терапия рк1, 205-206 (копия). Дрігерстоматологты жмыс орнын йымдастыру. Стоматологиялы кабинетті жабдытау
Скачать 2.31 Mb.
|
19. Тістерге тән белгілер Әрбір тістің қай топқа жататынын анықтауға мүмкіндік беретін анатомиялық белгілері бар. Ондай белгілер шайнау беткейінің сауыт пішіні, түбірінің көлемі. Сонымен қатар тістің оң немесе сол жақ сүйектеріне жататынын анықтайтын белгілері де бар. Олар: сауыттың қисықтану белгісі; сауыт бұрышы белгісі; түбірінің белгісі (4.3-сурет).4.3-сурет. Тістің қай жаққа (оң не-месе сол) жататынын анықтайтын белгілер: а - сауыттың қисық-тануы; б - сауыт бұрышының бел-гісі; в - түбір белгісі (стрелкаменбелгіленген) Сауыттың қисықтану белгісі (4.3-сурет, а) еріндік және ұрттық беткейлері ассиметриялы болуымен тұжырымдалады. Фронталды топтың тістері ортаңғы сызыққа қарай ығысқан. Осыған байланысты медиалды беткейге жақын тіс сауыттары өте шығыңқы, ал латералды бөлігі аздап шығыңқы. Шайнау тобына жататын тістер вестибулярлы беткейдегі алдыңғы бөлігі өте шығыңқы және артқы бөлігі аздап шығыңқы. Сауыт бұрышы белгісі (4.3-сурет, б) алдыңғы тістердің медиалды беткейі мен кескіш қырлары және шайнау тобының тістерінің алдыңғы және окклюзион- ды беткейлері өте өткір бұрыш түзеді. Ал өткір емес бөлігі сауыт бұрышына қарама-қарсы бөлігі болып саналады. Түбір белгісі (4.3-сурет, в) алдыңғы топ тістерінің түбірі ортаңғы сызықтан латералдыға, ал шайнау топтың тістері артында түбірдің көлденең осіне карай ығысқан. 20. Жоғарғы жақтың тұрақты кіші азу тістерінің анатомиясы. Кіші азу тістер (dentes premolares) немесе кіші түбірлік тістер Жоғарғы жақ сүйегінің бірінші кіші азу тicі (dens premolaris primus superior). Жақ сүйегінің жоғарғы бөлімінде 4 кіші азу тістер бар, олар әрбір жақта екіден орналасқан. Кіші азу тістер - тұрақты тістемде кездесетін тістер.Олар сүт азу тістерінің орнына жарып шығады, азықты езу және бөлшектеу ге қатысады. Өзінің морфологиялық кұрылымында сүйір тістерімен азу тістерін байланыстырады. Жоғарғы жақ сүйегінің бірінші кіші азу тісі пішіні бойынша ұрттық-тандайлық бағытта созылған үшбұрышқа сәйкес келеді. Шайнау бетінде екі төмпешігі бар - ұрттық және таңдайлық, ұрттық көлемі бойынша ірі болып келеді. Төм- пешіктер арасында ұзына бойына фиссура, шеттерінде көлденең жүлгелер және үлкен емес кіреуке жұмыры орналасқан. Сауыттың вестибулярлы (ұрттық) беті ит тісінің вестибулярлы бетіне ұқсас болып келеді, бірақ ол қысқа және вертикалды жұмырларымен екіге бөлінеді: кіші (алдыңғы) және үлкен (артқы). Вестибулярлы бетінің қатынастыққа ауысқан жерінде дөңгелектенген бұрыштар түзіледі. Қатынастық беттер тік бұрышты пішінді, бұрыштар түзбей, дөңестенген тіл бетіне өтеді. Тісте екі түбір болады:ұрттық және таңдайлық. Алдыңғы артқы бағытта түбірлер қысылған, бүйір беттерінде - терең жүлгелер