Главная страница
Навигация по странице:

  • Мұнда ең өзекті мәселе аттестациядан өтетін педагогтермен өткізілетін жұмыстың негізгі мазмұны мен оның заман талабына сай ұйымдастыру тұрғыда тиімділігінде болып отыр.

  • 1. Мектеп әкімшілігі немесе аттестаттау комиссиясының аттестатталатын педагогтермен өткізетін жылдық жұмысы (үлгі)

  • Мектеп әкімшілігі немесе аттестаттау комиссиясы мерзімі

  • 2. Педагог тарапынан жасалатын шаралар

  • Педагог тарапынан жасалатын шаралар мерзімі

  • ывапро. Методическое пособие _Педагогтерді аттестаттауды ұйымдастыру жұм. дістемелік кабинет Педагогтерді аттестаттауды йымдастыру жмыстарын тиімді йлестіру Риза Маней, діскер Атоай ауданы, Атоай ауылы, 2013 жыл


    Скачать 1.05 Mb.
    Названиедістемелік кабинет Педагогтерді аттестаттауды йымдастыру жмыстарын тиімді йлестіру Риза Маней, діскер Атоай ауданы, Атоай ауылы, 2013 жыл
    Анкорывапро
    Дата25.12.2022
    Размер1.05 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаМетодическое пособие _Педагогтерді аттестаттауды ұйымдастыру жұм.doc
    ТипДокументы
    #862833
    страница1 из 3
      1   2   3

    «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

    Әдістемелік кабинет

    Педагогтерді аттестаттауды

    ұйымдастыру жұмыстарын

    тиімді үйлестіру




    Риза Маней, әдіскер


    Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, 2013 жыл

    Жинақта педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесіне сай мектепішілік аттестаттау шаралары, аттестаттау жұмысында қолданылған құжаттар үлгілері берілген. Жинақ мектепішілік аттестаттау комиссиясы мүшелеріне аттестатталушы мұғалімдерге арналған.

    Аттестаттау материалдары құрастырылғаннан кейін практикада, іс-жүзінде апробациядан өткен, сондықтан мектепішілік аттестаттауда, мектепішілік басқаруда пайдалы болады деген сенімдеміз. Жинақтың практикалық маңыздылығы: аталған үлгі-кестені әр білім беру ұйымында қолдануға лайықты.

    Педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмысындағы туындайтын проблема көп: білім беру ұйымдарында педагогтердің аттестациясын ұйымдастыру жұмыстарының тиімді үйлестірілмеуі, осы тақырып аясында мемлекеттік тілде басылған әдістемелік құралдың аздығы, аталған мәселенің әдістемелік тұрғыда зерттелмеуі.

    Білім беруді жаңғырту стратегияларын жүзеге асыру педагог кадрлардың сапасына тікелей байланысты. Бүгінгі білім жүйесінде Д. Дьюи атап өткендей, «Үлкен өзгерістер басталды. Ол маңызы жағынан, К. Коперниктің жаңалығына (Күн астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасында шоғырланады, оны айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни «оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі». Бұл жаңа жүйе – біз үшін 12 жылдық білім беруге көшу болып отыр.

    Жаңа мектеп мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білу, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән бере білу, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет. Ал оқушының танымдық, шығармашылық қабілетінің ресурс ретінде дамытылуы үшін мұғалімнің өзі де шығармашылық жұмыспен айналысуы тиіс. Демек, 12 жылдық мектептің ұстазы өскелең заман талабына сәйкес шығармашылыққа бейім, зерттеу жұмысы тәсілдерін қолдана алатын маман болуы тиіс. Ы. Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түспек. Мұғалімнің шығармашылық жұмысында кәсіптік шығармашылық дамуы жөнінде В.А. Афанасьев, Н.Д. Хмель, Ш.Т. Таубаева, А.А. Бейсенбаева, М.Ә. Құдайқұлов, А.К. Ахметов және т.б. ғалымдар педагогикалық кәсіби шеберлікті шыңдау жөнінде көптеген еңбектер жазған [7, 65-б., 18, 298-б., 27, 31-б., 33.]. Аталмыш ғалымдардың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік ұстанымы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, білімділік деңгейі, шығармашылығы туралы Ы. Алтынсарин, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, П.П. Блонский, М. Жұмабаев, Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацский, В.А. Сухомлинский қарастырған [20, 6-б., 27, 64-б., 122, 6-7-б.]. Қазіргі білімнің жаңа үлгісін құру барысында Қазақстан ғалымдары өз еңбектерінде тыңғылықты мәселелерге тоқталады. Олар өз еңбектерінде шебер мұғалім ғылыми ізденіс мәдениетімен қарулану керек дейді. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс-тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді [77].

