|
68 бұйрық қазақша. Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны йымдастыруа жне жргізуге ойылатын санитариялыэпидемиологиялы талаптар
Денсаулық сақтау ұйымдарының дезинфекциялау құралдарына қажеттілігін есептеу
1. Үй-жайларға, жабдықтарға ағымдағы дезинфекция жүргізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарының дезинфекциялық құралдарға қажеттілігін есептеудің мынадай формуласы пайдаланылады:
NK X1 = Q ---------- (S1 + S2 + S3), мұндағы
Х1 - ұйымдардың дезинфекциялық құралдарға жылдық қажеттілігі (килограмммен немесе литрмен);
Q - дезинфекциялау саны (жұмыс күндерінің санына және дезинфекция жүргізу жиілігіне негізделе отырып);
N - дезинфекциялық құралдың шығын нормасы (бір литрге бір шаршы метр);
K - дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (пайызбен);
S1 - дезинфекциялауға жататын үй-жайдың ауданы (шаршы метрмен);
S2 - дезинфекциялауға жататын жабдықтың ауданы (санитариялық-техникалық жабдықтардың әр бірлігінің ауданы бір шаршы метрге, ванналар - үш шаршы метрге қабылданады);
S3 - дезинфекциялауға жататын басқа да объектілердің ауданы (шаршы метрмен).
2. Емшара бөлмесінде, таңып-байлау бөлмесінде, операциялық, босандыру залдарында қорытынды дезинфекция жүргізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарының дезинфекциялық құралдарға қажеттілігін есептеудің мынадай формуласы пайдаланылады:
NK Х2 = 52 ---------- S4, мұнда
Х2 - күрделі жинау жүргізу үшін ұйымдардың дезинфекциялық құралдарға жылдық қажеттілігі;
52 - күрделі жинау саны (аптасына бір рет есебімен);
N - бір шаршы метрге дезинфекциялық құралдың шығын нормасы;
K - дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы;
S4 - ауқымды жиналуға тиісті оперативтік аудан.
3. Денсаулық сақтау ұйымдарын дезинфекциялау-стерильдеу жабдықтарымен қамтамасыз ету үшін мынадай қажеттілік есебі қолданылады:
1) дезинфекциялау-стерильдеу жабдықтарына (автоклавтар, механикалық және ультрадыбысты жуутар, бикстер) қажеттіліктер стерильденуге тиісті жұмсақ материалдың (таңып байлау), хирургиялық киім-кешектің, жаялықтардың, медициналық құралдардың, тиісті стерильдеу режимі бар бұйымдардың көлеміне қарай айқындалады;
2) бикстер мен автоклавтар, стерилизаторлар көлемінің үштен екісіне толтырылуы тиіс. Бикстерге біртекті материал салынады.
3) автоклавтарға материалдарды (бикстерді) салу жиілігі тәулігіне 5 (бестен) аспауы, құрғақ қыздыратын шкафтарда 8 (сегізден) аспауы тиіс;
4) жабдықтар саны ауысымына салу жиілігіне салу көлемін көбейтуге байланысты айқындалады;
5) стерильдеу қораптарының саны 1-типтегі стерилизаторлар үшін ауысымына 20 бикстен артық емес, 2-типтегі стерилизаторлар үшін 5-8 бикске бір рет салған кезде ауысымына 40 бикстен артық емес, 3-типтегі стерилизаторлар үшін ауысымына 25 бикс, 4-типтегі стерилизаторлар үшін ауысымына 65 бикс болып айқындалады.
| "Дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 4-қосымша
| Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дезинфекциялау
Дезинфекциялау әдісі
| Дезинфекция режимі
| Қолданылуы
| Дезинфекциялау шарттары
| Температура, Цельсий градуспен (бұдан әрі - 0С)
| Шоғырлану, пайызбен (бұдан әрі - %)
| Дезинфекциялау уақыты, минутпен
| Қайнату: дистилденген суда; дистилденген сумен қоса екі көмір қышқылды натрий (ас содасы)
| 98
| 2,0
| 30 15
| Шыныдан, металдан, термиялық тұрақты полимерлі материалдардан, резеңкеден жасалған бұйымдар үшін
| Суға толық батыру
| Булау:
булау стерилизаторында немесе дезинфекциялау камерасында жүргізіледі
| 110
|
| 20
| Шыныдан, металдан, резеңкеден, латекстен, термиялық тұрақты полимерлерден жасалған бұйымдар үшін
| Стерильдеу қораптарына салынады
| Ауамен: құрғақ ыстық ауамен ауа стерилизаторында жүргізіледі
| 120
|
| 45
| Шыныдан және металдан жасалған бұйымдар үшін
| Науаларда орамсыз жүргізіледі
| Химиялық: шыны, пластмасса немесе эмальды ыдыста жүргізіледі
| Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес
| Шыныдан, тоттануға төзімді материалдан, полимерлі материалдардан, резеңкеден жасалған бұйымдар үшін
| Ерітіндіге толық батыру
| Ескертпе: химиялық тәсілмен дезинфекциялаудан кейін бұйымдар дезинфекциялық құралдың иісі толық кеткенге дейін ағынды сумен жуылады; Қайнату және булау әдісімен дезинфекциялау кезінде полимерлі материалдардан жасалған бұйымдар дәкеге оралады.