бар. Түбір мойынға жақын орналасқан сайын, ұрттық төмпешік ауыз қуысы жағына қарай еңкейеді. Ұрттық түбір екі түбірге бөлінеді: алдыңғы ұрттық және артқы ұрттық. Тістердің айырмашылық белгілері оң немесе сол жаққа жататыны жақсы айқындалған. Бірақ сауыттың қисықтану белгісі кері болуы мүмкін, ол дегеніміз сауыттың ұрттық бетінің артқы бөлігі дөңестеліп келеді, ал алдыңғы бөлігі ойысталған. Жоғарғы жақ сүйегінің екінші кіші азу тісі (dens premolaris secundus superior) Пішіні бойынша біріншіден айырмашылығы аз, бірақ көлемі бойынша кіші болып келеді. Шайнау бетінде ұрттық және таңдайлық бұдырлары бірдей көлемді болып келеді. Түбірі біреу, конус тәрізді, бүйір беттерінде терең емес жүлгелері бар аздап жазықталған пішінді. Ұшы жағында түбірдің аздап екі еселенуі кездеседі. 21. Төменгі жақ тұрақты кіші азу тістерінің анатомиясы. Кіші азу тістер dentes premolares деп аталады. Адамда 8кіші азу тіс бар, оның 4еуі жоғарғы, 4-еуі төменгі. Кіші азу тістер-тұрақты тістемді құрайды. Олар сүт азу тістерінің орнына жарып шығады, қызметі-азықты езу, бөлшектеу. Өзінің морфологиялық құрылымында сүйір тістер мен үлкен азу тістерді байланыстырады. Енді жеке тоқталатын болсақ төменгі жақтың кіші азу тістерінен бастаймыз. Олар бізде 2еу. Төменгі жақ сүйегінің бірінші кіші азу тісі-dens premolaris primus inferior деп аталады. Сауыты дөңгелек пішінді, түбірге қатынасында тілге қарай еңкейген. Тілдік,ұрттық,шайнау,қатынастық беттері бар. Ұрттық беті пішіні бойынша ұрттық беттің ит тісіне ұқсас болады және ұзына бойына созылған жұмырмен фасеткаларға бөлінген. Шайнау бетінің алдыңғы,артқы екі беткейлі бұдыры бар. Тілдік беті ұрттық бетке қарағанда қысқа, соған байланысты дамуыда төмен. Қатынастық беті дөңестелген. Түбірі жайлы айтатын болсақ сопақ пішінді, алдыңғы және артқы беттерінде айқын емес жүлгелер бар. Тіс белгілері жақсы айқындалған. Төменгі жақтың екінші азу тісі-dens premolaris secundus inferior деп аталады. Көлемі бойынша бірінші кіші азу тісінен үлкен.Шайнау беті домалақ пішінді, 2төмпешігі бар(ұрттық,таңдайлық). Олар жақсы бейнеленген, биіктігі бойынша бір деңгейде орналасқан. Тіс түбірі конус тәрізді, түбір белгісі жақсы айқындалған. 22. Тістің анатомиялық құрылымы. Тістер аскорыту ағзаларының негізгі кұрамдас бөлiгi болып келедi. Олардын кызметiне тағамды шайнау, жұмсарту және жармалау кіреді. Сонымен катар тыныс алу, сөйлеу кабiлетiнiн калыптасуын, дыбыстардын таза шығуын камтамасыз етiп, тұлганын сырткы эстетикасын калыптастырады. Сырткы эстетика дегенде адамда толық тістерінің болуы олардың өзіне деген комплекс ұстамауына көмектеседі. Адам емiрiнде тiстерi бiр рет кана ауысады. Адамда тұрақты және уақытша тістер бар. 1.