критериалды бағалау. Дстрлі оыту технологияларыны дістерін топтасуы (ос кнделік дісі арылы тапсырма орындау)
Скачать 28.07 Kb.
|
3 - СӨЖ Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін топтасуы (Қос күнделік әдісі арқылы тапсырма орындау) Оқытудың дәстүрлі әдісі - дайын күйінде білім беру. Оқытушы сөйлейді және түсіндіреді, оқушылар саналы түрде игереді, түсіне отырып еске сақтайды; ББД-ны көп қайтара үйренгендіктен, оларды қайта айтып бере алады. Айтып беру логикасы дедуктивтік те, индуктивтік те болуы мүмкін. Ақпарат көздері-сөз, көрнекілік. Дәстүрлі оқытудың концептуальдық негізін жасай отырып, Я.А.Коменский педагогикалық принциптерін де анықтаған: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділік, сапалылық, көрнекілік теорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру. Білімді меңгеру әдістері дайын білімдерді хабарлауға негізделеді, оқыту белгілі бір үлгілермен, логикамен, жекеден жалпыға, механикалық есте сақтауға, көзбен көргеннің мазмұнын айқын беру,еске түсіру, елестету. Сабақ негізгі форма ретінде оқыту – тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың басқада формаларымен толықтырылуы мүмкін. Олардың бір бөліктері сабақты паралелді дамытады; (экскурсия, консультация, үй жұмысы, оқу конференциялары, қосымша сабақтар). Жоғары оқу орындарында қолданылатын дәріс, семинар жүйесінен алынып пайдаланған. Олар оқушылардың жас ерекшелігін ескеруге бейімделген (дәрістер,семинарлар,практикумдар, сынақ, емтихандар). Мысалы, дәріс – семинар – сынақ оқу жүйесінде алдымен сыныпқа оқу материалы дәріс әдісімен беріледі, содан соң семинар , практикалық және лабораториялық сабақтарда талқыланады. ( меңгеріледі, қолданады) және меңгеру нәтижесі сынақтық формада тексеріледі. Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданылуда. Алайда, бұл ретте іс-әрекеттің барлық түрлері кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер, окушылардың ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз-өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әртүрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар). Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мүғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады. Таным оқу процесіндегі негізгі іс-әрекет болып табылады. Сондай-ақ, оқуда іс-әрекеттің басқа түрлері де (ойын, қарым-қатынас, еңбек т.б.) колданылады. Әртүрлі іс-әрекетті қолданғанда ғана жеке тұлғаға толығымен әсер етуге болады. Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен формалары ойын, өнер мен қарым-қатынас қоса жүзеге асырылуы тиіс. Ұжымдық танымдық-іс-әрекетін мұғалім мен оқушының ғана емес, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым-қатынасы ретінде қарастыруға болады. Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әртүрлі әңгіме-сұқбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталаңдыру әдістері де қолданылады. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған. Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола тұра (оқыту міндеттері, тәрбие міндеттері), тұтас педагогикалық процесте бірлікте қолданылады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін, дейді белгілі педагог-ғалым Н. Д. Хмель мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, формалары және әдістерін. тәсілдерін ажырата алуы қажет. Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады. Оқыту барысында мұғалім педагогикалық ықпал ету әдістерін де қолданады. Педагогикалық ықпал ету әдістері дегеніміз жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалык процесте жеке тұлғаның әрекет жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдық, рухани) және осы әрекетті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-катынас. таным. ойын, еңбек, сабақ т.б.) жатады. Педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері әрекеттестігінін формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалык тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалык процесс. Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын төмендегідей жіктеуте болады: -қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай); -тұтас педагогикалык процестің оқу жұмысында қолданылуы: -таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия т.б.): -оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.). Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалык процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден. олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер тәсілдер арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық болмайды. Оқыту технологиясының педагогикалық негізі мұғалімнің басқара білуі мен оқушының іс-әрекетін ұйымдастырып, бағдарлап, ынталандыруына құрылған. Бұл дәстүрлі жолдан бас тарту деген емес, олардың арасындағы айырым мен үйлесімді дұрыс ұғынса, оқыту саласында табысқа жетуге болады. Сапалық нәтижеге ие болу үшін төмендегі салыстырма түріндегі кестеге тоқталайық: Ұстазбен шәкірттің білім жолындағы педагогикалық қарым-қатынас ұстанымы
2. Білім алудағы оқытушы мен шәкірттің әрекеті
3. Білімді меңгеріп оны жүзеге асыруға негіз болатын ой-түрткі.
Бұл келтіріп отырған салыстырмалы кесте –болашақ маманның оқыту, білім беру, тәрбие саласындағы дәстүрлі жолдың өміршең өрнектерді жаңа технологияның үйлесімді қолдана алуына жол нұсқайтын бағдар. Қорыта айтқанда, оқыту технологияның педагогикалық негіздері оқыту әдістерімен тәрбие құралдарының бір арнадан тоғысуы, сондай-ақ педагогикалық-психологиялық болмыстың білім беру, тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың әдістемелік жол-жосығын меңгеру және оны жүзеге асыру болып табылады. Оқыту процесін айқындауда пайдаланылатын әдістемелік жүйе және адами мүмкіндіктердің өзара ықпалдастығын ескеретін тиімді амалдарды қолдана білу тұтастығы. Оқыту технологиясының негізі мақсаты бағдардағы мазмұнның жүзеге асу заңдылықтары мен оқыту әдістемелері және оны ұйымдастыра білуге, тиісті нәтижеге жетуге құрылған. Соңғы жылдардағы педагогика технологияларының дамуы оқыту формаларын айтарлықтай молайтуда: конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға байланысты кездесулер, пікірталастар кеңінен қолданылуда. В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесі әрбір оқушыны оқу іс - әрекетіндегі белсенділікке қатыстыруға, дербес ерікті танымдықты тәрбиелеуге,әрбір жеке оқушыда өзінің адамгершілігін сезімін өзінің күштері мен қабілеттеріне сенімділік нығайта түсуге мүмкіндік береді. Оқытудың белсенді әдістері оқушылардың еркін іс-әрекетіне мүмкіншілік береді. Олардың ішінде мәселелік, ойын түріндегі (іскерлік, рольдік), пікір-сайыс, сұхбат, дөңгелек стол, ми шабуылы, т.б. оқыту түрлері қолданылуда. Қос күнделік әдісі арқылы тапсырма орындау
|