| "Дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 5-қосымша
| Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеу алдында өңдеу
| № 1 кесте
| Өңдеу жүргізу кезіндегі процестер
| Ерітіндінің бастапқы температурасы 0С
| Ұстау уақыты, минутпен
|
| 1. Дезинфекциялау аяқталған соң МБ ағынды сумен шайылады
|
| 0,5
|
| одан кейін: Жуу құралы ерітінділерінің біріне толық батырылған кезде малынады
| 20 - 50
| 15
|
| 2. Жөкенің немесе мақталы-дәке тампонының көмегімен әр бұйымды жуу ерітіндісімен жуу
|
| 0,5
|
| 3. Ағынды сумен шаю
|
| 10,0
|
| 4. Дистилденген сумен шаю
|
| 0,5
|
| 5. Кептіру шкафында ыстық ауамен кептіру
| 85
| Ылғал толық кеткенге дейін
|
| № 2 кесте
|
| Жуу ерітіндісін дайындау
| Дайындауға арналған компоненттер саны
| Қолданылуы
|
| 1. Жуу құралы
Ауыз су
| 3 грамм (бұдан әрі - гр)
1 литрге дейін
| Механикаландырылған тазалау кезінде (ағынды әдіс, жөкемен жуу, ультрадыбысты пайдалану) қолданылады
|
| 2. Жуу құралы
Ауыз су
| 1,5 гр
1 литрге дейін
| Механикаландырылған тазалау кезінде ротациялау әдісімен қолданылады
|
| 3. Жуу құралы
Ауыз су
| 5 гр
1 литрге дейін
| Қолмен тазалау кезінде қолданылады
|
| 4. Сутегі тотығы ерітіндісі 27,5%.
Жуу құралы
Ауыз су
| 17 гр
5 гр
1 литрге дейін
| Механикаландырылған тазалау кезінде (ағынды әдіс, жөкемен жуу, ультрадыбысты пайдалану) және қолмен тазалау кезінде қолданылады
|
| 5. Жуу құралы 0,8%.
Ауыз су
Жуу құралы 1,6 %
Ауыз су
| 8 миллилитр (бұдан әрі - мл) концентрат
1 литрге дейін
16 мл концентрат
1 литрге дейін
| Қолмен тазалау кезінде қолданылады
|
|
| "Дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 6-қосымша
| Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеу әдістері
1. Химиялық стерильдеу әдісі (химиялық препараттардың ерітінділері)
| № 1-кесте
| Стерильдеу агенті
| Стерильдеу режимі (температура, ұстау уақыты)
| Бұйымдардың атауы
| Стерильдеу жүргізу шарттары
|
| Дезқұралдың ерітіндісі
| Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес
| Полимерлі материалдардан, резеңкеден, шынылардан, тоттануға төзімді металдардан жасалған бұйымдар үшін ұсынылады
| Бұйымды ерітіндіге толық батырған кезде жүргізіледі, содан кейін бұйым стерильді сумен жуылады. Стерильденген жаймалар төселген стерильді ыдыстағы стерильденген бұйымды сақтау мерзімі - 3 тәулік.
|
| Ескертпе:
1. Стерильдеу процесінде ерітінділердің температурасы ұсталмайды.
2. Дезинфекциялау ерітіндісіне бұйымдарды батыру үшін шыныдан, пластмассадан жасалған немесе эмальмен қаптамаланған ыдыстар пайдаланылуы тиіс.
2. Бумен стерильдеу әдісі (жоғары қысымдағы қаныққан су буы)
| № 2-кесте
| Стерильдеу режимі
| Қолданылуы
|
| Стерильдеу камерасындағы будың қысымы, кг/см2
| Стерильдеу камерасындағы температура, °С
| Ұстау уақыты, минутпен
|
| Номинальды мәні
| Номинальды мәні
| Қолмен, жартылай автоматты және автоматты басқару кезінде
|
| 0,20 шекті ауытқу 0,02 (2,0 ауытқу плюс-минус 0,2)
| 132 плюс-минус 2
| 20
| Тоттануға төзімді металдардан, шыныдан, резеңкеден жасалған бұйымдар үшін ұсынылады
|
| 0,11 шекті ауытқу 0,02 (1,1 ауытқу - плюс-минус 0,2)
| 120 плюс-минус 2
| 45
| Резеңкеден, латекстен және жекелеген полимерлі материалдардан жасалған (тығыздылығы жоғары полиэтилен, поливинилхлорид - пластикаттар) бұйымдар үшін ұсынылады.