Уакытша немесе сәбилік тiстер баланын эмбрионалды дамуынын 6-8-аптасында калыптасып, 5-6 айында жарып шыға бастайды. Калыпты жағдайда сүт тістесуде 20 тiс болады. Сүт тістемнін анатомиялык формуласы: 2.1.2, яғни, бір жағында екi күрек тіс, бiр суйiр тiс және екi азу тіс. Уақытша тістер жарып шығу мерзімі: Орталық күрек тіс 6-8ай Бүйір күрек тіс 8-12ай Ит тіс 16-20ай 1ші уақытша моляр 12-16ай 2ші уақытша моляр 20-30ай 2. Тұрақты тістер барлығы 28-32: 8 күрек тіс, 4 сүйір тіс, 8 кіші азу тіс және 8-12 улкен азу тіс (үшінші азу тiс барлык адамдарда жарып шыкпайды). Тұрақты тістердін анатомиялык формуласы 2.1.2.3, әрбір жақта орталық және бүйір күрек тістер, сүйір тістер, бірінші және екінші кіші азу тістер, сонымен қатар бірінші, екінші және үшінші азу тістер бар. Тұрақты тістердің жарып шығу мерзімдері: • ортанғы күрек тістер - 6-8 жас; бүйір күрек тістер - 8-9 жас; • сүйір тістер - 10-11 жас, • бiрiншi кiшi азу тістер - 9-10 жас; • екінші кіші азу тістер — 11-12 жас; бірінші үлкен азу тістер - 5-6 жас; екінші үлкен азу тістер 12-13жас; үшінші үлкен азу тістер 20-25жас. Біз бұнымен сүт тістер мен тұрақты тістернің әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері, жарып шығу мерзімдері бар деп айта аламыз. Тiстер негiзгi функциялары бойынша 4 түрге жiктеледi: ⦿ Кескiштер - балаларда шығатын алдыңғы тiстер. Азықтың кесуi үшiн пайдаланылады ⦿ Азу тiстер - асты бөлшектеу үшін және азықты ұстап қалуы үшiн қызмет көрсететiн конус сияқты тiстер ⦿ Премоляр (түбірдің алдындағы азу тіс) ⦿ Моляр тістер(түбірдегі) - азықтың қажалауы үшiн қызмет көрсететiн артқы тiстер. Тістің бөліктері 3ке бөлінеді: 1. Тіс сауыты-ауыз ішінде тұрған бөлігі. 2. Тіс түбірі-тіс ұяшығында немес алвеолада орналасқан бөлік. 3. Тіс мойыны-тіс сауытының тіс түбіріне қараған бөлігі. Бұл аймақта тіс сауытын жауып тұрған кіреукеден жабынды бітіп, түбір цементі басталады. 23. Тіс сауытының беткейі 1. Жабық беткейі (түйісу беткейі), facies occlusalis, қарама-қарсы жақсүйектің тістеріне бағытталған. Олар кіші және үлкен азу тістерінде болады. Ит тістер мен күрек тістердің шетінде кесетін жиек, margo incisalis түзеді. Бұл беткейлерді шайнау беткейлері, facies masticatoria, немесе шайнау жиегі margo masticatoria деп те атайды. 2. Вестибулярлы(беттік)беткей, facies vestibularis, ауыз кіреберісімен шектелген. Алдыңғы тістерде ерінге жақын беткейі еріндік, facies labialis, ал артқы ұртқа жақын беткейі ұрттық facies buccalis деп аталады. 3. Лингвалді(тілдік)беткей, facies lingualis, ауыз қуысынан тілге бағытталған. Сонымен бірге түбір беткейі және орын қабырғасы деп те аталады,ол меншікті ауыз қуысына бағытталған. 