Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың тақырыбы

  • . Сабақтың тақырыбы

  • Сабақтың мақсаты

  • қолданбалы курс. қаз. энергетикасы дайыны. Электр энергиясыны энергияны баса трлерінен артышылытары


    Скачать 270 Kb.
    НазваниеЭлектр энергиясыны энергияны баса трлерінен артышылытары
    Анкорқолданбалы курс
    Дата15.02.2022
    Размер270 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлақаз. энергетикасы дайыны.doc
    ТипДокументы
    #362163
    страница1 из 5
      1   2   3   4   5

    Сабақтың тақырыбы: Электр энергиясының энергияның басқа түрлерінен артықшылықтары.

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: Конденсатормен таныстыру, оның электр сыйымдылығы қандай шарттарға тәуелді болатыны және оның түрлері, қолданылуы, жалғануы туралы түсініктер беру. Зарядталған конденсатор энергиясымен таныстыру.

    Дамытушылық: Жаңа физикалық құралмен таныстыра отырып, оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, ізденушілікке баулу.

    Тәрбиелік:Пәнге қызығушылығын арттыру. Ұқыптылық пен жауапкершілікке баулый отырып, өзін-өзі бағалауға үйрету.

    Сабақтың түрі: Аралас сабақ

    Сабақтың әдісі: Қараевтың деңгейлік тапсырмалар элементін қолдана отырып жұппен жұмыс жасату.

    Пәнаралық байланыс: электротехника, математика

    Сабақтың көрнекілігі: Таратпа жұмыстар, проэктор, экран, слайдтар, электрондық оқулық.

    Сабақтың барысы:

    I.Ұйымдастыру кезеңі:

    1.Кабинетке кіріп, оқушылармен сәлемдесу. Дәрісхананың тазалығына, балалардың киіміне назар аудару. Оқушыларды түгендеу. Журнал толтыру.

    2. Сабақты таныстыру:

    Сабақтың тақырыбын айту, таныстыру, оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру.

    II.Үй жұмысын қайталау:

    1. Жалпы сұрақ қою арқылы:

    А) Өткізгіштер дегеніміз не?

    Ә) Диэлектриктер дегеніміз не?

    Б) Диполь деп нені айтамыз?

    В) Электр сыйымдылығы дегеніміз қандай шама?

    Г) Электр сыйымдылығының өлшем бірлігі?

    2. Тест жұмысын тарату арқылы.


    Сабақтың тақырыбы: Электр энергиясын генерациялау.

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: Конденсатормен таныстыру, оның электр сыйымдылығы қандай шарттарға тәуелді болатыны және оның түрлері, қолданылуы, жалғануы туралы түсініктер беру. Зарядталған конденсатор энергиясымен таныстыру.

    Дамытушылық: Жаңа физикалық құралмен таныстыра отырып, оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, ізденушілікке баулу.

    Тәрбиелік: Пәнге қызығушылығын арттыру. Ұқыптылық пен жауапкершілікке баулый отырып, өзін-өзі бағалауға үйрету.

    Сабақтың түрі: Аралас сабақ

    Сабақтың әдісі: Қараевтың деңгейлік тапсырмалар элементін қолдана отырып жұппен жұмыс жасату.

    Пәнаралық байланыс: электротехника, математика

    Сабақтың көрнекілігі: Таратпа жұмыстар, проэктор, экран, слайдтар, электрондық оқулық.

    Сабақтың барысы:

    I.Ұйымдастыру кезеңі:

