Главная страница

Глоссарий. Дріс таырыбы Физика тарихы курсына кіріспе


Скачать 1.58 Mb.
НазваниеДріс таырыбы Физика тарихы курсына кіріспе
АнкорГлоссарий
Дата20.10.2022
Размер1.58 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла357423.docx
ТипДокументы
#745220
страница15 из 21
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

университетінде 1907 жылдан 1910 жылдар аралығында қызмет етіп, Петербургке аяғынан тік тұрған, нақты ғылыми бағытымен қайтып оралады. Оның оптикаға, нақтырақ, аномальды дисперсияны зерттеуге қызығушылығы арта түседі.

1912 жылы жарық көрген «Натрий буларындағы аномальдық дисперсия» Рожденственскийдің жұмысы Петербург университетінің оқу кеңесіне магистрлік диссертация ретінде ұсынылады. Диссертация табысты қорғалғаннан кейін ол магистр атағын алып, Петербург университетінің приват-доценті (қазан төңкерісіне дейінгі Ресей мен кейбір шетелдердің жоғары оқу орнындағы штаттан тыс оқытушының ғылыми атағы және сол атаққа ие болған оқытушы) болып бекітіледі.

1915 жылы Д.С. Рожденственский «Сілті металлдары спектрлеріндегі қарапайым қатынастар» атты докторлық диссертациясын қорғап, университеттің физикалық институтының жетекшісі болып бекітілсе, 1916 жылы Петербург университетінің профессоры атанды.

Сонымен қатар, Рожденственский Ресейдегі оптикалық әйнек шығару мәселесімен де айналысты. Соғыс Ресейді оптикалық әйнектен құр қалдырған еді, Ресей оны германиядан алған, әскер және тұрмыстық қажеттіліктерге сай өз әйнектерін шығару керек болды. Бұл мәселені Рожденственский және оның әріптестері төңкерістен кейін-ақ шеше алды. Рождественский оптикалық Институтты құрумен айналысып кетті. Осы Институттың құрылуы тұрмыстық қажеттілік мәселесін шешумен қатар, ғылымды да біршама алға жылжытты, оптикадан көптеген жаңалықтар ашылды.

Д.С. Рождественскийдің кең ғылыми және ұйымдастырушылық әрекеттері әрқашанда жоғары бағаланып келген. 1925 жылы КСРО ғылым академиясының тілші-мүшесі болып сайланды, ал 1929 жылы оның толық мүшесі болады.

1940 жылы 25 маусымда Рождественскийдің белсенді айналысқан ғылыми өмірі қиылады.

С. И. Вавилов (60-сурет). Д.С. Рождественский өте зор үлес қосқан кеңес оптикасы Мәскеуден аса ірі көшбасшы табады. Ол лебедев-лазарев мектебінің жас түлегі Сергей Иванович Вавилов еді.

С. И. Вавилов 1891 жылы 24 наурызда Мәскеуде дүниеге келген. 1909 жылы Мәскеудің ақылы училищесін бітіріп, латын тілінен емтихан тапсырып физика-математикалық факультеттің математика бөліміне түседі.



60 сурет. - С.И. Вавилов


Студент болып жүріп Вавилов П. Н. Лебедевтің зертханасында П.П. Лазаревтің жетекшілігімен ғылыми жұмысын бастап кетеді. «Тепловое выцветание красителей» атты жұмысын ол университет қабырғасында аяқтай алмай, университеттен 1911 жылы П.Н. Лебедев пен П.П. Лазарев және т.б. оқымыстылармен бірге кеткеннен кейін аяқтайды. Ол жұмысы 1914 жылы жарыққа шығып, авторға жаратылыстану білімін сүюшілер Қоғамының алтын медаль әкелді.

1914 жылы университет бітірген Вавилов «профессорлық атаққа дайындалуға» қалғысы келмеді, өйткені университетте физиканы оқып-үйренетін ешкім қалмағанын көреді.

Ол әскерге кетіп, әскери қызметі төрт жылға созылады, ол саперлік және радио бөлімінде прапорщик болып соғысқа қатысады. Вавилов 1918 жылы әскерден қайтады да, өзінің ұстазы П.П. Лазарев құрған биофизика Институтына келеді. Бұл жерде ол ғылыми жұмыстарды орындағанмен қатар, ол институттың физикалық оптика бөлімін басқарады. Ғылыми жұмысымен қатар ол педагогикалық жұмысты да атқарды, Жоғары зоотехникалық институтта, Мәскеу университетінде, Жоғары техникалық училищеде дәрістер оқып жүрді.

