Главная страница

Еліміздегі белсіздік пен бедеулік. Еліміздегы бедеулік пен белсіздік.. Еліміздегы бедеулік пен белсіздік


Скачать 52.32 Kb.
НазваниеЕліміздегы бедеулік пен белсіздік
АнкорЕліміздегі белсіздік пен бедеулік
Дата02.02.2023
Размер52.32 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЕліміздегы бедеулік пен белсіздік..docx
ТипДокументы
#917131

Еліміздегы бедеулік пен белсіздік.


Автор: Рахматуллаева Мөлдир Асатиллаевна

Абу Али Ибн Сина жоғары колледжі

Научный руководитель: Кудиярова Айгуль Маликовна
Елімізде бедеулік азаяма? Сәби сүюді армандап жүрген отбасылар қаншама. Қазіргі таңда бедеулік көптеген отбасының ажырасып кетуіне үлкен себеп болып тұр. Балалы болуға асық адамдардың қарасыда аз емес. Ең өкініштісі бедеулік тек осы жылдардан басталған жоқ. Қазақстанда отбасы құрған әр алтыншы отбасы балаға зар болып отыр. Әлеуметтік сауалнамаға сүйенсек ажырасудың 20%-ы ортада бала болмауына байланысты болып тұр. Қазақстанда бала сүйе алмай отырған отбасылардың нақты статистикасы жоқ – деп мәлімдеді биология ғылымдарының докторы, репродуктолог эмбриолог Салтанат Байқошқарова.

Тіпті оны тіркейтін оргн әлі құрылмаған. Осының салдарынан қарапайым халық басқада жолдармен балалы болуды білмейді. Бедеуліктен құтылып балалы болуға мүмкіндік барын бірі білсе бірі білмейді.

БЕДЕУЛІК ДЕНЕН НЕ? Жалпы бедеулік репродуктивті жастағы ерлі зайыптылар да бір жыл ішінде ретті түрде жыныстық қатынасқа түсіп, ешқандай жүктілікке қарсы заттарды қолданбаған кезде жүктіліктің болмауы.

Бедеуліктің жйілігі әртүрлі мәліметтер бойынша 10 нан 20пайызға дейін болады. Егерде бедеуліктің жиілігі асып кетпей тұрып дәрігер көмегіне жүгінсе балалы болуына мүмкіндік жоғары болады.

Бедеуліктің алдын дер кезінде алу керек. Бедеулік туа пайда болмайды,ол ауырулар асқынуынан жүре пайда болады. Бедеуліктің алдын алу үшін ер адамда, әйел адамда ,тіпті тұрмысқа шықпаған қыздарда ең болмағанда жылына бір рет гинеколог маманына барып тексеруден өтіп тұрғаны жөн.

Бедеулік 2ге жіктеледі.

1.абсолютті

2. салыстырмалы

АБСОЛЮТТІ организмде кері қайталанбайтын потологиялық өзгерістердің болуы.

  • Жыныс мүшелерінің даму анатомиялары

  • Жатырдың аналық бездің жатыр түтігінің болмауы

  • Жатыр түтігінің екі жақты окклюзиясы

Салыстырмалы бедеуліктің себебін жоюға болатын жағдай

  • Біріншілік егер жүктілік ешқашан да болмаса

  • Екіншілік егер жүктілік бұрын болған болса


БЕДЕУЛІККЕ АЛЫП КЕЛЕТІН НЕГІЗГІ АУЫРУЛАР

  • Жыныс мүшелеріңің қабыну ауырулары

  • Жыныс мүшелерінің жетілмеуі;инфатлизм және гипоплазия

  • Жатыр және қосалқыларының эндометриозы

  • Ішкі секреция безінің ауырулары

  • Жыныс мүшелерінің дұрыс орналаспауы

  • Экстрогенитальды аурулар; ревматизм, туберкулез

  • Жыныс мүшелерінің ісіктері

  • Иммунологиялық факторлар

ӘЙЕЛ РЕПРОДУКТИВТІ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗАҚЫМДАЛУ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚАРАЙ МЫНАНДАЙ ФОРМАЛАРЫН АЖЫРАТАМЫЗ

