Главная страница
Навигация по странице:

  • Берілген бағытта ең жиі қолданылатын тесттер келесі болып табылады

  • Фармацевтикалық факторлар.

  • Егде жастағы адамдардың медикаментозды емдеу кезіндегі негізгі ережелері

  • Қарттарды емдеу кезіндегі жиі кездесетін қателіктер

  • Бұл тағайындалулар келесілерге жүгінеді

  • Амбулаторлы дәрігер жұмысының жалпы ерекшелігі

  • Амбулаторлы диагностиканың ерекшелігі

  • Амбулаторлы ем ерекшелігі

  • Біріншіден

  • Жалпы тәжірибелік дәрігер мен учаскелік терапевт дәрігерге негізгі қойылатын талаптар

  • Қарт адамдарда аурудың профилактикасы мен олардың асқыну мүмкіндігі жоғары.

  • Кәрілік қандай үрдіс

  • Қарт адамдарды емдеуде кездесетін қателіктер

  • БДҰ-ның жіктелуі бойынша егде жас аралығын көрсетіңіз

  • 4 Реабилитация бөліміндегі егде жастағы м2селе (1). Дріс 4 Реабилитация бліміндегі егде жастаы адамдарды мселелері жне оларды шешу жолдары Жоспар


    Скачать 29.1 Kb.
    НазваниеДріс 4 Реабилитация бліміндегі егде жастаы адамдарды мселелері жне оларды шешу жолдары Жоспар
    Дата20.04.2022
    Размер29.1 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла4 Реабилитация бөліміндегі егде жастағы м2селе (1).docx
    ТипДокументы
    #488128

    Дәріс №4 Реабилитация бөліміндегі егде жастағы адамдардың мәселелері және оларды шешу жолдары

    Жоспар

    • Қартаю мәселесі.

    • Егде және кәрі жаста ауруды анықтаудың жалпы принциптері, анықтау тактикасының ерекшеліктері.

    • Егде және кәрі жастағы науқастарды емдеу ерекшеліктері, жалпы принциптері.

    • Амбулаторлық жағдайда ішкі ағзалар ауруларын емдеу және анықтау ерекшеліктері.

    • Егде және кәрі жастағы науқастарда аурулардың алдын алу.

    Халықтың қартаюы- дамыған елдердің ғана емес, сонымен қатар дамып келе жатқан елдердің экономикалық және әлеуметтік саясаты үшін қазіргі кезде аса үлкен мән беретін маңызды мәселелердің бірі. Бүкіл дүние жүзінде көптеген адамдар егде (60 -70 жас) және кәрі жасқа дейін өмір сүреді. Болашақта халықтың ары қарай біртіндеп қартаюы мөлшерленеді, соның ішінде кәрі жастағы (75 жас және одан жоғары) адамдардың өсуі басым болады

     БДҰ-ның жіктелуі бойынша 45 -59 жас орташа, 60-74 жас егде, 75 жас және одан жоғары жастағы адамдар кәрі, ал 90 жастан жоғары- ұзақ өмір сүруші деп саналады. Күнтізбелік (өмір сүрген күндердің саны) және биологиялық жас деп шектейді. Адамдар әр түрлі типте қартаяды. Биологиялық жас- бұл ағзаның, оның денсаулығының қартаю мөлшері, алдағы өмірінің ұзақтығы. Адамның күнтізбелік жас мөлшері биологиялық жасынан көп басым болса, соғұрлым оның қартаю темпі баяу болып, оның өмірінің ұзақтығы көп болуы тиіс. Кәріліктің даму заңдылықтарын, оның механизмдерін білу дәрігерге денсаулықты, өмір ұзақтығының мүмкін болатын болжамын және бірқатар аурулардың даму себептерін объективті бағалау үшін қажет. Атеросклероз, АГ, жүректін және мидың ишемиялық ауруы, диабет, қатерлі ісік сияқты аурулар негізінен адам өмірінің екінші жартысында дамиды және олар жиі қартаю процессімен байланысты болады. Міне, сондықтан осы аурулардың алдын алу шараларының ең нәтижелі қартаю темпіне бағытталған әсерлер болып табылады.