1929 жылдан бастап С.И. Вавилов Мәскеу университетінің жалпы физика кафедрасының меңгерушісі болады. 1931 жылы КСРО ғылым Академиясының тілші-мүшесі болып сайланады. Бір жылдан соң С.И. Вавиловты толық мүшесі етіп сайлап, Оптикалық Институттың ғылыми жетекшісі болып тағайындалады. 1932 жылы Вавилов КСРО ҒА физика-математикалық институтының физикалық бөлімін басқарады. Бір жылдан соң бұл бөлімді КСРО ҒА өзіндік физикалық институты етіп қайта құрады.

С.И. Вавиловтың негізгі ғылыми зерттеулері люминесценция мен жарық табиғатына бағытталған. Фотоүлкейткіштер пайда болғанша С.И. Вавилов көз арқылыәлсіз жарық ағындарының кванттық флютуацияларын зерттеді. Осы көп тер төккен еңбегі оның «Жарықтың микроқұрылымы» атты монографиясында жалпыланған.

С.И. Вавиловтың жарық люминесценциясы бойынша зерттеулері жалпы нәтижелі болды. Ол өз әріптестерімен «күндізгі жарық» люминесценттік шамдарының құрылысын өңдеп шығарды. Осы жұмыстары үшін С. И. Вавилов, В. Л. Левшин, В. А. Фабрикант 1951 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар оның кванттық флюктуация бойынша еңбегі де Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

С.И. Вавилов көп жылдар ғылым тарихымен де айналысты. Ауыр соғыс жылдарында болған Ньютонның 300-жылдығына арналып «Исаак Ньютон» атты монографиясы жазылған. Вавиловтың бастамасымен ұлы орыс оқымыстысы М.В. Ломоносовтың еңбектерінің толық жинағы басылып шықты. Ол Ньютонның «Оптика» және «Оптикадан дәрістер» атты оптикалық мемуарларын аударды. Оның бастамасымен әлі күнге дейін бар «Ғылым классиктері» атты серия шыға бастады.

1945 жылы С.И. вавилов КСРО ғылым Академиясына Президент болып сайланды.

Оның ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстары көбейді. Дегенмен ол саяси және ғылыми білімді тарату бойынша Бүкілкеңестік қоғамды («Знание» қоғамы) қолға алып, 1947 жылы негізін қалап, өзінің өмірінің соңына дейін, 1951 жылдың 25 қаңтарына дейін оның төрағасы болды.

Франц Ульрих Теодор Эпинус (1724 ж.13 желтоқсан – 1802 ж. 10 тамыз) - неміс математигі, ғалым және табиғи философ, Ресей империясында өмір сүрген. Франклиннің идеясын жалғастырған орыс ғалымы Ол электр және магнетизм саласындағы теориялық және эксперименттік зерттеулерімен танымал. Ол 1759 ж. жарыққа шыққан «Электр және магнетизм теориясына тәжірибе» еңбегінің авторы.
№22дәріс

Дәріс тақырыбы: Кеңестік физиканың теориялық дамуы

Дәріс жоспары

1.. Кеңестік физиканың теориялық дамуы.

2. Кеңес физикасының негізін қалаушылар

Тарихи ескертпелер

Ғылым тарихындағы ғылымның дамуындағытөңкерістер әлеуметтік өзгерістермен қатар жүріп орын алды. Бұл сәйкестікті кездейсоқ деп айтсақ дұрыс болмас. Ғылым – әлеуметтік құбылыс және әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі оның дамуына да әсерін тигізеді.

Көне Грецияда демостың туыстық аристократияға қарсы көтерілісінің дәуірінде антикалық ғылым қалыптаса бастады. ХVІІ ғасырдағы ағылшындқ буржуазиялық революция ағылшындық ғылымды қалыптастырды, француз буржуазиялық революциясы Францияның математикалық және жаратылыстану ғылымдарындағы алдыңғы орынды қамтамасыз етті. Басқа елдердегі болып жатқан революциялар әлемдік тарихтың барысына амалсыз ықпалын тигізді, соның ішінде ғылым мен мәдениеттің дамуы.

