Главная страница
Навигация по странице:

  • 2.1 сурет – Каналдар коммутациясы

  • 1. Бақылау сұрақтары: Электрлік байланыс дегеніміз не Электрлік байланыстың негізгі түрлері

  • 2. Өткен тақырып бойынша Свот талдау жасау.

  • 1 сабак. Электрлік байланыс


    Скачать 388.14 Kb.
    НазваниеЭлектрлік байланыс
    Дата06.10.2022
    Размер388.14 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 сабак.docx
    ТипДокументы
    #717457

    Кіріспе

    Электрлік байланыс – ғылым мен техниканың ақпаратты қашықтыққа электр тогы арқылы беру мәселесін зерттейтін саласы. Оның негізгі түрлеріне: телеграфия, фототелеграфия, телефония, радиобайланыс, телевизия жатады. Э. б-та хабар сыммен таралатын электр сигналдары не радиосигналдар арқылы жеткізіледі. Тасымалданатын хабар құрылымына қарай үздіксіз және дискретті, ал қабылдану тәсіліне қарай құжаттық (мыс., телеграмма) және құжаттық емес (мыс., телефон арқылы сөйлесу) болып ажыратылады.

     Халықаралық автоматты коммутациялық станциялар С-12 жүйесіндегі цифрлы станциялармен ауыстырылды. Аумағы зор, халқының орналасу тығыздығы әркелкі, кабель желілерін тартуға болмайтын қиын жерлері көп Қазақстанда ғарыштық спутник арқылы байланыс аса тиімді. 20 ғасырдың 90-жылдары Қазақстанда байланыстың телефакс, ұялы радиобайланыс, пейджинг, транкинг, интернет сияқты жаңа түрлері пайда болды. Республиканың 7 облыс орталығында 7000 абонент ұялы байланыс, 12 ірі қаласында 5000 абонент дербес радиошақыру (пейджинг) қызметін пайдаланып келеді. 1996—1997 жылдары пайдалануға берілген Ақмола—Қарағанды талшықты-оптикалық желі Қазақстандағы халықаралық цифрлы Байланыс торабының негізін қалады. 1998 жылы республикадағы халықаралық телефон каналдарының ұзындығы 43 млн 363 мың км-ге жетті. Республика қалаларында жалпы сыйым. 1.856.997 нөмірлік 637 АТС, ауылдық жерлерде жалпы сыйымд. 573945 нөмірлік АТС-тер жұмыс істеді.

    Қазақстанда қазіргі кезде байланыс құралдарының ең жаңа үлгілері іске қосылуда. Республикамыздың байланыс жүйесінде сандық телефон стансылары, ұялы телефон, арнайы карточка көмегімен байланысқа шығуға мүмкіндік беретін таксофондар, факс және пейджинг, Жердің жасанды серіктері арқылы байланысу елеулі орын ала бастады. 1994 жылдан бері Қазақстан әлемдік интернет жүйесіне тұрақты қосылды.

    https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D1%81

    3- такырып

    Дәрiстiң мақсаты: Студенттермен коммутацияның негiзгi ұғымдарын және анықтамаларын зерттеу.

     

    Мазмұны:

    - Негiзгi анықтамалары және коммутация ұғымы.

    -Тiкелей қосылу (каналдар коммутациясы).

    -Есте сақтау коммутациясы.

     

    Негiзгi анықтамалары және коммутация ұғымы.

    Коммутация – бір-бірімен ақпарат алмасу үшін қажет уақытпен берілген шығысы мен берілген жүйе кірісінің жеке-дара сұраныс бойынша байланыс орнату.

    Коммутацияның негізгі екі қағидасы белгілі:

    - тiкелей қосылу (берiлетiн ақпаратты есте сақтамайтын коммутация - каналдар коммутациясы);

    - жиналған ақпаратпен қосылу (есте сақтауы бар коммутация).

