Главная страница

Көліктік жүйедегі жүк және коммерциялық жұмыстардың рөлі реферат. Жк тасымалдау дегеніміз


Скачать 267.01 Kb.
НазваниеЖк тасымалдау дегеніміз
Дата02.02.2023
Размер267.01 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаКөліктік жүйедегі жүк және коммерциялық жұмыстардың рөлі реферат.docx
ТипДокументы
#917329

Жүк тасымалдауды ұйымдастыру және технологиясы

Жүк тасымалдау дегеніміз оларды шығарылатын жеріне тұтыну орындарына дейін жеткізуді білдіреді. Жүк тасымалы өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жұмысын оларды пайдаланатын салада жалғастыруды және аяқтауды көздейді, олар осыдан кейін ғана пайдалануға дайын болады.

Жүк  дегеніміз бұл белгіленген тәртіп бойынша жүк вагондарымен, контейнерлермен тасымалдау үшін қабылданған нысан.

 Жүк жөнелтуші дегеніміз бұл тасымалдау шарты бойынша өз атынан немесе жүк иесінің атынан әрекет ететін және тасымалдау құжатында көрсетілген жеке немесе заңды тұлға.

Жүк қабылдаушы дегеніміз бұл кез келген жүкті қабылдап алуға өкілеттілігі бар жеке немесе заңды тұлға.

Теміржол көлігінің қызметін пайдаланушы дегеніміз бұл теміржол көлігінің ұйымдары және темір жолдағы жеке кәсіпкерлер көрсететін қызметті пайдаланатын жолаушы, жүк жөнелтуші, жүк қабылдаушы не өзге де жеке немесе заңды тұлға.

Тасымалдаушы дегеніміз - жұрт пайдаланатын теміржол көлігімен тасымалдау шартына сәйкес жолаушыны, өзіне сеніп тапсырылған жүкті жөнелту орнынан баратын жеріне дейін жеткізу, жүк қабылдаушыға тапсыру міндетін мойнына алған заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.

 Тасымалдау дегеніміз – жолаушылар мен жүкті теміржол көлігімен тасымалдауға даярлау, оны жүзеге асыру және аяқтау барысында атқарылатын ұйымдастыру және технологиялық операциялардың жиынтығы.

Жүк тасымалдауды ұйымдастыру барысында тасымалдау және коммерциялық операциялар орындалады.

Жүк тасымалдау операциясы дегеніміз   бұл қоймадағы жүкті көлік құралдарына тиеу және олардан қоймаға түсіру, жол табаны әр түрлі темір жолмен тасымалдауда жүкті вагоннанвагонға ауыстырып тиеу, жүкті көліктің бір түрінен екінші түріне ауыстырып тиеу, жүктің бар  жоғын немесе салмағын тексеру үшін оны қойма ішінде жылжыту және т.с.с.

Коммерциялық  операция дегеніміз  – бұл тасымалдауц және тапсыру құжаттарын, есепке алу және есеп беру құжаттарын толтыру, темір жолмен жүк тасымалдау үшін алымдар мен төлемдердің барлық түрлерін өндіріп алу. Сонымен қатар коммерциялық операциялар мыналарды қамтиды: вагондарды әр түрлі жүктерді тасымалдауға дайындау және оларды коммерциялық тұрғыдан қарап тексеру, жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушыларға көлік  – экспедициялық қызмет көрсету, акт жасау, талап қою, шарт жасасу, іс қағаздарын жүргізу, тарифтік нұсқаулар мен конвенциялық тыйым салу кітаптарын толықтыру және түзету.

 

1. «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ жол бөлімшесі

“Қазақстан темір жолы” Ұлттық ком­паниясы – республика экономикасының кү­ретамыры – темір жол транспорты жұ­мы­сын одан әрі дамыту бағытында ауқым­ды іс-шараларды жүзеге асыруда. Ең негізгі ұстанымы – сенімділік  пен тиімділікке негізделген іргелі компанияның бүгінгі таңдағы басты мақсаты – ел әл-ауқатын, Қа­зақ­стан экономикасын өркендетуге сүбе­лі үлес қосу. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жүк және жолау­шы тасымалында, өзге де мәселелерде тиім­ділік пен нәтижелікке қол жеткізілуде. Ұлт­тық компанияның республика аймағындағы темір жолдарды бүгінгі заманның жоғары талаптарына, болашақ бағдарламаларға орай одан әрі қуаттандыруға арналған өте күрделі, мол қаржыны қажет ететін бірқатар жобала­рының өз шешімін табуы құптарлық жәйт.

Ұлттық компания мамандарының айтуынша, Қазақстан темір жолы қуатының ауқымдылығына көз жеткізу қиын емес. Өйт­кені, оған нақты әрі салмақты деректер жеткілікті: темір жол көлігінің үлесіне еліміздегі барлық жүк айналымының – 68 пайызы, жолаушылар айналымының – 57 пайызынан астамының тиюі соның айқын айғағы. Республикадағы 14 мың шақырым­нан астам жолдың 5 мыңы – қосжолды, ал 4 мыңға жуығы – электрлендірілген. Ырғақты түрде дамып отырған салада өнді­рістік, қаржылық және техникалық көрсет­кіштердің жоғары деңгейге көтерілуінің сыры сала жетекшілері мен мамандардың істі ұтымды ұйымдастыра білуінде болса керек. Ұлттық компания дәйектілікпен іске асырып отырған маңызды мәселелердің арасында республиканың транзиттік-көлік­тік қуатын ұлғайту да бар. Компанияның еліміздің көліктік рыногында ең ірі және өркендеп өсіп отырған секторға айналуы құптарлық жәйт.

  1. Станса.

Жүктердi қабылдау-тапсыру, жолаушыларға қызмет көрсету операциялары, пойыздарды қабылдау-жөнелту, тоғыстыру және басып озу операцияларын, ал тарам жолдары дамыған бөлiм бекеттерiнде – пойыздарды сұрыптау-құрастыру секiлдi маневр жұмыстарын, вагондар тобымен және жеке вагондармен техникалық операцияларды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құрылғылары бар тарам жолды бөлiм бекетi темiржол станциясы деп аталады.                                          

Станциялар дегенiмiз – темiр жолдың тұтынушыларымен тiкелей байланысты жүзеге асыратын аса маңызды өндiрiстiк-шаруашылық бiрлiктер. Тасымалдау процесiнiң бастапқы және ақырғы операциялары, пойыздар жүрiсiн қамтамасыз ететiн қыруар жұмыстар станцияларда атқарылады.