ХХ ғасырдағы кеңестік социалистік ғылымның қалыптасу мәселесін қарастырамыз. Ғылым, соның ішінде физика да Императорлық ғылым академиясында және университеттерде дамыды. Университеттік және академиялық ғылымның арасында үнсіз соғыс жүріп отырды. Университеттік ғылымның озық өкілдері Д.И.Менделеев, К.А. Тимирязев, А.Г.Столетов және басқалар академияға жіберілмеді, акемияның президенті имераторлық тектің мүшесі Константин Романов еді. Акамемиялық ғылым ғалықтан, ел сұрыныстарынан алыс еді.

Университетерде оқытуға басты назар аударылып, ғылыми қызмет екінші қатарға ысырылып қойды. Ғылыми зерттеулерге бөлінген қаржылар өте аз жәнеқажеттілігін түсінбейтін патшалық шенеуніктердің қатаң бақылауында болды.

П.Н.лебедев Қазан революциясын дейін Ресейдегі ең ірі физик болды. Оның қайғылы ғұмыры Ресейдегі физиканың ауыр жағдайы туралы айтуға мүмкіндік береді. Бірқатар физиктер Ресейден шетелге кетіп, сол жерде ғылым даярлығын жалғастыруға мәжбүр болды. А.Ф.Иоффе, Л.И.Мангельштам, Н.Д.Папалески, кейінірек П.Н.Лебедев және Б.Б.Голыцин өз ғылымдарын Германияда дамытты.

1918 жылы жаңа ғылыми ұйымдар құрыла бастады: ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалар. 1918 жылы Бонч-Бруевич Нижегородтық радизертхананы ұйымдастырды. А.Ф. Иоффе, М.И.Неменов Петроградта Рентгенорадиологиялық инститтутты ұйымдастырды. Д.С.Рождественский Петроградта Мемлекеттік оптикалық институтты құрды. Мәскеуде Физикалық институттың базасында П.П.Лазарев Халықтық десаулық комитетінің биофизика институтын ұйымдастырады. Соынмен қатар Орталық аэрогидродинамикалық институт ұйымдастырылып, оны Николай Егорович Жуковский басқарды.

Аталған инститтуттар Ресейде физиканың дамуына үлкен үлес қосты. Рентгенорадиологиялық институттан бөлініп шыққан Ленинградтық физика-техникалық институты кеңестік жас физиканың орталығына айналып, көптеген ғылыми кадрларды шығарды. Физико-техникалқ институттан КСРО ҒА Химиялық физика Институты, КСРО ҒА атом энергиясы Институты-Мәскеуде, ал Радиолық институт – Ленинград қаласында бөлініп шықты. Кеңестік физиканың дамуына ресейт физиктерінің съездері үлкен рөл атқарды. 1924 жылы Ленинградта орыс физиктерінің төртінші съезді болып, ол Бірінші Бүкілодақтық съездге айналды. Съезд жұмысына П.С.Эренфест қатысты.

Кеңес физикасының қалыптасуы азаматтық соғыс, көтерілістер, блокада жағдайларында өтті. Ғаламдар аштықпен, суық зертханаларда жұмыс жасады. Алайда олар жаңа ғылымды жаса идеясымен шабыттанып епрекше интузиазммен жұмыс жасады. Блокада кеңес ғалымдарын шетелдік ғылыми әдебиет пен ақпарат көздерінен айырды. Орыстардың артта қалып қойған өнеркәсібі ғылыми зертханаларды қажетті аппаратурамен қамтамасыз ете аламады. Ғылыми әдебиеттер мен құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі ғалымдарда аштық пен суықтан да қатты батты. Ағылшын жазушысы Уэллс 1920жылы Кеңестік Ресейге келіп Петроградта кеңестік ғалымдарымен жүздесіп, олардың ешқайсысы қиын жағдайға шағымданбастан, шетелдегі соңғы ғылыми жаңалықтар туралы аянбай сұрап жатқандықтарына таң қалан.

Кеңес ғалымдарының қажырлы еңбектерінің арқасында қазаннан кейінге алғашқы жыдардың өзінде –ақ ғылыми мәселесінің аясы кең жаңа физика құрылды. Кеңес физиктерінің зерттеу тақырыптарында атомдық физиканың, радиоактивтіліктің, электрониканың, радиофизиканың, қатты заттар физикасының, оптика мен спектроскопияның, акустиканың, биофизиканың және геофизиканың заманауи мәселелері басым болды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін радиотехника тарихы екі бөлімге бөлінеді.

