Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың тақырыбы

  • Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы.

  • Ғылыми-техникалық прогрестің қоршаған ортаға әсері

  • Қазақстанның экологиялық проблемалары

  • Қазақстанның экологиялық апат аймақтары

  • Қоршаған ортаның экологиясын бақылау

  • Қорытынды:Бағалау. Үй тапсырмасы

  • қолданбалы курс. қаз. энергетикасы дайыны. Электр энергиясыны энергияны баса трлерінен артышылытары


    Скачать 270 Kb.
    НазваниеЭлектр энергиясыны энергияны баса трлерінен артышылытары
    Анкорқолданбалы курс
    Дата15.02.2022
    Размер270 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлақаз. энергетикасы дайыны.doc
    ТипДокументы
    #362163
    страница5 из 5
    1   2   3   4   5

    Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның гидроэнергетикасы.

    Гидрография – (гидро... және ...графия) – гидрологияның су объектілерінің (өзен, көл, бөген, т.б. орналасуын сипаттайтын, олардың геогрия таралу заңдылықтары мен морфолия ерекшеліктерін, режимін және шаруашылықта пайдалану жолдарын зерттейтін саласы.

    Гидрография мұхиттар мен теңіздердің гидрометеорологиялық режимін, жағаларының түрлерін, теңіз түбі бедерінің өзгеруін зерттеумен де шұғылданады.

    Гидрографиялық зерттеулер гидрографиялық атыраптың сандық және сапалық сипаттамаларын, судың физика-география жағдайлары мен уақыт аралығында өзгеруін, ылғалдану дәрежесін, жылулық режимін, сондай-ақ өзен алабындағы эрозиялық процестер мен су объектілерінің ластануын анықтауға мүмкіндік береді. Гидрографиялық зерттеулер нәтижелері гидроэнергетикада, су көлігі саласында, өнеркәсіпті және елді мекендерді сумен қамтамасыз етуде, балық шаруашылығында, мелиорацияда қолданылады.

    Гидрография

    өзен, көл, бөген және т.б. су объектілерінің физикалық-географиялық жағдайларының, жүргісі мен пайдаланылуының сапалық жөне сандық сипаты түрғысындагы жазбаларымен айналысатын құрлық гидрологиясының тарауы;өзеңдердегі, көлдердегі, теңіздердегі және мұхиттардағы су көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының жиынтығы;су I объектілерін картаға түсіру мен сызу және олардың жазбаларын (мыс., лоциялар) құрастыру.Республика экономиканың отын-энергет. қорының қажеттiгiн анықтау кезiнде өнеркәсiптiң түрлi салалары мен әлеум. аяда қуат үнемдейтiн 100-ге жуық технол. мен шаралар ескерiлдi.Қазақстан өзендерiнiң су энергет. әлеуетi 200 млрд. кВт/сағ, ал пайдалануға экон. тиiмдi су-энергия қоры 23 — 27 млрд. кВт/сағ деп бағаланды. Қазiргi кезде гидравлик. энергияның экон. әлеуетiн пайдаға асыру деңгейi небәрi 20%-ды құрайды. Жел қуатын пайдалану, үшiн Жоңғар қақпасы ауданында (100 — 110 млрд. кВт/сағ), Маңғыстау тауларында (100 — 140 млрд. кВт/сағ), т.б. аудандарда қолайлы жағдайлар бар. Оңт. Қазақстан, Алматы облыстарының аумағында негiзiнен жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге жарамды геотермиялы су қорлары анықталды. Жер асты суын пайдалану жылына 1 млн. т шартты отын үнемдеуге мүмкiндiк бередi. Республикада күн энергиясы мен биомассаның да белгiлi бiр әлеуетi бар. Энергияның мұндай әдеттен тыс көздерiнiң тех. әлеуетi 13 млрд. кВт/сағатқа бағаланып отыр, соның iшiнде жылына 5000 — 6000 сағатты қамтамасыз ететiн кепiлдi қуат — 380 мВт. Энергия өндiрiмi 1,9 — 2,3 млрд. кВт/сағ.

    Сабақтың тақырыбы: Уран өндірудің экономикалық-экологиялық проблемалары.

    Экология ғылымы және оның міндеттері.

    Қазіргі кездегі кез келген аймақтарда таралған тірі ағзалар ұзақ уақыттарды қамтитын геологиялық дәуірлерде бірте-бірте қалыптасқан және олар өздері тіршілік ететін орта жағдайларына бейімделген. Тірі ағзалар өзара және айналадағы табиғи орта жағдайларымен үнемі қарым-қатынаста, әрі өзара тығыз байланыста болады. Оны ғылым тілінде экологиялық немесе тепе-теңдік құбылысы деп атайды.

    Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы.

    Экология биология ғылымының бір саласы ретінде ғасырдың орта шенінде айқындалғанымен, жеке ғылым ретінде сол ғасырдың соңында ғана қалыптаса бастады. Әйтсе де, алғашқы экологиялық зерттеудің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық бейімделушіліктерді, олардың табиғи ортаға тәуелділігін экологиялық тұрғыдан қарастырған.

    Ғылыми-техникалық прогрестің қоршаған ортаға әсері

    Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы адам мен қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын күрделендіріп жіберді.

    Қазақстанның экологиялық проблемалары

    Адамның өміріне, тіршілігіне қоршаған орта әр уақытта да әсер етіп отырады. Қоршаған ортаны қорғау, жақсарту оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалану қазіргі кезде ең маңызды мәселелердің бірі. Бұл мәселелерді шешу жыл сайын қиындай түсуде. Себебі, қалалардың, өнеркәсіптің өсуі, электр қуатының қарқынды өндірілуі, ауыл шаруашылығының индустрияландыру мен химияландыру, химия өнеркәсібінің дамуы қоршаған ортаға өз әсерлерін тигізуде.

    Қазақстанның экологиялық апат аймақтары

    Республикамыздың аумағында кездесетін мол табиғат ресурстары тиімді және тиімсіз жолдармен игеріліп келеді. Әсіресе қазба байлықтарды өндіру мен өңдеу, оларды тасымалдау барысында, ашық кен өндірісінде кен қазғанда табиғат орасан зор зардап шегеді. Оның үстіне еліміздегі полигондар орналасқан аумақтарды экологиялық тұрғыдан апатты аймақтарға жатқызуға болады.

    Қоршаған ортаның экологиясын бақылау

    Жер бетінде экологиялық жағдайдың шиеленсуі бізді қоршаған табиғи ортаға сапасына күнделікті бақылау жасауды қажет етеді. Әсіресе елді мекендерде ауа, су, азық-түлік құрамын бақылап отыру бүгінгі күннің талабы. Ол үшін, бәз өзіміз тіршілік етіп отырған аумақтың немен ластанып жатқанын алдын ала бақылап, біліп отыруымыз қажет. Міне,осы проблеманы мониторингтік бақылау жүйесі жүзеге асырылады.
    Қорытынды:Бағалау.

    Үй тапсырмасы: Уран өндірудің экономикалық-экологиялық проблемалары.

    Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы атом энергетикасының дамуы.

    Энергетика бүгінде әлемдік өркениеттің мыңызды қозғаушы күшіне айналып отыр. Адамзаттың XXI ғасырдағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде және энергетикалық сұраныстарын қанағаттандыруда ядролық энергетика айтарлықтай үлес қосуға тиіс. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, Қазақстанда ядролық энергетиканы қолданбастан жақын және алыс болашақта энергетикалық кілтипандарды шешуге болмайтын сияқты. Қазақстан энергетикасы ерте ме, кеш пе, әйтеуір осы жолды таңдары анық. Бұл ретте көмірсутегімен салыстырғанда атом энергетикасының үлкен экономикалық тартымдылығы шешуші рөл ойнауы тиіс. Алып қорлары барына қарамастан уақыт өте келе көмірсутегі энергия тасымалдағыштарының сарқыла бастайтыны, сондай-ақ парникті шығындыларды шектеу мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық стандарттарды сақтауға байланысты экологиялық құрамдас бөліктері де соған итермелейді.

    Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін бірқатар бұлтартпас алғы шарттарға ие:

    Қазақстанда әлемдік барланған уран қорының 19% шоғырланған;

    Дамыған уран өндіретін және қайта өңдейтін өз өнеркәсібі бар;

    «Қазатомөнеркәсіп» холдингі жүзеге асыратын толық ядролық-отын циклына ие компания құру жөніндегі стратегия отандық атом энергетикасын елімізде өндірілген отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл электр энергиясына барынша төменгі тарифтер белгілеуге септігін тигізеді;

    Қазақстанда жылдам нейтрондағы БН-350 тәжірибелік-өнеркәсіптік реакторының ширек ғасыр бойы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз еткен білікті қызметкерлер сақталған. 1999 жылдан бері аталмыш реактор сатылап қолданыстан шығарылуда;