Жұмыстың көлеміне сипатына қарай станцияда мыналар болады:

• Орталық блокировка және байланыс құрылғылары

• Жарық беру, өрт қауіпсіздігі және сумен қамтамасыз ету құрылғылары

• Жүк сақтау орындары (жабық қоймалар, ашық алаңдар, платформалар, вагон таразылары контейнер алаңдары).

• Пойыздарды қабылдап жөнелтуге маневр жұмыстарын жүк операцияларын орындауға арналған тарам жолдар.

• Сұрыптағыш құрылғылар (сұрыптағаш дөңестер, шағын дөңестер тартым жолдары), станция жолдары және вагондар мен локомотивтерді тексеруге, жарақтауға жөндеуге арналған құрылғылар.

• Қызметтік техникалық ғимараттар мен үй жайлар жолаушылар ғимараты мен платформалар, билет және қол жүгі кассалары теңдеме жүкпен қол жүктерін қабылдау сақтау мен беру орындары.

3. Жүк және коммерциялық жұмыстарды басқару құрылымын ұйымдастыру.

Жүк жұмыстарының концентрациясы үшін тиімді жағдайлар, қатты жабындысы бар автомобиль жолдарының желісінің кеңеюімен, жалпы пайдаланудағы елдің күшті автокөліктік  шаруашылықтарды ұйымдастырумен, темір жолдардан шалғай орналасқан экономикалық аймақтарға қызмет көрсететін.

Жүк жұмыстарының концентрациясы мәселесінің 2 мақсаты бар:

  1. Аз қызмет көрсететін станцияларды жабудың дұрыстығын анықтау

2) Тірек станцияларын құру және олардың арасындағы жүк жұмыстарын бөлістіру.

Екінші мақсат негізінде, болашақтағы жоспарда жергілікті жүк ағындарын басқарумен және сәйкес тірек станцияларына жүк жөнелтушілер мен қабылдаушылар кәсіпорындары мен мекемелерін дұрыс тіркеумен байланысты.

  1. Жүк тасымалдау үрдісін реттеу.

Жүк тасымалдау мен коммерциялық жұмыстар тасымалдауға, негізінен алғанда, оның бастапқы және ақырғы операцияларына, жөнелтілетін жүкті қабылдауға және тиеуге оны түсіруге және жүк қабылдаушыға тапсыруға байланысты мәселелер ауқымын қамтиды.

Жүк тасымалдау және коммерциялық жұмысы мынадай мәселелерді де қамтиды: жүк тасымалдау ережелері мен маршруттарының жасалуын, олардың сақталуын қамтамасыз ету; озат тасымаддауәдістерін қолдану; тиеу–түсіру жұмыстарын механикаландыруды, жүктерді басқа бағыттарға ауыстыруды, коммерциялық тексеру қосындарының, сұрыптау платформаларының жұмысын, басқа да көлік түрлерімен өзара байланысты және т.с.с. қамтамасыз ету.

Тасымалдау шығындарын барынша азйту, ресурстарды сақтау, экологиялық қауіпсіздік және көлікке қызмет көрсету жүк тасымалын дамыту мен жетілдірудің негізін құрайды. 

Жүк тасымалдау ережелері. 

Жарғының 9-бабына сәйкес жүктерді, контейнерлерді тиеу, түсіру, сорттау, сақтау операциялары жалпы жұрт пайдаланатын орындарда жүргізіледі. Жүк пен контейнерлерді тиеу – түсіру операциялары жалпы жұрт пайдаланбайтын орындарда атқарылады.

Жалпы жұрт пайдаланатын орындарға жабық және ашық қоймалар, сондай –ақ теміржол стансасының аумағынан арнайы бөлінген, инфрақұрылымның иесіне тиесілі және жүкті, оның ішінде контейнерлерді тиеу, түсіру, сорттау операцияларын орындау үшін пайдаланылатын учаскелер жатады.      

Тасымалдау жоспарын ұйымдастыру негіздері.

Тасымалдаудың бірыңғай жаңа моделі оны жедел басқарудың қолданылып жүргенн автоматтандырылған жүйесін алмастырады. Осы заманғы қаржы есеп–қисап  айырысу және ақпараттық технологиялар негізінде жүк тасымалдау шартын асыруда жүк тасымалы үшін автоматтандырылған есеп айырысу жүйесі тасымалдауға қатысатын барлық мүшелер арасында ақпараттық – технологиялық өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.

Жүк тасымалдау және коммерциялық жұмысты дамыту  мен жетілдірудің негізгі бағыттары мынадай:

  • жүкті «есіктен есікке дейін», «толассыз жөнелту», «мультимодальдық, транзиттік, интермодальдық» жеткізу технологияларын қоса алғанда, жоғары сапалы көлік қызметін көрсетуге бағдарланған тасымалдау технологиясын енгізу;

  • ішкі және халықаралық қатынастарда жаңа логистикалық жүйелерді жасау және қолданыстағы жүйелерді жетілдіру;

  • жасалған шарттар мен ұзақ мерзімді келісім шарттар бойынша тасымалдауды қамтамасыз етудің кепілді жүйесіне көшу, олардың орындалуын автоматтандырылған бақылау жүйесіне енгізу.

 

  1. Жүк жұмыстарының концентрациясы.

Жүк жұмыстарының концентрациясы үшін тиімді жағдайлар, қатты жабындысы бар автомобиль жолдарының желісінің кеңеюімен, жалпы пайдаланудағы елдің күшті автокөліктік  шаруашылықтарды ұйымдастырумен, темір жолдардан шалғай орналасқан экономикалық аймақтарға қызмет көрсететін.

    Жүк жұмыстарының концентрациясы мәселесінің 2 мақсаты бар:

– аз қызмет көрсететін станцияларды жабудың дұрыстығын анықтау

– тірек станцияларын құру және олардың арасындағы жүк жұмыстарын бөлістіру.

Екінші мақсат негізінде, болашақтағы жоспарда жергілікті жүк ағындарын басқарумен және сәйкес тірек станцияларына жүк жөнелтушілер мен қабылдаушылар кәсіпорындары мен мекемелерін дұрыс тіркеумен байланысты.

Жүк жұмыстары станциялардың аз санына шоғырланғанда тиеу-түсіру жұмыстарын механизациялауға және автоматтауға тиімді жағдайлар және жұмыс ресурстарына деген мұқтаждық пен бөлімшедегі жергілікті жұмыстың көлемі азаятыны анықталған.

Автомобиль көлігімен тасымалдаудың өзіндік құнында жанармайға, майлау материалдарына, техникалық қызмет көрсетуге және амортизацияға, оның жолдың бөлігін айнымалы шығындардың 10% - дық көлемді қабылдайды, шығындарды және барлық нормалармен белгіленген автомобильдердің жүргізушілерінің жол ақысына шығындарды ескереді.

