68 бұйрық қазақша. Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны йымдастыруа жне жргізуге ойылатын санитариялыэпидемиологиялы талаптар
Скачать 135.57 Kb.
|
3-тарау. Медициналық бұйымдарды дезинфекциялауды, стерильдеу алдындағы тазартуды, стерильдеуді және сақтауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 35. Медициналық бұйымдар (бұдан әрі – МБ) адам организмімен жанасу дәрежесіне және пациенттің жұқтыру қаупіне қарай үш топқа бөлінеді: 1) сыни МБ – адамның тіндерімен, қуыстарымен немесе қан жүретін жолдарымен тікелей жанасатын медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника; 2) жартылай сыни МБ – зақымданбаған сілемейлі қабықтармен жанасатын медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника; 3) сыни емес МБ – зақымданбаған тері жабынымен жанасатын медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника. Сыни және жартылай сыни МБ стерильдеуге, сыни емес МБ орта және төмен деңгейдегі дезинфекциялауға жатады. 36. МБ-ны дезинфекциялау және стерильдеу алдында өңдеу осы Санитариялық қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жүргізіледі . 37. Денсаулық сақтау объектілерінде стерильді түрде шығарылатын тігіс материалы пайдаланылады. Тігіс материалын этил спиртімен өңдеуге және сақтауға жол берілмейді. 38. Наркоз-тыныс алу аппаратурасын пайдалануға дайындау кезінде аталған аппаратураны жарақтандыруға арналған арнайы бактериялық сүзгілер пайдаланылады. Бактериялық сүзгілерді орнату және алмастыру нақты бактериялық сүзгіні қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Ылғандандырғыш резервуарларды толтыру үшін стерильді дистилденген су пайдаланылады. Аппараттардың алмалы-салмалы бөлшектері тиісті материалдардан жасалған МБ сияқты дезинфекцияланады. 39. Пациенттерге күтім жасау заттарын (ыдыс-аяқ, киім-кешек, судно) мынадай тәсілдермен: 1) дезинфекциялау құралының ерітіндісімен суланған мата сулықпен сүрту тәсілімен; 2) кейіннен сумен шая отырып, дезинфекциялау құралының ерітіндісіне батыру тәсілімен дезинфекциялайды. 40. МБ-ны стерильдеу осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген химиялық әдіспен (стерильдеу құралдарының ерітінділеріне батыру арқылы), булау (жоғары қысыммен сумен қаныққан бумен әсер ету арқылы), ауа (құрғақ ыстық ауамен) әдісімен стерильдеу жолымен жүргізіледі. 41. МБ-ны стерильдеу сапасын бағалау осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жүргізіледі. 42. МБ-ны дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту және химиялық заттардың ерітінділерімен стерильдеу кезінде олардың арналары мен қуыстарын толтырып, дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітіндісіне (бұдан әрі - ерітінді) батырады. Алмалы-салмалы бұйымдарды бөлшектелген түрінде батырады, құлыпталатын бөлшектері бар құралдармен ерітіндіде бірнеше жұмыс жұмыс қозғалысын жасай отырып, осы құралдар ашылып батырылады. 43. Өңдеу жүргізуге арналған ерітіндінің мөлшері МБ-ның толық батырылуын қамтамасыз етеді, бұл ретте ерітіндінің мөлшері бұйымдардың үстінде кемінде бір сантиметр (бұдан әрі – см) құрайды. 44. Көп рет қолданылатын МБ-ны дезинфекциялағаннан кейін оны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік ұсынымдарға) сәйкес дезинфекциялау құралының қалдықтарынан жуады. 45. МБ-ны стерильдеу алдында тазарту сапасын бағалау күн сайын жүргізіледі. Мыналар: сынамаларды жүргізу күнін, өңделген бұйымдардың санын және атауын, тексерілген бұйымдардың санын, сынаманың нәтижесін, сынаманы жүргізген адамның тегін, атын және әкесінің атын көрсете отырып, стерильдеу бөлімшесінде – бір ауысымда өңделген бұйымдардың әрбір атауының 1%-ы; орталықтандырылмаған өңдеу кезінде – бір уақытта өңделген бұйымдардың әрбір атауының 1%-ы, бірақ кемінде үш бірлік бақыланады. 46. Жараның бетімен, қанмен (пациенттің организмінде немесе оған енгізілетін) және (немесе) инъекциялық препараттармен жанасатын МБ, сондай-ақ пайдалану процесінде сілемейлі қабықшамен жанасатын және оны зақымдайтын медициналық құралдардың жекелеген түрлері стерильденеді. 47. Булау әдісімен тоттануға төзімді металдардан жасалған МБ-ны, аспаптардың, аппараттардың бөлшектерін, әйнекті, киім-кешекті, таңып байлау материалын, мақта түйіршіктерін, резеңкеден, латекстен жасалған бұйымдарды және пластмассаның жекелеген түрлерін стерильдейді. 48. Ауа әдісімен МБ-ны, аспаптар мен аппараттардың, оның ішінде тоттануға төзімді емес металдан жасалған бөлшектерін, силиконды резеңкеден жасалған бұйымдарды стерильдейді. Ауа әдісімен стерильдеу алдында бұйымдарды стерильдеу алдындағы тазартудан кейін кептіру шкафында 85 Цельсий градус (бұдан әрі – оС) температурада көзге көрінетін ылғалы кеткенге дейін кептіреді. Ауа әдісімен стерильдеу үшін кептіру шкафтары пайдаланылмайды. 49. Химиялық құралдардың ерітінділерін қолдана отырып, химиялық стерильдеу әдісі конструкциясында термолабильді материалдар пайдаланылған бұйымдарды стерильдеу үшін қолданылады. Жұмыс ерітінділерінің араласуын болдырмау үшін оларға батырылған МБ құрғақ болуы тиіс. Химиялық құралдардың ерітінділерімен стерильдеу кезінде барлық әрекеттер асептика қағидаларын қатаң сақтай отырып жүргізіледі: стерильдеу үшін стерильді ыдыстар және бұйымдарды химиялық заттардың қалдықтарынан шаю үшін стерильді су пайдаланылады. 