    Ал, педагогтердің кәсіптік деңгейін көтерудің бірден-бір тәсілі педагог кадрлардың аттестациясы болып табылады.

    Педагогтерді аттестаттау – педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің квалификациялық талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің тұтас бір жүйесі. Аттестаттау білім беру ұйымдарында кезең кезеңдерімен өткізілетінін бәріміз білеміз. 1-кезеңінде мұғалім аттестацияаралығында жасаған педагогикалық әрекетіне, өз білімі мен біліктілігін арттыру бағытында жүргізген жұмысына ішкі сараптама жүргізіеді, бұл кезеңде педагог өзінің педагогикалық іс-әрекетіне өзіндік талдау жасайды, іс-тәжірибесін жинақтайды, жинақтаған тәжірибесі мен педагогтерді аттестаттау ережесінің талаптарына сай келетін жетістіктерінің негізінде білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының төрағасының атына біліктілігін көтеру жөнінде (немесе растау) өтініш жазады, 2-кезеңі сыртқы сараптама деп аталады, мұнда білім беру ұйымындағы аттесттаттау комиссиясы педагогтің іс-әрекетіне талдау жасайды, 3-кезеңінде аттестаттау комиссиясы аттесттаттау ережесі негізінде педагогтің өтінген санатына сәйкестігіне баға беріледі.

    Мұнда ең өзекті мәселе аттестациядан өтетін педагогтермен өткізілетін жұмыстың негізгі мазмұны мен оның заман талабына сай ұйымдастыру тұрғыда тиімділігінде болып отыр.

    Білім беру ұйымында (мектеп, мектептен тыс мекеме, балабақша, т.б.) жылдық жұмыс жоспарындағы педагогтердің біліктілігін жетілдіру тармағы негізінде ағымдағы оқу жылының басында және келесі оқу жылының басында педагогтердің аттестациясын ұйымдастыру және өткізу іс-шараларының жоспары жасалынады (5 жылдық перспективалық жоспардың негізінде). Жоспарлау – білім беру ұйымындағы әдістемелік жұмысты басқарудың тиімді әдістемелерінің бірі [5, 10-б.]. Сондықтан педагогтің құзыреттілігінің үздіксіз артуы, аттестацияға сапалы дайындығы білім беру ұйымында ұйымдастырылып өткізілген іс-шаралар мазмұны мен түрінің өнімділігіне тікелей байланысты.

    Жұмыс жоспары бойынша педагогикалық ұжым нормативтік-құқықтық құжаттармен (айталық, Педагогтерді аттесттаттау ережесімен) толық танысқан болу керек (біріншіден, мектеп басшылығы бұл нормативтің мазмұнын жақсылап оқып, зерделеп, таныған болу). Егер нормативтің мазмұнын педагог толық білмесе, оның аттестацияға дайындығы сауатты болып табылмайды.

    Білім беру ұйымдарының басшылары, әдістемелік бірлестіктің жетекшілері ұжымдағы әр педагогтің аттесттациядан өту мерзімін 5 жылға арналған перспективалық жоспар бойынша ашық және көрнекі түрде бақылап отыру міндет. Егер ақпарат ашық әрі көрнекі түрде болса, әр педагогтің бойында жоспарлы жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Әрі оқу жылының соңындағы педагогикалық кеңесте келесі оқу жылында аттестталатын педагогтердің, тегі, аты-жөні анықталып, нормативтік құжаттармен таныстырылады. Аттестаттау ережесінде, әсіресе, жас мамандар үшін түсінуге ауырлық танытатын педагогикалық терминдер бар, сондай термин сөздердің глоссарийін жасау басшылықтың міндетіне жатады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы аттестатталатын педагогтердің аттестациядан өту кестесі жасалған болу керек.

    Келесі кезекте педагог білім беру ұйымының басшысына немесе аттестаттау комиссиясы төрағасының атына санат алу немесе санатын көтеру бойынша өтініш жасайды.