    Каналдар коммутациясында тиiстi мекенжай бойымен шығыс желілері бар кiріс желілердің физикалық қосылуын жүзеге асыррылады [2] (2.1 суретті қара).

    Каналдар коммутациясының әдiсiнің артықшылықтары:

    - “диалог” ұйымдастыру мүмкiндiгi, өйткенi хабар беруде кiдiрту уақыты үлкен емес;

    - абонент басқа абоненттерден келетін байланыс орнатылғаннан кейін жүктемеге тәуелсіз хабар жіберу мүмкiндiгiне ие болады.



    КЖ – коммутациялық жүйе;             МЖБ – мекенжай бөлімі;

    БҚ – басқару құрылғысы;           АБ – ақпараттық бөлім.

     

    2.1 сурет – Каналдар коммутациясы

     

    Каналдар коммутациясының әдiсiнің кемшiлiктері.

    Бос каналдардың болмаған жағдайында талап етiлетiн бағытта шақыратын қолданушы байланыс орнатуда қолдау таба алмайды, сондықтан каналдар коммутациясы КК жүйесі қабылдамай жiберуi мүмкiн жүйелер сондықтан (шақыру ысыраптармен ) деп аталады.

    Жоғалып кеткен шақырулар деп коммутациялық жүйе әсерiнен хабар жіберуді бiтiрмеген шақыруларды атайды.

    Жоғалулар жоғалып кеткен шақырулар санның жалпы түскен шақырулар санына қатынасы бойымен бағаланады және қызмет көрсетудің сапалық көрсеткiшi болып табылады

     

    Р=Сжоғ / Стүс .                                                 (1.1)

     

    Мұнда:  Сжоғ– жоғалып кеткен шақырулар саны;

                    Стүс– жалпы түскен шақырулар саны.

    Каналдар коммутациясы жолымен байланыс орнатуы келесi фазаларды өтедi:

    -  байланысу үшін сұраныс бағыты, абонент шартты мекенжайын қамтитын шақырушы абонент  шақыру құрылғысының көмегiмен абоненттік желі арқылы коммутациялық жүйеге сұраныс жібереді;

    -  алмасатын физикалық каналдың ұйымдастырылуы - егер абонент бiр коммутацилық жүйеде жатса, құрылғы алынған сұраныс бойынша коммутациялық жүйе тиiстi абоненттiк желінің қосылуын жүзеге асырады, немесе байланыс сеанстарына қатысатын абоненттер жататын коммутациялық жүйелердiң арасындағы магистралдiк сызықтар. Алмасатын канал ұйымдастырылғаннан кейін шақырылатын абонент коммутациялық жүйеден байланыс орнатылғаны жайлы сигнал, ал шақырылушы абонент - шақыру сигналын алады;

    -  абоненттер арасындағы хабар жіберілуі;

    -  қосылудың жойылуы - жіберу сеансының аяқтауынан кейiн және абоненттен доғару сигналын алғаннан кейін коммутациялық жүйе аппаратурасы орнатылған қосылуды ажыратылуы.

     

    Есте сақтау коммутациясы.

    Бос каналдардың болмауы жағдайында жүйелерде ақпарат жиналуымен қолданушы қолдау таба алмайды. Оның хабарламасы уақыттық коммутациялық станцияның БҚ жадына жазылады және арнаның босауынан кейiн ары қарай беріледі, сондықтан жинақтау жүйесі күту жүйе деп аталады [2 ].

    Жинақталуы бар коммутацияның екi түрi белгiлi:

    -      хабарлар коммутациясы;

    -      пакеттер коммутациясы;

    Хабарлар коммутациясы - бос каналдардың болмауы жағдайында жүйелерде ақпарат жиналуымен қолданушы қолдау таба алады. Оның хабарламасы уақыттық коммутациялық станцияның БҚ жадына жазылады және арнаның босауынан кейiн ары қарай беріледі, сондықтан жинақтау жүйесі күту жүйе деп аталады (2.2 суретті қара). Бұл әдiс жалпы телеграф желiсiндегi қолдану тапты.