50. Плазмалық стерилизаторларда сутегі тотығы негізінде стерильдеу құралдарын пайдалана отырып, плазмалық әдіспен хирургиялық, эндоскопиялық құралдар, эндоскоптар, оптикалық құрылғылар мен құрал-жабдықтар, талшықты жарық өткізгіш кабельдер, зондтар мен бергіштер, электр сымдары мен кабельдер және металдардан, латекстен, пластмассадан, әйнектен және кремнийден жасалған бұйымдар стерильденеді. 51. Гласперленді стерилизаторлар стоматологиялық ұйымдарда (кабинеттерде) борлар мен ұсақ құралдарды қыздырылған әйнек шарлардың ішіне толық батырып стерильдеуте қолданылады. Гласперленді стерилизаторлар қыздырылған әйнек шарлардың ішіне толық батыру мүмкін емес анағұрлым үлкен стоматологиялық құралдардың жұмыс бөліктерін стерильдеу үшін пайдаланылмайды. 52. Металдан жасалған стоматологиялық құралдарды инфрақызыл әдіспен стерильдейді. Газ әдісімен стерильдеу құралы ретінде этилен қышқылын, формальдегидті, озонды пайдалана отырып, әртүрлі, оның ішінде термолабильді материалдардан жасалған бұйымдарды стерильдейді. Газ әдісімен стерильдеу алдында стерильдеу алдында тазартудан кейін бұйымдардан көрініп тұрған ылғалды жояды. 53. Булау, ауа және плазмалық әдістер кезінде бұйымдар қағаз, аралас және пластик стерильдеу қаптама материалдарын, сондай-ақ пергамент пен бөзді (стерильдеу әдісіне және қолдану жөніндегі нұсқаулыққа байланысты) пайдалана отырып, қаптамаланған түрінде стерильденеді. Стерильдеу бұйымдардың нақты топтарын стерильдеуге арналған құралдарды қолдану режимдеріне сәйкес, сондай-ақ стерилизаторларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады. 54. Булау әдісі кезінде одан басқа (сүзгісі бар және сүзгісі жоқ) стерильдеу қораптарын пайдаланады. Ауа және инфрақызыл әдістері кезінде құралдарды қаптамаланмаған күйінде (ашық науаларда) стерильдеуге жол беріледі, одан кейін олар тез арада мақсаты бойынша пайдаланылады. 55. Қаптамаланған күйінде стерильденген бұйымдарды сақтау шкафтарда, жұмыс үстелдерінде жүзеге асырылады. Сақтау мерзімдері қаптамада көрсетіледі және оны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қаптама материалының түрімен айқындалады. 56. Қаптамаланбаған күйінде бұйымдарды стерильдеуге тек орталықтандырылмаған өңдеу жүйесі кезінде мынадай жағдайларда: 1) МБ-ны химиялық заттардың ерітінділерімен стерильдеу кезінде; 2) металдан жасалған құралдарды портативті стерилизаторларда термиялық (гласперленді, инфрақызыл, ауа, булау) әдістермен стерильдеу кезінде жол беріледі. Қаптамаланбаған күйінде стерильденген барлық бұйымдарды тез арада мақсаты бойынша пайдаланады. Оларды кабинеттен кабинетке тасуға жол берілмейді. 57. Термиялық әдістердің бірімен қаптамаланбаған күйінде стерильденген құралдарды стерильдеуден кейін жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген мерзім ішінде бактерицидті (ультракүлгін шамдармен жабдықталған) камераларда сақтауға, мұндай камералар болмаған жағдайда, стерильденген үстелде 6 сағаттан асырмай сақтауға жол беріледі. 58. Стерильденген қораптарда стерильденген МБ-ны оларды ашқаннан кейін 6 сағаттан асырмай пайдалануға жол беріледі. 59. Ультракүлгін шамдармен жарақталған бактерицидті камералар пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес олардың микроорганизмдермен екінші рет ластану тәуекелін азайту үшін құралдарды сақтау мақсатында ғана қолданылады. Мұндай жабдық бұйымдарды дезинфекциялау немесе стерильдеу мақсатында қолданылмайды. 60. Химиялық заттардың ерітінділерін қолдана отырып, химиялық әдіспен стерильдеу кезінде стерильді сумен жуылған, стерильденген бұйымдарды тез арада мақсаты бойынша пайдаланады немесе стерильденген жайма төселген, сүзгі бар стерильді стерильдеу қорабына 3 тәуліктен аспайтын мерзімге сақтауға қояды. 61. Стерильді үстелдің үстін жапқанға дейін емшара және манипуляциялау үй-жайлары ағымдағы жинауға жатады, жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес есептелген уақытқа бактерицидті сәулелендіргіштер қосылады. Стерильді үстелдің үстін жабу бойынша барлық манипуляциялар стерильді халатпен, маска және қолғаппен стерильді жаймаларды пайдалана отырып жүргізіледі. Стерильді үстелді жабу күні мен уақыты белгіленеді. Стерильді үстелді 6 сағатқа жабады. Осы мерзім ішінде пайдаланылмаған стерильді үстелден алынған материалдар мен құралдар қайта стерильдеуге жіберіледі. 62. Медициналық манипуляциялар жүргізу кезінде дене аймағын өңдеу үшін антисептикалық ерітіндіге батырылған стерильді мақта немесе дәке түйіршіктер немесе бір рет қолданылатын стерильді антисептикалық сулықтар пайдаланылады. Стерильдеуден кейін сақтау мерзімі өткен стерильденген МБ-ны пайдалануға жол берілмейді. 63. Стерильдеуді бағалауға стерилизаторлардың дұрыс жұмысын, стерильдеу режимдері параметрлерінің мәндерін тексеруді және оның тиімділігін бағалауды қамтиды. Стерилизаторлардың жұмысын тексеруді физикалық (бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана отырып), химиялық (химиялық индикаторларды пайдалана отырып) және бактериологиялық (биологиялық индикаторларды пайдалана отырып) әдістермен жүргізеді. Стерильдеу режимдерінің параметрлерін физикалық және химиялық әдістермен бақылайды. Стерильдеу тиімділігін МБ стерильділігін бақылау кезінде бактериологиялық зерттеулердің нәтижелері негізінде бағалайды. 