 

  1. Жүк жұмыстарын жоспарлау.

Жүк жөнелтушілер жүкті жөнелтуге дайындауда теміржол көлігінің жүріс қауыпсіздігі мен пайдалануын, тасымалданатын өнімнің сапасын, жүктердің, вагондар мен контейнерлердің, өртжәне экологиялық қауіпсіздіктің дұрыс сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Жүкті жөнелтуге дайындау шараларына мыналар кіреді: өнімді қажетті сапалық күйге келтіру. Жүк орындарын көлік пакеттері мен бумаларына ірілендіру арқылы тиісінше буып–түю, нығыздау, машиналардың көлемді жабдықтарын бөлшектеу немесе ішінара ажырату, жүк орындарына көліктің таңбасын салу және т.с.с. жүкті тасымалдауға дайындауда сондай–ақ оларды тиісті бақылау және қадағалау органдары тексеріледі.

  

  1. Жүк стансаларының түрлері.

Теміржол стнасалары вагондармен, ұсақ жөнелтілімдермен, контейнерлермен тасымалданатын жүктерді қабылдау, тиеу, түсіру және беру операцияларын, сондай ақ жолаушылар мен теңдеме жүктерді тасымалдау операцияларын орындайды. Тиісті жүк және коммерциялық операцияларды орындауға ашық болатын стансалар арасында осындай тасымалдау жүргізіледі.

Жүк стансалары жүк және коммерциялық операцияларды орындауға, жүк пойыздарын қабылдауға, сұрыптауға, құрастыруға, тексеруге, техникалық күтіп баптауға және жөнелтуге арналған жол және жүк құрылғыларының, техникалық және қызмет үй жайларының жиынтығы болып табылады.Мұндай стансалар әдетте жүк ағындары пайда болып, таратылып жататын ірі өнеркәсіптік және елді мекендерде орналасады да, өнеркәсіп орындары мен халыққа қызмет көрсетеді.Стансалар бірнеше түрге бөлінеді:

  • Маманданбаған жүк стансасы;

  • Маманданған жүк стансасы;

  • Негізгі станса;

  • Ауыстырып тиеу стансасы. 

  1. Жүк стансаларының басқару құрылымын ұйымдастыру.

Жүк стансасының техникалық жарақтануы оның міндетіне, жұмыс көлеміне, жергілікті жүк ағындарының келуі мен жөнелтілу сипатына және олардың жүк қосындарына, оның ішінде жалпы жұрт пайдаланатын және пайдаланбайтан орындарға бөлінуіне, өнеркәсіп орындарының, базарлардың, ауыстырып тиеу қосындарының қосылуына және олардың техникалық жарақтануына қарай анықталады.  

 

  1. Салмақты өлшеу құрылғылары, тасымалданатын жүк мөлшері.

Жүктердің вагонға тұра келуі, олардың жүк көтергіштігі осы салмақ өлшеуге байланысты. Темір жолдағы салмақ өлшеу шаруашылығы әртүрлі салмақ өлшегіш құрылғылармен жабдықталған. Олар: салмақ өлшеу бақылау құрылғылары, салмақ өлшеуіштерді жұмыс қабілеттілігін тексеретін құрылғылар және оларды жөндеу орындары: жабық қоймаларда жүктерді жылжымалы салмақты өлшеуіштермен өлшенеді, олардың салмақ өлшегіштігі 0,5-тен 3 т-ға дейін және стационарды салмақ өлшегіштер жоғарғы немесе максималды салмақ көтергіштігі 5 т. Жұмысына байланысты салмақ өлшеуіштер вагонды, автомобильді, товарлы, кранды, бункерлы және конвейерлі болып бөлінеді.

 

2. Таразылардың түрлері.

Вагонды таразы. Электронды вагонды таразылар «Жүк қабылдағыш құрал» ұзындығы 3,5 м-ден 30 м-ге дейін және 100 т-дан 200 т-ға дейін тартылатын жүктерді өлшейді. Тензометрлік вагонды таразылар 50 т-дан 100 т-ға дейін өлшейді, әмбебап  вагонды  таразылар 4 және 6 ості вагондардың барлық түрін өлшейді. Вагонды таразылар статистикалық өлшеу және қозғалыс типі «Курс» өлшеулері статистикалық вагонды және тележкалы 4 ості, 6 ості және 8 ості теміржол вагондарын өлшеу мен теміржол транспортындағы тасымалданатын  жүк  массаларын  өлшеу  үшін  қолданады. Берілген вагонды таразылар 100 т-дан 200 т-ға дейін салмаққа ие және 2 режимде өлшеу жұмысын  жүргізуге мүмкіндік береді: статистикалық және қозғалыстағы вагондарды өлшейді.

Автомобильдік таразы. Автомобильдің  толық дұрыс салмағын алу статикада жүзеге асады. Себебі, коммерциялық санақта жүкті статикалық тензометрлік таразыменен өлшеген дұрыс. Автомобильді таразыларды өлшегенде 2 параметрді ескерген дұрыс. ӨҮШ (өлшеудің үлкен шегі) және платформа ұзындығы. Шығарылатын тензометрлі автомобильді Титан  типіндегі таразылардың барлық модельдері әр түрлі модификацияға ие және ӨҮШ-да 10 т-дан 400 т-ға дейін платформа ұзындығы 0,8 м-ден 30 м-ге дейін жетеді.

Кранды таразылар ELC-CS: Электронды таразылар ELC - тарту үшін кран қармағына ілетін ілгектен, жоғары дәлді есептегіштен, аналогті сандық жасаушы мен дисплейден тұрады. Жоғары жарықты цифрлы дисплей 5 белгіден 40 мм биіктіктен тұрады. Ол нәтижені үлкен қашықтықтан қиындықсыз оқуға мүмкіндік береді. Кранды таразылар электронды фильтрациялы нәтиже жүйесімен қамтылған, соның септігінен жүктің аздаған тербеліспен толқулардан құтқарады  және өлшеу нәтижесін 5 секундтан кешіктірмейді. Таразылар қоректендіруді аз қажет етілуімен батареяны жұмыс ұзақтығымен ерекшеленеді. Заряды толық батарея ЖК дисплейде үздіксіз 100 сағат бойы жұмыс істей алады.

Платформалы таразылар ELC-РS: Платформалы таразылар статистикалық өлшеумен әр түрлі платформада орналасқан жүктерді өлшеу үшін тағайындалған. Электронды платформалы таразылар өлшеуіш платформадан және салмақ өлшегіш құралдан тұрады. Өлшегіш платформа металл платформадан және тензометрлік салмақ өлшегіш көрсеткішінен тұрады. Тензометрлік көрсеткіштен салмақ өлшегіш құралмен қосылатын қораппен жалғасады. Салмақ өлшегіш құралдар 232 интерфейсімен жабдықталған, ол электронды құрылғылармен жалғану, қосылу үшін қажет, (мысалы, ЭЕМ, принтер, электронды тіркеуіш құрылғылар).