  1. Овуляция бүзылысы 35-40 % негізінен ішкі секркция бездерінің бұзылысы әсерінен дамиды

  2. Түтікшелік бедеулік 20-30% жатыр түтігіңің потологиясына байланысты

  3. Әртүрлі генекологиялық ауырулар нәтижесінде пайда болған бедеулік 15-25%

  4. Имуннологиялық бедеулік 4%

  5. Себебі белгісіз бедеулік1%

  6. Психогенді 5%

БЕДЕУЛІКТІ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ

  • Экстропарпорлы ұрықтандыру

  • Жатып ішілік инсеминация

  • Сурроготты аналық

  • Ооциттардың донары

  • Сперманың доноры

Менің бұл тақырыпты алу себебім, бүгінгі бәсекелестік, нарықтық заманында денсаулығымыз басты байлығымыз екенін сезіне де, мойындай да бермейміз. Осыған байланысты соңғы жылдары қабылданған денсаулық саласындағы мемлекеттік бағдарламаларда адамның денсаулығына өз жауапкершілігін арттыру мәселелері туралы көп айтылады. Денсаулық сақтау саласындағы ең бір маңызды мәселе бұл – репро­дуктивтік, яғни ұрпақ өрбіту жағ­дайы. Мен Рахматуллаева Мөлдір Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінің 3 курс студентімін. Сондықтан өз біліміме сүйеніп, біраз жайларды сараптап, қорытындылауға болатын сияқты. Еліміз ұлан-байтақ, бірақ халық саны жағынан әлі де аз екендігіміз бәрімізге белгілі. Ендеше демо­графиялық хал-ахуалды жақсарту, бедеуліктің алдын алу және оны емдеу мүмкіндіктерін жетілдіру негізгі мәселелердің бірі болуы керек. Жалпы, бұл мәселе дүние жүзінде барлық мемлекеттерде, барлық халықтарда кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, репродуктивтік жастағы әрбір 5-6-шы жұп бедеулік проблемасына тап болады, яғни бала туу жасындағы отбасылардың 15-20%-ы әртүрлі себептермен бала сүйе алмайды. Бедеулікке алып келетін себептер әртүрлі. Жоғарыда айтылғандай, көбінесе ерлер мен әйелдердің бұл мәселемен бетпе-бет келуіне өздерінің өмір сүру салты, мысалы ерте басталған және ретсіз жыныстық қатынастар, байқамай ағзаға суық тигізу салдарынан немесе түрлі инфекциялардан болатын қабыну процестерінің орын алуы, аборттар, дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеу, тіпті, дұрыс тамақтанбау сияқты жайттар әсер етеді. Одан бөлек экологиялық жағдайлардың, ғы­лыми-техникалық прогрестің әсері де баршылық. Басқа аурулар сияқты бедеу­ліктің де алдын алуды бала кезден бастаған жөн. Мәселен, бала кезінен уақтылы қыз баланы балалар гинекологына, ұл баланы андролог дәрігеріне апарып, баланың ағзасының, жыныстық жүйесінің дұрыс дамуын, денсаулығында асқыну аурулардың бар-жоқтығын тексертіп тұру керек. Баланың кішкентай кезінде бедеулікке алып келетін кейбір аурулардың алдын алуға болады. Ата-ана өсіп келе жатқан ұрпақты жастайы­нан жіті бақылап, баланың денсау­лығында қандайда бір ауыт­қулар байқаса, бірден дәрігерге жүгінуі керек. Қазіргі кезде ер балалар 14-15 жасқа толмастан махаб­бат ләззатын татқысы келіп, жы­ныстық қатынасқа тым ерте түседі. Сондықтан, ұлдарды осы уа­қытта жіті бақылау маңызды. Ер­те жыныстық қатынасқа түсу себе­бінен әр түрлі созылмалы жыныстық ауруға шалдығып, бұл өз кезегінде аталық ұрықтың қ­абынуына әкеліп, ұрпақ өрбітетін жасқа жеткенде белсіздікке тап болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, ерлердің ұрпақ жалғастыра алмауының тағы басқа біршама себептері бар. Оған еркектен бөлінетін сперматозоидтің аз немесе сапасыз болуы, аталық ұрық безіндегі ісік, қант диабеті, созылмалы жұқпалы аурулар мен басқа жағдайлар да әсер етеді. Бірақ ең бастысы, дер кезінде балаға дұрыс тәрбие бермегендіктен де ата-аналар кейін зардабын шегіп жатады. Қыз балалардың да ерте жы­ныстық қатынасқа түсіп, құрсақ көтеріп қалатын жағдайлары көп кездеседі. Ұятты болып қалғанын білдірмеу үшін түсік жасатып, өзін бедеулікке апарады. Алғашқы жүктілік кезінде жасалған түсіктер көп жағдайда әйелдің ағзасын қатты жарақаттайды. Әрине, бедеуліктің себептері әртүрлі. Оған тек түсік жасатқандарды ғана жатқызуға болмайды. Мәселен, нәзік жандарда гормоналдық ауытқулар, эндокринді аурулар, жағымсыз экологиялық жағдайлар, жатыр түтігінің бітелуі, эндометриоз, мио­ма, етеккірдің бұзылуы, жатыр мен жатыр түтікшелеріндегі патология тағы басқа көптеген факторлар себеп болады. Мұндай аурулардың кейбіреуі суық өту  әсерінен болады. Кейбір әйелдерде іштен туа біткен бедеулік те болады. Оған жыныс мүшелерінің, жатырдың жетілмей тууы – басты себеп. Мұндай ауытқуларды асқындырып жібермеу үшін қыз баланы әсіресе кәмелеттік жасқа толған кезден бастап-ақ қатты бақылауға алып, уақытында гинеколог дәрігерлерге тексертіп тұру қажет. Кезінде аналарымыз үйдің берекесін сәбилердің дауысымен толтырып, 10-12 баланы дү­ниеге әкелетін. Біздің заманда бұл таңқаларлық жағдай болса, о заманда жұрт үшін бұл қалыпты жағдай болатын. Ал бүгінде мұндай мәселені өте сирек кездестіресіз. Тіпті, жоқтың қасы десек болады. Табиғатынан әйелдердің ағза­сы 6-9 балаға дейін туа алатын мүмкіндіктері бар. Бірақ, олар көбіне 2-3 сәби туумен шектеледі. Алайда бүгінде бір баланың өзін көтере алмай жүргендерді көргенде, оған да шүкір, ХХІ ғасыр  бедеуліктің күш алып бара жат­қан заманы ғой дейсің. Ол ең алдымен жас отба­сының шайқалуына, артынан ерлі-зайыптылардың ажы­расуына алып келеді. Бұл – демографияға кері әсер ететін биологиялық және психологиялық қасірет. Ішімдік ішіп, темекі шегуге, есірткі заттарға әуес болған жас­тар көбіне бала табуға, дені сау бала тууға қабілетсіз болып келеді. Сондықтан ата-ана бақытына бө­лен­гісі келетін жастар жаман әдет­­т­ерден құтылып, құнарлы та­мақ тұтынып, денсаулығына аса мән беру керек. Әсіресе отбасын құрайын деп жатқан жастар мін­детті түрде алдын-ала ұрпақты болу мүмкіндігіне көз жеткізу мақса­тында арнайы медициналық тексеруден өтуі қажет. Жалпы, «бедеу» деп қандай ерлі-зайыптыларды айтуға болады? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, егер жұп ұрпақты болуға қабілетті жаста болса, отбасы құрғаннан бас­тап бір жыл бойы еш сақтанусыз үнемі жыныстық қатынасқа түсіп, нәтижесінде жүктілік болмаса, онда олар бедеу болып саналады. Ұрпақсыздық отбасы үшін өте ауыр психологиялық қайғы болып келеді, ал қоғам үшін бұл жағдай экономикалық және әлеуметтік салдары бар күрделі мәселе болып табылады. Бүгінде әлеуметтік бедеулік деген үрдіс пайда болуда. Мәселен, кейбір мансап қуатындарды да осы тізімге қосуға болады. Әрине, әрбір адам өз баласына жақсы өмір сыйлағысы келеді. Білімі сапалы мектепке барса екен, лауазымы жоғары оқу орнына түссе екен, өзгеден еш кем болмаса екен дейді. Сондықтан болса керек, бала тууды кейінге шегеріп қойып, алдымен аяқтан тұрып алуды ойлайды. Бүгінде мұндайлар біздің қоғамда өте көп. Олар 35-40 жастан асқанда балалы болуды жоспарлай бастайды. Бірақ еркек пен әйелдің жасы ұлғайған сайы­н ұрпақты болу мүмкіндігі нашарлайды. Сондықтан, мұндай жағдай көбіне әйелдерге алғашқы перзентін көтеруіне қиындық алып келеді. Міне, соның салдарынан көбісі бедеу, әйтпесе бір баламен қалып жатады. Осы мәселенің өзі демографияға кері әсерін тигізеді. Елдің өсу саны тежеледі. Тұрмысты реттейміз деп жүргенде, біраз жас­ар уақытын зая өткізіп алып, еш­қандай алтынға айырбастамайтын балалы болу бақытынан қол үзеді. Шаңырақ көтеріп, артынан ұрпақ қалдыру – әрбір адам үшін бақыт және өмірдің негізгі мақсаты. Өкінішке қарай, сәбидің дауысын есту бақыты барлық отбасына бұйыр­­маған. Жылдан-жылға мұн­дай жұптардың саны өсуде. Бедеу­лік пен белсіздік мәселесі ушығып барады. Сондықтан оның алдын алу өте маңызды. «Бедеулік» деген диагноз өмір бойы бала сүю мүмкіндігі болмайды деген сөз емес. Оны түрлі жолдармен емдеуге болады. Тек бәрі уақытында болса болғаны. Бедеуліктен емделетін әйелдердің төрттен үші бала сүю бақытына қол жеткізеді. Жүкті болу мүмкіндігінің арнайы мерзімі немесе бір айда бола қояды дегенге 100 пайыз кепілдік жоқ. Жаратылыстың заңы бойын­ша 20 жастағы әйелдің табиғи жүкті болу қабілеті 1 айға шаққанда 15-20 пайыздай ғана болады. Бұл жерде ең маңыздысы, репродуктолог дәрігерге барып, дұрыс ем-дом қабылдап, балалы болуына сену, сол үшін барлық мүмкіндікті жасау. Бүгінде бедеулікті анықтаудың көптеген тәсілдері бар. Ең алды­мен несеп-жыныс жүйесінде инфек­циялардың бар жоқтығы анық­талады. Ер адам мен әйедің қандарындағы гормонды тексеру керек. Әйелдің жатыр түтігінің ұрықты өткізу қабілетін тексеру, ер азаматтың спермограмма – ұрығын жан-жақты зерттеп тексеру қажет. Репродуктивті медицина саласында бедеулікті емдеудің түр­лі заманауи әдіс-тәсілдері пайда болды. Олар әйел мен еркектің бедеу­лігінің себебін, емдеудің жол­дарын анықтайды. Арнайы дәрігердің көмегіне жүгінбей ешбір адам өзінің бедеулігінің шешу жолдарын анықтай алмайды. Қазіргі таңда бедеуліктен құтылудың түрлі тәсілдері бар. Оған гормондық терапия, жалпы дәрілік терапия, жасанды инсеминация, хирургиялық көмек, экстракорпоралдық ұрық­тандыру жатады. Атам қазақ «бір бала туса, бір түп жусан артық шығады» деуші еді. Бала санының көп болуы – өзіңіз үшін де, еліміз үшін де үлкен бақыт. Адамның басты парызы – дені сау ұрпақты дүниеге әкеліп, дұрыс тәрбиелеу. Сондықтан «ел боламын десең, бесігіңді түзе», деген ғой бабаларымыз. Еліміздің демографиясын көркейту, ұрпақ жалғастыру ең алдымен, жаратқан иеміздің, ал одан кейін өзіміздің қолымызда.


написать администратору сайта