бриллиант жасылының ерітіндісі

/

2% метилен көгінің ерітіндісі

!

23 жастағы жігіт дене қызуының 37,5оС-қа дейін көтерілуіне, жалпы әлсіздікке, қызылиегінің қатты ауыратынына, ауыру сезімінің ас қабылдағанда қүшеюіне, қатты қанағыштығына, аузынан ұнамсыз иіс шығатынына шағымданады. Ауырғалы бір жеті өткен. Қарап тексергенде: өңі бозарған, беті домбыққан, жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап байқаса ауырады және қозғалмалы. 48, 47, 46, 45, 44, 43,3435 36 37 тістер аймағындағы қызылиек қатты қызара домбыққан, жиектері мен бүртіктері кір сұр түсті өліетті қақпен жабылған, эрозиялы ошақ беттері де ашылған. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

/

рентгенографиялық әдіс

/

реопародонтографиялық әдіс

/

жабынды эпителийдің бүтіндігін анықтау

/

микроскопилық әдіс

/

полярографиялық әдіс

!

Жасы 36-дағы ер адамның жақ сүйектерінің ортопантомаграммасында тістераралық қалқан сүйектерде остеопороздану және әртүрлі дәрежеде деструкциялық үрдістер байқалады.

Рентгенологиялық сипаттама төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

/

қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

/

пародонттың созылмалы қабынуы

/

қызылиек фиброматозы

/

пародонттың идиопатиялық ауруы

/

пародонтолизистік ауру

!

Жасы 51-дегі ер адамның жақ сүйектерінің ортопантомограммасында тістері желпуішке ұқсап орындарынан ауысқан, альвеола өсінділерінің тістераралық қалқан сүйектері біркелкі емес 2/1-ден артық денгейіне дейін сорылған, түбірлер бойымен орналасқан терең сүйек қалталары бар. Альвеола өсіндісінің сақталған бөлігінде жайыла кеуектену үрдісі орын алған. Рентгенологиялық сипаттама төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

/

пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, ауыр дәрежесі

/

пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі

/

пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, орта дәрежесі

/

пародонтоз, ауыр дәрежесі

/

пародонтоз, жеңіл дәрежесі

!

Пародонт тіндері өзгеріске ұшырамаған жағдайдағы клиникалық қызылиек сайының физиологиялық тереңдігі:

/

1-2 мм

/

2,1-2,9 мм

/

3-3,5 мм

/

3,6-5 мм

/

5,1-6 мм

!

Қалыпты қызылиектің эпителий жабындысында гистамин өте аз мөлшерде орын алады. Қабыну үрдісі кезінде қызылиектің эпителий қабатында гликогеннің қорлануын қандай сынаманың көмегімен анықтаған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

/

Айнамо сынамасы

/

Ясиновский сынамасы

/

Кулаженко сынамасы

/

Шиллер-Писарев сынамасы

/

Кавецкий сынамасы

!

Пародонт тіндері арқылы жоғары жиілікті айнымалы электр тогы өткенде олардың кешенді электр қарсыластығының өзгерісін графикалық түрде тіркеу негізінде қантамырларының жағдайын анықтайтын әдіс:

/

реопародонтографиялық әдіс

/

термометриялық әдіс

/

стоматоскопиялық әдіс

/

биомикроскопиялық әдіс

!

Төменде берілген клиникалық белгілердің қайсысы пародонттың созылмалы жайыла қабынуының орта дәрежесінің абсолюттік көрсеткіші болып табылады?

/

тіс шөгінділерінің болуы

/

тісттер түбірлерінің 2 мм-ге ашылуы

/

қызылиектің көкшіл-қызыл түстеніп домбығуы

/

рентгенсурете альвеола өсінділерінің сүйек тінінде өзгерістер байқалмайды

/

пародонтальдық қалталардың тереңдігі 5-5,5 мм

!

Төменде берілген альвеола өсіндісіндегі рентгенологиялық көріністердің қайсысы қызылиектің жаралы қабынуы кезіндегі өзгерістерге жатады?

/

альвеола өсіндісінің сүйек тінінде өзгерістер жоқ

/

тістераралық қалқан сүйектердің ұшындағы кортикальды пластиналар бұзылысқа ұшыраған

/

периодонт саңылаулары жиектік бөліктерінде кеңейген

/

тістераралық қалқан сүйектердің 3/1бөлігі сорылған

/

альвеолалық сүйек тінінде жайыла остеопороздану орын алған.

!

Төменде берілген альвеола өсіндісіндегі ренгенологиялық көріністердің қайсысы пародонттың созылмалы жайыла қабынуының орта дәрежесінің диагнозын нақтылауға НЕҒҰРЛЫМ тиімді белгі болып табылады?