4. Түйісу беткейі, facies contactus, көршілес тістерге жақын. Онда медиалды беткейі, facies medialis, тіс доғасының ортасына жақын, ал дисталды facies distalis, тіс доғасының жиегіне жақын орналасқан бұл беткейлер апроксималды, facies aproximalis, деп те аталады. Бүйір азу тістер үшін мынадай терминдер қолданылады: алдыңғы беткей facies anterior, артқы facies posterior. Аналогиялық терминдер тіс түбірінде таралған,ал сәйкес тістің орын бөлігі орынаралық қалқаны білдіреді septa interalveolaria medialis et distalis. Әрбір тісті сипаттау және зерттеу аталған беткейлерге байланысты болады. Сондықтан осы мақсатпен вестибулярлы қалып, лингвалды қалып, жалпақ қалып және медиалды қалып деген терминдер қолданылады. «Қалып» деген мағына тістің зерттеудегі жағдайы, тістің орналасу қатарына байланысты. Мысалы, вестибулярлы қалып бұл вестибулярлы тіс беткейінен қарағанда тістің сауыты, мойыны, түбірінің сипаттамасы. Тіс сауыты мен түбірін үштен бірге бөлу қабылданған. Осылайша,тісті перпендикулярлы білігі бойынша бөлгенде сауытында окклюзальді,ортаңғы және цервикальді, ал түбірінде цервикальді ортаңғы және апикальді бөліктерге бөледі. Вестибулярлы қалыпта сауыт аймағында медиалды ортаңғы және дисталды бөліктерге бөлінеді,олар өзара сагиталды жазықтықтармен бөлінеді. Медиалды қалыпта фронтальді оринтерленген жазықтықтармен сауытты вестибулярлы, ортанғы және лингвальді бөліктерге бөлуге болады. Сондай ақ бізде тіс сауытының беттері болады: 1. Кіреберіске қарағанда беті-вестибулярлы беті. 2.Күрек және сүйір тістер тобы-еріндік бет. 3.Кіші азу тіс, азу тіс-ұрттық. 4.Ауызқуысына қараған барлық тістердіғ беті-Оральды. 5. Беттік жоғарғы жақ сүйек тістері-Таңдайлық. 6. Төменгі жақ сүйек тістері-тілдік. 7. Кіші азу тіс пен үлкен азу тістер қарама-қарсы орналасса шайнау беттері. 8. Екі көрші тістердің жанасқан беткейі-қатынастық. 2 4. Тұрақты және сүт тістердіғ ДДҰ бойынша формуласы. 25)13пен бірдей 26)Азу тістер (dentes molares) Жоғарғы жақ сүйегінің 6 азу тіс бар - әрбiр жақта үштен орналаскан. Азу тістер кіші азу тістерден кейiн орналасқан, оларды бiрiншi, екiншi және үшiншi деп атайды. Барлық азу тiстердiң iшiнде бiрiншi азу тістер өте үлкен деп саналады. Жоғарғы жақ сүйегiнiң бiрiншi азу тiсi (dens molaris primus superior) (4.15-cy pem). Сауыттың шайнау беті ромб тәрiздi пiшiндi, төрт төмпешігі бар - екі ұрттық, екi тандайлық. Ұрттық төмпешіктер үшкір, таңдайлық- домалақ пішінді. Алдыңғы таңдайлық төмпешікте қосымша төмпешік бар (tuberculum anomale carabelli). Көлемi бойынша алдыңғы төмпешіктер артқыдан үлкен болып келеді.Алдыңғы ұрттық төмпешік айқын бейнеленген. Шайнау бетінде екі жүлгесi бар: алдыңғы және артқы. Алдыңғы жүлге ұрттың бетiнде, қисық бағытта шайнаумен қиылысып, алдыңгы беткей ұшында аяқталады. Бұл жүлге басқа алдыңғы ұрттық төмпешіктерден бөлiп тұрады. Артқы жүлге таңдай бетiнен басталып, шайнауды қисығынан қиып, артқы беткей ұшында аяқталады, артқы төмпешiктi бөлiп тұрады. Алдыңғы таңдайлық және артқы ұрттық төмпешіктер жұмырлармен байланысқан. Өте сирек, жүлгелермен бөлiнiп