Главная страница

терапия рк1, 205-206 (копия). Дрігерстоматологты жмыс орнын йымдастыру. Стоматологиялы кабинетті жабдытау


Скачать 2.31 Mb.
НазваниеДрігерстоматологты жмыс орнын йымдастыру. Стоматологиялы кабинетті жабдытау
Дата31.03.2023
Размер2.31 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлатерапия рк1, 205-206 (копия).docx
ТипДокументы
#1027977
страница3 из 4
1   2   3   4

Tepeң тісжегіні зондтауда көп мөлшерде жұмсарған дентинi бар терең тісжегілi куыс аныкталады. Яғни тіс қуысының төбесiнде дентиннiн азгғана қабаты калады; түбін зондтағанда ауырсынады (ұлпаның реакциясы).

29.Блэк бойынша жегі қуысының жіктелуі

Блэк тісжегілі қуыстардың тістің әр түрлі беттерінде орналасуына байланысты кластар бойынша жіктеуді ұсынды.Тісжегіні препараттап емдеуде оның тәжірибелік мәні зор

1 класқа-кіші азу және үлкен азу тістердің табиғи шұңқырларында,тереңдеген жерлерінде және сызаттарында және фронтальды тістердің соқыр шұңқырларында орналасқан тісжегілі қуыстар жатады.

2 класқа-кіші азу және үлкен азу тістердің контактілі беттерінде орналасқан қуыстар жатады

3 класқа-күрек және сүйір тістердің контактілі беттерінде орналасқан қуыстар жатады

4 класқа-күрек және сүйір тістердің контактілі беттерінде орналасқан,тіс сауыты бұрышының және кесу қыры бүтіндігінің бұзылуымен болатын қуыстар жатады

5 класқа-барлық тістердің вестибулярлы немесе оралды жақ беттерінде орналасқан қуыстар жатады

6 класқа-тән емес беттерінде орналасқан қуыстар,фронталды тістердің кесу қыры және кіші азу және үлкен азу тістердің төмпешіктерінде орналасқан қуыстар жатады

Тісжегіні емдеудің негізгі әдісі-егеу болып табылады

30.Жегі қуысын егеудің ұғымы.Блэк бойынша жегі қуысын егеудің жалпы принциптері

Тісжегіні емдеудің негізгі әдісі-егеу болып табылады.

Егеу-тістің қатты тіндерін оперативті жолмен емдеу

Егеудің мақсаты-кіреуке мен дентиннің патологиялық өзгерген тіндерін кесіп алып тастау;тістің анатомиялық пішіні мен қызметін қалпына келтіру мақсатымен пломбалық материалды салу.

Тісжегілі қуыстарды егеудің негізгі қағидалары 20 ғ американ тіс дәрігері Г.В.Блэктің *Оперативное зубоврачевание* фундаментальді еңбегінде көрініс тапты

Блэктің негізгі қағидалары:

-сынып кету қаупінің алдын алу үшін тірегі жоқ кіреукенің салбырап тұрған шеттерін алу

-тісжегілі дентинді толығымен,мұқият тазалау

-алдын алу үшін кеңейту-тісжегінің рецидивін болдырмау мақсатымен тістің иммундық аймағына дейін қуысты профилактикалық кеңейту

-қорап тәрізді пішінді қуысты жасау,ол шайнау кезінде түсетін жүктемеге тіс пен пломбаның төзімділігін қамтамасыз етеді

Блэктің қағидалары сол кездегі тісті емдеуде Мюлердің химиялық-паразитарлық теориясына сүйенген

31.Дәстүрлі технологияны қолдану кезіндегі жегі қуысын өңдеудің кезеңдері

Тісжегілі тісті егеудің негізгі сатылары бірнеше кезеңнен тұрады:

1)Жансыздандыру

2)Тісжегілі қуысты ашу

3)Тісжегілі қуысты кеңейту

4)Некроэктомия(патологиялық өзгереген кіреуке мен дентинді кесіп алу)

5)Қуысты қалыптастыру,яғни қуысқа пломбалау материалы жақсы адгезиялатындай пішін беру

6)Тісжегілі қуыстың шеттерін әрлеу-финирлеу

32.Майланған қабат ұғымы

Егеп-тазалағаннан кейін қуыс қабырғаларында дентин үгінділері,сынықтары,микроорганизмдер клеткалары,температура әсерінен еріген майлар қалады және бұл қабатты «майланған қабат» («смазанный слой» -Smeer layer) деп атайды.Бұл қабат композиттің дентинге жабысуын нашарлатады.

«Майланған қабатты» жоюдың екі-әдісі бар:

Механикалық

Химиялық

Қазіргі кезде жиі қолданылып жүргені «химиялық әдіс немесе қышқылмен өңдеу немесе еріту әдісі» (метод кислотного травления или кондиционирование) .

Дентинді қышқылмен өңдеу кезінде «майланған қабат және дентинді тығындар» (өзектерге өткен дентин үгінділері),гидроксиапатит кристалдары еріп,дентиннің коллаген талшықтары босап шығады.Егер өңделген белдеуге адгезивті жүйенің құрамына кіретін праймер сіңірсе,ол коллаген талшықтарымен гибридті белдеу құрады және композиттің қуыс қабырғасына бекуіне жақсы жағдай туады.

33.1 кластары жегі акауынын сипаттамасы

Тicжегiнiң жергiлiктi емдеу шараларын дұрыс жүргiзу үшiн тісжегі куыстарының Блек ( 1884 ) ұсынған жүйесі

І класс — барлық тістердің табиғи жүлгелері ( фиссураларында ) мен ойықтарында ( көбінесе кіші және үлкен азу тістердің , жоғарғы екінші күрек тістердің тұйық тесіктерінде ) орналасқан тісжегі қуыстары .

Тісжегі қуыстарын өңдеудің негізгі қағидалары;бұзылған

тіндерді мүмкіндігінше толық алу;бұзылмаған тіндерін

барынша сақтау.

Тісжегі қуысын егеп-тазалаудың негізгі мақсаты-тісжегі

нәтижесінде бұзылған тістердің қатты тіндерін алып

тастау және пломбы қоюға дайындау.

Тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың

негізгі кезеңдері:

1) тісжегі қуысының аузын ашу және

кеңейту;

2) ыдыраған және жұмсарған дентінді алу

немесе некроэктомиялау;

3) тісжегі қуысына қажетті пішін беру;

4) тісжегі қуысы жиегін немесе кіреуке

қабатын өңдеу.

6.

• I-кластық тістегі қуыстарының пішіндерін

әртүрлі етіп

қалыптастырады:төртбұрышты,кубқа,цилиндрге,т

рапецияға, үшбұрышқа ұқсас.

34.1 класс куысын егеу әдісі.

1 кластык тісжегі куыстарынын пішіні емделу жүргізілетін (кіші және үлкен азу тіс) және тісжегімен

жаракаттанган табиги жүлгелер мен ойыктардын

орналасу ерекшеліктеріне де байланысты. Осыган сай куыстын пішіні төрт бұрышка, үшбұрышка, ромбыга , цилиндрге жане қосу белгісіне ұксас болуы мумкін. Кіші және улкен азу тістердін шайнау бетіндегі тісжегі куыстарын егеп тазалаганда барлык жүлгелерді (фиссураларды) мукият тексеріп,

күмән туғызған жағдайда толық ашу керек. Үлкен азу тістің

шайнау бетінде және ұрт жақ бетіндегі ойыкта

тісжегі куыстары пайда болып, екі куысаралык тіндер

жұкарып кетсе, оларды біріктіріп егеп-тазалауға болады және олардын денгейлері бірдей болмаса, табандарын сатыга ұксатып, бір-бірімен тік бурыш жасай калыптастыруна болады. Ал жоғарты екінші күрек тістің тандай жақ бетіндегі тұйык тесікте және төменгі улкен азу тістердін ұрт жак беттеріндегі, жоғаргы улкен азу тістердін тандай жак беттеріндегі ойыктарда жеке дамыган тісжегі кустарын егеп-тазалаган кезде оларга цилиндрге ұқсас немесе сопак пішін береді.

35.1 кластаны акауды егеу кезіндегі аскынулар.

Азу тістердің шайнау беттеріндегі тісжегі қуысын және оның төңірегіндегі күмәнді жүлгелерді қоса ашып егеп тазалаған кезде олардың табандарының тереңдіктері бірдей болмауы мүмкін. Бұндай жағдайда бұзылмаған тіс тіндерін сақтау үшін қуыстардың табанжарын сатыға ұқсас етіп қалыптастырады. Егерде шайнау бетінжегі тісжегі қуысы бірнншеу болса және олардың арасынжағы қатты тіндерден тұратын қабырға қалың болса, әрқайсысын жеке жеке егеп тазалайды

36.У кластагы жегі акауынын сипаттамасы.

V класс - барлык тістердін мойын беліктерінде орналаскан

тісжегі куыстары.

• V-кластык тісжегі куысына сопак

немесе жарты ай пішінін беріп егеп-тазалайды

V кластагы тісжегілі куыстарды егеу мойындық аймақта ұлпанын жақын орналасуына және оны ашып алу кауіпіне байланысты киындыктар тугызады . V кластаны куыстар әдетте тіс сауытьнын мойындык бөлігінде

вестибулярлык бетте пайда болады.

Әдетте кызыл иектік шеттік пішнін кайталай отыра, сопак пішінді куыс жасалады.

Кызыл иектік кабырганын өнделуіне улкен назар аударады: ол куыстын түбіне тік бұрыш жасай калыптастырылады. Оны куыстын түбіне сүйір бұрыш

жасай калыптастыруга да болады, себебі, шайнау жуктемесі салынган пломбага қысым түспейді

37.V класстағы жегі ақауын егеу әдісі.Қуыстың қызылиек алды қабырғасын қалыптастыру әдісі.

Жауабы: Әдетте білетініміздей V кластағы қуыстар тіс сауытының мойындық бөлігінде вестибулярлық бетте пайда болады. Кариозды қуыстың төменгі шекарасы кейде қызыл иек жиегінің астына өтеді, жоғарғы жағы тіс тәжінің экваторымен шектеледі.Тістің мойын аймағының айқын ауырсыну сезімталдығын ескере отырып, анестезиямен V класстың кариозды қуыстардын дайындаған жөн. Әдетте бұл аймақты егеп даярлағанда ,қызыл иектік шетінің пішінін қайталай отыра, көбінде сопақ пішінді куыс жасалады. Жалпы ережеге сай егеп-тазалауды бұл класста әртүрлі пішін жасалады,олар:сопақ, жарты ай, бүйрекке ұқсас болады. V класстағы жегі ақауын егеу кезінде Қызыл иектік қабырғаның өңделуіне үлкен назар аударылады: ол қуыстың түбiне тiк бұрыш жасай калыптастырылады. Оны куыстың түбіне сүйір бұрыш жасай калыптастыруға да болады, себебі, шайнау жүктемесі салынған пломбаға қысым түсірмейді. Tic куысының топографиясын ескерсек, жасалған куыстың түбін дөңес кылып калыптастырады. Тістің түбі мен қабырғасы аралығының бұрышы 85 ° болу керек.Адгезивтi касиетке ие материалдардын пайда болуына байланысты жоғарыда аталған кейбір талаптардың маңыздылығы азайды. Бірақ бұл талаптарды сақтай отырып, композиттермен пломбалағанда емнің нәтижесі арта түседі, сондықтан олардан мүлде бас тартқан дұрыс емес. Жалпы, Егер кариозды қуыстың шайнау бетіне қараған қабырғасы эмальдың шеттерін бұзған болса, онда оларды жою керек. Алдыңғы тістердегі V класты кариозды қуыстар түзу, ал азу тістерде бұрыштық наконечникпен өңделеді. Жұмыста фиссуралы, доңғалақ тәрізді және кері конусты борлар қолданылады.

38. V класстағы жегі ақауын егеу кезінде болуы мүмкін асқынулар

Тісжегіні емдеген кезде жіберілетін қателіктер мен асқынулар өте жиі кездеседі және олар дәрігер-стоматологтың біліктілігіне байланысты. Жиі кездесетін асқынулар:

1. Ұлпаны кездейсоқ ашып алу. Бұл көбінесе тіс қуысының топографиясын нашар білгендіктен туынайды. Емі: ұлпаны сақтап емдеу әдісі қолданады.

2. Қойылған пломбының қасында екіншілік тісжегінің дамуы. Себебі: жұмсарған дентиндітолық алмау, кіреуке жиегін дұрыс тегістемеу. Емі: пломбыны алып тастап, тісжегі қуысын қайта егеп-тазалау, техникалық ережелерді сақтап, пломбыны жаңадан қою.

3. Пломбы қойылғаннан кейін ұлпаның қабынуы және некроздануы. Себебі: пломбылық материалдардың астына аралық төсемді дұрыс қоймау, терең тісжегі кезінде емдік төсемдер қолданбау. Емі: ұлпа мен периодонт қабынуларын емдейді.

4. Қызылиек бүртіктерінің қабынуы және пародонттың шектеле қабынулары. Себебі: 3,4,5, және 2 кластық тісжегі қуыстары кезінде салбыраңқы қойылған пломбылар және тістердің түйісу орындарын дұрыс қалыптастырмау. Емі: пломбыны қайтадан қою. Кейбір кезде жасанды сауыттар кигізуге тура келеді.

5. Пломбының түсіп қалуы. Себебі: тісжегі қуысы дұрыс егеп-тазаланбаған, пломбылау кезінде сілекей түсіп кеткен, материал дұрыс таңдалмаған және қою техникасы сақталмаған. Емі: тісжегі қуысын дұрыс егеп-тазалау, пломбыны қайтадан қою.

39. Жарықпен қатаятын композитті материал астына егеудің ерекшелігі

Тістің бұзылмаған тіндеірн барынша сақтап, тек жұмсарған және пигменттелген дентинді, т.сі өзгерген кіреукені мұқият алып тастау. Сонымен қатар тісжегі қуысы жиегін бойлай отырып кіреуке 45 градус бұрышпен кесіліп алынады. Бұл композиттің жабысуын жоғарлату және шекарасын көрсетпеу мақсатында жасалады. Карбидті және алмаз үгіндісімен жабылған борлар қолданылады. Тіс тіндерін егеп-тазалау салқындатқышпен қамтамасыз етілген турбиналық ұштықтардың көмегімен орындалады.

40. Жегі қуысын пломбалауға дайындау:

Бірнеше маңызды шараларды атқарудан тұрады-•Зақымдалған бетті тұрақсыз заттар мен кариозды түзілімдерден тазарту. Кариес болған кезде бетті тазарту ерекше маңызға ие: егер тіс беті толығымен тазаланбаса, тістің бұзылуы пломбаны орнатқаннан кейін де жалғасады,яғни кариозды үрдіс одан әрі дами береді.

•Жұмыс аймағындағы сілекейді кетіру сілекей сорғыштармен және тісті қоршаған жұмсақ тіндерден оқшаулайтын мақта тампондарымен (немесе латекс төсемдермен) жүзеге асырылады.•Бетті дайындау механикалық және микробқа қарсы-антимикробты өңдеуді қамтиды.Антимикробты өңдеу тіс бетінің адгезиясын арттыру үшін,яғни дұрыс пломбалық материал жабысу үшін қажет. Ол үшін антисептикпен тазартылған матаға 30 секунд. құрамында қышқыл бар арнайы ерітінді қолданылады.Көбіне-сутегі асқын тотығының 3% ерітіндісімен жуып, 96 градус спиртпен және эфирмен кептіру жүзеге асырылады. Ерітіндіні жуғаннан кейін пломбаның астындағы қуыс Мұқият кептіріледі. Одан кейін Аралық төсем салып,адгезивтік жүйені қолданылады.•Сосын Пломбалау материалын дайындау және пломбаны орнату керек. Бұл кезеңде препараттар пломбаның мақсаты мен түріне сәйкес дайындалады. Бұл емдік уақытша пломба немесе 20 жылдық қызмет ету мерзімі бар берік құрам болуы мүмкін. Тұрақты пломбаны орнатқан кезде паста ұсақ көпіршіктердің пайда болуын болдырмау үшін мұқият тығыздалады, ал қатайғаннан кейін ол табиғи шағу деңгейіне дейін тегістеледі және жылтыратылады. Нәтижесінде тіс өзінің табиғи формасы мен сау функционалдығына ие болады.

41. II кластағы жегі ақауының сипаттамасы.

II класқа кіші азу және үлкен азу тістердің контактілі беттерінде орналасқан тісжегілі куыстар жатады. Блэк бойынша тіс жегінің екінші класы-шайнайтын тістердің жанасу (бүйір) беттеріндегі кариозды зақымдану. Көбінесе бұл жағдайда кариес бір тістен көрші тістің жанасатын бетіне таралады. Мұндай патологиялық процесс әдетте жасырын түрде жүреді, өйткені шайнайтын тістердің бүйір беттері күлімсірегенде немесе сөйлескенде көрінбейді. Сондықтан зақымданудың бұл класы әдетте тіс дәрігерінің қарауында анықталады және кариестің орташа немесе терең түрін емдеуді білдіреді.

Мұндай зақымдануды емдеу зардап шеккен тістің тәжін "қадам" түрінде қуысты шайнау бетіне шығарумен, бұзылған тіндерді бұрғылаумен және көрші тіспен байланыс нүктелерін құра отырып, пломбаны орнатуды қамтиды.

42. II кластағы жегі ақауын егеу әдісі.

Блэктің классификациясына байланысты II кластағы кустарға азу тістер мен кіші азу тістердің контакттық беттерінде орналасқан қуыстар жатады. ІІ класстағы тісжегілі қуыстарды калыптастырудың үш негізгі нұсқасы бар: қосымша

алаңсыз, косымша алаңмен және медиоокклюзиондисталды (МОД-қуыс).

Қосымша алаңсыз тісжегілі қуысты қалыптастыруға керсетілім тіс сауытының шайнау бетіне жақын орналасуы. Мұндай қуысты қажет болған жағдайда пломбалық материалды бекітуге жағдай жасау үшін шайнау бетімен ұзартуға болады. Қуысты шайнау бетімен ұзарту оның тіс қуысынан алшақ орналасуына байланысты.

Тістің мойындық аймақтарында контакттық бетінде орналасқан куысты да қосымша алаңсыз калыптастырады). Бұл жерде көршілес тістің жоктығына байланысты тісжегілі тіске кол жетімді. Мұндай қуысты шайнау бетіне шығарудын кажеттілігі жок. Оны әдетте сопақ пішінді етіп қалыптастырады, ол мойындық аймактағы тісжегілі үдерістің таралуына байланысты. Қосымша алаңы бар тісжегілі куысты жасауға керсеткіш мойындык аймақтың түйісу бетінде орналасуы, бұл кезде көршілес тістермен тығыз қатынасқа байланысты оған жету қиын. Қосымша алаңы бар куыстарды

егеудін ерекшелігі мен киындығы - оны шайнау бетіне шығару үшін бетінде орналасқан сау дентин мен кіреукенің коп бөлігін алу қажеттілігінде. Алмас шар тәрізді бормен шайнау бетін тісжегілі қуысқа ене отырып трепанациялайды, ол бордың бос қуысқа еніп кетуімен сезіледі.