  1. Таразылардың құрылымы.

Жүктерді тиеу-түсіру кезінде салмақты өлшеу өте маңызды операция болып табылады, өйткені жүктердің сақталуына, тасымалдау кезіндегі істелген мөлшерін темір жол өз жауапкершілігіне алады. Жүктердің вагонға тура келуі, олардың жүк көтергіштігі осы салмақ өлшеуге байланысты. Темір жолдағы салмақ өлшеу шаруашылығы әртүрлі салмақ өлшегіш құрылғылармен жабдықталған. Олар: салмақ өлшеу бақылау құрылғылары, салмақ өлшеуіштердің жұмыс қабілеттілігін тексеретін құрылғылар және оларды жөндеу орындары. Тағайындалуына байланысты салмақ өлшеуіштер вагонды, автомобильді, товарды, кранды, бункерлі және конвейерлі болып бөлінеді. Салмақты өлшеуіштер мен құрылғылар мемлекеттік тексеруден міндетті түрде өтеді. 

 

1. Стансаның жүкті қабылдау және тиеу жұмысының технологиясы.

Автокөлікке келіп түстен жүктер, тасымалдауға, артуға, түсіруге және кей мезгілде оларды сақтауа дайындық жасалынуы керек. Осы процестерді ұйымдастыру жүктердің санына және сипаттамасына байланысты.

Жүктерді дайындау - бұл, орау, сұрыптау, таңбалау, салмағын өлшеу, пакеттеу, контейнерлерді жүктеу және тасымалданатын құжаттарды дайындау. Автомобильдерге және тіркемелерге жүктерді арту және оларды түсіру, жүктердің физикалық қасиеттеріне және орамдық түрлеріне байланысты механикаландыру тәсілімен орындалады. Автомобильдердің бос тұрып қалу уақыты және көлік құралдарының өз құндылық жұмыстары және  жүктерді жеткізіп беру, арту - түсіру тәсілдеріне байланысты.

Жүктерді тасымалдау толығымен уақытылы жүктерді бүтіндей (зақымсыз) өз мерзімінде жеткізіп беру, бұл тасымалдаудың ең негізгі шартың бірі болып есептелінеді.

Әр түрлі жүктерге, қажетіне қарай әр түрлі автомобильдер және әр түрлі типтегі кузовтар қолданылады және қозғалыс жылдамдығы таңдалынады.

Жүктерді сақтау қоймаларда сақтайды. Қойма көлемі, түрі, жүктерді сақтау режимдері, жүктердің физикалық қасиетіне, оралымына, сақтау мерзіміне, ауа райы шартына байланысты.

Жүктердің жіктемеленуі, жүктердің қасиеттілігіне, тасымалдануына және сақталынуына байланысты бөлінеді.

Жүктер төмендегідей жіктемеленеді: Ыдыстары бойынша-ыдысты,ыдыссыз және супер ыдысты екі қапталы ыдыстар (шишадағы, сүттер, жәшіктің ішіндегі). Бір жүк орынның салмағы бойынша - қалыпты (250 кг дейін - даналы жүктер, 400кг домаланатын жүктер (бөшке, катушка) және ауыр салмақты. Нетто - жүктің, брутто ыдыспен жүктің салмағы.

Көлеміне қарай - габаритті (қарапайым автомобильдермен тасымалдау) және габаритсіз (ені бойынша  2,5м жоғары немесе биіктігі бойынша Н >3,8м жоғары немесе артқы борттан- 2 м шығып тұрса) арнайы жылжымылы құрамда тасымалданатындар.

Арту-түсіру қасиетіне байланысты - сүйретпелі, төгілмелі, даналы және құймалы.

Автомобильдің жүк көтерімділігін пайдалану бойынша 5 класқа бөлінеді:

Жүктік класы:                           1              2                 3                 4            5 

Жүкті пайдалану коэффиценті:      1,0;     0,71-0,99;   0,51-0,70;  0,41-50;    40 дейін

Жүктер класы физикалық қасиеттермен ғана белгіленбейді, олар орамдық тәсілменде анықталады. Бір жүк әр түрлі класқа жатуы мүмкін, түрлі орамына байланысты мәселен: пачкідегі және байланымдағы паркет 1-класқа жатады, ал топталып артылған паркет 2-класқа жатады. Ашық жәшікте тасымалданатын пісірілген нан 2- класқа жатады, ал лотоктарда тасымалданатын болса, онда 3-класқа жатады. Автомобильдің жүк көтерімділігін пайдалану коэффиценті, оның тасымалдайтын жүк түріне, оның орамдығына, кузов мөлшеріне және жылжымалы құрамның жүк көтерімділігіне байланысты.

Қауіптілік дәрежесі бойынша - (адамға, малдарға,жол қозғалысына, құрылымға, жолға зиян келтіру мүмкіндігі бар) - жеті топқа бөлінеді:

1-топ - шағын қауіпті жүктер (құрылыс материалдары, өндірістік тауарлар, азық-түлік тауарлар)

2-топ - тез жанатын (бензин, ацетон және сол сияқты заттар)

3-топ - шаңдатқыш және ыстық (цемент, әк, асфальт)

4-топ - күйдіргіш сұйықтықтар (кислота, щелочи)

5-топ - баллондағы сұйықты және қысымды газдар.

6-топ - өз көлемдігімен қауіпті жүктер(көлемсіз)

7-топ- уландыратын, радиоактивті және жарылғыш заттар.

Тасымалдау және сақтау шартына байланысты- қарапайым жүктер, тез бұзылатын, жаман иісті, антисанитарлық (қоқым, таза емес және т.б), жануарлар (малдар, құстар және басқалар) бөлінеді.

Сыртқы қорғауға әсерлік шартарына байланысты – қарапайым және ерекше атмосфералық қорғауды талап ететін, температура әсер ететін жүктер, арту-түсіру кезінде ерекше заттардың орындалуын талап ететін заттар.

Ыдыс. Ыдыс түріне, материалына және салмағына қарай стандарттандырылған. Ыдыстар қатты (жәшіктер, бөшкелер), жұмсақ (қап, тюктер), жартылай қатты (корзиналар) болып бөлінеді.

Материалдары бойынша - ағашты, әйнек, керамика, қағаз - картонды және басқалар.

Ыдыстар бір рет және көп ретте (айналымда) пайдаланылатын болып бөлінеді.

