Главная страница
Навигация по странице:

  • ДӘРІС 4

  • Саяси биліктің легальдылығы

  • Саяси биліктің легитимділігі

  • Саяси билік ресурстары

  • Саяси билік субъектілері

  • 3-4 Дәріс Саясаттану. Дріс 3 Оамды мір жйесіндегі саясат


    Скачать 34.25 Kb.
    НазваниеДріс 3 Оамды мір жйесіндегі саясат
    Дата07.03.2022
    Размер34.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла3-4 Дәріс Саясаттану.docx
    ТипДокументы
    #385734

    ДӘРІС 3
    ҚОҒАМДЫҚ ӨМІР ЖҮЙЕСІНДЕГІ САЯСАТ
    Саясат адамзат қатынастары арасындағы өте күрделі сала. Оны көпшілік ғылым деп атап көрсетіп жатса, өнер деп есептейтіндер де кездесіп жатады. Саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі – түрлі әлеуметтік топтар мүдделерін ескере отырып қоғамды басқару. Саясат түсінігі ежелгі грек философы Аристотельдің ұғыммен аттас еңбегі арқылы ғылымға кеңінен тарала бастады. Ғұлама ғалым саясатты отбасылар мен тайпалардың бақытты, ізгілікті өмір сүру түрлерінің ізденісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, адам саяси жануар және ол саяси қатынастарға түрлі деңгейде қатысады: мемлекет азаматы, әлеуметтік топ мүшесі, саяси қайраткер.

    Демокрит және өз заманының ойшылдары саясатты өнерден де жоғары түсінік ретінде айқындайды. Ойшылдардың пайымдауынша, саясат аса дарынды, данышпан, әділетті және шыншылдардың ісі. Парасатты саясат – мемлекеттің гүлдену, қоғам мен тұлғалар дәулеттілігінің кепілі. Неміс саясаттанушысы М. Вебер саясатты билік жүрзізуге ұмтылыс немесе оның үйлестіру қызметіне ықпал жасау ретінде қарастырады.

    Саясат – мүдделер күресі (қоғамның барлық өкілдері мүдделерін ескере отырып басқару өнері). Түсінік гректің πολιτικός, яғни πολι (поли) жиынтық, көптеген деп айдарылса, τικός (тикос) — мүдде; (тікелей аударсақ «мүдделер жиынтығы, көптігі»). Ежелгі Греция қалаларындағы мемлекеттік қызметкерлерді политикос деп атаса, өз қаласындағы саяси өміріне қатыспайтын және қызығушылығы жоқ азаматтарды ιδιοτικός (идиотикос) деп атаған.

    Саясат – бұл ресурстарды таратуды басқару. Бұл билікті алу, сақтап қалу және пайдаланумен байланысты қоғамдық өмір-салттың саласы.

    Ағылшын тілінде саясат ұғымын түсіндіру үшін оның түрлі өлшемдерін сипаттайтын түсініктер қолданылады: нысандық (polity) – саяси құрылымы, саяси институттардың жиынтығы; мазмұндылық (policy) – саясат субъектілерінің жобалары мен талаптары; партиялар бағдарламалары немесе үкімет саясатының бағыттары; іс-жүргізу (politics) – қоғамның барлық саяси өмірі, саяси күрес нәтижелерін ескере отырып жасалатын саяси қатынастар мен саяси қимылдардың күтпеген салдары.

    Саясат туралы көптеген пікірлер арасынан төмендегі ерекшеліктерді атап өтуімізге болады: жалпы міндетті шешімдерді қабылдау бойынша қызмет; мемлекет, партия, мүдделес топтар қызметінің саласы; билік үшін күрес, билікке ықпал жасау және оны пайдалану; мемлекеттік-құқықтық құралдар көмегімен қоғамдық маңызы бар істерді басқару; әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалар қатынасының ерекше түрі; қоғамдық өмірдегі ережелерді жасау, қолдау және өзгерту.

    Саясаттың негізгі элементтеріне билік және оның субъектілері, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар мен саяси мәдениет жатады. Өз кезегінде қоғамдық өмір салаларына сәйкес саясаттың мынадай түрлері бар: экономикалық – экономикадағы азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; әлеуметтік – қоғамдағы орнына байланысты азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; ұлттық – ұлттар арасындағы қатынастарды реттеу; мәдени – рухани өмірдегі азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; мемлекеттік-әкімшілік – мемлекеттік-әкімшілік құрылымының саясаты, билік-саясат саласындағы қатынастарды реттеу.

