терапия рк1, 205-206 (копия). Дрігерстоматологты жмыс орнын йымдастыру. Стоматологиялы кабинетті жабдытау
Скачать 2.31 Mb.
|
3.Гингивальды папилланың зақымдануы. Ұлпаны кездейсоқ ашып алу. Бұл көбінесе тіс қуысының топографиясын нашар білгендіктен, терең тісжегі қуысының табанын тазалаған кезде кішкентай диаметрлі борды және оны үлкен жылдамдықта қолдану нәтижесінде туындайды. Емі: ұлпаны сақтап емдеу әдісін қолданады. ІI кластық тісжегі қуыстары кезінде салбыраңқы қойылған пломбылар қызыл иектің қабынуына алып келеді және тістердің түйісу орындарын дұрыс қалыптастырмау 2 класс асқынуларына жатады . Емі: пломбыны қайтадан қою керек. кейбір жағдайларда жасанды сауыттар кигізуге тура келеді. Пломбының түсіп қалуы, себебі: тісжегі қуысы дұрыс егеліп-тазаланбаған, пломбылау кезінде сілекей түсіп кеткен, пломбылық материал дұрыс таңдалмаған және қою техникасы дұрыс сақталмаған. Емі: тісжегі қуысын дұрыс егеп-тазалау және пломбыны қайтадан қою. 45.II класстағы жегі қуысын жарықпен қатаятын композитті материал астына егеу . II класты қуыстарды толтыру кезінде ең қиыны байланыс нүктелерін құру және материалдың кариозды қуыстың қызыл иек қабырғасына жақсы маргиналды бейімделуі болып табылады. Тістерді арнайы таратқыштармен немесе сыналармен (қолданылатын композициялық материалдың түріне байланысты ағаш немесе мөлдір) сындыру міндетті болып табылады. Сыналар сонымен қатар металл немесе мөлдір матрицаны бекітеді. Жарықпен қатайтылатын материал қабаттарға, бүйір қабырғаға мүмкіндігінше іргелес қиғаш қабаттарға енгізіледі . Материалдың пішінін бекіту бүйірлік қабырға арқылы жарық өткізгішті мойынға максималды бұрумен жүзеге асырылады (материалдың қызыл иек қабырғасына қосылуын қамтамасыз ету үшін мойыннан шайнау бетіне жарық сәулесінің бағыты). Бұл қабаттың соңғы полимерленуі кариозды қуыс жағынан жүзеге асырылады. Полимерлеу шамының жарық әсерін күшейту үшін дистальды қалпына келтіру бетіне жарық шағылыстыратын тіс айнасын қолдануға болады.Тістердің жанасу беттеріндегі қуыстарды толтыру кезінде Композиттердің Жарық полимерленуіне оңтайлы жағдай жасау үшін жарық өткізгішке киілетін мөлдір конус тәрізді жарық өткізгіш саптаманы қолданған жөн. Конус арқылы жарық тікелей қажетті аймаққа жақындайды және біркелкі бөлінеді. Бұл байланыс беттерінде композиттің терең полимерленуін қамтамасыз етеді 46. III класстағы жегі ақауының сипаттамасы. III класс- күрек тістер мен сүйір тістердің жанасу беттерінде орналасқан және олардың сауыттарының тісьеу бұрыштары мен қырларына ауыспаған немесе оларды бұзбайтын тісжегі қуыстары; 3 кластық тісжегі қуысын егеп-тазалаудың да өзіндік ерекшелітері бар.