Жүктерді таңбалау жасау - жүктерді бояумен, қағазды ярлыктарды жабыстыру, биркаларды қадау арқылы таңбаланады. Маркировка жасау төмендегідей бөлінеді:

Тауарлық,  жүктік,транспорттық, және арнайы.

Тауарлық таңбалауда төмендегілер көрсетіледі - жүктің аталуы, дайындаушы-мекеме.

Жүктік таңбалауда - жөнелту және жөнелтушінің пункті, жүк баратын және қабылдайтын пункт.

Транспорттық таңбалауда – накладной номері (квитанция нөмері) және оның саны.

Арнайы таңбалауда - жолда және тиеу түсіру кезінде жүктерге ерекше көңіл бөлу үшін белгілер (шартты белгілер немесе суреттермен белгіленеді).

2. Жүкті тиеу мерзімі.

Жүк стансаларында айтарлықтай көлемді мынадай коммерциялық және жүк операциялары атқарылады: жүкті тасымалдауға қабылдау, өлшеу, сақтау, тиеу, түсіру, ауыстырып тиеу, сұрыптау және беру; контейнерлерді өңдеу, тасыалдау құжаттарын толтыру, вагондардың жақындауы, келуі және тиеу – түсіру орындарына берілуі туралы жүк қабылдаушылар мен жөнелтушілерді хабардар ету, жүктерді ісдестіру, қаржы және касса есебін жүргізу, кіре ақы төлемін есептеу және орталықтандырылмаған есеп айыстыру жағдайында жүк және жөнелтушілермен және қабылдаушылармен есеп айырысу.

Бұларға қоса, жүк стансаларында мынадай техникалық операциялар жүргізіледі: жүріс графигіне сәйкес пойыздарды қабылдау және өткізу, сұрыптау, құрастыру, коммерциялық тексеру, жүк пойыздарын техникалық күтіп- баптау және жөнелту, тиеу- түсіру орындарына вагондарды беру және әкету, кәсіпорындарың және порт айлақтарының кірме темір жолдарына қызмет көрсету, келетін және жөнелтілетін құрамдарды өңдеу және т.с.с. Кейбір жағдайда жүк стансаларында вагондар дизенфекцияланып, жуылады және басқа операциялар атқарылады.   

3. Вагонға жүкті тиеу тәртібі.

Тиеу-түсіру жұмыстары мыналардан тұрады: жүкті жылжымалы құрамға тиеу, одан түсіру, бір жылжымалы құрамнан екіншісіне ауыстырып тиеу, сұрыптау, жабық және ашық қоймалар ішінде, басқа да тиеу-түсіру оырндарында жүкті жылжыту және үю.

Теміржол көлігіндегі тиеу-түсіру жұмыстарының мынадай түрлері бар:

  • жүк пен контейнерлерді жабық немесе ашық қоймадан вагонға тиеу;

  • жүк пен контейнерлерді вагондардан жабық немесе ашық қоймаға түсіру;

  • жүк пен контейнерлерді вагондардан – вагонға тиеу;

  • вагондардағы жүк пен контейнерлерді сорттау;

  • жүк пен контейнерлерді жабық немесе ашық қоймадан автомобильге, автомобильдің жартылай тіркемесіне тиеу;

 

4. Вагонды пломбылау.

Тиеу жұмысын тасымалдаушылар атқаратын жағдайда жүк тиелген вагондар мен контейнерлер тасымалдаушылардың бекіту-пломбылау құрылғыларымен және солардың есебінен пломбылануы, жүк жөнелтушілер тиейтін жағдайда-жүк жөнелтушілердің құрылғыларымен және солардың есебінен пломбылануы тиіс. Адамның жеке басының, отбасының, үйінің және кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ өзге де мұқтаждықтарына арналған жүктер тасымалданатын жабық вагондар мен контейнерлер тасымалдаушының немесежүк жөнелтушінің сенім білдірген адамы арқылы немесе солардың есебінен пломбылануы тиіс.

Вагондар мен контейнерлердің жүк бөлімдеріне бөгде адамдардың еніп кетпеуі және тасымалданатын жүктердің сақталуы үшін бекіту-пломбылау құрылғылары қолданылады.

Бекіту-пломбылау құрылғылары дегеніміз бекіту құрылғылары бір конструкцияға біріккен бақылау элементтері болып табылады.

 

1. Жүктерді тасымалдау кезінде көрсетілетін операциялар.

Теміржол көлігіндегі жүк және коммерция жұмысы теміржол жарғысы негізінде жүзеге асырылады. Жүк жұмысы жалпы пайдалану және жеке пайдалану орындарында атқарылады. Жалпы орындарына тиеу-түсіру операциялары жинақталған теміржол стансасының жүк аулалары жіне теміржол қарамағындағы басқа да тиеу-түсіру қосындары жатады. Жеке пайдалану орындарына мекеме мен кәсіпорын қарамағындағы қоймалар, жүк алаңдары және басқа қосындар жатады.

Тасымалдауға ұсынылатын жүктердің жалпы мөлшерінің 80 процентінен астамы теміржол тармағына үздіксіз рельс жолымен қосылған кәсіпорындар мен мекемелерде тиеліп, түсіріледі. Мұндай жолдар кірме жолдар деп аталады.

Теміржолдың кірме жолдары бар кәсіпорындарымен, мекеме мен қарым-қатынасы, вагондар беру, алып кету тәртібі кірме жолдарды пайдалану шарттарымен реттеледі. Егер кәсіпорындардың бір өндіріс ауданында орналасқан жеке-жеке тұрған көлік цехтары есепті бірлескен көлік шаруашылығы – ӨОТК-ге кірсе, бұлармен кірме жолдарды пайдалануға шарт жасалады.

Локомотив пен вагонды дұрыс пайдалану, олардың тұру уақытын қысқарту тиеу-түсіру жұмыстарын тездету және қаражат үнемдеу үшін кәсіпорындарының кірме жолдары мен стансаның жұмысы біртұтас технологиялық процесс арқылы іске асырылыды.

Тиеу-түсірумен қатар стансада коммерциялық операциялар жүргізіледі. Оларға: жүкті дайындау, салмағын өлшеу және оны тасымалдауға қабылдау, тасымалдау құжаттарын әзірлеу, кіре ақы, алым алу, келген жүктерді алушыларға беру т.б. жатады. Жүк кәдімгі жүк пойызының жылдамдығы мен және көтерме ақы төленген жоғары жылдамдықпен жедел пойызда (тез бұзылатын азық-түліктер, малдар) тасымалданады. Мұнан басқа жүк жолаушылар пойызының жылдамдығы мен багаж вагондарында немесе арнайы пошта-багаш пойызбен тасымалданады.