    Кәрі жаста бірқатар ауруларда арнайы емес симптомдардың болуы скринингті зерттеуді кең көлемде өткізуді қажет етеді, оның ішіне қанның, зәрдің жалпы анализі, электролиттерді, креатинді, глюкозаны анықтау үшін қан анализі, ЭКГ, кеуде қуысының рентгенографиясы кіреді

    Басты мақсаты

    Аурудың дамуына бейімді ағза қызметінің ауытқуын анықтау, ең алдымен дамыған елдерде адам өлімі бойынша бірінші орында тұрған жүрек-қантамыр және ісік аурулары.

    интоксикация симптомдарын анықтау, алдымен бауыр қызметінің айқын өзгерістеріне әкелетін және жиі гепатотоксикалық агенттермен шақырылатын, ал кейде диетаны және тағамдық қоспаларды дұрыс қолданбағандықтан дамитын симптомдар болады. Гепатотоксикалық медикаменттерді және А витамині мен темір алмасуының бұзылуы деп арнайы бөледі.

    Берілген бағытта ең жиі қолданылатын тесттер келесі болып табылады:

    Қанда глюкоза деңгейін анықтау. Қанда глюкоза деңгейін реттейтін оптималды әдіс-диеталар (колориясы шектелген диета). Егер глюкозаның деңгейі жоғары болып қала берсе, онда қанда тиреойдты гормондардың деңгейін тексеру керек және олардың мөлшері төмен болса, дәрігердің бақылауымен осы гормондарды төмен дозада тағайындау керек. Темірдің мөлшері жоғары болса, бос радикалдардың өндірілуін катализдейді, жүрек және Альцгеймер ауруларының пайда болу қаупін жоғарылатады. Ісікті процесстер мен дегенеративті аурулардың жиілігін ұлғайтады. Холестерол- 120 бірлікке дейін және 50 бірліктен аспау керек. Холестеролдың жоғарылауы атеросклероздың дамуымен қатар артериялардың интимасының инфильтрациясына әкеледі. Триглицеридтер-деңгейінің жоғарылауы (майлы қышқыл мен глицеролды байланыстырушы) атеросклероздың және тромбоциттер агрегациясының бұзылуын тудырады.

    Бауырдың қызметі. Бауыр сынамалары арқылы бағаланады, сонымен қатар қартаю мен аурулардың алдын алу бағдарламасының маңызды элементі болып табылады 

    Егерде зерттеуді тиянақты өткізсе қартаю процессінің жылдамдығы, темпі, типі бойынша және тамақтанудың т. б. жетіспеушілігі туралы маңызды ақпарат беретін бірнеше симптомдар қатары бар.

    Келесі симптомдар мысал бола алады: 

    ақ шаштың болуы - жалпы қартаюдың және артериалды гипертонияның санофакторы

    шаштың тақырланып түсуі, сирек өскен шаш, гипотериоз болуы мүмкін.

    шаштың сарғыш түсті болуы- жүрек ишемия ауруының санофакторы

    құлақ қатпарларының диагоналды болуы- бетте әжімдердің айқын болуы.

    қабақ пен дененің ксантоматозы- май алмасуының патологиясы.

    көз алмасының микроциркуляциясының бұзылуы.

    пигменттік дақтар және кәрілік невустардың пайда болуы 

    қас пен кірпіктің сиреуі-қалқанша және жыныс бездерінің гипофункциясы.

    тілде тіс іздерінің қалуы, жасырын ісінулер, гипотериоз тілде жабындының болуы –географиялық тіл В 12 вит. жетіспеушілігі.

    еріннің жарылуы-гиповитоминоз, әсіресе В 12 жетіспеушілігі. ерінде герпестің жиі шығуы- иммунодефицит.