Бұл ерекшеліктер оның орналасу жағдайына және жарақат ошағының аумағына байланысты. Егер тісжегі қуысына еркін ену мүмкіндігі болса,жарақат ошағына сай оған үшбұрыш пішін бере отырып егеп-тазалайды. Үшбұрыштың табанын қызылиек қабырғасы, екі бүйір қабырғаларын ерін және ұрт немесе тіл жақ қабырғалары құрайды, ал өткір бұрышы немесе шыңы тістеу қырына бағыттала орналасады. Кейде тісжегі қуысының қабырғалары керісінше орналасуы да мүмкін. Егер тісжегі әсерінен тістің тек жанасу беті ғана емес, ерін және тіл жақ беттері де бұзылған болса,әр беттегі қуысты бір-бірімен байланыстыра отырып егеп-тазалайды. Бұл кезде жанасу бетіндегі қуыстың табаны ерін және тіл жақ беттеріндегі қосымша қуыстардың табанына доғал бұрыш жасай орналсуы керек. Ешер тісжегі ондай терең болмаса 2 класс сияқты қосымша алаң жасайды. 47. 3 класстағы жегі ақауын қосымша және қосымша емес алаңмен егеу әдісі . 3 класстағы тісжегі қуыстарды егеудің бірнеше түрлері бар. Негізгі қосымша алаңмен және қосымша алаңсыз егеу жатады. Егер тіске қолжетімді болса, онда қосымша алаңсыз қалыптастыруға болады. Ол көршілес тіс болмағанда және тіс аралық арасы кең болғанда қалыптасуы мүмкін. Негізгі қызыл иектің шетінде, ал ұшы кескіш шетіне қараған үшбұрыш пішінді қуыс жасалады. Еріндік және ауыз қуыстық қабырғасы берік болғанда жасалады. Қосымша алаңмен егеуге көршілес тістердің тығыз орналасуына байланысты оған қолжетімсіз болса. Тісжегілі қуысқа оралды қабырға арқылы енеді және контакттық беттегі негізгі қуыспен қоса, оралды бетіне қосымша алаң жасалады. Қосымша алаңды жасауға негізгі талаптар: 1. Оралды беттегі қосымша алаңның ені негізгі қуыстың еніне тең немесе контактты беті зақымдалса, кіші өлшемді болуы керек. 2. Ұзындығы бойынша оралды бетінің 1/3 кем емес, ал тереңдігі кіреуке дентиндік қосылыстан 1 мм төмен болуы керек. 3. Кесу қырындағы қабырғасы оған 2,5-3 мм алшақ орналасуы керек. 48. 3 класстың ақауларының жегіленген ақауын егеу. ІІІ класс – алдыңғы жақтағы тістердің жанасу бетінде орналасқан тісжегі қуыстары; III-кластық тісжегі қуыстарына үшбұрыш пішін береді.Қажет болса ,тістің ауыз жақ бетіне шығарып,осы бетте қосымша алаң жасайды. а) Егер тісжегі әсерінен тістек жанасу беті ғана емес, ерін және тіл жағындағы беттері де бұзылған болса, әр беттегі ауысты бір-бірімен байланыстыра отырып егеп-тазалайды. бұл кезде жанасу бетіндегі қуыстың табаны ерін және тіл жақ беттеріндегі қосымша қуыстардың табанына бұрыш жасай орналасуы керек. б) Вестибулярлы және оралды беті бұзылған қуыстарда эмаль тазаланады және вестибулярлы беттен оралдыға өтетін қуыс қалыптастырады. 49. 3 класстағы ақауды егеу кезінде болуы мүмкін асқынулар. Үшінші класс-тісжегі асқынулары, онда төменгі жақ алға қарай итеріледі. Екі жақтың тіс доғаларының шайнау беттерінің мөлшері азаяды. Егеу кезінде борды дұрыс таңдамаған жағдайда және де тіс қуысын шамадан тыс егеген кезде асқынулар болуы мүмкін. Сондықтан да тіс жегісін егеп тазаламас бұрын қажетті бор машинамызды таңдап, одан кейін тістің ұлпасына дейін жеткізбей барынша беткей бетін егейміз. Егер де тіс ұлпасына зақым келсе оны арнайы биоматериалдармен орнын жабады мысалыға MTA + - бұл стоматологияда емделудің қалыпты процесін ынталандыру, жаңа стоматологиялық цементтің пайда болуы және эндодонтиялық емде репаративті процестерді белсендіру үшін қолданылатын жоғары тиімді реминерализатор биоматериал. 