    Осы сәттен бастап білім беру мекемесінің аттестаттау комиссиясының ағымдағы жылы аттестаттаудан өтетін педагогпен жұмысы (2-кезең) басталады. Оқу жылы басында аттестаттау комиссиясы мүшелері аттестаттау комиссиясының қызметімен, міндеттерімен танысады. Аттестаттау комиссиясы педагогтердің өтініштерін қарайды, аттестатталатын педагог қызметкерлердің мәліметтер базасын жасайды және олардың қызметінің қорытындыларын талдамалық жалпылауды жүргізеді. Біліктілік тестілеу нәтижелері бойынша екінші, бірінші, жоғары біліктілік санаттары үшін екінші кезең өткізіледі. Педагог қызметкерлерді тестілеудің оң нәтижесі екінші кезеңге жолдама алуға негіз болып табылады. Екінші кезең соңында аттестаттау комиссиясы Педагог қызметкерлерге біліктілік талаптарына беру немесе растау туралы шешімді шығарады. Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы педагог қызметкерлерге екінші санатты бекітуді қарастырады және бекітеді. Педагог қызметкерлердің аттестаттау материалдарын аудандық аттестаттау комиссиясына қарастыруға ұсынады. Аттестаттау комиссиясы жоқу жылы басында жұмыс жоспарын құрады және жүзеге асырады. Жұмыс жоспары аттестатталатын педагогтің өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, аналитикалық талдау жұмыстарымен қатар жүреді. Жұмыс желісі мынадай болады:
    1. Мектеп әкімшілігі немесе аттестаттау комиссиясының аттестатталатын педагогтермен өткізетін жылдық жұмысы (үлгі)



    Мектеп әкімшілігі немесе аттестаттау комиссиясы

    мерзімі

    1

    Педагогикалық кеңес

    мамыр

    2

    Аттестациядан өтетін педагогтерге өтініш жазу мәселесі бойынша әдістемелік кеңес беру, аттестатталатын педагогтерді аттестаттау ережелерімен, нормативтік құжаттардың мазмұнымен толық таныстыру

    мамыр

    3

    Аттестациядан өтетін педагогтердің өтініштерін қабылдау

    25 мамырға дейін

    4

    Алдағы оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтердің тізімін, мәліметтер базасын жасау

    26-28 мамыр

    5

    Алдағы оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтерді анықтау

    25 мамырдан 10 маусым аралығында

    6

    Алдағы оқу жылында аттестациядан өтетін педагогтерді ағымдағы жылы жасалатын жұмыс мазмұнымен таныстыру

    Маусым

    7

    Аудандық білім бөліміне аттестациядан өтетін педагогтердің тізімін, мәліметтер базасын ұсыну

    10 маусымға дейін

    8

    Аттестаттау комиссиясының жылдық жұмыс кестесін әзірлеу

    Маусым-қыркүйек

    9

    Аттестаттау комиссиясының жұмыстық жиналыста аттестатталатын педагогтермен өткізілетін жұмыс жоспарын қарау

    қыркүйек

    10

    Аттестациядан өтетін педагогтер үшін өзінің кәсіптік құзыреттілігін бағалауға арналған сауалнама өткізу, нәтижені бағалау

    қазан

    11

    Ата-аналар мен оқушылардың арасында педагог жайлы сауалнама өткізіп, нәтижені бағалау

    қараша

    12

    Педагогтің аттестацияға дайындық құжатының мазмұны мен рәсімдеу сапасына баға беру, әдістемелік кеңес беру

    қараша

    13

    Аудандық, облыстық деңгейде өткізілетін ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, тәрбие сағаттарын әзірлеуге әдістемелік көмек көрсету

    Қараша, қаңтар

    14

    Педагогтің өзінің 5 жылдық ұстаздық іс-тәжірибесін жинақтау (обобщение) жұмысын зерттеу

    қаңтар

    15

    Педагогтің өзінің 5 жылдық ұстаздық іс-тәжірибесіне сараптама, сараптамалық түйіндеме немесе қорытынды жасау

    наурыз

    16

    Аттестаттау парағын әзірлеу

    20 наурызға дейін

    17

    Білім беру ұйымының аттестация комиссиясының қорытынды отырысын өткізу

    20-22 наурызға дейін

    18

    Аудандық, облыстық сараптама комиссияларының түйіндемелерін алу

    Ақпан

    19

    Аттестаттау комиссиясының жұмыстық жиналысы

    23 наурызға дейін




    Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы мен педагогтің аудандық аттестация комиссяисының отырысына қатысуы