Вагонды жүк тиеуге беру алдында коммерциялық және техникалық байқаудан өткізеді. Бұл жерже оның жүк тиеуге жарамдылығы анықталады. Жөнелтілетін жүктердің әрбіріне, мейлі толық вагонда болсын, ұсақтап жөнелту болсын, маршрутты пойызда болсын, немесе бір топ вагондарда, немесе бір комплект контейнерлер болсын, мұнда жүк жөнелтуші – негізгі жүк қағазын толтырады. Ол бүкіл жол бойы жүкпен бірге болады және белгіленген стансада жүкті алушыға жүкпен қоса беріледі.

Жүк тасымалдауға жөнелтушінің қаржысы есебінен дайындалады. Жүкті тасымалдау үшін тиеу қосынында жасалған жүк қағазымен қоса қабылдаушы – өткізушіге тапсырады. Бұл қызметкер жүктің қорабын, жөнелту таңбасын қарайды, мұнда жүк алушының мекен-жайы, аты-жөні жазылады. Содан соң бұл жүкті арнайы кітапқа тіркеп, теміржол таңбасын басады. Теміржол таңбасында жүктің аты, орын саны және жөнелткен стансасы мен қай теміржолға қарайтыны көрсетіледі.

Жүк кеңсесіне кіре ақысы анықталып, оны жүк қағазына жазады (кіре ақысы арнайы тариф нұсқауымен анықталады). Бұл ақыдан басқа теміржол жүкті тиеу, түсіру, салмағын өлшеу және кірме жолға вагондарды жеткізу үшін үстеме ақы алады. Көптеген теміржол бөлімшесінде жүкті тасымалдау құжаттарын өңдейтін технологиялық орталық ашылған. Мұнда уақытқа сай есептеу техникаларын қолдану арқылы тасымалдау ақысы есептеледі.

Жүк қағазы негізінде жүк кеңсесінде кіре ақы қағазын толтырады.Ол тасымалдау жоспарының орындалғаны туралы есеп беруге және есеепке алуға, жүктің жеткені туралы есеп беруге, кіре ақы алуға болады.Жүк кеңсесіңде тасымалдауға берілетін ақы алынып, бұл жөніндежүк жөнелтушіге құлақ қағазы беріледі.

2. Вагондарға коммерциялық тексеріс жүргізу.

Тасылауды  процестері: жолашыларды тасымалдау мен олапға қызмет көрсету, хүкті тиеп-түсіру, вагондарды апру,қайтару және пойыздарға тіркеу, телімдердегі жүргізу операцияларды.

         Теміржолдағы тасымалдау процесі мен пойыздар жүрісін ұйымдастыру негізінен: қозғалыс қауіпсіздігі мен жүктерді жолда сақтауды қамтамасыз ету, интенсивті технологияларды енгізу, барлық буындарда еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру және басқару, бірыңғай жоспар негізде олардың қарым-қатынасын жақсарту; техникалық құралдарды жоғарғы қарқынмен және тиімділікпен пайдалану ; жолаушыларға жоғары сапалы қызмет көрсету; көліктің басқа түрлерімен жұмысты байланыстыру процестері алынған.

Пайдалану жұмыстарының негізін қалайтын осы принциптерді жүзеге асыру, тасымалдау жоспарларын аз шығынмен орындауға, жүк пен жолаушыны уақтылы тасымалдауға кепіл бола алады.

Теміржолды пайдалану әдістері ылғи жаңартылып отырады. Негізгі әдістерге вагондар ағынын, пойызды құрастыру жоспарын жасау арқылы ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру, пойыздар жүрісін график негізінді ұйымдастыру, техникалық мөлшерлеу, пойыз бен жүк жұмыстарын жедел жоспарлау және реттеу жатады.

3. Жүктерді қайта тиеу.

Темiржолда жүк операциясын орындау және оларды сақтау үшiн жабық жүк қоймалары, контейнер және ақтара түсiрiлген жүк алаңдары, таразы шаруашылығы, т. б. сол сияқты керек - жарақтар мен ғимараттар кешенi болады. Жабық қойма жүктi тиеу және түсiру жолдарының iшiнде немесе сыртында орналасуына қарай бөлiнедi.

Жүктi қойманың iшiнде жылжытуға бейiмделген қарапайым құралдар мен механизмдерге өздiгiнен жүретiн арбашалар (электрокалар, автокалар) жатады. Сусымалы, кесектелген және дара жүктi конвейер (транспортер) арқылы бiр орыннан екiншi орынға жылжытылып, көшiріледi. 

Бөлектеп қапталған жүктердi пакеттеп тасымалдау және тiкелей “вагон-автомобиль” және керiсiнше ауыстырып тиеу (1-сурет.) кеңiнен қолданылуда. Пакеттердi қолдану тасымалдау шығынын 15-30% қысқартуға, ал тиеу-түсiру жұмыстарындағы еңбек өнiмдiлiгiн 3-4 есе арттыруға мүмкiндiк бередi.

1- сурет. Жүктерді қайта тиеу алаңы

4. Сұрыптау.

Жүк өлшеуші қызметкер тиелген әр вагонға вагон қағазын толтырады.Мұнда вагон мен жүк туралы белгілер және жүк қағазының номірі көрсетіледі.Жол бойында вагон қағазын пайдалана отырып, жүктің бар-жоғы тексеріледі және вагондағы жүктің массасы арқылы пойыздың массасы анықталады.

Жүк тасымалдау құжаттары стансаның техникалық қеңсесіне жіберіледі. Мұнда осы құжаттар негізінде әрбір құралған пойызға анықтама қағазы толтырылады. Анықтама қағазда пойыздың номері құрастырған және бартын стансаның аттары, вагондардың пойызда орналасқан тәртібіне сай нөмірлері, пойыздың ұзындығы мен массасы, т.б. белгілер көрсетіледі. Осы анықтама қағаз бойынша жол бойында пойыздар мен жүк құжаттары өткізіліп, қабылданып алынады және пойыздарды сұрыптау мен құрастыру операциялары іске асырылады.

Жүк және пойыз құжатын машинамен жасау және жеткізу жүйесі жасалуда. Ол әр вагонның теміржолда жүру процесі мен керекті есептеу жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Жөнелтілетін кейбір жүктің ерекшелігіне байланысты оның тасымадау кезінде тиісті жағдай жасаулы талап етіледі. Мысалы, астық тек жабық вагондармен тасылады. Оларды алдын-ала тазалап, жуады, ал керекті жағдайда жуу алдында дизенфекция жасайды. Қыста қатып қалатын кен, көмір және басқа жүктерді тиеудің алдында және түсіргенде арнайы шара қолданылады (алдын-ала құрғату, қатып қалған жүктерді жаппай түсіру қосындарында қыздыру, механикалық түрде жұмсарту және басқалар).