    Деңгейлеріне қарай бөлінеді: жергілікті – жергілікті құрылымның (аудан, ауыл, қала) дамуымен байланысты мәселелерді реттеу; аймақтық – аймақтың (облыс) дамуымен байланысты сұрақтарды реттеу; жалпымемлекеттік – қоғамның дамуына бағытталған мәселелерді реттеу; халықаралық – халықаралық сахнадағы мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеу; әлемдік – жаһандық заманауи мәселелерді шешуге байланысты мәселелерді реттеу.

    Көлеміне қарай бөлінеді: - стратегиялық – қоғамдық жамудың маңызды басымдықтары, ұзақмерзімді стратегиялық бағыттарды таңдау, негізгі бағыттарға жетудің жолдары мен тәсілдерін айқындау; тактикалық – ағымдағы мәселелерді шешу, жедел шешімдерді әзірлеу және жүзеге асыру.

    Мемлекеттің қызметіне қарай бөлінеді: ішкі саясат – мемлекет ішіндегі түрлі салалардағы азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; сыртқы саясат – халықаралық қатынастар субъектілері арасындағы байланыстарды реттеу.

    Бүгінде аталмыш терминді көбінесе ықпал жасау мен басқарудың түрлері ретінде жиі айқындалады. Саясат қоғамдық өмірдің барлық жақтарына ықпал жасайды. Азаматтар түрлі сайлау үдерістері арқылы билік органдарын қалыптастыруға, мемлекетті басқаруға, материалды және рухани құндылықтарды үйлестіруге қатысады.

    Саяси өмір – бұл мемлекеттік билік, оның қызметтері, институттары және билікті жүзеге асыру тәсілдерімен тығыз байланысты әлеуметтік өмірдің ерекше түрі. Саяси өмір түрлі әлеуметтік таптар мен топтар, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер қызметіндегі мүдделерді біріктіреді. Бұл өте күрделі, жан-жақты, қарқынды және өзгермелі құбылыс ретінде әлеуметтік кеңістікте дамиды және саясат әлеміндегі саяси қатынастар, институттар, үдерістер мен адам санасын қамтиды. Әлеуметтік кеңістікте түрлі саяси күштер, топтар, ұйымдар, уақытша және тұрақты одақтар қызмет атқарады. Әлеуметтік мәселелерді шешудегі осы барлық күштердің өзара байланысы саяси өмірдің мазмұны мен түрлерін анықтайды. Адам баласы саяси өмірді күнделікті өмірдегі түсінікпен қатар, теориялық және ғылыми деңгейде ұғынуы керек.

    Саясат адамзат баласы мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ол қоғамдық өзара байланыстар мен құрылымдарда көрініс табады, адамның қоғамдық және жеке өмірін қалыптастырады. Қоғамдық өмірдегі саясаттың рөлі мынадай қызметтермен анықталады: қоғамның барлық топтары мен таптарының қоғамдық маңызды мүдделерін көрсету; қоғамда пайда болған қарама-қайшылықтарды оңтайландыру; қоғамдық үдерістеріді басқару; қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету; қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін әлеуметтік ресурстарды жұмылдыру; әлеуметтік қақтығыстарды алдын алу және өркениетті түрде шешу; түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін біріктіру; қоғамдық дамудың инновациялық тәсілдермен қамтамасыз ету; жалпы құндылықтарды жүзеге асыру үшін мәжбүрлеу мен күштеу тәсілдерін қолдану.

    Саясаттағы мақсаттар мен құралдар қатынасы мәселесі барлық кезеңдерде өзектілігін жоғалтпайды. Саясаткерлер өз мақсатына жету үшін қатал құралдарды жиі қолданады. Көптеген саясаткерлер Н. Макиавеллидің «Мақсат барлық құралдарды ақтайды» пікірін басшылыққа алады. Демократиялық қоғамдағы саясаттың негізгі мақсаттарына жатады: қоғам мүшелері мүдделерінің жалпылама және жеке қажеттіліктерін келісіммен жүзеге асыру; қоғамдағы құқықтық тәртіпті қолдау және қақтығыстарды реттеу; қоғамдық істерді басқару; қоғам мүшелерін қорғау. Саяси мақсаттарға жету үшін ерекше құралдар, әдістер, тәсілдер, ресурстар қолданылады. Саясаттағы құралдар ретінде заңнамалық құжаттар, сайлау, қоғамдық пікірлер, әскери көтерілістер, бұқаралық қуғындаулар, қарулы күштер, қаржы, идеология, демагогия, параға сатып алу, бопсалау пайдаланылады.

