каржы 2 апта. Экономика,1901 Шет мемлекеттерді аржы жйесі, оларды рылымы
Скачать 17.03 Kb.
|
Кусаинова Дильназ Экономика,19-01 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі, олардың құрылымы. Қаржы жүйесі түсінігі «қаржы» ұғымының жалғасы болып табылады. Қаржы – тарихи категория, сондықтан ол өз функциясын жүзеге асыруда қаражатты қажет ететін мемлекетпен тығыз байланыста болады. Капиталистікке дейінгі формацияларды мемлекеттік кіріс пен шығыс көбінесе натуралды сипатта болды. Мемлекет дамуының алғашқы сатыларында мемлекет басындағы адамдардың иелігі мен мемлекет қорлары арасанда белгілі меже, шектеу болған жоқ , мемлекет билігіндегі монархтар елдің қаражатын өз қаражатындай жұмсайтын Мемлекеттік кәсіпорындар қаржысы – дербес қаржылық звено. Бұл бөлімнің пайда болуы екінші әлемдік соғыстан кейін өріс алған процесс – Батыс Европаның (Ұлы Британия, Франция, Италия,ФГР, Австрия) біршама елдерінің экономикасында мемлекеттік сектордың дамуымен байланысты. Бұл қаржы звеносының басты міндеті - өз ерекшеліктері болғандықтан төмен рентабельділікті және сондықтан да кәсіпкерлерге қолайсыз, бірақ маңызды өндіріс салаларын (темір жол, әуе транспорты, газ, көмір, электроэнергетикалық өнеркәсіптерді) сақтай, дамыта отырып, жеке шауашылықтарға қолдау көрсету. Дамыған шет елдердің қаржы жүйесінің екінші сферасы – жеке кәсіпорындар, монополиялар, корпорациялар қаржысы. Олар кәсіпорындардың шаруашылық нәтижесінде пайда болып, өндіріс процесі мен өндірістен пайда табуды қамтамасыз етеді. Олар кәсіпорындардың түрлі ақша қорлары мен ақша капиталдары ретінде жинақталады. Жергілікті қаржылар экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады. Олар арқылы жергілікті үкімет органдары өздеріне артылған функцияларына сәйкес ұлттық кірісті бөліп, қайта бөліп және пайдаланады. Жергілікті қаржының үлесіне дамыған елдер қаржы ресурстарының едәуір бөлігі келеді: АҚШ, ФГР мен Жапонияда – 50-60%, Ұлы Британия мен Францияда - 30% астам. Соңғы жылдарда көп мемлекеттерде экономикалық және әлеуметтік процестерді реттеу функциясы жергілікті үкіметтің аймақтық деңгейіне берілген. Жергілікті қаржылар экономикалық өсуді ынталандыруға, аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруға, жұмысшы күшін ұдайы толықтыруға белсенді түрде тартылуда. Жергілікті үкімет орындары конституцияға сәйкес бюджеттік жұмыстарды тәуелсіз жүргізеді, яғни өз бюджеттерінің жоспарлануы мен орындалуына жауапты. Жергілікті қаржының құрамы жергілікті бюджеттен, жергілікті маңызы бар арнаулы қорлардан, жергілікті басқару меншігіндегі кәсіпорындар қаржысынан тұрады. Жергілікті бюджет жергілікті үкімет орындарының негізгі кірістері мен шығыстарынан құралады. Жергілікті үкімет орындары өндірістік және өндірістік емес сфераларды тең дамытып, аймақ дамуын комплексті қамтамасыз етулері қажет. Жергілікті бюджет кірісі жергілікті салықтар мен алымдардан, жоғарғы бюджеттен түсетін түсімдер мен займдардан қалыптасады. Халықаралық тәжірибе бойынша неғұрлым жоғары дамыған елдерде мемлекет ресурсындағы аймақтық бюджеттің кірісінің үлесі соғұрлым көбірек. Мысалы, ол Португалияда - ЖҰӨ-нің (ВНП) 3%, Норвегияда - 15%, Швецияда - 31% құрайды. Жергілікті бюджет кірісінің басты көзі салықтар болып табылады. Әр елдің салық заңдарына сәйкес олар аймақтық бюджеттің түрлеріне бекітілген. Бұл салықтар мөлшерлерін (ставки) жергілікті үкімет орындары белгілейді. Олардың саны әр елдерде 20-дан 100-ге дейін және жергілікті бюджеттің жалпы кірістеріндегі үлес салмағы – 30-дан 70% дейін болады. Жергілікті салықтар 3 топтан тұрады: Ұлы Британия, АҚШ және т.