    Жоғары энергия физикасы – элементар бөлшектер физикасының жоғары энергиялы (109 эВ) бөлшектердің (шартты түрде нуклонның тыныштық энергиясын 9,4108 эВ деп алуға келісілген) өзара әсерлесуін зерттейтін саласы. Жоғары энергия физикасы Қазақстанда 20 ғ-дың 40-жылдарының соңынан дами бастады. Зерттеу жұмыстарының басты бағыты – адрондардың серпімсіз өзара әсерлесуі (күшті өзара әсерлесу). Бұл бағыттың негізін академик Ж.С. Тәкібаев қалаған. Зерттеу жұмыстары 1950 жылдан Қазақстан ҒА-ның Физикалық-техникалық институтында және ҚазҰУ-дің физика фаукльтетінде жүргізіліп келеді. Қазақстан ғалымдары үдеткіштерде алынған жоғары энергиялы бөлшектердің (протондардың энергиясы 6,6108 эВ–41011 эВ, -мезондардың энергиясы 7,5109–21011 эВ, антипротондардың энергиясы 3109–3,21010 эВ, жеңіл ядролардың энергиясы 4,1109 эВ/нуклон) көмегімен бастапқы энергияға байланысты өзгеретін протондардың қарапайым түзілу (генерациялау) актісінің сипаттамасын, алғашқы бөлшектер мен нуклон-нысана зарядының табиғатын; резонанстар үлесін; екінші реттік бөлшектердің көптеп туу қимасының импульстері бойынша үлестіру параметрлерін және әмбебабтық сипатын; протон-антипротон аннигиляциясының механизмін; жетекші бөлшектердің серпімсіздік коэффициентін және оның рөлін; нуклондар мен ядролардағы адрондардың когеренттік және дифракциялық түрде пайда болу механизмін; ядроларда адрондардың көптеп түзілу процесін, т.б. түсіндіруге және зерттеуге елеулі үлес қосты.
    Үдеткіштердегі алғашқы деректер Ресейдегі (Дубна, Серпухов) және Швейцариядағы (Женева), Америкадағы ғылыми орталықтармен ынтымақтастықтың нәтижесінде детектордың (ядролық эмульсия; сутек, дейтерий және протонмен толтырылған көпіршікті камера; ұшқынды стриммер камера) көмегімен алынды. Зарядты бөлшектер импульсі мен әсерлесу ықтималдығын өлшеуді жетілдіру, ядролық -физикалық ақпараттарды математикалық және техникалық жолмен өндеу жөнінде маңызды әдістемелік жұмыстар орындалды. Дәл мәліметтер алу мақсатында Іле Алатауында ғарыштық сәуле станциясы салынды (1957). ҚазҰУ-да ғарыштық сәулелердің қатаң және бейтарап құраушыларының вариациялары, олардың Күн және геомагнит активтілігімен байланысы, сондай-ақ жоғары энергиялы ядролық ыдыраудағы көп зарядты шапшаң фрагменттердің түзілу механизмі зерттелуде. Қазақстан ғалымдары (Э.Г. Босс, А.Х. Винницкий, Ю.Т. Лукин, Н.Н. Нұрғожин, В.И. Руськин, Ж.С. Тәкібаев, М.А. Тәшімов, П.А.Усик, И.Я. Часников, т.б) өздерінің ғылыми жұмыстарын шет ел ғылыми орталықтарымен және ғалымдарымен тығыз байланыста жүргізуде.

    Сабақтың тақырыбы: Электр стансиясының түрлері. Қазақстанның су қоры.

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: Электр стансиясының түрлері. Қазақстанның су энергиясымен таныстыру.

    Дамытушылық: Жаңа физикалық құралмен таныстыра отырып, оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, ізденушілікке баулу.

    Тәрбиелік: Пәнге қызығушылығын арттыру. Ұқыптылық пен жауапкершілікке баулый отырып, өзін-өзі бағалауға үйрету.

    Сабақтың түрі: Аралас сабақ

    Сабақтың әдісі: Қараевтың деңгейлік тапсырмалар элементін қолдана отырып жұппен жұмыс жасату.

    Пәнаралық байланыс: электротехника, математика

    Сабақтың көрнекілігі: Таратпа жұмыстар, проэктор, экран, слайдтар, электрондық оқулық.

    Сабақтың барысы:

    I.Ұйымдастыру кезеңі:

    Қазақстан Республикасы: Су қоры. Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының таралуы және Су қоры олардың деңгейлік ерекшеліктері ең алдымен климат факторларына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлш. қалыпты орташа деңгейден 2–4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қ-ның маңызды табиғи қорларының бірі – жер асты суы. Су қорлары кең-байтақ аумақта біркелкі таралмаған.

    Мұздық. Қ-ндағы жер беті ағын суы қорының негізгі көзі – мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауд. 2033,3 км2-лік 2724 мұздық анықталды (1985). Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км2-ден астам) Жетісу Алатауында (мұздық аум. 1369 км2), қалғаны Іле мен Күнгей (610,7 км2), Теріскей (144,9 км2) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2 км2), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км2). Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жіктеуге болады: аңғарлық мұздықтар, беткейлік мұздықтар және денудациялық беткейлер мұздықтары (жұмыр, мүжіле тегістелген шыңдарда). Осылардың ішінде көбірек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын (әсіресе таулы өңірлерін) зерттеуге аса зор ұлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталған. Іле Алатауындағы Талғар массивімен байланысты күрделі аңғарлық Корженевский мұздығы – Қазақстандағы аса ірі мұздық болып саналады: ұз. 11,7 км, ауд. 38,0 км2, мұзының жалпы көл. 6,32 км3. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшілігінің қалыңд. 50 – 100 м, ал таудың жоғары беткейлеріндегі мұздықтардікі 10–30 м.