тұрады. Ұрттық бетi дөңестелген, аздап дөңестелген қатынастық бетке өтедi. Алдыңғы бетi артқыға қарағанда үлкен. Таңдай беті көлемі жағынан ұрттық бетке қарағанда кiшi, бiрақ дөңес болып келедi. Тiсте үш түбiрi бар: екі ұрттық (алдынғы ұрттық және артқы ұрттық)және бiр таңдайлық. Таңдайлық түбiр конус тәрiздi пiшiндi және көлемi бойынша ұрттықтан үлкен. Алдыңғы ұрттық түбір артқы ұрттықтан улкен және артқа қарай майысқан. Артқы ұрттық түбiр көлемдерi кiшкентай және өте тiк болып келедi. Тiстi жаксүйегiнiң оң немесе сол жаққа жататынын анықтайтын барлық үш белгiлерi жақсы бейнеленген. Жоғарғы жақ сүйегінің екінші азу тici (dens molaris secundus superior) (4.16-cypem). Көлемi бойынша жоғарғы жақ сүйегiнiң бiрiншi ау ісінен кіші. Тістің анатомиялық кұрылымының 4 нұсқасы бар. Пiшiнi бойынша тіс сауыты бірінші азу тiс сауытына уқсас болып келедi, көлемi кiшi, қосымша төмпешігі жоқ (tuberculum anomale carabelli).Tic cayыты ромб пiшiндi, алдыңғы артқы бағытта өте шығыңқы. Төрт төм пешiгi бар. Алдыңғы таңдайлық және артқы ұрттық төмпешіктер жақын орналасқан, арасындағы жүлгелер бейнеленбеген. Тіс сауыты ромб пiшiндi, алдыңғы артқы бағытта өте шығыңқы. Үш төмпешігі бар. Алдыңғы таңдайлық және артқы ұрттық төмпешіктер бiрiгiп,домалақ пiшiндi болады. Төмпешіктер бiр сызықта орналасады. Сауыт үшбұрышты пiшiндi, үш төмпешiгi бар: екi ұрттық (алдыңғы ұрттық және артқы ұрттық) және бiр тандайлық Сауыттың бiрiншi және төртiншi пiшiндерi жиi кездеседi. Тiсте көлемi бойынша бiрiншi азу тiске қарағанда азлап кiшi үш түбiрi бар. Жиi ұрттық түбірлер бірігіп кетеді, өте сирек жағдайда барлық түбірлер бірігіп кетуі мүмкін. Тiстi жақ сүйегiнiң оң немесе сол жаққа жататынын анықтайтын белгiлiрi жақсы бейнеленген. Жоғарғы жақ сүйегінің үшінші азу тісі (dens molaris tertius superior) (4.17 cycery Құрылымы бойынша вариабелдi, пiшiндерi және көлемi жағынан кестен нұсқалары бар, бiрақ жиi жоғарғы жақ суйегiнiң бiрiншi немесе екінші тістерінің пішіндеріне ұксас болып келедi. Кейбiр жағдайда азу тістердің тікенек тәрізді) пiшiнiн кездестiруге болады. Шайнау бетi бiр төмпешіктен және одан да көп болуы мумкiн. Түбiр көлемiде әр түрлі. Кейбір жағдайда жақсы айқындалған жүлгелерi бар, түбiрлiн астасу орнын белгiлейтiн бiр конус тәрiздi түбiр байқалады. Жиi түбiрлер қисайтан және қысқа болады. 27)Тістер асқорыту ағзаларының негiзгi кұрамдас бөлiгi болып келеді. Олардың қызметiне тағамды шайнау, жұмсарту және жармалау кіреді. Сонымен қатар тыныс алу, сөйлеу қабiлетiнiң калыптасуын, дыбыстардың таза шығуын камтамасыз етiп, тұлғаның сыртқы эстетикасын қалыптастырады. Адам өмiрiнде тiстерi бiр рет қана ауысады. Уақытша немесе себилік тiс түйiстiң тiстерi (dentes temporale s. lactice) баланың эмбрионалды дамуынынң 6-8-аптасында қалыптасып 5-6 айында жарып шыға бастайды. 