б. елдерде 70-ші жылдардың соңынан бастап экономика және қаржы саясатының негізіне экономикалық ілімдердің неоклассикалық бағытымен байланысты неоконсервативтік стратегия қойылды. «Ұсыныс экономикасы» атты концепция бойынша, мемлекеттің экономикадағы ролін, оның элеуметтік және шаруашылық өмірге араласуын шектеу қажет. Бұл концепцияның кейбір іс-шаралары мыналар: меншіктің мемлекеттік бөлігін қайта жекешелендіру, өндірісті және оның тиімділігін арттыруды ынталандыру, экономика сферасындағы мәселелерді ұсынысты жоғарылату арқылы шешу сияқты бәсекелестіктің нарықтық механизмдерін күшейту. Сонымен қатар, Франция, Испания, Швецияда посткейнсиандық көзқарастарға негізделген дирижизм экономикалық концепциясы сақталуда. Олар экономикаға мемлекеттің араласуды ұлғайту арқылы жаңа шаруашылық ету жағдайларына бейімделу қажеттілігінен шығады. ҚР қаржы жүйесі және оның ерекшеліктері (басқа елдердің қаржы жүйесімен салыстыру). Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады: мемлекеттің бюджет жүйесі; арнаулы бюджеттен тыс қорлар; мемлекеттік несие; жергілікті қаржы; шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы; халықтың қаржысы. Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады. Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі: мемлекеттік және муниципалдық қаржы; шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды. Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан – бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады, ал мысалы: АҚШ- тың қаржы жүйесінің құрылымы Қазіргі кездегі мемлекет қаржысының жүйесі төмендегідей көрсеткіштерден тұрады: Федерациялардың қаржы жүйесі; 50 штаттардың қаржы жүйесі; 12,7 мың әкімшілік, шаруашылық кәсіпкерліктердің, мәдени және т.б. аумақтық бөлімшелердің (муниципалитеттердің, таун- шиптердің, ауылдың, мектептердіңі, арнайы округтардың және т.б.) қаржы жүйесі; Арнайы қорлардың; Мұндай мемлекеттік қаржыны ұйымдастыру жүйесі орталықтандырудың жоқтығын көрсетеді. Бұл- мемлекетті басқарудың әрбір бөлімшесі (федерация, штаттар, аумақтық органдар) өздігінен өз бюджеттерін қалыптастырады және оны бекітеді, салық саясатын қалыптастырады және жүргізеді, қарыздарды басқарады. Штаттардың бюджеттері федералды бюджетке кірмейді, яғни одан тәуелсіз, ал аумақтық бюджеттер штаттардың бюджеттерінің қарамағында болмайды.Федералды үкімет қаржы жылын 1- ші қазаннан бастап, келесі жылдың 30- шы қыркүйегінде аяқтайды, ал көпшілік штаттардың қаржы жылы 1- ші шілдеден келесі жылдың 30- шы маусымына дейін созылады. Сонымен қатар, штаттардың жартысынан астамы бюджетті екі жылға қалыптастырады. Аумақтық әкімшілік бірліктердің көпшілігінің қаржы жылы календар жылымен сәйкес болады.АҚШ- тың мемлекеттік қаржы жүйесіндегі басты рөлді федерациялардың қаржы жүйесі мен федералды бюджет атқарады. |