64. Стерилизаторларды орнатқаннан (жөндегеннен) кейін, сондай-ақ пайдалану барысында өндірістік бақылау тәртібімен жылына екі реттен сиретпей бактериологиялық бақылауға жатады. 65. Стерилизаторларға техникалық қызмет көрсетуді, оларды кепілді және ағымдағы жөндеуді сервистік қызметтердің мамандары жүзеге асырады. 66. Булау және ауа стерилизаторларының жұмысын бағалау химиялық және биологиялық тесттерді, термохимиялық индикаторларды пайдалана отырып, физикалық, химиялық және бактериологиялық әдістермен жүзеге асырылады. 67. Физикалық және химиялық әдістермен стерильдеу циклі процесінде булау және ауа стерилизаторларының жұмыс режимінің параметрлерін бағалау жүзеге асырылады, бактериологиялық әдіспен стерилизатор жұмысының тиімділігі бағаланады. 68. Стерилизаторлардың жұмысын бағалауды оларды әр жүктеген кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары жүргізеді. 69. Стерильдеу жабдығын өлшеу құралдары "Өлшем бірілігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіппен тексеруге жатады. 70. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері стерилизаторлар жұмысының тиімділігіне тексеруді жүзеге асырады. 71. Стерилизатордың температурасына тексеру жүргізу кезінде тесттерді (химиялық тесттер, термохимиялық индикаторлар мен биологиялық тесттер) стерильдеу материалы бар қаптама қағаздан жасалған пакеттерге орайды және осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшада көрсетілген булау және ауа стерилизаторларының жұмыс режимінің температуралық параметрлерін тексеруге арналған химиялық тесттер рецептурасына және бақылау нүктелерінің орналасуына сәйкес орналастырады. 72. Стерильдеу материалының әр партиясы стерилизатордың маркасы, нөмірі, стерильдеу уақыты, стерильдеу режимі, бақылау-тестінің нәтижелері көрсетіліп, журналда тіркеледі. Стерилизатордың паспорты, стерилизаторлардың техникалық жай-күйі мен стерильдеу тиімділігін тексеру актілері, хаттамалары денсаулық сақтау объектілеріндегі жауапты адамда сақталады. 73. Стерильді эндоскопиялық манипуляциялар кезінде пайдаланылатын эндоскоптар (жеке микробтық көрінісі бар организм қуыстарына табиғи жолдар арқылы эндоскоп енгізу) тікелей пайдаланылғаннан кейін алдын ала тазартуға, соңғы тазартуға, жоғары деңгейдегі дезинфекциялауға және микроорганизмдермен екінші рет ластануды болдырмайтын жағдайларда сақтауға жатады. Стерильді эндоскопиялық манипуляциялар кезінде пайдаланылатын эндоскоптар (хирургиялық араласулар кезінде пайдаланылатын олардың арналары арқылы стерильді құралдарды енгізу, эндоскоптарды стерильді қуыстарға енгізу, жара бетімен, қанмен жанасу) тікелей пайдаланылғаннан кейін алдын ала тазартуға, стерильдеу алдында тазартуға, стерильдеуге және микроорганизмдермен екінші рет ластануды болдырмайтын жағдайларда сақтауға жатады. Эндоскоптар мен олардың құралдарын дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту және стерильдеу осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес Эндоскоптар мен олардың құралдарын өңдеу цикліне қойылатын талаптарға жүргізіледі. 74. Денсаулық сақтау объектілерінің басшылары МБ-ны стерильдеу мен дезинфекциялауды ұйымдастыруды және оның сапасын қамтамасыз етеді. 75. Стерилизаторлар жұмысын бақылаудың физикалық әдісін температураны (термометр, максимальды термометр), қысымды (манометр) өлшеу құралдарының көмегімен және стерильдеу уақытын есепке алу арқылы жүзеге асырады. Стерилизатордың жұмыс режимінің параметрлері аппараттың паспортына сәйкес жүргізілетін стерильдеудің барлық циклінің бойында тексеріледі. 76. Бақылаудың химиялық әдісін химиялық тесттердің және термохимиялық индикаторлардың көмегімен жүзеге асырады. Стерильдеудің аяқталуы индикаторлардың түсінің өзгеруі бойынша көзбен шолып айқындалады. 77. Бақылаудың бактериологиялық әдісін микробтар спораларының дозаланған санын қамтитын биологиялық тесттердің көмегімен жүзеге асырады. Биологиялық тесттер патогендіктің І-ІV топтарындағы микроорганизмдермен жұмыс істеуге режимдік комиссияның рұқсаты бар бактериологиялық зертханаларда дайындалады. 78. Стерильдеу аяқталғаннан кейін биологиялық тесттер полиэтиленді пакетке салынады және сол күні бактериологиялық зертханаға санитариялық-микробиологиялық зерттеуге жеткізіледі. 79. Булау стерилизаторларымен жұмыс істеуге техникалық минимумды тапсыру туралы куәлігі бар оқытудан және булау стерилизаторымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі нұсқамадан өткен, жасы он сегізден асқан адамдар жіберіледі. 80. Булау стерилизаторы қабырғалардан 0,8 метр (бұдан әрі – м), шкаф стерилизаторлары 1,5 м қашықтықта орнатылады. Үй-жайдағы еденге ток өткізбейтін материал төселеді. 81. Әрбір электр стерилизаторы электр желісіне ажыратқыш немесе автоматты ажыратқыш арқылы қосылады. Ажыратқыш немесе автоматты ажыратқыш еденнен 1,6 м және булау стерилизаторынан 1 м-ден қашық емес қашықтықта орнатылады. Осы ажыратқышқа немесе автоматты ажыратқышқа тек бір ғана электр стерилизаторы қосылады. 82. Жерге қосу ретінде орталық жылу желісінің су құбырлары, кәріздеу, жанатын немесе жарылғыш заттар құбырлары, жайтартқыштардың жерге қосу құралдары пайдаланылмайды. 