Главная страница

кариесология ответ (1). Эмальді витальді бояу


Скачать 56.81 Kb.
НазваниеЭмальді витальді бояу
Дата26.01.2022
Размер56.81 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлакариесология ответ (1).docx
ТипДокументы
#342425
страница1 из 3
  1   2   3

1.Эмал тісжегісінің салыстырмалы диагностикасында қолданылатын қосымша зерттеу әдісі:

рентгенография

ЭОД

эмальді витальді бояу

температуралық тітіркендіргіштерге реакция

стоматоскопия
2.Қарау кезінде науқаста 3.3 тістің мойын аймағында ақ бор тәрізді, жылтырлығынан айырылған дақ анықталады. Зонд сырғиды, ауырсыну байқалмайды. Метилен көгі бар аппликатты жаққаннан кейін дақ көк түске боялды. Тісті рациональды емдеу әдісі:

дақты егеу, тұрақты жарықпен қатаятын материалмен пломбалау

дақты тегістеу, жылтырату

дақты егеп, тіске металлокерамикалық сауыт дайындау

ГНЛ-терапия курсы

реминерализациялаушы терапия
3.Науқас 32 жаста , тәттіден, қышқылдан болатын қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Қарау кезінде: 1.7 тістің шайнау беткейінің фиссуралары аймағында эмаль деңгейінде тісжегілік қуыс анықталады. Түбін зондтағанда ауырсынусыз. Диагноз қойыңыз:

цемент тісжегісі

дентин тісжегісі

флюороз, дақты түрі

эмаль тісжегісі

ошақты гипоплазия
4.Науқас 30 жас, тәтіден, қышқылдан болатын қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Қарау кезінде: 1.1 тістің мойын аймағының вестибулярлы беткейінде, эмаль деңгейінде тісжегілік қуыс бар. Түбін зондтағанда ауырсынусыз. Тісжегілік қуысты тұрақты пломбалауға қажетті материалды тандаңыз:

күмісті амальгама

силидонт

филтек

галлодент

силицин
5.Науқасты тексеру кезінде 1.4 тістің мойын аймағында түбі дентин-эмаль байланысынан әлдеқайда тереңірек орналасқан тісжегілік қуыс анықталды. Тістің түсі өзгермеген. Түбін зондтағанда – ауырсынусыз, қабырғалары ауырсынады. Перкуссия ауырсынусыз. Сәйкес келетін диагноз танданыз://

эмаль тісжегісі

беткей тісжегі

дентин тісжегісі

сына тәрізді ақау

одонтоклазия
6.Химиялық өндірісте жұмыс жасайтын науқас, жоғарғы жақта тістердің ақауына шағымданады. Объективті: 1.1, 1.2, 2.1, 2.2 тістердің мойыналды аймағында эмаль және дентиннің жоғарғы қабатының деңгейінде овал тәрізді, тегіс, тығыз қабырғасы мен түбі бар шұнқырлану бар. Зондтағанда дентин-эмаль байланысы аймағында сәл ауырсынулы. Температуралы тітіркендіргіштерге реакция қысқа мерзімді. Дәрігер индивидуальды қорғаныш заттарын тағайындады. Емді жалғастырыңыз:

реминерализациялаушы курс терапиясы мен қуысты композитті материалдармен пломбалау, кейін ремтерапия курсын қайталау

реминералициялаушы терапия курсы

қуысты егеп, композитті материалдармен пломбалау

зақымдалу аймағын тегістеу материалдарымен тегістеу

зақымдалу аймағын фторлакпен жағу
7.Дентин тісжегісінің клиникалық белгісіне жатады:

тісжегі қуыс түбін зондтау жедел ауырсынады

дентин қабаттары деңгейіндегі жегі қуыс

тісжегі қуыстың тіс қуысымен байланысы

тісжегі қуыс түбін зондтау бір нүктеде жедел ауырсынады

тіс перкуссиясы ауырсынады
8.37 жастағы әйел адам жоғарғы алдыңғы тістер аймағындағы косметикалық ақауға шағымданып келді. Қарағанда: жоғарғы жақтың орталық және бүйір күректістерінің экваторына жақын вестибулярлы бетінде дөңес пішінді, тығыз және тегіс түбі бар эмаль ақауы байқалады. Зондтау ауырсынусыз. Ақау аймағы 2% метилен көк ерітіндісімен боялмайды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