Искралық радиотехника – Паповтың ашылуларынан басталады. Ал екінші бөлімі 1907 жылы американдық радиотехник Ли де Форесттің триодты ашуымен басталады. Шынында да электрондық лампа триодтың – өмірдегі рөлі зор.

1913 жылы Александр Мейслер триодтың көмегімен сөнбейтін тербелісті генераторды ойлап тапты.

Жас советтік ғылым мен техника электрондық радиотехниканы жаксы дамытып жатты. Мұнда Нижегородтық лабораторияны және оның ұйымдастырушысы Михаил Александрович Бонч – Бруевичті еске алмасқа болмайды. Жас орыс радиотехникасы радионы бірінші ойлап тапқан Паповты естен шығармады.

1925 жылы «Электричество» журналының арнайы саны Паповқа арналды. Петровскидің мақаласында Паповтың радиотехникаға қосқан үлесі мен педагогтық жалпы бейнесі жазылған еді. Бонч – Бруевич өзінің мақаласын қысқа толқындардың өзіндік қасиетін анықтауға байланысты жазды. Осы журналды радиотехниканың жетістіктері жайында да айтылды.

Советтік радиотехниканы Фрейман да жақсы зерттеді, әлемдік бірінші радиотехника курсын ашушы. Транзисторлық эффектті 20-жылдары ашып қойған – О.В. Лосев. Нижний Новгородта өткен орыс физиктерінің ІІІ съезінде айтылған мәселе деп радиотехникаға арналған еді. Радиотехниканың және электрониканың сұрақтары Мәскеулік университетте қолға алынды, Аркадьевтің мектебінде. 1925 жылдан Мәскеулік университетте Мондельштан жұмыс жасады. Ол университетте теориялық физика кафедрасын басқарды. Теориянық физиканың дамуы совет физикасының дамуында орны ерекше.

3.Кеңесғалымдарымен теориялық физиканың дамуы.

XIX ғ.физиканы экспериментті және теориялық ретінде бөлмеген.Гельцольц, Максвелл, Рэлей және тағы басқалар екі бағытта да бірдей жұмыс атқарған. Столелов және Умов «жалпы физика» өкілдері болды.Умовтың теориялық еңбектері пайдаланылды. П.Н.Лебедев таза экспериментатор болды, алайда ол көптеген теориялар ұсынған: малекулалар әсерлесуі, итеру күші, жарық шығару, магниттік айналу.

Теориялық физика XIX ғ. Соңына қарай физикадан бөлініп шықты.Теоретик М.Планк оны Берлинде оны қалай оғаш қарсы алғанын айтты. Тек қана теория гельголцовтік және кунтовстік мектептерге экстравагантты көрінді. Терең ойлы теоретик Больцман физиканы теориялық және эксперименталды деп бөлу уақытша нәрсе деп ойлады. Алайда физиканы зерттеу мәселелері қиындағандықтан теориялық физиканың дамуына әкеліп соқты.

Атом теориясы, қатынастар теориясы, статистикалық теориялар шет елдерде және Кеңес одағында қарқынды дамыды. Және сондай теориялық физиканың дамуына негіз болған Юрий Александрович Крутков, өз еңбегін Оптикалық институтта бастаған. Оның адиабаталық тепе-теңдік туралы кең ауқымды ойы жазылған еңбегі «Труда Оптического института». Ю.А.Крутовпен жүйелі дамыған адиабаталық тепе-теңдік кванттық механика дамығанға дейін үлкен роль атқарды. Атом теориясы келеңсіздігі Физика-техникалық институтта жұмыс істеген теоретик Я.И.Френкельді қызықтырды.

Яков Ильич Френкель 1894 жылы 10 ақпанда Дондағы-Ростовта дүниеге келді. Өте керемет дарынымен ол Петербургтық университетті 3 жылда бітіріп, сол жерде қалдырылды. 1917 ж. Магистрлік емтихандарды тапсырып, жаңа бастаған ғалымдарға ой түюге негіз болды.

Сол 1917 жылы ол А.Ф.Иоффе семинарында жұмыс істеп жүріп «радиоактивті сәуле шашушы атомдар құрылысы» жайлы бірқатар мақалалар жарық көрді. Франкелдің келесі мақаласы «қатты дене бетіндегі электрдің екі қабаттылығы». Ертеде жазылған осы екі еңбек оның болашақтағы жолын айқындап қойғандай. Ол өте үлкен табыспен атомдық және ядролық физикамен, металдардың электр өткізу және диэлектриктер мәселелері, малекулалық физика және атмосфералық электрикамен айналысты. Оның әртүрлі бағыттағы үлкен еңбектері теориялық физикада және көп қырлы педагогикалық еңбектерінде үйлесім тапты.