83. Стерилизаторларда МБ стерильдеумен байланысы жоқ қандай да бір жұмыстар жүргізуге, сондай-ақ үй-жайда үйіліп тұратын және ластайтын бөгде заттарды сақтауға жол берілмейді. 84. Стерилизаторлар жұмыс істеп тұрған кезде тек қызмет көрсететін персоналдың және стерилизаторлардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын адамдардың ғана үй-жайға кіруіне рұқсат етіледі. 85. Стерильдеу аппаратурасы орнатылған әрбір үй-жайда көрінетін жерде оны пайдалану жөніндегі қағидалар орналастырылады. 86. Автоклав үй-жайы табиғи жарықтандырумен, ішке сору-сыртқа тарту желдеткішімен, фрамугалармен немесе желкөздермен қамтамасыз етіледі. Стерилизатор жұмыс істеп тұрған кезде үй-жайдың есігі жабылмайды. 87. Әр булау стерилизаторы сақтандырғыш клапанмен және дәлдік сыныбы кемінде екі жарым болатын және жұмыс қысымын өлшеу шегі шкаланың үштен екісінде болатындай шкала бар пломбаланған жарамды манометрмен жарақталады. 88. Таңбасына пломба болмаған, тексеру мерзімі өткен, әйнегі сынған немесе басқа да зақымданулар болған кезде манометрді қолдануға жол берілмейді. 89. Қызмет көрсететін персонал булау стерилизаторларының жұмыс режимі мен қауіпсіз қызмет көрсету бойынша талаптарды орындайды, бақылау-өлшеу аспаптары мен сақтандырғыш құрылғылардың жарамдылығын уақтылы тексереді. 4-тарау. Дезинфекциялау препараттарын сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртібі 90. Дезпрепараттарды сақтауға арналған қойма ішке сору-сыртқа тарту желдеткішімен жабдықталған жеке тұрған ғимаратта орналастырылады. Дезпрепараттар бүлінбеген ыдыста сақталады. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация препараттары осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес әртүрлі үй-жайларда бөлек сақталады. 91. Дезинсекция және дератизация препараттары уытты деген жазуы бар тиісті ескерту таңбасы бар, тығыз жабылған бүлінбеген ыдыста сақталады. 92. Ұсақ ыдыстағы дезпрепараттарды сақтау үшін металл стеллаждар, ал бөтелкелерді сақтау үшін ағаш сөрелер орнатылады. 93. Дезпрепараттарды сақтауға және пайдалануға арналған үй-жайларда бөгде заттарды сақтауға, темекі шегуге, тамақ ішуге жол берілмейді. 94. Дезпрепараттарды бөгде адамдарға беруге және оларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді. 95. Өңдеуден кейін қалған дезпрепараттар жұмыс күнінің соңында жауапты адамға беріледі. 96. Дезпрепараттар мамандандырылған автокөлік құралдарымен және (немесе) қауіпті жүктерді тасымалдауға бейімделген көлік құралдарымен тасымалданады. 97. Дезпрепараттарды вагоннан (контейнерден) түсіру кезінде ашу алдында пломбалардың бүтіндігі тексеріледі. Шашылған (төгілген) дезпрепараттар болған кезде көлік құралын жинау және дезактивациялау жүргізіледі. 98. Дезпрепараттарды өлшеп-орау сору шкафында немесе сору шатырының астында арнайы бөлінген үй-жайда жүзеге асырылады. 99. Дезпрепараттардың ыдысы препараттардың қалдықтарынан мұқият тазартылғаннан кейін залалсыздандырылады, содан кейін кальцийленген соданың 3-5 пайыздық ерітіндісімен (10 литр суға 300-500 грамм) жуылады. Жуғаннан кейін ыдысқа сол ерітінді құйылады, экспозиция уақыты кемінде 6 сағатты құрайды, содан кейін екі рет ағынды сумен жуылады. 100. Дезпрепараттардың кірісі мен шығысын есепке алу осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дезинфекциялау препараттарын есепке алу журналында, пайдалануды есепке алу осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дезинфекциялау препараттарын пайдалануды есепке алу журналында жүргізіледі. 5-тарау. Дезинсекциялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 101. Объектілерде дезинсекциялау жұмыстары оларда жәндіктердің болуын алдын ала тексеруден, түрлерін анықтаудан, орналасу орнын және санын анықтаудан басталады. 102. Жәндіктерден тазартылған алаңдардың өсуі, ал шыбындарға қарсы күрес кезінде – дернәсілдердің, қуыршақтардың болмауы және санының азаюы жүргізілген дезинсекциялау жұмыстары тиімділігінің көрсетілімі болып есептеледі. 103. Дезинсекция өндірістік, тұрғын үй-жайларда, ғимараттарда, құрылыстарда, көлікте, қалалық және ауылдық мекен аумақтарында, су қоймаларын, сондай-ақ синантропты буынаяқтылар мен кеміргіштердің табиғи мекендеу орындарын қоса алғанда, оларға іргелес ашық табиғат учаскелерінде жүргізіледі. 104. Жәндіктерге қарсы күрес үшін дезинсекцияның мынадай түрлері қолданылады: 1) механикалық – механикалық әсер ету жолымен дезинсекциялау (батпақты жерлерді құрғату, суару жүйелерін реконструкциялау, үй-жайларды жинау, жуу, желдету, тазарту). 2) физикалық – физикалық әсерді (температура, газ, ультракүлгін, от) қолдану жолымен дезинсекциялау; 3) биологиялық – күресу үшін табиғи жауларды (құстар, дернәсілдер, балықтар, ларвифагтар) пайдалану жолымен дезинсекциялау. 4) химиялық – жәндіктер үшін қолайсыз жағдайлар жасауға, организм функцияларының бұзылуына және (немесе) жәндіктерді жоюға бағытталған химиялық заттарды қолдану арқылы дезинсекциялау. 