    Сабақтың тақырыбы: Су қорын энергетикалық мақсатта пайдалану. Су электр станциялары.

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік мақсаты: Электр қуатын үнемдей отырып, экологияға әсерін айтып, оның түрлі жолдарымен үнемдеуге болатыны туралы оқушылармен бірге талқылау.

    Дамытушылық мақсаты: Экология мәселелеріне, табиғат келешегіне көз жүгіртіп,қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін одан әрі дамыту.

    Тәрбиелік мақсаты: қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

    Көрнекіліктер: слайд, суреттер.

    Пәнаралық байланыс: экономика, экология, география, физика.

    Сабақтың барысы:

    Ұйымдастыру кезеңі.

    Кіріспе сөз.

    Бүкіл жер бетіндегі адамзатты қатты ойландыратын және кезек күттірмейтін мәселелердің бірі – табиғи ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану керек. Соңғы кезде қоршаған ортаның ластануы барынша көкейкесті мәселелерге айналып отыр, өйткені техникалық прогрестің және адамның ойланбай жасаған әрекетінің салдарынан өмір сүруге қажетті нәрселердің бәрі ластануда.

    Ауаны ең көп ластайтын – өнеркәсіп орындары мен завод, фабрикалар, әртүрлі көлік түрлері. Ластау көздері – ауаға түтінмен бірге күкіртті және көмірқышқыл газын шығаратын жылу электр станциялары; ауаға азот оксидін,күкіртті сутек, хлор, фтор, аммиак, фосфорлы қосылыстар, сыныптың бөлшектері мен қоспаларын және мышьяк шығаратын металлургия, оның ішінде түсті металлургия кәсіпорындары;химия өнеркәсібі және цемент зауыттары. Адам табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Табиғат – адамзаттың тіршілік ететін ортасы. Республикамыздың аумағында кездесетін мол табиғат ресурстары тиімді және тиімсіз жолдармен игеріліп келеді. Әсіресе қазба байлықтарды өндіру мен өңдеу, оларды тасымалдау барысында ашық кен өндірістерінде кен қазғанда табиғат орасан зор зардап шегеді. Ауаға шығатын улы заттардың концентрация (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы жәнет.б) белгіленген мөлшерден он есе артық.

    Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ. демекші қоршаған ортаның ластануына көптеген факторлар әсер етеді екен.

    Энергияны үнемдеу – табиғатты қорғау.

    Сабағымыздың мақсаты энергияны үнемдей отырып, табиғатты қорғау.

    «Біз неге электр қуатын үнемдеуіміз керек?» деген сұрақ тағы да туады деп ойлайсыңдар? (оқушылардың ауызша жауаптары). Өйткені электр қуаты біздің елімізде қымбат, энергия көздері аз, шет мемлекеттерден сатып аламыз.

    Картадан Қазақстандағы ГЭС-ді көрсету, сарқырама арқылы өндірілетінін және географиялық орналасуын айтып түсіндіру.

    Қазіргі таңда Қазақстан электр энергиясына тапшы кезеңде елімізде қуат көзінің 2 түрі ғана, гидро-электрстансалары (ГЭС)және жылу-электрстансалары (ЖЭС) бар. Біздің еліміз үшін бұл өте аз болып тұр. Бұл мәселенің шешімін іздеу барысында, елімізде балама энергия көздерін пайдалансақ мәселе шешімін табар ма еді? Балама энергия дегеніміз-желден, күн сәулесінен, қуаты 35 мВт дейінгі қондырғыларға арналған гидродинамикалық су энергиясы.Балама энергия көздерін ұтымды пайдалану,экономикалық проблемамызбен қатар экологиялық проблемаларымыз қоса шешілетін еді.

    Осы үнемдеудің нәтижесінде, экологияға қандай әсері бар, пайдасы және зиянды жақтарын талқылап көрелік.

    Қазақстанда энергия көзі аз болса да, басқа табиғи ресурстарға баймыз. Сол үшін өндірістің қай саласы болсын, электр қуатын қажет етеді. Елбасымыздың жаңа индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша алдымызда қыруар істер күтіп тұр. Электр қуаты тапшылығынан шығудың бір жолы, ол «Жел энергиясы» немесе «Жаңғыртылған энергия көздері». Слайд. Жаңғыртылған энергетика ресурстарын пайдалану энергетиканы дамыту бағдарламаларын әзірлеу және Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу жағдайында басым бағыт болып табылады. Енді, осы энергия көздері туралы толығырақ біздің оқушылар әңгімелеп береді.