Кызыл иек алды қабырғаны егеуге ерекше назар аудару кажет. Оны түбіне тік бұрыш жасап препараттайды. Егер бұрыш өткір болмаса, шайнау қызметі кезінде жүктемеден пломба тусіп қалуы мүмкін.

Қызыл иек алды қабырғасын фиссуралық бормен немесе керіконусты бордың тік жанымен препараттайды.

Негізгі куысты қалыптастырғаннан кейін шайнау бетінің фиссурасында қосымша алаңды жасауға кіріседі. Қосымша алаң пломбаның жақсы бекуіне және шайнау кезіндегі жүктемені біркелкі түсуге жагдай жасайды.

Қосымша алаңды жасауға койылатын негізгі талаптар:

* ені негізгі куыстың еніне тең немесе кіші өлшемді болуы керек (контакттық бет кен көлемі закымдалса);

* ұзындығы бойынша минималды өлшемі шайнау беті ұзындығының 1/3 кем болмауы керек, ал максималды - 2/3-і фиссура закымдалған кезде ол жақсы кесіп алынып тасталып жэне қосымша алаңға енгізілу тиіс;

* терендігі 1-2 мм кіреуке-дентиндік қосылыстан темен болуы керек.

Косымша алаңның тереңдігі жеткілікті болмаса, пломба сынып кету мумкін, ал негізгі жене қосымша алаңның елшемдері сәйкес келмесе, пломба түсіп калады. Негізгі куыстың түбі қосымша алаңның түбіне тік бұрышпен өтуі керек.

Егер бұрыш үшкір болса, салынған пломба мүжілуі мумкін. Егер бұрыш тік болмаса, шайнау кезінде пломба түсіп қалады.Қосымша алаңды төмпешіктерін барынша сақтай отырып, фиссурада қалыптастырады, сондықтан қосымша

алаңның пішіні фиссураның пішініне сай келуі тиіс.

МОД - куыстар екі контакттық беті

катар закымдалғанда жасалады. Мұндай жағдайларда қосымша алаңды шайнау бетінің фиссурасында жасайды. Тістің сауыттық бөлігі сынып қалмас ушін темпешіктерді тегістеу міндетті болып саналады.

Қатар орналаскан тістердін аралас контакттық беттерінде тісжегілі қуыстары болғанда оларды егеуді бір рет келуде жүргізеді. Әйтпегенде, екінші тісте қуысты қалыптастырмас бұрын келесі тіске пломбаны салып тастаса, содан кейін препараттауға кіріссе, онда салынып қойған пломбаны булдіру қаупі туады. Қазіргі кезде композитті, шыны иономерлік пломбалау материалдарының пайда болуымен ғалымдар егеудің үңгірлік әдісін ұсынды («tonnel prep»).Ол тісжегілі қуыс экваторда, не одан сәл төмен орналасқанда қолданылады. Әдістін мақсаты - контакттық қабырғасын және шайнау бетіндегі жиектік айдарын сақтап калу. Тісжегілі куысқа шайнау бетіндегі фиссура арқылы жетеді. Бұл әдіс кезінде тістің қуысын байқаусызда ашып алу және тісжегілі дентин толығымен алынбай қалуы сиякты керек емес асқынулар болуы мүмкін.

Мойын аймағындағы кіші тісжегі қуысы кездерде контакттық беттегі сау кіреуке мен дентинді сақтап калып, оны вестибулярлы не оралды бетінен егеуге болады.

43. Негізгі жене қосымша қуысты қалыптастыру ерекшеліктері.

44. II кластағы ақауды егеу кезінде болуы мүмкін асқынулар.

Тісжегіні емдеген кезде жіберілетін қателіктер мен асқынулар өте жиі кездеседі  және олар дәрігер-стоматологтың біліктілігіне тікелей байланысты.

1.Кариозды қуыстың түбі мен қабырғасының перфорациясы.

2.Кариозды қуысты алып тастамай емдеуге тырысқанда іргелес тістердің шайнайтын бетке бормен зақымдануы
1   2   3   4


написать администратору сайта