2-2,5 жастан бастап сәбилік тістүйiстiң тiстерi жарып шығады: 8 күрек тіс,4 сүйір тіс және 8 азу тіс. Қалыпты жағдайда сут тістесуде 20 тiс болады. Сүт тістемнің анатомиялық формуласы: 2.1.2, яғни, бір жағында еке күрек тіс, бір сүйір тіс және екi азу тіс. Сәбилік тіс түйiстiң анатомиялық формуласы көрсетiледi: • I1 -бiрiншi (орталык) күрек тіс; I2екiншi (бүйір) күрек тіс; • C - суйip Tiс; М1- бірінші азу тіс; М2- екінші азу тіс. Клиникалық тәжірибеде уақытша (сүт тiстерi) тістерді рим цифрларымен белгiлейдi: Көлденең сызық жоғарғы жақ тiстерiн төменгi жақ тiстерiнен шартты ажыратады, ал тік сызық оң және сол жақты белiп тұрады. Тістерді нөмірлеу орталық (тік) сызықтан басталады, күрек тістерден азу тістерге дейiн. Уақытша тістер бiртiндеп тұрақты тістерге ауысады. Тұрақты тістер 5-6 жастан бiрiншi азу тістен бастап жарып шыға бастайды. 28)Тісжегі - тістер шыққаннан кейiн пайда болатын, жалпы және жергілікті жағымсыз факторларының әсері салдарынан деминералдау және протеолизбен өтетiн тiстердiң қатты тiнiндегi патологиялық үдеріс. Қазіргі кезде тісжегі үдерiсi деминерализденуден, яғни, кіреукенің минералды компоненттерiнiң жоғалуынан басталатыны дәлелденген (6.1-сурет). 1883 жылы У. Миллер бiздiң қазiргi кезiмiзде тісжегілі үдеріс негізі ретінде қарастырылатын химиялық-паразитарлық теорияны ұсынған. Автор тісжегілі үдеріс дамуының екі фазасын ажыратты: химиялық және бактериалды. Бірінші фазада бейорганикалық компоненттер ауыз қуысында көмірсулардың ашуы салдарынан түзiлетiн сүт қышқылында ериді. Екінші фазада дентиннің органикалық негiзi бактериялардың протеотикалық ферменттерiмен бұзылады. Топтағы әрбір тексерiлген адамнан тісжегілi тiстiң (К), пломбаланған (П) және жұлынған (Ж) тістің санын анықтайды. Мұндай тістердің жалпы Қосындысы КПЖ көрсеткіші болып табылады. Тісжегінің клиникалык көрiнiсi айтарлықтай алуан түрлі және жақсы зерттелген. Стоматолог жұмысындағы ең ынғайлысы тісжегінің клиникалық топографиялық жiктелуi. Бұл жіктелу бойынша тісжегінің 4 кезеңін ажыратады: дақ кезеңiндегi тісжегі (тісжегілі дақ - маcula cariosa); беткей тісжегі (caries superficialis); орташа тісжегі (caries media); терең тісжегі (caries profunda). Тісжегінің дақ кезеңiнде шектелген аймақта кіреуке түсiнiң өзгеруi аныкталады (3-5 мм). Дақ ақ түсті немесе пигменттелген (коңыр немесе қара түсті). Дақты зондтағанда зонд сырғып, тоқталмайды, кiреукенің бүтіндігі бұзылмайды. Беткей тісжегісін зондтау жағдайында ақау кiреуке денгейiнде анықталады. Тісжегілi қуыстың қабырғасы және түбі бар, оны зондтағанда аздап ауырсыну сезiмi болады (кiреуке-дентиндік қосылыстың жақындығының себебінен). Орташа жегiде тісжегілi қуыс кіреуке және дентиннің ортанғы қабаттарында анықталады, кабырғаларын зондтағанда кiреуке-дентин шекарасы бойында ауырсынады. |