105. Жәндіктерге және (немесе) буынаяқтыларға қарсы профилактикалық дезинсекциялық өңдеудің үш типі қолданылады: 1) ошақтық – адамның инфекциялық және паразиттік аурулары ошақтарында және инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарында дезинсекциялау; 2) профилактикалық дезинсекция – әртүрлі объектілерде және табиғи жағдайларда дезинсекциялау, соның ішінде: жаппай – жәндіктердің нысаналы түрлері қоныстанған барлық үй-жайларда және іргелес аумақтарда жүргізіледі; барьерлік – белгілі бір объектілердің және (немесе) аумақтың айналасында қорғаныш аймақтарын құру. 106. Инсектицидті кең көлемде қолдану алдында климаттық жағдайларды ескере отырып, оны ең аз, бірақ дозалардың әсерін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жағдайларда алдын ала (жартылай өндірістік) сынау жүргізіледі. 107. Профилактикалық өңдеулерді жүргізу мерзімдері жергілікті жағдайлар ерекшеліктері мен энтомологиялық мониторинг деректеріне қарай айқындалады. Жәндіктерге (тарақандар, шыбындар, құмырсқалар, қандалалар, бүргелер, масалар, шіркейлдер, есекқұрттар, бәкене шыбындар, соналар және шыбын-шіркей) қарсы өңдеулер жиілігі объектінің қоныстануына байланысты жүргізіледі; авариялық үй-жайларда және демалыс аймақтарында шыбындар мен масаларға қарсы күрес (су басқан, ылғалды, дымқыл жертөле үй-жайларда, жерасты суларының жоғары деңгейінде, кәріз желісіндегі авариялық жағдайларда) санитариялық-эпидемиологиялық және энтомологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізіледі. Тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы объектілерінде дезинсекциялау іс-шараларының жиілігі айына 1 рет, балалар мекемелерінде, денсаулық сақтау объектілерінде, өнеркәсіптік және коммуналдық мақсаттағы объектілерде 3 айда 1 рет және көрсетілімдер бойынша жүргізіледі. 108. Су қоймаларында 2 жастағы дернәсілдердің және 3 жастағы алғашқы дернәсілдердің жаппай пайда болуы өңдеу қызметін бастауға көрсетілім болады. Жиілігі дернәсілдер санының қалпына келу санымен және олардың белсенділігі кезеңімен айқындалады. 109. Безгек масалары дернәсілдерін жою жөніндегі іс-шаралар безгектің жаңару қауіптілігінің 1-ші дәрежесіндегі елді мекендер аумағында, сондай-ақ олардың айналасындағы 3-5 километр (бұдан әрі – км) радиуста орналасқан барлық анофелогенді су қоймаларында жүргізіледі. 110. Шіркейге қарсы өңдеулер орта жастағы дернәсілдердің жаппай пайда болуы кезінде жүргізіледі. Шіркейде бір генерация болатын жерлерде бір маусымда 1-2 өңдеумен шектеледі; екі және одан көп генерация болғанда – 4 және одан да көп өңдеу жүргізіледі. Өңдеуге жататын су қоймаларын тексеруді және энтомологиялық тексеруді күнтізбелік 5-10 күнде бір рет жүргізеді. 111. Егер жәндіктер бір ай бойы үй-жайлардың ешқайсысында байқалмаса, объекті жәндіктерден тазартылғандар қатарына жатқызылады. Бірлі-жарым тірі жәндік анықталған жағдайда, объекті жәндіктер қоныстанғандар қатарына ауыстырылады және қайта өңдеу жүргізіледі. Егер объекті ауданының 20%-нан артығында жекелеген жәндіктер мен олардың жиналуы анықталған болса, ғимараттарда (немесе жапсарлас салынған объектілерде) жәндіктердің қоныстануы жоғары деп саналады. Мұндай жағдайда үй-жайларға міндетті жаппай өңдеу жүргізу керек. 112. Өңдеудің тиімсіздігі анықталған жағдайда, барлық тиісті алаң өңделген жағдайда, олар орындаушының есебінен қайта жүргізіледі. 113. Масаларға қарсы өңдеу олардың қыстақтан ұшуы алдында немесе алғашқы генерациясының ұшуы алдында тікелей жүргізіледі, жылытылатын жертөле үй-жайларында өңдеу жыл бойы жүргізіледі. 114. Шыбындарға қарсы күресте негізгі іс-шаралар олардың көбею орындарын өңдеу болып табылады. Шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарын жою үшін топырақ қоқысжинағыштардың, кәріз жүргізілмеген дәретханалардың, санитариялық-аулалық қондырғылар айналасындағы асфальтты алаңдардың, қи үйінділерінің жиегінен 30-50 см және 80 см-ге дейін артық қашықтықта ларвицидтермен өңделеді. 115. Жүйелі деларвациялық (шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарына қарсы бағытталған) жұмыстар дернәсілдердің алғашқы жазғы генерациясының І және ІІ сатыларының пайда болуы кезінде көктемде басталады және ол жазғы кезең бойы жалғасады. Қоқыстағы, қидағы, топырақтағы шыбын дернәсілдері мен қуыршақтарын жою үшін инсектицидтер өңделетін субстраттың жақсы енуі үшін ерітінділер, эмульсиялар түрінде пайдаланылады. 116. Ашық аумақтарда шыбын-шіркейлердің экзофильді түрлеріне, компоненттеріне қарсы өңдеу жүргізу кезінде барлық су қоймаларының жағалауларына, қорғалатын объекті аумағындағы (елді мекен, адамдардың үлкен ұжымының жұмыс істеу орны), сонымен бірге оның айналасындағы (қорғаныш аймағы) жаппай көбею орындарына деларвация жүргізіледі. Қорғаныш аймағының ені ландшафтқа, аумақта өсімдіктердің өсуіне, шыбын-шіркейдің ұшу қашықтығына байланысты 1 км-ден 6 км-ге дейін радиуста болады. 117. Тұрғын ғимараттарға іргелес объектілерде, көп пәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелерінде, сондай-ақ тұрғын үй-жайларда суық және ыстық тұманның ену қабілетінің жоғары болуына және улану қаупіне байланысты суық және ыстық тұман әдістерімен дезинсекция жүргізуге қатаң тыйым салынады. 118. Инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарының аумақтарында, сондай-ақ инфекциялық аурулар ошақтарында профилактикалық дезинсекцияның тиімділігін бақылауды санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік орган қамтамасыз етеді. 