    Заманауи саясатта бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі маңызды рөл атқарады. БАҚ саясаткерлердің қоғамдық сананы манипуляциялауға мүмкіндік беру арқылы өз мақсаттарына жетуге септігін тигізеді. Саясат, мораль және құқықтың арақатынасына мән берсек. Негізінен саясат пен мораль арасында мынадай айырмашылықтар бар:

    1. Саясат бүкіл қоғамды қозғайтын топтық әлеуметтік қақтығыстарды реттеуге бағытталған және билікте қолдануды талап ететін қызметті атқарады. Мораль саяси өткірлікке жетпеген адамдар арасындағы күнделікті жеке қатынастарды сипаттайды.

    2. Саясаттың қайнаркөзін адам мүддесінің экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыратын құралдар құрайды. Мораль қайнаркөзіне индивидтің жеке пайдасын көздемейтін жалпыадамзаттық құндылықтар жатады.

    3. Мораль жетістікке жетуді көздейтін мұрат-мақсаттармен тығыз байланысты. Ол іс-әрекеттердің субъективті, ішкі алаңдаушылықтарын бағалайды. Саясат нақтыланған мақсаттар мен нәтижелерге жетуді көздейді. Саяси қайраткерлер көбінесе сезімге қарағанда, мүддені басшылыққа алады.

    4. Мораль әрдайым жеке қатынаста, оның субъектісі – өнегелі таңдау жасайтын жеке адам. Саясат көбінесе топтық, ұжымдық сипатқа ие.

    5. Саясаттың маңызды ерекшеліктері қатарына күшке сүйену, талаптардың орындалмауына күштеу қимылдарын қолдану жатады. Мораль өз қағидаларына сәйкес күштеу тәсілдерін жоққа шығарып, ар-ұжданға сүйенеді. Аристотель пікірінше, «Кімде-кім білімде алда болғанымен, адамгершілік жолында артта қалса, ол алға жылжығанға қарағанда, артқа қарай жүреді».


    ДӘРІС 4

    САЯСИ БИЛІК: МӘНІ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМІ

    Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге пратиялар, кәсіподақтархалықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.

    Принциптері

    Саяси билік принциптері легитимдік принципі, қорғау принципі,  ұтымдылық  принципі, сыр бермеу принципі.

    Әдістері

    Саяси билік әдістері - саяси билікті жүзеге асыру құралдары мен түрлері. Құқықбеделсендірудәстүралдап-арбаузорлаукүштеу арқылы жүзеге асырылады.

    Саяси биліктің легальдылығы

    Саяси биліктің легальдылығы - басқару түрінің зандық негізі, яғни оның құқықтығының барлық тұрғындармен мойындалуы. Кейбір саяси жүйелерде билік легальды болғанымен, легитимді болмауы мүмкін. Мысалы, отар мемлекеттердегі метрополия билігі. Ал, тұрғындардың басым көпшілігінің қолдауымен жүзеге асқан революциялық төңкерістен кейінгі жағдайда билік легитимді, бірақ легальды емес.

    Саяси биліктің легитимділігі

    Саяси биліктің легитимділігі - халықтың келісіміне негізделген әрі заңмен, ережелермен, дәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимдік дегеніміз - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.

    Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін келесі екі шарт орындалуы қажет:

    1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек;

    2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

    Немістің көрнекті ғалымы М. Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсеткен:

    1) әдет-ғүрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген салт-дәстүрге сүйенеді;

    2) харизматикалық легитимдік. Мүнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы ету;

    3) ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі. Саяси билік қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.

    Саяси биліктің маңызды қырлары:

    • адамдарды нақты іс-әрекетке ояту қабілеті, үстемдік етуші субъектілер мүдделері мен мақсаттары негізінде әрекеттер жасату:

    • адамдардың билікке тиімсіз іс-әрекеттерінің алдын алу қабілеті;

    • нақты күштердің үстемдігін көрінбеген жағдайдың өзінде жүзеге асыру мүмкіндігі;

    • тұтастығы, барлық жерде мәжбүрлеу түрінде өмір сүру қабілеті. Мұндай мәжбүрлеу жеке үстемдік ретінде қабылданбайды.

    Саяси билік ресурстары

    Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне

    ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар.

    Олар: экономикалықәлеуметтікақпараттықкүштеудемографиялық.

    • Экономикалық - қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануғақажетті материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б.

    • Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі.

    • Ақпараттық  білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б.

    • Күштеу -бұл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы дайындалған адамдар тобы. Мемлекетте оның ядросын әскерполиция, қауіпсіздік органдары, сотпрокуратура құрайды

    • Демграфиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс ретінде қызмет етеді.

    Саяси билік субъектілері

    Саяси билік субъектілері - іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен ме- кемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, қорғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті "иелік етушілер" арқылы жүргізеді.


    написать администратору сайта