|
| Ескертпе:
1. Стерильдеуді сүзгісіз стерильдеу қораптарында немесе сүзгісі бар стерильдеу қораптарында немесе бөзден не пергаменттен, қаптама қағаздан, ылғалға төзімді сіңдірілмеген қаптама қағаздан, Е маркалы автоматтардағы өнімдерді орауға арналған қағаздан, булау стерилизаторында бекемделген қағаздан жасалған екі қабатты жұмсақ қаптамада жүргізеді.
2. Сүзгісі бар қораптарда стерильденген бұйымдарды сақтау мерзімі - жиырма тәулік (ашылмаған қорапта), қалған қаптамада - үш тәулік (ашылмаған қаптамада).
3. Ауамен стерильдеу әдісі (құрғақ ыстық ауа)
| № 3 кесте
| Стерильдеу режимі
| Қолданылуы
|
| Стерильдеу камерасындағы жұмыс температурасы, 0С, номинальды мәні
| Стерильдеуде ұстау уақыты, минутпен, номинальды мәні
|
| 180 (плюс 2; минус 10)
| 60 (плюс 5)
| Металдардан, шыныдан және силикон резеңкеден жасалған бұйымдар үшін ұсынылады
|
| 160 (плюс 2; минус 10)
| 150
|
| Ескертпе:
1. Стерильдеуге құрғақ бұйымдар жатады. Стирильдеуді сіңдірілмеген қаптама қағаздан, ылғалға төзімді қаптама қағаздан, Е маркалы автоматтардағы өнімдерді орауға арналған қағаздан, аса берік қаптама қағаздан, бекемделген қағаздан, бекемделген екі қабатты қағаздан жасалған қаптамада немесе ауа стерилизаторында ашық ыдыста қаптамасыз жүргізеді.
2. Қаптамасыз стерильденген бұйымдар стерильдеуден кейін тікелей, қаптамаланған түрінде үш тәулік ішінде пайдаланылады.
| "Дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 7-қосымша
| Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеу сапасын бақылау
р/с №
| Бақылау бағыты
| Бақылау түрлері
| Ұйымның персоналы жүзеге асыратын өзін-өзі бақылау
| Мемлекеттік орган ведомтствосының аумақтық бөлімшесі жүзеге асыратын
| 1
| Стерильдеу шарттарын:
стерилизаторлардың жұмысы, режимі, орау мен салу
| Әр цикльді көзбен шолу және Қазақстан Республикасында бекітілген тесттерді пайдалана отырып бақылау, бақылау-өлшеу аспаптарының (бұдан әрі - БӨА) жарамдылығын қадағалау
| Бактериологиялық тесттерді, температураны өлшеу құралдарын пайдалана отырып және көзбен шолып әр тексеру кезінде стерилизатордың жұмысына бақылау жүргізу. Бір жылдың ішінде, сондай-ақ эталонды салу арқылы монтаждаудан және жөндеуден кейінгі көрсеткіштер бойынша барлық аппараттардың кемінде 25%-ы бақылауға жатады.
| 2
| МБ стерильділігін
| Бактериологиялық - нормалау құжаттарына сәйкес
| Бактериологиялық -
әр тексеру кезінде
| 3
| Орталықтандырылған стерильдеу бөлімшелерінде ауа ортасын
| Күн сайын - желдетуді, желдету жүйелерінің, ауа баптағыштардың, бактерицидті шамдардың жұмысын бақылау.
Ауа сынамаларын алу - нормалау құжаттарына сәйкес
| Бактериологиялық -
стерильді аймақта әр тексеру кезінде
| 4
| Жасырын қанның және сілтілі компоненттер қалдығының болуын бақылау (азопирамдық және фенолфталеиндік сынамалар)
| Күн сайын бір уақытта өңделген бұйымдардың 1 %-ын, бірақ әр партиядан кемінде 3-5 бірлікті
| Көзбен шолып бақылауды қолдана отырып, әр тексеру кезінде
| Ескертпе: орталық стерильдеу бөлімшесінің санитариялық жағдайын бақылау кезінде әр тексеру кезінде стерильді аймақта кемінде 10 бактериологиялық шайынды алу жүргізіледі. Алынған шайындылардың жалпы санының 1 %-нан асырмай санитариялық-көрсеткіштік микрофлораны себуге жол беріледі.
| "Дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 8-қосымша
| |
|
|