119. Шыбындардың бөлме және экзофильді түрлері санының маусымдық көрсеткіші шыбындарға қарсы орындалған іс-шаралардың тиімділігін бағалау өлшемшарты болып табылады. 120. Санын есепке алу шыбындардың белсенділігі кезеңінде тәулік ішінде күнтізбелік 3-10 күнде бір рет жүргізіледі, үй-жайларда санын есепке алу 20 шаршы метрге (бұдан әрі – м2) 1 есебімен жабысқақ таспалардың көмегімен, көбею орындарында – торлы шыбын аулағыштарға аулау арқылы жүргізіледі. Қанатталған шыбындар болмаған кезде, орташа алғанда 1 стандартты жабысқақ таспаға 1 данадан аспаған кезде (тәулігіне) тиімділік қанағаттанарлық деп саналады. Кәріз болмаған жағдайда жеке құрылыс басым учаскелер үшін және ауылдық жерлер үшін – 3-5 дана. 121. Іс-шаралардың тиімділігін анықтауды қанаттанған шыбындардың, сондай-ақ көбею орындарындағы дернәсілдер мен қуыршақтардың санын есепке алу жолымен жүргізеді. Елді мекенде қызмет көрсетілетін объектілердің кемінде 5%-ы есепке алынуға жатады. 122. Егер өңдеуден кейін бір ай ішінде барлық әдістермен бақылау кезінде жәндіктер анықталмаса, дезинсекциялық іс-шаралар тоқтатылады. 123. Объектілерінде масаларға қарсы дезинсекциялық іс-шаралардың тиімділігі пайдаланылатын дезқұралмен, өңделетін беттердің типімен айқындалатын мерзімдерде жүзеге асырылады. Есепке алу 20 минут бойы ашық қол әдісімен жүргізіледі. Ашық аумақта масаларды кешке тыныш желсіз ауа-райында ұсақкөзді тордан немесе дәкеден жасалған торлы ауа дорбасымен аулайды. Торлы дорбамен жинау секундына шамамен 1 қағу арқылы жүзеге асырылады. Олардың саны торлы дорбаның 100 қағуында ауланған дарақтардың санымен өлшенеді. 124. Дернәсілдерге қарсы іс-шаралар тиімділігінің негізгі көрсеткіші қорғалған объектілердегі қанаттанған масалардың саны болып табылады, дернәсілдер мен имаго масаларын өңдегеннен кейін 5-7 тәулікте жертөленің 1 м2 -де қанаттанған масалардың 1-ден аспайтын дарағының анықталуына жол беріледі. 125. Ашық биотоптарда кенелердің санын есепке алуды күн шуақты ауа райында таңертең (ыстық басталғанға дейін) және шық пен қатты жел болмаған кезде кешкі уақытта жалау немесе сүйретпе тәсілімен жүргізеді. Бұлтты күндерде жинауды күндізгі уақытта жүргізуге болады. 126. Жертөле масаларына қатысты дезинсекция тиімділігінің көрсеткіші сынамаларда тірі дернәсілдерді өңдегеннен кейін 3-5 тәулікте болмауы және орташа есеппен 10 м2-ге қанаттанған масалардың 1 дарақтан аспауы болып табылады. 127. Үй-жайларда бүргелерді жою жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау кезінде еден бетінің 10 м2-не 2 парақ есебінен жабысқақ таспалар (20х30 см) пайдаланылады. Егер бір тәулік ішінде 1 параққа 2 бүргеден көп түспесе, онда жәндіктер бірлі-жарым, 3-тен 10-ға дейін – көп, 10-нан асса – өте көп деп саналады. 128. Төсек қандалаларын жою жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау кезінде олардың неғұрлым ықтимал болатын жерлері қарап тексеріледі, тексеру нәтижелері мынадай түрде жазылады: бірлі-жарым жәндіктер, жәндіктердің жиналуы, ал қандалалар болмаған кезде – жәндіктер анықталған жоқ. 129. Педикулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалау кезінде өңдеуден кейін биттер мен сіркелердің толық болмауы оның қанағаттанарлық көрсеткіші болып саналады. 6-тарау. Дератизациялауды ұйымдастыруғы және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 130. Дератизациялау кеміргіштерді жою және олар қоныстанған объектілерді олардан босату мақсатында немесе олардың санын инфекциялық аурулардың кеңінен таралуын және айтарлықтай экономикалық шығынды болдырмауды қамтамасыз ететін ең аз деңгейде тұрақты ұстап тұру үшін жүзеге асырылады. 131. Дератизациялау мынадай типтерге бөлінеді: 1) профилактикалық дератизациялау – кеміргіштердің қоныстануы мен көбеюі үшін қолайсыз жағдайлар жасалады. Санитариялық-техникалық, жалпы санитариялық және агротехникалық шаралармен қатар: жаппай дератизациялау – бір мезеттік (бір реттік) дератизациялау, жекелеген елді мекендерде немесе учаскелерде жылына 1-2 рет барлық елді мекеннің аумағында жүзеге асырылады. Бұл объектілерді кеміргіштерден толығымен босатуға немесе кеміргіштер одан әрі инфекциялық аурулардың таралуына ықпал етпейтін деңгейге дейін олардың санының тұрақты төмендеуіне әкеледі. Жаппай дератизациялау барлық үй-жайларда, ғимараттарда, аумақтарда күрестің әдістері мен құралдарын бір уақытта пайдалануды көздейді. тосқауылды дератизациялау – белгілі бір аумақтың айналасында қорғау аймақтарын құру үшін кеміргіштердің барынша көп көшіп-қону белсенділігі кезеңінде (көктем, күз) жүргізіледі. Кеміргіштерден осылай өңдеу ғимараттардың айналасында, орман аймағында, турбазалардың, лагерьлердің, жазғы дәмханалардың, саяжай алқаптарының аумақтарында, халықтың жаппай серуен жасау аймақтарында, саябақтарда, скверлер мен бақтарда, қоқыс контейнерлерінде жүзеге асырылады); 2) жойғыш дератизациялау – профилактикалық іс-шаралар нәтиже бермеген кезде жүргізіледі. Мұндай жұмыстардың тікелей функциясы - кеміргіштерді жою; 3) ошақтық дератизациялау – инфекциялық аурулар ошағында және оған іргелес аумақта дератизациялау. Таралуына кеміргіштер қатысуы мүмкін инфекциялық ауру тіркелген кезде жүргізіледі; 4) іріктеп дератизациялау – жекелеген учаскелерде немесе құрылыстарда, эпидемиялық маңызы бар объектілерде: ет және балық комбинаттарында, тоңазытқыштарда, элеваторларда, азық-түлік қоймаларында, емдеу және балалар мекемелерінде, мал шаруашылығы фермаларында кеміргіштерді жою кезінде жүргізіледі. 