    жауын құрты симптомы- самайда пульсация беретін тығыз немесе шаштың артериясында-атеросклероз симптомы.

    қызыл тамшы симптомы- денеде гемангиомалар,

    тамыр жұлдызшалары-бауыр патологиясы салдары. лейколокия симптомы (тырнақта ақ дақтар) гипоцинкэмия,

    жедел стресс белгісі беттің амимикасы - гипотериоз

    терінің құрғауы, ісінуі, бозғылттануы бүйрек бұзылуы.

    алақанның және тізенің қабыршақтануықартаю симптомы.

    орбиталық, алақан қатпарларының, терісінің гиперпигментациясы.

    сөйлеудің бұзылуы

    алақан , табан гиперемиясы

    Егде жастағы науқастарда дәрілік препараттардың фармококинетикасының бұзылысы олардың сіңірілу, таралу метоболизмі және элименациясының өзгерістеріне байланысты. Егде жастағы науқастарға медикаменттердің сіңірілуінің бұзылуы сирек кездеседі, бірақ мұндай факторлар, атап айтқанда асқазан сөлінің қышқылдығының төмендеуі, асқазанның эвакуаторлы қызметінің баяулауы, ішек қан айналымының төмендеуі қанда препарат максималды концентрациясының бәсеңдеуі мүмкін.

    Егде жастағы науқастарда медикаментозды препараттардың таралуы жас мөлшерінің өзгерістерінің салдарынан бұзылуы мүмкін. 25 жастан кейін жүрек лақтырысының көлемі жыл сайын шамамен 1%-ке азаяды және 65 жасқа таяу 30 -40% төмендейді. Бұл органдармен перфузды бұзылыстарына және дәрілік заттардың таралу уақытының өсуіне әкеледі. Жас ұлғая келе көлемі салыстырмалы азайып, май ткандерінің массасы ұлғаяды. Бұл өзгерістер суда еритін медикаменттердің таралу көлемін төмендеуіне және майда еритін препараттардың таралу көлемінің жоғарылауына әкеледі. 

    Жас адамдармен салыстырғанда жасы ұлғайған адамдарда дәрілік заттар тез метоболизмденуге қабілетті. Бұндай басқа дәрілердің метоболизм төмендеуіне, жас ұлғая жүрек лақтырысының азаю салдарынан бауыр қан айналымының төмендеуі ықпал етеді. Жасқа байланысты бауырдың метоболизмге қабілеттігінің бұзылуынан антидепресанттардың метоболизмі өзгереді, сонымен қоса аминдер төрттігі. Егде жастағы науқастарда осы дәрілерді тағайындаған кезде ортостатикалық гипотония, зәрдің кешігуі дамиды

    Дәрілердің элиминациясының бұзылуы жас ұлғая бүйректің функционалдық және морфологиялық бұзылыстарымен байланысты. Айтылған жас мөлшерінің ерекшеліктерін ескере отырып Егде жастағы науқастарға дәрілерді тағайындаған кезде, әсіресе нефротикалық және өзгермеген күйде бүйрек арқылы шығарылатын дәрілерді бергенде өте абай болу керек. 

    Кәрі жаста медициналық көмекке деген қажеттілік айтарлықтай өседі. Кәрі адамдарда дәрілік терапияның мәселесін шешуде келесі фактормен нақтыланады

    • көп елдерде халықтың 12% қарт адамдар құрайды, бірақ бұл топтың дәріні қолдануы 25 -30%.

    • жанама әсерлері орта жастағы және жас адамдардан гөрі қарттарда 2 -3 есе жиі дамиды.

    • полиформация-қарт адамдарға сай көрініс.

    • 60 жастан асқан пациенттердің дәрі қабылдаған кездегі қателіктері шамамен 60% құрайды және үш дәріден көп қабылдағанда бұл көрсеткіш жоғарлайды.