    Қазақстанда кеңестер заманынан сақталған ядролық физика саласында зерттеулер жүргізетін бірегей ғылыми база, білікті ғылыми-техникалық мамандар бар;

    Республикамыз үш зерттеу ядролық реакторын пайдалануды жемісті жалғастырып келеді;

    Ядролық энергетика мен ядролық физика саласында, соның ішінде атом энергетикасының қауіпсіздігін негіздеу, ядролық реакторлар үшін перспективалық отындарды сынақтан өткізу, ядролық техниканың жобаларын жасау бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін қажетті инфрақұрылым бар;

    МАГАТЭ-де интеграцияланған ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің ұлттық жүйесі бар;

    Атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану бойынша қызметтің негізгі құбылыстарын реттейтін заңдық және нормативті база жұмыс істеп тұр.

    Дәстүрлі энергетиканы ядролық-энергетикалық технологияға біртіндеп алмастыру едәуір синергетикалық нәтижеге жеткізеді:

    Атом энергетикасын дамыту елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады, ал оған болашақта энергия өндірісін диверсификациялаусыз қол жеткізу мүмкін емес. Бұл электр энергиясын сырттан сатып алуға тәуелділікті айтарлықтай азайтады немесе толығымен жояды, мұның өзі шикізат бағасының ықтимал тұрақсыздығы және электр энергиясына сұраныс көп еселеп артуы болжануы жағдайында үлкен пайда;

    АЭС қазіргі кезде мейлінше экологиялық таза энергия өндірушілердің бірі саналады. Ядролық энергетика экологиялық балансты бұзбастан өндірелетін энергия көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ауа қабатына шығарылатын зиянды шығындыларды болдырмауға және жаһандық экологиялық проблемаларды шешу бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелерді қамтамасыз етуге септігін тигізеді;

    Ядролық энергетиканың маңызды абзалдықтарына экономикалық тартымдылығы мен ұзақ уақыт бойы электр энергиясы бағасының тұрақтылығын жатқызуға болады;

    Атом энергетикасын дамыту отандық машинажасаудың технологиялық деңгейін көтеруге, елдің ғылыми-техникалық қуатын нығайтуға және экономиканың жаңадан жоғарытехнологиялық салаларын жасауға жан-жақты ықпал етеді;

    Өнеркәсіптік кәсіпорындардың АЭС үшін жабдықтар шығаратын халықаралық кооперацияға интеграциялануы жүзеге асады;

    Экспорттың құрылымы жоғарытехнологиялық өнімдердің – электр энергиясы мен реакторлық отын, болашақта жаңа АЭС-тер үлесін арттыру бағытына қарай өзгереді;

    Энергетикалық ресурстардың кепілділігі Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

    Тұтастай алғанда, Қазақстанда ядролық энергетиканың болашағы жарқын, ал оны дамыту барлық энергетикалық саланың қуатын айтарлықтай арттыра түседі.

    Сабақтың тақырыбы: Адамзаттың ғаламдық проблемаларының бірі-энергетикалық проблеманы шешу жолдары.

    Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

    Ресурстар проблемасы;

    Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;

    Энергетикалық проблема;

    Демографиялық проблема;

    Климаттың өзгеруі;

    Экологиялық проблемалар;

    «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;

    Қауіпті ауруларды жою;

    Әлемдік мұхит пен космосты игеру;

    Қылмыспен және терроризммен күрес;

    Наркобизнеспен күрес.

    Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық , ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

    Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру.

    Сабақтың тақырыбы: Гелиоқондырғылардың әртүрлі модельдері.

    Гелиоқондырғы — Күн сәулесі энергиясын қабылдап, оны іс жүзінде пайдалануға қолайлы энергияның басқа түріне (мыс., жылу не электр энергиясына) түрлендіретін құрылғы. Олар Күн энергиясын шоғырландырмайтын “ыстық жәшік” түріндегі (күн кептіргіштері, су жылытқыштар, су тұщыландырғыштар, күн батареялары, т.б.) төмен температуралы Г-лар және гелиоконцентраторлы Г-лар (күн пештері, күн қуаты қондырғылары, т.б.) болып ажыратылады.

    Мол, жүні биязылау болып келетін қойдың жаңа тұқымдық тобы шығарылды. Гемпшир типтегі қойлардың дене бітімі мықты, етті. Қошқарлары 94 — 104, саулықтары 58 — 63 кг тартады. Жүні ақ, сапасы 50 — 58, талшығының ұзындығы 9 — 10 см. Орта есеппен қошқарларынан 6,5 кг саулықтарынан 3,8 кг жүн қырқылады. Әр 100 аналықтан 115 — 130 қозы алынады. Қозылары тез жетілгіш, 4 айлығында салм. 30 — 35 кг. Сондықтан олардың еркек қозыларын туған жылы етке тапсыру өте тиімді. Гемпшир типтегі аталық қошқарлар етке өткізілетін мал алу мақсатында жергілікті тегене құйрықты және биязы кроссбред жүнді қойлармен өндірістік будандастыруда пайдаланады. Қазақстанда гемпшир типтегі қой Алматы облысының шаруашылықтарында өсіріледі.

    Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесі.

    Қазақстан энергетикасы — электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы. Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуы себептi оның энергетикалық базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр станциялардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген.

    Кен кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн ұсақ локомобильдi немесе екi тактiлi мұнай электр станциялары қолданылған. Успенск сияқты кенiштiң барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск зауытында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр станциялары болған.

    Қарағанды алабындағы таскөмiр кенiшiнен алғаш көмiр өндiру 1856 ж. басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсiбi де нашар дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде мұнда 1182 мың т көмiр өндiрiлдi. Ленгiр қоңыр көмiр кенiшiн (1869 жылдан), Екiбастұз тас көмiр кенiшiн (1898 жылдан) және басқа кенiштердi қосқанда Қазақстанда төңкерiске дейiнгi 67 жылда 1,6 млн. т көмiр өндiрiлген. 1900 — 18 ж. Ембi мұнай кенiшiнен 1377 т мұнай, соның iшiнде Доссор кенiшiнде (1911 жылдан) 1332 т мұнай өндiрiлген.

    Кеңестiк дәуiрдiң бас кезiнде қабылданған ГОЭЛРО жоспарының (1920) елдi электрлендiрудегi экономикалық және саяси мәнi зор болды. Бұл жоспардың Қазақстанға да тiкелей қатысы бар. Онда Сiбiр темір жолы бойындағы iрi сауда-өнеркәсiп орталықтарының қатарында Петропавлды, Ертiс өзенінiң бойындағы Павлодар ауданын бiрiншi кезекте, ал Дала өлкесiн екiншi кезекте электрлендiру, Павлодарда қуаты 15 мың кВт электр станцияларын салу межеленген. Осы жоспарға сай 1925 ж. Қарсақбай электр станцияларының құрылысы басталып, 1928 ж. мұнда мыс қорыту зауыты iске қосылды. Осы жылы Жоғ. Харуиз СЭС-i пайдалануға берiлiп, соның негiзiнде Риддер қорғасын зауыты iске қосылды.

    1925 — 26 ж. Доссорда мұнайдың 41,2%-ы, Мақатта 87,8%-ы электр қуатын қолдана отырып өндiрiлдi. Осы жылдары мұнай оқпандарын бұрғылау және мұнайды барлау үшiн КСРО-да тұңғыш рет электр қуаты қолданылды. Қазақстандағы отын-энергетика қорларды iздестiру жұмыстарының нәтижесiнде көмiр мен мұнайдың iрi кенiштерi табылды. Қазбалы отын қорлары бойынша Қазақстан Кеңес Одағында екiншi орынға шықты.
    Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның энергетикалық картасы.

    Қауымдастықтың негізгі міндеті — қызметті үйлестіру және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын әділ құру мен ортақ мүддесін қорғау.

    Қазіргі таңда Қауымдастыққа кіргендер: өңірлік электр желілік компаниялар, бас компаниялар, жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда-саттық операторы, негізгі салалық ғылыми-зерттеу және жобалау институттары, энергетика жабдықтарын шығарушылар, АҚШ Энергетика Қауымдастығы және тағы басқалар.

    ҚЭҚ сала өкілдері мен мемлекеттік органдар арасындағы диалогта байланыстырушы рөл атқарады. Осы мақсатта Қауымдастық түрлі органдармен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

    Қазіргі уақытта Қауымдастық Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің нормативтік құқықтық актілерді сараптау жөніндегі сараптамалық кеңестерінде аккредиттелді. Сонымен қатар ҚЭҚ мемлекеттік органдардың әртүрлі жұмыс топтарының жұмысына қатысады. Қауымдастыққа қатысушылар «Электр тораптық ережелерді» әзірлеуге қатысты, «Электр энергетикасы туралы», «Табиғи монополиялар туралы», «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңдарына, сондай-ақ салаға қатысты бірқатар басқа да нормативтік құқықтық және техникалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар берді.
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта