Главная страница
Навигация по странице:

  • Дүниеге келгені

  • Қайтыс болғаны

  • ДИМендель. Дмитрий Иванович Менделеев. Дмитрий Иванович Менделеев


    Скачать 59.67 Kb.
    НазваниеДмитрий Иванович Менделеев
    АнкорДИМендель
    Дата14.01.2020
    Размер59.67 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДмитрий Иванович Менделеев.docx
    ТипДокументы
    #104025

    Дмитрий Иванович Менделеев

    Дмитрий Иванович Менделеев





    Дүниеге келгені:

    1834 ж. ақпанның 8 (185 жас)
    ТобольскТобыл губерниясыРесей империясы

    Қайтыс болғаны:

    1907 ақпан 2
    Санкт-Петербург , Ресей империясы

    Ұлты:

    орыс

    Дмитрий Иванович Менделеев ( 27 қаңтар (8 ақпан1834Тобольск — 20 қаңтар (2 ақпан1907Санкт-Петербург) — орыс энциклопедист-ғалымы: химигі, физигі, физикалық химигі, метролог, экономист, технолог, геолог, метеоролог, педагог, мұнайшы, аэронавт. Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1876).

    1834 ж. 27-қаңтарда Ресейдің Тобольск қаласында дүниеге келген.Санкт-Петербург Бас педагогикалық институтын бітірген (1855). Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты жалпы химияхимиялық технологияфизикаэкономикаауыл шаруашылығыметрология, т.б. салаларға арналған. Ол изомерия құбылысын зерттеп (1854 — 56), сұйықтықтың тығыздығын анықтайтын құрал – ареометр құрастырды (1859). “Органикалық химия” деген алғаш орыс тілінде оқулық шығарды (1861). Сұйықтардың қайнауының абсолют температурасын (1860), гидраттық теорияны (1865 – 87), жаратылыстың негізгі заңдарының бірі – периодтық заңды ашты (1869). Сонымен қатар молекуланың массасын табудың Клапейрон – Менделеев теңдеулерін шығарды. Мұнайдың ауыр металдар карбидтерінен түзілу гипотезасын (1877), көмірді жер астында газға айналдыру идеясын (1880) ұсынды. Менделеев 1907 ж. 20-қаңтарда Санкт-Петербургте қайтыс болды. Менделеевтің құрметіне жасанды жолмен алынған радиоактивті химиялық элемент менделевий аталды.

    Мазмұны

    • 1Өмірі мен қызметі

    • 2Менделеевтің периодтық заңы

    • 3Менделеевтің нақыл сөздері

    • 4Дереккөздер

    Өмірі мен қызметі

    Менделеевтің әкесі осы қаладағы гимназияның директоры болатын. Гимназияны аяқтағаннан кейін ол Петербургтегі педагогика институтына түсіп, оны алтын медальмен бітіріп шықты (1857 ж.)

    1859 жылы магистрлік диссертациясын қорғаған соң ол екі жылға Германияға ғылыми іс сапарға жіберілді. Қайтып оралған соң алдымен Петербург технологиялық институтының, екі жылдан кейін осы қаладағы университеттің профессоры болып сайланып, осы жерде 23 жыл бойына жемісті еңбек етті.

    Д.И. Менделеев 1876 ж. Петербург Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды.

    Ол 90-жылдардағы студенттер толқулары кезінде өз оқушыларының жағында болып, оларды қорғағаны үшін университеттен кетуге мәжбүр болды.

    Д.И. Менделеев үнемі іздену үстінде көп жылдар бойы қарқынды еңбек еткен ғалым. Осы еңбектерінің ең биік шыңы, оны дүние жүзі ғалымдарының қатарына қосқан әрине, «Периодтық заңды» ашуы болды. Бұдан басқа ол «Ерітінділердің гидраттық теориясын» ұсынған, бұл еңбек әлі күнге дейін өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ. Мұнан бөтен ол табиғи пайдалы қазбаларды жан-жақты толық пайдалануға, көптеген технологиялық үдерістердің ғылыми негізін қалауда да аса көп еңбек еткен ғалым.

    Д.И. Менделеевтің «Химия негіздері» атты еңбегінде бейорганикалық қосылыстар химиясы периодтық заң тұрғысынан алғаш рет теориялық негізделіп түсіндірілді.