    Фармацевтикалық факторлар.

    Қарт адамдардың көбінде таблеткаларды жұтқанда қиыншылықтар туады, әсіресе, олар әлсіз, ауру, естері шатасқан болса. Мысалы, калиилік таблеткалардың көбі көлемі бойынша біршама үлкен. Кейбір таблеткалар немесе капсулалар өңештің шырышты қабығына жабысып, сол жерде еруі мүмкін. Мұндай кезде өңештің жарасы дамиды. Сондықтан, өңеште тұрып қалмас үшін таб-ды аз дегенде 60 мл сумен ішкен дұрыс.

    Элексирлер бұл мәселені шешуге көмектеседі, бірақ барлық препараттар элексир түрінде шығарылмайды, одан басқа оларда да кемшіліктері бар. Толық зиянсыз дәрілердің болмайтындығын ескере отырып, олардың жанама әсерлерінің қаупін азайту үшін келесі ережелерге жүгінеміз. Емді қауіптілігі аз дәрілерден, аз мөлшерде бастап, олардың мүмкін болатын қарсы көрсеткіштерін ескере отырып, әсерлілігімен бақылай отырып, мөлшерін біртіндеп жоғарылатып отырады. Емді күнделікті жүргізу үшін кәрілік кезінде жас ұлғая адамның өзгеруі кедергі болады. Сондықтан дәрігер ең алдымен өзінің тағайындауларымен орындалу дәрежесіне назар аударуы қажет, емдік режимнің қарапайымдылығы, нұсқаудың дәлдігі, емді жүргізуге жанұя мүшелеріне айту және бақылау

     Тәжірибелік ескертулер. Қарт науқастар ұмытшақ, алаңғасарлау және естімеуі мүмкін. Олар қарапайым нұсқауларды қиын қабылдайды. Қарт пациенттерді емдеген кезде уақытты бөліп, барлық тағайындауды жазып берген дұрыс, себебі науқас барлық мәліметтерді жазылған нұсқаудан білуі тиіс. Қораптың сыртындағы дәрінің атын ғана жазған жеткіліксіз, кейбір жағдайларда диуретикалық таб-дың ыдысының сыртына –зәр айдаушы таблеткалар деп немесе дигоксин таб-ның ыдысының сыртына жүрек таблеткалары деп жазу керек. Қарт науқастардың көруі нашар болғандықтан, үлкен, ірі әріптермен жазыңыз

    Егде жаста медикаменттердің жанама әсерінің ең жиі белгілері:

    -жүрек гликозидтері және аритмияға қарсы заттар жиі брадикардияны, өткізгіштіктің бұзылуын шақырады.

    -холинолитиктерді қолдану жасырын глаукоманың асқынуы зәрдің кешігу, іш қату қауіптілігімен байланысты

    - кең спектрлі антибиотиктер кандидоздың, ішек дисбактериозының дамуын, ал аминогликозидтер

    - бүйрек пен есту органдарын зақымдайды.

    -кортикостеройдтармен емдеу жиі остеопорозды, қан кетуді және т. б. дамытады.

    - транквелизаторлар мен ұйықтататын дәрілерді ұзақ қолданғанда ауыр іш қатуларды күшейтеді.

    - гипотензивті заттарды және вазодилятаторларды қолдану, әсіресе көп мөлшерде париеталды қабылдаса, 28 естен тануға әкеледі.

    Егде жастағы адамдардың медикаментозды емдеу кезіндегі негізгі ережелері:

    • емді бастау үшін дәл көрсеткіштерін нақтылау керек.

    • дәріні таңдаған кезде, ең алдымен үнемділік және жеткілікті ем принціпін ұстай отырып, мүмкін болатын қарсы көрсеткіштерін ескеру керек.

    • көптеген патология кезінде алдымен негізгісін, ең қауіптісін емдейді, симптоматикалық емді қалайда болса қабылдаған жөн.