50.4 класстағы жегі ақауының сипаттамасы Блэк бойынша 4класстағы -күрек тістер мен сүйір тістердің жанасу бетінде орналасқан олардың сауыттарының тістеу бұрыштары мен қырларының бұзылуна әкеп соғатын тісжегі қуыстары жататыны белгісі. тісжегі куысының жиегін тегістеу немесе кіреуке жиегін өндеуде, Тісжегі куысын ашу кезінде металдан жасалган борларды колданган кезде кіреуке призмаларынын сынуы натижесінде кіреуке жиегі ойлы-қырлы болып калады жоне әртүрлі тереңдікте саңылаулар пайда болады. Мұның өзі пломбылық материалдың тісжегі қуысының жиегі жабысуын нашарлатып, екіншілік тісжегінін дамуына жағдай туғызады. Пломбының тұрақтылығы арттыру жане жиектік жанасуын жақсарту ушін кіреуке жиегін карборунд тастармен, өте ұсақ алмас үгінділерімен жабылған, қатты заттан жасалған карбид-вольфрамды борлармен жане финирлермен мұқият тегістеумен сипатталады. 51. 4 кластағы жегі ақауын егеу әдісі. Ретенционді пунктті құру ерекшеліктері Күрек жане сүйір тістердің контактілі беттерінде орналасқан,тіс сауыты бұрышының жане кесу қыры бүтіндігінің бұзылуымен болатын қуыстар жатады.Бұл класс жалпы үшінші классқа ұстас жүйе.Ондағы тісжегі қуысының ақауы қолжетімді болса жане вестибулярлы,ауыз(оральды) қабырғалары айтарлықтай берік болса,қосымша алаң жасалмайды.Оның пішіні тісжегілі зақымдануға ұқсас.Тісжегі қуысқа жету қиынға түссе,пломба жақсы ұсталуы үшін оралды бетінде қосымша алаң жасалады.Кесу қыры мүжіліп үйкелген болса,онда қосымша алаң кесу қырының бойымен жасалады,себебі ол айтарлықтай кеңейеді.Пломба жақсы бекуі үшін жане кесу қырын қалпына келтіруде әр түрлі ретинционды пункттер жасаған дұрыс;қуыстың түбі мен қабырғасында ойықтар жасау,штифтіні,қапсырманы бекіту үшін парапульпарлы каналдар жасау қажет. 52. 4 классстағы ақауды егеу кезінде болуы мүмкін асқынулар Препарирование істеп жатырған уақытта дентин бөлігін жарақаттап алу қаупі бар.Дентиннің үшінші түрін кариес деп ойлап,препарировать етіп тастауы мүмкін. 53. 3 және 1 класс жегі қуысын жарықпен қатаятын композитті материал астына егеудің ерекшеліктері. Жегі қуысын пломбалауға дайындау. Кластағы ережелерді сақтай отыра композитті материалдарды дұрыс қолдана білген жөн.3 жане 1 класстағы өзіндік байланыстарды бір-бірінен ажырата алу қажет.Кариозды қуысты толтыруға дайындау немесе пломбалау дентин үгінділерін су немесе ауа ағынымен мұқият алып тастау. Әрі қарай, қуыс дезинфекцияланады және кептіріледі, өйткені ылғалдың шамалы іздері де цементтердің, Жарық полимерлерінің және композиттік пломбалардың жабысқақтығын едәуір нашарлатады. Пломбалау - тісті егегеннен кейін тісжегі қуысын емдеудің соңғы сатысы. Пломба салғаннан кейін тістің анатомиялық пішіні мен қызметі қалпына келеді. Пломбалық материалдарды тісжегі қуысының Блэк бойынаша орналасуына қарай, тістің қай тістер тобына жататындығына, зақымдалу тереңдігіне, материалдардың оң және теріс қасиеттеріне байланысты таңдайды. Кіші азу тістер мен үлкен азу тістерді мықты, механикалық күшке төзімді материалдармен - амальгама немес композиттермен пломбалайды. Цементтерді амальгама мен композиттерге кері көрсеткіштер болғанда қолданады. |