    Өз заманының үлкен ойшыл ғалымы Д.И. Менделеевке ғылымға сіңірген теңдесі жоқ зор енбегі үшін Фарадей атындағы алтын медаль берілді.[1]

    Менделеевтің периодтық заңы

    Менделеевтің периодтық заңы, периодтық заң – атом ядросы зарядтарының артуына байланысты химиялық элементтер қасиеттерінің периодты өзгеретінін тұжырымдайтын табиғаттың негізгі заңы. Бұл заңды 1869 ж. Дмитрий Менделеев ашты. Ол оның толық тұжырымдамасын 1871 ж. жариялады. Бұл заң элементтердің периодтық жүйесімен тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып, түсіндіреді. Ядроның заряды (Z) жүйедегі элементтердің атомдық нөміріне тең. Z өсуі бойынша орналасқан элементтер Z(Н, Нe, Lі, Be…) 7 период түзеді. 1-периодта – 2 элемент, 2 мен 3-те – 8-ден, 4 пен 5-те – 18-ден, 6-да – 32 элемент, 7-де – 23 элемент белгілі. Периодта элементтердің қасиеттері сілтілік металдардан инертті газдарға өткенде заңды түрде өзгереді. Вертикальды бағаналар – қасиеттері ұқсас элементтердің топтары болып табылады. Топтың ішінде элементтердің қасиеттері де заңды түрде өзгереді (мысалы, сілтілік металдарда -ден Fr-ға дейін химиялық активтілік өседі). Z = 58 – 71, сол сияқты Z = 90 – 103 элементтерінің қасиеттері ұқсас болғандықтан лантаноидтар және актиноидтар қатарларына топтастырылған. Элементтер қасиеттерінің периодтылығы атомның сыртқы электрон қабаттарының конфигурациясының периодты қайталануына байланысты. Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық жүйесіне сүйене отырып, ғалымдар атом құрылысы және химиялық байланыс теорияларын жасады; жер қыртысы мен ғарыштық нысандар зерттелді. Бұл заңның барлық жаратылыстанутехникатехнология саласындағы ғылымдар үшін философиялық мәні зор.[2]



    Менделеев Дмитрий Иванович

    Мәселен, календарь, сағат немесе көбейту таблицасы тәрізді адам қажет етпей тұра алмайтын бір заттар болады. Химияның дәл сондай «көбейту таблицасы» химиялық элементтердің периодты системасы болып табылады. Оны 1869 жылы өз отандасымыз Д. И. Менделеев жасады.

    Дмитрий Иванович Тобольск қаласында дүниеге келді. Оның балалық шағы қиыншылықпен өтті. Өзі Тобольск қаласындағы гимназия директорының он жетінші баласы болатын, жастайынан бұғанасы қатпай жетім қалды. Менделеев педагогикалық институтты бітіріп, ең әуелі мұғалімдік қызмет атқарды. Сол кезде көптеген болашақ көрнекті химиктер оның оқушысы, шәкірті болды.

    Ол «Химия негіздері» деп аталатын тамаша оқулық жазды. Бұл оқулық нағыз химия энциклопедиясы еді. Менделеев оны жаңа ашылған жаңалықтармен толықтырып, үнемі жетілдіріп отырды. «Химия негіздерімен» айналыса жүріп, ол химиялық элементтердің атақты периодты системасын да жасады.

    Д. И. Менделеев егер элементтерді ең жеңіл – сутегінен бастапең ауыр – уранға дейін олардың атомдық салмағының өсуі реті бойынша орналастырса, сол кезде белгілі болған 63 химиялық элементтің қасиеттері периодты түрде қайталайтындығын ашты. Бұл заңдылық табиғи заңдылықтарды анықтаған және осы жаңалық ашылғанға дейін химиялық элементтер әлемінде болған шатасушылықты ретке келтірген периодты системаға негіз болды.

    Өзінің системасына сүйене отырып, Менделеев әлі белгісіз бірнеше элементтердің бар екенін болжады және олардың аса маңызды қасиеттерін сипаттап берді. Ақыр аяғында бұл элементтердің бәрі де ашылды. Сондай-ақ ол химия ғылымындағы ең алғашқы нағыз ғылыми болжам болды.

    Адам баласына тән қызмет атаулының Менделеев назар аудармаған саласын табудың өзі қиын.

    Ол мұнай кен орындарын, мұнайдың әр алуан құрамын зерттеп көрді. Сірә, ол мұнайдың отын ретінде ғана емес, одан көптеген аса маңызды заттар алудың көзі ретінде де құнды дүние екендігін алғаш тұжырымдаған да болуы керек. Ол жер атмосферасын зерттеді және қорықпастан жалғыз өзі әуе шарымен көкке ұшты.

    Ол Арктиканы игеру ісіне де көңіл бөліп, мұзжарғыш кеменің жобасын жасады. Бірақ бұл мұзжарғыш кемені жасау ісі қолдау таппай қалды.

    Ол көп жылдар бойы өлшем мен салмақ бас палатасына директор болып, дәл өлшемдер жөніндегі ғылымның дамуына ықпал жасады.

    Дмитрий Иванович Менделеев

    Менделеев ауыл шаруашылығымен айналысты, сауда ісін зерттеді, түтінсіз дәрі құрамын жасап шығарды, әуеде ұшу ісіне де көңіл аударды... Оның Толық шығармалар жинағы қалың-қалың жиырма бес томнан тұрады. Ол дүние жүзінің көптеген елдерінің академиялары мен ғылыми қоғамдарына құрметті мүше болып сайланды.

    Бір күні Бобловада (Менделеевтің имениесі) шаруалар Менделеевтен: «Дмитрий Иванович, сенің егінің қалайша осылай бітік болып шықты. Бұл өзі саған біткен талант па, әлде бақыт па, осыны түсіндірші бізге?»- деп сұрайды. Сонда Менделеев оларға күлімсірей қарап: «Әлбетте, талант, бауырларым!» - деп жауап беріпті. Шынында да, ол ешқандай асырып айтпаған еді. Оның әрбір ісі нағыз таланттың, талант болғанда да үздіксіз еңбекпен еселенген толассыз таланттың туындысы болатын. Ол өзін кемеңгер деп атағанды ұнатпайтын. «Қайдағы кемеңгерлік дейсің. Өмір бойы еңбектендім, міне соның нәтижесі», - дейтін өз еңбегі жайында.

    Менделеевтің дүние салуы – бүкіл ел қабырғасын қайыстырған ауыр қаза болды. Мыңдаған адам оны ақырғы сапарға аза тұтып шығарып салды. Менделеев Петербургтегі Волково зиратына жерленді. Азалы шеруге қатысушылар өздерімен бірге элементтердің периодты системасының үлкен кестесін алып жүрді. Ол Менделеевтің өзінен кейінгі ғалымдар ұрпағына қалдырған өсиеті сияқты еді.

    Менделеевтің нақыл сөздері

    1. Ғылымның рөлі қызмет ету, ол - игілікке жету құралы.

    2. Ғылым жоқ жерде қазіргі заманғы өнеркәсіптің болуы мүмкін болмаса, өнеркәсіп жоқ жерде қазіргі заманғы ғылым да бола алмайды.

    3. Тәжірибе - табиғи құбылыстар мен танымдық қабілеттер арасын байланыстырушы.

    4. Пәнді ғылыми оқудың негізгі және соңғы екі мақсаты бар, ол ілгеріні болжай білу және пайдаға асыру.

    5. Ғылым - жалпы халық игілігі, олай болса, белгеле бір ақиқатты алғаш рет айтқан адамды ғана емес, оған өзгелерді сендіре білген, сол шындыққа көз жеткізген және оны ғылым игілігіне жаратқан адамды артығырақ құрметту керек.

    6. Еңбекті құлап сүймейінше, ешбір талант та, ешбір кемеңгер де шықпайды.

    7. Өзге ештеңеден табылмас тынысты еңбектен табасыздар!

    8. Жоспарың болмаса, белгілі деректер шытырманында адасу оп-оңай.

    9. Адам қоғамдық, мемлекеттік барша мүдделер үшін және бүкіл адамзат үшін неғұрлым пайдалырақ болса соғұрлым кемелдене түседі.

    10. Периодтық заңдылықтың болашағы бұзылуды емес, толығып, дами түсуді күтеді.

    11. Ұстаздың мерейі шәкірттерінде өзі еккен дәндердің көктеп өсуінде.


    написать администратору сайта