    • емді қауіпсіз дәрілерден, аз мөлшерде бастаған дұрыс, сосын біртіндеп осыны жоғарылатады. Бұл кезде ағзалар мен жүйелердің функционалды жағдайының күрт өзгерістерінен қашу керек

    • бірнеше дәрілерді қолданған кезде ағзада олардың өзара әсерін ескеру керек.

    • бүйрек жолдарымен бөлінетін барлық дәрілер үшін міндетті түрде терапиялық дозасын азайту керек.

    • емді ұзақ жүргізген кезде дағдылануды болдырмау үшін үзіліс жасап, дәріні ауыстырып отыру керек.

    • міндетті түрде дәріні қабылдауды бақылап отыру қажет, кейбір жағдайларда қолдану жөніндегі нұсқауды жазбаша түрінде беру керек.

    • дәріден мүмкін болатын жанама әсерлеріне назар аудару қажет. 

    Қарттарды емдеу кезіндегі жиі кездесетін қателіктер

    • Полипрогмазия.

    • Дәрінің бастапқы мөлшерін жоғары мөлшерде қолдану.

    • Жанама әсері дамитын қаупі жоғары дәрілерді және рационалды қауіпті комбинацияларды қолдану.

    • Қарт адамдардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, есте сақтау қабілетінің нашарлауын ескермей дәрілерді тағайындау.

    • Науқас өздігінен мөлшерлей алмайтын сұйық препараттарды немесе күніне бірнеше рет қабылданатын дәріні тағайындау.

    • Айқын алып тастау синдромын шақыратын дәрілерді қолдану.

    • Қымбат дәрілерді қолдануға нұсқау беру.

    Қарттар әдетте бірнеше созылмалы аурулармен ауырады және жиі көп дәрілерді дәрігердің тағайындауынсыз қабылдайды. Мұндай жағдайда жанама әсерлердің қаупі өседі немесе есте сақтау қабілеті төмендейді.

    Бұл тағайындалулар келесілерге жүгінеді:

    • Фармоко емді тағайындағалы отырған симптомдар немесе синдромдарды дұрыс анықтау

    • дәріні тағайындау үшін көрсеткіштерді анықтау және нақтылау.

    • жанама әсер дамуының қауіп факторларын анықтау және нақтылау.

    • дәрінің бастапқы мөлшері аз болуы тиіс және науқас реакциясына байланысты мөлшерінің өзгеруі

    • науқастарға және оның туысқандары дәріні қабылдау режимі мен мүмкін болатын жанама әсерлері туралы нақты ауызша айтып және нұсқауды жазбаша беруі тиіс.

    • қабылданатын дәрілердің мөлшерінің азаюына қарай фармокоемнің көлемін күнделікті тексеру 

    Амбулаторлы дәрігер жұмысының жалпы ерекшелігі:

    • уақыт дефициті.

    • диагностиканы қажет етуі

    • тағайындалған емді бақылау және қарау,мүмкіндігінше шектеу

    • интегративті медициналық көмекті көрсету қажеттілігі

    • арнайы мамандар жұмысы мен кординациялау

    • науқастар ұзақ, тұрақты қарау және емдеу

    • аурудың ерте келуі мен немесе ауру даму қаупімен алдын алуына жұмыс істеу.

    Амбулаторлы диагностиканың ерекшелігі

    Ең негізгі міндеті 1 -лік скрининг, оны өткізген кезде пациенттердің әртүрлі категориялары анықталады: дені сау-белгілі бір ауру қаупі бар; аурудың ерте қаупі бар адамдар; аурудың айқын белгілері бар және асқынуларымен; бірнеше аурулармен. Жалпы клиникалық әдістер мен жиналған анлиз 80% науқастарда «жұмыс диагнозын» қоюға көмектеседі. Қосымша зерттеу әдістерін таңдаған кезде жұмыс диагнозына сүйену керек. Ең негізгісі бұл әдістер науқас үшін қарапайым және қиынға түспеу керек. Жасалған тексерулер нәтижесінде , науқастар арасында әрі қарай зерттеулер, арнайы маман кеңесін және стац. ем қажет ететін науқастарды бөліп алу керек

    Амбулаторлы ем ерекшелігі.