    Хабарлар коммутациясы үшін байланыс орнатуға келесi фазалар тән:

    1) байланысу үшін сұраныс бағыты - шақыратын абонент ХКОна шақырылушы абоненттің шартты мекенжайымен бірге хабарлама  жібереді;

    2) хабар сақталуы – ХКОда хабарлама сақталады және мекен-жайы бойынша беріліс арнасы анықталады;

    3) хабар жіберу.



    ХКО – хабар коммутациясының орталығы;       

    ХКО БҚ – ХКО басқару құралғысы;

    СҚ – сақтаушы құралғы; Пр – процессор.

     

    2.2 сурет – Хабарлар коммутациясы

     

    Егер көршi ХКО арнасы бос болса, онда хабарлама дереу берiледi, операция қайталанады. Егер көршi ХКО арнасы бос болмаса, онда хабарлама арнаның босауына дейiн сақталады.

    Хабарлама жеделдiктiң санатына байланысты тарату бағытына арналған ретке бекiтiледi.

    Пакеттер коммутациясы - жіберілуші хабарлама «пакеттерге» бөлiнедi,олардың  әрқайсысында пайдалы ақпараттық бөлiктері  және  тақырып болады (2.3 суретті қара). Пакеттiң бiрiншiсiнің тақырыбы хабар сипаттамасына ие: жіберуші мекен-жайы, берілуші пункттері, хабардағы пакеттер саны және т.б. Басқа  пакеттер тақырыбы құрамына хабарға қатыстылығын анықтайтын идентификатор, пакеттің реттік нөмірі енуі мүмкiн.



    2.3 сурет – Пакеттер коммутациясы

     

    Пакеттерді жеткізудің екі әдісі бар:

    -  дейтограммалық (датаграммалық) - кезкелген еркiн маршруттармен бiр-бiрiнен тәуелсiз желi арқылы пакеттердің қозғалуына арналған;

    -  виртуалдық қосылулы – пакеттер коммутациясының хабар коммутациясының орталығының (ХКО) жадысы арқылы тізбек тіркесі түрінде байланысқан пакеттер түрінде хабарлар жіберілуі. Осы тәсiл каналдар коммутациясы әдiсi (табиғи тiзбекте хабар берудi) артықшылықтары мен  пакеттердi коммутацияның әдiсiнің (хабарлама биiк берiлiс жылдамдығын) артықшылықтарын байланыстыруға мүмкіндік береді.

    Пакеттер коммутациясы үшiн байланыс орнатудың келесi фазалары тән:

    1) байланысу үшін сұраныс бағыты - шақыратын абонент ХКОна шақырылушы абоненттің шартты мекен-жайымен бірге хабарлама  жібереді;

    2) хабарларды пакеттер түрде ұсынуы. Егер пакеттерге бөлiктеу ЦКПқа болса, онда ХКОда хабардың толық қабылданып бітуін күтпей топтастырылуы бойынша пакеттердің әрі қарай жіберілуі орындалады;

    3) пакеттердiң берілуі. Егер көршi ХКО арнасы бос болса, онда хабарлама дереу берiледi, операция қайталанады. Егер көршi ХКО арнасы бос болмаса, онда пакеттер белгілі бір уақыт аралығында БҚ жадында арнаның босауына дейiн сақталады.

    1. Бақылау сұрақтары:


    1. Электрлік байланыс дегеніміз не?


    2. Электрлік байланыстың негізгі түрлері?


    3. Қазақстанда 20 ғасырдың 90 жылдары байланыстың қай саласы пайда болды?


    4. Коммутация дегеніміз не?


    5. Коммутацияның негізгі қағидалары?

    2. Өткен тақырып бойынша Свот талдау жасау.



    написать администратору сайта