1918-1921 Френкель Крымда өмір сүріп еңбек жолын жалғастырып жүрген кезде Крымды жаулап алған Ақгвардияшылар тарапынан репресияға ұшырады. 1921 жылы Петроградқа қайтып келіп физика-техникалық институтта теоритик болып политехникалық институтта физика механика факультетін мұғалімі болды.

Оның еңбектерінің белгілі жемістері «Механика», «Электродинамика», «Толқынды механика», «Статистикалық физика».

Бірақ ойлануына Френкель Эйнштейн мен Фермиге ұқсас болды. Жемісті және көпқырлы кеңістік теориялық физиканың негізін қалаушы Я.И.Френкель еңбектері 1952 жылы 23 қаңтарда аяқталды.Александр Александрович Фридман 1888 жылы 17 маусымда дүниеге келген. 1910 ж. Петербург университетін аяқтап, профессорлық білімге дайындау үшін университетте қалдырылды. Сол жылы Фридман Петербургтық институтта жол хабаршы инжинерлерге математикадан ұстаздық етті.Фридманның ұстазы Владимр Андреевич Стилов математикалық физика және дифференциалдық теңдеулердің ірі маманы болды.

1913 жылы Фридман магистрлік емтихандарды тапсырып, Павловскідегі Аэрологиялық обсерваторияда динамикалық және кинетикалық метерологиямен айналыса бастады. Сол жылы оның метерологиялық еңбектері жарық көрді. Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде ол ұшқыш бақылаушы болып қызмет атқарды. Әскерге өз еркімен барып, сол жерде авиабақылауда басшылық жасады. Соның арқасында бомба тастау кестесі құрылып, ұшқыш бақылаушылар оқытуды реттеді. Төңкерістен соң Фридман Перм университетінде дәріс беріп, 1920 жылы бас геофизикалық обсерваторияда аға физик болып жұмыс атқарады.Физика-механикалық факультет құрылғаннан кейін А.Ф.Иоффе Фридманды сол факультетте курс оқуға шақырды. 1922 жылы А.А.Фридманның негізгі еңбегі «Әлемнің тұрақты қисықтарды теріске шығару» дәрігерлік диссертациясы болды. 1923 жылы Фридманның «Ғалым кеңістікпен уақыт сияқты» еңбегі жарық көрді. А.А.Фридман мен Петербургтың басқа теоритигі В.К.Фредериксом мен қатынастар теориясы курсын дайындайды. Бірақ 1925 жылы 16 қыркүйектегі А.А.Фридманның қазасы осы курстық жұмысын тоқтатты. Тек қана бірінші бөлімі жарық көрді.

Мәскеуде теориялық физика мәселелерімен Мәскеу университетінің проффессоры Сергей Анатольевич Богуславский (1883-1923) айналысты. Оны электроника, статистикалық физика және атом теориясы қызықтырды. Богуславский электрондық және магниттік өріс электронның қозғалысын есептеу тәжірибесін дамытты. Оның «электромагниттік өрістегі электронның жолы» атты еңбегі оның қазасынан соң 6 жылдан кейін жарық көрді.

Қиын қыстау кезінде кеңес ғылымының кеңестік күшті теориялық физикаға айналып отыр.

Николай Иванович Лобачевский (20 қараша (1 желтоқсан) 1792, Нижний Новгород — 12 (24) ақпан 1856, қазан) — орыс математигі, неевклидты геометрияны жасаушылардың бірі, университеттік білім беру және халық ағарту ісінің қайраткері. 1826 жылы Николай Иванович Лобачевскийдің Казань университетінің физико-математикалық факультетінің отырысында неевклидты геометрияның ашылуын хабарлады.

4.Кеңес физикасының құрылтайшылары.

Кеңес физика құрылтайшылары туралы қысқаша ақпаратты қарастырайық.