132. Дератизациялауды физикалық, механикалық, химиялық тәсілдермен, улы қармақжемдерді қою, тозаңдату, газдау әдістерімен жүргізеді. Дератизациялау тәсілі мен әдісін таңдау өңделетін объектінің ерекшеліктерімен, нысаналы кеміргіштердің экологиясымен және дератизациялау құралдарының қасиеттерімен айқындалады. 133. Тосқауылды дератизациялау кеміргіштердің ең жоғары көшіп-қону белсенділігі кезеңдерінде, ал ерекше эпидемиологиялық маңызы бар объектілерде – жыл бойы бақылау-жою алаңдарын (бұдан әрі – БЖА) орналастыру жолымен аумақтың (қоршау бойымен 20 метр (бұдан әрі – м)), құрылыстардың (төсеніш бойымен 10 м) периметрі бойынша және құрылыс салынбаған учаскелерде (100 м2-ге 1 БЖА есебінен) жүргізіледі. БЖА-ны орналастыру адам үшін қауіпсіздікті ескере отырып жүзеге асырылады. 134. Денсаулық сақтау объектілерінің, білім беру ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, қоғамдық тамақтану, азық-түлік саудасы объектілерінің құрылыстары мен аумақтарының барлық ауданы кеміргіштердің болуына тексеруге жатады. 135. Профилактикалық дератизациялау жұмыстарының тиімділігін қамтамасыз ету үшін өңдеулердің белгілі бір жиілігін сақтау көзделеді. Егер пайдаланылатын препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықта өзгеше ұсынылмаса, онда үй-жайларды дератизациялау 2-3 айда 1 рет, аумақты дератизациялау жылына 4-6 рет жүргізіледі. Үй-жайларда кеміргіштер ұзақ уақыт болмаған кезде өңдеу жүргізілмейді, ал аумақты өңдеу саны екі есе қысқартылады. Үй-жайларда кеміргіштердің қоныстануы көп болған кезде өңдеу жиілігі айына 1 ретке дейін артады. 136. Азық-түлік саудасы, қоғамдық тамақтану объектілерінде, көкөніс сақтау қоймаларында, қоймаларда, тұрғын үй-жайларда және аулалық құрылыстарда уланған қармақжем дератизациялау құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көзделген қолдану режиміне сәйкес қойылады. Балаларға қолжетімді балалар ұйымдарының үй-жайларында улы қармақжемді қоюға жол берілмейді, ал кеміргіштерді жою тек механикалық әдістермен жүргізіледі. 137. Қармақжемдердің тағамдық негізі ретінде адамдар қызығатындай ұнтақталмаған күнбағыс дәні және өзге де өнімдер пайдаланылмайды. Қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін кеміргіштерге арналған родентицидті қармақжем ашық түске боялады. 138. Ашық аумақтарда улы қармақжем адамдарға, үй жануарлары мен құстарға қолжетімді емес жерлерде жасырын ғана қойылады. 139. Қармақжемдерді дайындау жұмыстары арнайы жабдықталған үй-жайларда (зертханаларда) жүргізіледі және арнайы қоспалауыштарды қолдану арқылы барынша механикаландырылады. Улы қармақжемдерді дайындау және өлшеп-орау сорғыш астында және нақты дератизациялау құралдарына арналған тиісті нұсқаулықтарда көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізіледі. Қармақжем дайындайтын жұмыс үй-жайларында родентицид әсер ететін затының болуына ауадан мерзімді сынама алу жүргізіледі. 140. Қаптамаланбаған тамақ өнімдері бар үй-жайларда сусымалы улы қармақжемдерді қолдануға тыйым салынады. 141. Адамдар қоныстнған үй-жайларда дератизациялау аяқталғаннан кейін уы бар қармақжемнің барлық қалдықтары кәдеге жарату мақсатында жиналады. Балалардың және үй жануарларының қолы жетпейтін орындарда қармақжем қорғалатын объектіге кеміргіштердің қоныстануын болдырмау үшін қалдырылады. 142. Дератизациялау тиімділігіне: 1) кеміргіштер қоныстанған барлық үй-жайларды жаппай өңдеу жүргізу үшін объектіде санитариялық күнді өткізу; 2) қармақжемді қолдану жөніндегі нұсқаулықта көзделген қармақжемді қою технологиясын сақтау; 3) қойма үй-жайларында дератизациялауды жүргізетін адамдар үшін қабырғалар бойымен ені кемінде 70 см өтетін құрылғылар арқылы қабырғаларға, бұрыштарға және техникалық жүйелерге тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету; 4) әртүрлі материалдарды сақтайтын барлық орындарда еденнен кем дегеннде 15 см биіктікте тұратын стеллаждармен жабдықтау; 5) азық-түлікті және су қорын оларға кеміргіштердің кіру мүмкіндігін барынша қиындататын жағдайда сақтау; 6) профилактикалық өңдеу жүргізу үшін оларды түсіргенге дейін дератизациялауды жүргізетін адамдардың барлық үй-жайларға қолжетімділігін қамтамасыз ету; 7) ғимараттар мен үй-жайларға кеміргіштерді кіргізбеу қағидаларын сақтау; 8) барлық үй-жайлар мен оларға іргелес аумақты тұрақты жинау және белгіленген мерзімде қоқысты шығару арқылы қол жеткізіледі. 143. Жаппай дератизация жүргізу кезінде елді мекен немесе оның бір бөлігі нөмірленген және схемалық картаға түсірілген учаскелерге бөлінеді. Учаскенің өлшемдері жұмыс көлеміне байланысты анықталады. Әрбір учаске нақты дератизаторға бекітіледі. 144. Кеміргіштермен байланысты инфекциялық ауру пайда болған кезде дератизациялық іс-шаралар шұғыл профилактика типі бойынша жүргізіледі: улы тағамдық қармақжемнің құрамында жіті әсер ететін ратицидтер қолданылады. Қармақжем негізі ретінде аттрактанттар (өсімдік майы, қант) бар дақылдың (бидай немесе жүгері) қоспасы қолданылады. Дақылдың 100 салмақтық бөлігіне аттрактанттардың 3 салмақтық бөлігін қосады. 