Теміржол арқылы өрт, жарылыс және басқа қауіп тудыратын жүктерде тасымалданады. Бұл жүктер «Қауіпті» деп аталады да, жылуға немесе химиялық әсерлерге, сезімталдығына байланысты топтарға (жарылғыш зат, сығылған және сұйытылған газ, өздігінен жанатын зат, т.б.) бөлінеді. Осындай әрбір топқа қатаң сақталуға тиісті ерекше тасымалдау ережелері белгіленеді.

5. Коммерциялық ақауларды жөндеу.

Коммерциялық ақауларды анықтап, жою үшін стансаларда пойыздар мен вагондарды коммерциялық тексеру пунктері ұйымдастырылады. Пунктің бүкіл қызметіне басқа жұмыстарына босатылған бригадир, ал әрбір ауысымда - қабылдап-тапсырушы басшылық етеді. Стансадағы немесе КТП қызметкерлері пойыздар мен вагондарды тексеру пунктерінің автоматтандырылған жұмыс орындарымен, байланыс құралдарымен, құрал-саймандармен, материалдармен, аспаптармен жабдықталады.

Ашық жылжымалы құрамға тиелетін жүктің габаритін тексеру үшін қашықтықтан бақылайтын құрылғымен жабдықталған габариттік қақпалар орнатылады.

Вагондағы жүктің массасын бақылау үшін КТП-да вагондық таразылар орнатылады.

Теледидар жүйесі бір мезгілде үш телекамерадан яғни вагоннығ үстінен және бүйірінен алынатын бейнкені жазуға және оны КТП операторының автоматтандырылған жұмыс орнына орнатылған компьютер мониторының экранына шығуға мүмкіндік береді, электрондық габариттік қақпалар жүк габаритін бақылауға, вагондық электрондық таразылар пойыздың жүрісі барысында вагондарды автоматты түрде өлшеуге жағдай туғызады.Оператордың автоматтандырылған жұмыс орнының көмегімен пойыздың жүрісі барысында ақпарат алынады, вагондар мен жүктің коммерциялық күйі туралы деректер жиналып, сақталады.     

 

1. Жүктерді ұсақ, аз тонналы қатынастарда тасымалдау; пакеттер де және контейнерлерде.

Жүк тасымалы үшін және оның барысында теміржол көлігінің инфрақұрылымы көрсететін қызмет үшін төлемді, сондай – ақ өзге де тиісті төлемдерді яғни қосымша алымдар, вагондарды контейнерлерді пайдалану, жұмыс және қызмет көрсету ақысы, айыппқлды анықтау процессі баға қою деп аталады.

Тасымалдау дегеніміз- жолаушылармен жүкті теміржол көлігімен тасымалдауға даярлау, оны жүзеге асыру және аяқтау барысында атқарылатын ұйымдастыру және технологиялық операциялардың жиынтығы. Теміржол көлігімен тасымалдауға көптеген инфрақұрылымдар қатысады.

Тасымалдау ұдайы қайталанып отыратын мынадай операцияларды атқарудан тұрады: Жүкті жөнелтуге қабылдау, вагондарды жүк тиеуге беруге байланысты маневрлер, вагондарға жүк тиеу, оларды әекту маневрлері, пойыздарды құрастыру және оларды жөнелтуге дайындау, пойыздардың баратын стансасына дейінгі жүрісі, пойыз құрамдарын жол бойында сұрыптау және құрастыру, баратын стансасында тарату, вагондарды жүк түсіретін орындарға беру маневрлері, жүк түсіру және оны қабылдаушыға тапсыру және т.с.с.

Жүк тасымалдау және коммерциялық жұмысы мынадай мәселелерді де қамтиды: жүк тасымалдау ережелері мен маршруттарының жасалуын, олардың сақталуын қамтамасыз ету; озат тасымалдауц әдістерін яғни пакеттеп, контейнерменғ аралас және маршруттап қолдану; тиеу- түсіру жұмыстарын мехиникаландыруды, жүктерді басқа бағыттарға ауыстыруды, коммерциялық тексеру қосындарының, сұрыптау платформаларының жұмысын, басқа да көлік түрлерімен өзара байланысты және т.с.с. қамтамасыз ету.    

2. Тасымалдау мінездемесі.

Көлік түрлеріне қарай теміржол көлігімен жүк тасымалдау тікелей теміржол қатынасымен, тікелей аралас қатынаспен және жекелей аралас қатынаспен тасымалданатын жүктерге бөлінеді.

Тікелей аралас қатынаста - жүк тасымалдауды оның бүкіл жүріс жолына толтырылатын бір ғана көлік құжатымен бірнеше көлік түрлері жүзеге асырады.

Жекелей аралас қатынаста – жүк тасымалдауды әр бір көлік түріне жекелей толтырылатын тасымалдау құжатымен бірнеше көлік түрлері атқарады.

Арнайы теміржол тасымалы аса маңызды мемлекеттік және қорғаныс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, сондай-ақ сотталған және қамауда отырған адамдарды тасымалдауға арналған.

Әскери теміржол тасымалы - әскери бөлімдер мен бөлімшелерді, әскери жүктерді, әскери командалар мен әскери қызметін, ішкі істер органдарындағы, қылмыстық атқару органдарындағы қызметін өтеп жүрген жеке адамдарды, ұлттық қауыпсіздік комитеті органдарының қызметтерін тасымалдауға арналған. 

3. Тасымалдауды ұйымдастыру.

Жолдың тасымалдау қабілеттілігі дегеніміз белгіленген телімнен немесе жол кесінділерінен, уақыт бірлігінде өтетін максимальдық  көлік құралдар саны.

Жылжымалы құрамдармен тасымалдау қабілеттілігі дегеніміз бір мезетте тасымалданатын жүктер немесе жолаушылардың техникалық саны.

Транспорттық тасымалдау қабілеттілі дегеніміз транспорт құралдарының және құрылыс пен құрылымдардың жиындығының өткізу қабілеттілігі.

Жолаушылар тасымалдайтын көлікте өндірістік процесті оңтайлы ұйымдастыру жолаушылар қозғалысына жіберілетін уақыт шығынын азайтып жолаушылардың көліктік шаршауын төмендетіп және жұмысшылармен қызметкерлердің атқаратын жұмыстарының сапасымен өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Атқаратын жұмысына қарата, жолаушыларды тасымалдау: маршруттық, экскурсиондық, саяхаттық, қызметтік, вахталық. болып бөлінеді.

Ұйымдастыру түрі бойынша: маршуттық, жалдамалы, тікелей, аралас.

Тасымалдау көлемі Q тасымалдауға жоспарланған немесе тасымалданған тонна есебіндегі жүктер санын көрсетеді.