Петр Петрович Лазарев 1878 ж. 4 сәуірінде Мәскеуде инженер-геодезист отбасында дүниеге келген. 1896 жылы гимназияны аяқтаған соң Мәскеу университетінің медицина факультетіне түседі. Медицинаны оқи жүре, ол бір уақытта физикаға қызығып, физика-математика факультетінде Н.А. УМО-ның және П.Н. Лебедевтің физикадан дәрістерін тыңдап жүреді. П.Н. Лебедев жетекшілік еткен физиканың қазіргі заманғы мәселелері бойынша колловиумға қатысып жүрді. Лебедев 1901 жылы медициналық факультетті аяқтап, физика-математикалық факультетке түсіп, оны екі жыл ішінде бітіріп шыққан осы тер төгіп оқыған студент-дәрігерге көңілі ауды. 1903 жылы екінші факультетті аяқтаған Лазарев медицинадан докторлық емтихандарды тапсырып құлақ, тамақ және мұрын ауруларын емдейтін университеттік емханаға ассистент болып тағайындалды.

1903 жылы Лазарев өзінің «Манометрлік алаудың дыбыс шығаруы» атты алғашқы ғылыми жұмысын жазды. Келесі жұмысы 1905 жылы «Көру және есту мүшелерінің өзара әсерлесуі туралы» атты физиологиялық жұмыс болды.

1905 жылы шет елде болып, еуропалық университеттерде ғылыми жұмысты қоюмен танысқаннан кейін П.Н. Лебедев зертханасына түседі. Осы жерде ол қабырғаға орнатылған, сиретілген газ бен қабырға арасындағы температураның өзгеруіне зерттеу жүргізеді. Осындай өзгерістің болуын теориялық жүзде М. Смолуховский болжап айтқан болатын. П.П. Лазарев газ қысымына байланысты өзгеріске тәуелділігін анықтауға мүмкіндік беретін

эксперименттік құрылғыны құрап шығарды. Бұл зерттеуді 1911 жылы Лазарев магистрлік жұмысы ретінде қорғап шықты. Осы жылы П.П. Лазарев және Мәскеу университетінің басқа да бірнеше көрнекі профессорлары Кассо білімі министрінің кертартпа әрекеттеріне қарсылық белгісі ретінде кетіп қалады.

П.П. Лазарев А.Л. Шанявский атындағы қалалық халық университетіндегі кафедрасына орналасты. Бұл А.Л. Шавнявскийдің қаржысына ашылған жеке оқу орны болатын. Осында П.П. Лазарев фотохимиялық және биофизикалық зерттеулермен айналысты, сондай-ақ, физикалық институтын жобалау құрылысына белсенді қатысты. Өзінің фотохимилық зерттеулерін 1912 жылы Варшава университетінде қорғап шықты.

Фотохимиядағы зерттеулер П.П. Лазаревті түбегейлі қызықтырып әкетті. Бұл Лазаревті жүйке қозуының иондық теориясын құруға әкеп соқты. Қозудың иондық теориясы Лазаревті атаққа әкелді, 1917 жылы 4 наурызда ол ғылым Академиясына мүше болып қабылданды.

1917 жылдың қаңтарында Миуссахтағы физикалық институттың ғимаратын салуға кірісіп кетті. Бұл ғимаратта қазан көтерілісінен кейін академик П.П. Лазарев жетекшілік еткен биологиялық физика Институтында жемісті ғылыми өмір басталады. Бұл институт жас кеңес физикасының орталықтарының бірі болды. Бұл жерден атақты кеңес оқымыстылары, болашақ академиктер шыққан: С. И. Вавилов, Г. А. Гамбурцев, М. В. Шу-лейкин, П. А. Ребиндер; көрнекі кеңес оптиктері мен акустиктері: В. Л. Левшин, П. Н. Беликов, С. Н. Ржевкин; молекулалық құбылыстар бойынша ірі кеңес мамандары: А. С. Предводителев, Б. В. Ильин, Б. В. Дерягин және басқалар.

Институт Курск магнит аномалиясын зерттеудің бастамашысы болды. Сол уақытта В.И. Лениннің қолдауымен болған бұл зерттеулер, қазіргі уақыттағы жоғары сапалы кендердің ірі запастарын өңдеумен ұштасып жатыр.

П.П. Лазарев сонымен қатар, кең баспа ісімен де айналысты. 1918 жылдан бастап физикалық ғылымның басты жетістіктері жайындағы жаңа ақпараттар беретін «Успехи физических наук» атты журнал шыға бастады.

П.П. Лазаревтің қажымас еңбектері соғыс жылдары 1942 жылы 24 сәуірде өзі қаза болған Алматыда үзілді.

Басқа физикалық орталық болып В. К. Аркадьев, А. К. Тимирязев және Лебедевтің басқа оқушылары қайтып келген Мәскеу университеті болды.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21


написать администратору сайта