    Қыздыру шамының құрылысы

    1 – вольфрам қылы;

    2 – шыны колба;

    3 – жүктеме;

    4 – цоколь.

    10. Автономды жылу жүйелері.

    Қорытынды.

    Елбасымыздың сөзі: «Қазақстан 2030 жылы таза ауалы, мөлдір сулы, жасыл өлкеге айналуы тиіс».

    Бір тал ағаш өсірсең – еңбегіңнің жанғаны,

    Абзал адам өсірсең – басыңа бақ қонғаны.

    деп осы сабақты түйіндей келіп, нағыз қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін өндірістерді салу, осы проблемаларды ғылым арқылы шешімін табатын сендерсіңдер.

    І. Сабақтың тақырыбы: Ядролық отын-уран кен орындары. Уран өндіру.

    ІІ. Сабақтың мақсаты:

    а) білімділік: Оқушыларда ядролық реакциялар, ядролық реакторлар туралы ұғым қалыптастыру, оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру.

    б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

    в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.

    ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.

    ІV. Сабақтың түрі: теориялық.

    V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша.

    VІ. Сабақтың көрнекілігі: презентация, электрондық кітапша.

    Пән аралық және пән ішілік байланыс

    Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы: химия

    Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы: экология

    Сабақтың барысы:

    1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.

    2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:

    1. Есеп шығару:

    3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.

    4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

    Ядролық реакциядар.

    Уран ядроларының бөлінуі.

    Тізбекті реакция.

    Ядролық реакторлар.

    5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 35 минут

    Ядролардың бір – бірімен немесе элементар бөлшектер әсерлесуініңтүрленулерін ядролық реакциялар деп атайды.Көп жағдайларда ядролық реакцияларда екі ядро және екі бөлшек қатысады. Ядро мен бөлшектің бір жұбы бастапқы жұп, екіншісі – соңғы жұп делінеді.

    Ядролық реакцияның символдық жазылуы:

    Мұндағы А және В – бастапқы және соңғы ядролар, а және в бастапқы және соңғы бөлшектер.

    Ядролық реакция оған қатысатын дастапқы және жұптардың кинетикалық энергияларының айырмасына тең Q ядролық реакция энергиясымен сипатталады. Q<0 болғанда реакциялар энергияны жұта жүреді және эндотермиялық деп аталады, Q>0 болғанда энергияны (реакция) шығара жүреді және экзотермиялық деп аталады.

    Барлық ядролық реакцияларда энергия, импульс, заряд және нуклондар санының сақталу заңдары орындалады.

    Ядроның бөлінуі деп нейтронды қосып алу нәтиежесінде қоздырылған ауыр ядроның жарықшақтар деп аталатын шамамен бірдей екі бөлікке бөліну ядролық реакциясын реакциясын айтады. Ауыр ядроның бөлінуі кезінде орасан зор энергия бөлініп шығады. Бөлінетін ядроның әр нуклонына келетін энергия шамамен алғанда 1 МэВ.

    Егер бөліну нейтрондарының әрқайсысы бөлінетін заттың көршілес ядроларымен әсерлесіп, олардың бөлінуін тудырса, онда реакция тізбекті реакция деп аталады.Тізбекті реакцияның пайда болуының шарты – ядро бөлінген кездегі нейтрондар көбеюінің орын алуы.

    6. Жаңа материалды бекіту – 15 минут

    І. Бекіту сұрақтары:

    Ядролық реакцияның энергиясы дегеніміз не?

    Ядроның бөлінуі деп қандай реакцияны айтады?

    Тізбекті бөліну реакциясы қалай жүзеге асады?

    Неліктен ядро бөлінгенде бірнеше нейтрон бөлініп шығады?

    Тізбекті реакция қалай басқарылады?

    Ядролық энергия электр энергиясына қалай түрленеді?

    Ядролық энергетиканың басқа энергетика түрлеріне қарағанда қарқынды дамуының себебі неде?

    2. Есеп шығару:

    7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

    Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

    8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут

    Бағалар

    Топтар

    9. Үй тапсырмасы-5 минут:

    Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстары:

    Атом бомбасы. Семей полигоны.

    Ядролық энергетиканы қолдану. Чернобыль АЭС-індегі апат.