Жүк айналым Р т/км есебінде өлшенеді және жоспарланған немесе тасымалдауды орындауға   кеткен транспорттық жұмыстарды көрсетеді.

Жүк ағымдары тікелей ΣQnp   және кері ΣQоб бағытқа тасымалданатын тонна есебіндегі жүктер санын анықтайды. 

Тікелей бағыт дегеніміз - үлкен шамадағы жүк ағымдарының бағыты.

Тасымалдау көлемін, жүк айналымын және жүк ағымдарын, белгіленген уақыт мерзіміне жатқызылады. Олардың шамалардың өз ара байланысы төмендегідей:

- тасымалдау көлемі: Q = ΣQnp +  ΣQоб 

- жүк айналым:           P = Q * I Q

Бұл жерде: I Q - жүк тасымалындағы орташа арақашықтығы.

Тасымалдау көлемі, жүк айналымы және жүк ағымы шамамен, құрылыммен, олардың игеру уақытымен және біркелкілік емес коэффицентімен сипаттамаланады.

Тасымалдау шамасы бойынша массалық және шағын партиялы болып бөлінеді.

Тасымалдау көлемі және жүк айналым – төмендегідей сипаттамаланады:

-жүктің құрамымен немесе номенклатурасымен: дән, қызылша, құрылыс материалдары, машина және жабдықтар, мұнай өнімдері т.с.с. )

- санымен: массалық - бір қалыптағы, мөлшерлі және бағыттағы бір түрдегі көп   жүктер саны; - партиалық – бір түрдегі көп мөлшердегі емес жүктер саны, жүк айналымының тұрақсыздығы, жүкті жөнелту және жүктерді қабылдау пунктердің өзгеруі;

ұсақты немесе  жинақталған әртүрлі номенклатурадағы көп емес жүктер саны және әртурлі жөнелтуші немесе жүк қабылдаушы.

-игеру уақыты бойынша  – тұрақты, уақытша және маусымдық..

Тасымалдау көлемі және жүк айналымы жүк ағынын  тексеруі бойынша қалыптастырылады:

  • Өнеркәсіптік мекемелердің тасымалданатын жүк көлемі анықталғанда, алып келуге    дайындалған жүктер саны  анықталады (шикізаттар, материалдар, жабдықтар т.с.с) және тасымалдауға дайындалған жүктер санын анықтайды (дайын өнімдер және жартылай фабрикаттар, өндіріс қалдықтары)

  • Құрылыс объектерінің тасымалдау көлемін белгілеу үшін алынып келінетін кірпіш, құм, шағал т.с.с. санын анықтайды, сонымен қатар сыртқа тасымалданатын топырақ, құрылыс қалдықтарының саны анықталынады.

  • Ауыл шаруашылық ұйымы үшін, егіндік материалдар, минералдық және органикалық тыңайтқыш тасымалдау көлемін анықтайды және егіндік мөлшеріне және өнімділігіне қарай ауыл шаруашылық өнімдер көлемі шығарылды

  • Сауда жүйесі бойынша, халық мұқтажын қанағаттандыру үшін тасымалдау көлемін және жүк айналымын белгілейді.

Тасымалдау көлемін және жүк айналымын өндіріске қызмет сипаттамасы бойынша, олардың қуаттылығына және халықтың тасымалдау сұраныстарын  қанағаттандыру бойынша белгілейді.

Жүк ағыны бір жақты және екіжақты болуы мүмкін. Екі жақты ағымдық бағытта   көп массадағы жүктер өтетін болса тікелей, ал бағытта аз массадағы жүктер өтетін болса  – кері бағыттағы деп аталады.

4. Көлік – экспедициялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Вагон ағындарын дұрыс ұйымдастыру – оларды пайда­лану жұмысын ұйымдастырудың негізгі міндеттерінің бірі, ол вагондардың теміржол бағытымен жүруінің барынша тиімді тәртібін және пойыздарды құрастырудың ең пайдалы жүйесін орнықтыруды көздейді. Бұл міндетті шешу жүктер­ді тиеу орындарынан маршруттап тасымалдауға және сұрып­тау, телім­дік және жүк станцияларында жүк пойыздарын құрастыруға негізделеді.

Пойыздарды құрастыру деп темiржолдың барлық желiсiндегi және жалпы тораптағы барлық вагонағындарды пойыздарға бiрiктiру жүйесiн айтамыз. Бұл жүйе стансаның пойыздарды тарқату, құрастыру және тоқтаусыз өткiзу жұмысының технологиясы мен жұмыс көлемiн анықтайды.



Құрастыру жоспары - вагон айналымы жеделдету мен жүктердi тез уақытта  жеткiзу, локомотив пен локомотив бригадасының өнiмдiлiгiн арттыру, маневрлық жұмыстарды қысқарту мен тасымалдау өзiндiк құнын төмендету, стансалар арасында сұрыптау жұмыстарын бiртектi жiктеу және жинақтау уақыты мен қайта өңдеуге кететiн уақыт мөлшерiн барынша қысқартуды көздейдi.

Құрастыру жоспары жылына бiр рет құрастырылып, жаңа пойыздар жүріс графигiмен бірге өндіріске қолдануға енгiзiледi. Бiр жол басқармасының iшiндегi құрастыру жоспары қозғалыс қызметінде жасалады. Жол ішілік құрастыру жоспарын есептеу екі этаптан тұрады:

  1. тікелей біртопты пойыздарды ұйымдастырудың тиімді вариантын  анықтау,

  2. басқа категориялы пойыздарды ұйымдастыру, сұрыптау станцияларының арасындағы 2-4 телімге қызмет көрсететін әртүрлі катериялы жергілікті пойыздардың жұмыстарының 1. «Управление грузовой и коммерческой работой на железнодорожном траспорте». Учебник для ВУЗов. А.А. Смехов, В.В. Повороженко, А.Т. Дерибас и др.; Под ред. А.А. Смехова. 1990г.

2. «Жүк тасымалдау мен коммерциялық жұмыстардың негіздері». Оқулық. І бөлім. С.Е. Бекжанова, З.С. Бекжанов, З.К. Битлеуова. Алматы 2006.

3. Гражданский кодекс РК. Алматы, Юрист, 2004.

1.                Закон РК №266-11 «О железнодорожном транспорте» от 8.12.2001.

2.                Временный устав железных дорог РК. Постановление правительства РК № 70 от 19.01.96г, Алматы, 1996.

6. Служебная инструкция к Соглашению о международном железнодорожном грузовом сообщении. Официальное издание. М, 1998.

7. Правила перевозок грузов. Алматы, Медиа-Транспорт,2005.

 

 

 

 


написать администратору сайта