жергілікті гипоплазия

сына тәрізді ақау

эмаль тісжегісі

эмаль некрозы

эмаль эрозиясы
9.19 жастағы ер бала жоғарғы және төменгіжақ тістерінде ақ түсті дақтардың болуына шағымданады. Тістер түсінің өзгеруін бала кезінен байқаған. Қарағанда: жоғарғы және төменгіжақ тістерінінің вестибулярлы бетінде, төмпешіктері мен кесу жиектерінде көптеген әртүрлі көлемде бор тәрізді дақтардың болуы. Эмаль жылтырлығы сақталған. Дақ беткейі бойымен зонд жылжиды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

жергілікті гипоплазия

флюороз

эмаль тісжегісі

цемент тісжегісі

эмаль некрозы
10.35 жастағы ер адам тісінің температуралық тітіркендіргіштен болатын қысқа мерзімді ауырсынуына шағымданады. Қарағанда: 4.5 тістің дистальды бетінде бор тәрізді өзгерген жиектері бар, ашық түсті жұмсарған дентинге толы терең жегіленген қуыс анықталады. Қуыс түбін зондтау ауырсынады, перкуссия ауырсынусыз. ЭОД-13 мкА. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

тез ағымды терең тіс жегісі

жай ағымды терең тіс жегісі

созылмалы жай пульпит

цемент тісжегісі

созылмалы гангренозды пульпит
11.35 жастағы ер адам сауықтану мақсатында келді. Қарағанда: 4.7 тістің дистальды–шайнау бетінде үлкен (5 мм2) пигменттелген дақ анықталды. Емдеу әдісін таңдаңыз:

егеу, пломбалау

дақты тегістеу

динамикалық бақылау

реминерализацтялық терапия курсы

фторлакпен бірреттік жағу
12.55 жастағы әйел адам тістер сауытының көптеген ақауына шағымданып келді. Қараған кезде: 3.6, 3.5, 3.4 тістердің вестибулярлы беткейдің мойын аймағында дентин деңгейінде үшбұрыш пішінді тығыз және жылтыр қабырғасы бар тістің қатты тіндерінің жойылуы байқалады. Зондтау ауырсынусыз. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

тістің қатты тіндерінің некрозы

сына тәрізді ақау

тістің қатты тіндерінің эрозиясы

эмаль тісжегісі

дентин тісжегісі
13.48 жастағы науқас 3.7 шы тiсiнiң суықтан және ыстықтан ұзаққа созылатын ауыру сезiмiне, кейде қысқа мерзiмдi шаншып ауыратын ауыру сезiмiне және тiсiндегi ыңғайсыздыққа шағымданады. Қарап тексергенде: төменгi сол жағының барлық тiстерi сонымен қатар 3.7 тiсi де бүтiн, бiрақ 3.7 шi тiсiнiң шайнау төмпешiктерi дентинге дейiн қажалған, сүңгiлеп тексергенде жалаңаштанған дентинде жоғарғы сезiмталдық байқалды. Қосымша зерттеу әдісін тандаңызi:

фотоплетизмография

эхоостеометрия

реодентография

электроодонтодиагностика

полярография
14.30жастағы әйел адам тағам қабылдағанда және температуралық тітіркендіргіштерден тісінің ауыратындығына шағымданады. Объективті 3.7тістің шайнау беткейінде ұлпамаңылық дентин шекарасына дейін тісжегілік қуыс, зондтағанда тісжегілік қуыстың түбі бойымен ауырсынады, перкуссия ауырсынусыз. Жиі қолданатын диагностика:

қарау

электроодонтодиагностика

перкуссия

сұрау

пальпация
15.Бұл патологияда, біріншілі келуде – жансыздандыру, жегілік қуысты егеу, кептіру, емдік төсем, уақытша пломба. 5-7 күннен кейін емдік төсем, тұрақты пломба салынады:

терең тіс жегісі, тез ағымды

эмаль тісжегісі

цемент тісжегісі

одонтоклазия

тоқтатылған тісжегісі
16.Дентин кариесін емдеу барысында дәрігер-стоматолог жегілік қуысты егеді, медикаментозды өңдеу, эмаль мен дентин кондиционерлеу, адгезивті енгізу, қуысты жарықпен қатаятын тұрақы пломбамен толтырып, шлифовка, пломбаны тегістеді. Жіберілген қателік:

қуыс түбіне емдік төсем салынбаған

адгезив және пломба қабатталып жарықтанбаған

адгезив жарықтанбаған

пломба жарықтанбаған

аралық төсем кариозды қуысқа қабырғасына салынбаған
17.Науқастың жасы 25-те, ауыз қуысын тексеріп қарағанда 4.5 тіс сауытының барлық беткейінде көптеген нүктелі шұңқырлар бар, кейбір жерде эмаль жоқ, тіс беткейі теңбіл, дақтың түсі ақтан ашық-сары түсті. Қалған тістердің аймағында ұқсас өзгерулер байқалмайды. Анамнезде балалық шақта оң жақтағы төменгі сүт молярлары аймағында қабыну процесі болғандығы анықталды, салдарында олар алынып тасталған. Мүмкін болатын диагноз:

жүйелі гипоплазия, нүктелі форма

4.5 тістің эндемиялық флюорозы, бортәрізді-ойықты түрі

жүйелі гипоплазия, дақты түрі

4.5 тістің жергілікті гипоплазиясы

4.5 тістің эмаль аплазиясы

18.20 жастағы науқас тістерінде пигментті дақтардың бар екендігіне шағымданды. Анамнезден: тістің түстерінің өзгеруін балалық шақтан байқаған, осыған ұқсас тістегі түстің өзгерулері туыстарында да байқалады. Тексергенде барлық тістердің кіреукесінде көптеген ұсақ бортәрізді, кейбір аймақтарында пигментті дақтар бар. Дақтар тістердің барлық беткейлерінде кездеседі. Дақ аймағындағы кіреуке тегіс, жылтыр, зақымдалған аймақтардың беткейінде зонд сырғанайды (тірелмейді), метилен көгінің ерітіндісімен боялмайды. Бұл аурудың ықтимал себептері:

қалқанша безінің патологиясы

көмірсуларды шамадан тыс көп қолдану

сәби кезінде тетрациклин қабылдау

ауыз суында фтор мөлшерінің шамадан тыс көп болуы

ауыз қуысының нашар гигиенасы
19.36 жастағы науқас жоғары жақсүйектің тістерін тазалағанда жоғары сезімталдығына шағымданды. Тексергенде жоғары жақсүйектің сүйір және кіші азу тістер вестибулярлы беткейлердің мойын аймағында көлденең қимасында ұшбұрыш пішінді ақаулар табылды, қабырғалары тегіс және нығыз. Сүңгілегенде сезімталдық туындайды. Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз:

жүйелі гипоплазия, жүлгелік түрі

сына тәрізді ақау

жергілікті гипоплазия

тіс флюорозы, эрозиялы түрі

тістің қатты тіндерінің эрозиясы
20.35 жастағы науқас санация мақсатымен дәрігерге келді. Тексергенде 4.7 тістің медиалды – шайнау беткейінде қою-қоңыр түсті бір ғана пигменттелген дақ анықталды, дақтың өлшемі 5 мм2, беткейі бұдыр, зонд тұрып қалмайды. Қолданылатын тактика:

дақты егеп-тазалап, пломба қою

динамикалық бақылау

реминералдау терапия

фторлак жағу

дақты егеп-тазалап, үстіне кіреуке сезімталдығын төмендететін құралдармен аппликация жасау
21.23 жастағы науқас қуыстың болуына, тағам қабылдағанда, әсіресе 2.1 тісінің салқынға қысқа мерзімді ауырсынуына шағымданып келді. Қарау кезінде: 21 тістің дистальды беткейінде терең тісжегі қуысы бар. Қуыстың түбі мен қабырғаларында – жұмсарған, пигменттелген дентин. Салқынға реакциясы оң, тітіркендіргішті жойғаннан кейін тез басылады. Түбін толықтай зондтағанда аздап ауырсынады. Перкуссия ауырсынусыз. ЭОД-6 мкА. Неғұрлым мүмкін диагноз:

дентин тісжегісі

тоқтатылған тісжегісі

созылмалы периодонтит

созылмалы пульпит

цемент тісжегісі
22.20 жастағы науқаста алдын ала қарау кезінде 1.1 мен 2.1 тістердің кескіш қырларында, сонымен қатар, 1.6 және 2.6 тістердің төмпешіктерінде ақ түсті дақтар анықталған. Дақтар метилен көгінің 2% ерітіндісімен боялмайды және басқа тістердің аймағында визуальды анықталмайды. Салыстырмалы диагностикасын жүргізу қажет:

эмаль тісжегісімен

тістер флюорозымен

гипоплазиямен, дақты түрімен

тістің қатты тіндерінің эрозиясымен

гиперплазиямен

23.Химиялық өндірісте жұмыс жасайтын жұмысші, жоғарғы жақта тістердің ақауына шағымданады. Объективті: 1.1, 1.2, 2.1, 2.2 тістердің мойыналды аймағында эмаль және дентиннің жоғарғы қабатының деңгейінде овал тәрізді, тегіс, тығыз қабырғасы мен түбі бар шұнқырлану бар. Зондтағанда дентин-эмаль байланысы аймағында сәл ауырсынулы. Температуралы тітіркендіргіштерге реакция қысқа мерзімді. Берілген патологияның салыстырмалы диагностикасын жүргізу қажет:

эмаль тісжегісімен

цемент тісжегісімен

тістің қатты тіндерінің эрозиясымен

сына тәрізді ақаумен

жүлгелі гипоплазиямен
24.Науқас, химиялық өндірісте жұмыс жасайтын, жоғарғы жақта тістердің ақауына шағымданады. Объективті: 1.1, 1.2, 2.1, 2.2 тістердің мойыналды аймағында эмаль және дентиннің жоғарғы қабатының деңгейінде овал тәрізді, тегіс, тығыз қабырғасы мен түбі бар шұнқырлану бар. Зондтағанда дентин-эмаль байланысы аймағында сәл ауырсынулы. Температуралы тітіркендіргіштерге реакция қысқа мерзімді. Алғашқы диагноз:

эмаль тісжегі

тістің қатты тіндерінің эрозиясы

сына тәрізді ақау

дентин тісжегі

жүлгелі гипоплазия
25.29 жастағы әйел адам жоғарғы солжақ тісінің температуралық тітіркендіргіштен болатын қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: 2.5 тістің шайнау бетінде терең жегі қуыс. Зондтау қуыс түбінде ауырсынады,перкуссия ауырсынусыз. ЭОД - 8 мкА. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

тоқтатылғантіс жегісі

жедел жартылай пульпит

созылмалы жай пульпит

дентин тісжегісі

одонтоклазия
26.18 жастағы ер адам жоғарғыжақ тістерінің косметикалық ақауына шағымданады. Тіс эмалі түсінің өзгерісін бала кезінен байқаған. Бала кезінде рахит ауруымен ауырған. Қарағанда: 2.2 күректістің вестибулярлы бетінде орналасқан бор тәрізді дақ, дақ зондтау кезінде кедір-бұдыр беті анықталады. Диагноз қою үшін қолданылатын тексеру әдісі:

витальды бояу тәсілі

температуралық тітіркендіргішке реакция

электроодонтометрия

рентгенография

перкуссия
27.49 жастағы ер адам солжақ жоғарғы тісінде температуралық тітіркендіргіштен болатын ауырсынуға шағымданып келді. Қарағанда: 2.7 тістің медиальды бетінде бор тәрізді өзгерген жиектері бар, ашық түсті жұмсарған дентинге толы терең жегіленген қуыс анықталады. Қуыс түбін зондтау ауырсынады, перкуссия ауырсынусыз. ЭОД -13мкА.Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

созылмалы жай пульпит

жедел жартылай пульпит

тез ағымды терең тіс жегісі

жай ағымды терең тіс жегісі

эмаль тісжегісі

28.20 жастағы ер бала алдыңғы тістің эмалінде ақ дақтың пайда болуына шағымданады. Қарағанда: 21 тістің мойын аймағының вестибулярлы бетінде ақ түсті дақ, зондтағанда бұдырланады. Дақ метилен көк ерітіндісімен анық боялады. Емдеу әдісін таңдаңыз:

реминерализациялық терапия курсы

динамикалық бақылау

егеу, пломбалау

фторлакпен бірреттік жағу

тегістеу

29.28-жастағы науқас төменгі сол жақ тісте тісжегі қуыстың пайда болуына шағымданып келді. Қарап тексергенде 3.6 тісте терең тісжегі қуыс, тіс қуысымен байланысады. Температуралық тітіркендіргіштерден, зондпен шұқып тексергенде, қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Тім маңындағы қызыл иектің шырышты қабығы өзгерменген. Осы тістің ЭОМ көрсеткіші:

2-6 мкА

15-20 мкА

40-50 мкА

100 мкА жоғары

60-80 мкА
30.20 жастағы қыз косметикалық ақау, алдыңғы тістердің эмалында ақ дақтың пайда болуына шағымданып келді. Анамнез бойынша, бұрын дақ болмаған. Қараған кезде, 2.2 тістің вестибулярлы беткейдің мойыналды аймағында ақ түсті дақ. ЭОМ 2мкА. Дақ 2% метилен көгі ерітіндісімен боялады. Тиімді емдеу әдісін тандаңыз:

реминерализациялау терапии курсы

егеу, композициялық материалмен пломбалау

дақты тегістеп,фторлак жағу

винир дайындау

пломбалау
31.Науқасқа эмаль тісжегісінің емдеу барысында, жегілік қуысты егеу, медикаментозды өңдеу, адгезивті жүйені жағу, жарықпен қатаятын пломбамен қусыты толтырып, әрбір қабатты галогенді лампамен кептіру, шлифовкалау, тегістеу жүргізілді. Жасалмай қалған этап:

адгезивті енгізу

ажыратқыш төсем салу

адгезивті жүйені жарықтандыру

праймера енгізу

фторлак жағу
32.Тістердің қатты тіндерінің фолликулярлы дамуы кезеңінде туындайтын тістердің жегілік емес зақымдалуын таңдаңыз:

эмаль гипоплазиясы, флюороз

тістердің гиперестезиясы

тістердің қатты тіндерінің некрозы

тістердің қатты тіндерінің қажалуы

сына тәрізді ақау
33.Жедел дамитын терең тісжегінің ЭОМ көрсеткіштері:

2-6 мкА

10-12 мкА

60-80 мкА

100 мкА жоғары

30-50 мкА

34.Флюороздың дақты түрінде ең тиімді емдеу тактикасы:

тегістеу, ағарту

тіс пастасын қолдану, ортодонтиялық ем

эндодонтиялық ем, пломбылау

егеу, пломбылау

тісті жұлу, протездеу
35.Науқас Р., 20 жаста 1 апта бұрын тәтті тағамнан пайда болған ауырсынуға шағымданды. Қарағанда 3.6 тістің мойын аймағындағы артқы контакты бетінде кең жегілік қуыс анықталды. Қабырғасын зондтау ауырсынады. 3.5 және 3.7 тістер интактты. Жегілік қуысты ашқанда мүмкін болатын қиындықтар және себебі:
  1   2   3


написать администратору сайта