/

сүйек қалталарының болуы

/

периодонт саңылауларының жиектік бөліктерінде кеңеюі

/

альвеолалараралық қалқан сүйектердің3/1ден2/1бөлігіне дейін сорылуы

/

төменгі жақсүйек денесінде остеопороздану және остеосклероздану ошақтарының қосарлана орын алуы

/

альвеола өсіндісінің сүйек тіндерінде жайыла остеопороздану үрдісі орын алған

!

Төменде берілген дәрілік заттардың қайсысы қызылиектің жаралы қабынуына жергілікті емдеу жүргізуге қажет:

/

метрагил дента

/

интерферон жақпамайы

/

циклоферон гелі

/

клотримазол жақпамайы

/

бонафтон жақпамайы

!

Төменде берілген аурулардың қайсысынан қызылиектің өсе қабынуын ажыратқандұрыс?

/

қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

/

пародонттың созылмалы қабынуы, жеңіл дәрежесінің өршуі

/

қызылиектің жедел катаральды қабынуы

/

қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

/

жедел лейкоз кезіндегіқызылиектегі гиперпластикалық синдром

!

Төменде берілген аурулардың қайсысы жүктілік кезінде, жасөспірімдердің пубертатты жетілу кезінде орын алуы мүмкін?

/

қызылиектің жаралы қабынуы

/

қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

/

қызылиектің жедел катаральды қабынуы

/

қызылиектің жайыла өсе қабынуы

/

пародонттың созылмалы қабынуы, жеңіл дәрежесінің өршуі

!

Дәрігер-стоматологқа жасы 35-тегі әйел қызылиегінің көбіне тістерін тазалағанда қанайтындығына шағымданып келді. Қарап тексергеннен кейін стоматолог жақ сүйектерінің панорамалық рентген суретін жасатуға жолдама берді. Рентген суретте тістераралық қалқан сүйектерде жайыла кеуектену(остеопороз) үрдісі, ал олардың ұштарындағы кортикальды сүйек пластиналарының сорыла бұзылуы орын алған, периодонт саңылаулары жиектік бөліктерінде кеңейген. Анықталған рентгендік өзгерістер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

/

қызылиектің шектелген катаральды қабынуы

/

қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

/

пародонтоз, жеңіл дәрежесі

/

пародонттың созылмалы қабынуы, жеңіл дәрежесі

/

қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

!

Жақ сүйектерінің панорамалы рентген суретінде төменгі кіші және үлкен азу тістер аймағында тістераралық қалқан сүйектерде жайыла остеопороздану, тығыз сүйек қабаттары бұзылысқа ұшыраған және қалқандар биіктігі 2/1-ден артық денгейге төмендеген. Үлкен азу тістер төңірегінде сүйек қалталары анықталады. Сипатталған рентгенологиялық өзгерістер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

/

пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, орта дәрежесі

/

пародонтоз, орта дәрежесі

/

пародонттың идиопатиялық аурулары

/

пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, ауыр дәрежесі

/

пародонтоз, ауыр дәрежесі

!

Дәрігер-стоматологқа қызылиегінің жиі қанайтындығына шағымданып келген 21жастағы қыз балаға эхоостеометриялық зерттеу жүргізілді және ультрадыбыс толқындарының альвеола өсіндісінен өту уақыты 16 секөнд болды. Анықталған көрсеткіш төменде берілген аурулардың қайсысынатән?

/

пародонттың соызлмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі

/

пародонттың сүйек тіні өзгеріске ұшырамаған

/

пародонтоз, ауыр дәрежесі

/

қызылиектің созылмалы жайыла катаральды қабынуы

/

пародонтоз, жеңіл дәрежесі

!

Жоғарғы жақтың азу тістері тұсындағы қызылиеккеКулаженко сынамасын жүргізген кезде вауумдық гематомалардың пайда болу уақыты 60-80 секөнд болды. Бұл қөрсеткіш төменде берілген аурулардың қайсысы кезінде орын алады?

/

қызылиектің жедел катаральды қабынуы

/

қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

/

қызылиек қантамырлар жүйесі өзгеріске ұшырымаған

/

пародонтоз, жеңіл дәрежесі

/

пародонттың созылмалы қабынуы, орта дәрежесі

!

Жасы 24-тегі жігіт жалпы әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, қызылиегінің қатты ашып және сыздап ауыратындығына, қатты қанайтынына, аузынан нашар иіс шығатынына шағымданады.Дәрігер-стоматолог толық қарап тексергеннен кейін « қызылиектің өліетті-жаралы қабынуы» деген диагноз қойды. Ауруға жалпылай емдеу жүргізу үшін төменде берілген дәрілік заттардың қайсысын тағайындаған тиімді?
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67


написать администратору сайта