145. Синантропты кеміргіштерге қарсы күрестің неғұрлым тиімді әдістемесінің негізгі принципі кеміргіштер мекендейтін барлық жерде оларға қарсы күрес құралдарын қолдану және осы әсердің үздіксіздігі болып табылады. 146. Күресудің негізгі құралы ретінде антикоагулянттар бар ұзақ сақталатын қармақжемдерді, ал қатты әсер ететін уы бар қармақжемдерді кеміргіштер санының күздік шегіне жетуі және көктемде көбеюі кезінде жылына екі реттен жиі емес, сондай-ақ эпидкөрсеткіштер бойынша қолданады. 147. Қыспаларды, қақпандарды және тұзақтарды дератизациялаудың қосымша әдісі ретінде жекелеген объектілерде қолдану ұсынылады. 148. Кеміргіштердің індерін және жүретін жолдарын тозаңдатуға арналған препаратты дозалау қоршаған ортаның пестицидтермен қатты ластануын және өңделген үй-жайда үнемі болатын адамдар үшін жүргізілетін жұмыстардың қауіптілігін болдырмау мақсатында, нұсқаулыққа сәйкес рұқсат етілетін дозада есептеледі. 149. Сапалы дератизация жүргізудің маңызды шарты улы қармақжемдерде кеміргіштерді қызықтыратын әртүрлі өнімдерді: ұн, дақыл, жарма, қант, өсімдік майы, сирек жағдайда нан, көкөніс, ет пен балық қалдықтарын пайдалану болып табылады. 150. Дератизациялау сапасының көрсеткіші осы Санитариялық қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес жүргізілетін кеміргіштердің санын есепке алу болып табылады. 151. Елді мекендегі дератизациялау кеміргіштердің кемінде 80%-ы қырылған кезде тиімді деп танылады. 152. Санатты объектілердегі дератизациялық іс-шаралардың барысын және дайындалатын қармақжем сапасын ағымдағы бақылауды санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының мамандары жүзеге асырады. 153. Аулау құралдарын қолдана отырып, елді мекендердегі кеміргіштер санын есепке алуды сапаны бағалау мақсатында жылына 2 рет: наурыз-сәуірде (олардың көбею кезеңінде) және қазан-қарашада (кеміргіштер ашық стациялардан құрылыстарға көшкенге дейін, олардың саны барынша көп кезінде) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары жүргізеді, объектілердің 10%-ы қамтылуға жатады. Кеміргіштерден бос алаңды есепке алу қызмет көрсетілетін объектінің барлық құрылыстарын тексеру, көзбен шолып қарау, мүжілудің, қираудың болуын, шаңдану алаңдарын анықтау, бақылау үшін аулау, персоналға сауалнама жүргізу арқылы жүргізіледі: 1) егер кеміргіштер құрылыстың бір бөлігін мекендесе, онда құрылыстың бүкіл алаңы мекендеген болып есептеледі; 2) егер кеміргіштер осы құрылыста мекендесе, ал жақын орналасқан құрылыста кеміргіштер болмаса, онда кеміргіштер бар құрылыстың ауданы ғана мекендеген болып саналады; 3) егер жою іс-шаралары жүргізілсе, бірақ айдың соңында кеміргіштер тіркелсе, құрылыс осы айда мекендеген болып саналады. 154. Профилактикалық дезинфекциялық іс-шаралар құрылыстың жалпы алаңдарында, оның ішінде жертөлелерде, шатырларда, баспалдақ алаңдарында, қосалқы үй-жайларда, қажет болған жағдайда іргелес аумақта да жүргізіледі. 7-тарау. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау қызметтерін көрсететін жеке және заңды тұлғаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 155. Өндірістік және қойма үй-жайлары беті жеңіл тазартуды және зарарсыздандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тиісті технологиялық жабдықпен, стеллаждармен, сөрелермен, шкафтармен жабдықталады. 156. Өндірістік үй-жайларда еден үшін химиялық заттардың әсеріне төзімді жабын пайдаланылады. Конструкциялардың қабырғалары, төбелері мен беттері үшін ылғалды жинауға жол беретін әрлеу көзделеді. 157. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын өндірумен айналысатын немесе дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау қызметтерін көрсететін жеке және заңды тұлғалардың басшылары: 1) дезиинфекциялық қызметті жүзеге асыру процесінде жеке және қоғамдық қауіпсіздік шараларының сақталуын; 2) өндірістік бақылауды, оның ішінде Кодекстің 51-бабына сәйкес зертханалық зерттеулер мен сынақтар жүргізу арқылы жүзеге асыруды; 3) халыққа, мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне халықтың денсаулығына қауіп төндіретін авариялық жағдайлар немесе технологиялық процестердің бұзылуы туралы уақтылы хабарлауды қамтамасыз етеді. 158. Персоналға арналған үй-жай қол жууға арналған раковинамен, ыстық және суық су келтірілген себезгі бөлмесімен, санитариялық тораппен, арнайы және жеке киімдерді бөлек сақтауға арналған шкафтармен жабдықталады, алғашқы көмек көрсету үшін дәрі қобдишасымен және жеке қорғаныш және жеке гигиена құралдарымен жарақталады. 159. Арнайы киімді жуу, дезинфекциялау арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізіледі. Үй жағдайында және жұмыс үй-жайларында арнайы киімді жууға жол берілмейді. 160. Объектілерде дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық іс-шаралар объекті әкімшісінің (тапсырыс берушінің) өкілі болғанда жүргізіледі. Өңдеуге жататын үй-жайдағы адамдарды жоспарланып отырған іс-шаралардың жүргізілуі және қажетті сақтық шаралары туралы хабардар етеді. Өңдеу жүргізілетін жерлерде өңдеуге қатысы жоқ адамдардың, сондай-ақ үй жануарларының болуына жол берілмейді.
|