    Диагноз анықталғаннан кейінгі келесі сұрақтарды шешу керек: пациентке ем қажет пе және қандай жағдайда? Стационарда емделуге негізгі көрсеткіштер: ауыр ағымдағы жедел аурулар немесе соз. аурудың өршуі, үнемі дәрігердің бақылауын қажет ететін және парентералды емді, күрделі мониторлы зерттеуді қажет етсе, және амбулаторлы емнің нәтижесі болмаған жағдайда емделеді.

    Амбулаторлы емнің басты ерекшелігіне кіреді, ол дәрігердің біріншілік міндеті профилактикалық амалды табу, барлық пациенттерге 1 -лік профилактика, қауіп – қатер факторы болған кезде оларға әсер ету болып табылады

    Амбулаторлы медикаментозды ем стационарлық емнен де айтарлықтай өзгеше болып келеді. Біріншіден: жиі препараттарды пероралды қолданады. Екіншіден: соз. аурулар кезінде неғұрлым ұзақ әсерлі препараттарды қолданған жөн. Үшіншіден: соз. аурулар кезінде амбулаторлы медикаментозды ем ұзақ және тұрақты болғандықтан, жанама әсер көрсетуі мүмкін.

    Жалпы тәжірибелік дәрігер мен учаскелік терапевт дәрігерге негізгі қойылатын талаптар

    • амбулаторлы диагностика мен емдеудегі жиі кездесетін мәселелерді шешу

    • барлық әрекеттің профилактикаға бағытталуы

    • ұзақ комплексті емдік –профилактикалық шараларды өткізу және жоспарлау

    • науқастармен тіл табыса білу

    • зерттеулерді тез және эффективті қарапайым әдістер арқылы қарау

    • құжаттар қысқа және ақпаратты түрде жүргізу

    • өз әрекеттерін арнайы қызметтермен сәйкес жүргізу

     Сонымен қатар егде және кәрі жастағы науқастарды емдеу дәрігерден терең білім мен жылдамдықты талап етеді. Осы талаптарға жалпы тәжірибелік дәрігер сай болады. Ол науқасты өмір бойы және кәрілікке дейін бақылап емдейд

    Қарт адамдарда аурудың профилактикасы мен олардың асқыну мүмкіндігі жоғары.

    • Профилактика үшін аспириннің аз дозасы мен эстрогендер мен алмастырушы терапия жүргізуге болады.

    • Қарттарға үнемі физикалық жаттығулар жасау өте пайдалы. Олар жалпы жағдайын жақсартады, АҚ реттейді, жүрек жұмысын жақсартады. Сонымен қатар көңіл-күйді көтереді.

    • Міндетті түрде тіс протездері дұрыс салынған ба және астындағы шырыш зақымданбағанын тексеру керек.

    Кәрілік қандай үрдіс:

    А) патологиялық

    Б) физиологиялық

    В) биологиялық

    Д) биохимиялық

    Е) патофизиологиялық

    Қарт адамдарды емдеуде кездесетін қателіктер:

    А) полипрагмазия

    Б) дәрінің аз мөлшерін тағайындау

    В) рационалды комбинацияларды қолдану

    Г) физиологиялық ерекшеліктерін ескеру

    Д) психологиялық ерекшеліктерін ескеру

    БДҰ-ның жіктелуі бойынша егде жас аралығын көрсетіңіз?

    А) 30 -45

    Б) 45 -59

    В) 60 -74

    Г) 75 жас және одан жоғары жастағы адамдар

    Д) 90 жастан жоғары 49

    1 -б, 2 -а, 3 -В


    написать администратору сайта