    Радиоактивті изотоптардың биологиялық әсері.
    Сабақтың мақсаты: Ядролық отынның басқа да түрлері.

    Білімділік: Оқушыларға Қазақстандағы көмірсутектердің табиғи көздері, мұнай, мұнайға серік газдар, олардан алынатын өнімдер, отынның түрлері, газ, мұнай, тас көмір өндірілетін орындар, олардың республикадағы экономика және энергетика саласындағы проблемаларды шешудегі маңызы туралы білімдерін қалыптастыру;

    Дамытушылық: Қоршаған ортаны қорғау проблемалары туралы қорытынды шығара білу, талдау, жүйелеу, көмірсутектердің табиғаттағы айналымын көрсететін реакция теңдеулерін құру дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.

    Тәрбиелік: Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

    Сабақ типі: Жаңа сабақ.

    Сабақ өткізілу түрі: Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу, жаттығулар орындау.

    Құралдар мен реактивтер: Оқулық, мұнай өнімдерінің үлгілері.

    1.Ұйымдастыру кезеңі:

    Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

    Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

    Оқушыларды білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

    Көмірсутектердің табиғи көздері. Мұнай, мұнайға серік газдар.

    1.Білімді жаңғырту:

    Фронталды сұрақтар қою:

    * Көмірсутектердің табиғи көздеріне нелер кіреді?

    *Мұнай мен газдың қалай түзілетінін түсіндіріңдер?

    * Казақстандағы мұнай мен табиғи газдың ірі кен орындарының қай жерде орналасқанын көрсетіңдер?

    Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

    1. «Табиғи газ-химия өндірісінің маңызды шикізаты», «Мұнайға серік газдар»тақырыптарына оқушылардың дайындаған хабарламалары

    2. 11-Б-2 қолданып дайындаған мұғалімнің толықтыруы:

    ТАБИҒИ ГАЗ

    *Табиғатта кездесуі және құрамы. Біздің ғаламшардағы табиғи газдың қоры өте көп (шамамен 10 м). Табиғи газдың негізгі құрам бөлігі метан. Сонымен бірге онда этан, пропан, бутанда бар.Мынадай заңдылық бар: егер көмірсутектің молекулалық массасы неғұрлым үлкен болса,онда ол соғұрлым табиғи газда аз болады.
    Қазақстандағы газ, мұнай және тас көмір қоры жөнінен әлемдегі табиғи ресурстары бай елдердің қатарына жатады. Көмірсутектің отын, мұнай және табиғи газ бүкіл әлемнің өркендеуінің өзегі болып отыр. Қазақстан әлемдік рынокқа көмірсутекті, отынды шығарушы елдердің бірі.

    > Тас көмір – Қазақстанның энергетикалық ресурстарының негізгі түрі. Республиканың отын балансындағы оның арасалмағы 70 пайызға дейін. Қазақстанда жалпы геологиялық қоры, шамамен 160 миллиард тоннадай болатын тас көмірдің, кокстелетін көмірдің, қоңыр көмірдің түрлері бар. Қазіргі кезде республикада, жалпы алғанда 400-дей кен орнынан жылына 100 млн тоннаға жуық тас көмір мен қоңыр көмір өндіріледі.

    Білімді қорытындылау және жүйелеу:

    - тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

    - оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

    Қорытынды:

    1. Табиғи газда метан 80-95 %; ал серік газдарда – 20-25 %.

    2. Табиғи газды жылу электростанцияларында, завод қазандықтарында, әр түрлі өндірістік пештерде қолдану кокс шығынын азайтып үнемдеуге, шойындағы күкірт мөлшерін азайтуға, пештердің енбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    3. Т.Г күнделікті қолданудың маңызы зор.

    4. Т.Г бұл көмірсутектердің маңызды көзі..

    5. МСГ- жақсы отын және барышша маңызды шикізат.

    6. Бұл газдың қолданлуы, табиғи газдың қолданылуынанда кең көлемде, метанмен бірге оның құрамында этан, пропан, бутан, пентанның да мөлшері бірщама. .

    7. МСГ қолдану үшін оны фракцияларға бөледі.

    8. Бұрын мұнай өндіргенде серік газдар қолданылмай, өртелетін.

    Жаңа ұғымдар: Табиғи және мұнайға серік газдар,құрғақ газ, фракциялар, пропан – бутан қоспасы.

    Үй тапсырмасын беру кезеңі:

    Бағалау

      1   2   3   4   5


    написать администратору сайта