    1 сәуір


    2. Педагог тарапынан жасалатын шаралар




    Педагог тарапынан жасалатын шаралар

    мерзімі

    1

    Аттестациядан өтуге өтініш жазу

    31 мамырға дейін

    2

    Аттестаттау комиссиясына мәліметтер базасын жасауы үшін өзі жайлы жеке басын, білімін, пән бойынша біліктілік деңгейін, пән бойынша ПҚБАИ-да курста білім жетілдірген жылын, еңбек өтілін, өтініш жазуға негіз болған жетістіктер мен жағдайларды растайтын құжаттар ксеро- көшірмесін ұсыну

    31 мамырға дейін

    3

    Тестіге дайындық жасау, пән бойынша авторлық құралдарға рецензия алу

    Жыл бойы




    Аудандық тамыз конференциясында өз білімін жетілдіру тақырыбы аясында баяндама оқу

    тамыз

    4

    Білім беру ұйымының және аудандық әдістемелік кабинет тарапынан өткізілген сауалнамаға қатысу

    қазан

    5

    Әдістемелік портфолио жасау

    Қазан-қараша

    6

    Әдістемелік бірлестікте өткізілетін кеңеске қатысу

    қазан

    7

    Аудан, облыс, республика, халықаралық деңгейде өткізілетін конференция, олимпиада-сайыстарға оқушыларын қатыстыру, өзі қатысу




    8

    Өзінің 5 жылдық ұстаздық іс-тәжірибесін әдістемелік бірлестік ішінде әріптестері арасында презентациялауы

    желтоқсан

    9

    Өзінің білім жетілдіру бойынша жұмысын, 5 жылдық ұстаздық іс-тәжірибесін жинақтау (обобщение)

    желтоқсан

    10

    Өзінің 5 жылдық ұстаздық іс-тәжірибесін білім беру ұйымында әріптестері арасында (аттестаттау комиссиясының қатысуымен) презентациялауы, шығармашылық есеп беруі

    желтоқсан

    11

    Ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, тәрбие сағаттарын, мектепішілік, аудандық, облыстық деңгейде ашық шаралар, өз жұмысын жинақтап, презентация өткізу

    желтоқсан-ақпан

    12

    Жоғары санатқа аттестатталатын педагогтер облыстық әдіскерден іс-тәжірибеге баға берген пікірін алу (жоғары санатқа)

    Ақпан

    13

    1-санатқа аттестатталатын педагогтер аудандық аттестация бойынша сараптама комиссиясының түйіндемесін алу

    Ақпан

    14

    Білім беру мекемсіндегі аттестаттау комиссиясымен және әдістемелік бірлестік мүшелерімен бірлесіп аттестаттау парағының мәліметтер базасын әзірлеу

    1 наурызға дейін

    15

    Аттестаттау комиссиясының жұмыстық жиналысына қатысу

    23 наурызға дейін

    16

    Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы мен педагогтің аудандық аттестация комиссиясының отырысына қатысу

    1 сәуір


    Жоғарыда көрсетілген балама жобалар, бір жағынан қарағанда, педагогті аттестациядан өткізуге арналған жұмыстың жүйесі болғанымен, осы іс-әрекет білім ұйымының басшылары тарапынан нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес сауатты да шебер, үйлесімді жүргізілген жағдайда, сондай-ақ мекеме мен педагог арасында тығыз байланыс пен түсіністік орнаған жағдайда, педагогті басшылық тарапынан әрі ынталандырып, қолдап, әрі сауатты түрде талап ете білген жағдайда ғана оңтайлы жүзеге асырылады. Оқу жылының соңында білім беру ұйымындағы аттестация комиссиясының жетекшісі жыл бойы мектеп тарапынан өткізіліген жұмысқа және педагогтің жұмыс нәтижесіне сапалы талдау жасайды.

    Педагог қызметкерлерді аттестаттауда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

    1) педагог қызметкерлерді аттестаттау - педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

    2) біліктілік санаты – жұмысты орындаудың күрделілігін көрсететін қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптардың деңгейі;

    3) ерікті біліктілік тестілеу (бұдан әрі – тестілеу) – мерзімінен бұрын біліктілік санатты жоғарылату және растау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін өткізілетін педагог қызметкерлерді аттестаттауды өткізу рәсімінің бір түрі;

    4) қызмет қорытындыларын талдамалық жалпылау – педагог қызметкердің кәсіби қызметін жүйелі, бірізді және оң зерделеу негізінде кәсіби құзыреттілігін бағалауды қамтитын аттестаттау кезеңдерінің бірі.
      1   2   3


    написать администратору сайта